5.395 Францияда және Түркияда 2310-2360 МГц жолағын пайдалануда, жылжымалы қызметтің басқа түрлі жұмыстарында қарағанда әуедегі жылжымалы қызметінде телеметрия таратуларына басымдылық түрде беріледі. (ДРК-03).
5.396 2310-2360 МГц жолағындағы жерсеріктік радиохабар тарату қызметінің 5.393 т. сәйкес жұмыс істеуші және басқа елдерге осы жолақ бөлінген қызметке әсер туғызуы мүмкін ғарыштық станциялары 33 Қарарға (ДРК-97 қайта қаралған) сәйкес үйлестірілуі және хабарлануы керек. Жер бетіндегі қосымша радиохабар тарату станциялары, оларды іске қоспас бұрын, көрші елдермен екі жақты үйлестіру жұмыстарын жүргізуі керек.
5.397 (SUP-ДРК-12)
5.398 2483,5-2500 МГц жолағында жерсеріктік радиоанықтама қызметіне қатысты 4.10 т. қағидалары пайдаланылмайды.
Қызметтің басқа санаты: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Украинада 2483,5-2500 МГц жиілік жолағы радиолокация қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Осы елдердегі радиолокациялық станциялар радиобайланыс Регламентіне сәйкес 2483,5-2500 МГц жиілік жолағында жұмыс істейтін тіркелген және жылжымалы қызметтер станцияларына зиянды бөгет тудырмауы керек және олардан қорғаныс талап етпеуі керек. (ДРК-12).
5.399 5.401 т. аталған жағдайлардан басқа, 2483,5-2500 МГц жиілік жолағында жұмыс істейтін, Бюроға өтінім ақпараттары 2012 жылдың 17 ақпанынан кейін кліп түскен және қызмет көрсету аймағы Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Украинаны қосатын жерсеріктік радиоанықтау қызметтерінің станциялары осы елдерде 5.398 т. сәйкес жұмыс істейтін радиолокация қызметінің станцияларына зиянды бөгет келтірмеуі және олардан қорғаныс талап етпеуі керек. (ДРК-12).
5.400 (SUP-ДРК-12).
5.401 Ангола, Австралия, Бангладеш, Бурунди, Китай, Эритрея, Эфиопия, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Ливан, Либерия, Ливия, Мадагаскар, Мали, Пәкістан, Папуа-Жаңа Гвинея, Сирия Араб Республикасы, Крнго Демократиялық Республикасы, Судан, Свазиленд, Того және Замбияда, 9.21 т. шарты бойынша аталған ережеде көрсетілмеген елдерден рұқсат алған жағдайда, 2483,5-2500 МГц жиілік жолағы жерсеріктік радиоанықтауыш қызметіне бірінші реттік негізде бөлініп қойылған. Жерсеріктік радиоанықтауыш қызмет жүйесін үйлестіру үшін қажетті толық ақпарат радиобайланыс Бюросымен 2012 жылдың 18 ақпанына дейін алынған болса, онда ол өзінің үйлестірімге қатысты өтінім ақпараттарын алған уақыттағы регламентті мәртебесін сақтайды. (ДРК-12).
5.402 2483,5-2500 МГц жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметке және жерсеріктік радиоанықтамалық қызметке пайдаланғанда 9.11А т. ережелерінде қаралған үйлестру процедуралары қолдануы қажет. Әкімшіліктерге, радиоастрономиялық қызметке 2483,5-2500 МГц жолағындағы сәулеленулерден зиянды кедергілерді тудырмау үшін, әсіресе, радиоастрономиялық қызметте дүниежүзілік негізде таралған 4990-5000 МГц жолағына түсетін екінші гармоника сәулеленулерінен барлық мүмкін шараларды пайдалануы тиіс.
5.403 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, 2520-2535 МГц жолағын (2005 жылдың 1 қаңтарына дейін 2500-25350МГц жолағы), әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметті қоспағанда, жылжымалы жерсеріктік (ғарыш-Жер) қызметте ұлттық шекаралар көлемінде пайдалануға болады. Бұл жағдайда 9.11А т. ережелері қолданылуы керек. (ВКР 07).
5.404 Қосымша таратылу: 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, 2500-2516,5 МГц жолағын Үндістан және Иран Ислам Республикасында, жерсеріктік радиоанықтама қызметінде (ғарыш-Жер) ұлттық шекаралар көлемінде қолдануға болады.
5.405 (SUP-ВКР-12).
5.406 Пайдаланылмайды.
5.407 Аргентинада 2500-2520 МГц жолағы жылжымалы жерсеріктік қызметте (ғарыш-Жер) істейтін ғарыш станцияларының Жер бетіне түсіретін қуат ағының тығыздығының мөлшері -152 дБ(Вт/м/4кГц)-тан аспауы керек, егер мүдделі әкімшіліктер басқа туралы келіспесе.
5.408 (Алынып тасталынған ВКР-2000).
5.409 Алынып тасталынған.
5.410 1-ауданда 2500-2690 МГц жолағы 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, тропосферлық шашырау жүйесінде пайдаланылуы мүмкін. 9.21 т. 1-аудан шегінен тыс жатқан тропосферлық шашырау жүйесіне қолданылмайды. Әкімшіліктер бұл жолақта жаңа тропосферлық шашырау жүйесінің дамуын болдырмауға барлық мүмкідіктерді салуы керек. Бұл жолақта тропосферлық шашырау жүйесінің жаңа радиорелелік желісін жоспарлау барысында, бұл желілердің антенналарының бағытын геостационарлық жерсеріктік орбитаға қарай бұрылмауы үшін барлық мүмкіндікті салуы керек. (ДРК 12).
5.411 Шығарып тасталынған.
5.412 Ауыстырылымды таратылу: Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркіменстанда 2500-2690 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК 12).
5.413 Жерсеріктік радиохабар тарату қызметі жүйесін жобалағанда, 2500 және 2690 МГц аралығындағы жолақта, әкімшіліктер 2690-2700 МГц жолағындағы радиоастрономиялық қызметті қорғауға қажетті барлық шараларды қолдану керек.
5.414 2500-2520 МГц жолағын жылжымалы жерсеріктік қызмет (ғарыш-Жер) станциясына бөлу 9.11А т. ережелеріне сай үйлестіру процедуралары қолданылған жағдайда іске асады. (ДРК 07).
5.414А Жапонияда және Үндістанда 2500–2520 МГц және 2520–2535 МГц жолақтарын қолдану жерсеріктік жүйеге 5.403 т. сәйкес жылжымалы жерсеріктік қызметке (ғарыш-Жер), 9.11A т. ережедегі шарттарды қолданғанда ұлттық шекара шегінде пайдаланумен шектеледі. Қ.а.т. келесі мәні 9.11A т. сәйкес барлық шарттар және әкімшіліктер өтініш беруші жерсеріктік жылжымалы қызмет аумағы айналасында 1000 км радиуысы аумағында модуляцияның барлық әдістері үшін үйлестіру кезіндегі шекті деңгейі:
136 дБ(Вт/(м2 · МГц)) 00 50 кезінде;
136 + 0,55 ( – 5) дБ(Вт/(м2 · МГц)) 50 250 кезінде;
–125 дБ(Вт/(м2 · МГц)) 250 900 кезінде,
бұл жерде - горизанталды жазықтыққа келіп түсетін толқын бұрышының градустағы мәнін көрсетеді. Бұл аумақтың сыртында 21-4 Кестенің 21 баптағы ережелер қолданылады. Бұдан басқа, Байланыс Регламеттінің 5 Қосымшасының 1 толықтырылуының 5-2 Кестесінде көрсетілген координациялық шектік деңгейі 9.11A т. байланысты 9 және 11 баптың ережелерімен бірге, өтініш беру үшін толық ақпарат радиобайланыс Бюросына 2007 жылдың 14 қарашасына дейін келіп түскен, осы уақытқа дейін пайдалануға қосылған жүйелерге қолданылады. (ДРК-07).
5.415 2500-2690 МГц жолағын 2-ауданда, 2500-2535 МГц және 2655-2690 МГц жолақтарын 3-ауданда тіркелген жерсеріктік қызметте пайдалану, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, ұлттық және аймақтық жүйелермен шектеледі. Бұл жағдайда ерекше ықылас 1-аудандағы радиохабарлық жерсеріктік қызметке аударылады. (ДРК 07).
5.415А Қосымша тарату: Үндістан және Жапонияда 9.21 т. сәйкес келісім алған жағдайда 2515-2535 МГц жолағы әуедегі жылжымалы жерсеріктік (ғарыш-Жер) қызметте ұлттық шекарада жұмыс істеуіне болады. (ДРК-2000)/
5.416 2520-2670 МГц жолағын радиохабар жерсеріктік қызметіне пайдалану ұлттық және аймақтық жүйелермен ұжымдық қабылдаумен шектеледі және 9.21 т. процедуралар бойынша келісімге тұруды талап етеді. Бұл жолақта 9.19 т. Ережесі Әкімшіліктердің екі жақты және көпжақты келіссөздері арқылы қолданылмауы тиіс. (ДРК-07).
5.417 (Шығарып тасталынған ДРК-2000).
5.417А 5.418 т. ережесін Корея Республикасында және Жапонияда қолданғанда 528 Қарардың "шешеді" бөлімінің 3-тармағы (ДРК-03 қайта қаралған) жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметіне және қосымша жердегі радиохабар тарату қызметіне, сондай-ақ 2605-2630 МГц жолағында бірінші реттік негізде жұмыс істеуіне рұқсат бере отырып жеңілдетілген.
Мұндай қолданыс ұлттық қамту үшін тағайындалған жүйелермен шектелген. Бұл ережеде келтірілген әкімшіліктерге, біреуі осы ереже бойынша, екіншісі 5.416 т. ережесіне және 21 баптың 21-4 Кестесіне сәйкес біруақытта екі қиылысатын жиіліктер тағайындалмау керек. 2605-2630 МГц жолағында геостационарлық емес жерсеріктік радиохабар жүйелерінде қолдану 539 Қарардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс (ДРК-03 қайта қаралған). 2605-2630 МГц жолағында жұмыс істейтін жерсеріктік радиохабартарату қызметі (дыбыс) геостационарлық жүйелерінің қандай-да бір, ғарыш станциясының Жер үстінде тудыратын сәулеленулерінің қуат ағынының тығыздығы, барлық жағдайларда және модуляция методтарында келесі шектік мәндерден аспауы керек:
-130 дБ(Вт/(м2 • МГц)) 0° < < 5° кезінде;
-130 + 0,4 ( - 5) дБ(Вт/(м2 'МГц)) 5° < < 25° кезінде;;
-122 дБ(Вт/(м2- МГц)) 25° < < 90° кезінде;,
бұл жерде - горизанталды жазықтыққа келіп түсетін толқын бұрышының градустағы мәнін көрсетеді. Бұл шаманы кез келген елдің территоиясында көтеруге болады, егер ол елдің әкімшілігі келісім берген болса. Жерсеріктік радиохабартарату қызметі (дыбыс) жүйелер жағдайында Корея Республикасында айрықша ретінде, ерекше жағдайда, қ.а.т. -122 дБ(Вт/(м • МГц)), с 9.11 т. сәйкес 1000 км радиустағы аумақ шамасындағы, жерсеріктік радиохабартарату қызметі (дыбыс) жүйелеріне талап білдіруші әкімшіліктерде, түсу бұрышы 35°-тан аспағанда үйлестіру үшін шекті деңгей ретінде, қолданылады. (ВКР-03).
5.417В Корея Республикасы және Жапонияда 2605-2630 МГц жолағының жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметінің геостационарлық емес жүйелерінің қолдануы, үйлестіру туралы толық ақпарат 4-қосымшаға сәйкес немесе талап білдіруі туралы ақпарат 2003 жылдың 4 шілдесінен кейін түскен болса, геостационарлық жерсеріктік жүйелер тұрғысындағы ақпарат 9.12А т. ережелерімен сәйкес, жүзеге асырылуы тиіс, бұл туралы 4 Қосымшаға сәйкес немесе үйлестіру туралы толық ақпарат немесе талап білдіру өтініші 2003 жылдың 4 шілдесінен кейін түсті деп есептеледі, бұл жағдайда 22.2 т. қолданылмайда. 22.2 т. Ережесі геостационарлық жерсеріктік жүйелер тұрғысында ары қарай қолданылуы қажет, үйлестіру үшін толық ақпарат 4 Ережеге сәйкес немесе өтініш туралы ақпарат 2003 жылдың 5 шілдесіне дейін алында деп есептеледі. (ДРК-03).
5.417С 2605-2630 МГц жолағы 5.417А т. бойынша жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметінің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелерімен қолдана алады, бұл туралы 4-қосымшаға сәйкес немесе үйлестіру туралы толық ақпарат немесе ереженің 9.12 т. шарты орындалған жағдайда, өтініші туралы ақпарат 2003 жылдың 4 шілдесінен кейін берілсе. (ДРК-03).
5.417D 2605-2630 МГц жолағы геостационарлық жерсеріктік жүйелерімен қолдана алады, егер 4 Ережеге сәйкес үйлестіруге қажетті толық ақпарат немесе өтініші туралы ақпарат 2003 жылдың 4 шілдесінен кейін берілсе, егер 5.417А т. сәйкес жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметінің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелері тұрғысында 9.13 т. ережесінің шарттары орындалса, бұл жерда 22.2 т. қолданылмайды. (ДРК-03).
5.418 Қосымша таратылу: Корея Республикасы, Үндістан, Жапония және Тайландта 2535–2655 МГц жолағы сондай-ақ жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметіне және қосымша радиохабар тарату қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Мұндай қолданыс цифрлі дыбыстық радиотаратумен шектелген және 528 (ДРК-03 қайта қарлған) Қарарының жағдайлары қолданылуы керек. 21 Баптың 5.416-тармағы мен 21-4-кестесі бұл қосымша таратылуға қолданылмайды. Геостационарлық емес жерсеріктік радиотарату қызметтерін (дыбыстық) қолдану 539-қарарға (ДРК-03 қайта қаралған) сәйкес қолданылуы керек.
4-қосымшаға сәйкес немесе үйлестіру жайындағы толық ақпарат 2005 жылдың 1 маусымына дейін алынған жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметінің геостационарлық жерсеріктік жүйелерінің 2630–2655 МГц жолағында жұмыс атқаратын кейбір ғарыш станцияларымен Жер үстінде туғызылатын қуат ағынының тығыздығы, барлық шарттарды және барлық модуляция әдістерінде келесі шектік шамалардан аспауы керек:
–130 дБ(Вт/(м2 · МГц)) 0° ≤ θ ≤ 5° кезінде;
–130 + 0,4 (θ – 5) дБ(Вт/(м2 · МГц)) 5° < θ ≤ 25° кезінде;
–122 дБ(Вт/(м2 · МГц)) при 25° < θ ≤ 90° кезінде,
мұнда, θ – горизанталдық жазықтыққа келіп түсетін толқынның түсу бұрышы, градустағы шамасы. Бұл шектік шамалар, егер әкімшіліктер келісім берсе, кез келген елдің аумағында өсе алады. Айрықша түрде –122 дБ(Вт/(м2 МГц)) қ.а.т. шамасы 9.11 сәйкес, жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметі жүйесіне өтініш беруші әкімшіліктерге, 1500 км радиустық -ауданда үйлестіру жұмысын жүргізу үшін шектік деңгей ретінде қолданылыды. Бұдан басқа, осы ережеде атап көрсетілген әкімшіліктерде, 4 Қосымшаға сәйкес немесе үйлестіру жайындағы толық ақпарат 2005 жылдың 1 маусымына дейін алынған жүйелер үшін бір уақытта бірін-бірі жабатындай тағайындалған жиіліктер – біреуі осы ережеге сәйкес, біреуі 5.416 сәйкес, болмауы тиіс. (ДРК 12).
5.418А 3-ауданның 5.418 т. атап көрсетілген кейбір елдерінде 2630-2655 МГц жолағын 4-қосымшаға сәйкес немесе үйлестіру жайындағы толық ақпарат 2000 жылдың 2 маусымынан кейін алынған жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметінің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелерінің қолдануы, геостационарлық жерсеріктік жүйелеріне қатысты 4 Қосымшаға сәйкес немесе үйлестіру жайындағы толық ақпарат 2000 жылдың 2 маусымынан кейін алынды деп есептелетін 9.12А т. ережесімен сәйкес, жүзеге асырылады. Бұл жерде 22.2 т. қолданылмайды. 22.2 т. ережесін қолдану, 4-қосымшаға сәйкес немесе үйлестіру жайындағы толық ақпарат 2000 жылдың 3 маусымына дейін алынған геостационарлық жерсеріктік жүйелеріне қатысты жалғасуы қажет. (ДРК-03).
5.418В 2630-2655 МГц жолағы 5.418 сәйкес 4-қосымшаға сәйкес немесе үйлестіру жайындағы толық ақпарат 2000 жылдың 2 маусымынан кейін алынған жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметінің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелерімен қолдана алады, егер 9.12 т. ережесінің шарттары толық орындалса. (ДРК-03).
5.418С 2630-2655 МГц жолағы, 4 Қосымшаға сәйкес немесе үйлестіру жайындағы толық ақпарат 2000 жылдың 2 маусымынан кейін алынған геостационарлық жерсеріктік жүйелерімен қолдана алады, егер 5.418 т. бойынша жерсеріктік радиохабар тарату (дыбыстық) қызметінің геостационарлық емес жерсеріктік жүйелеріне қатысты 9.13 т. ережесінің шарттары орындалса. Бұл жерде 22.2 қолданылмайды. (ДРК-03).
5.419 2670-2690 МГц жиілік жолағында жылжымалы жерсеріктік қызмет жүйесін ендіре отырып, әкімшіліктер, жұмыстарын 1992 жылдың 3 наурызынан бастаған жерсеріктік жүйелерді қорғау үшін, барлық мүмкін шараларды қолдануы қажет. Жылжымалы жерсеріктік жүйелерін бұл жолақта үйлестіру 95.11А т. ережелеріне сәйкес жүргізілуі қажет. (ДРК 07).
5.420 2655-2670 МГц жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметке, әуедегі жылжымалы жерсеріктік қызметті (Жер-ғарыш) қоспағанда, 9.21 т. бойынша келісімге жеткен күнде, ұлттық шекаралар төңірегінде пайдалануға болады. Сондай-ақ 9.11А т. ережелеріне де сәйкес үйлестіруде пайдалануға болады. (ДРК 07).
5.420А Алынып тасталынған.
5.421 (ДРК-03 алынып тасталынған).
5.422 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Армения, Әзірбайжан, Бахрейн, Беларусь, Бруней-Даруссалам, Конго Республикасы, Кот-д’Ивуар, Куба, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритрея, Эфиопия, Габон, Грузия6 Гвинея, Гвинее-Бисау, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Иордания, Кувейт, Ливан, Мавритания, Молдова, Моңғолия, Черногория, Нигерия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Конго Демократиялық Республикасы, Румыния, Сомали, Тәжікстан, Тунис, Түркіменстан, Украина және Йеменде 2690-2700 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. Мұндай пайдаланым 1985 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыста болған қондырғылармен шектеледі. (ДРК 12).
5.423 2700-2900 МГц жолағында, метеорологиялық мақсаттарға арналған жерде орналасқан радарларға әуедегі радионавигациялық қызмет станцияялармен тең деңгейде жұмыс істеуге рұқсат етілген.
5.424 Қосымша таратылу: Канадада 2850-2900 МГц жолағы сондай-ақ теңіздегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде жағалық радарлармен пайдалануға арналған.
5.424А 2900-3100 МГц жолағында радиолокациялық қызмет станциялары радионавигациялық қызмет станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы немесе олардан қорғаныс талап етпеуі қажет (ДРК-03).
5.425 2900-3100 МГц жолақта кемелік қабылдауыш-жауапбергіштерді (SIT) пайдалану 2930-2950 МГц ішкі жолақпен шектелуі керек.
5.426 2900-3100 МГц жолағын әуедегі радионавигациялық қызметтің пайдалануы жерде орналасқан радарлармен шектелген.
5.427 2900-3100 МГц және 9300-9500 Мгц жолақтарында радиолокациялық траспондерлердің жауабы радиолокациялық маяктардың (ракондарың) жауабы ретінде қабылданбайтындай болып жасалуы керек және ол, дегенмен осы Регламенттің 4.9 т. есепке ала отырып, радионавигациялық қызметін теңіздегі және әуедегі радарларына кедергілер тудырмауы тиіс.
5.428 Қосымша таратылу: Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан және Түркіменстанда 3100-3300 МГц жолағы радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.429 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Брунней-Даруссалам, Камерун, Қытай, Конго Республикасы, Корей Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Жапония, Иордания, Кения, Кувейт, Ливан, Ливия, Малайзия, Оман, Уганда, Пәкістан, Катар, Сирия Араб Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы және Йеменде 3300-3400 МГц жолағы тіркелген жіне жылжымалы қызметтеріне бірінші реттік негізде үлестірілген. Жерорта теңізінің жағасында орналасқан елдер өздерінің тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген.жер орта тенізің жағасында орналасқан елдер өздерің тіркелген және жылжымалы қызметтеріне радиолокациялық қызметтен қорғанысты талап етпеуі тиіс. (ДРК-12).
5.430 Қосымша таратылу: Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан және Туркменстанда 3300-3400 МГц жолағы сондай-ақ радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.430А Қызметтің басқа санаты: Албания, Алжир, Германия, Андорра, Сауд Арабиясы, Австрия, Әзірбайжан, Бахрейн Бельгия, Бенин, Босния және Герцеговина, Ботсвана, Болгария, Буркина Фасо, Камерун, Кипр, Ватикан, Конго (Республикасы), Кот-д'Ивуар, Хорватия, Дания, Египет, Испания, Эстония, Финляндия, Француз теңіздің арғы жақ департаменттері және 1-ауданның қауымдастықтары, Габон, Грузия, Греция, Гвинея, Венгрия, Ирландия, Исландия, Израил, Италия, Иордания, Кувейт, Лесото, Латвия, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Лихтенштейн, Литва, Малави, Мали, Мальта, Марокко, Мавритания, Молдова, Монако, Моңғолия, Черногория, Мозамбик, Намибия, Нигер, Норвегия, Оман, Нидерланд, Польша, Португалия, Катар, Сирия Араб Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Біріккен Корольдіктер, Сан-Марино, Сенегал, Сербия, Сьерра Леон, Словения, Оңтүстік Африка Республикасы, Швеция, Швейцария, Свазиленд, Того, Тунис, Түркия, Украина, Замбия және Зимбабведе 3400–3600 МГц жолағы жылжымалы, әуедегі жылжымалыны қоспағанда, 9.21 т. сәйкес басқа әкімшіліктерден келісім алған жағдайда және жылжымалы халықаралық (IMT) байланысы үшін анықталған. Бұл анықтама, осы жолақ бұрын бөлінген басқа қызметтердің қолдануына кедергі бола алмайды, және радиобайланыс Регламентінде басымдылық көрсете алмайды. Үйлестіру кезегінде 9.17 және 9.18 тт. ережелері қолданылады. Әкімшілік бұл базалық станцияны (базалық немесе жылжымалы) іске қосар алдында қуат ағынының тығыздығы, 20 пайыздан көбірек уақытта кез келген әкімшілік шекарасы аумағында жер үстінен 3 м биіктікте –154,5 дБВт/(м2 4 кГц) аспауын қамтамасыз етуі қажет. Бұл шектік шамасы келісім берген кез келген әкімшілік аумағында өсе алады. Қ.а.т. шектік шамасының деңгейін сақтау үшін есептеулер және екі жақты әкімшіліктердің келісімі бойынша, барлық сәйкес ақпаратты тексерулер (жер үсті станциясына жауапты әкімшілік және жер станциясына жауапты әкімшілік), егер сұраныс болған жағдайда Бюроның көмегімен, жүргізілуі қажет. Келіспеушілік болған жағдайда, есептеу мен тексерулер, жоғарыда айтылған ақпараттар есебінде Бюрода жүргізілуі тиіс. 3400–3600 МГц жолағында жылжымалы қызмет станциялары, ғарыш станциялардан, 21-4-кестесінде көрсетілгеннен көп қорғаныс талап етпеуі қажет. Бұл бөліну 2010 жылдың 17 қарашасынан кейін қолданысқа енеді. (ДРК-12).
5.431 Қосымша таратылу: Германия, Израил, және Біріккен Корольдіктерде 3400-3475 МГц жолағы сондай-ақ әуесқойлық қызметке екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-03).
5.431А Қызметтің басқа санаты: Аргентина, Бразилия, Чили, Коста-Рика, Куба, Доминикан Республикасы, Сальвадор, Гватемала, Мексика, Парагвай, Суринам, Уругвай, Венесуэла және Француз теңіздің арғы жақ департаменттері және 2-аудандағы қауымдастықтар, 3400–3500 МГц жолағы жылжымалы, әуедегі жылжымалыны қоспағанда, қызметіне 9.21 т. сәйкес басқа әкімшіліктердің келісімін алған жағдайда бірінші реттік негізде бөлінген. 3400–3600 МГц жолағында жылжымалы қызмет станциялары, ғарыш станциялардан, 21-4 Кестесінде көрсетілгеннен көп қорғаныс талап етпеуі қажет. Бұл бөліну 2010 жылдың 17 қарашасынан кейін қолданысқа енеді. (ДРК-07).
5.432 Қызметтің басқа санаты: Корей Республикасы, Индонезия, Жапония, және Пәкістанда 3400-3500 МГц жолағы, жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (5.33 т. қара) (ДРК-2000).
5.432А Корея Республикасында, Жапонияда және Пәкістанда 34003500 МГц жолағы Халықаралық жылжымалы (IMT) байланысына анықталған. Бұл анықтама осы жолақ бөлінген басқа қызметтерге пайдалануларына бөгет жасамайды және Радиобайланыс регламентінде басымдылық орнатпайды. Бөлу этапында 9.17 и 9.18 тт. ережелері қолданылады. Үйлестіру кезеңінде 9.17 және 9.18 тт. ережелері қолданылады. Әкімшілік бұл базалық станцияны (базалық немесе жылжымалы) іске қосар алдында қуат ағынының тығыздығы, 20 пайыздан көбірек уақытта кез келген әкімшілік шекарасы аумағында жер үстінен 3 м биіктікте –154,5 дБВт/(м2 ∙ 4 кГц) аспауын қамтамасыз етуі қажет. Бұл шектік шамасы келісім берген кез келген әкімшілік аумағында өсе алады. Қ.а.т. шектік шамасының деңгейін сақтау үшін есептеулер және екі жақты әкімшіліктердің келісімі бойынша, барлық сәйкес ақпаратты тексерулер (жер үсті станциясына жауапты әкімшілік және жер станциясына жауапты әкімшілік), егер сұраныс болған жағдайда Бюроның көмегімен, жүргізілуі қажет. Келіспеушілік болған жағдайда, есептеу мен тексерулер, жоғарыда айтылған ақпараттар есебінде Бюрода жүргізілуі тиіс. 3400–3600 МГц жолағында жылжымалы қызмет станциялары, ғарыш станциялардан, 21-4
Достарыңызбен бөлісу: |