мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидалары
3 параграф. Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін жедел айқындау, келісу және шешім қабылдау
28. ЖЭПТ негізінде оңтайлы МАТЖ әдістерін жедел айқындау келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кемелерден мұнайдың авариялық төгілуі және шығу тегі белгісіз мұнай төгілуінің орын алуы;
еегер МАТЖ-ның оңтайлы әдістерін айқындау теңіз объектілері мен порттардан мұнайдың төгілуі кезінде жүргізілмесе;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің МАТЖ әдістерін олардың тиімсіздігіне байланысты қайта қарау туралы талаптары.
29. ЖЭПТ негізінде оңтайлы МАТЖ әдістерін жедел айқындау үшін келесі ақпарат қажет:
төгілудің мөлшері мен орны;
мұнай сипаттамасы (тығыздығы, тұтқырлығы, қату және жану температурасы);
ағымдағы және болжамды гидрометео жағдайлар (жел мен ағыс жылдамдығы, қоршаған орта температурасы);
дақтың дрейф болжамы (жағалауға және жағалаудағы құрылымдарға, таяз суға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жету уақыты);
мұнайдың төгілуіне сезімтал экологиялық аудандарды/объектілерді және әлеуметтік-экономикалық объектілерді қорғаудың басымдығы.
Мұнайдың төгілуі кемелерден және шығу тегі белгісіз болған кезде ЖЭПТ жүргізу үшін ақпарат жинау жөніндегі іс-қимылдар осы Қағидалардың
3-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
30. Кемелерден мұнайдың төгілуі кезінде және шығу тегі белгісіз болған кезде мұнайдың төгілуін жоюды Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің Ұлттық жоспарының (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) талаптарына сәйкес тиісті облыстың әкімдігі шарт негізінде тартатын мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
31. Кемелерден мұнайдың төгілуі және шығу тегі белгісіз болған кезде МАТЖ-ның оңтайлы әдістерін жедел анықтауды мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйым жүзеге асырады. Әдістерді қолдануға келісу келесі жағдайларда тиісті облыстың қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшесін хабарлау арқылы жүзеге асырылады:
судың тереңдігі 10 метрден астам және жағадан 1 километрден астам қашықтықта диспергенттерді қолданған кезде;
елді мекеннен 5 километрден астам қашықтықта мұнай дағын жағу кезінде;
өртеуге жататын мұнай дағын оқшаулау мақсатында хердерлерді қолдану кезінде.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері осы әдістердің қолданылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырып, олар тиімсіз болған жағдайда МАТЖ әдістерін қайта қарауды талап етуге құқылы.
32. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органнан келіп түскен ақпарат бойынша жергілікті атқарушы орган облыс Әкімінің өкімі негізінде келесі құрамда ЖЭПТ негізінде МАТЖ әдістері бойынша шешім қабылдау, келісу және айқындау жөніндегі жедел жұмыс тобын дереу шақырады:
1) әкім немесе әкімнің орынбасары – ЖЭПТ негізінде МАТЖ әдістерін айқындау жөніндегі жедел жұмыс тобының жетекшісі;
2) жергілікті атқарушы орган;
3) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері;
4) мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе теңіздегі қондырғы немесе осы объектілерден мұнай төгілген жағдайда порт, кеме иесі немесе кеме капитаны;
5) қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу институттары мен сарапшылар.
Жұмыс тобы ЖЭПТ негізінде МАТЖ оңтайлы әдістерін анықтау, сондай-ақ мұнай төгілуінің салдарын жұмсарту бағалау матрицасын толтыру бойынша білімі бар өкілдер қатарынан құрылады.
33. ЖЭПТ негізінде МАТЖ оңтайлы әдістерін жедел айқындау, келісу және шешім қабылдау мұнайдың төгілуі анықталған немесе МАТЖ әдістерін қайта қарау туралы мемлекеттік органдардың талаптары түскен сәттен бастап бір сағат ішінде жүзеге асырылады.
34. ЖЭПТ негізінде МАТЖ әдістерін анықтау, келісу және шешім қабылдау жөніндегі жедел жұмыс тобының жұмыс тәртібі:
1) кемелерден және шығу тегі белгісіз мұнай төгілген жағдайда мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйым, осы объектілерден мұнай төгілген жағдайда, теңіз объектісі немесе порт мұнайдың төгілуі туралы ағымдағы мәліметтерді ұсынады (төгілген жердің координаттары, мұнайдың түрі, төгілген мұнай көлемі, ауа-райы және климаттық жағдайлар, қабылданған шаралар);
2) теңіз объектісі немесе порт осы объектілерден мұнай төгілген жағдайда, басқа оңтайлы МАТЖ әдістерін таңдау қажеттілігін негіздейтін, мұнай төгілуін азайтуды бағалаудың аяқталған матрицасына негіздейтін қосымша қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
3) мұнайдың төгілуі салдарын жұмсартуын бағалау матрицасын жедел жұмыс тобының қатысушылары (теңіз объектісінде немесе портта мұнайдың төгілуі кезінде) толтырады немесе қайта қарайды;
4) МАТЖ оңтайлы әдістері бойынша шешім қатысушылардың абсолюттік көпшілік дауысымен қабылданады. Жұмыс тобына қатысушылардың біреуінің болмауы шешім қабылдауға кедергі болмайды;
5) МАТЖ-ның қабылданған оңтайлы әдістері бойынша кемелерден және шығу тегі белгісіз кемелерден мұнайдың төгілуі кезінде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйым, теңіз объектісі немесе порт ресурстардың болуы тұрғысынан іске асыру мүмкіндігін қарайды. Белгілі бір ресурстардың болмауы және қосымша жабдықтарды тартуға жәрдем көрсету қажеттілігі ЖЭПТ негізінде МАТЖ әдістерін айқындау жөніндегі жедел жұмыс тобы шеңберінде шешіледі;
6) жедел штаб/жедел жұмыс тобы отырысының хаттамасын жергілікті атқарушы орган мұнайдың төгілуі салдарларының жұмсаруын бағалау матрицасын қоса бере отырып жүргізеді;
7) кемелерден шыққан және шығу тегі белгісіз мұнайдың төгілуі кезінде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйым, теңіз объектісі немесе порт МАТЖ әдістері бойынша жедел штабтың/жедел жұмыс тобының қабылдаған шешімінің негізінде мұнайдың төгілуін жоюын жүзеге асырады;
8) қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері осы әдістердің қолданылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, олар тиімсіз болған жағдайда МАТЖ әдістерін қайта қарауды талап етуге құқылы.
35. Егер төгілу кемеден немесе шығу тегі белгісіз төгілу болса, мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістері бойынша келісу және шешім қабылдау осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
36. Егер компания немесе порт аумағында төгілу орын алған болса, мұнайдың төгілуін Жедел тәртіппен жоюдың оңтайлы әдістері бойынша келісу және шешім қабылдау осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
37. ЖЭПТ негізінде МАТЖ әдістерін айқындау жөніндегі жедел жұмыс тобы мұнай төгілуіне байланысты жергілікті, өңірлік немесе жаһандық сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанға дейін өз қызметін жүзеге асырады. Мұнайдың төгілуіне байланысты жергілікті, өңірлік немесе жаһандық сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде ЖЭПТ негізінде мұнайдың төгілуін жою әдістерін айқындау жөніндегі жедел жұмыс тобы мұнайдың төгілуіне байланысты төтенше жағдайды жоюды басқарудың жедел штабының құрамына енгізіледі.