Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ггц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі кГц



бет19/21
Дата17.06.2016
өлшемі3.28 Mb.
#142932
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
естесінде көрсетілгеннен көп қорғаныс талап етпеуі қажет. Бұл бөліну 2010 жылдың 17 қарашасынан кейін қолданысқа енеді. (ДРК-07).

5.432В Қызметтің басқа санаты: Бангладеш, Қытай, 3 -аудандағы Француз теңіз арғы жалпы -аудандары, Үндістан, Иран (Ислам Республикасы), Жаңа Зеландия және Сингапурде 34003500 МГц жолағы жылжымалы, әуедегі жылжымалыны қоспағанда, қызметіне 9.21 т. сәйкес басқа әкімшіліктердің келісімін алған жағдайда бірінші реттік негізде бөлінген, және Халықаралық жылжымалы (IMT) байланысында анықталған. Бұл анықтама, бұл жолақ бөлінген басқа қызметтерге пайдалануларына бөгет жасамайды және радиобайланыс Регламентінде басымдылық орнатпайды. Бөлу этапында 9.17 және 9.18 тт. ережелері қолданылады. Үйлестіру этапында 9.17 және 9.18 тт. ережелері қолданылады. Әкімшілік бұл базалық станцияны (базалық немесе жылжымалы) іске қосар алдында қуат ағынының тығыздығы, 20 проценттен көбірек уақытта кез келген әкімшілік шекарасы аумағында жер үстінен 3 м биіктікте –154,5 дБВт/(м2 ∙ 4 кГц) аспауын қамтамасыз етуі қажет. Бұл шектік шамасы келісім берген кез келген әкімшілік аумағында өсе алады. Қ.а.т. шектік шамасының деңгейін сақтау үшін есептеулер және екі жақты әкімшіліктердің келісімі бойынша, барлық сәйкес ақпаратты тексерулер (жер үсті станциясына жауапты әкімшілік және жер станциясына жауапты әкімшілік), егер сұраныс болған жағдайда Бюроның көмегімен, жүргізілуі қажет. Келіспеушілік болған жағдайда, есептеу мен тексерулер, жоғарыда айтылған ақпараттар есебінде Бюрода жүргізілуі тиіс. 3400–3600 МГц жолағында жылжымалы қызмет станциялары, ғарыш станциялардан, 21-4 Кестесінде көрсетілгеннен көп қорғаныс талап етпеуі қажет. Бұл бөліну 2010 жылдың 17 қарашасынан кейін қолданысқа енеді. (ДРК-07).

5.433 2 және 3-аудандарда 3400-3600 МГц жолағы радиолокациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Дегенмен, бұл жолақта радиолокациялық жүйелерді пайдаланушы барлық әкімшіліктер олардың жұмыстарын 1985 жылға қарай тоқтатуы тиіс. Содан соң әкімшіліктер, барлық мүмкіншілікті шараларды үйлестіруді қажет ететін бекітілген жерсеріктік жүйелерді қорғау үшін қолдануы қажет.

5.433А Бангладеш, Қытай, Корея (Республикасы), Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Жапония, Жаңа Зеландия, Пәкістан және 3-аудандағы Француз теңіздің арғы жақ қауымдастықтарында 35003600 МГц жолағы Халықаралық жылжымалы (IMT) байланысына анықталған. Бұл анықтама осы жолақ бөлінген басқа қызметтердің пайдалануларына бөгет жасамайды және радиобайланыс Регламентінде басымдылық орнатпайды. Бөлу кезегінде 9.17 және 9.18 тт. ережелері қолданылады. Үйлестіру кезегінде 9.17 және 9.18 тт. ережелері қолданылады. Әкімшілік бұл базалық станцияны (базалық немесе жылжымалы) іске қосар алдында қуат ағынының тығыздығы, 20 проценттен көбірек уақытта кез келген әкімшілік шекарасы аумағында жер үстінен 3 м биіктікте –154,5 дБВт/(м2 ∙ 4 кГц) аспауын қамтамасыз етуі қажет. Бұл шектік шамасы келісім берген кез келген әкімшілік аумағында өсе алады. Қ.а.т. шектік шамасының деңгейін сақтау үшін есептеулер және екі жақты әкімшіліктердің келісімі бойынша, барлық сәйкес ақпаратты тексерулер (жер үсті станциясына жауапты әкімшілік және жер станциясына жауапты әкімшілік), егер сұраныс болған жағдайда Бюроның көмегімен, жүргізілуі қажет. Келіспеушілік болған жағдайда, есептеу мен тексерулер, жоғарыда айтылған ақпараттар есебінде Бюрода жүргізілуі тиіс. 3400–3600 МГц жолағында жылжымалы қызмет станциялары, ғарыш станциялардан, 21-4 Кестесінде көрсетілгеннен көп қорғаныс талап етпеуі қажет. Бұл бөліну 2010 жылдың 17 қарашасынан кейін қолданысқа енеді. (ДРК-07).

5.434 (ДРК-97 алынып тасталынған).

5.435 Жапонияда 3620-3700 МГц жолағынан радиолокациялық қызмет шығарылып тасталған.

5.436 Пайдаланылмайды.

5.437 (ДРК-2000 алынып тасталынған).

5.438 Әуедегі радионавигациялық қызметте пайдаланылатын 4200-4400 МГц жолағы тек қана әуе кемелерінде орнатылған радиобиіктік өлшегіштер және солармен байланысты жерде орналасқан қабылдағыш жауап бергіштерге қор ретінде пайдаланылады. Дегенмен, бұл жолақта әрекетсіз датчиктерді жерсеріктік Жерді зерттеу және ғарыш зерттеу қызыметтеріне пайдалануға екінші реттік негізде рұқсат етуге болады (радиобиіктік өлшегіштерден ешқандай қорғаныс қамтамасыз етілмейді).

5.439 Қосымша таратылу: Иран Ислам Республикасында 4200-4400 МГц жолағы тіркелген қызметке екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.440 Стандарттық жиіліктер мен уақыт сигналдарының жерсеріктік қызметіне 4202 МГц жиілігі ғарыш-Жер бағытында және 6427 МГц жиілігі Жер-ғарыш бағытында хабар таратуға рұқсат етілуі мүмкін. Мұндай таратулар +2 МГц жолағымен шектеледі және. 9.21 т. бойынша келісілуі тиіс.

5.440A 2-ауданда (Бразилия, Куба, Француз теңіз арғы депатаменттері және аумақтары, Гватемала, Парагвай, Уругвай және Венесуэланы қоспағанда) және Австралияда 44004940 МГц жиілік жолақтары әуедегі кемеле станцияларында ұшу кезіндегі әуедегі жылжымалы телеметрия қызметінде қолдануға болады. Мұндай қолданыс 416-қарарға (ДРК-07) сәйкес келуі тиіс және тіркелген жерсеріктік, тіркелген қызметке зиянды бөгеуіл тудырмауы тиіс немесе олардан қорғаныс талап етпеуі тиіс. Кез келген мұндай қолданыс бұл жиілік жолақтарының тең жағдайда бірінші реттік негізде бөлінген жылжымалы қызметтердің және басқа қызметтердің қолдануына бөгет жасай алмайды және байланыс Регламентінде басымдылық жасалынбайды. (ДРК-07).

5.441 4500-4800 МГц жолағын (ғарыш-Жер), 6725-7025 МГц (Жер-ғарыш) тіркелген жерсеріктік қызметке пайдалану 30B Қосымша ережелеріне сәйкес жүргізілу керек. 10,7-10,95 ГГц (ғарыш-Жер), 11,2-11,45 ГГц (ғарыш-Жер) және 12,75-13,25 ГГц (Жер-ғарыш) жолақтары тіркелген жерсеріктік кызметтің геостационар жерсеріктерімен пайдалану 30B Қосымша ережелерімен сәйкес болуы керек. 10.7-10.95 ГГц (ғарыш-Жер), 11,2-11,45 ГГц (ғарыш-Жер) және 12,75-13,25 ГГц (Жер-ғарыш) жолақтары тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктерімен пайдалану 9.12 т. ережелеріне сәйкес басқа тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктері жүйелерімен үйлестіруі үшін қолдануы қажет. Тіркелген жерсеріктік қызметте геостационарлық емес жерсеріктері, Радиобайланыс Регламентіне сәйкес жұмыс істейтін, үйлестіру немесе өтініш беру үшін толық ақпараттың берілу уақытына қарамай, тіркелген жерсеріктік қызметтің, геостационарлық жерсеріктік жүйелерінен қорғаныс талап етпеуі керек, тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелері жағдайына, сондай-ақ үйлестіру және өтініш беру туралы толық ақпаратқа байланысты, геостационарлық жерсеріктік жүйелер үшін, бұл жағдайда 5.43А т. қолданылмайды. Тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелері көрсетілген жолақтарда жұмыс істеу кезінде пайда болған кедергілер тез арада жойылуы қажет. (ДРК-2000).

5.442 4825-4835 МГц және 4950-4990 МГц жолақтарында жылжымалы қызметке бөлу әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, жылжымалы қызметпен шектелген. 2-ауданда (Бразилия, Куба, Гватемала, Парагвай, Уругвай және Венесуэланы қоспағанда) және Австралияда 4825–4835 МГц жиілік жолақтары, сондай-ақ әуедегі кемелерде ұшу сынақтары кезінде, әуедегі жылжымалы телеметриямен шектелген әуедегі жылжымалы қызметке бөлінген. Мұндай қолданыс 416 (ДРК-07) Қарарына сәйкес келуі қажет және тіркелген қызметке зиянды кедергілер тудырмауы қажет. (ДРК-07).

5.443 Қызметтің басқа санаты: Аргентина, Австралия және Канадада радиоастрономияялық қызметке бөлу 4825-4835 МГц және 4950-4990 МГц жолақтарында бірінші реттік негізде атқарылған (5.33 т. қара).

5.443А (Алынып тасталынған ВКР-03).

5.443АА 5000-5030 МГц және 5091-5150 МГц жиілік жолақтарында әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметі (R) 9.21 т. сәйкес рұқсат алған жағдайда қолданылады. Бұл жолақтардың әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметімен (R) қолданылуы халықаралық деңгейде стандартталған әуе байланыс жүйелерімен шектеледі. (ДРК-12).



5.443В 5030 МГц-тен жоғары жиілікте жұмыс істейтін микротолқынды қондыру жүйелеріне зиянды кедергілер тудырмау үшін, 5030-5150 МГц жолағында Жер бетіндегі радионавигациялық жерсеріктік қызметтің (ғарыш-Жер), 5010-5030 МГц жолағында жұмыс істейтін барлық ғарыш станциялары тудыратын қуат ағынының жинақталған тығыздық ені 150 кГц жолағында -124,5 дБ(Вт/м) аспауы керек. 4990-5000МГц жолағындағы радиоастрономиялық қызметке зиянды кедергілер тудырмау үшін, 5010-5030 МГц жолағында жұмыс істейтін радионавигациялық жерсеріктік жүйлері 4990-5000 МГц жолағында 741 Қарарда (ДРК-12 қайта қаралған) анықталған шектеулерді сақтауы тиіс. (ДРК-12).

5.443С Жылжымалы әуе қызметімен (R) 5030-5091 МГц жиілік жолағын пайдалану халықаралық деңгейде стандартталған әуе байланыс жүйелерімен шектеледі. 5030-5091 МГц жиілік жолағында жылжымалы әуе қызметі (R) тарапынан келетін жағымсыз сәулелену көрші 5010-5030 МГц жолағындағы РНСС жүйесінің төменгі бағытын қорғау үшін шектелуі керек. ХЭО-R сәйкесінше Ұсынымдарында 5010-5030 МГц жолағында кез келген ЖӘ(R)Қ станцияларының бөгде сәулеленулерінің э.и.с.қ. тығыздық шектері көрсетілмейінше, -75дБВт/МГц э.и.с.қ. тығыздық шегін пайдалану керек. (ДРК-12).

5.443D 5030-5091 МГц жиілік жолағында жылжымалы әуе қызметін (R) 9.11А т. сәйкес үйлестіруді өткізген жағдайда қолдануға болады. Бұл жолақтардың әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметімен (R) қолданылуы халықаралық деңгейде стандартталған әуе байланыс жүйелерімен шектеледі. (ДРК-12).

5.444 5030–5150 МГц жолағы ұшақтарды дәл кіргізу және қондыру үшін халықаралық стандарттық жүйемен (микро толқынды қондыру жүйесі) қолданылуы тиіс. 5030-5091 МГц жолағында бұл жүйенің сұранысы осы жолақты басқа түрлердегі пайдалану алдында артықшылықты болуы тиіс. 5091-5150 МГц-ті пайдалануға қатысты 5.444А-тармақ пен 114-қарар қолданылады (ДРК-12 қайта қаралған).(ДРК-12).

5.444A Қосымша таратылу: 5091-5150 МГц жолағы тіркелген жерсеріктік (Жер-ғарыш) қызметте бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл үлестірім жылжымалы жерсеріктік геостационарлық емес жүйелерінің фидерлік жолдарымен шектелген және 95.11А т. сәйкес үйлестірілуі тиіс;

5091-5150 МГц жолағына, сондай-ақ мынандай шарттар қолданылады:

- 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін 5091-5150 МГц жолағын пайдалану 114 Қарарға сәйкес жылжымалы жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелерінің фидерлік жолдарымен атқарылуы тиіс;

- 2008 жылдың 1 қаңтарынан кейін жылжымалы жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелерінің фидерлік жолдар станцияларына жаңа жиілік жиіліктер бөлінбеуі тиіс;

- 2010 жылдың 1 қаңтарынан кейін, тіркелген жерсеріктік қызмет, әуедегі радионавигациалық қызметке қарағанда екінші реттік болып қалады. (ДРК-03).

5.444В 5091–5150 МГц жолағын әуедегі жылжымалы қызметке пайдалану:

- әуежайларда жер үсті қолданылуымен шектелетін халықаралық авиациялық стандарттарға сәйкес және әуедегі жылжымалы (R) қызметте жұмыс істейтін жүйелермен шектеледі. Мұндай пайдаланым 748 (ДРК-12 қайта қаралған)-қарарға сәйкес келуі тиіс;



- 418 (ДРК-07)-қарарға сәйкес әуедегі кеме станциясынан әуедегі телеметрияға алып бару (1.83 т. қара) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді алып бару. Мұндай пайдаланым 419 (ДРК-12 қайта қаралған)-қарарға сәйкес келуі тиіс. (ДРК-12).

5.445 Пайдаланылмайды.

5.446 Қосымша таратылу: 9.21 т. сәйкес келісім жағдайда, 5.369 т. аталып өткен елдерде 5150-5216 МГц жолағы жерсеріктік радиоанықтама қызметіне (ғарыш-Жер) бірінші реттік негізде бөлінген. 2 -ауданда бұл жолақ, сондай-ақ жерсеріктік радиоанықтама қызметіне (ғарыш-Жер) бірінші реттік негзде бөлінген. 5.369 т. аталған елдер мен Бангладешті қоспағанда, 1 және 3-аудандарда бұл жолақ, сондай-ақ жерсеріктік радиоанықтама қызметіне (ғарыш-Жер) екінші реттік негізде бөлінген. Оны жерсеріктік радиоанықтама қызметіне пайдалану фидерлік жолдарды 1610-1626,5 МГц және/немесе 2483,5-2500 МГц жолақтарында жұмыс істейтін жерсеріктік радиоанықтама қызметімен бірге пайдаланумен шектеледі. Жер бетіндегі қуат ағынының жалпы тығыздығы, кез келген 4 кГц жолақ енінде, барлық түсу бұрыштарында, еш уақытта – 159 дБВт/ -тан аспауы керек. (ДРК-12).

5.446A 5150–5350 МГц және 5470–5725 МГц жолақтарын, әуедегі жылжымалыны қоспағанда, жылжымалы станциялармен қолдану 229 Қарарға сәйкес (ДРК-12 қайта қаралған) жүзеге асырылуы тиіс. (ДРК-12).

5.446В 5150-5250 МГц жолағында жылжымалы қызмет станциялары жердегі тіркелген жерсеріктік қызмет станцияларынан қорғаныс талап етпеулері тиіс. 5.43А т. Ережелер жердегі тіркелген жерсеріктік қызмет станцияларына қатысты жылжымалы қызметке қолданылмайды. (ДРК-03).

5.446С Қосымша таратылу: 1-ауданда (Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейна Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Кувейт, Ливан, Марокко, Оман, Катар, Сирия Араб Республикасы, Судан, Оңтүстік Судан және Тунисті қоспағанда) және Бразилияда 5150–5250 МГц жолағы, 418 Қарарға (ДРК-12 қайта қаралған) сәйкес әуе кемелерінен келетін әуе өлшемдерімен шектелетін, жылжымалы әуе қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл станциялар 5-бапқа сәйкес жұмыс істейтін станциялардан қорғаныс талап етпеулері керек. 5.43А Бөлімі қолданылмайды. (ДРК-12).

5.447 Қосымша таратылу Кот-д'Ивуар, Египет, Израил Ливан, Сирия Араб Республикасы және Тунисте 5150-5250 МГц жолағы, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, жылыжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл жағдайда 229 (ДРК 12 қайта қаралған) Қарар қолданылмайды. (ДРК-12).

5.447А Тіркелген жерсеріктік (Жер-ғарыш) қызметте бөлу жылжымалы жерсеріктік геостанционарлық емес жүйелердің фидерлік жолдарымен шектелген және үйлестірімде, 95.11А т. сәйкес пайдаланылуы тиіс.

5.447В Қосымша таратылу: 5150-5216 МГц жолағы сондай-ақ тіркелген жерсеріктік қызметке (ғарыш-Жер)бірінші реттік негізде үдестірілген. Бұл үлестірім жылжымалы жерсеріктік геостационарлық емес жүйелерінің фидерлік жолдарымен шектелген және үйлестірімде 9.11А т. сәйкес пайдалану тиіс. Ғарыш-Жер бағытында 5150-5216 МГц жолағына жұмыс істейтін бекілген жерсеріктік ғарыш станцияларының жер бетінде тудыратын қуат ағынының тығыздығы кез келген 4 кГц жолақ енінде, барлық түсу бұрыштарында, еш уақытта -164 дБ(Вт/м2) тан аспауы керек.

5.447С 5.447А және 5.447В т. сай жұмыс істейтін тіркелген жерсеріктік қызмет желісіне 5150-5250 МГц жолақта жауапкершілікті әкімшіліктер, 9.11А т. және 5.446 т. сәйкес пайдаланымға 1995 жылдың 17 қарашасына дейін ендірілген геостационарлық емес жерсеріктік желілерге жауапкершілікті әкімшілктермен үйлестірімді түрде және тең құқықты негізде жұмыс істеуі қажет. 5.446 т. сәйкес 1995 жылдың 17 қарашасынан кейін жұмыс істейтін жерсеріктік желілер, 5.447А және 5.447В тт. сай жұмыс істейтін тіркелген жерсеріктік қызмет станцияларынан қорғанысты талап етпеуі қажет және зиянды кедергілер тудырмауы тиіс.

5.447D 5250-5255 МГц жолағын ғарыштық зерттеулер қызметіне бірінші реттік негізде бөлу ғарыш кораблдерінің бортындағы белсенді датчиктермен шектеледі. Бұл жолақты басқа ғарыш зерттеу қызметінен пайдалану екінші реттік негізде жүргізіледі. (ДРК-97).

5.447E Қосымша таратылу: 5250–5350 МГц жолағы 3-ауданда Австралия, Корея Республикасы, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Жапония, Малайзия, Папуа-Жаңа Гвинея, Филиппин, Корея Халық-Демократиялық Республикасы, Шри-Ланка, Таиланд және Вьетнамда тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл жолақтың тіркелген қызметке қолдануы, сымсыз радиоену жүйесін ендіру үшін тағайындалған және F.1613 ХЭО R Ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа, тіркелген қызмет радионықтама, Жерсеріктік Жерді зерттеу қызметі (белсенді) және ғарыш зерттеу қызметінен (белсенді) қорғаныс талап етпеуі тиіс, бірақ 5.43А т. ережелері, Жерсеріктік Жерді зерттеу қызметі (белсенді) және ғарыш зерттеу қызметіне (белсенді) қарағанда тіркелген қызметке қолданылмайды. Тіркелген қызметке сымсыз радиоену жүйелерін, қолданыстағы радиоанықтама жүйелеріне қорғаныс қамтамасыз ету арқылы, ендіргеннен кейін, радиоанықтама жүйелерін болашақта іске асыру, сымсыз радиоену жүйелеріне қатты шектеулер қоймауы керек. (ДРК-07).

5.447F 5250-5350 МГц жолағында жылжымалы қызмет станциялары, Жерді зерттеу жерсеріктік қызметінің (белсенді) және ғарыш зерттеу қызметінің (белсенді) радиолокациялық қызметінен қорғаныс талап етпеуі тиіс. Бұл қызметтер жылжымалы қызметтерге ХЭО-R М. 1638 және ХЭО-R SA1632 Ұсыныстарында анықталғаннан басқа, жүйенің сипаттамаларына және бөгеуіл өлшемдеріне негізделген, басқа қатал түрдегі қорғаныс санаттарынын орнатпау керек. (ВКР-03).

5.448 Қосымша таратылу: Әзірбайжан, Қырғызстан, Румыния және Түркіменстанда 5250-5350 МГц жолағы радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.448А 5250-5350 МГц жиілік жолағын жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) және ғарыш зерттеулер қызметіне (белсенді) пайдалану радиолокациялық қызметтің болашақ дамуы мен өрістеуіне кедергі келтірмеуі керек. (ДРК-03).

5.448В 5350-5460 МГц жолағында жұмыс атқаратын жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) қызметі және 5460-5570 МГц жолағында жұмыс атқаратын ғарыш зерттеулер (белсенді) қызметі, 5350-5460 МГц жолағындағы радионавигациялық қызметке, 5460-5470 МГц жолағындағы радионавигациялық қызметке және 5460-5470 МГц жолағында теңіздегі радионавигациялық қызметтің пайдалануы мен дамуына зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. (ДРК-03).

5.448С 5350-5460 МГц жолағында жұмыс атқаратын ғарыш зерттеулер (белсенді) қызметі, осы жолақ бөлінген басқа қызмет станцияларының пайдалануына зиянды кедергілер тудырмауы немесе қорғаныс талап етпеуі тиіс.

5.448D 5350-5470 МГц жолағында радиолокациялық қызмет станциялары 5.449 т. сәйкес жұмыс атқаратын әуедегі радионавигациялық қызметтің радарлық жүйелеріне зиянды кедергілер тудырмауы немесе қорғаныс талап етпеуі тиіс.

5.449 5350-5470 МГц жолақты әуедегі радионавигациялық қызметке пайдалану әуе кемелерінің бортына орналасқан радарлармен және олармен байланысты борттық радиомаяктармен шектеледі.

5.450 Қосымша таратылу: Австрия, Әзірбайжаня, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан, Румыния, Түркіменстан және Украинада 5470-5650 МГц жолағы әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.450А 5470-5725 МГц жолағында жылжымалы қызмет станциялары радиоанықтау қызметінен қорғаныс талап етпеуі тиіс. Радиоанықтау қызметі жылжымалы қызметтерге ХЭО-R М. 1638 Ұсыныстарында анықталғаннан басқа, жүйенің сипаттамаларына және бөгеуіл өлшемдеріне негізделген, басқа қатал түрдегі қорғаныс критерияларын орнатпау керек. (ДРК-03).

5.450В 5470-5650 МГц жиілік жолағында радиолокациялық қызмет станциялары, 5600-5650 МГц жолағындағы метеорологиялық мақсатта қолданылатын жер үсті радарларын қоспағанда, теңіздегі радионавигациялық қызметінің радарлық жүйелеріне зиянды кедергілер тудырмауы немесе олардан қорғаныс талап етпеуі тиіс (ДРК-03).

5.451 Қосымша таратулы: Біріккен Корольдіктерде 5470-5850 МГц жолағы сондай-ақ құрылыстық жылжымалы қызметке екінші реттік негізде бөлінген.5725-5850 МГц жолағында 21.2, 21.3, 21.4 және 21.5 т. көрсетілген қуат шектеулері қолданылуы керек.

5.452 Метеорологиялық мақсаттарда қолданылатын, жерде орналасқан радарларға, теңіздегі радионавигациялық қызметтің станцияларымен 5600 және 5650 МГц жиіліктер аралағында тең негізде жұмыс істеуге рұқсат етілген.

5.453 Қосымша таратулы: Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Брунней-Даруссалам, Камерун, Қытай, Конго Республикасы, Корей Республикасы, Кот-д'Ивуар, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Габон, Гвинея, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Ираил, Жапония, Иордания, Кения, Кувейт, Ливан, Мадакаскар, Малайзия, Нигерия, Оман, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Корей Халық-Демократиалық Республикасы, Сингапур, Шри-Ланка, Свазиленд, Танзания, Чад, Таиланд, Того, Вьетнам және Йеменде 5650-5850 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл жағдайда 229-қарардың (ДРК-12 қайта қаралған) ережелері қолданылмайды. (ДРК-12).

5.454 Қызметтің басқа санаты: Әзірбайжан, Ресей Федерациясы, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанда ғарыштық зерттеулер қызметіне бөлу 5670-5725 МГц жолағында бірінші реттік негізде атқарылған (5.33 т. қара). (ДРК-12).

5.455 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Куба, Ресей Федерациясы, Грузия, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 5670-5850 МГц жолағы сондай-ақ тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-07).

5.456 Қосымша таратулы: Камерунде 5755-5850 МГц жиілік жолағы сондай-ақ тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-03).

5.457 Австралия, Буркина-Фасо, Мали және Нигерияда тіркелген қызметке бөлінген 6440-6520 МГц (HAPS-Жер бағытында) және 6560-6640 МГц (Жер-HAPS бағытында) жолақтары, сонымен қатар осы елдердің аумағы шегінде биіктік платформалар станциялары үшін түйіндеу станциялары желісімен (HAPS) қолданыла алады. Бұндай қолданыс түйіндеу станциялары желісін (HAPS) пайдаланумен шектеледі және қызметтегі станцияларға зиянды бөгет тудырмауы, олардан қорғаныс сұрамауы, 150-қарарға (ДРК-12) сәйкес болуы керек. түйіндеу станциялар желісі (HAPS) іске қосылған қызметтердің дамуын шектемеуі тиіс. Осы жолақта түйіндеу станциялар желісін (HAPS) қолдану үшін, түйіндеу станциялар желісін (HAPS) қолданғалы отырған әкімшіліктердің шекарасынан 1000 км қашықтықта жатқан елдердің әкімшіліктерінен нақты рұқсат алуы керек. (ДРК-12).

5.457А 5925-6425 МГц және 14-14,5 ГГц жолақтарында кеме бортындағы жер станциялары тіркелген жерсеріктік қызметтің ғарыш станцияларымен байланыста бола алады. Мұндай қолданыс 902-(ДРК-03) қарарға сәйкес жүзеге асырылады. (ДРК-03).

5.457В Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Комор Аралдары, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Кувейт, Марокко, Мавритания, Оман, Катар, Сирия Араб Республикасы, Судан, Оңтүстік Судан, Тунис және Йеменде 5925-6425 МГц және 14-14,5 ГГц жиілік жолақтарында жер станциялары кеме бортында 902-қарарда (ДРК-03) көрсетілген сипатамалармен сәйкес болған жағдайда, теңіздегі жылжымалы жерсеріктік қызметте екінші реттік негізде жұмыс істей алады. Мұндай қолданыс 902-қарарға (ДРК-03) сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. (ДРК-12).

5.457С 2-ауданда (Бразилия, Куба, Француз теңіздің арғы жақтағы департаменттері және Гватемала, Парагвай, Уругвай және Венесуэла аумақтарын қоспағанда) 5925–6700 МГц жиілік жолағы әуедегі кеме станцияларында ұшу сынақтарын жүргізу үшін әуедегі жылжымалы телеметрияда пайдалана алады (1.83 т. қара. ). Мұндай пайдаланым 416 (ДРК 07) Қарарына сәйкес болуы қажет және тіркелген және тіркелген жерсеріктік қызметтерге зиянды кедергілер тудырмауы және олардан қорғаныс талап етпеуі қажет. Кез келген мұндай қолданыс бұл жолақтың басқа жылжымалы немесе, осы жолақ бірінші реттік негізде бөлінген басқа қызметтерге пайдалану мүмкіндігін жоя алмайды және байланыс Регламентінде басымдылық орната алмайды. (ДРК-07).

5.458 6425-7075 МГц жолағында мұхит үстінде белсенді емес микротолқындық сөзбектердің көмегімен өлшеулер жасалынады. 7075-7250 МГц жолағында белсенді емес микротолқындық сезбектердің көмегімен өлшеулер жасалынады. 6425-7025 МГц және 7075-7250 МГц жолақтарын келешекте пайдалануды жоспарлағанда, әкімшіліктер жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді емес) және ғарыш зерттеу қызметтерінің (белсенді емес) қажеттіліктерін ескеруі қажет.

5.458А Жиіліктерді 6700-7075 МГц жолағында тіркелген жерсеріктік ғарыш станцияларына тағайындағанда, әкімшіліктер 6650-6675.2 МГц жолағындағы радиоастрономиялық қызметтегі спектралдық жолдарды бақылауды жағымсыз сәулеленулер жағынан туатын зиянды кедергілерден қорғаудың барлық мүмкін шараларын жасауы қажет.

5.458В Тіркелген жерсеріктік қызметтерге 6700-7075 МГц жолағында жиіліктер бөлгенде ғарыш – Жер жолына жылжымалы жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелерінің фидер жолдарымен шектеледі және 9.11А т. сәйкес үйелестірілу тиіс. 6700-7075 МГц жолағының геостационарлық емес жылжымалы жерсеріктік жүйелерінің фидер жолдарымен қолдануына 22.2 т. ережелері таратылмайды.

5.458С Тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық жерсеріктік жүйелерін 7025-7075 МГц жолағында (Жер-ғарыш) 1995 жылдың 17 қарашасынан кейін ендірмекші әкімшіліктерге, ХЭҮ-З Ұсыныстарының негізінде, жерсеріктік геостационарлық емес жүйелерді аталған жолақта 1995 жылдың 18 қарашасына дейін мәлімдеген және ендірген әкімшіліктермен, осы әкімшіліктердің сұранысы бойынша, кеңес өткізуі қажет. Бұл кеңестер тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық жерсеріктік жүйелерінің, сонымен қатар, геостационарлық емес жерсеріктік жүйелерінің аталған жолақта бірге жұмыс істеуді жеңілдету мақсатына болуы керек.

5.459 Қосымша таратылу: Ресей Федерациясыде 7100-7155 МГц және 7190-7235 МГц жиілік жолақтары, сондай-ақ ғарыш пайдаланым (Жер-ғарыш) қызметіне, 9.21. т. бойынша келісім алған жағдайда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-97).

5.460 7145-7190 МГц жолағын пайдалану ғарыш зерттеулер (Жер-ғарыш) қызметіне қолдану алыс ғарышпен шектеледі, 7190-7235 МГц жолағында алыс ғарышқа ешқандай сәулелену болмауы керек. 7190-7235 МГц жолағында ғарыш зерттеулер қызметінде жұмыс атқаратын геостационарлық жерсеріктер қолданыстағы және болашақ тіркелген станциялар және жылжымалы қызмет станцияларынан қорғаныс талап етпеуі тиіс, бұл жерде 5.43А т. қолданылмайды. (ДРК-03).

3.461 Қосымша таратылу: 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, 7250-7375 Мгц (ғарыш-Жер) және 7900-8025 Мгц (Жер-ғарыш) жолақтары, сондай-ақ жылжымалы жерсеріктік қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.

5.461А 7450-7550 МГц жолағын метеорологиялық жерсеріктік (ғарыш-Жер) қызметке пайдалану геостанционарлық жерсеріктік жүйелермен шектеледі. 1997 жылдың 30 қарашасына дейін жарияланған геостанционарлық емес метеорологиялық жерсеріктік жүйелер өмір сүру соңына дейін бірінші реттік негізде жұмыстарын жалғастыра алады.

5.461В 7750-7900 МГц жолағын метеорологиялық жерсеріктік (ғарыш-Жер) қызметке пайдалану геостанционарлық жерсеріктік жүйелермен шектеледі. (ДРК-12).

5.462 (ДРК-97 алынып тасталынған).

5.462А 1 және 3-аудандарда (Жапонияны қоспағанда) 8025-8400 МГц жолағында Жерді зерттеу жерсеріктік қызметінің геостанционарлық жерсеріктері, алдын ала қатысы бар әкімшіліктермен келіспейінше, белгілі түсу бұрыштарының шамасына (Ө), қуат ағыны тығыздығының төмендегі алдын ала берілген мәндерінен асырмауы керек:

-174дБ(Вт/), 4 кГц жолақта үшін

-174+0.5(Ө-5) дБ(Вт/), 4 кГц жолақта үшін

-164 дБ(Вт/), 4 кГц жолақта үшін

Бұл шамалар 124 Қарарымен (ДРК-97) зерттеледі. (ДРК-97).

5.463 Әуедегі кемелер станцияларына 8025-8400 МГц жолағында хабар тарату рұқсат етілмеген. (ДРК-97).

5.464 (ДРК-97 алынып тасталынған).

5.465 Ғарыш зерттеу қызметінде 8400-8450 МГц жолағын пайдалану алыс ғарышпен шектеледі.

5.466 Қызметтінің басқа санаты: Сингапур және Шри-Ланкада ғарыштық зерттеулер қызметіне бөлу 8400-8500 МГц жолағында екінші реттік негізде атқарылған (5.32 т. қара). (ДРК-12).

5.467 (ДРК -03 алынып тасталынған).

5.468 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Бруней-Даруссалам, Бурунди, Камерун, Қытай, Конго Республикасы, Коста-Рика, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Габон, Гайана, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Ямайка, Иордания, Кения, Кувейт, Ливан, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Непал, Нигерия, Оман, Уганда, Пәкістан, Катар, Сирия Араб Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Сенегал, Сингапур, Сомали, Судан, Свазиленд, Танзания, Чад, Того, Тунис және Йеменде 8500-8750 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.469 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Грузия, Венгрия, Қазақстан, Литва, Молдава, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Ресей Федерациясы, Грузия, Венгрия, Литва, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Чех Республикасы, Румыния, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 8500-8750 МГц жолағы 5 құрылықтағы жылжымалы және радионавигациялық қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

 5.469А 8550-8650 МГц жолағында жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) және ғарыш зерттеулер қызметіне (белсенді) станциялары радиолокациялық қызмет станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы тиіс немесе олардың пайдалануын және дамуын шектемеуі тиіс. (ДРК-97).



5.470 8750-8850 МГц жолағын әуедегі радионавигациялық қызметте пайдалану әулік кемелердің борттарына орналасқан, Допплер эффектісін 8800 МГц орта жиілікте пайдаланатын навигациалық аппаратурамен шектеледі.

5.471 Қосымша таратылу: Алжир, Германия, Бахрейн, Бельгия, Қытай, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Греция, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ливия, Нидерланд, Катар, Судан және Оңтүстік Суданда 8825-8850 МГц және 9000-9200 МГц жолақтары, сондай-ақ теңіздегі радионавигациялық қызметке жағалық радарлармен пайдалануға бірініші реттік негізге таратылған. (ДРК 12).

5.472 8850-9000 МГц және 9200-9225 МГц жолақтарын теңіздегі радионавигациялық қызмет жағалық радарларының пайдалануымен шектеледі.

5.473 Қосымша таратылу: Армения, Австрия, Әзірбайжан, Беларусьь, Куба, Ресей Федерациясы, Грузия, Венгрия, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Румыния, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 8850–9000 МГц және 92009300 МГц жолақтары, сондай-ақ радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК 07).

5.473A 9000–9200 МГц жиілік жолағында жұмыс жасайтын радиолокациялық қызмет станциялары 5.337 т. анықталған радионавигациялық қызмет жүйелеріне немесе 5.471 т. тізімделген мемлекеттерде бірінші реттік негізде бөлінген теңіздегі радионавигациялық радарларға зиянды кедергілер тудырмауы тиіс және олардан қорғаныс талап етпеуі керек. (ДРК-07).

5.474 9200-9500 МГц жолағында, ХЭО-R Ұсыныстары (сонымен қатар 31 Бабын қара) міндетті түрде есепке алынса, іздеу және құтқару ретрансляторларын (SART) пайдалануға болады.

5.475 9300–9500 МГц жолағын әуедегі радионавигациялық қызметке пайдалану әуедегі кемелердің бортында орналасқан метеорологиялық радарларымен және жер бетінде орналасқан радарлармен шектеледі. Сонымен қатар, 9300–9500 МГц жолағында, теңіздегі радионавигациялық қызметке зиянды кедергілер тудырмаған жағдайда, әуедегі радионавигациялық қызметтің жер бетінде орналасқан радиолокациялық маяктарына да жұмыс істеуге болады 9300–9500 МГц. (ДРК 07).

5.475A 9000–9200 МГц жолағында радиолокациялық қызметте жұмыс атқаратын станциялар, әуедегі радионавигациялық қызметте жұмыс атқаратын, 5.337 т. анықталған жүйелерге немесе 5.471 т. келтірілген елдердегі осы жолақта бірінші реттік негізде, радионавигациялық қызметте жұмыс атқаратын, радарларға зиянды кедергілер тудырмауы тиіс, немесе олардан қорғаныс талап етпеуі тиіс. (ДРК -07).

5.475В 9300–9500 МГц жолағында радиолокациялық қызметте жұмыс атқаратын станциялар, байланыс Регламентіне сәйкес радионавигациялық қызметте жұмыс атқаратын радарларға зиянды кедергілер тудырмауы тиіс, немесе олардан қорғаныс талап етпеуі тиіс. Метеорологиялық мақсатта қолданылатын, жер үсті радарларының, радиолокациялық қызметтің басқа қолданыстарына қарағанда басымдылығы бар.(ДРК -07).

5.476 Алынып тасаталынған.

5.476A 9300–9800 МГц жолағында Жерсеріктік Жерді зеттеу (белсенді) және ғарытық зерттеу қызметіне пайдалану радионвигациялық және радиолокациялық қызмет станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы тиіс және олардан қорғаныс талап етпеуі тиіс. (ДРК-07).

5.477 Қызметінің басқа санаты: Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Бруней-Даруссалам Камерун, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритрея, Эфиопия, Гайана, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Ямайка, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан, Либерия, Малайзия, Нигерия, Оман, Пәкістан, Катар, Сирия Араб Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Сингапур, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Тринидад пен Тобаго және Йеменде тіркелген қызметке тарату 9800–10000 МГц жолағында бірінші реттік негізде атқарылған (5.33 т.қара). (ДРК-12).

5.478 Қосымша таратылу: Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Румыния, Түркіменстан және Украинда 9800–10000 МГц жолағы радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-07).

5.478А 9800–9900 МГц жолағында жолағында Жерсеріктік Жерді зеттеу (белсенді) қызметі және ғарыш зерттеу қызметі (белсенді) станцияларының қолдануы, 9300–9800 МГц жолағында түгел орналаса алмайтын жолақ ені 500 МГц-тен жоғары болып келетін жүйелермен шектеледі. (ДРК-07).

5.478В 9800–9900 МГц жолағында Жерсеріктік Жерді зеттеу (белсенді) қызметі және ғарытық зерттеу қызметі (белсенді) станциялары, осы жолақ екінші реттік негізде бөлінген, тіркелген қызмет станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы немесе олардан қорғануды талап етпеуі тиіс. (ДРК-07).

5.479 9975-10 025 МГц жолағы сондай-ақ жерсеріктік метеорологиялық қызметке, метеорологиялық радарлармен пайдалануға екінші реттік негізде бөлінген.

5.480 Қосымша таратылу: Аргентина, Бразилия, Чили, Коста-Рика, Куба, Сальвадор, Эквадор, Гватемала, Гондурас, Мексика, Парагвай, Нидерланд Антиль аралдары, Перу және Уругвайда 10–10,45 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК 07).

5.481 Қосымша таратылу: Германия, Ангола, Бразилия, Қытай, Коста-Рика, Кот д'Ивуар, Сальвадор, Эквадор, Испания, Гватемала, Венгрия, Жапония, Кения, Марокко, Нигерия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Парагвай, Перу, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Румыния, Танзания, Таиланд және Уругвайда 10,45–10,5 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК 12).

5.482 10,6–10,68 ГГц жолағында тіркелген және жылжымалы қызмет стацияларының, әуедегі жылжымалыны қоспағанда, 10,6–10,68 ГГц жолағындағы антеннаға келтірілген қуат 3 дБВт-тан аспауы керек. Бұл шектеулерді, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, көтеруге болады. Бірақ, Алжир, Сауд Арабиясы, Армения, Әзірбайжан, Бахрейн, Бангладеш, Беларусьь, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Ливия Араб Джамахириясы, Иордания, Қазақстан, Кувейт, Ливан, Марокко, Мавритания, Молдова, Нигерия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Сингапур, Тәжікстан, Тунис, Түркіменстан және Вьетнамда тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағандағы қойылған бұл шектеліс қолданылмайды. (ДРК-07).

5.482A 10,6–10,68 ГГц жолағын Жерсеріктік Жерді зеттеу (белсенді емес) қызметі және тіркелген және жылжымалы, әуедегі жылжымалыны қоспағанда, қызметмен біріге қолдану барысында 751 (ДРК-07) Қарары пайдаланылады. (ДРК-07).

5.483 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Армения, Әзірбайжан, Бахрейн, Беларусьь, Қытай, Колумбия, Корея Республикасы, Коста-Рика, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Иордания, Қазақстан, Кувейт, Ливан, Моңғолия, Катар, Қырғызстан, Корея Халық-Демократиялық Республикасы, Румыния, Тәжікстан, Түркіменстан және Йеменде 10,68–10,7 ГГц жолағы сонда-ақ тіркелген және жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалыны қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. Мұндай пайдаланым 1995 жылдың 1 қаңтарына дейін пайдалануға қосылған қондырғылармен шектеледі. (ДРК-12).

5.484 1-ауданда 10,7-11,7 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік қызметке (Жер-ғарыш) пайдалану жерсеріктік радиохабар қызметінің фидер жолдарымен шектеледі.

5.484А 10,95-11,2 ГГц (ғарыш-Жер), 11,45-11,7 ГГц (ғарыш-Жер), 11,7-12,2 ГГц (ғарыш-Жер) 2 -ауданда, 12,2-12,75 ГГц (ғарыш-Жер) 3-ауданда, 12,5-12,75 ГГц (ғарыш-Жер) 1-ауданда, 13,75-14,5 ГГц (Жер-ғарыш), 17,8-18,6 ГГц (ғарыш-Жер), 19,7-20,2 ГГц (ғарыш-Жер), 27,5-28,6 ГГц (Жер-ғарыш), 29,5-30 ГГц (Жер-ғарыш) жолақтарында тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелері 9.12 т. ережелері орындаған жағдайда, басқа тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелерімен үйлестіру жүргізу үшін қолданылады. тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелері, байланыс Регламентіне сәйкес жұмыс атқаратын, Бюроға үйлестіру немесе өтініш берген уақытына байланыссыз, тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық жерсеріктік жүйелерінен, қорғаныс талап етпеуі тиіс. Тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелеріне және үйлестіру жайлы және өтініш берілгені туралы толық ақпараттарына байланысты, бұл жағдайда 5.43А т. қолданылмайды. Тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелері жоғарыда көрсетілген жолақтарда, олардың жұмыс атқару кезеңінде, кез келген тиімсіз кедергілерді болдырмайтын жағдайда жұмыс атқара алады. (ДРК-2000).

5.485 2-ауданда 11,7-12,2 ГГц жолағанда тіркелген жерсеріктік қызметтің ғарыш станциясындағы ретранслятор жерсеріктік радиохабар таратуды қосымша пайдалануына болады, егер мұндай таратуларда бір теледидар арнасындағы максимал э.и.с.қ. 53 дБВт-тан аспаса және үлкен кедергілер тудырмай немесе тіркелген жерсеріктік қызметтің үйлестірілген жиілік тағайындауларынан үлкен қорғанысты талап етпесе. Ғарыш қызметтерді алатын болсақ, онда бұл жиіліктер жолағы негізінен тіркелген жерсеріктік қызметтерге пайдаланулары керек.

5.486 Қызметтің басқа санаты: Мексика мен Америка Құрама Штатарында тіркелген қызметке үлестіру 11,7-12,1 ГГц жолағында екінші реттік негізде атқарылған. (5.32 т. қара).

5.487 1 және 3-аудандарында 11,7-12,5 ГГц жолақта, тіркелген, тіркелген жерсеріктік, жылжымалы, әуедегі жылжымалыны қоспағанда, және радиохабар қызметі өздеріне бөлінген жиілік жолақтарында, 30 қосымшаның ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін жерсеріктік радиохабар қызметінің станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. (ДРК-03).

5.487А Қосымша таратылу: 11,7-12,5 ГГц жолағы 1-ауданда, 12,2-12,7 ГГц жолағы 2-ауданда және 11,7-12,2 ГГц жолағы 3-ауданда тіркелген жерсеріктік қызметке (ғарыш-Жер) бірінші реттік негізде бөлінген; олардың қолданысы геостационарлық емес жүйелермен шектеледі, және тіркелген жерсеріктік қызметінің геостационарлық емес жүйелерімен үйлестіру жұмысы барысында 9.12 т. ережелері қолданылады. Тіркелген жерсеріктік қызметінің геостационарлық емес жүйелері, радиобайланыс Регламентіне сәйкес жұмыс атқаратын, Бюроға түскен үйлестіру жайлы немесе өтініш беруі жайлы ақпаратқа байланыссыз, радиохабар тарату жерсеріктік қызметінің геостационарлық жерсеріктік желілерінен қорғаныс талап етпеуі тиіс, 5.43А т. ережелері тіркелген жерсеріктік қызметінің геостационарлық емес жүйелері және үйлестіру туралы және өтініш беру туралы толық ақпарат және геостационарлық жерсеріктік желілер үшін қолданылмайды. Тіркелген жерсеріктік қызметінің геостационарлық емес жүйелері жоғарыда көрсетілген жолақтарда, кез келген болар болмас зиянды кедергілер, тез арада жойылатын жағдайда жұмыс атқаруы тиіс. (ДРК-03).

5.488 11,7-12,2 ГГц жолағы, 2-ауданда, 1, 2 және 3-ауданда жер үсті қызметтері станцияларымен үйлестіруге қатысты 9.14 т. шарттары орындалған жағдайда, тіркелген жерсеріктік қызметінің геостационарлық жерсеріктік жүйелерімен қолдана алады. 12,2-12,7 ГГц жолағының жер ссеріктік радиохабар тарату қызметіне 2-ауданда қолдануы туралы 30-қосымшаны қара. (ДРК-03).

5.489 Қосымша таратылу: Перуде 12,1-12,2 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.

5.490 2-ауданда 12,2-12,7 ГГц жолақта, жұмыста бар және болашақ жер бетіндегі қызметтердің радиобайланысы, 30-қосымшасында келтірілген, 2-ауданға арналған жерсеріктік радиохабар жоспарларына сәйкес жұмыс істейтін ғарыш қызметтеріне зиянды кедергілер тудырмауы тиіс.

5.491 (ДРК-03 алынып тасталынған).

5.492 30 Қосымшасындағы аймақтық Жоспарға сәйкес немесе 30 Қосымшада 1 және 3-аудандар үшін Тізімге қосылған, жерсеріктік радиохабар станцияларына тағайындаулар жасағанда, олар, егер мұндай таратулар үлкен кедергілер тудырмай немесе осы Жоспарға немесе осы Тізімге сәйкес жұмыс істейтін жерсеріктік радиохабар таратуларынан артық қорғанысты талап етпесе, тіркелген жерсеріктік қызметке де (ғарыш-Жер) пайдалануы мүмкін. Ғарыш қызметтерді алатын болсақ, онда бұл жиіліктер жолағы негізінен жерсеріктік радиохабар қызметтеріне пайдалануы керек. (ВКР-2000).

5.493 3-ауданда жерсеріктік радиохабар қызметінің 12,5-12,75 ГГц жолағында қуат ағынының тығыздығы барлық жағдайларда және қызмет аймағының аумағындағы барлық модуляция түрлерінде -111 дБ(Вт/(м•27 МГц)) –тен аспайтын шамамен шектеледі.(ДРК-97).

5.494 Қосымша таратылу: Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Конго, Кот-д’Ивуар, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритерия, Эфиопия, Габон, Гана, Гвинея, Ирак, Израил, Иордания, Кувейт, Ливан, Ливия, Мадагаскар, Мали, Марокко, Моңғолия, Нигерия, Оман, Катар, Сирия Араб Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Чад, Того және Йеменде 12,5-12,75 ГГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, жылжымалы әуедегі қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.495 Қосымша таратылу: Франция, Греция, Монако, Черногория, Уганда, Румыния, Танзания және Тунисте 12,5–12,75 ГГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, жылжымалы әуедегі қызметті қоспағанда, екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.496 Қосымша таратылу: Австрия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркіменстанда 12,5-12,75 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметтерге, жылжымалы әуедегі қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. Бірақ бұл қызметтердің станциялары тіркелген жерсеріктік қызметтердің 1-ауданда орналасқан басқа елдердегі, бұл ескертпеде көрсетілмеген, жерде орналасқан станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. Бұл жерде орналасқан станцияларды осы ескертпеде көрсетілген, тіркелген және жылжымалы қызметтермен үйлестірудің қажеті жоқ. Осы ескертпеде аталған елдер аумақтарында қуат ағынының тығыздығын Жер бетінде шектеу тіркелген жерсеріктік қызметте 21-бабы 21-4-кестесі бойынша орындалуы тиіс. (ДРК-2000).

5.497 13,25-13,4 ГГц жолағын әуедегі радионавигациялық қызметте пайдалану Доплер эффектісін пайдаланатын навигациялық аппаратураларымен шектеледі.

5.498 (ДРК-97 алынып тасталған).

5.498А 13,25-13,4 ГГц жолағындағы жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) және ғарыш зерттеу (белсенді) қызметтері зиянды кедергілер тудырмауы керек және әуедегі радионавигациялық қызметтің пайдалануына және дамуына кедергі жасамауы тиіс. (ДРК-97).

5.499 Қосымша таратылу: Бангладеш және Үндістанда 13,25-14 ГГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Пәкістанда 13,25-13,75 ГГц жолағы да тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.500 Қосымша таратылу: Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бруней-Даруссалам, Камерун, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Габоне Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Иордания, Кувейт, Ливан, Мадагаскар, Малайзия, Мали, Мальта, Марокко, Мавритания, Нигер, Нигерия, Оман, Катар, Сирия Араб Республикасы, Сингапур, Судан, Оңтүстік Судан, Чад және Тунисте 13,4-14 ГГц жолағы, сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметке, бірінші реттік негізде бөлінген (ВКР-12).

5.501 Қосымша таратылу: Әзірбайжан, Венгрия, Жапония, Қырғызстан, Румыния және Түркіменстанда 13,4–14 ГГц жолағы сондай-ақ радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-12).

5.501А 13,4-13,75 ГГц жолағын ғарыш зерттеу қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлу ғарыш белсенді датчиктермен шектеледі. Басқа жағдайда жолақты ғарыш зерттеу қызметтеріне басқаша пайдалану екінші реттік негізде орындалады. (ВКР-97).

5.501В 13,4-13,75 ГГц жолағындағы жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) және ғарыш зерттеу (белсенді) қызметтері радиолокациялық қызметке пайдалануына зиянды кедергілер тудырмауы керек және оның пайдалануымен дамуына шектеу жасамауы тиіс. (ВКР-97).

5.502 13,75-14 ГГц жолағында тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық жүйесінің жер станцияларының антеннасының минимальды диаметрі 1,2 м, тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жүйесінің жер станцияларының антеннасы – 4,5 м болуы керек. Бұдан басқа радиолокациялық немесе радионавигациялық станцияларының э.и.с.қ. бір секундтағы орташа мәні 2°-тан жоғары бұрыштарда 59 дБВт-тан, кіші бұрыштарда - 65 дБВт –тан аспауы керек.

Тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық жүйесінің антенна диаметрі 4,5 м-лік жер станцияларын іске қосу алдында әкімшіліктер осы жер станциясы тудыратын қуат ағынының тығыздығы мына шамадан аспауы керек:

-115 дБ(Вт/(м2 • 10 МГц)), 1% уақыт аралығында, ең төменгі деңгейдегі теңіз бетінен 36 м биіктікте, жағалық мемлеметпен арнайы мойындалған;

-115 дБ(Вт/(м • 10 МГц)) 1%-тен көбірек уақыт аралығында, жер бетінен 3 м биіктікте, осы жолақта құырылықтық жылжымалы қызметінің радарларын қолдануға жоспарлап отырған әкімшіліктердің шекарасында, егер алдын ала сәйкес келісімдер алынбаған болса;

Тіркелген жерсеріктік қызметтің антенна диаметрі 4,5 м-ден үлкен немесе тең болатын жер станцияларының кез келген сәулеленулерінің э.и.с.қ. 68 дБВт кіші немесе 85 дБВт аспауы қажет. (ВКР-03).

5.503 13,75-14 ГГц жолағында, алдын ала жариялау үшін Бюроның 1992 жылдың 31 қаңтарына дейін алған мәліметтері бойынша, ғарыш зерттеу қызметтерінің геостационарлық ғарыш станциялары тіркелген жерсеріктік қызмет станцияларымен тең жұмыс істеуі керек; бұл күннен соң, ғарыш зерттеу қызметтерінің жаңа геостационарлық ғарыш станциялары екінші реттік негізде жұмыс істейтін болады; алдын ала жариялау үшін Бюроның 1992 жылдың 31 қаңтарына дейін алған мәлметтері бойынша, ғарыш зерртеу қызметтерінің геостационарлық ғарыш станциялары бұл жолақта жұмысын тоқтатпайынша, сәулеленулердің э.и.с.қ. тығыздығы кез келген тіркелген жерсеріктік қызметтің жер станцияларында 6 МГц жолақтың 13,75-14 ГГц жиіліктер аумағында 51 дБВт-тан аспауы керек.

- геостационарлық жерсеріктік орбитадағы ғарыш станциямен жұмыс істейтін, кез келген тіркелген жерсеріктік қызметтің жер станцияларында 13,77-13,78 ГГц жолағында сәулеленулердің э.и.с.қ. тығыздығы мына шамадан аспауы керек:

i) 4,7D + 28 дБ(Вт/40 кГц), мұнда D – тіркелген жерсеріктік қызметтің жер станциялары антеннасының диаметрі, 1,2 м тең немесе үлкен және 4,5 м кіші;

ii) 49,2 + 20 log(D/4,5) дБ(Вт/40 кГц), мұнда D - тіркелген жерсеріктік қызметтің жер станциялары антеннасының диаметрі, 4,5 м тең немесе үлкен және 31,9 м кіші;

iii) 66,2 дБ(Вт/40 кГц) кез келген тіркелген жерсеріктік қызметтің жер станциялары антеннасының диаметрі 31,9 м тең немесе үлкен;

iv) 56,2 дБ(Вт/4 кГц) кішіжолақты (жолақтың керекті енінен 40 кГц-ке төмен) антенна диаметрі 4,5 м тіркелген жерсеріктік қызметтің жер станциясының сәулеленулері үшін; геостационарлық емесжерсеріктік орбитадағы ғарыш станциямен жұмыс істейтін кез келген тіркелген жерсеріктік қызметтің жер станциясының сәулеленудің э.и.и.қ. тығыздығы 13,75-14 ГГц жолағында ені 6 МГц жолақта 51 дБВт-тан аспауы қажет. Бұл жиілік жолақтарында жауын болған жағдайда өшу орынын толтыру мақсатында, э.и.и.қ. тығыздығын өсіру үшін, автоматикалық қуатты реттеу қолданылады. Тіркелген жерсеріктік қызметтің ғарыш станцияларының қуат ағынының тығыздығы, жоғарыда көрсетілген шамаға ашық аспан кезіндегі шамаға сәйкес келгенше көтеріледі. (ДРК-03).



5.503А (ДРК-03 Алынып тасталынған).

5.504 14-14,3 ГГц жолағын радионавигациялық қызметке пайдалану тіркелген жерсеріктік қызметтің ғарыш станцияларын жеткілікті қорғауды қамтамасыз ететін түрде орындалуы керек.

5.504А 14-14,5 ГГц жолағында әуедегі ұшақтардың жер станциялары екінші негіздегі жылжымалы жерсеріктік қызметке, сондай-ақ тіркелген жерсеріктік қызметтің ғарыш станцияларымен байланыста бола алады. 5.29, 5.30 и 5.31 тт. ережелері қолданылады (ДРК-03).

5.504В 14-14,5 ГГц жолағында әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметте жұмыс істейтін Әуедегі кемелердің жер станциялары, Испания, Франция, Үндістан, Италия, Біріккен Корольдік және Оңтүстік-Африка Республикасы аумақтарында орналасқан, радиоастрономиялық станцияның 14,47-14,5 ГГц жолағында кез келген байқауы тұрғысында М.1643 ХЭО-R Ұсыныстары С бөлімінің 1-қосымшасындағы ережелерін сақтаулары қажет. (ДРК-03).

5.504С Сауд Арабиясы, Ботсвана, Кот-д'Ивуар, Египет, Гвинея, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Кувейт, Лесото, Нигерия, Оман, Сирия Араб Республикасы және Тунис аумақтарында 14-14,25 ГГц жолағындағы, кез келген әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметтің әуедегі кемесінің жер станциясы тудыратын қуат ағынының тығыздығы М.1643 ХЭО- R Ұсыныстары С бөлімінің 1-қосымшасында көрсетілген шамадан аспауы қажет, қатысты әкімшілікпен (әкімшіліктермен) басқа келісім орнатылмаған болса. Бұл ескертудің ережелері ешқандай да әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметтің міндеттерін 5.29 т. сәйкес екінші реттік негіздегі қолданысын шектемейді. (ДРК -12).

5.505 Қосымша таратылу: Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Ботсван, Бруней-Даруссалам, Камерун, Қытай, Конго Республикасы, Корея Республикасы, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Габон, Гвинея, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Оман, Филиппины, Катар, Сирия Араб Республикасы, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Сингапур, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан Свазиленд, Танзания, Чад, Вьетнам және Йеменде 14–14,3 ГГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.506 14-14,5 ГГц жолағы тіркелген жерсеріктік қызметке (ғарыш-Жер) жерсеріктік радиохабар қызметінің фидер жолдарына, тіркелген жерсеріктік қызметтің басқа желілермен үйлестіру шарты орындалған жағдайда жүргізіледі. Жолақты фидер жолдарына мұндай пайдалану Еуропадан шет орналасқан елдерге қор ретінде қолданылады.

5.506А 14-14,5 ГГц жолағында э.и.с.қ. шамасы 21 дБВт асатын кемелік жер станциялары 902-қарарда (ДРК -03) көрсетілген, кеме бортындағы жер станцияларымен бірдей шартта жұмыс атқарулары қажет. Бұл ескерту, 4-қосымшаға сәйкес толық ақпарат радиобайланыс Бюросында 2003 жылдың 5 шілдесіне дейін алынған кемелік жер станцияларына қолданылмайды. (ДРК-03).

5.506В Тіркелген жерсеріктік қызметтің ғарыш станцияларымен байланыста болатын кеме бортындағы жер станциялары, 14-14,5 ГГц жолағында, 902-қарарда көрсетілген шамасында Кипр, Греция және Мальта елдерінің алдын ала келісімін алмай-ақ жұмыс атқара алады. (ДРК -03).

5.507 Пайданылмайды.

5.508 Қосымша таратылу: Германия, Франция, Италия, Ливия бұрынғы Югославия Республикасы, Македония және Біріккен Корольдік елдерінде 14,25–14,3 ГГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.508А 14,25-14,3 ГГц жолағында кез келген әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметтің әуе кемесіндегі жер станциясы тудыратын қуат ағынының тығыздығы Сауд Арабиясы, Ботсвана, Қытай, Кот-д'Ивуар, Египет, Франция, Гвинея, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Италия, Кувейт, Лесото, Нигерия, Оман, Сирия Араб Республикасы, біріккен Корольдік және Тунис аумағында ХЭО-R М.1643 Ұсынысының 1-қосымшасындағы В бөлімінде көрсетілген шектік шаманы аспауы қажет, егер қатысты әкімшілік (әкімшіліктер) арасында басқа келісімдер жасалынған болмаса. Бұл ереженің ескертпелері әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметтің міндеттерін екінші реттік негізде 5. 29 т. сәйкес әрекеттенуін шектемейді (ДРК-12).

5.509 Алынып тасталынған.

5.509А 14,3-14,5 ГГц жолағында кез келген әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметтің әуе кемесіндегі жер станциясы тудыратын қуат ағынының тығыздығы Сауд Арабиясы, Ботсван Камрун; Қытай, Кот-д'Ивуар, Египет, Франция, Габон, Гвинея, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Италия, Кувейт, Марокко, Нигерия, Оман, Сирия Араб Республикасы, біріккен Корольдік, Шри-Ланки, Вьетнам, және Тунис аумағында аумағында ХЭО-R М.1643 Ұсынысының 1-қосымшасындағы В бөлімінде көрсетілген шектік шаманы аспауы қажет, егер қатысты әкімшілік (әкімшіліктер) арасында басқа келісімдер жасалынған болмаса. Бұл ереженің ескертпелері әуедегі жылжымалы қызметтің міндеттерін екінші реттік негізде 5.29 т. сәйкес әрекеттенуін шектемейді. (ДРК-12).

5.510 14,5-14,5 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік (Жер-ғарыш) қызметпен қолдану жерсеріктік радиохабар тарату қызметінің фидер линияларымен шектеледі. Бұл жолақтың мұндай қолданымы Европадан шет тұратын елдер үшін сақталым қоры болып келеді.

5.511 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Бахрейн, Камерун, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Гвинея, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Ливия Араб Джамахириясы, Кувейт, Ливан, Оман, Пәкістан, Катар, Сирия Араб Республикасы және Сомалиде 15,35–15,4 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметтерге екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.511А 15,43-15,63 ГГц жолағы тіркелген жерсеріктік қызметке (ғарыш-Жер) бірінші реттік негізде бөлінген. 15,43-15,63 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік қызметке (ғарыш-Жер және Жер-ғарыш) пайдалану жылжымалы жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жүйелерінің фидер жолдарымен 9.11А т. сәйкес үйлестіру жұмыстары жүргізілген жағдаймен шектелген. 15,43-15,63 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік қызметке (ғарыш-Жер) пайдалану жылжымалы жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жүйелерінің фидер жолдарымен шектелген. Бұл жағдайға байланысты ақпарат алдын ала жариялану үшін Бюроға 2000 жылдың 2 маусымына дейін келіп түскен. Жер станциялары Ғарыш-Жер бағытында жер станциясы антеннасының орыны мен ең кіші бұрышы және горизонттың жергілікті жазықтығына қатысты күшейту коффициенті, сондай-ақ ең кіші үйлестіру ара қашықтығы жер станцияларын зиянды кедергілерден қорғау ХЭО-R S.1341 Ұсыныстарына сәйкес болуы тиіс. 15,35-15,4 ГГц жолағында радиоастрономиялық қызметтін қорғау үшін, 15,35-15,4 ГГц жолағында шығарылатын жылжымалы жерсеріктік қызметтің (ғарыш-Жер) геостационарлық емес жүйелерінің фидер жолдары шамасындағы 15,43-15,63 ГГц жолағында жұмыс атқаратын ғарыш станцияларының қуат ағынының жинақталған шамасы -156 дБ(Вт/м) деңгейінен аспауы тиіс, 50 МГц ендік жолақта радиоастрономиялық обсерваторияның кез келген орынында, 2% уақыт ішінде. (ДРК-2000).

5.511В (ДРК-97 алынып тасталынған).

5.511С Әуедегі радионавигациялық қызметте жұмыс атқаратын станциялар ХЭО-R S.1340. Ұсыныстарына сәйкес э.и.с.қ. шектеуі қажет. Әуедегі радионавигациялық қызмет станцияларын жер станцияларының фидер жолдарының зиянды кедергілерінен қорғау үшін керекті ең кіші үйлестіру арақашықтығы, және горизонттың жергілікті жазықтығында жер станциясының фидер жолдарымен берілетін ең үлкен э.и.с.қ. шамасы МСЭ-R S. 1340 Ұсыныстарына сәйкес келуі қажет. (ДРК-97).

5.511D 1997 жылдың 21 қарашасында жарияланғанға дейін Бюрода алдын ала алынған толық мәләметтердегі тіркелген жерсеріктік қызмет жүйелері 15,4—15,43 ГГц и 15,63-15,7 ГГц жолақтарында, ғарыш-Жер бағытында, 15,63-15,65 ГГц жолағында Жер-ғарыш бағытында жұмыс жасай алады. 15,63-15,65 ГГц жолағында геостационарлық емес ғарыш станцияларының сәулеленулерінің қуат ағынының Жер бетіндегі тығыздығы барлық түсу бұрыштарында -146 дБ(Вт/(м МГц) аспау керек. 15,63-15,65 ГГц жолағындағы сәулеленулерді геостационарлық емес ғарыш станцияларына әкімшіліктермен жоспарлағанда, сәулеленулердің шамасы кез келген түсу бұрыштарында -146 дБ(Вт/(м МГц) – тен асқан жағдайда, оған қатысты әкімшіліктермен үйлестіру 9.11А т. сәйкес жүргізілуі қажет. 15,63-15,65 ГГц жолағында Жер-ғарыш бағытында жұмыс істейтін тіркелген жерсеріктік қызмет станциялары радионавигациялық қызметтің әуедегі станцияларына зиянды кедергілер тудурмауы керек (4.10 т. қолданылады). (ДРК-97).

5.511Е 15,4-15,7 ГГц жиілік жолағында жұмыс істейтін радиолокация қызметтерінің станциялары әуе радионавигациясында жұмыс істейтін станцияларға бөгет жасамауы және олардан қорғаныс талап етпеуі керек. (ДРК-12).



5.511F 15,35-15,4 ГГц жиілік жолақтарында радиоастрономиялық қызметті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, 15,4-15,7 ГГц жолағында жұмыс істейтін радиолокациялық станциялар таратылымының ағын тығыздығының қуаты 15,35-15,4 ГГц жиілік жолағы аралығында 50 МГц жолақта, 2%-тен артық уақыт аралығында радиоастрономиялық абсервоторияның кез келген орналасу мекенінде, -156 дБ(Вт/ м2 )-тан артық болмау керек. (ДРК-12).

5.512 Қосымша таратылу: Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Австрия, Бахрейн, Бангладеш, Бруней-Даруссалам, Камерун, Конго Республикасы, Коста-Рика, Египет, Сальвадор, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритрея, Финляндия, Гватемала, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Кения, Кувейт, Ливан, Ливия, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Черногория, Непал, Никарагуа, Нигер, Оман, Пәкістан, Катар, Сирия Араб Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Сербия, Сингапур, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Свазиленд, Танзания, Чад, Того және Йеменде 15,7–17,3 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.513 Қосымша таратылу: Израилде 15,7-17,3 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген.Бұл қызметтер зиянды кедергілерден қорғанысты талап етпеуі тиіс және оларды Кесте бойынша жұмыс істейтін, 5.512 т. көрсетілмеген елдерге тудырмауы тиіс.

5.513А 17,2-17,3 ГГц жолағында жұмыс істейтін ғарыш белсенді датчиктар зиянды кедергілер тудырмауы керек немесе бірінші реттік негізде бөлінген радиолокациялық және басқа қызметтердің дамуына кедергі жасамауы тиіс. (ДРК-97).

5.514 Қосымша таратылу: Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Камерун, Сальвадор, Біріккен Араб Әмірліктері, Гватемала, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Италия, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливия, Литва, Непал, Никарагуа, Нигерия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Катар, Қырғызстан, Судан және Оңтүстік Суданда 17,3–17,7 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметтерге екінші реттік негізде бөлінген. 21.3 және 21.5 тт. көрсетілген сәулелену шектеулері қолданылуы тиіс. (ДРК-12).

5.515 17,3-17,8 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік қызмет (ғарыш-Жер) пен және жерсеріктік радиохабар қызметтеріне бірге пайдалану 30A Қосымшасының 4-толықтырмасы, 1-бөлімі ережелерін сәйкес орындалады.

5.516 17.3-18.1 ГГц жолағын пайдалану тіркелген жерсеріктік қызметтің (Жер-ғарыш) геостационарлық жерсеріктік жүйелерінің жерсеріктік радиохабар қызметтерінің фидер жолдарымен шектеледі. 17.3-17.8 ГГц жолағын 2 -ауданда тіркелген жерсеріктік қызмет жүйелерімен (Жер-ғарыш) қолдану геостационарлық жерсеріктермен шектеледі. 17.3-17.8 ГГц жолағын 2 -ауданда жерсеріктік радиохабар қызметтерінің фидер жолдарымен 12.2-12.7 ГГц жолақта пайдалануы туралы 11 Бабын қара. 17.3-18.1 ГГц жолағы (Жер-ғарыш) 1 және 3 -аудандарда және 17.3-17.8 ГГц жолағы (Жер-ғарыш) 2 -ауданда, 538-қарарының ережелерін орындаған жағдайда, тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелеріне қолданылады. 5.43А т. Радиобайланыс регламентіне сәйкес жұмыс атқаратын, үйлестіру және өтініш туралы толық ақпараттың Бюроға келіп түскен уақытына байланысты емес, тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық жерсеріктік жүйелерінен қорғаныс талап етпеуі тиіс, жағдайға байланысты, тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелері үшін және үйлестіру және өтініш туралы толық ақпараттың Бюроға келіп түскен уақытына байланысты, жағдайға байланысты, геостационарлық жерсеріктік жүйелері үшін, бұл жерде 5.43А т. қолданылмайды. Тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелері жоғарыда көрсетілген жолақтарда, жұмыс кезінде пайда болуы мүмкін кедергілерді тез арада жоя алатын жағдайда жұмыс істеуі қажет. (ДРК-2000).

5.516А 17,3-17,7 ГГц жолағында тіркелген жерсеріктік қызметтің жер станциялары (ғарыш-Жер) 1 -ауданда, 30А Қосымшаға сәйкес жұмыс атқаратын жерсеріктік радиохабар тарату қызметінің фидер жолдарынан қорғаныс талап етпеуі тиіс немесе жерсеріктік радиохабар тарату қызметінің фидер жолдары жер станцияларының орналасуына, фидер жолдарының қызмет істеу аймақтарында ешқандай шектеулер орнатпауы тиіс. (ДРК-03).

5.516В Тіркелген жерсеріктік қызметтің жоғарғы тығыздықты жүйелері үшін келесі жиілік жолақтары анықталған:

17,3-17,7 ГГц (ғарыш-Жер) 1 -ауданда,

18,3-19,3 ГГц (ғарыш-Жер) 2 -ауданда

19,7-20,2 ГГц (ғарыш-Жер) барлық -аудандарда,

39,5-40 ГГц (ғарыш-Жер) 1 -ауданда,

40-40,5 ГГц (ғарыш-Жер) барлық -аудандарда,

40,5—42 ГГц (ғарыш-Жер) 2 -ауданда,

47,5-47,9 ГГц (ғарыш-Жер) 1 -ауданда,

48,2-48,54 ГГц (ғарыш-Жер) 1 -ауданда,

49,44-50,2 ГГц ғарыш-Жер) 1 -ауданда,

27,5-27,82 ГГц (Жер-ғарыш) 1 -ауданда,

28,35-28,45 ГГц (Жер-ғарыш) 2 -ауданда,

28,45-28,94 ГГц (Жер-ғарыш) барлық -аудандарда,

28,94-29,1 ГГц (Жер-ғарыш) 2 және 3 -ауданда,

29,25-29,46 ГГц (Жер-ғарыш) 2 -ауданда,

29,46-30 ГГц (Жер-ғарыш) барлық -аудандарда,

48,2-50,2 ГГц (Жер-ғарыш) 2 -ауданда.

Мұндай анықтама бұл жолақтардың тіркелген жерсеріктік қызметінің басқа жүйелеріне немесе басқа қызметтерге, осы жиіліктер бірінші реттік негізде бөлінген, қолдануға кедергі болмайды және осы айтылғанмен, осы жолақтың басқа тұтынушыларына Регламентте басымдылық орната алмайды. 143-қарарды қара ДРК-03). (ДРК -03).



5.517 2 -ауданда 17,3 – 17,8 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік қызметінің (Жер-ғарыш) қолдануығ, Радиобайланыс Регламентіне сәйкес жұмыс істеп жатқан жерсеріктік радиохабар қызметтеріне зиянды кедергілер тудырмауы тиіс немесе қорғанысты талап етпеуі керек. (ДРК  07).

5.518 Алынып тасталынған.

5.519 қосымша таратылу: 18,0–18,3 ГГц жолағы 2-ауданда және 18,1–18,4 ГГц 1 және 3 аудандарда метеорологиялық жерсеріктік қызметке (ғарыш-Жер) бірінші реттік негізде бөлінген. Олардың қолдануы геостационарлық жерсеріктік қызметпен шектеледі. (ДРК-07).

5.520 18.1-18.4 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік қызметке (Жер-ғарыш) пайдалану жерсеріктік радиохабар қызметтерінің фидер жолдарымен шектеледі. (ВКР-2000).

5.521 Ауыстырылымды таратылу: Германия, Дания, Біріккен Араб Әмірліктерінда және Грецияда 18.1-18.4 ГГц жолағы тіркелген, тіркелген жерсеріктік (ғарыш-Жер) және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара). Сонымен бірге 5.519 т. ережелері пайдаланымды. (ДРК-03).

5.522 (ДРК -2000 алынып тасталынған).

5.522А Тіркелген қызмет және тіркелген жерсеріктік қызмет сәлеленулері 18,6-18,8 ГГц жолағында 21.5А және 21,16.2. тт. көрсетілген шамаларымен шектелген. (ДРК-2000).

5.522В 18,6-18,8 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік қызмет пен қолдану геостационарлық жүйелермен және 20 000 км-ден астам орбита опогеясы жүйелерімен шектелген. (ДРК-2000).

5.522С 18,6-18,8 ГГц жолағында Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Ливия Араб Джамахириясы, Иордания, Ливан, Марокко, Оман, Катар, Сирия Араб Республикасы, Тунис және Йеменде 21.5А т. көрсетілген шектеулер, ДРК-2000 Қорытынды Актілері күшіне енгенге дейін пайдаланылған тіркелген қызметке таралмайды. (ДРК-2000).

5.523 (ДРК -2000 алынып тасталынған).

5.523А 18,8-19,3 ГГц (ғарыш-Жер) және 28,6-29,1 ГГц (Жер-ғарыш) жолақтарын тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық және геостационарлық емес желілеріне пайдалану 9.11А т. ережелерін пайдаланғанда атқарылады, ал 22.2 т. пайдаланылмайды. 1995 жылдың 18 қарашасына дейін бөлуден өткен геостационарлық желілері бар әкімшіліктер, барынша 9.11 т. (Қайта қаралған ДКР-97) бойынша өтініштік мәліметтері Бюроға аталған күнге дейін түскен геостационарлық емес желілерге, барлық мүдделі жақтарға тиімді нәтижеге жету мақсатында, үйлестіруді өтуге толық жағдай жасауы керек. Геостационарлық емес желілер, толық өтініштік мәліметтері 3 Қосымшаға сәйкес Бюромен 1995 жылдың 18 қарашасына дейін алынған есебіне қаралып, тіркелген жерсеріктік қызметтің геостационарлық желілеріне қолайсыз кедергілер тудырмауы керек. (ВКР-97).

5.523В 19,3-19,6 ГГц жолағын (Жер-ғарыш) тіркелген жерсеріктік қызметке пайдалану геостационарлық емес ЖЖҚ жүйелердің фидер жолдарымен шектелген. Мұндай пайдаланымда 9.11A т. ережелрі қолданылады, бірақ 22.2 т. ережелері пайдаланылмауы керек.

5.523С Радиобайланыс регламентінің 22.2 т. пайдалануы, 19,3-19,6 ГГц және 29,1-29,4 ГГц жолақтарында, жылжымалы жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес желілерінің фидер жолдарымен және 4 қосымшасына сәйкес үйлестіру туралы толық мәліметтер немесе өтініштік ақпарат 1995 жылғы 18 қарашаға дейін Бюроға алынған есебінде болып, тіркелген жерсеріктік қызмет станциялары жұмыстарын жалғастыра беруі керек. (ВКР-97).

5.523D 19,3-19,7 ГГц жолағын (Жер-ғарыш) Тіркелген жерсеріктік қызмет геостационарлық жүйелерімен және геостационарлық емес жылжымалы жерсеріктік желілерінің фидер жолдарымен пайдалануда 9.11А т. ережелері қолдануы керек, бірақ 22.2 т. ережелері қолданылмауы керек. Бұл жолақты басқа жылжымалы жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес желілерінің қолдануы немесе 5.523С және 5.523Е тт. көрсетілген жағдайларда 9.11А т. ережелері қолданылмайды, 9 баптағы тәртіптерді ( 9.11А т. қоспағанда) және 11 және 22.2. т. қолдануды жалғастыру қажет. (ДРК-97).

5.523Е Радиобайланыс регламентінің 22.2 т. пайдалануы 19,6—19,7 ГГц және 29,4-29,5 ГГц жолақтарында, жылжымалы жерсеріктік қызметтің геостационарлық емес желілерінің фидер жолдарымен және 4-қосымшасына сәйкес үйлестіру туралы толық мәліметтер немесе өтініштік ақпарат 1995 жылғы 18 қарашаға дейін Бюроға алынған есебінде болып, тіркелген жерсеріктік қызмет станциялары жұмыстарын жалғастыра беруі тиіс.

5.524 Қосымша таратылу: Ауғанстан, Алжир, Ангола, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бруней-Даруссалам, Камерун, Қытай, Конго Республикасы, Коста-Рика, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Габон, Гватемала, Гвинея, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Непале, Нигерия, Оман, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Сингапур, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Танзания, Чад, Того және Тунисте 19,7–21,2 ГГц жолағында және жылжымалы жерсеріктік қызметтің ғарыш станцияларының 19,7–21,2 ГГц жолағында, мұндай жылжымалы жерсеріктік қызметке бөлу аталған жолақта бірінші реттік негізде жасалынған болса, қуат ағынының тығыздығына ешқандай шек қоймауы тиіс. (ДРК 12).

5.525 Жылжымалы жерсеріктік қызмет пен тіркелген жерсеріктік қызмет желілері арасындағы аймақ аралық үйлестіріуді жеңілдету мақсатында, жылжымалы жерсеріктік қызмет тасымалдарының кедергілерге ең әсерлілерін бар мүмкіндігінше 19,7-20,2 ГГц және 29,5-30 ГГц жолақтарының жоғарғы жақтарына орналастыру тиіс.

5.526 19,7-20,2 ГГц және 29,5-30 ГГц жолақтары 2-ауданда және 20,1-20,2 ГГц және 29,9-30 ГГц жолақтары 1 және 3-ауданда тіркелген жерсеріктік желілерімен де, жылжымалы жерсеріктік желілерімен де, анықталған немесе анықталмаған пункттерде немесе қозғалыста болатын, бір пункті екінші пунктпен және бір пункті бірнеше пунктпен, бір немесе бірнеше жерсеріктері арқылы байланыстыруға жердегі станциялар арасындағы жолдары кіруі мүмкін.

5.527 19,7-20,2 ГГц және 29,5-30 ГГц жолақтарында 4.10 т. ережелері жылжымалы жерсеріктік қызметке пайдаланылмайды.

5.528 Жылжымалы жерсеріктік қызметке таратылу ғарыш станцияларындағы тар бағыттылған антенналар мен басқа да соңғы деңгейлі технологияларда қолданатын желілерде пайдалануға арналған. 2-аудандағы 19,7-20,1 ГГц жолағы және 20,1-20,2 ГГц жолағында, 5.524 т. ережелеріне сай тіркелген және жылжымалы жүйелерді пайдаланытын әкімшіліктер бұл жолақтарды тұрақты дайындықта ұстау үшін барлық мүмкіншілікті шараларды орындаулары керек.

5.529 19,7-20,1 ГГц және 29,5-29,9 ГГц жолақтарды жылжымалы жерсеріктік қызметке 2-ауданда пайдалану, 5.526 т. көрсетілгендей, тіркелген жерсерік пен жылжымалы жерсеріктік желілерге бірден жататын жерсеріктік желілермен шектелкді.

5.530

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет