Бизнестің үйлесімді логикасы келесідей қағидаларға негізделеді:
бизнестегі өз мүдделерін түсіне білу, өз танылуын түсіну, кәсіпкерлік миссияны, бизнестегі жетістігі туралы идеалдық түсініктерді, бизнеске ену мақсаттарын қалыптастыру;
бизнестегі мүдделердің қарама - қайшылығы мен қарсыластарының іс - әрекеттері жағдайында жетістікке жету, жеке және институционалдық бәсекеқабілеттіліктің талаптарына сай қызмет жасау;
өз мүдделерін қорғай отырып, әрбір кәсіпкер қоғамдағы мүдделердің алуан түрлілігімен санасу;
қызметпен алмасу нәтижесінде бәсекелік артықшылықтар мен бәсекеқабілеттілікке, өз жетістіктерінің қоғамдық танылуы негізінде тиімділік пен табысқа қол жеткізуге деген ұмтылыс;
заңмен, іскерлік айналым дәстүрлерімен және іскерлік қатынастардың этикасымен рұқсат етілген немесе тыйым салынбаған кәсіпкерлік мінез-құлықтың түрлерін, әдістерін, нысандары мен тәсілдерін қолдану.
Бизнесті ұйымдастыру үрдісінде кәсіпкерлердің стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін бөліп көрсетеді. Стратегиялық деңгейде кәсіпкерлер ұзақмерзімді жетістікке бағытталған бизнес стратегиясын анықтайды. Әдетте, кәсіпкерлер бизнес-жоспарларды қалыптастыра отырып, мұндай сұрақтарға жауап беруге тырысады. Олар кәсіпкерлік миссиясы жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Бизнес-жоспарларды құрастыру барысында әрбір кәсіпкер өз бәсекеқабілеттілігінің әлеуетін мұқият талдайды, бәсекелестерді зерттейді, нарық талаптарына сай болатын өз бизнесінің стратегиялық мақсаттарын қалыптастырады.
Тактикалық деңгейде кәсіпкерлер нақты, өзара байланысты іс-әрекеттер тобын орындайды: қызметкерлерді басқарады, мәмілелер жасайды, инвестицияларды жүзеге асырады, жобалардың презентациясын өткізеді, фирмаларды ашады және жабады. Жағдайлық деңгейде кәсіпкерлер нақты осы уақыттағы міндеттерді (кейде олар «айналып жүр» деп айтады) шеше отырып, сыртқы ортамен қарым – қатынасқа түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |