Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы


-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау



бет4/5
Дата20.07.2016
өлшемі0.84 Mb.
#211558
1   2   3   4   5

33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау

Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:

1) iздестiру қызметi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:

геодезиялық орталықтарды салу және қалау;

жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;

жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);

инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекіту арқылы нақты іске асырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;

инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:

геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;

жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жобалау қызметі.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі

ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:

жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);

елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;

құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;

ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;

тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерiн орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;

елдi мекендер мен қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;

құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерiн орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;

инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;

ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:

объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды;

құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:

негiздер мен iргетастарды;

бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;

металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;

инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:

жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;

iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және

10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;

35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;

магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;

тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:

мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;

көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсету үшін, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:

энергетика өнеркәсiбiне арналған;

жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;

ауыр машина жасауға арналған;

медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;

бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстар;

мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;

көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:

автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;

жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне;

байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

мыналарды:

теміржол көлiгi қатынасы жолдарын;

барлық санаттағы автомобиль жолдарын;

қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;

көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайырықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) құрылыс-монтаж жұмыстары.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

жер қабатындағы арнаулы жұмыстарды, оның ішінде:

іргетас негіздерін орналастыруды;

жер қабатындағы бұрғылау жұмыстарын;

суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстарды;

объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын, ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен жол өткізгілер, өзге де жасанды құрылыстар) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды, оның ішінде:

металл конструкцияларды монтаждауды;

мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;

көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;

гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;

түтiн мұржаларын, күш түсетін құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;

тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгілеуге қарсы қалқаларды орналастыруды;

көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен басқа да көтергіш құрылғылар конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;

монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;

шатыр жабу жұмыстарын қамтиды;

күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды салу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның ішінде:

қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);

мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;

кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн;

байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;

күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылғысын, оның iшiнде:

теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;

газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;

суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;

электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, iшкi электрмен жарықтандыру және электрмен жылыту желiлерiн қамтиды;

күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын салу, оның ішінде:

темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын салу;

I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;

III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;

аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын қамтиды;

мыналармен:

гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;

құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;

театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлермен;

байланыспен, аварияға қарсы қорғаумен, бақылау және дабыл құралы жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;

4) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді



34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау саласындағы қызметті лицензиялау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

35-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

36-бап. Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі саласындағы қызметті лицензиялау



Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) этил спиртінің өндірісі;

2) алкоголь өнімінің өндірісі.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

арақтар мен айрықша арақтардың өндірісі;

ликер-арақ өнімдерінің өндірісі;

шарап материалының өндірісі;

шарап өндірісі;

коньяк өндірісі;

бренди өндірісі;

сыра өндірісі;

3) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату;

4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) темекі өнімдерінің өндірісі.

 

37-бап. 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды ( ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 37-1-баппен толықтырылды ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)



37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) тауар биржаларының қызметі;

2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметі.

 

 



4-тарау. Тауарлардың экспорты мен импорты саласындағы лицензиялау

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



38-бап. Жалпы ережелер

1. Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін белгілейді.

Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлінше шектеушілік немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиіс.

2. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға лицензия беріледі.

Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:

біржолғы;

бас;

ерекше.

Лицензиар бас және ерекше лицензиялар беруді Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiн уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында есеп беруге мiндеттi.

Бiржолғы лицензиялардың иелерi лицензияның орындалуы туралы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталған соң күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында ақпарат беруге мiндеттi.

4. Біржолғы лицензияның қолданыс кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданыс мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданыс мерзімімен немесе лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін.

Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.

Егер Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.

Ерекше лицензияның қолданыс мерзімі әрбір нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

 

39-бап. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

40-бап. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау

Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтініш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшін импорттаушы елдің заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтініш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленеді. Лицензия алуға өтінішті тауарлар кедендік тазартылғанға дейін кез келген жұмыс күнінде беруге болады. Лицензия алуға өтініш пен қажетті құжаттар тиісті әрі толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күні ішінде беріледі.

Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

 



5-тарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің шарттары мен тәртібі

 

 



2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет