Ќазаќстан республикасыныѕ


Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес – жоспарлау



бет48/62
Дата20.10.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463062
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
ОҚӘ Кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні бойынша

4.Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес – жоспарлау


4.1 . тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі, түрлері мен қағидалары

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлауды, алдын – ала қабылданған өзара байланысты шешімдердің кешенді үрдісі ретінде қарастыру қажет.


Жоспарлау – бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын, жоспарларды жасап шығару мен тәжірибелік түрде жүзеге асыруды қарастыратын кешенді қызмет.
Кәсіпорын тұрғысынан, микроэкономикалық деңгейде, жоспарлау – бұл микроэкономика субъектілерінің саналы, жігерлі шешімдеріне негізделген іс – әрекеттерді жүзеге асыру тәсілі, баға мен нарықты ауыстыратын механизм.
Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың екі түрі бар:

Жоспарлаудың қағидалары:

    1. Үздіксіздік. Мақсаттар мен шаруашылық жүргізу жағдайлары өзгеріп отыратындықтан, жоспарларды үнемі жетілдіріп және түзету енгізіп отыру қажет.

    2. Үйлестірушілік пен интеграция. Үйлестірушілік бір деңгейдегі барлық ұйымдастырушылық бірліктердің өзара іс - әрекеттерін қамтиды, ал интеграция әртүрлі деңгейдегі бірліктер арасындағы іс – әрекеттерді сәйкестендіру үшін қажет.

    3. Жүйелілік. Кәсіпорын сыртқы ортада кешен ретінде есептелуі қажет.

    4. Ғылымилылық. Жоспарлауда ғылыми әдістерді қолданып отыру қажет.



4.2.тақырып.Кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асырудың бизнес – жоспары


Кәсіпкерлік құрылымдардың шаруашылық өміріне «бизнес - жоспар» түсінігі жедел түрде енуде. Мұндай құжат, әдетте, инвестицияларды, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту үшін дайындалады: несие берушіден қаржы алу (банктік және басқа да несиелер, облигациялық қарыздар), тартылған инвесторлардың қаржысы (акцияларды сатудан, пайлық және басқа да салымдардан), бюджеттің инвестициялық қаржысы. Бизнес – жоспардың басқа да функциясы бар - кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметін жоспарлау. Негізінде бизнес – жоспар жоғарыда аталған екі функцияны да қатар орындауы қажет. Бірақ, тәжірибеде сыртқы қаржыландыруға бағытталған бизнес – жоспардың және ішкі қолданыстағы бизнес – жоспардың құрылымы және мазмұны бойынша да біршама ерекшеліктері бар.
Бизнес - жоспар – бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет