114-бап. Азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың:
шет елдердің ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен бірлесе тұрақты негізде төтенше ахуалдар мониторингін және болжамын жасау;
халықаралық ұйымдардың төтенше ахуалдарға қарсы іс-қимыл қызметін құру мен қамтамасыз етуге және азаматтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысу;
шет елдерге гуманитарлық көмек көрсету;
шет елдерде қазақстандық мамандарды оқыту;
Қазақстан Республикасында шетел мамандарын оқыту;
Қазақстанда және шет елдерде семинарлар, конференциялар, оқулар мен тренингтер өткізу;
төтенше ахуалдар мен азаматтық қорғаудың түрлі аспектілері бойынша бірлескен ғылыми зерттеуді жүзеге асыру бағыттарына қатысады.
115-бап. Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдік ұйымдар мен азаматтардың халықты азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде ноталармен алмасу және «джентельмендік келісімдерді» қоса алғанда, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда регламенттелетін болса, Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік ұйымдар мен азаматтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі қызметіне рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі шет елдер жеткізетін сұратылған гуманитарлық көмектің көлемін, халықты қорғау және өзінің аумағында төтенше ахуалдарды жою үшін көмек көрсету туралы өтініш білдіргісі келетін елдер мен халықаралық ұйымдар шеңберін айқындайды.
Уәкілетті орган төтенше ахуалдар және шетелдік ұйымдар мен азаматтарды шақыру қажеттілігі туындаған жағдайда, мынадай іс-қимылдарды жүргізеді:
төтенше ахуалдардың алдын алу мен оларды жою және халықты азаматтық қорғауда көмек көрсету бойынша елдерге жәрдемдесетін ұйымдар және азаматтармен үнемі кәсіби байланыс жасап тұру;
зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жүктерін, төтенше ахуалдар кезінде авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын кедендік ресімдеу тәртібінің артықшылықтарын қамтамасыз етуге көмек көрсету;
шетел мемлекеттерінің көмек көрсету топтарына Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтарының келу және кету рәсімдерінен осы топ мүшелерінің өтуіне, олардың ұйымдарының орналасуына, тіркелуіне және төтенше ахуалдар ауданына шығуына, төтенше ахуалдар салдарын жою бойынша жұмыс ауқымын айқындауда көмек көрсету;
төтенше ахуалдар аймағына гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін жүктерді алып жүруді және қорғауды қамтамасыз ету;
гуманитарлық акциялар жүргізуді ұйымдастыру.
Шеттен әкелуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмекті әкелу кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей және енгізуге шек қойылмай жүзеге асырылады.
19-тарау. Өтпелі ережелер
116-бап. Өтпелі ережелер
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі немесе ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры арнайы атақтары берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мынадай шегіне:
1) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі елу жасқа;
2) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры елу бес жасқа жеткенде қызметтен босатылуға құқылы.
117-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат);
2) «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат);
3) «Авариялық-құтқару қызметі мен құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат);
4) «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат);
5) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2002 жылғы 18 сәуірдегі «Казахстанская правда»);
6) «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2000 жылғы 30 қарашадағы «Казахстанская правда»).
Қазақстан Республикасының
Президенті
«Азаматтық қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
ахуалдардың пайда болуына әкеп соқтырған авариялар, зілзалалар, апаттар себептерін тергеу актісі
1. Облыс (қала) атауы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдар болған орындар (бұдан әрі – ТА), ұйымның атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, меншік нысаны және мекенжайы:
_____________________________________________________________
-
Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы:________________________________________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)
Комиссия мүшелері: ________________________________________
-
Ұйымның, объектінің, учаскенің, аумақтың, ТА орындарының
сипаттамасы (қысқаша)___________________________________________
Бұл бөлімде басқа мәліметтермен қатар: ТА-ға дейінгі объектінің жабдықтардың жұмыс кестесі (бекітілген, нақты, жобалық), авария алдындағы объект жағдайы туралы қорытынды беру, техникалық пайдалану ережелерін сақтау; осы объектіде осыдан бұрын ұқсас ТА болу-болмағанын көрсету, олардың алдын алу жөнінде іс-шаралар әзірленді ме (қашан, кім, қандай, олар қалай орындалды).
4. Қызмет көрсетуші персонал біліктілігі (техника қауіпсіздігі бойынша оқуды және нұсқауды, біліктілік комиссиясында білімін тексеруден қайда және қашан өтті).
5. ТА жағдайлары (Осы бөлімнің соңында ТА сипаттамасын көрсету).
6. ТА ұйымдастыру және техникалық себептері. (Әр себептен кейін қандай заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалмағанын немесе бұзылғанын көрсету).
7. ТА себептерін жою жөніндегі іс-шаралар (орындалу мерзімін көрсете отырып, ТА салдарын жою және олардың қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шараларды баяндау).
8. ТА-ға жол берген жауапты заңды және жеке тұлғалар туралы қорытындылар және оларды жазалауға ұсынылған шаралар. (олардың заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарының қайсысын орындамағанын немесе бұзғанын көрсету, ТА уақытында жергілікті атқару органдарының, жедел қызмет көрсету персоналдың іс-қимылдарына баға беру).
9. ТА-дан келтірілген шығынның қорытынды өлшемі, барлығы _____ МЫҢ ТЕҢГЕ
10. Өзге ақпарат (қажет болған жағдайда).
Тергеу жүргізілді және акт жасалды: ____________________
(жылы, күні, айы)
Қосымша: тергеу материалдары ____ парақта.
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |