Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ггц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі кГц



бет21/21
Дата17.06.2016
өлшемі3.28 Mb.
#142932
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу Кестесіне 3-түсіндірме

К1 9-145 кГц радиожиіліктер жолағы сымды байланыс жолдарының жоғары жиілікті тығыздау аппаратурасында, осы аппаратураға радиоқызметтер тарапынан бөгеттерді болдырмауды қамтамасыз ететін шаралар қолданған жағдайда қолданылады.

К2 24 - 1000 кГц жолағында жиіліктер тағайындағанда, бұл жолақтың жоғары вольттық электр тасымалдау жолдарындағы жоғары жиіліктік тығыздауда аз арналы телефон байланысының диспетчерлік аппаратурасында, жоғары вольттық қондырғыларының релелік қорғаныс сигналдарын беру және энергия жүйелерінің апатқа қарсы автоматикасында пайдаланатынын ескеру кажет.

К3 65.(6) - 67.(6) кГц жолағы стандартты жиіліктер және уақыт сигналдарының қызметіне, сонымен қатар радиохабар станциялар желілерін синхронды басқару сигналдарына тағайындалған.

К4 Алынып тасталынған 2008ж. К5  130 - 148.5 кГц және 495 - 505 кГц жолақтары әуедегі радионавигациялық қызметтің амортизациялық мерзімі біткенге дейін пайдаланылады.

К6 148.5 - 283.5 кГц және 526.5 - 1606.5 кГц әуедегі радионавигациялық қызметке радионавигациялық қызметтегі кедергілерді жою жағдайында және авиацияда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Бұл жолақтар әуедегі радионавигациялық қызметте аппаратураның амортизациялық мерзімі біткенге дейін қолданылады.

К7 150 - 1750 кГц жолағын пайдалануда, бұл жолақта әуе қозғалысын басқаратын және әуедегі радионавигациялық қызметтің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жетекті радиостанциялар істейтінін ескеру керек.

К8 Радиохабар қызметіне жиіліктер тағайындау радиохабар станцияларына жиіліктер пайдаланудың келісілген жоспары бойынша орындалады.

К9 500 кГц, 2174,5 кГц, 2182 кГц, 2187,5 кГц, 4125 кГц, 4177,5 кГц, 4207,5 кГц, 6215 кГц, 6268 кГц, 6312 кГц, 8291 кГц, 8376,5 кГц, 8414,5 кГц, 12290 кГц, 12520 кГц, 12577 кГц, 16420 кГц, 16695 кГц, 16804,5 кГц, 121,5 МГц, 156,525 МГц, 156,8 МГц, сонымен қатар жиілік жолақтары: 406 - 406,1 МГц, 1544 - 1545 МГц және 1645,5 -1646,5 МГц апатқа, тездік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларына зиянды кедергілер тудыратын кез келген сәулеленулерге тыйым салынады.

К10 1606.5 - 1750 кГц жолағы әуедегі радионавигациялық қызметте аппаратураның амортизациялық мерзімі біткенге дейін қолданылады.

К11 1805 кГц жиілігі теңіздегі жылжымалы қызметінде метеорологиялық ескертулер мен жедел хабарлар жолдауға пайдаланылады.

К12 1830 - 1930 кГц жолағында әуесқойлық қызметте, телеграфия (А1А), 1840 - 1930 кГц жолағы - ОБП (R3Е, J3E), ал 1900 - 1930 кГц жолағында - аплитудалық модуляцияда (А3Е) сәулелену қуаты 10 Вт-тан аспайтын станциялар жұмыс істеуіне болады.

К13 2045 кГц, 4455 кГц, 4565 кГц, 5350 кГц, 5450 кГц, 5745 кГц, 5770 кГц, 5870 кГц, 5858 кГц, 7770 кГц, 8060 кГц, 8495 кГц, 9315 кГц, 9380 кГц, 9400 кГц, 10315 кГц, 10655 кГц, 13685 кГц, 16315 кГц, 19370 кГц жиіліктері теміржол транспортында және төтенше жағдайлар кезінде радиобайланыс ұйымдастыру үшін қолданылады.

К14 2130 кГц және 2150 кГц жиіліктері темір жол байланысы жүйелерінде телефондық тәртіпте пайдаланылады.

К15 Шығарып тасталынған 2008ж.

К16 2685 кГц теңіздегі жылжымалы қызметке апаттық және шақыру сигналдарын беруге пайдаланылады.

К17 4063 - 4438 кГц, 4750 - 4850 кГц, 5005 - 5450 кГц, 7350 - 8815 кГц, 9040 - 9400 кГц, 9900 - 9995 кГц, 10150 - 11175 кГц, 12100 - 12230 кГц, 18168 - 18780 кГц жиілік жолақтарының кейбір бөлектері әуедегі қозғалысты басқару және азаматтық авиацияда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бекітілген байланыс жабдықтарында пайдаланылады.

К18 4650 - 4700 кГц, 6200 - 6525 кГц, 9400 - 9500 кГц, 12230 - 13200 кГц, 14000 - 14250 кГц, 16360 - 17410 кГц, 21000 - 21450 кГц, 22000 - 22855 кГц, 25670 - 26100 кГц, 28 - 29.7 МГц жиілік жолақтарының кейбір бөлектері жұмыс атқарып жатқан үкіметтік міндеттерді орындайтын бекітілген байланыс жабдықтарының аппаратураларының амортизациялық мерзімдерінің аяғына дейін пайдаланылады.

К19 5950 - 6200 кГц, 7000 - 7300 кГц, 8195-8815 кГц, 9500 - 9900 кГц, 13600 - 13800 кГц, 15100 - 15600 кГц, 17550 - 17900 кГц, 19680 -19800 кГц, 21450 - 21850 кГц, 87.5 - 104 МГц және 8500 - 8750 МГц жолақтары бекітілген қызмет аппаратураларының амортизациялық мерзімдері біткенше пайдаланылады.

К20 Алынып тасталынған 2008 ж.

К21 48.5 - 56.5 МГц, 58 - 66 МГц, 76 - 100 МГц, 174 - 230 МГц және 470 - 790 МГц жолақтары теледидарлық хабарларды таратуда пайдаланылады. Хабар станцияларына жиіліктер тағайындау белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.

К22 Алынып тасталынған 2008 ж.

К23 Алынып тасталынған 2008 ж.

К24 Алынып тасталынған 2008 ж.

К25 104 - 108 МГц, 144 - 146 МГц жолақтары әуедегі жылжымалы қызмет (ОR) аппаратураларының амортизациялық мерзімдері біткенше пайдаланылады.

К26 110 - 174 МГц және 230 - 1000 МГц жолақтарының кейбір бөлектері, ұжымдық теледидар, радиохабар және кабельдік теледидар қабылдау жүйелерінің кабельдік тарату желілерінде сыртқы бөгеуілден қорғаныс нормасын орындау кезінде және Кестеге сәйкес жұмыс істейтін басқа да РЭҚ-ларға кедергілерді жоюға пайдалануы мүмкін. Аталған нормаларды қанағаттандыратын осындай желілерді пайдалану, осы аудандарға бөлінген эфирлік теледидар мен жиіліктік модуляцияланған ультрақысқа толқындар (ЖМ УҚТ) таратуын қоспағанда, ол пайда болуы мүмкін кедергілер мен басқа РЭҚ жұмыстарын шектеуге шағым айтуға негіз бола алмайды.

К26 163,2-164,2125 МГц жиілік жолағы Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органының шешіміне сәйкес қолданылады.

К27 137-138 МГц жолағындағы жиіліктегі әуедегі жылжымалы (ОR) қызметі ғарыш қызметінің жер бетіндегі тұрақты қабылдау пункттеріне зиянды кедергілер тудырмауы тиіс.

К28 144-146 МГц жиілік жолақтары әуесқойлық қызметте, 5 Вт-тан аспайтын таратқыштарда екінші реттік негізде пайдалануы мүмкін. Кейбір жағдайларда, 100 Вт-тан асатын таратқыштарды пайдалану, станция орнына келісім алған жағдайда, белгіленген тәртіп бойынша рұқсат етіледі.

К29 Алынып тасталынған 2008 ж.

К30 146 - 174 МГц, 390 - 470 МГц және 790 - 890 МГц жолақтарындағы жиілік бөліктерін пайдалану, осы Кесте бойынша үлестірілген азаматтық бағытқа арналған РЭЖ-тарға кейбір белгіленген шектеулермен атқарылады.

К31 150.05 - 156.7625 МГц, 156.8375 - 174 МГц, 470 - 862 МГц, 1400 - 1427 МГц, 2100 - 2700 МГц және 5925 - 7075 МГц жолақтарының кейбір бөліктері радиолокациялық қызметтің жұмыстағы жабдықтарымен амортизациялық мерзімдері біткенше пайдаланылады.

К32 150.0625 - 150.4875 МГц және 165.0625 - 165.4875 МГц жолақтары бір арналы тік көріністі радиорелелік станцияларының және құрлықтағы жылжымалы қызмет жабдықтарының сәулелену қуаты 2 Вт-қа дейінгі шамаларында пайдаланылады.

К33 150-154 МГц жиілік жолағында ғарыштық объектілер және Жердің жасанды серігінен ақпарат қабылдайтын жер станцияларына, бекітілген және құрлықтағы жылжымалы қызмет тарапынан жасалатын кедергілерді болдырмауға барлық мүмкіндіктер жасалуы қажет.

К34 150.5 - 151.7 МГц және 165.5 - 166.7 МГц жолақтары аз каналды тік көріністі радиорелелік станцияларының сәулелену қуаты 3 Вт-қа дейінгі шамаларында пайдаланылады.

К35 157.025 - 157.375 МГц, 161.5 - 161.65 МГц, 407 - 407.1 МГц және 417 - 417.1 МГц жолақтарындағы кейбір жиіліктер төтенше жағдайлардың пайда болуына байланысты біртұтас шұғыл радиобайланыс жүйелерін ұйымдастыру үшін пайдалануға болады.

К36 174 - 230 МГц, 430 - 440 МГц, 1626.5 - 1636.5 МГц жолақтарындағы кейбір жиіліктер жылжымалы қызмет жабдықтарымен амортизациялық мерзімдері біткенше пайдаланылады.

К37 230 - 328.6 МГц және 335.4 - 390 МГц жолақтары негізінен әуедегі жылжымалы (ОR) қызметіне пайдалануға арналған.

К38 300.2 МГц апат, қауіпсіздік және радиотелефонға елдің ішкі судағы жолдарының жиілігі болып табылады.

К39 Алынып тасталынған 2008 ж.

К40 328.6 - 335.4 МГц жолағындағы жеке жиіліктер бекітілген және жылжымалы қызметтерінің аппаратураларының амортизациялық мерзімі біткенге дейін зиянды кедергілер әсерін болдырмаған жағдайда әуедегі радионавигациялық қызметте қолданылады. Бекітілген және жылжымалы қызметтердің жаңа қондырғыларын пайдалануға енгізу бұл жиіліктер жолағында атқарылмауы керек.

К41 Алынып тасталынған 2008 ж.

К42 401 - 406 МГц, 470 - 790 МГц жолақтары бекітілген және жылжымалы қызметтерде аппаратураның амортизациялық мерзімі біткенге дейін қолданылады. Бекітілген және жылжымалы қызмет станциялары зиянды кедергілер тудырмауы және радиобайланыс Регламентіне сәйкес жұмыс істейтін қызметтерден қорғанысты талап етпеуі, сонымен қатар осы қызметтердің пайдалануы мен дамуына кедергі туғызбауы тиіс.

К43 726 - 960 МГц жолағы әуедегі радионавигациялық қызметтің әрекеттегі жабдықтарымен аппаратуралардың амортизациялық мерзімі біткенге дейін қолданылады. Әуедегі радионавигацияның жаңа жабдықтарын бұл жолақта енгізуге рұқсат жоқ.

К44 790 - 862 МГц жолағының кейбір бөлектері, әрекеттегі әуедегі радионавигацияның РЭЖ-тарына зиянды кедергілер тудырмайтын болса, құрылықтағы жылжымалы радиобайланыста пайдаланылады.

К45 Алынып тасталынған 2008 ж.

К46 1030 МГц жолағы жердегі таратқыш жабдықтармен пайдаланылады, ал 1090 МГц жиілік әуедегі қозғалысты басқару жүйелерінің борттық таратқыш жабдықтарымен пайдаланылады.

К47 1215 - 1260 МГц және 1559 - 1610 МГц жолақтарын радионавигациялық жерсеріктік қызметтің (ғарыш-Жер) "ГЛОНАСС" және "НАВСТАР" (СРS) типті жүйелерінің қондырғыларына пайдалануына болады.

К48 Пайдаланылмайды.

К49 1545 - 1668.4 МГц жолағының кейбір бөлектері әрекеттен тік көріністі радиорелелік станцияларымен белгіленген шектеулермен пайдаланылады. Тік көріністі жаңа радиорелейлік станцияларды пайдалануға енгізу бұл жиіліктер жолағында атқарылмауы тиіс.

К50 Радиоастрономиялық қызметтің жиіліктер жолағын пайдаланудың шарттары нақты аймақтарда қосымша анықталады. Радиоастрономиялық станцияларды орналастыру пункттері белгіленген тәртіпте келісіледі.

К51 Алынып тасталынған 2008 ж.

К52 1645.5 - 1656.5 МГц және 1660 - 1660.5 МГц жолақтарында жұмыс істейтін жылжымалы жерсеріктік қызметтің жердегі жылжымалы станциялары, К49 п. сәйкес жұмыс істейтін бекітілген қызметтің станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы тиіс.

К53 1770 - 1795 МГц жиіліктер жолағы, басқа қызметтер станцияларына кедергілер болдырмаған жағдайда, метеорологиялық температура-желдік барлау РЛС-ларында амортизациялық мерзімі біткенге дейін пайдаланылады. Жаңа метеорологиялық РЛС-ларды жобалау 1670 -1690 МГц жиілік жолақтарында атқарылуы керек.

К54 Ғарыштық пайдаланым қызметінің жердегі станцияларының орналасу аудандарында, осы станцияларға бекітілген және жылжымалы қызметтер жағынан болатын кедергілерді болдырмаудың ұйымдастыру шаралары қолдануы керек.

К55 2100 - 2300 МГц және 2500 - 2700 МГц жиілік жолақтарының кейбір бөлектерін теледидар бағдарламаларын үлестіру жүйелерінде пайдалануға болады.

К56 1980 - 2010 МГц, 2170 - 2200 МГц және 2483.5 - 2500 МГц жолақтарын жерсеріктік жылжымалы қызметте пайдалану зиянды кедергілер тудырмауы тиіс сонымен қатар бекітілген және жылжымалы қызмет станцияларынан қорғанысты талап етпеуі тиіс, және осы қызметтердің 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кедергі жасамауы керек.

К57 Байланыс операторларына бұлжытпайтын түрде 1 - 3 ГГц аралығында бекітілген қызметтің жаңа жүйелерін пайдалануға енгізбеу ұсынылады. 1700-2100 МГц жолағындағы бекітілген қызмет аппаратуралары амортизациялық мерзімдері біткенге дейін жұмыс жасайды.

К58 10.7 - 11.7 ГГц және 14.4 - 14.47 ГГц жиілік жолақтарының кейбір бөлектері жерсеріктік хабар қызметіне пайдаланылады.

К59 1452-1492 МГц жиілік жолақтарының кейбір бөлектерін жерүсті цифрлық хабар тарату және цифрлық жерсеріктік хабар тарату мақсатында пайдаланудың мүмкіндіктері мен шарттары, ел аумағының белгіленген аудандарында қосымша жерүсті цифрлық хабар таратудың тәжірибелі пайдалану қорытындысын есепке ала отырып анықталады.

К60 1730,2-1785 МГц және 1825,2-1880 МГц жолақтары GSМ-R. үшін бөлінген.

К61 3400-4200 МГц диапазондағы радио жиілік жолақтары сымсыз радиоену жүйелерімен бірге телерадиохабар тарату операторларының жерсеріктік қабылдағыш антенналарымен қолданылады.



К62 2400-2483,5, 5150-5350, 5470-5725, 10152,25-10295,75, 10502,25-10645,75 МГц диапазондағы радио жиілік жолақтары сымсыз радиоену және РРЛ үйелерімен белгіленген тәртіп бойынша қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет