Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы


-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау



бет3/5
Дата20.07.2016
өлшемі0.84 Mb.
#211558
1   2   3   4   5

19-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру;

жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



20-бап. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру;

монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды жөндеу;

монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткізу;

2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алу;

3) босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

босатылған оқ-дәріні жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;

босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау;

5-1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу;

6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану;

7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу.

 

21-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау



Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндіруді, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметті лицензиялау



2008.21.11. № 89-ІV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Байланыс саласында қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

қалааралық телефон байланысы;

халықаралық телефон байланысы;

спутниктік жылжымалы байланыс;

ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).

2. Мынадай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу талап етілмейді:

1) меншікті не жалға алынған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиісті лицензиялар негізінде әрекет ететін басқа байланыс операторларының қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледі, олардың құрылымы лицензиармен келісілуге тиіс. Делдалдар қызметтерді шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға міндетті. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап береді;

2) өндірісішілік қызметті және технологиялық процестерді, оның ішінде үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынбай радиожиілік спектрін пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерін пайдаланбай, басқаруға арналған желілерді құру және пайдалану жөніндегі қызмет;

3) байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосылмаған және негізгі қызмет түрін жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерін құру және пайдалану (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс) жөніндегі қызмет.

Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиілік, радиожиілік жолақтарын (радиожиілік арналарын) пайдалану үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат береді.

 

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (2007.09.08. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



23-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау

Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары;

техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;

орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;

діни білім беру бағдарламалары.

 

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда ( ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



24-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиялау

Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



25-бап. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті лицензиялау

 Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:



1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;

3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

геодезиялық жұмыстар жүргiзу;

картографиялық жұмыстар жүргiзу.

 

2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтi лицензиялау

Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) медициналық қызмет.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек:

дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;

диагностика;

патологиялық анатомия;

клиникалық зертханалық диагностика;

қан мен оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, өңдеу, сақтау және өткiзу;

ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:

акушерлiк және гинекология;

педиатрия немесе терапия: жалпы, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсiптiк патология, отбасылық дәрiгер; инфекциялық аурулар; фтизиатрия;

хирургия: жалпы, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бетсүйек хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия; анестезиология және реаниматология;

дерматовенерология (дерматокосметология);

психиатрия: жалпы, наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;

онкология;

стоматология;

дәстүрлi медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлексотерапия;

медициналық реабилитология;

сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;

еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы;

санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын өндiру, қайта өңдеу және өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызмет түрлерін өткізу;

2) фармацевтикалық қызмет.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

дәрiлiк заттар өндiрісі;

медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiрісі;

медициналық техника өндiрісі;

дәрiлiк препараттарды дайындау;

медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;

дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;

дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу.

 

 



2008.10.12. № 115-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) адвокаттық қызмет;

2) нотариаттық қызмет;

3) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда);

4) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау;

5) аудиторлық қызмет;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсетумен айналысу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;

шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін экологиялық аудит;

7) лотерея ұйымдастыру және өткізу;

8) заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру;

9) туроператорлық қызмет;

10) жеке сот орындаушыларының қызметі.

 

28-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау



Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) казино қызметі;

2) ойын автоматтары залының қызметі;

3) букмекерлік кеңсе қызметі;

4) тотализатор қызметі.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



29-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру;

жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу;

 

30-бап. Сот-сараптама саласындағы қызметті лицензиялау



Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті лицензиялау



Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

32-бап. Қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялау



Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) банк операциялары:



заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;

жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдар мен қымбат металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшері көрсетіледі;

кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;

аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға ғана беріледі;

есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беруі;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау;

аккредитив ашу (шығару) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беру;

үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банктік тапсырмалар мен өзге де міндеттемелерді беру;

2) банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар:

тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткізу;

құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткізу;

вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельдерге ақы төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ домицильдендірілген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдердің акцепті;

лизингтік қызметті жүзеге асыру;

меншікті бағалы қағаздарды (акциялардан басқа) шығару;

факторингтік операциялар: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, сатып алушыдан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеуді талап ету құқығын иелену;

форфейтингтік операциялар (форфейтер): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесіне ақы төлеу;

сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне орай және тапсырмасы бойынша ақшаларды ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;

сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) ислам банктері жүзеге асыратын банк операциялары:

жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;

банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;

кәсіпкерлік қызметті мынадай түрде қаржыландыру:

коммерциялық кредитті бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру;

лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;

ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) «өмірді сақтандыру саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегінде:

өмірді сақтандыру;

аннуитеттік сақтандыру.

2009.11.07. № 185-ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) «жалпы сақтандыру саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегінде:

жазатайым оқиғалардан сақтандыру;

ауру жағдайына арналған сақтандыру;

автомобиль көлігін сақтандыру;

темір жол көлігін сақтандыру;

әуе көлігін сақтандыру;

су көлігін сақтандыру;

жүктерді сақтандыру;

осы тармақшаның төртінші-сегізінші абзацтарында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;

автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

осы тармақшаның оныншы - он екінші абзацтарында

көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

қарыздарды сақтандыру;

ипотекалық сақтандыру;

осы тармақшаның он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он сегізінші абзацтарында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру;

кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру;

өзге де қаржы шығындарынан сақтандыру;

титулдық сақтандыру;

сот шығыстарын сақтандыру;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері:

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру;

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру;

міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қызмет;

6) қайта сақтандыру жөніндегі қызмет.

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек «жалпы сақтандыру» саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек «өмірді сақтандыру» саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салаларындағы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы;

7) сақтандыру брокерінің қызметі;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыратын және тізбесі мен оларға қойылатын талаптарды қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарының мүшелері болып табылатын адамдардың қызметін қоспағанда, сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет;

9) брокерлік қызмет;

10) дилерлік қызмет;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

12) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет.

Аталған қызмет түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін:

ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;

ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қамтиды;

13) 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

14) кастодиан қызметі;

15) трансфер-агенттік қызмет;

16) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;

17) 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметін қоспағанда, кредиттік бюроның қызметі.

 

2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет