жағдайлар кезінде реквизицияланатын мүлікті
есепке алу
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялауды жүзеге асырған мемлекеттік орган реквизицияланған мүліктің есебін жүргізуге міндетті, онда алып қойылған мүліктің тізбесі және реквизицияланған мүлік пайдалану үшін берілген авариялық-құтқару қызметінің жасақтары (бөлімшелері) немесе өзге де ұйымдар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды және оны табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
47-бап. Реквизициялау кезіндегі меншік иесі құқықтарының
кепілдігі
1. Реквизициялауды жүргізу кезінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
2. Реквизицияланған мүліктің меншік иесі реквизициялау туралы шешімге, сондай-ақ реквизицияланған мүлікті бағалау және өтем мөлшеріне, оның ішінде өтелетін залалдардың мөлшеріне де сот тәртібімен дау айтуы мүмкін.
3. Реквизицияланған мүліктің меншік иесінің мүліктің құнын және реквизициялаудан туындаған залалдарды өтеу туралы талабына талап қоюдың өту мерзімі қолданылмайды.
2-параграф. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
48-бап. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс
мұқтажы үшін реквизициялаудың негіздері мен
тәртібі
1. Соғыс жағдайы енгізілген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе ішінара) кезде қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялау Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарында көзделмеген мүлікке жаңадан қажеттілік туындаған жағдайда жүргізіледі.
2. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялау Штабтар бастықтары комитетінің нұсқамалары бойынша жүзеге асырылады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде Штабтар бастықтары комитетінің нұсқамасы бойынша жүзеге асырылады.
4. Әскери басқару органдары мен әскери бөлімдердің қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялау жөніндегі қызметіне жалпы басшылық жасауды және оны үйлестіруді «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының бұйрықтары негізінде Штабтар бастықтарының комитеті жүзеге асырады.
49-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын
мүлік
1. Соғыс жағдайы енгізілген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе ішінара) кезде қорғаныс мұқтажы үшін қажетті көлік құралдары және өзге де мүліктер реквизициялауға жатады.
2. Соғыс жағдайы енгізілген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе ішінара) кезде соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету шаралары ретінде реквизициялау қажет болған кезде реквизициялауға жататын мүліктің тізбесін Штабтар бастықтарының комитеті айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтажы үшін мүлкін реквизициялауға болмайтын ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Жеке тұлғалардың реквизициялауға жатпайтын мүлкінің тізбесі мен нормативтерін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, Қазақстан Республикасының халқын соғыс уақытында жабдықтау нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
50-бап. Соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшін
реквизициялаудың ерекшеліктері
1. Соғыс уақытында соғыс іс-қимылдары жүріп жатқан және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істемейтін аумақта қорғаныс мұқтажы үшін қажетті реквизициялауды, бұл туралы кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлай отырып, Штабтар бастықтарының комитеті дербес жүргізеді. Реквизициялауды жүргізу үшін Штабтар бастықтарының комитеті жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімдердің командирлеріне (мекеме басшыларына) нұсқама береді.
2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүзеге асырылады, ол:
1) Штабтар бастықтары комитеті нұсқамасының деректемелері көрсетілген реквизициялау жүргізу туралы негіздерді;
2) алып қоюды жүргізу уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің иесі туралы, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
4) салмағы, мөлшері, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
5) мүлікті бағалау және өтем мөлшері туралы мәліметтерді;
6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
3. Жүргізілген реквизициялау туралы есеп жасалады, ол қоса берілген реквизициялау туралы актілермен бірге Штабтар бастықтарының комитетіне жіберіледі.
51-бап. Соғыс іс-қимылдарын жүргізу кезінде қорғаныс
мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
1. Соғыс іс-қимылдары жүріп жатқан аймақта жекелеген әскери бөлімдердің мұқтажы үшін реквизициялауды ерекше жағдайларда әскери бөлімнің командирі дербес жүргізеді.
2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүргізіледі, ол:
1) реквизициялау үшін негіз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;
2) алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргізетін әскери бөлім командирінің лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауды тағайындалған тұлға жүргізетін болса, реквизициялауға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы жазбаша бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі туралы, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
4) салмағы, мөлшері, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
3. Бір данасы реквизицияланған мүліктің меншік иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі.
4. Әскери бөлімнің командирі Штабтар бастықтарының комитетіне реквизициялау туралы есеп пен актіні қоса бере отырып, жүргізілген реквизициялау туралы дереу хабарлауға міндетті.
52-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүліктің
өтемін төлеу
1. Штабтар бастықтарының комитеті реквизицияланған мүліктің меншік иелеріне кейіннен өтем жасау үшін мүлікті алып қоюды жүргізу есебін және реквизициялау туралы актілерді қоса бере отырып, қорғаныс мұқтажы үшін жүргізілген реквизициялау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне дереу хабарлауға міндетті.
2. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүлікке өтем Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан төленеді.
3. Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүлкінің құнын мемлекеттiң өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
53-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын
және қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған
мүлікті есепке алу
1. Бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің соғыс уақытына арналған қажеттілігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялануы мүмкін көлік құралдары мен өзге де мүлікті есепке алуды жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті есепке алу мүліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізетін мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
3. Мүліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізетін мемлекеттік органдардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлікке қатысты ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлікті есепке алу осы мүлікті бейбіт уақытта еркін иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын шектеуге тиіс емес.
5. Реквизицияланған мүлікті бастапқы есепке алуды реквизициялауды жүргізген жергілікті әскери басқару органдары немесе әскери бөлімдердің командирлері (мекемелердің бастықтары) жүргізеді, олар алып қойылған мүліктің тізбесін және реквизицияланған мүлік пайдалану үшін берілген әскери бөлімдер немесе өзге де ұйымдар туралы мәліметтерді анықтауға тиіс.
6. Қорғаныс мұқтажы үшін берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және оны Штабтар бастықтарының комитеті ұйымдастырады.
5-тарау. МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ АЛУ
54-бап. Мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру принциптері
1. Мемлекет меншігіне алу тиісті заң тәртібін сақтай отырып Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мүдделер үшін жүзеге асырылуы және мемлекет меншігіне алынатын мүлік пен басқа да залалдардың нарықтық құнын Қазақстан Республикасы алдын ала және тең құнымен өтеген жағдайда кемсітусіз жүргізілуі мүмкін.
2. Мемлекет меншігіне алу жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың ерекше жағдайы (ерекше нысаны) болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де мүмкін болатын нысандары толық біткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
3. Мемлекет меншігіне алу мемлекет меншігіне алу рәсімдерінің жариялылығы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
55-бап. Мемлекет меншігіне алудың негіздері
Мемлекет меншігіне алу Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке өндіріп алу туралы заңының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңы) негізінде жүзеге асырылады.
56-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құнын өтеу
мөлшері
1. Мемлекет меншігіне алған кезде мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабының 4-тармағына және 266-бабына сәйкес өтелуге жатады.
2. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесіне төленетін өтемнің мөлшері мүліктің нарықтық құнын негізге ала отырып айқындалады.
3. Өтем мөлшері бағалау (қайта бағалау) жүргізген күнге айқындалады.
57-бап. Өтем төлеу тәртібі
1. Мүліктің құнын және басқа залалдарды өтеу мемлекет меншігіне алынатын мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына өткен кезге дейін толық көлемде жүргізіледі.
2. Өтемді төлеу ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, ал Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда шетел валютасымен төленеді.
3. Өтемді төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
4. Өтемді өзге мүлікпен төлеуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арқылы Қазақстан Республикасы мен мүліктің меншік иесінің арасындағы келісім бойынша жол беріледі. Көрсетілген келісім жазбаша нысанда жасалуға тиіс.
5. Өтем төлеу бір мезгілде жүргізіледі, өтемді бөліп-бөліп төлеуді көздейтін мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
6. Мемлекет меншігіне алынған мүлікті іс жүзінде беру мемлекет меншігіне алынатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алған кезде шектелетін меншік иесі мен өзге де тұлғалар тең құнымен өтем алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне
алынатын мүлік құқықтарына ие болуы
Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
59-бап. Мемлекет меншігіне алу кезіндегі мемлекеттік
органдардың функциялары
1. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті іс жүзінде қабылдауға байланысты барлық қажетті іс-қимылдарды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлік туралы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізеді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекет меншігіне алынған мүліктің меншік иесі құқықтарын жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет меншігіне алынған мүлікті республикалық заңды тұлғаларға бекітіп береді не осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша мемлекет жүз пайызбен қатысатын арнайы құрылған акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеуге береді.
5. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті басқаруды ол осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен берілген кезге дейін жүзеге асырады.
6. Республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген, мемлекет меншігіне алынған мүліктің тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті берген кезден бастап жүзеге асырады.
60-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің құқығын қорғау
Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің және мемлекет меншігіне алынатын мүлікке байланысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алған кезде шектелетін өзге де тұлғалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен жүзеге асырылады.
6-тарау. ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН АЛЫП ҚОЮҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
нысанасы мен жалпы шарттары
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару тек қана жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады.
Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығын құқықтық кадастрдағы мәліметтердің және (немесе) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде растау мүмкін болмаса, онда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы учаскеде орналасқан ғимараттарға, құрылыстарға және жылжымайтын өзге де объектілерге (тұрғын жайларға, тұрғын үйлерге (тұрғын үй ғимараттарына), тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге), тұрғын емес үй-жайларға) қатысты жүзеге асырылады.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерінің жариялылығы сақталған кезде жүргізілуі мүмкін. Алып қойылатын мүліктің меншік иесі тарапынан талаптар болған кезде жариялылықтың болмауы мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қоюдан бас тартуға негіз болып табылады.
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы хабарлама алған сәттен бастап, мемлекеттің оны сатып алуға басым құқығы болады.
4. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің меншік иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдағаннан кейін кез келген сәтте және атқарушы орган жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінгенге дейін осы Заңның 69-бабының қағидаларына сәйкес келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
6. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қағидалар осы Заңның 67-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жер учаскесі жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның жер пайдалануында болған жағдайларда да қолданылады.
62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды
жүзеге асыру принциптері
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың ерекше жағдайы болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де ықтимал жағдайларын пайдалану мүмкін болмаған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге (балама) тәсілі болған кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.
3. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін мүлікті кез келген алып қою не мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мақсатынан туындамайтын және қоғамдық маңызды мақсаттарды көздемейтін мүлікті өзге де алып қою мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою болып танылмайды. Бұл жағдайларда мүлікті иеліктен шығаруға мүліктің меншік иесі мен коммерциялық мақсаттарды көздейтін тұлға арасындағы келісім бойынша олардың арасында жасалған мүлікті сатып алу-сату шарты негізінде жол беріледі.
4. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол беріледі.
5. Осы баптың ережелерін орындамау жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудан соттың бас тартуы және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулының күшін жою үшін негіз болып табылады.
63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
басталуы және тоқтатылуы
1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген ерекше жағдайларда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген құзыретіне сәйкес жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданады.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыда:
1) мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты мен негіздері;
2) жер учаскесінің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;
3) мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы;
4) мәжбүрлеп иеліктен шығару күні көрсетіледі, бірақ ол бұл қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан ерте болмауға тиіс;
5) келісім рәсімдерін жүзеге асыру асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны көрсетіледі.
Егер көрсетілген қаулыға осы тармақтың 2) және 4) тармақшалары бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі бұл қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жарияланған күннен бастап қайтадан жүзеге асырылады.
Көрсетілген қаулы, қажет болған жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау, жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда, осы қаулыны қабылдау үшін, сондай-ақ сотқа талап-арыз келтіру үшін материалдар дайындауды және сотта оның мүдделерін білдіруді жер учаскесі орналасқан жер бойынша төмен тұрған атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдаған атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылғаны туралы қаулы қабылдау арқылы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтатуға құқылы.
5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген қаулылар олар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде тиісінше республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
7. Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген болса, меншік иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін оған қатысты қаулы қабылданған жер учаскесіне жеке меншік құқығын растау бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асыра алады.
Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыда белгіленген мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі алты айдан аспайтын уақытқа ұзартылады.
64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
туралы хабарлау тәртібі
1. Атқарушы орган немесе жоғары тұрған органның тапсырмасы бойынша төменгі тұрған орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны оған жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттың жобасын қоса тіркеп, пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жібереді. Пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттар қайтадан жіберіледі.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама заңдық талап ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.
65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
Достарыңызбен бөлісу: |