9-бап. Лицензиялардың түрлері және қолданысы
Лицензиялар мынадай белгілері бойынша:
1. Субъектілер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін;
2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді.
2. Қызмет көлемі бойынша:
1) бас лицензия - қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) біржолғы лицензия - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) жекелеген қызмет түрімен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға;
3) операциялық лицензия - банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді.
3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
1) бас лицензия - кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
2) ерекше лицензия - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия;
3) біржолғы лицензия - сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары
Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензиаттың санатын;
өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензияланатын қызмет түрі жүзеге асырылатын саланы көрсету үшін енгізіледі.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді ( ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін лицензиялардың және оларға қосымшалардың нысандарын қоспағанда, лицензияның және оған қосымшаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қызметтің кіші түрлері көрсетілетін лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Лицензиялау салалары
Мынадай:
1) өнеркәсіп;
2) атом энергиясын пайдалану;
3) улы заттар айналымы;
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) көлік;
6) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар;
9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;
10) ғарыш кеңістігін пайдалану;
11) ақпараттандыру және байланыс;
12) білім беру;
13) бұқаралық ақпарат құралдары;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) ауыл шаруашылығы;
15) денсаулық сақтау;
16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
17) ойын бизнесі;
18) ветеринария;
19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама;
20) мәдениет;
21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау;
24) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы;
26) 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды ( ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) тауарлар экспорты мен импорты;
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 28) тармақшамен толықтырылды ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс.
3-тарау. Қызмет түрлері
2008.29.12. № 116-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 166-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап гертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;
ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткізу және игеру;
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану;
2) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
3) заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және лицензиаттарға өткiзуi.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ядролық қондырғылар, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймалары құрылысы;
ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтар сақтау қоймаларын пайдалану;
ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару;
ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезінде жұмыстарды және жобаларды басқару;
2) ядролық материалдармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ядролық материалдарды өткізу;
ядролық материалдарды пайдалану;
ядролық материалдарды сақтау;
3) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу;
табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу;
4) иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;
аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;
өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің барын анықтау, радон және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;
персоналды дозиметрлік жеке бақылау;
6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
радиоактивті қалдықтарды жинау және сұрыптау;
үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивті ластанудан тазарту);
радиоактивті қалдықтарды өңдеу;
радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму;
аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтіру;
7) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау;
8) ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;
9) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету;
ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
10) ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау.
2009.17.07. № 189-ІV ҚР Заңымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою;
уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану;
уларды сатып алу, сақтау, өткізу.
Нормативтік құжаттарға сәйкес сынақтар, зерттеулер және дезинфекция жүргізу үшін қажетті көлемде улы заттарды пайдаланатын аккредиттелген зертханалардың қызметі улар айналымы саласындағы лицензиарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен, удың жылдық қажеттілігі туралы ақпарат және оларды пайдалану туралы жыл сайынғы есеп бере отырып, лицензиялаусыз жүзеге асырылады;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.
15-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Көлiк саласындағы қызметтi лицензиялау
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшiн, сондай-ақ теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етiледi.
17-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою;
құрамында есірткі және психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау;
денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру).
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу (оның ішінде өзге де беру);
3) ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |