Кәсіпкерліктің эволюциялық қағидаларына мыналар жатады:
бизнестің қарапайым нысандарынан күрделі нысандарына қарай сатылы даму қағидасы;
нарыққа бағытталған экономикадағы бизнестің тарихи ерекшелік қағидасы;
капиталдың бастапқы қорлану қағидасы.
Кәсіпкерліктің жүйелік қағидаларына мыналар жатады:
кәсіпкерлік бизнестің жүйелілік қағидасы ;
интегративті (жүйелік) қағидалары негізінде бизнесті тұрақты дамыту қағидасы;
бизнестегі орталыққа жинақтау және орталыққа ұмтылу қағидасы;
бизнестің ұлттық модельдерінің алуан түрлілік қағидасы;
мемлекеттік шекараларды білмейтін, әлемдік жүйе ретіндегі бизнесті қалыптастыру қағидасы.
«Кәсіпкерлік бизнес жүйесі» түсінігі маңызды ғылыми категориялардың бірі болып табылады. Жүйе деп бірегей дамушы,өзара байланысқан элементтердің жиынтығын айтады. Барлық жүйелер біртұтас және тұрақты, ол жүйелердің тұрақты даму шарты болып табылады.
Қазіргі кәсіпкерліктің жүйелі белгілері болып мыналар табылады:
кәсіби құзіреттілік – фирмаларды, сонымен қатар ұжымдық фирмалардағы акциялар мен үлестерді құру, сату, сатып алу, фирма ісін жүргізу, бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекелік іс-әрекеттерге басшылық ету, әріптестер, клиенттер, контрагенттер, қызметкерлер, қоғам алдындағы міндеттемелерді орындау, оның ішінде салық төлеу аясындағы кәсіби білім, қабілеттер;
тұрақтылық, ол кәсіпкерлердің бәсекеқабілеттілігі мен қоғамдық танылуы негізінде бизнесті тұрақты, ұдайы дамытып отыру арқасында қамтамасыз етіледі;
динамизм, ол бизнестің барлық субъектілерінің мүдделері мен заңды құқықтарын ескере отырып бәсекелік артықшылықтарды үнемі арттыру қажеттілігі, кәсіпкерлердің ынтасы арқасында қамтамасыз етіледі;
Достарыңызбен бөлісу: |