Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ггц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі кГц



бет16/21
Дата17.06.2016
өлшемі3.28 Mb.
#142932
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

5.173 Қызметтің басқа санаты: 2-ауданда Француздың теңіз арғы жақ департамнттерінде, Гайана, Ямайка және Мексикада 68-72 МГц жолақтары тіркелген және жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.(5033 т. қара).

5.174 Алынып тасталынған.

5.175 Ауыстырылымды таратылу: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 68-73 МГц және 76-87.5 МГц жолағы радиохабар қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлінген. Осы жолақтар бөлінген басқа елдердегі қызметтер, сондай-ақ жоғарыда аталған елдердің радиохабар қызметті мүделі көрші елдермен келісулері керек. (ДРК-07).

5.176 Қосымша таратылу: Австралия, Қытай, Корей Республикасы, Филиппин, Корей Халық Демократиялық Республикасы және Самоада 68-74 МГц жолағы радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-07).

5.177 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 73-74 МГц жолағы 9.21 т. сәйкес алынатын келісім шартына байланысты радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-07).

5.178 Қосымша таратылу: Колумби, Куба, Сальвадор, Гватемала, Гайана, Гондурас және Никарагуада 73-74.6 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметке екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.179 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Литва, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 74.6-74.8 МГц және 75.2-75.4 МГц жолақтары, сондай-ақ әуедегі радионавигациялық қызметке тек қана жерде орналасқан таратқыштарға пайдалануға бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.180 75 МГц жиілік әуедегі маркерлік маяктарға бөлінген. Әкімшіліктер қорғаныс жолақтарының шектеріне орналасқан, өзі қуатының салдарынан немесе географиялық орнына байланысты зиянды кедергілер тудырмауы мүмкін немесе басқа да бір жағдаймен маркерлік маяктардың жұмысына шек қоятын жиіліктерді басқа да қызметтер станцияларына таратудан тартынуы керек.

74,8 және 75,2 МГц жиіліктеріне жақын шектік жиіліктердегі тарату станцияларының қуатын шектеу және әуедегі станциялардың сипаттамаларын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қолдану қажет.



5.181 Қосымша таратылу: Египет, Израил және Сирия Араб Республикасында 74.8 – 75.2 МГц жолағы жылжымалы қызметке екінші реттік негізде, 9.21 т. сай келісім алу жағдайында бөлінген. Әуедегі радионавигациялық қызметтің станциялары зиянды кедергілерден зардап шекпес үшін, жылжымалы қызмет станцияларының, әуедегі радионавигациялық кызметтің кейбір әкімшіліктеріне қажеттілігі 9.21 т. сәйкес тәртіп бойынша анықталмайынша, бұл жиілік жолақтарына енгізілмеуі тиіс. (ДРК-03).

5.182 Қосымша таратылу: Батыс Самоада 75.4 – 87 МГц жолағы, сондай-ақ радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.

5.183 Қосымша таратылу: Қытай, Корей Республикасы, Жапония, Филиппин және Корей Халық Демократиялық Республикасында 76 – 87 МГц жолағы, сондай-ақ радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.

5.184 Алынып тасталынған.

5.185 Қызметтің басқа санаты: 2-ауданда Америка Құрама Штаттары, Француз теңіздің арғы жақ департаменттері, Гайана, Ямайка, Мексикада және Парагвайда 76-88 МГц жолақтары тіркелген және жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара).

5.186 Алынып тасталынған ДРК-97.

5.187 Ауыстырылымды таратылу: Албанияда 81 – 87.5 МГц жолағы, радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген және Арнайы аймақтық конференцияның (Женева, 1960 жыл) Қорытынды актілерінің шешімдеріне сәйкес пайдаланылады.

5.188 Қосымша таратылу: Австралияда 85 – 87 МГц жолағы, сондай-ақ радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Радиохабар қызметін Австралияда енгізу мүдделі әкімшіліктер арасында арнайы келісімді қажет етеді.

5.189 Пайдаланылмайды.

5.190 Қосымша таратылу: Монакода 87,5-88 МГц жолағы, сондай-ақ құрлықтағы жылжымалы қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген, егер 9.21 т. сәйкес келісім алынса. (ДРК-97).

5.191 Пайдаланылмайды.

5.192 Қосымша таратылу: Қытай және Корея Республикасында 100 - 108 МГц жолағы, сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-97).

5.193 Пайдаланылмайды.

5.194 Қосымша таратылу: Әзірбайжан, Қырғызстан, Сомали, Түркіменстанда 104-108 МГц жиілік жолағы, сондай-ақ жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда (R), екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-97).

5.195 Пайдаланылмайды.

5.196 Пайдаланылмайды.

5.197 Қосымша таратылу: Сирия Араб Республикасында 108-111.975 МГц жолағы жылжымалы қызметке 9.21 т. бойынша келісім алынған жағдайда екінші реттік негізде бөлінген. Әуедегі радионавигациялық қызметтің станциялары зиянды бөгеуілдерден зардап шекпес үшін, жылжымалы қызмет станциялары әуедегі радионавигациялық қызметтің кейбір әкімшіліктеріне қажеттілігі 9.21 т. сәйкес процедура бойынша анықталмайынша, бұл жиілік жолақтарына енгізілмеуі тиіс. (ДРК-12).

5.197A Қосымша таратылу: 108–117,975 МГц жолағы, сондай-ақ әуедегі жылжымалы қызметіне (R), бірақ оның қолдануы қабылданған халықаралық авиациялық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін жүйелермен шектеледі. Мұндай қолданыс 413 - қарарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. (ДРК-07 қайта қаралған). 108112 МГц жиілік жолағын әуедегі жылжымалы қызметіне (R) қолдану навигациялық ақпарат беруді қамтамасыз ететін, халықаралық авиациялық стандартқа сәйкес, әуедегі навигация функциясын демейтін жерде орналасқан таратқыштардан және оларға байланысты қабылдағыштардан тұратын жүйелермен шектеледі. (ДРК-07).

5.198 Алынып тасталынған.

5.199 Алынып тасталынған.

5.200 117,975 – 137 МГц жолағындағы 121,5 МГц жиілігі әуедегі апаттық жиілік болып саналады, егер қажет болған жағдайда 121,5 МГц жиілігіне 123,1 МГц жиілігі қосымша болып саналады. Жылжымалы теңіздегі қызмет станциялары бұл жиіліктерде жылжымалы әуедегі қызмет станцияларымен апат болған жағдайларда және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 31 - Бапта және 13 - қосымшасының 38 - бабында келтірілген шарттарға сай байланыс орната алады. (ДРК-07).

5.201 Қосымша таратылу: Ангола, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Эстония, Ресей Федерациясы, Грузия, Венгрия, Иран Ислам Республикасы, Ирак Республикасы, Жапония, Қазақстан, Латвия, Молдова, Моңғолия, Мозамбик, Өзбекстан, Папуа-Жаңа Гвинея, Польша, Қырғызстан, Румыния, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 132 – 136 МГц жолағы сондай-ақ жылжымалы әуедегі (OR) қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Жылжымалы әуедегі (OR) қызмет станцияларына жиіліктер тағайындағанда, әкімшіліктер жылжымалы әуедегі (R) қызмет станцияларына белгіленген жиіліктерді ескерулері қажет. (ДРК-12).

5.202 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федерациясы, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Латвия, Оман, Өзбекстан, Польша, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Румыния, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 136 – 137 МГц жолағы жылжымалы әуедегі (OR) қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Жылжымалы әуедегі (OR) қызмет станцияларына жиіліктер тағайындағанда, әкімшіліктер жылжымалы әуедегі (R) қызмет станцияларына белгіленген жиіліктерді ескерулері қажет. (ДРК-12).

5.203 Алынып тасталынған.

5.203А Алынып тасталынған.

5.203В Алынып тасталынған.

5.204 Қызметтің басқа санаты: Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Бруней-Даруссалам, Қытай, Куба, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Кувейт, Черногория, Оман, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сербия, Сингапур, Тайланд пен Йеменде 137 – 138 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы (R) қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара). (ДРК-07).

5.205 Қызметтің басқа санаты: Израил мен Иорданияда 137 – 138 Мгц жолақтары тіркелген және жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы (R) қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара).

5.206 Қызметтің басқа санаты: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Болгария, Египет, Ресей Федерациясы, Финляндия, Франция, Грузия, Греция, Қазақстан, Ливан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Сирия Араб Республикасы, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 137-138 кГц жолақтары әуедегі жылжымалы (OR) қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара ). (ДРК-2000).

5.207 Қосымша таратылу: Австралияда 137 – 144 Мгц жолағы сондай-ақ радиохабар үшін аймақтық бөлулермен ескерілгенше, радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.

5.208 137 – 138 МГц жиілік жолақтарын жерсеріктік жылжымалы қызметке пайдаланғанда 9.11А т. баяндалған үйлестіру рәсімдері қолданылуы керек. (ДРК-97).

5.208A 137 – 138 МГц, 387 – 390 МГц және 400,15 – 401 МГц жолақтарында жерсеріктік жылжымалы қызметтің ғарыш станцияларына жиіліктер тағайындағанда, әкімшіліктер радиоастрономиялық қызметтерді 150,05 – 153 МГц, 322 – 328,6 МГц, 406,1 – 410 МГц және 608 – 614 МГц жолақтарында керексіз сәулеленулердің зиянды кедергілерінен қорғауға іс жүзінде шаралар қолдануы керек. ХЭО-R ұсынымдарында радиоастрономиялық қызметтер үшін зиянды кедергілердің шектік деңгейлері келтірілген. (ДРК-07)

5.208В 137–138 МГц;

387–390 МГц;

400,15–401 МГц;

1452–1492 МГц;

1525–1610 МГц;

1613,8 –1626,5 МГц;

2655–2690 МГц;

21,4–22 ГГц



жиілік жолақтарында 739 - қарар (ДРК-07 қайта қаралған) қарары қолданылады. (ДРК-07).

5.209 137 – 138 МГц, 148 – 150,05 МГц, 399,9 – 400,05 МГц, 400,15 – 401 МГц, 454 – 456 МГц және 459 – 460 МГц жолақтарын жерсеріктік жылжымалы қызметке пайдалану геостанционарлық емес жерсеріктік жүйелерімен шектелген. (ДРК-97).

5.210 Қосымша таратылу: Италия, Чех Республикасы және Біріккен Корольдіктерде 138 – 143,6 МГц пен 143,65 – 144 МГц жолақтары сондай-ақ ғарышты зерттеу (ғарыш-Жер) қызметіне екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-07).

5.211 Қосымша таратылу: сонымен қатар Германия, Сауд Арабиясы, Австрия, Бахрейн, Бельгия, Дания, Біріккен Араб Әмірлігі, Испания, Финляндия, Греция, Ирландия, Израил, Кения, Кувейт, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Ливан, Лихтенштейн, Люксенбург, Мали, Мальта, Черногория, Норвегия, Нидерланд, Катар, Словакия, Біріккен Корольдіктер, Словения, Сомали, Швеция, Швейцария, Танзания, Тунис және Түркияда да 138 – 144 МГц жолағы теңіздегі және құрылықтағы жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК 12).

5.212 Ауыстырылымды таратылу: Ангола, Ботсвана, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Конго Республикасы, Габон, Гамбия, Гана, Гвинея, Ирак, Иордания, Лесото, Либерия, Ливия, Малави, Мозамбик, Намибия, Нигер, Оман, Уганда, Сирия Араб Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Руанда, Сьерра-Леон, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Чад, Того, Замбия және Зимбабведе 138 – 144 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.213 Қосымша таратылу: Қытайда 138 – 144 МГц жолағы радиолокациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.

5.214 Қосымша таратылу: Эритрея, Эфиопия, Кения, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Мальта, Черногория, Сербия, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан мен Танзанияда 138 – 144 МГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.215 Пайдаланылмайды.

5.216 Қосымша таратылу: Қытайда 144 – 146 МГц жолағы әуедегі жылжымалы (ОR) қызметке екінші реттік негізде бөлінген.

5.217 Ауыстырылымды таратылу: Ауғанстан, Бангладеш, Куба, Гайана мен Үндістанда 146 – 148 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерке бірінші реттік негізде бөлінген.

5.218 Қосымша таратылу: 148 – 149,9 МГц жолағы, 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда, ғарыштық пайдаланым қызметіне (Жер-ғарыш) бірінші реттік негізде бөлінген. Жеке таратудағы жолақ ені кГц-тен аспауы тиіс.

5.219 148 – 149,9 МГц жолағын жерсеріктік жылжымалы қызметке пайдалануда 9.11А т. баяндалған үйлестіру рәсімдері қолданылуы керек. Жерсеріктік жылжымалы қызмет тіркелген, жылжымалы және ғарыш пайдаланым қызметтерінің 148 -149,9 МГц жолақтағы дамуы мен пайдалануын шектемеуі тиіс.

5.220 149 – 150,05 МГц және 399,9 – 400,05 МГц жолақтарын жерсеріктік құрылыстық жылжымалы қызметте пайдаланғанда 9.11А т. негізіндегі үйлестіру рәсімдері қолданылуы керек. Жылжымалы жерсеріктік қызметі 149,9 -150,05 МГц және 399,9 – 400,05 МГц жолақтарында радионавигациялық жерсеріктік қызметтің дамуы мен пайдалануын шектемеуі тиіс. (ДРК-97).

5.221 Жерсеріктік жылжымалы қызмет станциялары 148 – 149,9 МГц жолағында тіркелген немесе жылжымалы қызмет станцияларына Бөлу кестесіне сәйкес жиілік жолақтары бөлінген мындай елдерге: Албания, Алжир, Германия, Сауд Арабиясы, Австралия, Австрия, Бахрейн, Бангладеш, Барбадос, Беларусьь, Бельгия, Бенин, Босния мен Герцеговина, Ботсвана, Бруней-Даруссалам, Болгария, Камерун, Қытай, Кипр, Конго Республикасы, Корей Республикасы, Кот-д'Ивуаре, Хорватия, Куба, Дания, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритрея, Испания, Эстония, Эфиопия, Ресей Федерациясы, Финляндия, Франция, Габон, Гана, Греция, Гвинея, Гвинея-Бисау, Венгрия, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Ирландия, Исландия, Израил, Италия, Ямайка, Жапония, Иордания, Қазақстан, Кения, Кувейт, бұрынғы Югославия Республикасы, Македония, Лесото, Латвия, Ливан, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Малайзия, Мали, Мальта, Мавритания, Молдова, Моңғолия, Черногория, Мозамбик, Намибия, Норвегия, Жаңа Зеландия, Оман, Уганда, Өзбекстан, Пәкістан, Панама, Папуа-Жаңа Гвинея, Парагвай, Нидерланд, Филиппин, Польша, Португалия, Катар, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Словакия, Румыния, Біріккен Корольдіктер, Сенегал, Сербия, Сьерра-Леоне, Сингапур, Словения, Судан, Шри-Ланка, Оңтүстік Африка Республикасы, Швеция, Швейцария, Свазиленд, Танзания, Чад, Тайланд, Того, Тонга, Тринидад пен Тобаго, Тунис, Түркия, Украина, Вьетнам, Йемен, Югославия, Замбия және Зимбабвеге зиянды кедергілер тудырмауы немесе олардан қорғаныс талап етпеуі керек. (ДРК-12).

5.222 149,9 – 150,05 МГц және 399,9 – 400,05 МГц жолақтарындағы радионавигациялық жерсеріктік қызметтің сәулеленуі ғарыштық зерттеулер қызметінің жер станцияларымен де пайдаланылуы мүмкін.

5.223 149,9 – 150,05 МГц жолағын тіркелген және жылжымалық қызметтермен пайдалануда радионавигациялық жерсеріктік қызметке зиянды кедергілер тудыру мүмкіндігін мойындай отырып, әкімшіліктерге бұл жолақтарды 4.4 т. сәйкес қолдануды рұқсат етпеуді ұсынады.

5.224 (ДРК-97 алынып тасталған).

5.224А 149,9 – 150,05 МГц және 399,9 – 400,05 МГц жолақтарының жылжымалы жерсеріктік қызметте (Жер-ғарыш) пайдаланылуы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылықтағы жылжымалы жерсеріктік қызметімен (Жер-ғарыш) шектеледі. (ДРК-97).

5.224В 149,9 – 150,05 МГц және 399,9 – 400,05 МГц жолақтарын жерсеріктік радионавигациялық қызметке пайдалану 2015 жылға 1 қаңтарға дейін күшіне енуі керек. (ДРК -97).

5.225 Қосымша таратылу: Австралия мен Үндістанда 150,05 – 153 МГц жолағы радиоастрономия қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.

5.226 156,525 МГц жиілігі АЖЖ диапазонында цифрлі таңдамалы шақыруды қолданатын теңіздегі жылжымалы радиотелефондық қызметтің халықаралық апаттық, қауіпсіздік және шақыру жиілігі болып табылады. Бұл жиілікті және 156,4875-156,5625 МГц жолағын пайдалану шарттары 31 - бапта және 52 - бапта, 18 - қосымшада жазылған.

156,8 МГц жиілігі АЖЖ диапазонында цифрлы таңдамалы шақыруын пайдаланатын теңіздегі жылжымалы радиотелефондық қызметтің халықаралық апаттық, қауіпсіздік және шақыру жиілігі болып табылады. Бұл жиілікті және 156,7625–156,8375 МГц жолағын пайдалану шарттары 31 - бапта және 18 - қосымшада жазылған.

156–156,4875 МГц, 156,5625–156,7625 МГц, 156,8375–157,45 МГц, 160,6160,975 МГц и 161,475–162,05 МГц жиілік жолақтарында әрбір әкімшілік теңіздегі жылжымалы қызметі станцияларына тағайындалған жиіліктерге басымдылық беруі керек. (31 және 52 - баптарын және 18 - қосымшаны қара).

АЖЖ жолағында теңіздегі жылжымалы қызметі радиобайланысына зиянды бөгеуіл тудыруы мүмкін болатын аумақтарда басқа қызмет станцияларында бұл жолақ жиіліктерін пайдалуынан қашқақтау керек.

Бірақ 156.8 МГц мен 156,525 МГц жиілігі мен теңіздегі жылжымалы қызметке артықшылық беретін жиіліктерді өзара мүдделі және қатысты әкімшіліктердің өзара келісулерімен ішкі теңіздегі жолдарда күнделікті пайдалануларына және күші бар келісімдерді ескере отырып пайдалануларына болады. (ДРК-07).

5.227 Қосымша таратылу:156,4875–156,5125 MГц және 156,5375156,5625 MГц жолақтар жиіліктері тіркелген және құрылықтағы жылжымалы қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл жиіліктердің тіркелген және құрылықтағы жылжымалы қызметтермен қолдануы АЖЖ диапазонындағы теңіздегі жылжымалы қызметіне зиянды кедергілер тудырмауы тиіс немесе қорғаныс талап етпеуі тиіс. (ДРК-07).

5.227А (SUP-ДРК-12).

5.228 156,7625-156,7875 МГц және 156,8125-156,8375 МГц жиілік жолағын жылжымалы жерсеріктік қызметтің (Жер-ғарыш) пайдалануы автоматтандырылған тану жүйесінің (AIS) үлкен радиусты кең түрде хабар таратушы AIS хабарламаларының сәулелерін қабылдаумен шектеледі. (27-Хабарлама, ХБО-R М.1371 Ұсынысының ең соңғы нұсқасын қара). Бұл жиілік жолақтарында AIS сәулеленулерінен басқа, жылжымалы теңіз қызметтерінде жұмыс істейтін жүйелер сәулелерінің қуаты 1 Вт-тан аспауы тиіс. (ДРК-12).

5.228А 161,9625-161,9878 МГц және 162,0125-162,0375 МГц жиілік жолақтары іздеу және құтқару операцияларын үшін әуе кемелерінін станцияларында, қауіпсіздік мақсатында басқа да байланыс түрінде пайдаланыла алады. (ДРК-12).

5.228В 161,9625-161,9875 МГц және 162,0125-162,0375 МГц жиілік жолақтарын тіркелген және құрлықтағы жылжымалы қызметтердін пайдалануі теңіздегі жылжымалы қызметке зиянды бөгет тудырмауы және одан қорғануды талап етпеуі тиіс. (ДРК-12).

5.228С 161,9625-161,9875 МГц және 162,0125-162,0375 МГц жиілік жолақтарының теңіздегі жылжымалы қызмет пен жылжымалы жерсеріктік қызметтердін (Жер-ғарыш) қолданылуы автоматтандырылған тану жүйесімен (AIS) шектеледі. Бұл жиілік жолақтарын жылжымалы әуе қызметтердін пайдалануы (OR) әуе кемелерінің іздеу және құтқару операцияларын жүзеге асырған кездегі AIS сәулелерімен шектеледі. Бұл жиілік жолақтарында AIS жұмыс істеуі көрші жиілік жолақтарында жұмыс істейтін тіркелген қызмет пен жылжымалы қызметтің дамуы мен қолданылылуын шектеледі тиіс. (ДРК-12).

5.228D 161,9625-161,9875 МГц (AIS 1) және 162,0125-162,0375 МГц (AIS 2) жиілік жолақтары тіркелген және жылжымалы қызметтермен бірінші реттік негізде 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін пайдаланға алады; осы мезгілден кейін бұл бөліну өз күшін жояды. Әкімшіліктерге осы жолақтарды тіркелген және жылжымалы қызметтерде пайдалануды ауысым уақытына дейін тоқтатуда қолдан келген шараларды жасау ұсынылады. Аталған ауысым мезгілінде жылжымалы теңіз қызметі тіркелген, құрлықтағы жылжымалы және жылжымалы әуе қызметтерінің алдында басымдылыққа ие. (ДРК-12).

5.228E Автоматтандырылған тану жүйесін 161,9625-161,9875 МГц және 162,0125-162,0375 МГц жиілік жолақтарында жылжымалы әуе қызметінің (OR) пайдалану іздеу және құтқару операцияларын іске асыруда пайдаланылатын әуе кемелеріндегі станциялармен шектеледі. (ДРК-12).



5.228F Жылжымалы жерсеріктік қызметтерімен (Жер-ғарыш) 161,9625-161,9875 МГц (AIS 1) және 162,0125-162,0375 МГц (AIS 2) жиілік жолақтарын пайдалануы жылжымалы теңіз қызметінде жұмыс істейтін автоматтандырылған тану жүйесі станцияларынан сәулелену қабылдануымен шектеледі. (ДРК-12).

5.229 Ауыстырылымды таратылу: Мароккода 162 – 174 МГц жолағы радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл жолақтарды пайдалану Кестеге сай бөлінген істегі немесе жоспардағы немесе оларға әсері тиетін қызмет әкімшіліктерінің келісіміне сәйкес орындалуы тиіс. Бұл 1981 жылдың 1 қаңтарына дейінгі станцияларға, олардың сол кездегі техникалық сипаттамаларына қатысты емес.

5.230 Қосымша таратылу: Қытайда 163 – 167 МГц жолағы 9.21 т. бойынша келісім алған жағдайда ғарыштық пайдаланым қызметіне (ғарыш-Жер) бірінші реттік негізде бөлінген.

5.231 Қосымша таратылу: Ауғанстан және Қытайда 167 – 174 МГц жолағы сондай-ақ радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Радоихабар қызметін бұл жолақта енгізу, қызметтеріне әсері болатын 3-аудан елдерінен келісім алу негізінде жүргізілуі тиіс. (ДРК-12).

5.232 Қосымша таратылу: Жапонияда 170 – 174 МГц жолағы радиохабар қызметіне де бірінші реттік негізде бөлінген.

5.233 Қосымша таратылу: Қытайда 174 – 184 МГц жолағы сондай-ақ 9.21. т. бойынша келісім алған жағдайда, ғарыштық зеттеулер (ғарыш-Жер) және ғарыштық пайдаланым (ғарыш-Жер) қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл қызметтер қолданыстағы және жоспардағы радиохабар станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы немесе олардан қорғануды талап етпеуі тиіс.

5.234 Қызметтің басқа санаты: Мексикада 174 – 216 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара).

5.235 Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Бельгия, Дания, Испания, Финляндия, Франция, Израил, Италия, Лихтенштейн, Мальта, Монако, Норвегия, Нидерланд, Біріккен Корльдіктер, Швеция және Швейцарияда 174 – 223 МГц жолағы құрылықтағы жылжымалы қызметіне де бірінші реттік негізде бөлінген, бірақ құрылықтағы жылжымалы қызмет станциялары зиянды кедергілер тудырмауы немесе осы ескертпедегі көрсетілген елдердің қолданыстағы немесе жоспардағы радиохабар станцияларынан қорғануды талап етпеуі тиіс.

5.236 Пайдаланылмайды.

5.237 Қосымша таратылу: Конго, Египет, Эритрея, Эфиопия, Гамбия, Гвинея, Ливия, Мали, Сьерра-Леоне, Сомали және Чадта 174 – 223 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК 12).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет