бүтіндік, бизнестің барлық субъектілерінің өзара тығыз байланыстылығы арқасында қамтамасыз етіледі;
әлеуметтік сипат, ол қазіргі кәсіпкерлік бизнестің, адамдар арасындағы қатынастардың барлығын қамтитындығымен және қоғамдағы мүдделер келіспеушілігін жеңуге бағытталғандығымен анықталады;
өзін-өзі реттеуші сипат, ол дамудың ішкі ресурстарына, міндеттемелерді адал орындауға, заңды, қоғамда қабылданған іскерлік айналым дәстүрлері мен этикалық нормаларды ұстануға, ескілерді жеңуге негізделген.
тақырып.Кәсіпкерліктің қалыптасу мен даму шарттары
Кәсіпкерлер кәсіпкерлік жобалар мен келісімшарттарды жүзеге асыруға, сонымен қатар пайда (табыс) алуға, қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға және табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін, алуан түрлі (объективті және субъективті) факторлардың үйлестірілген жиынтығын құрайтын, белгілі бір жағдайларда қызмет етеді. Үйлестірілген күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тікелей байланысты болмайтын сыртқы және кәсіпкерлердің тікелей қалыптасуымен қалыптасатын ішкі ортаға бөлінеді.
Кәсіпкерлік орта өндіруші күштерді дамыту, өндірістік (экономикалық) қатынастарды жетілдіру, қолайлы қоғамдық және мемлекеттік менталитетті құру, кәсіпкерлердің өмір сүру (қызмет ету) ортасы ретінде нарықтың қалыптасуы және тағы да басқа маңызды жағдайлар негізінде қалыптасады.
Тиімді кәсіпкерлік орта кәсіпкерліктің дамуының алғашқы және анықтаушы шарты ретінде қажетті экономикалық еркіндікті, ал екінші шарты ретінде ұйымдастырушылық-шаруашылық тұрғысынан жаңашылықты қамтамасыз етуі керек. Қандай да бір дәрежеде кәсіпкерлік ортаның бұл екі маңызды элементі ел Конституциясында бекітілген. Атап айтқанда, онда әркімнің кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүліктері мен қабілеттерін еркін қолдануға құқығы бар екендігі. Сот шешімінен басқа жағдайда ешкімнің өз мүлкінен (кәсіпкерлік қызметтің материалды негізі ретінде) айрыла алмайтындығы, жер және басқа да табиғи ресурстарды иемдену, пайдалану мен жұмсау олардың иелерімен еркін түрде жүзеге асырылатындығы, Қазақстанда бірегей экономикалық кеңістік, тауарлардың, қызметтер мен қаржы қаражаттарының еркін айналымы, бәскені қолдау, экономикалық қызметтің еркіндігі кепілдендіретіні, және ақырында жеке, мемлекеттік және басқа да нысандағы меншік нысандары танылып қорғалатындығы көрсетілген.
Кәсіпкерлік құрылым мен сыртқы ортаның өзара әрекеттесуі 1-суретте көрсетілген.
Сыртқы орта
С ыртқы орта
1-сурет. Кәсіпкерлік құрылым мен сыртқы ортаның әрекеттесуі
Бірақ, бұл маңызды ережелер әлі де толығымен жұмыс істемейді, ол басқа факторлармен бірге кәсіпкерліктің дамуын тежейді. Ел Конституциясының ережелеріне сәйкес кәсіпкерлік орта қалыптасуының маңызды бағыттары Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген.
Қазаақстанның Азаматтық Кодексінде сыртқы кәсіпкерлік ортаның негізгі ережелері қарастырылған, алайда олардың көбісі жалпы сипатқа ие. Сондықтан да олар көптеген заңдарда нақтыланады. Кәсіпкерлік ортаның қалыптасуына қылмыстық, әкімшілік, салықтық, кедендік заңнама әсерін тигізеді.
Сыртқы кәсіпкерлік орта деп кәсіпкерлердің өздерінің еркінен тәуелсіз қызмет ететін, елдегі кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар мен жағдайлардың жиынтығын айтады. Сыртқы кәсіпкерлік орта кәсіпкерлік қызметті сыртқы реттеудің күрделі жүйесін сипаттайды, сондықтан да дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін ол объективті сипатқа ие. Өйткені олар оны тікелей өзгерте алмайды (мысалға, заңдар, табиғи факторлар және т.б.), тек өз ісін жүргізу барысында оларды ескеріп отыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |