5.238 Қосымша таратылу: Бангладеш, Үндістан, Пәкістан және Филиппинде 200 – 216 МГц жолағы әуедегі радионавигациялық қызметке де бірінші реттік негізде бөлінген.
5.239 Пайдаланылмайды.
5.240 Қосымша таратылу: Қытай мен Үндістанда 216 – 223 МГц жолағы сондай-ақ әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік, ал радиолокациялық қызметке екінші реттік негізде бөлінген.
5.241 2-ауданда 216 – 225 МГц жолағында ешқандай жаңа радиолокациялық қызмет станциясын пайдалануға рұқсат етілмейді. 1990 жылдың 1 қаңтарына дейінгі уақытта рұқсат алған станцияларға жұмыстарын екінші реттік негізде жалғастыруына болады.
5.242 Қосымша таратылу: Канадада 216 – 220 МГц жолағы құрылықтағы жылжымалық қызметке де бірінші реттік негізде бөлінген.
5.243 Қосымша таратылу: Сомалиде 216 – 225 МГц жолағы, басқа елдердің істегі немесе жоспардағы радиохабар қызметтеріне зиянды кедергілер тудырмаған жағдайда, әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінеді.
5.244 Алынып тасталған (ДРК-97).
5.245 Қосымша таратылу: Жапонияда 222 – 223 МГц жолағы сондай-ақ әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік, ал радиолокациялық қызметке екінші реттік негізде бөлінген.
5.246 Ауыстырылымды таратылу: жиіліктік жоспарды құрған кезде радиотарату қызметі басымдылыққа ие болғандықтан, Испания, Франция, Израил және Монакода 223 – 230 МГц жолағы радиохабар және құрылықтағы жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара); және құрлықтағы жылжымалы қызметті қоспағанда, тіркелген және жылжымалы қызметтеріне екінші реттік негізде бөлінген. Алайда құрлықтағы жылжымалы қызмет станциялары Марокко мен Алжирдің іске қосылған не жоспарланған радиотарату станцияларына бөгет жасамауы керек және олардан қорғануды талап етпеуі тиіс.
5.247 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Оман, Катар және Сирияда 223 – 235 МГц жолағы сондай-ақ әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.
5.248 Пайдаланылмайды.
5.249 Пайдаланылмайды.
5.250 Қосымша таратылу: Қытайда 225 – 235 МГц жолағы радиоастрономиялық қызметке екінші реттік негізде бөлінген.
5.251 Қосымша таратылу: Нигерияда 230 – 235 МГц жолағы, 9.21. т. бойынша келісім алған жағдайда, әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.
5.252 Ауыстырылымды таратылу: Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Номибия, Оңтүстік-Африка Республикасы, Свазиленд, Замбия және Зимбабведе 230 – 238 МГц және 246 – 254 МГц жолқтары, 9.21. т. бойынша келісім алған жағдайда, радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.
5.253 Пайдаланылмайды.
5.254 9.21. т. бойынша келісім алған жағдайда, 235 – 322 МГц және 335,4 – 399,9 МГц жолақтары жерсеріктік жылжымалы қызметтерде пайдаланылуы мүмкін, егер бұл қызметтің станциялары Жиіліктер үлестіріу Кестесіне сәйкес, 5.256А т. көрсетілген қосымша бөліну қоспағанда, басқа қызметтердің қолданыстағы немесе жоспарланған станцияларына зиянды кедергілер тудырмаса. (ДРК-03).
5.255 312 – 315 МГц (Жер-ғарыш) және 387 – 390 Мгц (ғарыш-Жер) жолақтары жерсеріктік жылжымалы қызметтерде сондай-ақ геостационарлық емес жерсеріктік жүйелермен пайдаланылуы мүмкін. Мұндай пайдаланымда 9.11А. т. сәйкес үйлестіру рәсімдеу пайдаланылуы тиіс. (ДРК-03).
5.256 Бұл жолақтағы 243 МГц жиілігі құтқару мақсаттарында қолданылатын құтқару жабдықтары мен аппаратура станцияларымен пайдаланылады. (ДРК-07).
5.256А Қосымша таратылу: Қытай, Ресей Федерациясы, Қазақстан және Украинада 258-261 МГц жолағы ғарыштық зерттеу қызметіне (Жер-ғарыш) және ғарыш пайдалану қызметіне (Жер-ғарыш) бірінші реттік негізде бөлінген. Ғарыштық зерттеу (Жер-ғарыш) және ғарыш пайдалану қызметтерінің (Жер-ғарыш) станциялары осы жолақта жұмыс істейтін жылжымалы жүйелеріне және жылжымалы жерсеріктік қызметтерге зиянды кедергілер жасамауы тиіс, немесе қорғануды талап етпеуі, ары қарай қолдануды және мұндай жүйелерді дамытуды шектемеуі тиіс. Ғарыштық зерттеу (Жер-ғарыш) және ғарышты пайдалану (Жер-ғарыш) станциялары басқа елдердегі тіркелген қызмет жүйелерінің болашақта дамуын шектемеуі тиіс. (ДРК-03).
5.257 9.21. т. бойынша келісім алған жағдайда, 267 – 272 МГц жолағы әкімшіліктермен өз елдеріндегі ғарыштық телеметрияға бірінші реттік негізде пайдалануы мүмкін.
5.258 328,6 – 335,4 МГц жолағын әуедегі радионавигациялық қызметтің пайдалануы қондыруды аспаптар бойынша атқару жүйелерімен шектелген (глиссада).
5.259 Қосымша таратылу: Египет пен Сирия Араб Республикасында 328,6 – 335,4 МГц жолағы, 9.21. т. бойынша келісім алған жағдайда, жылжымалы қызметке екінші реттік негізде бөлген. Әуедегі радионавигациялық қызмет станциялары зиянды кедергілерден зардап шекпес үшін, жылжымалы қызмет станциялары, белгілі бір әкімшіліктің 9.21. т. қарастырылған рәсімдермен анықталатын әуедегі радионавигациялық қызметіне қажеттігі болмайынша бұл жолаққа енгізілмеуі тиіс. (ДРК 12).
5.260 399,9 – 400,05 МГц жолағын тіркелген және жылжымалы қызметтермен пайдалануда радионавигациялық жерсеріктік қызметке зиянды кедергілер тудыру мүмкіндігін мойындай отырып, әкімшіліктерге мұндай пайдалануды 4.4 т. сәйкес рұқсат етпеуді қадала ұсынады.
5.261 Сәулелену 400,1 МГц стандартты жиілігіне қатысты кГц жолағымен шектелуі тиіс.
5.262 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Армения, Әзірбайжан, Бахрейн, Беларусьь, Ботсвана, Колумбия, Куба, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эквадор, Ресей Федерациясы, Грузия, Венгрия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Иордания, Қазақстан, Кувейт, Либерия, Малайзия, Молдова, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Сингапур, Сомали, Тәжікстан, Чад, Түркіменстан және Украинада 400,05 – 401 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге де бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.263 400,15 – 401 МГц жолағы, сонда ғарыш-ғарыш бағытында ғарыштық зерттеу қызметтеріне басқарылатын ғарыш кемелерімен байланысуға бөлінген. Ғарыштық зерттеу қызметтері, былай пайдаланылғанда, қауіпсіздік қызметтері ретінде қаралмайды.
5.264 Жерсеріктік жылжымалы қызмет 400,15 – 401 МГц жолағын пайдаланғанда, 9.11. т. сәйкес үйлестіру процедураларын қолдануы тиіс. 1-толықтырудың 5-қосымшасында қаралған қуат ағыны тығыздығының шектелуі, құзыретті дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында қайта қаралғанға дейін жүргізіледі.
5.265 Пайдаланылмайды.
5.266 Жерсеріктік жылжымалы қызметтің 406 – 406,1 МГц жолағын пайдалануы аз қуатты жерсеріктік авариялық радиобуй-апат орындарын көрсеткіштермен шектеледі (сондай-ақ 31 Бабын қара) (ДРК-07).
5.267 Пайдалануға рұқсат етілген 406 – 406,1 МГц жиілік жолағына зиянды кедергілер тудыратын кез келген сәулеленуге тыйым салынады.
5.268 Ғарыштық зерттеулер қызметтеріне 410 – 420 МГц жолағын пайдалану орбитадағы басқарылмалы ғарыш кемесінен 5 км-ге дейінгі қашықтықтағы байланыспен шектеледі. Бұл жиілік ғарыш аппараттары жағынан туындайтын қосымша сәулеленулердің Жер бетіндегі қуат ағынының тығыздығы төменгі шамалардан артпауы тиіс: 0 0 < б < 5 0 -те -153 дБ(Вт/м2), 5 0 < б < 70 0 -те -153+0.077( б - 5) дБ(Вт/м2), және 70 0 < б < 90 0 -те -148 дБ(Вт/м2), мұнда б – радиотолқынының түсу бұрышы, ал анықтамалық жолақ ені – 4 кГц. 4.10 - тармағы ғарыш аппараттары жағынан туындайтын қосымша сәулеленулерге қолданылмайды. Бұл жиілік жолақтарында ғарыштық зерттеу (ғарыш-ғарыш) қызметтері, тіркелген және жылжымалы қызмет станцияларынан қорғануды талап етпеулері тиіс сондай-ақ осы қызметтердің дамуы мен пайдаланылуына бөгет келтірмеуі керек. (ДРК-97).
5.269 Қызметтің басқа санаты: Австралия, Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Жопания және Біріккен Корольдіктерде 420-430 МГц және 440-450 МГц жолақтары радиолокациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара).
5.270 Қосымша таратылу: Австралия, Америка Құрама Штаттары, Ямайка және Филиппинде 420 – 430 МГц және 440 – 450 МГц жолақтары әуесқойлық қызметке екінші реттік негізде бөлген.
5.271 Қосымша таратылу: Беларусьь, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Түркіменстанда 420 – 460 МГц жолағы әуедегі радионавигациялық қызметке (радиобиіктік өлшегіштер) екінші реттік негізде бөлген. (ДРК-07).
5.272 (SUP–ВКР-12).
5.273 (SUP–ВКР-12).
5.274 Ауыстырылымды таратылу: Дания, Норвегия, Швеция және Чадта 430 – 432 МГц және 438 -440 МГц жолақтары тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлген. (ДРК-12).
5.275 Қосымша таратылу: Хорватия, Эстония, Финляндия, Ливия, Араб Джамахириясы, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Черногория, Сербия және Словенияда 430 – 432 МГц және 438 -440 МГц жолақтары итіркелген және жылжымалы қызмет станцияларына, жылжымалы әуедегі қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлген. (ДРК-07).
5.276 Қосымша таратылу: Ауғанстан, Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Бруней-Даруссалам, Буркино-Фасо, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эквадор, Эритрея, Эфиопия, Греция, Гвинея, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Италия, Иордания, Кения, Кувейт, Ливан, Ливия, Малайзия, Мальта, Нигер, Нигерия, Оман, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Сингапур, Сомали, Судан, Швейцария, Танзания, Тайланд, Того, Түркия және Йеменде 430 – 440 МГц жолағытіркелген қызметке бірінші реттік негізде, ал 430 – 435 МГц және 438 -440 МГц жолақтары сондай-ақ жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлген. (ДРК-12).
5.277 Қосымша таратылу: Ангола, Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Камерун, Конго Республикасы, Джибути, Ресей Федерациясы, Грузия, Венгрия, Израил, Қазақстан, Мали, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Конго Демократиялық Республикасы, Қырғызстан, Словакия, Румыния, Руанда, Тәжікстан, Чад, Түркіменстан және Украинада 430 – 440 МГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.278 Қызметтің басқа санаты: Аргентина, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Гайана, Гондурас, Панама және Венесуэлада 430-440 МГц жолағы әуесқойлық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара).
5.279 Қосымша таратылу: Мексикада 430-435 МГц және 438-440 МГц жолақтары, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, құрылықтағы жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде пайдаланылады.
5.279А Бұл жолақтың Жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) қызметінің датчиктерімен қолданылуы ХЭО-R SА.1260-1. Ұсыныстарымен сәйкес жүзге асырылуы тиіс. Бұдан басқа, 432-438 МГц жолағындағы Жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) қызметі Қытайда әуедегі радионавигациялық қызметке зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. Бұл ескерту 5.29 және 5.30. тт. сәйкес Жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) қызметінің екінші реттік негізде жұмыс істеуін шектемейді. (ДРК-03).
5.280 Германия, Австрия, Босния мен Герцоговина, Хорватия, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Лихтенштейн, Черногория, Португалия, Словения және Швейцарияда 433,05-434,79 МГц (орталық жиілігі 433,92 МГц) жолағы өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық (ӨҒМ) қолдануларға арналған. Бұл елдердегі осы жолақта радиобайланыс қызметтерімен айналысатындар мұндайда пайда болатын зиянды бөгеулдерге төзулері тиіс. Жабдық өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық жабдықтар бұл жолақтарда 15.13 т. ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. (ДРК-07).
5.281 Қосымша таратылу: Француз теңіздің арғы жағындағы департаменттердің 2-ауданда және Үндістанда 433,75 – 434,25 МГц Жолағы ғарыш пайдаланым (Жер-ғарыш) қызметіне бірінші реттік негізде бөлген. Франция мен Бразилияда аталған жолақ осы қызметтерде екінші реттік негізде бөлген.
5.282 435 – 438 МГц, 1260 – 1270 МГц, 2400 – 2450 МГц, 3400 – 3410 МГц (тек 2 және 3-аудандарда) және 5650 – 5670 МГц жолағында әуесқойлық жерсеріктік қызмет жұмыс істей алады, егер олар Кесте бойынша (5.43 т.) жұмыс істейтін басқа қызметтерге зиянды кедергілер тудырмаса. Мұндай пайдаланымға рұқсат берген әкімшіліктер 25.11 т. ережелеріне сәйкес жерсеріктік әуесқойлық станцияларының сәулеленулерінен пайда болатын зиянды кедергілері тез арада жоюды қамтамасыз етулері керек. 1260 – 1270 МГц және 5650 – 5670 МГц жолақтарын жерсеріктік әуесқойлық қызметтермен пайдалану Жер-ғарыш бағытымен шектеледі.
5.283 Қосымша таратылу: Австрияда 438 – 440 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, жылжымалы әуедегі қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлген.
5.284 Қосымша таратылу: Канадада 440 – 450 МГц жолағы әуесқойлық қызметке екінші реттік негізде бөлген.
5.285 Қызметтің басқа санаты: Канадада 440 – 450 МГц жолағы радиолокациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлген. (5.33 т. қара).
5.286 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, 449,75 – 450,25 МГц жолағы ғарыштық пайдаланым (Жер-ғарыш) және ғарыштық зерттеулер (Жер-ғарыш) қызметтеріне пайдаланылады.
5.286А 454 – 456 МГц және 459 – 460 МГц жолақтарын жерсеріктік жылжымалы қызметке пайдаланғанда 9.11А т. негіздегі бөлу процедуралары қолданылуы керек. (ДРК-97).
5.286В 454 – 455 МГц жолақтарын 5.286D т. көрсетілген елдерде, 455 – 456 МГц және 459 – 460 МГц жолақтарын 2-ауданда, 454 – 456 МГц және 459 – 460 МГц 5.286E т. көрсетілген елдерде пайдаланатын жылжымалы жерсеріктік қызмет станциялары жиілік бөлу Кестесіне сәйкес жұмыс істейтін тіркелген және жылжымалы қызметтерінің дамуы мен пайдаланылуына бөгет келтірмеуі немесе олардан қорғауды талап етпеуі керек. (ДРК-97).
5.286C 454 – 455 МГц жолақтарын 5.286D т. көрсетілген елдерде, 455 – 456 МГц және 459 – 460 МГц жолақтарын 2-ауданда, 454 – 456 МГц және 459 – 460 МГц жолақтарын 5.286E т. көрсетілген елдерде пайдаланатын жылжымалы жерсеріктік қызмет станциялары жиілік бөлу Кестесіне сай жұмыс істейтін тіркелген және жылжымалы қызметтерінің дамуы мен пайдаланылуына бөгет келтірмеуі тиіс. (ДРК-97).
5.286D Қосымша таратылу: Канада, Америка Құрама Штаттары мен Панамада 454–455 МГц жолағы жерсеріктік жылжымалы қызметке (Жер-ғарыш) бірінші реттік негізде бөлген. (ДРК-07).
5.286E Қосымша таратылу: Кабо-Верда, Непал және Нигерияда 454 – 455 МГц және 459 – 460 МГц жолақтары жерсеріктік жылжымалы қызметке (Жер-ғарыш) бірінші реттік негізде бөлген. (ДРК-07).
5.286АА 450–470 МГц жолағы Халықаралық жылжымалы электробайланысты (IMT) енгізуге талап білдіруші елдерге пайдалануға анықталған. 224 Қарарды қара (ДРК-07 қайта қаралған). Бұл анықтама осы жолақтың анықталған кейбір қызметтерге қолдануына кедергі жасамайды және Байланыс Регламентіне үстемдік жасамайды.
5.287 Теңіздегі жылжымалы қызметте 457,525 МГц, 457,550 МГц, 457,575 МГц, 467,525 МГц, 467,550 МГц және 467,575 МГц жиіліктері жылжымалы теңіз қызметтерінің станциялармен кеме ішіндегі байланыстарға пайдаланылады. Керек жағдайда кеме іші байланысы үшін арналарды 12.5 кГц жиілікке ажырататын және қосымша 457,5375 МГц, 457,5625 МГц, 467,5375 МГц және 467,5625 МГц жиіліктері кондырғылар пайдаланылады. Бұл жиіліктерді умақтың суларда пайдалану, қаралып отырған әкімшіліктің ұлттық ережелеріне сәйкес атқарылады. Пайдаланылатын қондырғылар сипаттамалары ХЭО-R М.1174-2 Ұсыныстарында келтірілген сипаттамаларға сәйкес болуы керек. (ДРК-07).
5.288 Америка Құрама Штаттарының аумақтық суларында және Филиппинде кеме ішіндегі байланыс станцияларында 457,575; 457,550; 457,575 және 457.600 МГц жиіліктер, тиісінше қосақталған 467,750; 467,775; 467.800 және 467.825 МГц жиіліктерін пайдаланған тиімді. Пайдаланылатын қондырғылар сипаттамалары М.1174-1 ХЭО-R Ұсынымдарында келтірілген сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс. (ДРК-03).
5.289 Жерсеріктік Жерді зерттеу қызметі, метеорологиялық жерсеріктік қызметті қоспағанда, сондай-ақ 460 – 470 МГц және 1690 – 1710 МГц жолақтарын ғарыш-Жер бағытында таратуға пайдалана алады, егер олар жиіліктерді бөлу кестесіне сәйкес жұмыс істейтін станцияларға зиянды кедергілер тудырмаса.
5.290 Қызметтің басқа санаты: Ауғанстан, Әзірбайжан, Беларусьь, Қытай, Ресей Федерациясы, Жапония, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанда 460 – 470 МГц жолағын жерсеріктік метеорологиялық қызметке (ғарыш-Жер) тарату, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара). (ДРК 12).
5.291 Қосымша таратылу: Қытайда 470 – 485 МГц жолағы, сондай-ақ ғарыштық зерттеулер (ғарыш-Жер) мен ғарыштық пайдаланым (ғарыш-Жер) қызметтеріне, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда және бұл қызметтер істегі және жоспарланатын радиохабар станцияларына зиянды кедергілер тудырмайтын жағдайда, бірінші реттік негізде бөлінген.
5.291А Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Дания, Эстония, Финляндия, Лихтенштейн, Норвегия, Нидерланд, Чех Республикасы және Швейцарияда 470 – 494 МГц жолақтары, сондай-ақ радиолакациялық қызметке екінші реттік негізде бөлген. Бұл пайдаланым жел пішінінің радарлар жұмысымен 217 (ДРК-97) Қарарына сәйкес шектеледі. (ДРК-97).
5.292 Қызметтің басқа санаты: Мексикада 470 – 512 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, ал Аргентина, Уругвайда және Венесуэлада - 21 т. бойынша келісім алған жағдайда, жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара). (ДРК 07).
5.293 Қызметтің басқа санаты: Канада, Чили, Куба, Америка Құрама Штаттары, Гайана, Гондурас, Ямайка, Мексика Панамада және Перуде 470 – 512 МГц және 614 – 806 МГц жолақтары, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара). Канада, Чили, Куба, Америка Құрама Штаттары, Гайана, Гондурас, Ямайка, Мексика Панамада және Перуде 470 – 512 МГц және 614 – 698 МГц жолақтары, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара).Аргентина мен Эквадорда 470512 МГц жолағы 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара). (ДРК-12).
5.294 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Камерун, Кот д'Ивуар, Египет, Эфиопия, Израил, Кения, Ливия, Сирия Араб Республикасы, Оңтүстік Судан, Чад және Йеменде 470 – 582 МГц жолағы сондай-ақ тіркелген қызметке екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК 12).
5.295 Пайдаланылмайды. (ДРК 07).
5.296 Қосымша таратылу: Албания, Германия, Сауд Арабиясы, Австрия, Бахрейн, Бельгия, Бенин, Босния мен Герцоговина, Буркина-Фасо, Камерун, Конго (Республикасы), Кот-д'Ивуар, Хорватия, Дания, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Эстония, Финляндия, Франция, Габон, Гана, Ирак, Ирландия, Израил, Италия, Иордания, Кувейт, Латвия, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Ливия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мали, Мальта, Марокко, Молдова, Монако, Нигер, Норвегия, Оман, Нидерланд, Польша, Португалия, Катар, Сирия Араб Республикасы, Словакия, Чех Республикасы, Біріккен Корольдіктер, Судан, Швеция, Швейцария, Свазиленд Чад, Того, Тунис және Түркияда 470-790 МГц жиілік жолағы,ал Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Маврикий, Мозамбик, Намибия, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы, Танзания, Замибия және зимбабведе 470-698 МГц жолағы екінші реттік негізде қосалқы радиохабар мақсаттарына құрылықтағы жылжымалы қызметке де үлестірілген. Құрылықтағы жылжымалы қызмет станцияларда, жиілік бөлу кестесіне сәйкес жұмыс атқаратын, осы ескертпеде көрсетілгеннен ерекшеленетін елдерде зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. (ДРК-12).
5.297 Қосымша таратылу: Канада, Коста-Рика, Куба, Сальвадор, Америка Құрама Штаттары, Гватемала, Гайана, Гондурас, Ямайка және Мексикада 512-608 МГц жолағы бектілген және жылжымалы қызметтерге, 9.21 т. бойынша келісім алу жағдайында, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-07).
5.298 Қосымша таратылу: Үндістанда 549,75 – 550,25 МГц жолағы сондай-ақ ғарышты пайдалану (ғарыш-Жер) қызметіне екінші реттік негізде бөлінген.
5.299 Пайдаланылмайды.
5.300 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Камерун, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Израил, Иордания, Ливия, Иордания, Оман, Катар, Сирия Араб Республикасы, Судан және Оңтүстік Суданда 582 – 790 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге де, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК 12).
5.301 Пайдаланылмайды.
5.302 (SUP–ВКР-12).
5.303 Пайдаланылмайды.
5.304 Қосымша таратылу: Африкалық радиохабар тарату аймағындағы (5.10- 5.13 тт. қара) 606 – 614 МГц жолағы сондай-ақ радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.
5.305 Қосымша таратылу: Қытайда 606 – 614 МГц жолағы сондай-ақ радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.
5.306 Қосымша таратылу: Африкалық радиохабар тарату зонасын қоспағанда, 1-ауданда (5.10-5.13 тт. қара) және 3-ауданда 608 – 614 МГц жолағы радиоастрономиялық қызметке екінші реттік негізде бөлінген.
5.307 Қосымша таратылу: Үндістанда 608 – 614 МГц жиілік жолағы сондай-ақ радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.
5.308 Пайдаланылмайды.
5.309 Қызметтің басқа санаты: Коста-Рика, Сальвадор және Гондураста 614 - 806 МГц жолағы, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (5.33 т. қара).
5.310 (ДРК-97 алынып тасталған).
5.311 Алынып тасталған.
5.311A 620–790 МГц жиілік жолағы туралы 549 (ДРК-07) Қарарын қара. (ДРК-07).
5.312 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан, ҚырғызстанТәжікстан, Түркіменстан және Украинада 645 – 862 МГц, Болгарияда 646-686 МГц, 726-758 МГц және 822-862 МГц жолақтары 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.312А 1-ауданда 694-790 МГц жиілік жолағын жылжымалы, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, қызметтің пайдалануы 232 Қарардың баптарымен реттеледі. Сондай-ақ 224-қарарды (ДРК-12 қайта қарастырылған) қара. (ДРК-12).
5.313 (ДРК-97 алынып тасталған).
5.313А Бангладеш, Қытай, Корея Республикасы, Үндістан, Жапония, Жаңа Зеландия,Пәкістан, Папуа-Жаңа Гвинея, Филиппин және Сингапурде 698-790 МГц жолағы немесе кейбір бөлектері әкімшіліктермен Халықаралық жылжымалы байланысты (IMT) енгізуге анықталған. Бұл анықтама осы жолақтың басқа қызметке қолдануына кедергі және басымдылық жасамауы тиіс. Қытайда бұл жолақта IMT енгізу 2015 жылға дейін басталмайды. (ДРК-12).
5.313В Қызметтердің басқа санаты: Бразилияда 698–806 МГц жолағын жылжымалы қызметке бөлу екінші реттік негізде орындалған. (5.32 т. қара). (ДРК-12).
5.314 Қосымша таратылу: Австрия, Италия, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан және Біріккен Корольдіктерде 790 - 862 МГц жолағы құрылықтағы жылжымалы қызметке екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК 12).
5.315 Ауыстырылымды таратылу: Грецияда радиохабар тарату қызметіне 790 – 838 МГц жолақта жиіліктер бөлу бірінші реттік негізде орындалған. (ДРК-12).
5.316 Қосымша таратылу: Германия, Сауд Арабиясы, Босния мен Герцеговина, Буркина-Фасо, Камерун, Кот-д Ивуара, Хорватия, Дания, Египет, Финляндия, Греция, Израил, Ливия Араб Джамахириясы, Иордания, Кения, бұрынғы югославия Республикасы Македония, Лихтенштейн, Монако, Черногория, Норвегия, Нидерланд, Португалия, Біріккен Корольдіктер, Сирия Араб Республикасы, Швеция және Швейцарияда 790 – 830 МГц жолағы және осы елдерде, сонымен қатар Испания, Франция, Габон мен Мальтада 830 – 862 МГц жолағы, жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. Алайда көрсетілген әрбір жолақта аталған елдердің жылжымалы қызмет станциялары Кестеге сәйкес жұмыс істейтін осы жолаққа қатысты аталмаған елдердің қызмет станцияларына зиянды бөгет жасамауы тиіс, немесе олардан осы станциялар тарапынан әсер ететін бөгеттерден қорғауды талап етпеуі керек. Мұндай үлестірім 2015 жылдың 16 маусымына дейін әрекет етеді. (ДРК-07).
5.316A Қосымша таратылу: Испания, Франция, Габон және Мальтада 790-830 МГц, ал Албания, Ангола, Бахрейн, Бенин, Ботсвана, Бурунди, Конго (Республикасы), Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эстония Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Бисау, Венгрия, Ирак, Кувейт, Лесото, Латвия, Ливан, Литва, Люксембург, Малави, Марокко, Мавритания, Мозамбик, Намибия, Нигер, Нигерия, Оман, Уганда, Польша, Катар, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Руанда, Сенегал, Танзания, Чад, Того, Йемен, Замбия, Зимбабве және Француз теңіз арғы жақ департаменттерінде және 1-ауданның қауымдастығында790–862 МГц жолағы; Грузияда 806862 МГц жолағы 5.312 т. келтірілген әкімшіліктерді қосқанда, бұл орынды болған жағдайда 9.21 т. және GE06 Келісіміне сәйкес мүдделі әкімшіліктерден келісім алған жағдайда, жылжымалы қызметіне, әуедегі жылжымалыны қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. 224 Қарарды (ДРК-12 қайта қарастырылған) және 749 Қарарды (ДРК-12 қайта қарастырылған) қара. Мұндай үлестірілім 2015 жылдың 16 маусымына дейін әрекет етеді. (ДРК-12).
5.316В 1-ауданда 790–862 МГц жиілік жолағының жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінуі 5.312 т. ескертілген елдердің әуедегі радионавигациялық қызметі жайында 9.21 т. сәйкес келісімін алған жағдайда 2015 жылдың 17 маусымынан бастап күшіне енеді. GE06 Келісімінің тараптары болып келетін елдер үшін жылжымалы қызмет станцияларын қолдану көрсетілген Келісімдегі рәсімдер орындалған жағдайда жүзеге асырылады. Жағдайға байланысты 224 (ДРК-12 қайта қаралған) және 749 (ДРК-12) Қарарлары қолданылады. (ДРК-12).
5.317 Қосымша таратылу: 2-ауданда (Бразилия мен Америка Құрама Штаттарын қоспағанда) 806 – 890 МГц жолағы, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, жерсеріктік жылжымалы қызметке бірінші реттік негізге бөлінген. Бұл қызмет ұлттық шекаралар ішінде пайдалануға арналған.
5.317А 2-ауданда 698–960 МГц жолағындағы және 1 және 3 -ауданда 790–960 МГц жолағындағы, жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген бөліктері Халықаралық жылжымалы (IMT) байланысын енгізуге талап білдіруші әкімшіліктерге қолдануға анықталған. Жағдайға байланысты 224 Қарарды (ДРК-12 қайта қаралған) және 749 Қарарды (ДРК-12 қайта қаралған) қара. Бұл анықтама осы жолақтар бөлінген кейбір қызметтермен қолданылуына кедергі жасамайды және Радиобайланыс Регламентіне басымдық белгілемейді. (ДРК 12).
5.318 Қосымша таратылу: Канада, Америка Құрама Штаттары және Мексикада 849 – 851 МГц және 894 – 896 МГц жолақтары ұшақтармен корреспондециямен алмасу үшін әуедегі жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. 849 – 851 МГц жолағын пайдалану әуедегі станциялар арасында хабар алмасуымен шектеледі, ал 894 - 896 МГц жолағын пайдалану ұшақтар станциялары арасындағы хабар алмасуымен шектеледі.
5.319 Қосымша таратылу: Беларусьь, Ресей Федерациясы және Украинада 806 – 840 МГц (Жер-ғарыш) және 856 – 890 МГц (ғарыш-Жер) жолағы әуедегі жерсеріктік жылжымалы (R) қызметті қоспағанда, жерсеріктік жылжымалы қызметке бөлінген. Бұл жолақтарда жұмыс атқарылғанда, жоғарыда аталған қызметтерде зиянды кедергілер туындамауы керек немесе жиіліктер бөлу кестесіне сай жұмыс істейтін елдердің қызметтерінен олардан қорғаныс талап етілмеуі тиіс, ал жұмыстың өзара мүдделі әкімшіліктер арасында арнайы келісімдермен атқарылуы қажет, зиянды кедергілерден қорғану ұсынылуы тиіс.
5.320 Қосымша таратылу: 3-ауданда 806 – 890 МГц және 942 – 960 МГц жолақтары әуедегі жерсеріктік жылжымалы (R) қызметті қоспағанда, жерсеріктік жылжымалы қызметке, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, бірінші реттік негізде бөлінеді. Бұл қызметтерді пайдалану ұлттық шекаралар төңірегінде жұмыс істеумен шектеледі. Мұндай келісімдерді жүргізгенде, Кестеге сай жұмыс істейтін қызметтерге зиянды кедергілерден қорғані ұсынылуы тиіс.
5.321 Алынып тасталынған.
5.322 1-ауданда 862 – 960 МГц жолағында радиохабар тарату қызмет станциялары, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, Алжир, Бурунди, Египет, Испания, Лесото, Ливия, Марокко, Малави, Намибия, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы, Танзания, Зимбабве мен Замбияны қоспағанда, тек қана Африка радиохабар аймағында (5.10-5.13 тт. қара), жұмыс атқаруы тиіс. (ДРК-12).
5.323 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 862–960 МГц жолағы, Болгарияда 862-890,2 МГц және 900-935,2 МГц жолақтары, Польшада 862-876 МГц жолағы 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін, сондай-ақ Румынияда 862-880 МГц және 915-925 МГц жолақтары әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Мұндай пайдаланым қозғалған әкімшіліктерден 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда мүмкін, 1997 жылдың 27 қазанына дейін қолданыстағы жердегі радиобуйлармен, олардың амортизациялық мерзімінің соңына дейін шектеледі. (ДРК-12).
5.324 Пайдаланылмайды.
5.325 Қызметтің басқа санаты: Америка Құрама Штаттарында 890-942 МГц жолағы радиолокациялық қызметке, бірінші реттік негізде (5.33 т. қара) бөлінген.
5.325А Қызметтің басқа санаты: Кубада 902-915 МГц жолағы құрылықтағы жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-2000).
5.326 Қызметтің басқа санаты: Чилиде 903-905 МГц жолағы, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген және 9.21 т. сәйкес келісім алған жағдайда пайдаланылады.
5.327 Қызметтің басқа санаты: Австралияда 915-928 МГц жолағы радиолокациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара).
5.327А 960–1164 МГц жолағын әуедегі жылжымалы (R) қызмет жүйелерімен қолдану халықаралық авиациялық стандарттарына сәйкес танылған әуедегі жылжымалы қызмет жүйелерімен шектеледі. Мұндай қолданыс 417 (ДРК-12 қайта қаралған) Қарарына сәйкестелуі қажет. (ДРК 12).
5.328 960-1215 МГц жолағы әуедегі навигацияның борттық электрондық жабдықтарын және олармен тікелей байланыстағы кез келген жердегі қондырғылары дүниежүзілік негізде дамыту және пайдалану үшін қорға қойылады. (ДРК-2000).
5.328A 1164–1215 МГц жолағында радионавигациялық жерсеріктік қызмет станциялары 609 Қарарға сәйкес (ДРК-07 қайта қаралған) жұмыс істеуі тиіс және 960–1215 МГц жолағындағы әуедегі радионавигациялық қызмет станцияларынан қорғаныс талап етпеуі керек. 5.43А т. ережесі қолданылмайды. 21.18 т. ережесі қолданылады. (ДРК 07).
5.328B 1164–1300 МГц, 1559–1610 МГц және 5010–5030 МГц жолағын радионавигациялық жерсеріктік қызмет жүйелерімен және желілерімен қолдану, үйлестіру немесе өтініш туралы толық ақпарат жағдайға байланысты радиобайланыс Бюросына 2005 жылдың 1 қаңтарынан кейін жіберілген болса, 9.12, 9.12А тт. және 9.13 т. ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ 610 (ДРК-03) қарары қолданылады, бірақ (ғарыш-ғарыш) радионавигациялық жерсеріктік қызмет жүйелерімен және желілерімен қолданған жағдайында 610 (ДРК-03) Қарары тек таратушы ғарыш стацияларына қатысты болады. 5.329А т. сәйкес 1215–1300 МГц және 15591610 МГц жолақтарындағы (ғарыш-ғарыш) радионавигациялық жерсеріктік қызмет жүйелеріне және желілеріне қатысты 9.7, 9.12, 9.12А және 9.13 тт. ережелері тек басқа (ғарыш-ғарыш) радионавигациялық жерсеріктік қызмет жүйелеріне және желілеріне қолданылады. (ДРК 07).
5.329 1215-1300 МГц жолағын радионавигациялық жерсеріктік қызметке қолдану 5.331 т. сәйкес жұмыс істеуге рұқсат етілетін радионавигациялық қызметке зиянды кедергілер тудырмайтын жағдайда және осы қызметтер тарапынан қорғану талап етпейтін жағдайда қолданылады. Бұдан басқа 1215-1300 МГц жолағын радионавигациялық жерсеріктік қызметке қолдану, радиолокациялық қызметке зиянды кедергілер жасамаған жағдайда мүмкін болады. 5.43 т. ережесі радионавигациялық қызмет үшін қолданылмайды. 608 Қарар (ДРК-03) қолданылады. (ДРК-03).
5.329A 1215–1300 МГц және 1559–1610 МГц жолақтарында жұмыс істейтін (ғарыш-ғарыш) радионавигациялық жерсеріктік қызмет жүйелерін қолдану қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметтерді қамтымайды және радионавигациялық жерсеріктік (ғарыш-Жер) жүйелеріне немесе жиіліктерді бөлу Кестесіне сәйкес жұмыс істейтін басқа қызметтерге кейбір қосымша шектеулер жүктемейді. (ДРК-07).
5.330 Қосымша таратылу: Ангола, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Камерун, Қытай, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритрея, Эфиопия, Гайана, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Жапония, Иордания, Кувейт, Непал, Оман, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Чад, Того және Йеменде 1215 – 1300 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.331 Қосымша таратылу: Алжир, Германия, Сауд Арабиясы, Австралия, Австрия, Бахрейн, Беларусь, Бельгия, Бенин, Босния мен Герцеговина, Бразилия, Буркина-Фасо, Бурунди, Камерун, Қытай, Корея Республикасы, Хорватия, Дания, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эстония, Ресей Федерациясы, Финляндия, Франция, Гана, Греция, Гвинея, Экваторлық Гвинея, Венгрия, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Ирландия, Израил, Иордания, Кения, Кувейт, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Лесото, Латвия, Ливан, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мадагаскар, Мали, Мавритания, Черногория, Нигерия, Норвегия, Оман, Пәкістан, Нидерланд, Польша, Португалия, Катар, Сирия Араб Республикасы, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Словакия, Біріккен Корольдіктер, Сербия, Словения, Сомали, Судан, Шри-Ланке, Оңтүстік Африка Республикасы, Швеция, Швейцария, Тайланд, Того, Түркия, Венесуэла және Вьетнамда 12151300 МГц жолағы радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Канада мен Америка Құрама Штаттарында 1240–1300 МГц содай-ақ радионавигациялық қызметке бөлінген, бұл жолақты радионавигациялық қызметке қолдану әуедегі радионавигациялық қызметпен шектелген. (ДРК-12).
5.332 1215 – 1260 МГц жолағында жерсеріктік Жерді зерттеу қызметінің және ғарыштық зерттеу қызметінің ғарыш аппараттарының бортындағы белсенді датчиктер не зиянды кедергілер тудырмауы, не сырттан зиянды кедергілерден қорғануды талап етпеуі, не бірінші реттік негізде бөлінген радиолокациялық қызметтің, радионавигациялық жерсеріктік қызметтің және де басқа қызметтердің жұмыс істеуіне және дамуына шек қоймауы тиіс. (ДРК-2000).
5.333 (ДРК-97 алынып тасталған).
5.334 Қосымша таратылу: Канада мен Америка Құрама Штаттарында 12040 – 1300 МГц және 1350 – 1370 МГц жолақтары радионавигациялық қызметіне де бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-03).
5.335 Канада және Америка Құрама Штаттарында 1240 – 1300 МГц жолағында, жерсеріктік Жерді зерттеу қызметінің және ғарыш зерттеу қызметінің ғарыш аппараттарының бортындағы белсенді датчиктер не зиянды кедергілер тудырмауы, не сырттан зиянды кедергілерден қорғануды талап етпеуі, не әуедегі радионавигациялық қызметтің жұмыс істеуіне және дамуына шек қоймауы тиіс. (ДРК-97).
5.335А 1260—1300 МГц жолағында ғарыш кемесінің бортындағы Жерді зерттеу жерсеріктік қызметі және ғарыш зерттеу қызметтерінің белсенді датчиктері ескертпеде бірінші реттік негізде бөлінген радиолокациялық қызметтің және басқа қызметтердің жұмысына немесе дамуына зиянды кедергілер тудырмауы немесе қорғануды талап етпеуі, басқа да жағдайлармен шектеулер тудырмауы тиіс. (ДРК-2000).
5.336 Пайдаланылмайды.
5.337 1300 – 1350 МГц, 2700 – 2900 МГц және 9000 – 9200 МГц жолақтарын әуедегі радионавигациялық қызметте пайдалану, тек бұл жолақтардағы жиіліктерде және тек сол жолақта жұмыс істейтін радиолокациялық қондырғылармен және олармен байланысты әуе кемелерінің қабылдау-жауап бергіштерімен шектеледі.
5.337А 1300—1350 МГц жолағын радионавигациялық жерсеріктік қызметтің жер станцияларымен және радиолокациялық қызмет станцияларымен қолдану әуедегі радионавигациялық қызметтің дамуын және жұмысын шектемеуі немесе зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. (ДРК-2000).
5.338 Қырғызстан, Словакия және Түркіменстанда радионавигациялық қызметтердің қолданыстағы қондырғылары жұмыстарын 1350 – 1400 МГц жолақта жалғастыра берулеріне болады. (ДРК-12).
5.338A 1350–1400 МГц, 1427–1452 МГц, 22,5523,55 ГГц, 31–31,3 ГГц, 49,7–50,2 ГГц, 50,4–50,9 ГГц және 51,4–52,6 ГГц, 81-86 ГГц жиілік жолақтарында 750 (ДРК 12 қайта қаралған) Қарары қолданылады. (ДРК 12).
5.339 1370 – 1400 МГц, 2640 -2655 МГц, 4950 – 4990 МГц және 15,20 – 15,35 ГГц жолақтары ғарыштық зерттеулер (әрекетсіз) қызметіне және жерсеріктік Жерді зерттеу қызметіне (белсенді емес) екінші реттік негізде бөлінген.
5.339А Алынып тасталған.
5.340 Барлық сәулелерге мына жолақтарда тыйым салынған:
1400-1427 МГц,
2690-2700 МГц, 5.422 т. ескертілгендерден басқа
10,68-10,7 ГГц, 5.483 т. ескертілгендерден басқа
15,35-15,4 ГГц, 5.511т. ескертілгендерден басқа
23,6-24 ГГц,
31,3-31,5 ГГц,
31,5-31,8 ГГц, 2 -ауданда
48,94-49,04 ГГц әуе кемелерінің бортындағы станциядан
50,2-50,4 ГГц,
52,6-54,25 ГГц,
86-92 ГГц,
100-102 ГГц,
109,5-111,8 ГГц,
114,25-116 ГГц,
148,5-151,5 ГГц,
164-167 ГГц,
182-185 ГГц.
190-191,8 ГГц,
200-209 ГГц,
226-231,5 ГГц,
250-252 ГГц, (ДРК-03)
5.341 1400 – 1727 МГц, 101 – 120 ГГц және 197 – 200 ГГц жолақтарында кейбір елдер шеттен (жерден бөлек) әдейі келген сәулеленулерді іздеу бағдарламасы бойынша белсенді емес зерттеулер жүргізеді.
5.342 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинада 1429 – 1535 МГц жолағы, Болгарияда 1525-1535 МГц жолағы әуедегі жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде тек қана әуедегі телеметрия үшін ұлттық аумақтын көлемінде бөлінген. 2007 жылдың 1 сәуірінен 1452 – 1492 МГц жолағы мүдделі әкімшіліктермен өзара келісім жағдайларында пайдаланылатын болады. (ДРК-12).
5.343 1435 – 1535 МГц жолағын 2-ауданда әуедегі жылжымалы қызметпен телеметрия үшін пайдалануы жылжымалы қызметтің басқа пайдаланымдарына қарағанда артықшылықта болады.
5.344 Ауыстырылымды таратылу: Америка Құрама Штаттарында 1452 – 1525 МГц жолағы бектілген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген ( 5.343 т. қара).
5.345 1452 – 1492 МГц жолағын жерсеріктік радиохабар тарату және радиохабар тарату қызметтерінде пайдалану цифрлық дыбыстық радиохабармен шектеледі және 528 Қарардың (ДЖӘР-92)* ережелеріне сәйкес атқарылады.
5.346 Пайдаланылмайды.
5.347 Алынып тасталған.
5.347А Алынып тасталған.
5.348 1518-1525 МГц жиілік жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметте пайдалануда 9.11А т. сәйкес үйлестіру рәсімдері қолданылуы тиіс. 1518-1525 МГц жолағында жылжымалы жерсеріктік қызмет станциялары тіркелген қызмет станцияларынан қорғаныс талап етпеуі керек. 5.43А т. ережесі қолданылмайды. (ДРК-03).
5.348А 1518-1525 МГц жолағында қуат ағынының Жер бетіндегі тығыздығының шектік деңгейі, жылжымалы жерсеріктік қызметтің ғарыш станцияларына (ғарыш-Жер), құрылықтағы жылжымалы қызметке қарағанда, 9.11А т. сәйкес бөлудің талабын анықтайтын, арнайыландырылған жылжымалы радиоқұрылғыларға немесе жалпы пайдаланымдық байланыс желілерімен (ЖПБЖ) қоса қолданылатын, Жапония аумағында жұмыс істейтін, 5-қосымшасының 5-2-қосымшасында келтірілген кез келген 4 кГц жолақтың барлық түсу бұрыштарында - 150 дБ(Вт/м)-ке тең болуы керек. 1518-1525 МГц жолағында жылжымалы жерсеріктік қызмет стациялары Жапония аумағындағы жылжымалы қызмет станцияларынан қорғаныс талап етпеуі керек. (ДРК-03).
5.348В 1518-1525 МГц жолағында жылжымалы жерсеріктік қызмет станциялары Америка Құрама Штаттары аумағында (5.343 және 5.344 тт. қара) және 5.43А т. Ережедегі 5.342 т. атап өтілген елдердегі жылжымалы телеметрия қызметінің әуедегі жылжымалы станцияларынан қорғаныс талап етпеулері тиіс (ДРК-03).
5.348С Алынып тасталған.
5.349 Қызметтің басқа санаты: Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Бахрейн, Камерун, Египет, Франция, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Қазақстан, Кувейт, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Ливан, Марокко, Катар, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Түркіменстан және Йеменде жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда қоспағанда, 1525 – 1530 МГц жолағы бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара). (ДРК 07).
5.350 Қосымша таратылу: Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркіменстанда 1525 – 1530 МГц жолағы әуедегі жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-2000).
5.351 1525 – 1544 МГц, 1545 – 1559 МГц, 1626,5 – 1645,5 МГц және 1646,5 – 1660,5 МГц жолақтары қандай да болмасын қызметтердің фидер жолдарына пайдаланылмауы керек. Бірақ, кейбір ерекше жағдайларда, әкімшілік бұл жолақтарды пайдаланатын ғарыш станциялары арқылы, белгілі бір жерде орналасқан жер бетіндегі кез келген жылжымалы жерсеріктік қызметпен байланыс жасауға рұқсат ете алады.
5.351А 15181544 МГц, 15451559 МГц, 16101645,5 МГц, 1646,51660,5 МГц, 16681675 МГц, 19802010 МГц, 21702200 МГц, 2483,52520 МГц және 26702690 МГц жолақтарын жылжымалы жерсеріктік қызметке қолдану жөнінде 212 (ДРК-07 қайта қаралған) және 225 (ДРК-07 қайта қаралған) Қарарды қара. (ДРК-07).
5.352 (ДРК-97 алынып тасталған).
5.352А 1525 – 1530 МГц жолағында жылжымалы жерсеріктік қызмет станциялары, теңіздегі жылжымалы жерсеріктік станцияларын қоспағанда, 1998 жылдың 1 сәуіріне дейін хабарланған Алжир, Сауд Арабиясы, Египет, Франция және 3-аудандағы Францияның теңіз арғы жақ аумақтары, Гвинея, Үндістан, Израил, Италия, Иордания, Кувейт, Мали, Мальта, Марокко, Мавритания, Нигерия, Оман, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Танзания, Вьетнам және Йеменде жұмыс істейтін тіркелген қызмет станциялрына зиянды кедергілер тудырмауы керек немесе олардан қорғаныс талап етпеуі керек. (ДРК-12).
5.353 (ДРК-97 алынып тасталынған).
5.353А 1530 – 1544 МГц және 1626,5 – 1645,5 МГц жолақтарында жерсеріктік қызметтерге қатысты, 9-Бапқа сәйкес тәртіптерді қолданғанда, қажетті жиілік спектрлерін бөлудегі артықшылықтар апаттық және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің Жаһандық теңіздегі жүйесіне (АҚГТЖ) берілуі тиіс. Апаттық жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теңіздегі жылжымалы жерсеріктік қызметі желі көлемінде басқа жылжымалы жерсеріктік байланыстармен салыстырғанды артықшылықты қолжетімділікке болуы керек. Жылжымалы жерсеріктік жүйелер қолайсыз кедергілер тудырмауы керек, не апаттық жағдайларда және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін АҚГТЖ жағынан қолайсыз кедергілерден қорғанысты сұрамауы тиіс. Оның үстіне, қауіпсіздік мақсатында атқарылатын байланыстың, басқа жылжымалы жерсеріктік қызметтерден артықшылығын ескеру қажет (222 Қарар қолдану қажет (ДРК-2000)). (ДРК-2000).
5.354 1525 – 1559 МГц және 1626,5 – 1660,5 МГц жолақтарын жылжымалы жерсеріктік қызметте пайдалануда 9.11А т. сәйкес үйлестіру рәсімдері қолданылуы тиіс.
5.355 Қосымша таратылу: Бахрейн, Бангладеш, Конго Республикасы, Джибути, Египет, Эритрея, Ирак, Израил, Кувейт, Катар, Сирия Араб Республикасы, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Чад, Того, және Йеменде 1540 – 1559 МГц, 1610-1645,5 МГц және 1646,5 – 1660 МГц жолақтары тіркелген қызметке екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.356 1544 – 1545 МГц жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметте (ғарыш-Жер) пайдалану апаттық жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету байланысымен және қауіпсіздікті қамтамасыз етумен шектеледі (31 Бабын қара).
5.357 Әуедегі жылжымалы қызметте (R) 1545 – 1555 МГц жолағында әуедегі қызметтердің жер бетіндегі станцияларынан әуедегі кемелер станцияларына немесе әуедегі кемелер станциялары арасында тікелей хабар тарату рұқсат етілген, егер мұндай хабарлар жерсерік - әуедегі кеме жолын ұзартатын және толықтыратын болса.
5.357А 9-Баптың II бөліміндегі рәсімдерін 1545-1555 МГц және 1646,5-1656,5 МГц жолақтарындағы жылжымалы жерсеріктік қызметке қолданғанда, 44-баптың 1-6-санаттарының басымдылығымен хабар тарататын әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызмет (R) спектрінің қажеттілігін қанағаттандыруға басымдылық беру керек. 44-баптың 1-6-санаттары басымдылығымен хабар тарататын әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметтің (R) басымдылық мүмкінділігі және шұғыл дайындылығы, қажет болғанда - жүйе шеңберінде қолданыстағы жылжымалы жерсеріктік қызмет байланысының басқа түрлерімен салыстырғанда артықшылығы болуы тиіс. Жылжымалы жерсеріктік жүйелер 44-баптың 1-6-санаттары басымдылығымен хабар тарататын әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызмет жүйелеріне жарамсыз кедергілер тудырмауы қажет және олардан қорғаныс талап етпеуге тиіс. Қауіпсіздік мақсатындағы, басқа жылжымалы жерсеріктік қызмет байланытарының басымдылығы есепке алынуы қажет. (222 Қарардағы ереже қолдануы қажет. (ДРК-12 қайта қарастырылған). (ДРК-12).
5.358 (ДРК -97 алынып тасталынған).
5.359 Қосымша таратылу: Германия, Сауд Арабиясы, Армения, Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Бенин, Камерун, Ресей Федерациясы, Франция, Грузия, Греция, Гвинея, Гвинея-Бисау, Иордания, Қазақстан, Кувейт, Литва, Мавритания, Уганда, Өзбекстан, Пәкістан, Польша, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Румыния, Тәжікстан, Танзания, Тунис, Түркіменстан және Украинада 1550 – 1559 МГц, 1610 – 1645,5 МГц және 1646,5-1660 МГц жолақтары тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Әкімшіліктерге осы жолақтарда тіркелген қызметтің жаңа станцияларын енгізбеуде қажетті шараларды бұлжытпай орындау ұсынылады. (ДРК-12).
5.360 (ДРК-97 алынып тасталған).
5.361 (ДРК-97 алынып тасталған).
5.362 (ДРК-97 алынып тасталған).
5.362А Америка Құрама Штаттарында 1555 – 1559 МГц және 1656,5 – 1660,5 МГц жолақтарында әуедегі жылжымалы жерсеріктік (R) қызмет бірінші кезектегі рұқсаттамаға ие болуы керек және желінің төңірегінде, қажетті болған жағдайда, басқа да жылжымалы жерсеріктік байланысқа қарағанда, оларды ұзарту мүмкіндігі арқылы шұғыл дайындықта тұруы қажет. Жылжымалы жерсеріктік жүйелер 44 Бабы бойынша 1 ден 6 дейінгі басымдылыққа ие байланысты атқаратын әуедегі жылжымалы жерсеріктік (R) қызметтерге қолайсыз кедергілер тудырмауы немесе олардан қорғаныс сұрамауы тиіс. Қауіпсіздік мақсатында атқарылатын байланыстың басқа жылжымалы жерсеріктік қызметтерден артықшылығын ескеру қажет. (ДРК-97).
5.362B Қосымша таратылу: Алжир, Сауд Арабиясы, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Бенин, Камерун, Ресей Федерациясы, Габон, Грузия, Гвинея, Гвинея-Бисау, Иордания, Қазақстан, Ливии, Литва, Мали, Мавритания, Нигерия, Өзбекстан, Пәкістан, Польша, Сирия Араб Республикасы, Кырғызстан, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Румыния, Сенегал, Тәжікстан, Танзания, Тунис, Туркменстан және Украинада 1559–1610 МГц жолағы тіркелген қызметке 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші реттік негізде бөлінген; осы уақыттан кейін бұл бөлініс күшін жояды. Әкімшіліктерге міндетті түрде, радионавигациялық жерсеріктік және әуедегі радионавигациялық қызметтерді қорғау барысында, бұл жолақта тіркелген қызмет жүйелеріне жаңа жиіліктер тағайындалмау үшін барлық шараларды қолдану ұсынылады. (ДРК-12).
5.362С Қосымша таратылу: Конго Республикасы, Эритрея, Ирак, Израил, Иордания, Катар, Сирия Араб Республикасы, Сомали, Судан, Чад, Того мен Йеменде 1559–1610 МГц жолағы тіркелген қызметке 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін бөлінген, одан кейін бұл бөлу күшін жояды. Әкімшіліктерге міндетті түрде радионавигациялық жерсеріктік қызметті қорғау және көрсетілген жолақта тіркелген қызмет жүйелеріне жаңа жиілік тағайындалуға рұқсат етпеу үшін барлық шараларды қолдану ұсынылады. (ДРК 12).
5.363 Алынып тасталынған.
5.364 1610 – 1626,5 МГц жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметіне (Жер-ғарыш) және жерсеріктік радиоанықтама қызметіне (Жер-ғарыш) пайдаланғанда 9.11А т. сәйкес бөлу тәртіптері пайдаланылуы керек. Аталған жолақта жұмыс істейтін қызметтердің біріндегі кез келген жер бетіндегі жылжымалы станция 5.366 т. қағидаларына сәйкес (4.10 т. де соған жатады) жүйелердің жұмыс істейтін жолақтар бөлігінде э.и.с.қ. тығыздығының -15 дБ(Вт/4 кГц)-тен артық шыңдық мәндерін, егер мүдделі әкімшіліктер басқа туралы өзара келісушілікте болмаса, тудырмауы тиіс. Жолақтың бұл жүйелер жұмыс істемейтін бөліктерінде жер бетіндегі жылжымалы станциясының э.и.с.қ. тығыздығының орта шамасы -3 дБ(Вт/4 кГц)-тен артпауы тиіс. Жылжымалы жерсеріктік қызмет станциясы 5.366-тармақтың ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін әуедегі радионавигациялық қызмет станцияларынан және 5.359- тармақтың ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін тіркелген қызмет стацияларынан қорғанысты талап етпеуі керек. Жылжымалы жерсеріктік желілерді бөлуге жауапты әкімшіліктер, 5.366-тармақтың ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін станцияларды қорғаныспен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін шараларды қолдануы керек.
5.365 1613,8 – 1626,5 МГц жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметте (Жер-ғарыш) пайдалануда 9.11А т. сәйкес бөлу рәсімдері қолданылуы тиіс.
5.366 1610 – 1626,5 МГц жолағы әуе кемелерінің бортында орналасқан, әуедегі навигациялық электрондық жабдықтарын, және кез келген олармен тікелей байланыстағы жердегі немесе жерсерік бортындағы қондырғыларды дүниежүзілік негізде дамыту және пайдалану ушін қорға қойылады. Бұл жолақты жерсеріктермен пайдалану 9.21-тармақта көрсетілген рәсімдер бойынша келіседі.
5.367 Қосымша таратылу: 1610-1626,5 МГц жолағы 9.21 т. бойынша келісілген жағдайда, әуедегі жылжымалы жерсеріктік (R) қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.368 Радиоанықтама және жылжымалы жерсеріктік қызмет тұрғысында, әуедегі радионавигациалық жерсеріктік қызметті қоспағанда, 1610-1626,5 МГц жолағында 4.10 т. ережелері қолданылмайды.
5.369 Қызметтің басқа санаты: Ангола, Австралия, Қытай, Эртирея, Эфиопия, Үндістан, Иран Ислам Републикасы, Израил, Ливан, Либерия, Мадакаскар, Мали, Пәкістан, Папуа-Жаңа Гвинея, Сирия Араб Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Судан, Оңтүстік Судан, Того және Замбияда жерсеріктік радионықтама қызметіне (Жер-ғарыш) 1610-1626,5 МГц жолағы бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара) егер 9.21 т. бойынша, бұл ережелерде аталмаған елдермен өзара келісушілік болса. (ДРК-12).
5.370 Қызметтің басқа санаты: Венесуэлада жерсеріктік радионықтама қызметіне (Жер-ғарыш) 1610-1626,5 МГц жолағы екінші реттік негізде бөлінген.
5.371 Қосымша таратылу: 1-ауданда 1610-1626,5 МГц (Жер-ғарыш) және 2483,5-2500 МГц (ғарыш-Жер) жолақтары, 9.21 т. бойынша келісілген жағдайда жерсеріктік радионықтама қызметіне екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.372 Жерсеріктік радионықтама қызмет станциясы және жылжымалы жерсеріктік қызмет станциясы 1610,6-1613,8 МГц жолағында (29.13 т. қолданылады) радиоастрономиялық қызмет станцияларында зиянды кедергілер тудырмауы тиіс.
5.373 Пайдаланылмайды.
5.373А (ДРК-97 алынып тасталынған).
5.374 1631,5-1634,5 МГц және 1656,5-1660 МГц жолақтарында жұмыс істейтін жылжымалы жерсеріктік қызметтің жылжымалы жер бетіндегі станциялары, 5.359 т. аталған елдерінде тіркелген қызмет станцияларына зиянды кедергілер тудырмау тиіс. (ДРК-97).
5.375 1645,5-1646,5 МГц жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметі (Жер-ғарыш) және жерсерік аралық жолдарда пайдалану, апатық жағдайда және қаупсіздікті қамтамасыз етуде байланыспен шектелді.
5.376 1646,5-1656,5 МГц жолағында әуедегі жылжымалы (R) қызметтің әуедегі кемелер станцияларынан әуедегі қызметтің жер бетіндегі станцияларына немесе әуедегі кемелер станциялары арасында тікелей хабар таратуға рұқсат етіледі, егер мұндай таратулар әуедегі кеме-жерсерігі жолын ұзартуға немесе толықтыруға пайдаланылса.
5.376А 1660,0-1660,5 МГц жолағында жұмыс істейтін жылжымалы жер бетіндегі станциялар радиоастрономиялық қызмет станцияларына зиянды кедергілер тудымауы тиіс. (ДРК-97).
5.377 (ДРК-03 алынып тасталынған).
5.378 Пайдаланылмайды.
5.379 Қосымша таратылу: Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Нигерия және Пәкістанда 1660,5-1668,4 МГц жолағы метеорологиялық қосалқы қызметіне екінші реттік негізде бөлінген.
5.379А Әкімшіліктер 1660,5-1668,4 МГц жолағындағы радиоастраномия бағытының келешек зерттеулерін қорғау үшін, мүмкін шаралардың бәрін пайдалануы керек, оның ішінде, 1664,4-1668,4 МГц жолағында әуе-жер бағытында метеорологияның қосалқы қызметіндегі таратуларды мүмкіндігінше тезірек шығару арқылы.
5.379В 1668–1675 МГц жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметке қолдану үшін 9.11А т. сәйкес үйлестіру жұмысы жүргізіледі. 1668–1668,4 МГц жолағы үшін 904 Қарары (ДРК-07) қолданылады. (ДРК-07).
5.379С 1668-1670 МГц жолағындағы радиоастрономиялық қызметтің қорғанысын қамтамасыз ету үшін, жылжымалы жерсеріктік қызмет жүйелерінің жер станцияларының Халықаралық анықтама тізіміне енгізілген жылжымалы жерсеріктік қызметтің жылжымалы жер станциялар қуат ағынының тығыздығы 10 МГц-тік жолақта (қ.а.т.) -181 дБ(Вт/м)-тан және 2% уақыт интеграция аралығы 2000 с құрайтын кез келген 20 кГц жолақта -194 дБ(Вт/м)-тан аспауы керек. (ДРК-03).
5.379D 1668,4–1675 МГц жолағын жерсеріктік қызмет және тіркелген және жылжымалы қызметтердің бірлесе қолдануы барысында жылжымалы 744 Қарары (ДРК-07 қайта қаралған) қолданылады. (ДРК-07).
5.379Е Қытай, Иран Ислам Республикасы, Жапония және Өзбекстанда 1668,4-1675 МГц жолағында жылжымалы жерсеріктік қызмет станциялары қосалқы метеорология қызметі станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. Әкімшіліктерге міндетті түрде 1668,4-1675 МГц жолағында қосалқы метеорология қызметінің жаңа жүйелерін іске асырмау және мүмкіндігінше тезірек қосалқы метеорология қызметі операцияларын басқа жолақтарға ауыстыру ұсынылады. (ДРК-03).
5.380 Алынып тасталынған.
5.380A 1670–1675 МГц жолағында жылжымалы жерсеріктік қызмет станциялары метеорологиялық жерсеріктік қызметтің 2004 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш білдірген қолданыста бар жер станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы тиіс, немесе бұл станциялардың дамуына шектеу қою қажет. Бұл жолақтағы жер станцияларына тағайындалған кез келген жаңа жиілік, жылжымалы жерсеріктік қызмет станциялар тарапынан қорғалу қажет. (ВКР-07).
5.381 Қосымша таратылу: Ауғанстан, Куба, Үндістан, Иран Ислам Республикасы және Пәкістанда 1690-16700 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, жылжымалы әуедегі қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.382 Қызметтің басқа санаты: Сауд Арабиясы, Армения, Әзірбайжан, Бахрейн, Беларусь, Республика Конго, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритрея, Эфиопия, Ресей Федерациясы, Гвинея, Ирак, Израил, Иордания, Қазақстан, Кувейт, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Ливан, Мавритания, Молдава, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Польша, Катар, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Сомали, Тәжікстан, Танзания, Түркіменстан, Украина және Йеменде 1690–1700 МГц жолағы бекітілген және жылжымалы қызметке, жылжымалы әуедегі қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара); Корей Халық Демократиалық Республикасында 1690-1700 МГц жолағы бекітілген қызметке бірінші реттік негізде (5.33 т. қара) және жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.383 Пайдаланылмайды.
5.384 Қосымша таратылу: Үндістан, Индонезия және Жапонияда 1700-1710 МГц жолағы ғарыштық зерттеу қызметіне (ғарыш-Жер), бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-97).
5.384А 1710–1885 МГц, 2300–2400 МГц және 2500–2690 МГц жолақтары немесе осы жолақтардың кейбір бөліктері, 223-қарарға сәйкес, Халықаралық жылжымалы (IMT) байланысын енгізуге талап білдіруші әкімшіліктерге қолдануға анықталған. Бұл анықтама басқа анықталған қызметтерге қолдануға бөгет жасамайды және Байланыс Регламентінде басымдылық орнатпайды. (ДРК-07).
5.385 Қосымша таратылу: 1718,2-1722,2 МГц жолақтары радиоастрономиялық қызметке спектрлік сызықтарды бақылау үшін екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-2000).
5.386 Қосымша таратылу: 2-ауданда, Австралия, Гуама, Үндістан, Индонезия және Жапонияда 1750-1850 МГц жолағы ғарыштық пайдаланым (Жер-ғарыш) және ғарыштық зерттеулер (Жер-ғарыш) қызметтеріне, 9.21 т. бойынша келісімге келген жағдайда және тропосфералық шашырау жүйелерінде ерекше есептегі жағдайда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-03).
5.387 Қосымша таратылу: Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Румыния, Тәжікстан және Түркіменстанда 1770-1790 МГц жолағы, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, метеорологиялық жерсеріктік қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.388 1885-2025 МГц және 2110-2200 МГц жолақтары дүниежүзілік негізде Халықаралық жылжымалы байланыс жүйесін (IMT-2000) енгізуге ынталы әкімшіліктердің пайдалануларына арналған. Мұндай пайдаланулар осы жолақтар бөлінген басқа қызметтерге бұл жолақтарды пайдалануға кедергі жасамайды. Көрсетілген жолақтар IMT-2000-ға 212-қарарға сәйкес (Қайта қаралған ДКР-97) ұсынылуы тиіс. (Сонымен бірге 223-қарарды (ДРК-2000) қара). (ДРК-2000).
5.388А 1 және 3-ауданда 1885-1980 МГц, 2010-2025 МГц және 2110-2170 МГц жолақтары және 2 -ауданда 1885-1980 МГц и 2110-2160 МГц жолақтары 221 Қарарға сәйкес (ДРК-03 қайта қаралған) Халықаралық жылжымалы байланысты-2000 (IMT-2000) қамтамасыз ету барысында стратосферлық станциялардың базалық станциялар ретінде қолдануында пайдаланылуы мүмкін.
Осы жолақтарда стратосферлық станцияларды базалық станциялар ретінде қолданатын IMT-2000-ның жұмысы бұл жолақтар тағайындалған басқа да қызмет станцияларына осы жиілік жолақтарын қолдануын жоққа шығармайды және Радиобайланыс Регламентінде басымдылық орната алмайды. (ДРК-03).
5.388В Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бенин, Буркина-Фасо, Камерун, Комор Аралдарында, Кот-д'Ивуар, Қытай, Куба, Джибути, Египтет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритрея, Эфиопия, Габон, Ганс, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Израил, Ливия, Мали, Марокко, Мавритания, Нигерия, Оман, Уганда, Пәкістан, Катар, Сирия Араб Республикасы, Сенегал, Сингапур, Судан, Оңтүстік Судан, Танзания, Чад, Того, Тунис, Йемен, Замбия және Зимбабаведе жылжымалы IMT-2000 станцияларын қосқанда, тіркелген және жылжымалы қызмет станцияларын біріккен арналарының кедергілерінен қорғау үшін көрші елдерде 5.388А т. көрсетілген жолақтарда базалық IMT-2000 станциясы ретінде жұмыс істейтін биіктік платформаларындағы (HAPS) станциялары біріккен арналарда Жер бетінде, елдің шекарасынан тыс, тудыратын қуат ағының тығыздығы, егер бұған HAPS өтініш беру кезінде қатысты әкімшіліктен нақты келісім алынбаған болса, -127 дБ(Вт/(м2хМГц))-дан аспауы керек. (ДРК-12).
5.389 Пайдаланылмайды.
5.389A 1980-2010 МГц және 2170-2200 МГц жолақтарын жылжымалы жерсеріктік қызмет станциялармен пайдаланғанда 716 Қарардың (ДКР-2000 қайта қаралған) 9.11А т. ережелеріне сәйкес үйлестіру тәртіптері қолданылуы тиіс. (ДРК-07).
5.389В Аргентина, Бразилия, Канада, Чили, Эквадор, Америка Құрамы Штаттары, Гондурас, Ямайка, Мексика, Перу, Суринам, Тринидад мен Тобаго, Уругвай және Венесуэлада 1980-1990 МГц жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметте пайдалану зиянды кедергілер тудырмауы немесе тіркелген және жылжымалы қызметтердің дамуын шектемеуі тиіс.
5.389C 2-ауданда 2010-2025 МГц және 2160-2170 МГц жолақтарын жылжымалы жерсеріктік қызметке пайдалану 2002 жылдың 1 қаңтарынан ерте басталмауы тиіс және 716 Қарардың (ДКР-2000қайта қарастырылған) 9.11А т. ережелеріне сәйкес үйлестірілуі қажет. (ДРК-97).
5.389D (ДРК-03 алынып тасталынған).
5.389Е 2-ауданда 2010-2025 МГц және 2160-2170 МГц жолақтарын жылжымалы жерсеріктік қызметте пайдалануы 1-және 3-аудандарда зиянды кедергілер тудырмауы керек және тіркелген және жылжымалы қызметтердін дамуын шектемеуі тиіс.
5.389F Алжир, Бенин, Кабо-Верда, Египет, Иран Ислам Республикасы, Мали, Сирия Араб Республикасы және Тунисте 1980-2010 МГц және 2170-2200 МГц жолақтарын жылжымалы жерсеріктік қызметте пайдалану не зиянды бөгеулдер тудырмауы, не бұл қызметтердің 2005 жылдың 1 қаңтарына дейінгі дамуына кедергі жасамауы, не олардан қорғанысты талап етпеуі қажет. (ДРК-2000).
5.390 Алынып тасталынған.
5.391 Жылжымалы қызметтерге 2025-2110 МГц және 2200-2290 МГц жолақтарында жиіліктер бөлгенде, әкімшіліктер, ХЭО-R SA.1154 Ұсыныстарында жазылғандай, жоғары тығыздықты жылжымалы жүйелерді енгізбеуі керек және кез келген басқа түрлі жылжымалы жүйелерді енгізгенге бұл ұсыныстарын ескерулері қажет. (ДРК-97).
5.392 Екі немесе одан көп геостационарлық емес жерсеріктерінің арасында, ғарыш-ғарыш бағытындағы ғарышты зерттеу қызметтері, ғарыш пайдаланым және жерсеріктік Жерді зерттеу қызметтерінде 2025-2110 МГц және 2200-2290 МГц жолақтарында хабар тарату, геостационарлық және геостационарлық емес жерсеріктерінің Жер-ғарыш, ғарыш-Жер бағытындағы және ғарыш-ғарыш бағытындағы бұл қызметтер мен жолақтардағы хабар таратуына ешқандай шек салмауын, ол үшін мүмкін шаралардың бәрін қолдануын әкімшілектерден табанды түрде талап етеді.
5.392А Алынып тасталынған.
5.393 Қосымша таратылу: Канада, Америка Құрама Штаттары, Үндістан және Мексикада 2310-2360 МГц жолағы жерсеріктік радиохабарлық қызметке (дыбыс) және қосымша жердегі дыбыс радиохабар тарату қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.мүндай пайдаланым цифрлық дыбыс радиохабармен шектелді және 528 Қарарының (ДРК-03 қайта қаралған) қағидаларына сай келуі керек, бөлімінің 3 тармағын қоспағанда жоғарғы 25 МГц жолақтағы жерсеріктік радиохабар тарату жүйесіне қойылған шектеулер тұрғысында шешіледі. (ДРК 07).
5.394 Америка Құрамы Штаттарында 2300-2390 МГц жолағын әуедегі жылжымалы қызметте телеметрия таратулары үшін пайдалану жылжымалы қызметтің басқа түрлі жұмыстарына қарағанда басымдылыққа ие. Канадада 2360-2400 МГц жолағын әуедегі жылжымалы қызметте телеметрия таратулары үшін пайдалану жылжымалы қызметтің басқа түрлі жұмыстарына қарағанда басымдылыққа ие. (ДРК 07).
Достарыңызбен бөлісу: |