2-ші кезең – Экожүйелердің өзгеру дәрежесіне жүйелердің қызметтік маңыздылығын бағалау (ландшафттық-тұрақтандырушы, орта түзуші, су реттеуші, су эрозиялық, жер бедерін тұрақтандырушы); ресурстық әлеуетін жоғалтудың ішкі (табиғи) қауіптілігі (шөлдену: құмды, тастақ, орман аумақтары); экожүйелердің бұзылу түрлері мен дәрежесі (шөлдену) жатады. Бұдан басқа, экожүйелер тозуының арнайы белгілері мен көрсеткіштері: су экожүйелерінің тозуы, топырақтың тозуы; өсімдіктердің тозуы; жерлердің тозуы ескеріледі. 3-ші кезең – Аумақтың экологиялық залалын бағалау ҚР Экологиялық кодексінің қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау ережелері бойынша баптармен (1бөлім; 108-110 б.) реттеледі. Қоршаған ортаның ластануынан болған залалды экономикалық бағалау ережесі ҚР Үкіметімен бекітіледі (ҚР Экологиялық кодексі 16 бап, 6 т.). 3-ші кезең – Аумақтың экологиялық залалын бағалау ҚР Экологиялық кодексінің қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау ережелері бойынша баптармен (1бөлім; 108-110 б.) реттеледі. Қоршаған ортаның ластануынан болған залалды экономикалық бағалау ережесі ҚР Үкіметімен бекітіледі (ҚР Экологиялық кодексі 16 бап, 6 т.). Залалды бағалау кезінде табиғи ресурстың қалпына келу жылдамдығын, яғни Залалды бағалау кезінде табиғи ресурстың қалпына келу жылдамдығын, яғни экожүйенің фондық жағдайға қайта келуіне қажет уақытты; топырақ, су, атмосфераны ластағыштарды адсорбциялау және зарарсыздандыру бойынша табиғи мүмкіндіктеріне сай табиғи жүйелердің ластану ауқымын жоюға кететін уақытты; топырақтың жел, су эрозиясының, тұзданудың дамуы және фондық экожүйелерде зат пен энергияның алмасуының реттелу ырғағының жылдамдығын ескеру керек. Қорытынды Қоршаған ортаның жай-күйiн экологиялық нормалаудың және табиғатты пайдаланудың әлемдiк тәжiрибесi нақты табиғи ортаны қорғау және өндiрiстiк жүйелердің даму үрдісінен пайда болатын қажеттiлiктерге байланысты прецеденттік әдiс арқылы ұзақ кезең бойы қалыптасты.Су-жер ресурстарының шекті мүмкін деңгейін экологиялық нормалау негізін экожүйелік тәсіл құрайды, ол антропогендік әсер мен табиғи нысандардың географиясына кешенді баға берумен айқындалады.Тұжырымдаманың негiзiне ресурстарды жүйелi түрде барлау; табиғи жүйелердің ластану ауқымдары; жерлердiң кең ауқымды тозуы; топырақтың жел, су эрозиясы, сортаңдану; фон экожүйелерiнде зат және қуат айналымын реттеу ырғағының бұзылуы секілді жағдайлар кiредi. Қолданылған әдебиеттер: - https://stud.kz/
- https://ppt-online.org/
- https://kk.wikipedia.org/wiki/
- https://yandex.kz/search/
Достарыңызбен бөлісу: |