Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


ер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы



бет17/17
Дата30.06.2016
өлшемі3.81 Mb.
#168567
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
    Бұл бет үшін навигация:
  • 2-бап .
ер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына:

  1. 1-баптың 61-тармағын мынадай редакцияда жазылсын:

61) қол қойылатын бонус - келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген тәртіпте келісімшарттық аумақты кеңейткен кезде жер қойнауын пайдаланушының тіркелген біржолғы төлемі;».

2) 111-баптың 6-тармағын мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Объектіні жоюмен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа аударады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады. Тарату қорын құрудың тәртібі, тарату қорына аударымдардың мөлшері, осындай төлемдердің мерзімділігі туралы талаптар келісімшартта белгіленеді.

Жасалған және қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылмаған жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша тарату қорына аударымдарды жүзеге асыра бастаған және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін салық кезеңінде шегерімге жатқызған жер қойнауын пайдаланушы, аталған аударымдардың сомасын Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа аударуы тиіс. Арнаулы депозиттік шотқа аударылуы тиіс аударымдардың бұл сомасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы осындай кен орындарын әзірлеу салдарын жою қоры есебінен пайдаланған сомаға азайтылады.

Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады. Тарату қорын құрудың тәртібі, тарату қорына аударымдардың мөлшері, осындай төлемдердің мерзімділігі туралы талаптар келісімшартта белгіленеді.»;

16. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңына:

1) 4-баптың 2-тармағын мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Зияткерлік мектептер мынадай деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады:



мектепке дейінгі тәрбие және оқытудан тұратын бастауыш мектеп;

негізгі мектеп;

жоғары мектеп;

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

қосымша білім беру бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;

Зияткерлік мектептер өзінің жарғысына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыруға құқы бар.

Зияткерлік мектептер білім беру бағдарламалары мен технологияларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізу мен іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.»;

2) 7-баптың 1-тармағын мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Зияткерлік мектептер өз бетінше әзірлеген білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Зияткерлік мектептерде іске асырылатын білім беру бағдарламалары осы Заңда белгіленген білім деңгейлері бойынша іске асырылады.».

17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына:

1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін:

тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 90-бабы 1-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:

1) борышкер талапты орындаған кезде бұрын орындау сомасына барабар мөлшерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.»;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 106-бабы 1-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұратын кезеңде аталған тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:

«1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі дамудың ұлттық институт банкті қоспағанда, банктер және банктiк қарыз операцияларын жүргiзуге арналған лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа), мынадай күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге:

1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;

2) басқа банктер мен клиенттерге берiлген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда);

3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке;

4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепiлдiктер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар.

Осы тармаққа сәйкес шегерімге жататын провизияларды (резервтерді) құру тәртібін, сондай-ақ активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртібін уәкiлеттi органмен келiсім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айқындайды

Осы тармақтың шарттары осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында аталған салық төлеушілерге қолданылмайтындығы белгіленсін.».

Банктер және банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы бапта белгіленген провизияларды (резервтерді) шегеру және провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстарды айқындау тәртібі, оның ішінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шегеріміне жатқызылған провизияларға (резервтерге), сондай-ақ провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстарға 2006 жылғы 1 қаңтар мен 2008 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылатыны белгіленсін.»;

2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

««5-бап. Кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде, салық кезеңі ішінде кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде Салық кодексінің 106-бабының 1-тармағынаjl:30366245.1060100 сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомалары 2011 жылғы 1 қаңтар мен 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайтыны белгіленсін.

Біріктірілген көрсеткіш пен ең жоғарғы арақатынас мөлшерін айқындау тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілейді.

Осы бап кредит (қарыз) (кредиттер (қарыздар) бойынша борышкердің үмітсіз берешегі кешірілген жағдайда, бір мезгілде мына шарттар сақталған кезде:

мөлшері мен тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, кешірілген кредит сомасы есептік көрсеткіштен аспаған кезде;

уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген негіздер бойынша және тәртіппен кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек кешірілген кезде, қолданылады.

Егер Салық кодексінің 90-бабында өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) бойынша міндеттеменің тоқтатылуы (есептен шығару), сондай-ақ сауда-саттықта «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен - кредиттің кепілге қойылған мүлкін сатқаннан кейін өтелмеген сомаға, ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін, кепілге қойылған мүлікті сату кезінде кредитті қайтару бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару) кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру деп танылады.».»

3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«7-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 90-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:

1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) сомасы;

2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) сомасы;

3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы;

3-1) осы Кодекстің 106-бабы 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi арту сомасы мынадай тәртіпте есептейді:

уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айқындаған тәртіпте, өткен салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құралған, бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялар,

минус

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес өткен салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер);



4) құрылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, өткен салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша осы Кодекстің 106-бабының 4-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған, бұрын шегірімге жатқызылған провизиялар (резервтер) мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес өткен салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) арасындағы оң айырма сомасы танылады.»;

18. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 тамыздағы Заңына:

1)20-баптың 2-тармақтың мынадай мазмұндағы 3)-тармақшасымен толықтырылсын:

«3) осы Заңның 11-бабы 8-тармағында белгіленген тәртіпте қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, нақты мекенжайы бойынша әділет органын осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен бір ай мерзімінде орналасқан орнының өзгергені туралы хабардар етуге міндетті.».

19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына:

1) 1-баптың 3-тармағы 7) тармақшасының екінші абзацында «толық» деген сөздің алдын «жүктің» деген сөзбен толдықтырылсын.



2-бап. 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін салық органдары осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіпте мәжбүрлеп таратылуға (есептiк тiркеуден шығару, қызметін тоқтату) жататын заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және дара кәсіпкерлердің соңғы тiзiмiн қалыптастырға міндеттілігі белгіленсін.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тiзiмге мыналарды енгізуге жатады:

1) резидент заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi;

2) филиалдар, өкілдіктер ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;

3) олар туралы Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнде ақпарат жоқ резидент заңды тұлғалар, резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi;

4) салық органдарындағы дара кәсіпкерлер.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген субъектілер (бұдан әрі – субъектілер), сонымен бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

1) 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген талап ету мерзімінен кем емес:



салық есептілігiн табыс етпеген;

экспорт-импорт операцияларын жасамаған;

егер төлемдерiнің және (немесе) ақша аударымдарының сомасы күнтізбелік жыл үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын ең төмен жалақы мөлшеріндегі жалақының 12-еседен аспайтын, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алу жағдайларын қоспағанда, төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;

2) 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:

қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiне тұрмаған;

салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте салық есептілігiн табыс етпеген;

мүлік салығына, көлік құралдары салығына, жер салығына, бірыңғай жер салығына, аталған салықтарды жеке тұлғаларға салық салу объектiлерiн қоспағанда, салық салу объектiлерiне меншiк құқы жоқ.

Осы тармақта айқындалған шарттар осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында аталған субъектілерге қолданылмайды.

Салық қызметі органдары:

1) 2013 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей осы баптың 3-тармағы шарттарына сай келетін субъектілердің бастапқы тiзiмiн қалыптастырады ;

2) 2013 жылдың 1 наурызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай мәліметтерді көрсетумен қалыптастырған тiзiмдi жариялайды:

салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН);

сәйкестендiру нөмiрiн (оның болған кезінде);

тегiн, атын, әкесiнiң атын (оның болған кезінде) не болмаса субъектінің атауын;

СТН, сәйкестендiру нөмiрiн (оның болған кезінде), заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын (оның болған кезінде) (мұндай мәліметтердің болған кезінде);

субъектінің орналасу (келу) орны бойынша салық органының атауын;

3) субъектіні мәжбүрлеп таратқан (есептiк тiркеуден шығару, қызметін тоқтату) жағдайда кредиторлардың және (немесе) осы баптың 7-тармағына сәйкес салық төлеушiлердiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) қабылдауға арналған салық органының мекенжайы.

3) 2013 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей субъектілердің қалыптастырған тiзiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін, мәліметтерді алу үшін мыналарға сауал жібереді:



банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында айқындалған төлемдердi және (немесе) ақша аударымдары туралы;

уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүлікінің, көлік құралдарының, жер участкілерінің бары туралы;

әділет органдарынаСәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде бары/жоғы туралы.

5. Осы баптың 4-тармағында аталған мәліметтерді салық қызметінің органдарына 2013 жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етілуі тиіс.

6. Кредиторлардың және (немесе) өзге де тұлғалардың, қойып отырған талаптарын растайтын құжаттарды қоса отырып өткізетін өтiнiштерiн (талаптарын) салық қызметінің органдары 2013 жылдың 1 мамырына дейін қабылдайды.

7. Салық қызметі органдары осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді алғаннан кейін 2013 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей мәжбүрлеп таратуға (есептік тіркеуден алып тастауға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесін қалыптастырады.

8. Салық қызметі органдары осы баптың 7-тармағында көрсетілген субъектілерге қатысты 2013 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей кәсіпкерлік қызметті мәжбүрлеп тоқтату үшін сотқа талап-арыздар жібереді.

3-бап. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кез келген салық кезеңдерінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 267-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу тәртібін қолданған қосылған құн салығын төлеушілер 2013 жылдың ішінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңге келетін барлық салық кезеңдеріне қолданылатын мұндай тәртіпті қолданбау туралы шешім қабылдауға құқылы деп белгіленсін.

Салық кодексінің 267-бабының ережесін қолданбау туралы қабылданған шешімді қосылған құн салығын төлеуші орналасқан орны бойынша салық органына еркін нысанда жасалған және басшының қолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылған өтініште ұсынады.



Салық кодексінің 267-бабының ережесін қолданбау туралы шешім қабылдаған қосылған құн салығын төлеушіге Салық кодексінің 273-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы қолданылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет