Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы


Жеке жұмыстар орындағанда қауіпсіздік талаптары



бет5/8
Дата14.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#135779
1   2   3   4   5   6   7   8

17. Жеке жұмыстар орындағанда қауіпсіздік талаптары
1-параграф. Жүк тиеу және түсіру жұмыстары
      249. Жүк тиеу және түсіру жұмыстары арнайы қатты және тегіс жерде жүргізіледі.
      250. Жүк тиеу және түсіру жұмыстары механикалық әдіспен көтеру-тасу жабдығында (крандар, жүк тиегіш машиналар) және кіші механизация құралдарымен (блоктар) жүргізіледі.
      251. Жүк тиеу және түсіру жұмыстарында механикалық әдіс 20 кг асатын және 3 м аса биіктікке жүктерді көтеру үшін міндетті.
      252. Жүкті қолмен тасығанда 18 жастан асқан бір ер адамға біркелкі көлденең тегістікте 20 килограмм артық, ал әйел адамға 10 килограмм артық көтеруге болмайды (осы Талаптардың 11-қосымшасы).
      253. Трансформаторларды, машиналарды және басқа да ауыр жүктерді көтеруге арқандарға ілу жүйесі қарастырылады. Трос арқаны каркастарға, рамаларға және бұл тізбекке арналған арнайы бөлшектерге беку керек (шығыршықтар, қапсырмалар).
      254. Ауыр жүктерді катоктардың көмегімен көлденең тегістік үстімен жүргізуге болады.
      255. Катокпен тасымалдаған кезде, жол бүкіл бөгде заттардан тазаланады. Каток шеттері жүктен 0,5 м-ден артық шығып тұрмауы керек. Катокты жүк астына әкелу үшін сүймен және домкраттарды қолдану керек. Жүк аунап кетпеуі үшін, жүктің алдыңғы бөлігіне салынатын қосымша катоктар қажет.
      256. Жүк көлбеу тегістікпен келе жатқанда, оның өз салмағының арқасында төмен қарай сырғып түсіп кетпеуі үшін, тежегіш қондырғылар қолдану қажет.
      257. Тасымалданып, көтеріліп, төмен түсіп келе жатқан жүктің астында тұруға болмайды.
      258. Бүкіл жүк тиеу және түсіру жұмыстарды қолқап, ал жүккөтергіш механизм көмегімен жасалатын жұмысты қорғаныс қалпағын киіп орындау керек.
2-параграф. Биіктіктегі жұмыстар
      259. Биіктіктегі жұмыстар болып жерден вертикаль бойынша 1,3 м жоғары қашықтықта орындалатын жұмыстарды айтады.
      260. Биіктіктегі жұмыстарға 18-ден жас емес, медициналық тексерісті өткен, және жарамды деп есептелген, тиісті бағдарлама бойынша оқытылған және биіктіктегі жұмыстарға рұқсаты бар тұлғалар рұқсат етіледі.
      261. Биіктікте жұмыс жасағанда, орындалып жатқан жұмыстардың сипаттамасы мен жағдайына байланысты арнайы қондырғылар қолданылады: төсеніштер, баспалдақтар, жылжымалы сатылар және басқа да құралдар. Кез келген тіректерді (жәшіктер, кірпіштер) қолдануға тыйым салынады.
      262. Ағаш төсеніштер құрғақ қылқан немесе жапырақтан жасалған, жарықсыз және бұтақсыз ағаштан жасалуы тиіс. Қолданылатын тақтайшалардың жуандығы кем дегенде 50 мм болу қажет.
      263. Ағаш төсеніштердің ені кемінде бір метр беті болу керек, тақтайлар арасындағы саңылаулар 5 мм аспау керек. Төсеніштің майысуы максималды есеп қуатында 20 мм аспау керек. Төсеніштің шетінен жөнделетін құрылысқа дейінгі қашықтық 50 мм аспау керек. Өңдеу жұмыстары кезінде – саңылау 150 мм. Жұмыс жүргізілмеген кезде, ғимарат пен орман арасындағы осындау саңылау жабылу керек.
      264. Төсеніштердің тұтқасы, шеттері (борт тақтайшасы) және бір аралық көлденең элемент болуы керек. Тұтқасының биіктігі – 1 м, ал шеттері - 0,15 м кем емес. Төсеніш тұрақтарының қашықтығы 2 м аспауы керек.
      Төсенішке борт тақтайшалары орнатылады, тұтқалары тіректердің ішкі жақтарына бекітіледі. Ағаш тұтқаларда шөгір болмауы керек.
      265. Қызмет ету кезінде, сонымен қатар, электр қондырғыларын жөндеу барысында металл сатылар мен жеңіл баспалдақтарды қолдануға болмайды. Тасымал сатылар мен жеңіл баспалдақтар құрғақ кесілген қылқан бұтақсыз материалдардан жасалады. Бүкіл сатылардың бөлшектерінің сыртқы қабаты жонылған, тегіс болуы керек.
      266. Саты баспалдақтары садақ бауындау кесілген болуы керек. Баспалдақ аралары 0,25 м кем емес, 0,4 м артық емес болуы керек.
      267. Баспалдақтың бауы диаметрі 8 мм кем емес әр 2 м сайын және жоғарғы мен төменгі сатылары тартқыш бұрандамамен бекінуі тиіс.
      268. Тасымал сатының ұзындығы жұмыс жасауға мүмкіндік туғызуы керек. Ең соңғы сатыдан жұмысшы 1 м-ден кем емес қашықтықта тұруы керек. Саты ұзындығы 5 м-ден артпауы керек.
      Тасымал сатыны тегістіктен 700-750 бұрышта тұруы керек. Сатыны, жоғарғы жағында қосымша тірексіз, 750 бұрыштан артық орнатуға болмайды.
      269. Тасымал сатының төменгі жағында үшкір қаптамасы бар, ал тегіс немесе кедір-бұдырлы еденге (паркет, плитка, бетон) қою үшін резина аяқ киімі бар. Қажет болған жағдайларда, сатының жоғарғы жақтарында арнайы ілмектер бар. Жылжымалы сатымен 1,3 м-ден астам биіктіктегі жұмыста ғимарат құрылымына немесе сатыға бекіген сақтандырушы белдік кию қажет.
      270. Алаңды жеңіл баспалдақтар пирамида тәріздес, берік және оңай жылжитын болуы керек. Доңғалағы бар жеңіл баспалдақтың жұмыс барысында доңғалақтарын тежейтін тежегіштері болуы керек. Жеңіл баспалдақ алаңының биіктігі 1,0 м, және қоршауға алынады (тірек пен таяныш)
      271. Жылжымалы сатылардың өздігінен ашылып кетуін болдырмайтын тежегіштері болуы керек.
      272. Таянышы жоқ сатының жоғарғы екі сатысынан жұмыс жасауға, баспалдағында бір адамнан артық адамдардың орналасуына тыйым салынады. Биіктіктен бір сатыдан екінші сатыға өтуге.
      273. Сатыда жұмыс жасауға болмайды:
      жұмыс жасап жатқан машинаның, біліктердің, тегершіктердің, транспортерлердің қасында немесе үстінде.
      механикалық құрал қолдана отырып, сымдар тартып және биіктікте ауыр заттар ұстап тұруға;
      тасымалды электр құралымен.
      Көрсетілген жұмыстарды орындау үшін, арнайы ағаш материалдарын немесе таянышы бар жеңіл баспалдақтарды қолдану керек.
      274. Баспалдақта жұмыс жасаудан бұрын, оны дұрыс орнатып, беріктігіне сеніп алған жөн.
      275. Егер адамдар жүрген жерде сатының жоғарғы жағын берік орнатуға мүмкіндік жоқ болса, сатының құлауын алдын алу мақсатында, оны екінші адам қолымен ұстап тұруы керек (сатының сирақтарында қаптама болған жағдайда да).
      276. Баспалдақ торының маршында биіктікте жұмыс жасау үшін, арнайы төсеніштер пайдалану керек.
      277. Ағаш сатыны тексерген уақытта, материалдың күйі, оның талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
      Баспалдақтарда ұзындығы бойынша жарықтардың ұзындығы көп дегенде 100 мм ал тереңдігі – 5 мм. Жарықтардың орналасуы мен бағыты баспалдақты әлсіретпеу керек. Жарықтарды қандай болса да әдіспен желімдеп, жабуға болмайды.
      Ені бойынша жарықтар болуы мүмкін емес.
      Баспалдақтардың металл бөліктерінде жарықтар, шөгірлер немесе өткір жиектер болмау керек. Тетиваның төменгі тірек бөлігі тексеріледі. Тіректер берік бекітіліп, люфты болмау керек. Резина бөліктері өшірілген жағдайда, олар ауыстырылып, мұқалған шабақтар қайралуы тиіс.
      278. Баспалдақтар мен сатыларды жаңадан жасап немесе толық жөндеуден өткізгеннен кейін жай тұрғанда 150 килограмм, ал пайдалану барысында 120 килограмм статикалық салмақпен сынақтан өткізіледі. Аталған жүк 20 минутке қабырғаға немесе құрылғыға сүйеп қойған баспалдақ немесе сатының тиянақталмаған жазықтыққа 75 градус қатысты етіп орта тұсына салынып, сыналады. Жүкті түсіргеннен кейін баспалдақтарда және олардың адырнаға кіріктірген тұстарында ақаулар болмауы керек.
      279. Егер сатының баспалдақтары біріктірілген қос иінінде де болса, бірінші иінін сынаған тәсілмен екінші иінді де сынау керек.
      280. Ұйым ағаш баспалдақтар мен сатылардың мерзімдік сынақ мезгілдерін пайдалану жиілігіне сәйкес, бірақ алты айда бір реттен кем емес етіп белгілейді.
      281. Сынақ барысы кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен кесім арқылы рәсімделіп, арнайы журналға тіркеледі. Баспалдақтардың (сатылардың) кезекті сынақ мерзімі адырналарға жазылады.
      282. Әрбір пайдаланымдағы баспалдақ пен сатыға (мүліктік) инвентарлық нөмір қойылады. Бұл нөмір, сонымен қатар қай цехқа, бөлімшеге жататыны көрсетіліп, адырналарға белгіленеді.
4-параграф. Электрқұралмен, электрлі қол машиналармен және
электрлі қол шырақтармен жұмыс істеудегі
қауіпсіздік шаралары
      283. Электрқұралдары және электрлі қол машиналары талаптарына сай болуы керек. Тоққа түсу қаупі өте жоғары ғимараттар мен олардың сырттарына электр құралымен және 1-кластық электрлі қол машиналарымен жұмыс істеуге электр қауіпсіздігі жөнінен ІІ-ден төмен емес санат дәрежесі бар қызметкерге ғана беріледі.
      Қосымша жабдықтау бөлшегін (трансформатор, жиілікті түрлендіруші аспап, қорғамалы тоқтан ажыратқыш құрылғы) торапқа (желіге) қосу немесе ажырату жұмысын электр қауіпсіздігі жөнінен ІІІ-тен төмен емес санатты маман жүзеге асыра алады.
      284. Электр тогымен зақымдалу қаупінің дәрежесін бақылайтын ғимарат категориясына қарай, электр құралдары мен электрлі қол машиналарының бірнеше түрлі кластары төмендегідей ретпен қолданылады:
      1-класты машина-өндіріс жағдайларын дұрыс пайдалануда (құрылыс монтажды жұмыстардың дайындығы мен өндірілуінен басқа). Жұмыс істегенде 1-класты электр құралы мен электрлі қол машинасын жеке қорғаныс құралдарымен пайдалану керек. Егер машина мен құралдың біреуі ажыратушы трансформатордан қуат алса, оларды қорғаныс құралдарынсыз пайдалануға болады;
      2-класты машина-құрылыс - монтажды жұмыстарды өндіру және дайындау жағдайынан тыс, 2-кластық электр машиналары мен құралдарды пайдаланып жұмыс істегенде, аталған құралдарды пайдалану қажет болған жағдайда, жеке қорғаныс құралын қолданбауға болады;
      3-класты машина-қолайлы емес жұмыс жағдайлары болған кезде, (ауыспалылығы шектеулі ыдыстарда, аппараттарда және басқа да металды ыдыстарда) құрылыс-монтажды жұмыстарын дайындау мен өндіру барысындағы қауіпті жағдайларда.
      Құрылыс-монтажды жұмыстарын дайындау және өндіру барысындағы мұндай жағдайларды 2-кластық электрлі қол машиналары мен құралдарын қолдануда жеке қорғаныс құралы қажеттілік етеді.
      3-кластық электрлі қол машинасы мен құрал болмаған жағдайда, электршаруашылығына жауапты маман 1-2-кластық машина мен құралды пайдалануға рұқсат бере алады. Бірақ, рұқсатты беру үшін, машина немесе құралдың біреуі ғана автономды қозғалтқыш генераторының қондырғысынан, ажыратқыш трансформаторынан немесе бөлек ораулары түрлендіргіштен және қорғамалы тоқтан ажырату құрылғысынан қуат алуы керек.
      Жұмыс оқшаулағышы және қосылғыш элементі бар өнімдер 1-кластың қатарына жатады.
      Қос оқшаулағышы және жерге қосыла алмайтын элементі бар өнімдер 2-кластың қатарына кіреді.
      Кернеуі іштей және сырттай тоқ кернеуі 42 Вольттан жоғары электр тізбегі жоқ өнімдер, 3-кластың қатарына кіреді.
      285. Электр құралды торапқа қосу үшін, 1,5 шаршы миллиметрден кем емес желі қимасы бар немесе шлангі сымы қолданылуы керек. Ондай тоқ сымы болмаған жағдайда, резеңке шлангінің ішіне салынған, 500 Вольттан төмен емес кернеуден ажыратыла алатын ПРГ иілгіш тоқ өткізгіш сымын қолдануға рұқсат етіледі.
      Кабель сымдарының қаптамасы электр құралына енгізіліп және олардың сынуы мен қажалуын болдырмауы үшін мықтап бекітілуі керек.
      286. Электрқұралдың корпусын жерге жерге тұйықтау бір мезгілде жұмыс кернеуіндегі тоқ өткізгіштік қызметін атқара алмайтын, қуат алушы сымның арнайы желісі арқылы орындалады. Бұл мақсатқа нөлдік тұйықтықтағы қорғамалы тоқ өткізгіш сымын қолдануға тыйым салынады. Осыған байланысты үш фазалы электр құралды қуаттандыру үшін төртжелілі сым, ал бір фазалыға-үшжелілі шлангі сым қолданылуы керек.
      Шлангімен тоқ өткізгіш сымы лайықты жұмыстың түйілісі мен жерге қосу құралы бар, штепсельді айырдың соңына жабдықталуы керек.
      «Айыр» аспабының жерге қосылу түйілісін тоққа ерте қосылуы мен кештетіп ажыратылуын қамтамасыз етуі керек. Ондай штепсельді жалғаулар болмаса, құралды жерге қосу үшін құралдың корпусына арнайы жерге қосу қысқышымен жалғанған, 4 шаршы миллиметрден кем емес қималы, жалаңаш мыс сымды пайдалануға болады.
      287. Электрқұралы күші азайған трансформатордан қуат алған жағдайда, құралдың сыртының жерге қосылуы күші азайған трансформатордың жерге қосу қысқышынан, қуат алушы шлангілі тоқ өткізгіштің жерге қосатын желісіне жалғануы арқылы жүзеге асырылады. Электрқұралдың қуат алуы үшін автотрансформаторларды қолдануға тыйым салынады.
      288. Электрлі қол машиналары, қол шырақтары және электрқұралымен жұмыс істеудің алдында не өндірілуі керек:
      бөлшектердің беріктігі мен жинағының толықтығы;
      сырттан тексеру арқылы кабельдің дұрыстығын, оның қорғамалы тетігін және штепсельді айырын, корпустың оқшаулағыш қозғалтқышының бүтіндігін тұтқалар мен электр сақинасының шатырын тексеру;
      қорғамалы қаптаманың жинағының толықтығы мен оның дұрыстығын тексеру;
      ток үзердің анықтылығын тексеру;
      бос жүрістегі жұмысты тексеру.
      1-класты машинаның жерге тұйықталуын тексеру (машинаның корпусы мен штепсель айырының жерге тұйықталған байланысының арасында).
      Электрлі қол машиналарын, қол шырақтарын, электр құралдарын және қосымша жабдықтарының ақаулары болса, жұмысқа пайдаланылуға беруге тыйым салынады.
      289. Электр құралдары мен электр қол машиналарын пайдаланатын мамандарға тыйым салынады:
      электрқұралды және электрлі қол машиналарын аз уақытқа болса да басқа адамдарға беруге;
      электрқұрал мен электрлі қол машинасын бөлшектеп, өзіндік жөндеу жұмыстарын жүргізуге (солармен бірге тоқ өткізгіш сымдарды, штепсель жалғанған жерлерді);
      электрлі қол машинасы мен электрқұралдың сымынан немесе айналмалы өткір құралынан ұстануға;
      электрлі ток машинасы әбден тоқтағанша, үгінділер мен жоңқаларды қолмен жинауға;
      жиылмалы басқыш сатыдан жұмыс істеуге; ол үшін мықты ағаштар немесе төсеме тақта құрылуы керек;
      электрлі қол машинасы мен электрқұралды бақылаусыз және электр торабына қосылған күйі қалдыруға;
      барабанның ішіне қазан, металды резервуарлар, тасымалды трансформаторлар мен жиілік түрлендірушілерді.
      290. Электр құралына инвентарлы нөмір беріліп, құрғақ, жылы ғимарат ішіндегі шкафтың ішінде немесе сөреде сақталуы керек.
      291. Электр құралын тексергенде:
      электр құралының қозғағышы мен торабын бекітетін бұрандалардың тартылғанын; тоқ өткізгіш сымның жағдайын (желінің сынған және ажыратылған жеріндегі ішкі зақымдалудың жоқтығын).
      сөндіргіш жарамдылығы мен жерге тұйықталуына аса зор мән беру керек.
      292. Электрлі қол шырақтары асып қоятын рефлекторы және ілмегі бар сақтандырғыш торымен жабдықталуы керек. Ол сақтандырғыш торы бұранданың тұтқасына бұрауыштың көмегімен ғана алынатындай етіп бекітілуі керек.
      Шырақтардың тоқ өткізгіш сымына жалғану талаптары электрқұралдың жалғану талаптарымен бірдей.
      293. Қауіптілігі жоғары ғимараттардағы жұмыс барысында, кернеуі 42 Вольттан жоғары емес электрлі қол шырақтары қолданылады. Ал өте қауіпті әрі қолайлы емес жағдайларда кернеуі 12 Вольттан жоғары емес қол шырақтары пайдаланылу керек.
      Кернеуі 42 Вольтқа дейінгі шырақтардың қуат алуы үшін төмендетілген трансформаторлар, машиналық түрлендіргіштер, генераторлар мен аккумуляторлық батареялар керек.
      Бұл мақсаттарда автотрансформаторларды қолдануға тыйым салынады.
      294. Кернеуі 42 Вольтқа дейінгі штепсельді розетка желісі кернеуі 127 немесе 220 Вольтты розетка желісінен құрылысы бойынша ерекшеленуі керек. Қол шырақтардың айырлары (жалғаулары) кернеуі 127 немесе 220 Вольтты желіге қосылып кету мүмкіндігін жібермеуі керек.
      295. Электр құралы мен электрлі қол шырақтарын сақтау және дұрыстығына бақылау жасаушы маман электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ-тен төмен емес санат дәрежесі бар, ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған тұлға болуы керек.
      296. Корпуста тұйықталудың, жерге қосылған желінің немесе сымдардың үзілген жерінің, электрқұралы мен электрлі қол шырақтарында оқшаулаушы кедергінің жоқ екендігі айына бір рет кернеуі 500 В мегомметрмен тексеріледі.
      297. Корпустың іші мен сыртындағы металды қозғағыштарға қатысты электр құралының ток жүріп тұрған кабелі мен орауындағы оқшаулау кедергісі 0,5 Микро ом кем емес, 2-кластық өнімдер үшін - 2 Микро Ом; күрделі жөндеуден кейін: жұмыстан оқшаулаушы кернеу астындағы қозғағыштар кедергісі - 2 Микро Ом, қосымша үшін - 5 Микро Ом, күшейтілген оқшаулағыш үшін – 7 Микро Ом.
      Төмендетілген трансформаторлардың оқшаулау кедергісі бірінші және екінші ораулардың аралығында және ораулар мен корпустың әр бөліктері аралығында өлшенеді. Сынақ алты айда бір рет жүргізіледі.
4 параграф. Жабдықтарды сынақтан өткізу және өлшеу
Бөгде ток көздерінен жоғары кернеулі ток алуды сынақтан өткізу
      298. Сынақтар құрамында екі адамнан кем емес, оның ішінде электірқауіпсіздігі жөнінде жұмыс ұйымдастырушысының IV-тен төмен емес, ал қалғандарының ІІІ-тен төмен емес санаттық топтары бар бригада өткізуі тиіс.
      Сынақтарды арнайы дайындықтан өткен және сынақ өткізу кестесін білу дәрежесі тексерілген және жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларға сынақ жүргізу тәжірибесі бар мамандар ғана өткізе алады.
      Сынаққа жіберілген адамдар осы жөнінде сынақ төлқұжатына сынаққа жіберілгендігі туралы белгі қойғызып алуы керек.
      299. Кернеуі 1000 Вольттан асатын электрқондырғылардағы жұмыстар наряд бойынша атқарылады. Қорек жеткізуші кабелдері ағытылған және олардың ұштары жерге қосылған кернеуі 1000 Вольттан асатын электрқозғағыштарды сынау жұмыстары жарлық бойынша атқарылады.
      300. Сынақ жүргізу және жұмыс орындарын сынаққа дайындауға наряд бойынша атқарылатын жұмыстар сынаққа жататын жабдықта жұмыс істеп жатқан бригаданың нарядтарын тапсырып, жұмыс орнын босатқаннан кейін ғана басталуы тиіс.
      301. Сынақ жүргізетін бригаданың құрамына алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу үшін, сынақтан өтетін жабдықты күзету үшін, сонымен қатар сым орамаларын ажыратып және біріктіріп тұру үшін жөндеу қызметінің саласынан электрқауіпсіздігі жөніндегі санаты ІІ-ші топтан кем емес мамандар кіргізілуі мүмкін. Сынақ басталмай тұрып жұмыс ұйымдастырушы бұл жұмыскерлермен сынақ барысында ұстанатын қауіпсіздік шаралары жөнінде нұсқаулық әңгіме өткізуге міндетті.
      Жабдықтың жөндеу немесе орнату жұмыстарын атқарып жүрген бригаданың құрамына сынақ өткізу үшін жөндеу жұмыстарымен айналысатын ұйымдардың немесе электр зертханалардың мамандарының да тартылуы мүмкін. Бұндай жағдайларда сынақтарға басшылықты жұмыс ұйымдастырушының өзі немесе соның ұсынысымен бекітілген зертхананың не жөндеу жұмыстарымен айналысатын ұйымның электрқауіпсіздігі жөнінде санат тобы ІҮ-тен төмен емес аға маманы да жасауы мүмкін.
      302. Ток жүріп тұрған бөліктері жаппай немесе торлы қоршаулармен жабылған, сонымен бірге, қуатты генератор шамдарының электрондық құралдарымен /УТЭП, М-50/ жаттықтырылған, әрі стендыны /арнаулы орын/ пайдалану арқылы, кернеуі 1000 Вольттан жоғары электр қондырғысынан тыс жүргізілетін оқшаулағыш материалдар мен өнімдерге /қорғаныс құралы, әр түрлі оқшаулаушы қозғағыштар/ жаппай сынақты ағымды пайдалану ретін сақтай отырып, электрқауіпсіздігі жөнінде санаты ІІІ-тен төмен емес жалғыз маман жүргізуі керек.
      Жөндеу-профилактикалық жұмыс уақытында әсер етуші таратқыштың сызбасындағы қуатты генераторлық шамдардың қаттылану жұмыстары наряд арқылы құрамында екі адамнан кем емес бригадамен жүзеге асырылуы керек. Сонымен бірге, жұмысты өндіруші маманның электр қауіпсіздігі жөнінде санаты IV-тен төмен емес, ал бригада мүшесінің санаты III-тен төмен болмауы керек.
      303. Сынақ тізбектерін жинауда, ең біріншіден, сынақ қондырғысының қорғамалы және тұрақты жұмысқа жарамды жерге қосу құралы, егер қажет болса, сыналатын жабдық корпусының қорғамалы жерге қосқышының жұмысы орындалады. Сынау қондырғысын 380/220В желіге қосар алдында қондырғының жоғары тоқ кернеуі сыртқа шығарылатын өткізгішіне жерге қосу құрылғысы салынады. Сыртқа шығарылған өткізгіштің жерге қосылуына көмегі тиетін мыс сымдардың қимасы 4 кв.миллиметрден кем болмауы керек.
      Жабдықтың сынау тізбегін жинау жұмысын сынақ жүргізетін бригада қызметкері жүзеге асырады.
      Жұмысты өндіруші маман сынақты жүргізер алдында тізбектердің дұрыс жиналғанын, тұрақты жұмысқа жарамдылығын және қорғамалы жерге қосу құралының беріктілігін тексеруге міндетті.
      304. Сынақтарды кедергі келтіретін электрқондырғылардағы салынған жерге тұйықтауларды қаптама кезінде, сынақты басқаратын тұлғаның нұсқауы бойынша рұқсат етіледі.
      305. Сынау орны, сонымен бірге сынау кезінде сынақ кернеуі астындағы дәнекер сымдар қоршалады. Қоршау жұмыстарын сынақты жүзеге асырушы бригада қызметкері атқарады. Қоршаулар ретінде шынжыр арқанды, тосқауыл заттар мен қалқандарды пайдаланып, оларға Сынақ жүріп жатыр. Өмір үшін қауіпті» деп жазылған плакаттар іліп немесе сондай жазулары бар жарықты таблоны қолдануға болады. Егер сынауда кернеу астындағы дәнекер сымдар кернеуі 1000 Вольттан жоғары электрқондырғы ғимаратынан тыс орналасса (дәлізде, сатыда, өтер жолда, аумақта), онда қоршау жанына электрқауіпсіздігі жөнінде санаты ІІ-ден төмен емес, сынақ жайында ақпараттандырылып, нарядқа енгізілген бір немесе бірнеше бақылаушы қойылады. Күзететін бригада мүшелері қоршалған жерден тысқары орналастырылады.
      Жұмысты өндіруші қызметкер күзетушілердің орнында екендерін және сынақтың басталуынан хабардар екендеріне көз жеткізуі керек. Күзетушілер орындарын жұмыс өндірушінің рұқсатымен тастап кете алады.
      306. Сынақ қондырғыларын және сынақтағы жабдықтарды әр түрлі ғимарат немесе әр түрлі аймақтарға орналастыру барысында, электр қауіпсіздігі жөнінен санаты ІІІ-тен төмен емес және жұмыс өндірушілерден бөлек, токтан ажырату жағдайына бақылау жасаушы бригада мүшелерінің болуына рұқсат беріледі. Бұл бригада мүшелері сынақ басталудың алдында жұмыс өндірушіден қажетті нұсқау алып, қоршалған жерден тысқары орналастырылу керек.
      307. Кабельді сынау кезінде, егер оның қарама-қарсы шеті жабық камерада, РУ ұяшығында (ячейка) немесе ғимаратта орналасса, олардың есіктеріне немесе қоршауларына "Сынау кезі. Өмір үшін қауіпті" делінген плакаттар ілінеді. Егер бұл есіктер мен қоршаулар жабылмай немесе сынаққа жататын трасса бойындағы шеті жалаңашталған кабельдер болса, онда плакат ілуден басқа есіктің, қоршаудың және кабельдің жалаңашталған ұшына электрқауіпсіздігі жөнінен санаты ІІ-ден төмен емес, нарядқа кірген мамандардан арнайы күзет қойылады.
      308. Сынау қондырғысын кернеуі 380/220 Вольт. Желіге жалғау жұмысы үзілген тізбегі көрінетін коммутациялы аппарат немесе қондырғыны басқаратын орында орналасқан штепсельді айырлар арқылы жүзеге асырылады.
      Коммутациялы аппарат тоқтатқыш құрылғыларымен жабдықталады немесе аппараттың жылжитын және жылжымайтын түйілістері аралығына оқшаулағыш жапсырма қондырылады.
      309. Дәнекер ток өткізгіш сымды фазаға, сынақтағы жабдықтау полюсіне немесе кабель желісіне түйістіруге және оны ажырату жұмыстары жерге қосылып біткеннен кейін әрі сынаққа жетекшілік ететін қызметкердің нұсқауымен рұқсат етіледі.
      310. Сынау қондырғысына сынақ кернеуін жіберер алдында жұмыс өндіруші міндетті түрде:
      тиісті жерде барлық бригада мүшелерінің болуын, бөтен адамдардың жоқтығын, жабдықтау жеріне сынақ кернеуін жіберуге болатынын тексеруі керек;
      бригадаға кернеу жіберілетінін ескерту, барлығының естігеніне көзі жеткен соң, сынақ қондырғысының сыртқа шығарылған өткізгішінен жерге қосу құралын алып, сосын барып 380/22 Вольт кернеуді жіберуі керек.
      Жерге қосу салынғаннан кейін, барлық сынау қондырғысы, сынақтағы жабдықтау мен өткізгіш сымдарды қоса алғанда, кернеу астында деп есептелінеді және сынақ сызбасы мен жабдығында сымдарды қайта түйістіруге рұқсат етілмейді.
      311. Сынақ аяқталғаннан кейін, жұмысты өндіруші маман сынау қондырғысындағы кернеуді нөлге дейін төмендетіп, 380/220 Вольт желіден ажыратып, қондырғының сыртқа шығарылған өткізгішін жерге қосып (қосуға бұйрық беріп) және ол жайында бригадаға хабарлайды. Осыдан кейін ғана тоқ өткізгіш сымдарды сынау қондырғысынан қайта ажыратуға немесе сынақтың толық аяқталғанын күтіп, сымдарды түйістіріп және қоршауды алуға болады. КЛ және ВЛ оқшаулағыштарын сынағанға дейін, сондай-ақ сынағаннан кейін міндетті түрде кабельді тоқтан айырып, тоқ сызығын қосымша кедергілермен жерге жіберіп, жерге қосу құралын салып, зарядтың жоқтығына толығымен көз жеткізуі керек.
      Содан кейін барып плакаттарды шешуге рұқсат етіледі. Тоқтан айырушы маман диэлектрлі саусақты биялайды, қорғамалы көзілдірікті киіп және алшақ жерде тұруы керек.
      312. Оператордың жұмыс орнында 1000 Вольтқа дейінгі және жоғары тоқ кернеуінің қосылғанынан хабардар ететін бөлек жарықты сигнал жұмыс атқарады.
      313. Қозғалмалы лабораторялар жоғары кернеудің сыртқа шығарылатын өткізгіші кернеу астында болғанда, жарықты сигналмен жабдықталады.
      314. Мегомметрмен өлшеу жұмыстары электртехникасын оқыған қызметкерлерге тапсырылады. Кернеуі 1000 Вольттан жоғары қондырғыларда өлшеу жұмыстарын екі адам жүргізеді, оның біреуінде электрқауіпсіздігі бойынша санаты IV-төмен болмауы керек. Ал кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі қондырғылардағы өлшеу жұмыстарын нұсқау бойынша екі маман атқарады, оның біреуінде электрқауіпсіздігі бойынша санаты ІІІ-тен төмен болмауы керек.
      315. Екі жақтан да кернеу алуы мүмкін күштің әсер ету сызығын оқшаулау сынағын жүргізуге болады, егер де екінші күштің әсер ету сызығына жалғанған электрқондырғының жауапты маманынан телефон, арнаулы тапсырушы арқылы сызықтық ажыратқыштар мен токка қосар сөндірулі және "Қосуға болмайды. Адамдар жұмыс істеп жатыр" деген плакат ілініп тұрғаны хабарланса.
      316. Сынақты бастаудың алдында сынау құралы жалғанған электрқондырғының бөлігінде адамдардың жоқтығына көз жеткізу керек және жақын жүрген адамдарға ток жүріп тұрған бөліктерге таялуға болмайтынын қатаң ескертіп, қажет болса күзет қойылады.
      317. Электрлі машиналардың оқшаулағыш жағдайына бақылау жасау, қыздырылған машинаға емес, тоқтап немесе айналып тұрғанына әдістемелік нұсқаулар немесе мегомметрмен өлшеу бағдарламасына сай жұмыстарын жедел қызметкер немесе соның нұсқауымен мерзімді пайдалану ретіндегі электрлабораторияның жұмыскерлері жүргізе алады. Жедел қызметкердің бақылауын бұл өлшеу жұмыстарын жөндеу қызметкері де атқара алады. Роторлардың, зәкірлердің және қыздырылған нысаналардың оқшаулау сынағын электрқауіпсіздігі жөнінен санаты ІІІ-тен төмен емес бір маман, ал статордың оқшаулау сынағын екі маман жүргізе алады, оның біреуінің санаты IV-тен, ал екіншісінде III-тен санат дәрежесі бар мамандар жүзеге асыра алады.
      318. Мегомметрмен жұмыс істеу барысында ол жалғанып тұрған тогы бар бөліктеріне жақындауға тыйым салынады. Жұмысты аяқтағаннан кейін, қысқа мерзімді жерге қосу құралы арқылы тексерістегі жабдықтан қалған зарядты міндетті түрде алып тастау керек.
      319. Мегомметрмен өлшеу өндірісі рұқсат етілмейді:
      кернеуі 1000 Вольттан жоғары қос тізбекті желінің екінші тізбегі кернеу астында болған жағдайда;
      бір тізбекте жұмыс істеп тұрған кернеуі 1000 Вольттан жоғары желіге қатарласа жүрсе, бір тізбекті желіде найзағай кезінде немесе күн бұзылған кезде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет