Экологиялық нормалаудың мынадай түрлері бар: Экологиялық нормалаудың мынадай түрлері бар: - Қоршаған ортада зиянды заттарға жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлану нормасы.
- Қоршаған ортаға ластанған заттардың жол беруге болатын шектелу мөлшерде шоғырлану және тасталу;
- Шу тербелісінің магнит өрістері өзге де зиянды физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативі;
- Радияциялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейлі нормативі;
- Санитарлық қорғаныс және өзге де қорғаныс нормативі қоршаған табиғи ортада зиянды заттарға жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері.
Экологиялық нормалаудың үш кезеңі ажыратылады: 1-ші кезең – Экожүйелердің қазіргі жағдайын бағалау нақты аймақтарды аудандастырудан тұрады: табиғи экологиялық; зоналық географиялық; ботаникалық-географиялық; ландшафттық; агроландшафттық; геоэкологиялық; әкімшілік-шаруашылық; әлеуметтік-экономикалық; экологиялық зоналау. Аумақтарды аудандастырудың түрлі әдістері (тәсілдері) Қазақстан аймақтары, әкімшілік облыстары, аудандары, жергілікті аумақтар шекарасында нақты жерлердің экожүйелерінің қазіргі жағдайын және ресурстық әлеуетінің жоғалу (шөлдену) сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Осы әдістерге кешенді талдау жасау арқылы экожүйелер кешенінің жағдайы мен көрсеткіштерін сипаттайтын шөлдену қаупі мен дәрежесін анықтау үшін аумақты экологиялық зоналауға мүмкіндік береді (қауіп зоналары: күшті, орташа, әлсіз).Жалпы, экологиялық нормалаудың бірінші кезеңі ресурстық әлеуеттің тозу дәрежесін (экожүйелердің түрлілігі); көрсеткіштер кешенін, экожүйелерде жиналған бұзушылықтарды; қауіп зоналары мен ресурстарды жоғалту қаупін/шөлденуді анықтайды. 2-ші кезең – Экожүйелердің өзгеру дәрежесіне жүйелердің қызметтік маңыздылығын бағалау (ландшафттық-тұрақтандырушы, орта түзуші, су реттеуші, су эрозиялық, жер бедерін тұрақтандырушы); ресурстық әлеуетін жоғалтудың ішкі (табиғи) қауіптілігі (шөлдену: құмды, тастақ, орман аумақтары); экожүйелердің бұзылу түрлері мен дәрежесі (шөлдену) жатады. Бұдан басқа, экожүйелер тозуының арнайы белгілері мен көрсеткіштері: су экожүйелерінің тозуы, топырақтың тозуы; өсімдіктердің тозуы; жерлердің тозуы ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |