Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидалары


тарау. Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және шешім қабылдау тәртібі



бет2/5
Дата10.02.2023
өлшемі133.31 Kb.
#469389
1   2   3   4   5
мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидалары

2 тарау. Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және шешім қабылдау тәртібі

1 параграф. Жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу кезеңдері

8. ЖЭПТ негізінде МАТЖ әдістерін айқындау және таңдау кезінде адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны барынша қорғауды бағдарлау қажет.


9. ЖЭПТ әзірлеу кезінде басқа да ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институтының мамандарын тартылады.
10. ЖЭПТ өткізуі келесі кезеңдерді қамтиды:
1) ақпаратты жинау және бағалау:
мұнайдың авариялық төгілуінің жағымсыз әсеріне шалдыққан табиғи орта, жануарлар мен өсімдіктер, төгілген мұнайдың физикалық және химиялық сипаттамалары, сақтық аймағындағы геоморфологиялық объектілер, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың мемлекеттік кадастрына енгізілген сезімтал экожүйелеріне мұнайдың авариялық төгілуінің ықтимал әсері және аймақтың әлеуметтік-экономикалық объектілері туралы (балық шаруашылығы, рекреациялық аймақтар, су жинау ғимараттары және т.б.), оның ішінде, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне және олардың тіршілік ету ортасына келтірілетін ықтимал залал туралы;
табиғи ортаның салыстырмалы маңыздылығы, мұнайдың әсерінен оны табудың рұқсат етілген уақыты, табиғи ортаны қалпына келтіруге кететін уақыт туралы;
эксперименттік деректер және орын алған мұнай төгілулері туралы, сондай-ақ қолданылған МАТЖ әдістері туралы;
салыстырмалы талдау жүргізу жолымен осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес МАТЖ әдістерінің мүмкіндіктері мен шектеулері туралы;
2) мұнай дағының ауа райы және климат жағдайларына қарай таралуы мен қозғалысын математикалық және/немесе компьютерлік үлгілеу негізінде мұнай төгілуінің ықтимал сценарийлерін әзірлеу арқылы мұнай төгілуінің ықтимал әсерін болжау және оларды жою әдістерін айқындау.
Келесі ресурстар бойынша мұнайдың авариялық төгілуінің ықтимал әсерін болжау:
құстар мен итбалықтар – мұнай дағының масштабы мен тұрақтылығы;
балық шаруашылығы және теңіз флорасы мен фаунасы – мұнайдың шоғырлануы және әсер ету ұзақтығы;
демалуға арналған жағажайлар, биологиялық өнімділік аймақтары, су алу имараттары-мұнайдың авариялық төгілу масштабы, сақтандыру аймағының түрі, мұнай қабыршағының қалыңдығы;
3) экологиялық және әлеуметтік салдарға байланысты МАТЖ әдістерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін бағалау:
қоршаған ортаны қорғау және мұнай дағының жою басымдықтарын таңдау кезінде ымыралы шешімдер іздеу;
МАТЖ әдістерін таңдау кезінде ымыралы шешімдер іздеу;
4) мұнайдың авариялық төгілуінің сценарийіне қарай МАТЖ оңтайлы әдісін таңдау немесе оларды комбинациялау.
11. ЖЭПТ ннегізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау Кодекстің 398-бабы 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
12. ЖЭПТ негізінде мұнайдың төгілуіне әсер етудің ең жақсы әдістерін айқындау алдын-ала және (немесе) жедел мұнай төгілуінің орын алуы және әрекет ету жағдайында жүзеге асырылады.
13. ЖЭПТ негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін алдын ала айқындау ЖЭПТ әрбір кезеңі бойынша ақпарат пен деректерді қамтитын есеп түрінде ресімделеді. ЖЭПТ негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындаудың жедел тәртібі қолда бар деректер мен жедел ақпаратқа сүйене отырып жүзеге асырылады, ЖЭПТ негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау жөніндегі мұндай есеп мұнайдың төгілуі салдарын жұмсартуды бағалау матрицасын қоса бере отырып, қысқартылған түрде ұсынылады.
14. Мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін қолдану және келісу жөніндегі іс-қимылдар алгоритмі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
15. ЖЭПТ негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау белгілі бір типтік жағдайлар: жыл мезгілі, теңіз тереңдігі, өзгерістерді талап етпейтін жер үшін мұнайдың төгілуін жоюдың жалпылама тәсілі ретінде қарастырылады.
2 параграф. Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін алдын ала айқындау, келісу және шешім қабылдау

16. ЖЭПТ негізінде МАТЖ-ның оңтайлы әдістерін алдын ала айқындау алдын ала келісім алуға және ЖЭПТ айқындалған әдістерге сәйкес келетін ресурстар мен персоналдың дайын болуын қамтамасыз етуге, тасымалдау тәсілдері мен орналасу орындарын айқындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің Ұлттық жоспарына сәйкес Объектілік жоспарды әзірлеу кезінде талап етілетін өзге де мәселелерді пысықтауға мүмкіндік береді.


17. ЖЭПТ негізінде МАТЖ оңтайлы әдістерін алдын ала анықтау теңіз объектілері мен порттар үшін 5 жыл мерзімділігімен талап етіледі. Кәсіпорындағы ЖЭПТ негізінде оңтайлы МАТЖ әдістерін алдын ала айқындау тәртібі ішкі процедуралар мен ережелермен анықталады.
18. Егер жергілікті атқарушы орган кемелерден мұнайдың төгілуін жою және шығу тегі белгісіз қызметтерді көрсету үшін мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды шарт негізінде тартса, олардың алдын ала ЖЭПТ жүргізуі қажет.
Кемелерден және шығу тегі белгісіз мұнайдың төгілуі үшін Қағидаларымен белгіленген тәртіппен келісілген ЖЭПТ теңіздегі, ішкі су айдындарындағы және облыстың сақтандыру аймағындағы мұнайдың төгілуін жою жөніндегі дайындық пен іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарының бөлігі болып, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарының Объектілік жоспарын әзірлеу үшін негіз болып табылады..
19. ЖЭПТ негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау жөніндегі есеп (бұдан әрі – Есеп) қарар бөлігінде мұнайдың төгілуі салдарын жұмсартуды бағалаудың толтырылған матрицасын қамтиды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарауға және келісуге ұсынылады.
20. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Есепті 30 жұмыс күні ішінде қарайды және мұнайдың төгілуін жою әдістерін келісуді сұратқан тиісті хатты жіберу арқылы оны келіседі немесе келіспейді. Оңтайлы әдістерді келісу мүмкін болмаған кезде пысықтауды талап етумен немесе осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мүдделі уәкілетті органдармен қосымша келісу қажеттілігімен келісуден бас тартудың дәлелді негіздемесі жіберіледі.
Оларды қолданудың мынадай әдістері мен шарттарының болуы бас тартуға негіз болып табылады:
1) елді мекеннен 5 километрден кем қашықтықта мұнай дағын жағу;
2) өртеуге жататын мұнай дағын оқшаулау мақсатында хердер қолдану;
3) судың тереңдігі 10 метрден кем және жағадан 1 километрден кем қашықтықта диспергенттерді қолдануға жол берілмейді.
21. Қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, су ресурстарын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың Есепті келісуі келесі жағдайларда ғана талап етіледі:
1) мұнай тайқынын жағу кезінде, елді мекеннен 5 шақырымға жетпеген қашықтықта;
2) өртеуге жататын мұнай дағын оқшаулау мақсатында хердерлерді қолдану кезінде;
3) судың тереңдігі 10 метрден кем және жағадан 1 километрден кем қашықтықта диспергенттерді қолданған кезде.
22. Есепті келісу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мүдделі мемлекеттік органдармен тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобын шақырады, сондай-ақ дауыс беру құқығынсыз жергілікті атқарушы органдарды, есеп берген компанияны және қажет болған кезде ЖЭПТ негізінде МАТЖ-тың оңтайлы әдістерін айқындау, сондай-ақ шешімдер матрицасын толтыру жөнінде білімі бар ғылыми-зерттеу институттары мен сарапшыларды шақырады.
23. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тұрақты жұмыс тобы шақырылғанға дейін танысу және қарау үшін Есепті 30 күн бұрын жібереді. Жұмыс тобы жарты жылда кемінде бір рет шақырылады.
24. Жұмыс тобының отырысында Есеп пен МАТЖ оңтайлы әдістерін іріктеу бойынша негіздемесі тыңдалады, сондай-ақ мұнайдың төгілуі салдарын жұмсартудың бағалау матрицасы қаралады.
25. Жұмыс тобының мүшелері МАТЖ оңтайлы әдістерін таңдау бойынша консенсусқа келуі қажет. Шешім жұмыс тобы мүшелерінің абсолютті көпшілік дауысымен қабылданады және хаттама түрінде ресімделеді.
26. ЖЭПТ келісуі Объектілік жоспарға енгізу және инцидент туындаған кезде мұнайдың төгілуін жоюдың іріктелген оңтайлы әдістерін қолдану үшін негіз болып табылады.
27. Қабылданған хаттама негізінде МАТЖ-ның оңтайлы әдістері келісілген болып саналады, оған сәйкес компания осы оңтайлы әдістерді Объектілік жоспарға әзірлеуге және енгізуге кіріседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет