мұндай ақпарат тиісті жүйелерге тән жер бетінің станцияларына берілуі мүмкін;
платформаларға сұраныс жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл қызмет оның жұмыс істеуіне қажетті фидер жолдарында қамтуы мүмкін;
-
жерсеріктік стандартты жиіліктер мен уақыт сигналдарының қызметі ─ жерсеріктерінде орнатылған ғарыш станцияларын пайдаланатын, стандартты жиіліктер мен уақыт сигналдарының қызметі мақсаттарында да қолданылатын радиобайланыс қызметі. Бұл қызметке оның жұмыс істеуіне қажетті фидер жолдары да қосылуы мүмкін;
-
жерсеріктік әуесқойлық қызмет ─ Жерсеріктерінде орналасқан ғарыш станциялары да әуесқойлық қызметі мақсаттарында пайдаланатын радиобайланыс қызметі;
-
жер бетіндегі станция ─ жер бетіндегі радиобайланысты қамтамасыз ететін станция. Осы Кестеде, егер ерекше ескертілмесе, кез келген станция жер бетінің станциясы болып есептелінеді;
-
жердегі станция ─ Жер бетінде не атмосфераның негізгі бөлігінде орналасқан және:
бір немесе бірнеше ғарыш станцияларымен;
бір немесе бірнеше өзіне ұқсас станциялармен, бір немесе бірнеше шағылыстырғыш жерсеріктері немесе аспандағы басқа да объектілердің көмегімен байланысқа арналған станция;
-
жер бетінің құрлықтық станциясы ─ белгілі бір тіркелген пунктте немесе құрлықтағы белгілі бір аймақта орналасқан жылжымалы жерсеріктік қызметтің фидер жолдарын қамтамасыз ететін тіркелген жерсеріктік қызметтің жер бетіндегі немесе кейбір жағдайларда жылжымалы жерсеріктік қызметтің жер бетіндегі станциясы;
-
жер бетіндегі базалық станция ─ белгілі бір тіркелген пунктте немесе құрлықтың белгілі бір аймағында құрлықтық жылжымалы жерсеріктік қызметтің фидер жолдарымен қамтамасыз ету үшін орналасқан тіркелген жерсеріктік жылжымалы қызметтің немесе, кейбір жағдайларда, құрлықтық жылжымалы жерсеріктік қызметтің жер бетіндегі станциясы;
-
жердегі кеме станциясы ─ кеме бортына орналасқан теңіздегі жылжымалы жерсеріктік қызметтің жерде орналасқан жылжымалы станциясы;
-
жерсерігі ─ берілген үлкен массалы денені айналатын, қозғалысы негізінен және тұрақты түрде сол дененің тартылыс күшімен анықталатын дене;
-
жылжымалы қызмет ─ жылжымалы және құрлықтағы станциялар немесе жылжымалы станциялар арасындағы радиобайланыс қызметі;
-
жылжымалы жерсеріктік қызмет (радиобайланыс қызметі) ─ жылжымалы жер бетіндегі станциялар мен бір немесе бірнеше ғарыш станциялар арасындағы немесе осы қызметті пайдаланатын ғарыш станциялары арасындағы немесе жылжымалы жер бетіндегі станциялар арасындағы бір немесе бірнеше ғарыштық станциялар арқылы жасалынатын радиобайланыс қызметі. Бұл қызмет оның жұмыс істеуіне қажетті фидер желілерін де қамтуы мүмкін;
-
жылжымалы станция ─ анықталмаған пункттердегі қозғалыс немесе аялдау кезіндегі жұмыстарға арналған жылжымалы қызмет станциясы;
-
жылжымалы жер бетінің станциясы ─ анықталмаған пункттердегі қозғалыс немесе аялдаған уақытында жұмысқа арналған жылжымалы жерсеріктік қызметтің жер бетіндегі станциясы;
-
зиянды бөгеуіл ─ радионавигациялық қызметке немесе басқа да қауіпсіздік қызметтеріне кесірін тигізетін немесе сапаны әжептеуір төмендететін, немесе осы Кестеге сәйкес жұмыс істейтін радиобайланыс қызметін әлденеше рет үзетін немесе қиындататын бөгеуіл;
-
кемедегі станция ─ кеме бортына орналасқан, құтқару жабдықтар станцияларына жатпайтын, бір орында тұрақты бекітілмеген, теңіздегі жылжымалы қызметтің жылжымалы станциясы;
-
кеме ішінің байланыс станциясы ─ кеменің ішкі байланысына арналған немесе кеме мен құтқару қайықтары және құтқару салдарының арасындағы, құтқару жабдықтарының жаттығулары немесе құтқару әрекеттері кезіндегі байланысқа арналған немесе итерілетін және тіркеуге алу кемелерінің байланыстары үшін, сонымен бірге жағаға жақындап, арқандау кездерінде нұсқаулар беру үшін кеме бортына орналаскан теңіздегі жылжымалы қызметтің аз қуатты жылжымалы станциясы;
-
кемелік апаттық таратқыш ─ тек қана апаттық жиіліктерінде, апаттық немесе апаттық жағдайларға байланысты, олардың шұғылдығы мен қауіпсіздігіне байланысты пайдаланылатын кемелік таратқыш;
-
қауіпсіздік қызметі ─ адам өмірін және мүлкінің қауіпсіздігі мақсатында тұрақты немесе уақытша пайдаланылатын кез келген радиобайланыс қызметі;
-
құрлықтағы жылжымалы қызмет ─ базалық станциялар мен құрлықтағы жылжымалы станциялар немесе құрлықтағы жылжымалы станциялар арасындағы жылжымалы қызмет;
-
құрлықтағы жылжымалы жерсеріктік қызмет ─ жер бетіндегі жылжымалы станциялар құрлықта орналасқан жылжымалы жерсеріктік қызмет;
-
құрлықтық станция ─ қозғалыс уақытындағы жұмыстарға арналмаған жылжымалы қызмет станциясы;
-
құрлықтық жылжымалы станция ─ жер бетінің географиялық елдер шекаралары немесе құрлықтар арасында ауыса алатын жылжымалы құрлықтық қызметтің жылжымалы станциясы;
-
құрлықтық жылжымалы жер бетінің станциясы ─ жер бетінің географиялық елдер шекаралары немесе құрлықтар арасында ауыса алатын құрлықтық жылжымалы жерсеріктік қызметінің жылжымалы жер беті станциясы;
-
құтқару жабдықтарының станциясы ─ тек қана құтқару мақсаттарына арналған құтқару қайықтарында, салдарында немесе басқа да құтқару құралдарында орнатылған теңіздегі немесе әуедегі жылжымалы қызметтердің жылжымалы станциясы;
-
маркерлік маяк ─ әуе кемесін оның орналасуына қатысты ақпаратпен қамтамасыз ету тік бағыттағы өзіне тән радиотолқын сәулесін шығаратын, әуедегі радионавигациялық қызметтің таратқышы;
-
метеорлық радиобайланыс ─ иондалған метеорлар іздерінен шағылысудан таралатын радиотолқын арқылы жүзеге асырылатын электр байланыс;
-
метеорологиялық жерсеріктік қызмет ─ метеорологияға қажеттілігіушін Жерді зерттеудің жерсеріктік қызметі;
-
метеорологиялық қосалқы қызмет ─ гидрологияны қоса алғанда метеорологияға пайдаланылатын бақылаулар мен зерттеулердің радиобайланыс қызметі;
-
радио ─ радиотолқындарды қолданғанда пайдаланылатын жалпы термин;
-
радиотолқындар немесе Герц толқындары ─ кеңістікте жасанды толқын жолсыз таралатын, жиілігі 3000 ГГц шамадан төмен шектелетін электр магниттік толқындар;
-
радиобайланыс ─ радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланыс;
-
радиоанықтама ─ объектінің тұрған орнын, жылдамдығын және/немесе басқа да сипаттамаларын айқындау немесе радиотолқындардың таралу қасиеттері арқылы осы параметрлерге қатысты ақпарат aлy;
-
радионавигация ─ кедергілерді табуды қоса алғанда навигация мақсатында пайдаланылатын радиоанықтама;
-
радиолокация ─ радионавигация мақсатынан басқа мақсаттарда пайдаланылатын радиоанықтама;
-
радиоторуыл ─ станцияның немесе объектінің тұрған бағытын анықтау мақсатында радиотолқындар қабылдауды пайдаланатын радиоанықтама;
-
радиоастрономия ─ ғарыштан шыққан радиотолқындарды қабылдауға негізделген астрономия;
-
радиация ─ кез келген көзден шығатын радиотолқындар нысанындағы энергия ағыны;
-
радиобайланыс қызметі ─ белгілі бір электр байланысы мақсатында радиотолқындарды таратуды, сәулеленуді және/немесе қабылдауды қамтитын осы Бөлімде анықталған қызмет;
-
радиохабар тарату қызметі ─ хабардың таратылуы көпшіліктің тікелей қабылдауына арналған радиобайланыс қызметі. Бұл қызмет дыбыс таратуды, теледидар және басқа түрлі хабарларды таратуды жүзеге асыра алады;
-
радиоанықтама қызметі ─ радиоанықтау мақсаттарына арналған радиобайланыс қызметі;
-
радионавигациялық қызмет ─ радионавигация мақсаттарына арналған радиоанықтама қызметі;
-
радиолокациялық қызмет ─ радиолокация мақсаттарына арналған радиоанықтама қызметі;
-
радиоастрономия қызметі ─ радиоастрономияны пайдалануды жүзеге асыратын қызмет;
-
радиомаяк жерсеріктік станциясы апат орнын көрсеткіш ─ сәулеленуі іздеу мен құтқару әрекеттерін жеңілдететін жылжымалы жерсеріктік қызметтің жер бетіндегі станциясы;
-
радиохабар станциясы ─ радиохабарларды тарату қызметінің станциясы;
-
радиоанықтама станциясы ─ радиоанықтау қызметінің станциясы;
-
радиомаяк станциясы ─ сәулеленуі жылжымалы станцияның өзінің торуыл бағытын немесе радиомаяк станциясының бағытына қатынасын анықтауға мүмкіндік беруге арналған радионавигация қызметінің станциясы;
-
радиоастрономиялық станция ─ радиоастрономиялық қызмет станциясы;
-
радар ─ эталондық сигналдарды анықтауға жататын орындардан шағылысқан немесе қайта таратылған радиосигналдармен салыстыруға негізделген радиоанықтау жүйесі;
-
радиолокацияльқ маяк-жауапбергіш (ракон) ─ навигациялық тіркелген белгімен РЖС-тен (радар) қабылданған сигналмен автоматты түрде сұраныстық радардың экранында қашықтық, торуыл және тануды қамтамасыз ете отырып айырмаша сигнал беретін қабылдау-тарату құрылғысы;
-
радиобиіктік өлшегіш ─ әуе кемесінің немесе ғарыш кемесінің бортына орнатылған, әуе кемесінің немесе ғарыш кемесінің жер немесе басқа да беттен биіктігін өлшейтін радионавигациялық қондырғы;
-
сәулелену ─ радиацияны жасау немесе радио таратушы станциялар радиациясын жасау;
-
стандартты жиіліктер мен уақыт сигналдарының қызметі ─ белгілі бір жиіліктер, уақыт сигналдары немесе екеуі де жоғары дәлдікте орнатылған ғылыми, техникалық және басқа да мақсаттарда таратуды қамтамасыз ететін, жалпылама қабылдауға арналған радиобайланыс қызметі;
-
стандартты жиіліктер мен уақыт сигналдарының станциясы ─ стандарт жиіліктер мен уақыт сигналдары қызметінің станциясы;
-
станция ─ радиобайланыс немесе радиоастрономия қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін белгілі бір орында қажетті косалқы жабдықтарды қоса алғанда, бір немесе бірнеше таратқыштар немесе қабылдағыштар, не таратқыштар мен қабылдағыштардың жиынтық тобы. Әр станция өзінің атқаратын тұрақты немесе уақытша қызметіне сай жіктеледі;
-
теңіздегі радионавигациялық қызмет ─ теңіз кемелеріне қызмет көрсету үшін және оларды қауіпсіз пайдалануға арналған радионавигациялық қызмет;
-
теңіздегі жылжымалы қызмет ─ жағадағы станциялар мен кеме станциялары арасындағы жылжымалы қызмет немесе кеме станциялары арасындағы, немесе бір-бірімен өзара әрекеттес кеме ішілік байланыс станциялары; құтқарушы құралдар станциялары мен радиомаяк станциялары – апат орындарын көрсеткіштері де осы қызметке қатыса алады;
-
теңіздегі жылжымалы жерсеріктік қызмет ─ жылжымалы жер бетінің станциялары теңіз кемелерінің борттарында орналасқан жылжымалы жерсеріктік қызмет; құтқарушы жабдықтар станциялары мен радиомаяк станциялары – апатқа ұшырау орындарын көрсеткіштер де осы қызметке қатыса алады;
-
тіркелген қызмет ─ белгілі бір тіркелген пункттер арасындағы радиобайланыс қызметі;
-
тіркелген жерсеріктік қызмет ─ жер бетіндегі белгілі бір аймақтарда орналасқан станциялардың, бір немесе бірнеше жерсеріктерін пайдаланатын радиобайланыс қызметі; берілген орналасу орны белгілі бір тіркелген орынды немесе белгілі бір аймақтарда орналасқан кез келген тіркелген орынды көрсетеді; кейбір жағдайларда бұл қызмет жерсеріктер арасындағы қызмет те пайдаланылуы мүмкін жерсерігі мен жерсерігі желілерін қамтиды; тіркелген жерсеріктік қызметке басқа да ғарыштық радиобайланыс қызметінің фидер желілері де кіруі мүмкін;
-
тіркелген станция ─ тіркелген қызмет станциясы;
-
электр байланысы ─ кез келген түрдегі белгілерді, сигналдарды, жазбаша мәтіндерді, бейнелер мен дыбыстарды немесе хабарларды сым бойымен, радиомен, оптикалық немесе басқа электр магниттік жүйелермен тарату, сәулелену немесе қабылдау;
96) фидер жолы ─ ғарыш станциясына дейін немесе кері бағытта, анықталған орында орналасқан, тіркелген жерсеріктік қызметке жатпайтын, ғарыш радиобайланыс қызметіне ақпарат беретін, жер бетінің станциясынан шығатын радиожол. Анықталған орын белгілі бір белгіленген пунктте немесе анықталған аймақтың шегіндегі кез келген белгіленген пунктте болуы мүмкін;
97) шағылыстырғыш жерсерігі ─ радиобайланыс сигналдарға шағылыстыруға арналған жерсерігі;
-
АҚГТЖ ─ Апат кезіндегі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғаламдық теңіздегі жүйе;
-
«ғарыш - Жер» ─ Ғарыш станциясынан жер станциясына ақпарат беру радио желісі;
-
«ғарыш - ғарыш» ─ Ғарыш станцияларының арасындағы ақпарат беру радио желісі;
-
ҒНЖЖ ─ Ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйе;
-
ДРК ─ Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы;
-
«Жер - ғарыш» ─ Жер станциясынан ғарыш станциясына ақпарат беру радио желісі;
-
ЖЖС ─ Жердің жасанды серігі;
-
ҚР РЖВК ─ Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы;
-
ҚР ─ Қазақстан Республикасы;
-
РЛС ─ Радиолокациялық станция;
-
РР ─ Радиобайланыс регламенті;
-
РЭҚ ─ Радиоэлектронды құрылғы;
-
ХЭО-Р ─ Халықаралық электр байланысы одағы, радиобайланыс секторы;
-
ЭИСҚ ─ Эквивалентті изотропты сәулелену қуаты;
-
GSM ─ Global System for Mobile communications (Жаһандық ұтқыр байланыс жүйесінің стандарты);
-
IMO ─ Халықаралық теңіз ұйымы;
-
IMT ─ International Mobile Telecommunications (Халықаралық ұтқыр байланыс стандарты);
-
MSI ─ Теңіздегі қауіпсіздікке байланысты ақпарат.
Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен
400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу
Кестеге 2-қосымша
Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу Кестесіне 2-түсіндірме
5.53 8,3 кГц-тен төменгі жиіліктерді пайдалануға рұқсат беретін әкімшіліктер бұл ретте 8,3 кГц-тен жоғары жиілік жолақтары бөлінген қызметтерге зиянды кедергілер тудырмайтын шаралар қолдануы тиіс. (ДРК-12).
5.54 8,3 кГц-тен төменгі жиіліктерді ғылыми зерттеулер жүргізуге пайдаланатын әкімшіліктер бұл зерттеулерді зиянды кедергілерден қорғауға қажетті барлық мүмкін шараларды қолдану мақсатында бұл туралы мүдделі болуы мүмкін әкімшіліктерді хабардар етуі тиіс.
5.54А 8,3-11,3 кГц жиілік жолақтарының метеорологияның қосалқы қызметтерімен пайдаланылуы бейтарап қолданыспен ғана шектеледі. 9-11,3 кГц жолағында метеорологиялық қосалқы қызметтер станциялары Бюроға 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін өтінімге ұсынылған радионавигация қызметінің станцияларынан қорғаныс талап етпеуі тиіс. Өтінімге осы мезгілден кейін берілген метеорологиялық қосалқы қызметтер станциялары мен радионавигация қызметінің станциялары жиіліктерді бірлесіп қолдануын қамтамасыз ету үшін ХЭО-R Ұсынымының ең соңғы RS.1881 нұсқасын пайдалану қажет. (ДРК-12).
5.54B Қосымша таратылу: 8,3-9 кГц жиілік жолағы Алжир, Сауд Арабиясы, Египет, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей Федерациясы, Ирак, Ливан, Марокко, Катар, Сирия Араб Республикасы, Судан мен Тунисте радионавигациялық, тіркелген және жылжымалы қызметтеріне бірінші негізде таратылған. (ДРК-12).
5.54С Қосымша таратылу: сонымен қатар Қытайда 8,3-9 кГц жиілік жолағы теңіздегі радионавигациялық және теңіздегі жылжымалы қызметтеріне бірінші негізде таратылған. (ДРК-12).
5.55 Қосымша таратылу: сонымен қатар Армения, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанда 14-17 кГц жолағы, радионавигациялық қызметке бірінші негізде таратылған. (ДРК -07).
5.56 14-19.95 және 20.05-70 кГц жиілік жолақтары бөлінген қызмет станциялары, ал 1-ауданнан 72-84 кГц және 86-90 кГц жолақтары да, стандартты жиіліктер мен уақыт сигналдарын бере алады. Мұндай станциялар зиянды кедергілерден қорғалуы тиіс. Армения, Әзірбайжан, Монғолия, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстанда бұл мақсатта және тура сондай шартта 25 кГц пен 50 кГц жиіліктері қолданылады. (ДРК-12).
5.57 14-19.95 кГц, 20.05-70 кГц және 70-90 кГц (1-ауданда 72-84 кГц және 86-90 кГц) жолақтарының теңіздегі жылжымалы қызметімен пайдаланылуы жағалық радиотелеграфтық станцияларымен шектеледі (тек А1А және F1B). Ерекше жағдайларда, егер қажетті жолақ ені қалыпты жағдайдағы А1А немесе F1B сәулелену кластарының қаралып отырған күйдегі жолақтарынан артық болмаса, J2B немесе J7B сәулелену кластарын пайдалануға рұқсат етіледі.
5.58 Қосымша таратылу: Арменияда, Әзірбайжанда, Ресей Федерациясында, Грузияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Түркіменстанда да 67-70 кГц жолағы радионавигациялық қызметке бірінші негізде таратылған. (ДРК-2000).
5.59 Қызметтің басқа санаты: Бангладеш пен Пәкістанда тіркелген және теңіздегі жылжымалы қызметтерде 70-72 кГц және 84-86 кГц жолақтарды бірінші реттік негізде таратылған (5.33 бапта қара). (ДРК-2000).
5.60 70-90 кГц (1 -ауданда 70-86 кГц) және 110-130 кГц (1 -ауданда 112-130 кГц) жолақтарында, егер осы жиілік жолақтары таратылған басқа қызметтерге зиянды кедергілер тудырмайтын болса, импульстік радионавигациялық жүйелерді пайдалануға болады.
5.61 Кестеге сәйкес жұмыс істейтін қызметтерге қатысты әкімшіліктерден 9.21 т. белгіленген рәсім бойынша алынған рұқсаттама негізінде 2-ауданда теңіздегі радионавигациялық қызмет станциялары 70-90 кГц және 110-130кГц жиілік жолақтарында орнатылып, жұмыс істей алады. Алайда жоғарыдағы келісімге сәйкес тіркелген, теңіздегі жылжымалы және радиолокациялық қызметтер теңіздегі радионавигациялық қызметтерге зиянды кедергілер тудырмауы тиіс.
5.62 90-110 кГц жолағында радионавигациялық қызмет станцияларын пайдаланатын әкімшіліктер, осы станциялар тудыратын зиянды кедергілерді болдырмау үшін техникалық және пайдалану сипаттамаларын үйлестіру жұмыстарын жүргізулері қажет.
5.63 Пайдаланылмайды. (ДРК-97).
5.64 Тіркелген қызмет станциялары үшін осы қызметке бөлінген 90 және 160 кГц (1-ауданда 148,5 кГц) арасындағы жолақтар және теңіздегі жылжымалы қызмет станцияларында осы қызметке бөлінген 110 және 160 кГц (1-ауданда 148,5 кГц) арасындағы жолақтарда А1А немесе F1B, A2C, F3C, F1C немесе F3C класс сәулеленулері ғана рұқсат етілген. Ерекше жағдайларда, теңіздегі жылжымалы қызмет станцияларына 110 және 160 кГц жолақтар аралығында (1 -ауданда 148,5 кГц) J2B немесе J7B класс сәулеленулері рұқсат етілген.
5.65 Қызметтің басқа санаты: Бангладеште тіркелген және теңіздегі жылжымалы қызметтерге 112-117,6 кГц және 126-129 кГц жолақтары бірінші реттік негізде таратылған (5.33 т. қара). (ДРК-2000).
5.66 Қызметтің басқа санаты: Германияда тіркелген және теңіздегі жылжымалы қызметтеріне 115-117,6 кГц жолағы бірінші реттік негізде (5.33 т. қара), ал радионавигациялық қызметке екінші реттік негізде (5.33 т. қара) бөлінген.
5.67 Қосымша таратылу: Монғолия, Қырғызстан және Түркіменстанда 130-148,5 жолағы, сонымен қатар, радинавигациялық қызметке екінші реттік негізде таратылған. Бұл елдер шегінде және олардың арасында бұл қызмет жұмыс атқаруға бірдей құқықты. (ДРК-07).
5.67А 135,7–137,8 кГц жиіліктерін қолданатын әуесқойлық қызметі станциясының жоғарғы сәулелену қуаты 1 Вт-тан (э.и.с.қ.) аспау керек және олар 5.67. т. келтірілген елдерде жұмыс істейтін радионавигациялық қызмет станцияларына зиянды бөгеулер жасамауы керек. (ДРК-07).
5.67В 135,7–137,8 кГц жиілік жолағын Алжир, Египет, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Сирия Араб Республикасы, Судан мен Оңтүстік Судан және Тунис елдерінде қолдану тіркелген қызметімен және теңіздегі жылжымалы қызметімен шектеледі. 135,7–137,8 кГц жиілік жолағы жоғарыда айтылған елдерде әуесқойлық қызметінде қолданылмау керек және бұл мұндай қолданыстарды рұқсат ететін елдерде ескерілуі тиіс. (ДРК-12).
5.68 Ауыстырылымды таратылу: Ангола, Конго Республикасы мен Демократиялық Конго Республикасы және Оңтүстік Африка Республикасында 160-200 кГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.69 Қосымша таратылу: Сомалиде 200-255 кГц жолағы әуедегі радионавигациялық қызмет үшін бірінші реттік негізде таратылған.
5.70 Ауыстырылымды таратылу: Ангола, Ботсвана, Бурунди, Оңтүстік Африка Республикасы, Конго Республикасы, Эфиопия, Кения, Лесото, Мадагаскар, Малави, Мозамбик, Намибия, Нигерия, Оман, Демократиялық Конго Республикасы, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Танзания, Чад, Замбия және Зимбабведе 200–283,5 кГц жолағы әуедегі радионавигациялық қызметіне бірінші реттік негізде таратылған. (ДРК-12).
5.71 Ауыстырылымды таратылу: Тунисте 255-283,5 жолағы радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде таратылған.
5.72 (SUP – ДРК-12).
5.73 285-325 кГц (1-ауданда 283,5-325 кГц) жолағын, радионавигациялық қызметтегі радиомаяк станцияларына зиянды кедергілер тудырмаса, қысқа жолақты жүйелерді пайдалана отырып, теңіздегі радионавигациялық қызметте қосымша радионавигациялық мәліметтерді таратуға пайдалануға болады. (ДРК-97).
5.74 Қосымша таратылу: 1-ауданда 285,3-285,7 кГц жиілік жолағы теңіздегі радионавигациялық қызметіне (радиомаяктан басқа) бірінші реттік негізде таратылған.
5.75 Қызметтің басқа санаты: Балтық теңізі аймағында осы жолақтағы жиіліктерді жаңа теңіздегі және әуедегі радионавигациялық қызметтер станцияларына тағайындау мүдделі әкімшіліктер арасында алдын ала кеңеспен шешілген жағдайда, Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Украинада және Румынияның Қара теңіз аймағында 315-325 кГц жолағы теңіздегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінеді. (ДРК -07).
5.76 410 кГц жиілігі теңіздегі радионавигациялық қызметтеріндегі радиоторуылға арналған. 405-415 кГц жолағы бөлінген басқа радионавигациялық қызметтер 406,5-413,5 кГц жолағындағы радиоторуылдарға кедергілер тудырмаулары тиіс.
5.77 Қызметтің басқа санаты: 3-аудандағы Австралия, Қытай, Францияның мұхиттың арғы жағындағы елдерінде, Корея Республикасы, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Жапония, Пәкістан, Папуа-Жаңа Гвинея және Шри-Ланкада 415–495 кГц жолағы әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінеді. Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Латвия, Өзбекстан және Қырғызстанда 435-495 кГц жолағы әуе радионавигациялық қызметіне бірінші ретте бөлінген. Аталмыш елдердің әкімшіліктері 435495 кГц жолағында әуедегі радионавигациялық қызметтер станцияларының кемелік станциялар сигналдарын бүкілдүниежүзілік негізде кеме станцияларына арналған жиіліктердегі жағалық станциялардың қабылдауына кедергілер тудырмау мақсатында қолдан келгенінше шаралар жүргізуі керек. (ДРК -12).
5.78 Қызметтің басқа санаты: Куба, Америка Құрама Штаттары мен Мексикада 415-435 кГц жолағы әуедегі радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.
5.79 415-495 кГц және 505-526,5 кГц (2-ауданда 505-510 кГц) жолақтарын теңіздегі жылжымалы қызметінде пайдалану радиотелеграфиямен шектеледі.
5.79A 490 кГц, 518 кГц және 4209,5 кГц жиіліктерде жұмыс істейтін НАВТЕКС қызметінің жағалық станцияларын іске қосқанда, әкімшіліктерге пайдалану сипаттамаларын Халықаралық теңіздегі ұйымның (ХТҰ) процедураларына (339 Қарады қара (Қайта қаралған ДРК-07)) сәйкес үйлестіру ұсынылады. (ДРК-07).
5.80 2-ауданда 435-495 кГц жолағын әуе радионавигациялық қызметінде пайдалану дыбыс хабарларын пайдаланбайтын бағытталмаған радиомаяктармен шектеледі.
5.81 (Алынып тасталынған - ДРК-2000).
5.80А 472-479 кГц жиіліктерін қолданатын әуесқойлық қызметтің станцияларының максималды эквивалентті изотропты сәлелену қуаты (э.и.с.қ.) 1 Вт жоғары болмауы керек. Егер станциялар Алжир, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Бахрейн, Беларусьь, Қытай, Комор Аралдары, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Иордания, Қазақстан, Кувейт, Ливан, Ливия, Марокко, Мавритания, Оман, Өзбекстан, Катар, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Сомали, Судан, Тунис, Украина және Йеменнің шекараларынан 800 км-ден артық қашықтықта жатса, онда әкімшіліктер өздерінің жергілікті аймақтарында э.и.с.қ. шегін 5 Вт-қа дейін көтере алады. Бұл жиілік жолақтарында әуесқойлық қызмет станциялары әуе навигациялық қызметтеріне зиянды кедіргі жасамауы және олардан көмек сұрамауы керек. (ДРК-12).
5.80В 472-479 кГц жиіліктер жолағын Алжир, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Бахрейн, Беларусьь, Қытай, Комор Аралдары, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федерациясы, Ирак, Иордания, Қазақстан, Кувейт, Ливан, Ливия, Мавритания, Оман, Өзбекстан, Катар, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Сомали, Судан, Тунис пен Йеменде пайдалану жылжымалы теңіз және радионавигациялық әуе қызметтерімен шектеледі. Аталған елдерде осы жиілік жолақтары әуесқойлық қызметтерімен қолданылмауы тиіс және бұндай қолданысқа рұқсат беретін елдерге мұны ескеру қажет. (ДРК-12).
5.82 490 кГц жиілігі теңіздегі жылжымалы қызметі мен жағадағы станциялардың қысқа жолақты әріпбасушы телеграф арқылы, тек қана навигациялық және метеорологиялық ескертулер мен шұғыл ақпараттарды кемелерге таратуға пайдаланады. 490 кГц жиілікті пайдалану шарты 31 және 52 баптарында анықталған. Әуедегі радионавигациялық қызметте 415495 кГц жолағын пайдалануда әкімшіліктерге 490 кГц жиілігінде зиянды кедергілер болдырмауын қадағалауды ұсынады. 472-479 кГц жиілік жолақтарын әуесқойлық қызметтерде пайдалану кезінде әкімшіліктер 490 кГц жиілігінде кедергілер тудырмауды қадағалауы керек. (ДРК 12).
5.82А (SUP - ДРК-12).
5.82В (SUP - ДРК-12).
5.83 (Алынып тасталған - ДРК-07).
5.84 518 кГц жиілік жолағын жылжымалы теңіз қызметтерінде пайдалану шарттары 31 және 52 баптарында анықталған. (ДРК-07).
5.85 Пайдаланылмайды.
5.86 2-ауданда 525-535 кГц жолағында радиотаратқыш станцияларының қуаты күндіз 1 кВт, түнде 250 Вт-тан артпауы керек.
5.87 Қосымша таратылу: Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Нигерия мен Свазилендте 526,5-535 кГц жолағы жылжымалы қызметке екінші реттік негізде таратылған. (ДРК-12).
5.87А Қосымша таратылу: Өзбекстанда 526.5-1606.5кГц жолағы, сонымен қатар, радионавигациялық қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Мұндай пайдалану 9.21 тармағына сәйкес мүдделі әкімшіліктермен келістіріліп, Жер бетінде 1997 жылдың 27 қарашасынан пайдаланылатын радиомаяктардың қолдану мерзімімен шектелуі тиіс. (ДРК-97).
5.88 Қосымша таратылу: Қытайда 526,5-535 кГц жолағы, сондай-ақ әуе радионавигациялық қызметіне екінші реттік негізде бөлінген.
5.89 2-аудандағы 1605-1705 кГц жолағы Аудандық әкімшілік радиоконференциясы (Рио-де-Жанейро, 1988 жыл) бекіткен Жоспар бойынша радиотаратқыш қызмет станцияларымен пайдаланылуы керек.
1625-1705 кГц жолағында тіркелген және жылжымалы қызметтер станцияларына тағайындалатын жиіліктерді қарастырғанда Аудандық әкімшілік радиоконференциясы (Рио-де-Жанейро, 1988 жыл) бекіткен Жоспарда көрсетілген бөліністер ескерілуі керек.
5.90 1605-1705 кГц жолағында, егер 2-аудандағы белгілі бір радиотартқыш станция мүддесіне қатысты болса, 1-аудандағы теңіздегі жылжымалы қызмет станциясының қызмет көрсету аймағы беттік толқындар таралуымен қамтамасыз ететін зонамен шектелуі тиіс.
5.91 Қосымша таратылу: Филиппинде және Шри-Ланкада 1606,5-1705 кГц жолағы сондай-ақ радиохабар қызметіне де екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-97).
5.92 9.21 - тармақ бойынша алынған келісім бойынша 1-ауданның кейбір елдерінде радиоанықтама жүйесі 1606,5-1625 кГц, 1635-1800 кГц, 1850-2160 кГц, 2194-2300 кГц, 2502-2850 кГц және 3500-3800 кГц жолақтары пайдаланылады. Бұл станциялардың орташа сәулелену қуаты 50Вт-тан аспауы тиіс.
5.93 Қосымша таратылу: Ангола, Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Литва, Моңғолия, Нигерия, Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Словакия, Тәжікстан, Чад, Түркіменстан және Украинада 9.21 – тармақ бойынша алынған келісім болса, онда 1625–1635 кГц, 1800–1810 кГц және 2160–2170 кГц жолағы тіркелген және құрлықтағы жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.94 Пайдаланылмаған.
5.95 Пайдаланылмаған.
5.96 Германия, Армения, Австрия, Әзірбайжан, Беларусьь, Дания, Эстония, Ресей Федерациясы, Финляндия, Грузия, Венгрия, Ирландия, Исландия, Израил, Қазақстан, Латвия, Лихтенштейн, Литва, Мальта, Молдова, Норвегия, Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы, Біріккен Корольдік, Швеция, Швейцария, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада әкімшіліктер 1715-1800 кГц және 1850-2000 кГц жолақтарында өзінің әуесқойлық қызметіне 200 кГц-ке дейін бөле алады. Алайда өзінің әуесқойлық қызметіне осы аралықта жолақтар бөлгенде, көрші елдердің әкімшіліктерімен кеңес жүргізе отырып, өздерінің әуесқойлық қызметтерінің басқа елдердің тіркелген және жылжымалы қызметтеріне зиянды кедергілер тудырмау бағытына қажетті шаралар қолдануы қажет. Кез келген әуесқой станциясының орташа қуаты 10 Вт-тан аспауы тиіс. (ДРК-03)
5.97 3-ауданда Лоран жүйесі не 1850 кГц, не 1950 кГц жиілігінде, сәйкесінше 1825-1875 кГц және 1925-1975 кГц жолақтарын қамти отырып жұмыс жасайды. 1800-2000 кГц жолағы бөлінген қалған қызметтер осы жолақтың кез келген жиілігін пайдалануы мүмкін, егер олар 1850 кГц немесе 1950 кГц жиілікте жұмыс істейтін Лоран жүйесіне зиянды кедергілер тудырмаса.
5.98 Ауыстырылымды таратылу: Ангола, Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Бельгия, Камерун, Конго Республикасы, Дания, Египет, Эритрея, Испания, Эфиопия, Ресей Федерациясы, Грузия, Греция, Италия, Қазақстан, Ливан, Литва, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Сомали, Тәжікстан, Тунис, Түркіменстан, Түркия және Украинада 18101830 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.99 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Австрия, Ирак, Ливия, Өзбекстан, Словакия, Румыния, Словения, Чад және Тогода 1810–1830 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.100 1-ауданда 1810-1830 кГц жолақты, толығымен немесе жартылай солтүстікке қарай 40° солтүстік ендікте орналасқан елдердің әуесқойлық қызметіне пайдалануға рұқсат, 5.98 және 5.99 т. сәйкес жұмыс істейтін әуесқойлық қызмет станциялары және басқа да қызмет станциялары арасында зиянды кедергілер тудырмау үшін қажетті шаралар қолдану мақсатымен, 5.98 және 5.99 тт. көрсетілген елдермен консультация жүргізілгеннен соң ғана берілуі тиіс.
5.101 (SUP –ВКР-12).
5.102 Ауыстырылымды таратылу: Боливия, Чили, Мексика, Парагвай, Перу және Уругвайда 1850–2000 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, радиолокациялық және радионавигациялық қызметтерге бірінші реттік негізінде бөлінген. (ДРК-07).
5.103 1-ауданда 1850-2045 кГц, 2194-2498 кГц, 2502-2625 кГц және 2650-2850 кГц жиіліктер жолағын тіркелген және жылжымалы қызмет станцияларына тағайындағанда әкімшіліктер теңіздегі жылжымалы қызметтерге қойылатын талаптарды ескерулері керек.
5.104 1-ауданда 2025-2045 кГц жолағын қосалқы метеорология қызметімен пайдалану мұхиттық станция-қалқыма белгілерімен шектелген.
5.105 2-ауданда, Гренландияны қоспағанда, радиотелефонда пайдаланылатын 2065-2107 кГц жолақты жағалық және кемелік станциялар J3E класты сәулеленуді пайдаланумен шектеледі, оның үстіне жанауыштың шыңдық қуаты 1 кВт-тан аспауы керек. Келесі тасымалдаушы жиіліктерді пайдаланған дұрыс: 2065,0 кГц, 2079,0 кГц, 2082,5 кГц, 2086,0 кГц, 2093 кГц, 2096,5 кГц, 2100,0 кГц және 2103,5 кГц. Аргентина мен Уругвайда бұл мақсатта 2068,5 кГц және 2075,5 кГц, тасымал жиіліктерін пайдаланады, ал 2072-2075,5 кГц жолақтағы жиіліктер 52.165 т. бойынша қолданылады.
5.106 2 және 3-аудандарда, теңіздегі жылжымалы қызметке зиянды кедергілер тудырмаған жағдайда, 2065 және 2107 кГц жиіліктер аралығы, тіркелген қызмет станцияларымен байланыс тек ұлттық шекаралар төңірегінде болғанда, орта қуаты 50 Вт-тан аспайтын пайдаланылады. Жиіліктерді ұсынғанда Бюроның назарын осы жағдайларға аудару керек.
5.107 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Эритрея, Эфиопия, Ирак, Ливия, Сомали және Свазилендте 2160-2170 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы (R), қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл қызмет станцияларының орташа қуаты 50 Вт-тан аспауы тиіс. (ДРК-12).
5.108 2182 кГц тасымалдаушы жиілігі радиотелефонда халықаралық апат және шақыру жиілігі болып табылады. 2173,5–2190,5 кГц жолағын пайдалану шарты 31 және 52 баптарында көрсетілген. (ДРК-07).
5.109 2187,5 кГц, 4207,5 кГц, 6312 кГц, 8414,5 кГц, 12 577 кГц және 16 804,5 кГц жиіліктері цифрлық таңдамалы шақырудың халықаралық апаттық және шақыру жиілігі болып табылады. Бұл жиіліктерді пайдалану шарты 31 бабында көрсетілген.
5.110 2174,5 кГц, 4177,5 кГц, 6268 кГц, 8376,5 кГц, 12 520 кГц және 16 695 кГц жиіліктері қысқа жолақты әріпбаспа телеграфының халықаралық апатқа ұшырау жиілігі болып табылады. Бұл жиіліктерді пайдалану шарты 31 бабында көрсетілген.
5.111 2182 кГц, 3023 кГц, 5680 кГц, 8364 кГц тасымалдаушы жиіліктерін және 121,5 МГц, 156,525 МГц, 156,8 МГц, 243 МГц жиіліктерін сондай-ақ жер бетіндегі радиобайланыс қызметінің әрекеттегі процедураларына сәйкес ұшқыштармен басқарылатын ғарыш кемелерін табу және құтқару үшін пайдалануға болады. Бұл жиіліктерді пайдалану шарты 31 бабында көрсетілген.
Дәл сол жағдай 10 003 кГц, 14 993 кГц және 19 993 кГц, жиіліктеріне де қатысты, бірақ аталған жағдайлардың әрқайсысындағы сәулелену көрсетілген жиіліктің ±3 кГц жолағымен шектелуі тиіс. (ДРК -07).
5.112 Ауыстырылымды таратылу: Дания мен Шри-Ланкада 21942300 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.113 Радиохабар қызметімен 2300-2495 кГц (1-ауданда 2498 кГц), 3200-3400 кГц, 4750-4995 кГц және 5005-5060 кГц жиілік жолақтарын пайдалану шарттарын 5.16-5.20, 5.21 және 23.3-23.10 тармақтарынан қараңыз.
5.114 Ауыстырылымды таратылу: Дания мен Иракта 2502–2625 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-12).
5.115 Іздеу және құтқару бойынша үйлестірілген операцияларға қатысушы теңіздегі жылжымалы қызмет станцияларында 31 бапқа сәйкес 3023 кГц және 5680 кГц тасымалдаушы (эталондық) жиіліктері пайдаланылуы мүмкін. (ДРК-07).
5.116 Әкімшіліктер 3155-3195 кГц жолақтарын жалпы бүкіл дүниежүзілік аз қуатты сымсыз есту аппараттарын қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға рұқсат беруі керек. Жергілікті қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін әкімшіліктер бұл аппараттарға қосымша арналарды 3155 кГц және 3400 кГц аралығындағы жолақтарда тағайындауы тиіс.
3000-нан 4000 кГц аралығындағы жиіліктер индукция өрістерінің шеңберінде, аз қашықтықтарда жұмыс істейтін есту аппараттарына арналғанын атап өту керек.
5.117 Ауыстырылымды таратылу: Кот-д'Ивуар, Дания, Египет, Либерия, Шри-Ланка және Тогода 3155–3200 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.118 Қосымша таратылу: Америка Құрама Штаттары, Мексика, Перу мен Уругвайда 3230-3400 кГц жолағы радиолокациялық қызметке екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-03).
5.119 Қосымша таратылу: Гондурас, Мексика мен Перуде 3500–3750 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-07).
5.120 (Алынып тасталынған ДРК-2000).
5.121 Пайдаланылмаған.
5.122 Ауыстырылымды таратылу: Боливия, Чили, Эквадор, Парагвай, Перу және Уругвайда 3750–4000 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-07).
5.123 Қосымша таратылу: Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Замбия мен Зимбабведе 3900-3950 кГц жолағы 9.21 - тармақ бойынша тұтынушының келісімімен, бірінші реттік негізде радиохабар тарату қызметіне бөлінген.
5.124 (Алынып тасталынған ДРК-2000).
5.125 Қосымша таратылу: Гренландияда 3950-4000 кГц жолағы радиохабар тарату қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл жолақтарда қызмет істейтін радиотаратқыш станцияларының қуаты бұл елдің ұлттық қызметтеріне қажетті қуаттан аспауы керек және еш уақытта 5 кВт-тан артық болмауы қажет.
5.126 3-ауданда 3995-4005 кГц жолағы бөлінген қызмет станциялары стандартты жиіліктер мен уақыт сигналдарын бере алады.
5.127 4000-4063 кГц жолақ жиіліктерін теңіздегі жылжымалы қызметтерде пайдалану кемелік радиотелефондық станцияларымен шектеледі. (17 - Қосымшаны және 52.220 - тармақты қараңыз).
5.128 4063–4123 кГц және 4130–4438 кГц жолақтағы жиіліктер ерекше жағдайларда, байланысты өздері орналасқан елдердің шекараларында қамтамасыз ететін және орташа қуаты 50 Вт-тан аспайтын тіркелген қызмет станцияларында пайдаланыла алады да, олар теңіздегі жылжымалы қызметтерге кедергілер тудырмауы тиіс. Бұдан басқа Ауғанстан, Аргентина, Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ботсвана, Буркина-Фасо, Орталық-Африка Республикасы, Қытай, Ресей Федерациясы, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Мали, Нигер, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Чад, Түркіменстан және Украинада 40634123 кГц, 4130–4133 кГц және 44084438 кГц жолақтарында орташа қуаты 1 кВт-тан аспайтын, жағадан кемінде 600 км қашық орналасқан тіркелген қызмет станциялары, теңіздегі жылжымалы қызметке зиянды кедергілер тудырмайтын болса, жұмыс істей алады. (ДРК-12).
5.129 Алынып тасталынған.
5.130 4125 кГц және 6215 кГц тасымалдаушы жиіліктерін пайдалану шарттары 31 және 52 баптарда көрсетілген. (ДРК-07).
5.131 4209,5 кГц жиілігі жағалық станциялардың кемелерге тек қана қысқа жолақты әріпбасу тәсілімен метеорологиялық және навигациялық ескертулер мен жедел ақпараттарды жеткізу үшін пайдаланылады. (ДРК-97).
5.132 4210 кГц, 6314 кГц, 8416,5 кГц, 12 579 кГц, 16 806,5 кГц, 19 680,5 кГц, 22 376 кГц және 26100,5 кГц жиіліктері теңіздегі қауіпсіздік аппараттарын таратудың халықаралық жиіліктері болып табылады (MSI) (17 - қосымшаны қара).
57132А Радиолокация қызметтерінің станциялары тіркелген және жылжымалы қызметтерде жұмыс істейтін станцияларға зиянды бөгет жасамауы және олардан қорғаныс сұрамауы қажет. Радиолокация қызметінің қолданылуы 612 қарарға (ДРК-12 қайта қарастырылған) сәйкес әрекет ететін мұхиттанушы радарлармен шектелген. (ДРК-12).
5.132В Ауыстырылымды таратылу: Армения, Австрия, Беларусьь, Молдова, Өзбекстан және Қырғызстанда 4438-4488 кГц жиілік жолақтары, жылжымалы әуе (R) қызметтерін ескермегенде, тіркелген және жылжымалы қызметтеріне бірінші ретте бөлінген. (ДРК-12).
5.133 Басқа қызмет санаты: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Нигер, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Туркменстан және Украинда 5130–5250 кГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 тармағын қара). (ДРК-12).
5.133А Ауыстырылымды таратылу: Армения, Австрия, Беларусьь, Молдова, Өзбекстан және Қырғызстанда 5250-5275 кГц және 26 200-26 350 кГц жиілік жолақтары жылжымалы әуе қызметін қоспағанда тіркелген және жылжымалы қызметтер үшін бірінші ретті негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.134 5900–5950 кГц, 7300–7350 кГц, 9400–9500 кГц, 11 600–11 650 кГц, 12 050–12 100 кГц, 13 570–13 600 кГц, 13 800–13 870 кГц, 15 600–15 800 кГц, 17 480–17 550 кГц және 18 900–19 020 кГц жолақтарын радиохабар тарату қызметінде қолдану 12 бапқа сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшіліктерге 517 - қарарға сәйкес бұл жолақтарды цифрлы модуляциялы сәулеленуді енгізуге жағдай жасау үшін қолдану ұсынылады. (Қайта қарал. ДРК-07). (ДРК-07).
5.135 (Алынып тасталынған ДРК-97).
5.136 Қосымша таратылу: 5900–5950 кГц жолағы байланысты тек орналасқан елдің шекарасында қамтамасыз ететін келесі қызметтердің станцияларымен радиохабар тарату қызметіне зиянды кедергілер тудырмаған жағдайда пайдалануы мүмкін: тіркелген қызметте (барлық үш ауданда), құрылықтағы жылжымалы қызметте (1-ауданда), әуедегі жылжымалыны қоспағанда (R), жылжымалы қызметтер (2, 3-аудандарда). Бұл қызметтерге жиіліктерді пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің Радиобайланыс регламентіне сәйкес жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын ескеруі қажет. (ДРК-07).
5.137 6200-6213,5 кГц және 6220,5-6525 кГц жолақтары ерекше жағдайларда байланысты өздері орналасқан елдердің шекараларында ғана қамтамасыз ететін және орташа қуаты 50 Вт-тан аспайтын тіркелген қызмет станцияларында пайдаланыла алады, олар теңіздегі жылжымалы қызметтерге зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. Бұл жиіліктерді жарияларда Бюроның назары жоғарыда аталған шартта болуы керек.
5.138 Мындай жолақтар:
6765-6795 кГц (орталық жиілік 6780 кГц),
1-ауданда 433,05-434,79 МГц (орталық жиілік 433,92 МГц),
5.280 т. көрсетілген елдерді есептемегенде,
61-61, 5 (орталық жиілік 61,25 ГГц),
122-123 ГГц (орталық жиілік 122,5 ГГц) және
244-246 ГГц (орталық жиілік 245 ГГц)
өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық (ӨҒМ) қолдануларға арналған. Бұл жолақтарды ӨҒМ-да пайдалану әкімшіліктің арнайы рұқсатымен, радиобайланыс қызметтеріне қатысы бар басқа әкімшіліктердің келісімімен жасалынуы керек. Осы тәртіптерді пайдаланатын әкімшіліктер ХЭО-R-дің осыған сәйкес соңғы Ұсынымдарын ескеруі керек.
5.138А 2009 ж. 29 наурызға дейін 6765-7000 кГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде және құрылықтағы жылжымалы қызметке екінші реттік негізде бөлінген. Бұл мезгілден әрі қарай осы жолақ тіркелген және жылжымалы, әуедегі жылжымалыны қоспағанда (R), қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-03).
5.139 Қызметтің басқа санаты: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 6765–7000 кГц жолағы 2009ж. 29 наурызына дейін құрылықтағы жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т.). (ДРК-07)
5.140 Қосымша таратылу: Ангола, Ирак, Кения, Сомали және Тогода 7000-7050 кГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.141 Ауыстырылымды таратылу: Египет, Эритрея, Эфиопия, Гвинея, Ливия мен Мадагаскарда және Нигерде 7000-7050 кГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-12).
5.141А Қосымша таратылу: Өзбекстан және Қырғызстанда 7000-7100 кГц және 7100—7200 кГц жолақтары да тіркелген және құрылықтағы жылжымалы қызметтерге екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-03).
5.141B Қосымша таратылу: Алжир, Сауд Арабиясы, Австралия, Бахрейн, Ботсвана, Бруней-Даруссалам, Қытай, Комор Аралдары, Корея Республикасы, Диего-Гарсия, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритрея, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливия Араб Джамахириясы, Марокко, Мавритания, Жаңа Зеландия, Оман, Папуа-Жаңа Гвинея, Катар, Сирия Араб Республикасы, Сингапур, Судан, Тунис, Вьетнам және Йеменде 2009ж. 29 наурызынан кейін 7100-7200 кГц тіркелген және жылжымалы, әуедегі жылжымалыны қоспағанда (R), қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-12).
5.141С 1 және 3 -аудандарда 7100-7200 кГц жолағы 2009 ж. 29 наурызға дейін радиохабар тарату қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-03).
5.142 2009 ж. 29 наурызға дейін 7100-7300 кГц жолағын 2-ауданда әуесқойлық қызметіне қолдануы 1 және 3-ауданда тағайындалған радиохабар тарату қызметіне шектеу жасамауы керек. 2009ж. 29 наурызынан кейін 7200-7300 кГц жолағын 2-ауданда әуесқойлық қызметіне қолдану, 1 және 3-ауданда тағайындалған радиохабар тарату қызметіне шектеу жасамауы керек. (ДРК-03).
5.143 Қосымша таратылу: 7300–7350 кГц жолағындағы жиіліктер тіркелген қызмет және құрылықтағы жылжымалы қызмет станцияларымен пайдаланулары мүмкін, егер олар байланысты тек орналасқан елдің шекарасында қамтамасыз етсе және олар радиохабар қызметіне зиянды кедергілер тудырмаса. Бұл қызметтерге жиіліктерді пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің Радиобайланыс регламентіне сай жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын ескеуі қажет.
5.143А 7350-7450 кГц жолағы 3-ауданда 2009 ж. 29 наурызға дейін тіркелген қызметке бірінші реттік негізде және құрылықтағы жылжымалы қызметіне екінші реттік негізде бөлінген. 2009 ж. 29 наурыздан кейін бұл жолақтағы жиіліктер жоғарыда айтылған қызметтердің станцияларында, егер байланысты тек орналасқан елдің шекарасында қамтамасыз етсе және олар радиохабар қызметіне зиянды кедергілер тудырмаса, қолданылуы мүмкін,. Бұл қызметтерде жиіліктерді пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің радиобайланыс Регламентіне сай жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын ескеуі қажет. (ДРК-03).
5.143В 7350-7450 кГц жолағы 1-ауданда 2009ж. 29 наурызына дейін тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген және құрылықтағы жылжымалы қызметіне екінші реттік негізде бөлінген. 2009ж. 29 наурызынан кейін бұл жолақтағы жиіліктер жоғарыда айтылған қызметтердің станцияларына қолдануы мүмкін, егер байланысты тек орналасқан елдің шекарасында қамтамасыз етсе және олар радиохабар қызметіне зиянды кедергілер тудырмаса, әр станцияның жалпы сәулелену қуаты 24 дБВт-тан аспаса. (ДРК-03).
5.143С Қосымша таратылу: Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Комор Аралдарында, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран Ислам Республикасы, Ливия, Иордания, Кувейт, Марокко, Мавритания, Нигер, Оман, Катар, Сирия Араб Республикасы, Судан, Оңтүстік Судан, Тунис және Йеменде 7350-7400 кГц және 7400-7450 кГц жолақтары 2009ж. 29 наурызынан кейін тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ВКР-12).
5.143D 2-ауданда 7350-7400 кГц жолағы 2009 ж. 29 наурызға дейін тіркелген қызметке бірінші реттік негізде және құрылықтағы жылжымалы қызметіне екінші реттік негізде бөлінген. 2009 ж. 29 наурыздан кейін бұл жолақтағы жиіліктер жоғарыда аталған қызметтердің станцияларына пайдалануы мүмкін, егер байланысты тек орналасқан елдің шекарасында қамтамасыз етсе және олар радиохабар қызметіне зиянды кедергілер тудырмаса. Бұл қызметтерге жиіліктерді пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің радиобайланыс Регламентіне сай жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын ескеуі қажет. (ДРК-03).
5.143Е 7450-8100 кГц жолағы 2009 ж. 29 наурызға дейін тіркелген қызметке бірінші реттік негізде және құрылықтағы жылжымалы қызметіне екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-03).
5.144 3-ауданда 7995-8005 кГц жолағы бөлінген қызмет станциялары, стандарт жиіліктер мен уақыт сигналдарына бере алады.
5.145 8291 кГц, 12 290 кГц және 16 420 кГц тасымалдаушы жиіліктерін пайдалану шарттары 31 және 52 баптарында көрсетілген. (ДРК-07).
5.145А Радиолокация қызметінің станциялары тіркелген қызмет станцияларына бөгет жасамауы және олардан қорғаныс сұрамауы керек. Радиолокациялық қызметтің қолданылуы 612 – қарарға (ДРК-12 қайта қаралған) сәйкес жұмыс жасайтын мұхиттанушы радарлармен шектеледі. (ДРК-12).
5.146 Қосымша таратылу: 94009500 кГц, 11 60011 650 кГц, 12 050 12 100 кГц, 15 600–15 800 кГц, 17 480–17 550 кГц және 18 90019 020 кГц жолақтағы жиіліктер тіркелген қызмет станцияларымен пайдаланулары мүмкін, егер олар тек өздері орналасқан елдердің шекарасында байланысқа қолданылып, радиохабар қызметіне зиянды кедергілер тудырмаса. Тіркелген қызметтерге жиіліктерді пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің радиобайланыс Регламентіне сай жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын ескеруі қажет. (ДРК-07).
5.147 9775-9900 кГц, 11 650-11 700 кГц және 11 975-12 050 кГц жолақтағы жиіліктер тіркелген қызмет станцияларымен пайдаланылулары мүмкін, егер олар тек өздері орналасқан елдердің шекарасында байланысқа қолданылып, радиохабар қызметіне зиянды кедергілер тудырмаса және оның жалпы сәулелену қуаты 24 дБВт-тан аспаса.
5.148 (Алынып тасталынған ДРК-97).
5.149 Төмендегі жиілік жолақтары басқа қызмет станцияларына тағайындалғанда:
-
13 360-13 410 кГц
|
4 990-5 000 МГц
|
128,33-128,59 ГГц
|
25 550-25 670 кГц
|
6 650-6 675,2 МГц
|
129,23-129,49 ГГц
|
37,5-38,25 МГц
|
10,6-10,68 ГГц
|
130-134 ГГц
|
73-74,6 МГц 1 және 3 ауданда
|
14,47-14,5 ГГц
|
136-148,5 ГГц
|
150,05-153 МГц 1 ауданда
|
22,01-22,21 ГГц
|
151,5-158,8 ГГц
|
322-328,6 МГц
|
22,21-22,5 ГГц
|
168,59-168,93 ГГц
|
406,1-410 МГц
|
22,81-22,86 ГГц
|
171,11-171,45 ГГц
|
608-614 МГц 1 және 3 ауданда
|
23,07-23,12 ГГц
|
172,31-172,65 ГГц
|
1 330-1 400 МГц
|
31,2-31,3 ГГц
|
173,52-173,85 ГГц
|
1 610,6-1 613,8 МГц
|
31,5-31,8 ГГц 1 және 3 -ауданда
|
195,75-196,15 ГГц
|
1 660-1 670 МГц
|
36,43-36,5 ГГц
|
209-226 ГГц
|
1 718,8-1 722,2 МГц
|
42,5-43,5 ГГц
|
241-250 ГГц
|
2 655-2 690 МГц
|
48,94-49,04 ГГц
|
252-275 ГГц
|
3 260-3 267 МГц
|
76-86 ГГц
|
|
3 332-3 339 МГц
|
92-94 ГГц
|
|
3 345,8-3 352,5 МГц
|
94,1-100 ГГц
|
|
4 825-4 835 МГц
|
102-109,5 ГГц
|
|
|
4 950-4 990 МГц
|
111,8-114,25
|
|
|
әкімшіліктер радиоастрономиялық қызметті зиянды кедергілерден қорғаудың барлық шараларын қарастыруы керек. Әсіресе, радиоастрономиялық қызметке кедергілер тудырудың қауіпті көздері ғарыш және әуедегі станциялардың сәулеленулері болуы мүмкін (4.5 және 4.6 - тармақтарды және 29 - бапты қара). (ДРК-2000).
5.149А Ауыстырылымды таратылу: Армения, Австрия, Беларусьь, Молдова, Өзбекстан және Қырғыстанда 13 450-13 550 кГц жиілік жолағы бірінші рет негізінде тіркелген қызметке, ал жылжымалы қызметке, жылжымалы әуе қызметін (R) қоспағанда, екінші рет негізінде бөлінген. (ДРК-12).
5.150 Келесі жолақтар:
13 553-13 567 кГц (орталық жиілік 13 560 кГц),
26 957-27 283 кГц (орталық жиілік 27 120 кГц),
40,66-40,70 МГц (орталық жиілік 40,68 МГц),
902-928 МГц 2 -ауданда (орталық жиілік 915 МГц),
2400-2500 МГц (орталық жиілік 2450 МГц),
5725-5875 МГц (орталық жиілік 5800 МГц), и
24-24,25 ГГц (орталық жиілік 24,125 ГГц)
өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық (ӨҒМ) қолдануларға арналған. Бұл жолақтардағы радиобайланыс қызметтерімен жұмыс істейтіндер мұндай пайдаланымдағы пайда болатын зиянды кедергілерге төзулері керек. Өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық жабдықтар бұл жолақтарда 15.13 ережелеріне сәйкес жұмыс істейді.
5.151 Қосымша таратылу: 13 57013 600 кГц и 13 80013 870 кГц жолақтардағы жиіліктер тіркелген және жылжымалы, әуедегі жылжымалыны қоспағанда (R), қызмет станцияларымен пайдаланылулары мүмкін, егер олар тек өздері орналасқан елдердің шекарасында байланысқа қолданылып, радиохабар қызметіне зиянды кедергілер тудырмаса. Тіркелген қызметтерге жиіліктерді пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің радиобайланыс Регламентіне сай жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын ескеруі қажет. (ДРК-07).
5.152 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Қытай, Кот-д'Ивуар, Ресей Федерациясы, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 14 250-14 350 кГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде бөлінген, тіркелген қызмет станцияларының сәулелену қуаты 24 дБВт-тан аспау керек. (ДРК-03).
5.153 3-ауданда 15 995-16 005 кГц жолағы бөлінген қызмет станциялары стандарттық жиіліктер мен уақыттық сигналдарын бере алады.
5.154 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 18 068-18 168 кГц жолағы тіркелген қызметке бірінші реттік негізде, олардың өз шекараларында, шыңдық айналу қуаты 1 кВт-тан аспаған жағдайда, пайдалануға бөлінген. (ДРК-03).
5.155 Қосымша таратылу: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия, Тәжікстан, Түркіменстанда және Украинада 21 850–21 870 кГц жолағы жылжымалы әуе қызметіне (R) бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК 07).
5.155A Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Қазақстан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 21 850–21 870 кГц жолағын тіркелген қызметтің пайдалануы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерімен шектелген. (ДРК-07).
5.155В 21 870-21 924 кГц жолағын тіркелген қызметтің пайдалануы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерімен шектелген.
5.156 Қосымша таратылу: Нигерияда 22 720-23 200кГц жолағы қосымша метеорология қызметіне (радиозондтар) бірінші реттік негізде бөлінген.
5.156А 23 200-23 350 кГц жолағын тіркелген қызметпен пайдаланылуы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерімен шектелген.
5.157 23 350-24 000 кГц жолағын жылжымалы теңіздегі қызметтің пайдалануы кемелер арасындағы радиотелеграф байланысымен шектелген.
5.158 Ауыстырылымды таратылу: Армения, Австрия, Беларусьь, Молдова, Өзбекстан және Қырғызстанда 24 450-24 600 кГц жолағы бірінші реттік негізде тіркелген және құрлықтағы жылжымалы қызметтерге бөлінген. (ДРК-12).
5.159 Ауыстырылымды таратылу: Армения, Австрия, Беларусьь, Молдова, Өзбекстан мен Қырғызстанда 39-39,5 МГц жиілік жолағы бірінші реттік негізде тіркелген және жылжымалы қызметтерге бөлінген. (ДРК-12).
5.160 Қосымша таратылу: Ботсвана, Бурунди, Конго Демократиялық Республикасы және Руандада 41-44 МГц жолағы, сондай-ақ әуедегі радионавигациялық қызметке де бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.161 Қосымша таратылу: Иран Ислам Республикасы мен Америка Құрама Штаттарында 41-44 МГц жолағы, сондай-ақ радиолокация қызметіне де екінші реттік негізде бөлінген.
5.161А Қосымша таратылу: Корея Республикасы мен Жапонияда 41, 015-41,665 МГц жиілік жолағы радиолокация қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Радиолокация қызметінің станциялары тіркелген және жылжымалы қызметтер станцияларына зиянды бөгет жасамауы немесе олардан қорғаныс сұрамауы тиіс. Радиолокациялық қызметтің қолданылуы 612 - қарарға сәйкес (ДРК-12 қайта қаралған) жұмыс жасайтын мұхиттанушы радарлармен шектеледі. (ДРК-12).
5.161В Ауыстырылымды таратылу: Албания, Германия, Армения, Австрия, Беларусьь, Белгия, Босния мен Герцеговина, Болгария, Кипр, Ватикан, Хорватия, Дания, Испания, Эстония, Финляндия, Франция, Греция, Венгрия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Македония бұрынғы Югославия Республикасы, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мальта, Молдова, Монако, Черногория, Норвегия, Өзбекстан, Нидерланд, Польша, Португалия, Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Біріккен Корольдіктер, Сан-Марино, Словения, Швеция, Швейцария, Түркия және Украинада 42-42,5 МГц жиілік жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.162 Қосымша таратылу: Австралияда 44-47 МГц жолағы радиохабар қызметіне де бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.162A Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Белгия, Босния мен Герцеговинада, Қытай, Ватикан, Дания, Испания, Эстония, Ресей Федерациясы, Финляндия, Франция, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, бұрыңғы Югославия Республикасы Македония, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Монако, Черногорие, Норвегия, Нидерланд, Польша, Португалия, Чех Республикасы, Біріккен Корольдіктер, Себия, Словения, Швеция мен Швейцарияда 46-48 МГц жолағы радионавигациялық қызметіне екінші реттік негізде бөлінген. Бұл пайдаланым жел пішіні радарларының жұмысымен 217 - қарарға (ДРК-97) сәйкес шектеледі. (ДРК-12).
5.163 Қосымша таратылу: Армения, Беларусьь, Ресей Федерациясы, Грузия, Венгрия, Қазақстан, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинада 47-48.5 МГц және 56.5-58 МГц жолақтары тіркелген және құрлықтағы жылжымалы қызметтерге екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.164 Қосымша таратылу: Албания, Алжир, Германия, Австрия, Белгия, Босния, мен Герцеговина, Ботсвана, Болгария, Кот-д'Ивуара, Дания, Испания, Эстония, Финляндия, Франция, Габон, Греция, Ирландия, Израил, Италия, Иордания, Ливан, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мадагаскар, Мали, Мальта, Марокко, Мавритания, Монако, Черногорие, Нигерия, Норвегия, Нидерланд, Польша, Сирия Араб Республикасы, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Біріккен Корольдіктер, Сербия, Словения, Швеция, Швейцария, Свазиленд, Чад, Того, Тунис, Түркияда 47-68 МГц жолағы, Оңтүстік Африка Республикасында 47-50 МГц жолағы, Латвияда 48,5-56,5 МГц жолағы құрылықтағы жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Алайда осы ескертпедегі әрбір жолақтарға қатысты аталған елдер станциялары аталмаған елдердің іске қосылған және болашақта қосылатын радиотарату станцияларына зиянды кедергілер тудырмауы және олардан қорғанысты талап етпеуі тиіс. (ДРК-12).
5.165 Қосымша таратылу: Ангола, Камерун, Конго Республикасы, Мадагаскар, Мозамбик, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Танзания және Чадта 47-68 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы қызметті қаспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.166 Ауыстырылымды таратылу: Жаңа Зеландияда 50-51 МГц жолағы тіркелген, жылжымалы және радиохабар қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлінген; 53-54 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.167 Ауыстырылымды таратылу: Бангладеш, Бруней-Даруссалам, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Пәкістан, Сингапур және Тайландта 50-54 МГц жолағы тіркелген, жылжымалы және радиохабар қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-07).
5.167A Қосымша таратылу: Индонезияда 50–54 МГц жолағы тіркелген, жылжымалы және радиохабар қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-07).
5.168 Қосымша таратылу: Австралия, Қытай және Корей Халық Демократиялық Республикасында 50-54 МГц жолағы, сондай-ақ радиохабар қызметтеріне де бірінші реттік негізде бөлінген.
5.169 Ауыстырылымды таратылу: Ботсвана, Лесото, Малави, Намибия, Конго Демократиялық Республикасы, Руанда, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Замбия және Зимбабведе 50-54 МГц жолағы әуесқойлық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Сенегалда 50-51 МГц жолағы әуесқойлық қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.170 Қосымша таратылу: Жаңа Зеландияда 51-53 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген.
5.171 Қосымша таратылу: Ботсвана, Лесото, Малави, Мали, Намибия, Конго Демократиялық Республикасы, Руанда, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Замбия және Зимбабведе 54-68 МГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметке, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).
5.172 Қызметтің басқа санаты: 2-ауданда Француздың теңіз арғы жақ департамнттерінде, Гайана, Ямайка және Мексикада 54-68 МГц жолақтары тіркелген және жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.(5.33 т. қара).
Достарыңызбен бөлісу: |