48-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тарту
1. Егер:
1) мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе;
2) iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса;
3) нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса;
4) заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе;
5) мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе;
6) нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылуы мүмкiн.
2. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға бас тартылған жағдайда, нотариус ол нотариаттық iс-әрекет жасауға өтiнiш берген күннен бастап, он күннiң iшiнде жазбаша түрде бас тарту себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.
3. Нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-әрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiн сот тәртібімен шағымдануға болады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49-бап. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу
Нотариус және лауазымды адамдар жасайтын, осы Заңның 34-36-баптарында көрсетілген барлық нотариаттық іс-әрекеттер тізілімдерде (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізіліміне) тіркеледі.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты қара
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктердің, куәландыратын жазбалардың нысаны
Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
51-бап. Нотариаттық куәландырылған құжаттың дубликатын беру
1. Бiр данасы нотариаттық кеңсе iстерiнде немесе нотариуста сақталатын құжат жоғалған жағдайда, өз аттарынан немесе солардың тапсырмасы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасалған азаматтардың, заңды тұлғалар өкiлдерiнiң жазбаша өтiнiштерi бойынша оларға жоғалған құжаттың дубликаты берiледi.
2. Құжаттың дубликатын беру осы Заңның 3-бабының талаптары сақтала отырып жүргiзiледi.
8-тарау. Мәмiлелердi куәландыру
52-бап. Нотариаттық тәртiппен куәландырылатын мәмiлелер
Нотариус заңдармен мiндеттi нотариаттық куәландыру белгiленген мәмiлелердi куәландырады. Тараптардың тiлегi бойынша нотариус басқа мәмiлелердi де куәландыра алады.
53-бап. Мәмiле жобасының мазмұны мен мағынасын тараптарға түсiндiру
Нотариус пен нотариаттық iс-әрекет жасаушы лауазымды адамдар тараптарға, олар табыс еткен мәмiле жобасының мазмұны мен мағынасын түсiндiруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттерiне сәйкес келетiнiн және заң талаптарына қайшы келмейтiнiн тексеруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді
54-бап. Тiркелуге жататын мүлiктi иелiктен алу және кепiлге салу туралы шарттарды куәландыру
1. Тiркелуге жататын мүлiктi иелiктен алу және кепiлге салу туралы шарттар иелiктен алынатын немесе кепiлге салынатын мүлiкке деген меншiк құқықтарын растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылуы мүмкiн.
2. Тiркелуге жататын жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу мен кепiлге салу шартын куәландыру сол мүлiк тұрған жерде жасалады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы ҚР Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығын; ҚР нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
3. Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезінде нотариус иелiктен шығарылған жылжымайтын объектілер орналасқан жер учаскесінің құқықтық режимін белгілеуге тиіс.
Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезінде нотариус жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттарды талап етеді және жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) өзіне тиесілі құқықтарын иелiктен шығару жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.
Жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттар кондоминиум құрамындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иелiктен шығарған кезде талап етілмейді.
55-бап .ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
56-бап. Өсиеттердi куәландыру
1. Нотариус пен нотариаттық iс-әрекеттер жасаушы басқа да лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес iс-әрекетке қабiлеттi азаматтар жасаған және олардың өздерi нотариусқа табыс еткен өсиеттердi куәландырады. Өсиеттердi өкiлдер арқылы куәландыруға жол берiлмейдi.
2. Өсиеттердi куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырылатын мүлiкке оның меншiк құқығын растайтын дәлелдемелер тапсыру талап етiлмейдi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 57-бап өзгертілді
57-бап. Өсиеттердi өзгерту және күшiн жою тәртібі
Нотариус және нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын басқа да лауазымды адамдар өсиеттiң күшiн жою туралы өтініш алған, сол сияқты бұрын жасалған өсиеттiң күшiн жоятын немесе өзгертетiн жаңа өсиет алған жағдайда, өсиеттiң нотариуста сақталған данасы мен нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу тiзiлiмiне (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізіліміне) бұл туралы белгi соғады. Өсиеттiң күшiн жою немесе өзгерту туралы өтінішті нотариат куәландыруға тиiс.
58-бап. Сенімхаттарды куәландыру
1. Нотариус пен нотариаттық iс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамдар бiр немесе бiрнеше адамның атынан бiр немесе бiрнеше адамдардың атына сенімхаттарды куәландырады.
2. Қайта сенім бiлдiру тәртібімен берiлетiн сенімхат қайта сенім бiлдiру құқығы сөз болған негiзгi сенімхатты табыс ету бойынша нотариаттық куәландырылуға тиiс. Қайта сенім бiлдiру тәртібімен берiлген сенімхаттың мазмұнында негiзгi сенімхат бойынша берiлген құқықтан артық құқық болмауға тиiс. Қайта сенім бiлдiру тәртібімен берiлген сенімхаттың қолданылу мерзiмi оның берiлуiне негiз болған сенімхаттың қолданылу мерзiмiнен аспауы керек.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
59-бап. Мәмiленiң мазмұны баяндалатын құжат даналарының саны
Мәмiленiң мазмұны баяндалып, нотариаттық тәртiппен куәландыратын құжаттар даналарының санын нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамдар анықтайды, бiрақ олардың саны екi данадан кем болмауға тиiс, олардың бiреуi нотариаттық кеңсенiң iстерiнде нотариуста қалады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау
1. Ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жерi немесе жұмыс орны өзiне мәлім мұрагерлерге бұл туралы хабарлауға мiндеттi.
Өсиеттік бас тарту (легат) қамтылған өсиет болған кезде нотариус тұратын жері немесе жұмыс орны өзіне мәлім бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) өсиет бойынша мұраның ашылғандығы туралы хабарлауға міндетті.
2. Егер мұрагерлердiң немесе бас тартылған мұраны алушылардың (легатарийлердің) тұратын жерi немесе жұмыс орны белгiсiз болса, нотариус бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұраның ашылғандығы туралы хабарлауға міндетті.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштердi қабылдау
Нотариус мұра ашылған орын бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұрагердiң мұрадан бac тартуы немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштi жазбаша нысанда қабылдайды.
62-68-бап ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
69-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру орны мен мерзiмi
1. Мұрагерлердiң жазбаша өтiнiшi бойынша мұра ашылған жердегi нотариус мұраға құқық туралы куәлiк бередi.
2. Мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне көзделген мерзiмде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
24.12.01 ж. № 276-II; (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру тәртібі
1. Мұраға құқық туралы куәлiк Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормаларына сәйкес мұраны қабылдаған мұрагерлерге берiледi.
2. 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды
3. Мұраға құқық туралы куәлiк барлық мұрагерлерге, олардың қалауларына қарай, бiрге немесе әрқайсысына жеке-жеке берiледi.
4. Нотариус қорғаншылықта немесе қамқоршылықта жүрген, кәмелетке толмаған немесе iс-әрекетке қабiлетсiз мұрагердiң атына мұраға құқық туралы куәлiк берiлгенi жөнiнде оның мүлiктiк мүддесiн қорғау үшiн мұрагердiң тұрған жеріндегі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына хабарлайды.
5. Мұраға құқық бойынша мүлiк мемлекетке өткен жағдайда мұраға құқық туралы куәлiк уәкiлеттi мемлекеттік органға берiледi.
6. Мұрагерлiк құқық бойынша мемлекеттік меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
Мұрагерлiк құқық бойынша мемлекеттік меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары
1. Нотариус заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, мұраның ашылған уақыты мен жерiн, мұраға құқық туралы куәлiктiң берiлуi жөнiнде өтiнiш берушi адамдарды заң бойынша мұраны иелену үшiн негiз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралық мүлiктiң құрамы мен тұрған орнын тексередi.
2. Егер заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң мұраны иеленуге тарту үшiн негiз болып табылатын айғақтарды табыс етуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған және мұндай айғақтарды табыс еткен басқа мұрагерлердiң бәрiнiң келісімiмен мұраға құқық туралы куәлiкке енгiзiлуi мүмкiн.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
72-бап. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк беру шарттары
1. Нотариус өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, өсиеттiң бар-жоғын, мұраның ашылған уақыты мен орнын, мұралық мүлiктiң құрамын және тұрған орнын тексередi.
2. Нотариус сонымен бiрге мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар адамдар тобын анықтайды.
3. Өсиеттiк бас тарту болған кезде нотариус бас тартылған мұраны алушыларды шақырады және оларға өсиеттік бас тартудың мазмұнын және олардың мұрагерден (мұрагерлерден) өздеріне тиесілі мұраны алу құқығын түсіндіреді.
10-тарау. Ортақ бiрлескен мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы
куәлiктер беру. Мүлiктi иелiктен алуға тыйым салу және оны алып тастау
73-бап. Ортақ бiрлескен меншiк үлесiне меншiк құқығы туралы куәлiк беру
1. Нотариус бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар адамдардың бiрлескен жазбаша өтiнiшi бойынша ортақ мүлiктегi үлесiн алуға тiлек бiлдiрген адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк бередi.
2. Ортақ меншiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк осы мүлiк орналасқан жерде берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
74-бап. Көзi тiрi жұбайының өтiнiшiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк беру
1. Ерлi-зайыптылардың бiрi қайтыс болған жағдайда, нотариус мұра ашылған жерде көзi тiрi жұбайының жазбаша өтiнiшi бойынша мұраны қабылдаған мұрагерлердi хабардар ете отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк бередi.
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк көзi тiрi жұбайына олардың некеде тұрған кезiнде жинаған ортақ мүлкiнiң жартысына, егер неке келісім-шартында өзгеше белгiленбесе, берiлуi мүмкiн.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі өлген жұбайының үлесiне меншiк құқығы туралы куәлiк өлген жұбайдың мұрагерлерiне олардың өтiнiшi бойынша берiлуi мүмкiн.
75-бап. Мүлiктi иелiктен алуға тыйым салу және оны алып тастау
1. Құрылысқа, күрделi жөндеуге, үй, пәтер сатып алуға немесе басқа да жылжымайтын және жылжымалы мүлiктi сатып алу үшiн қарыз беру туралы банк мекемелерiнiң немесе заңды тұлғаның хабарламасы бойынша, сондай-ақ кепiл беру туралы шартты ресiмдеу кезiнде, осы айтылған жылжымалы және жылжымайтын мүлiк тұрған жердегi нотариус бұл мүлiктi иелiктен айыруға тыйым салады.
2. Мүлiктi иелiктен алуға тыйым салынғандығы туралы нотариус жазбаша түрде жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi тiркеу органдарына хабарлайды.
3. Алынған қарыздың қайтарылғаны немесе кепiл туралы шарттың тоқтатылғаны туралы банк мекемесiнен немесе заңды тұлғадан хабар алғаннан кейiн нотариус иелiктен айыруға тыйым салуды тоқтатады, бұл туралы жазбаша түрде жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi тiркеу органдарына хабарлайды.
11-тарау. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын, қойылған қолдардың
түпнұсқалығын және аударманың дұрыстығын куәландыру
76-бап. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру
1. Нотариус немесе нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адам заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтар берген құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын, бұл құжаттар және олардың мазмұны заңдарға қайшы келмеген әрi заңдық маңызы болған жағдайда куәландырады.
2. Үзiндi алынған құжатта бiр-бiрiмен байланысы жоқ бiрнеше жекелеген мәселенiң шешiмi болғанда ғана, одан алынған үзiндiнiң дұрыстығы куәландырылуы мүмкiн. Үзiндi құжаттың белгiлi бiр мәселе жөніндегі бөлiгiнiң толық мәтiнiн қайтаруға тиiс.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
77-бап. Азамат берген құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыру
Нотариус азамат ұсынған құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын, азаматтың құжатқа қойған қолының түпнұсқалығын нотариус немесе осы заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адам растаған жағдайда ғана куәландырады.
78-бап. Құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын куәландыру
Нотариус құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын, осы көшiрме нотариаттық тәртiппен куәландырылған немесе түпнұсқаны құжат жасаған заңды тұлға берген жағдайда куәландырады. Соңғы жағдайда құжаттың көшiрмесi сол заңды тұлғаның бланкiсiнде жасалып, мөрмен бекітілуi және құжаттың түпнұсқасы заңды тұлғада екендiгi туралы белгiсi болуға тиiс.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 79-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
79-бап. Құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру
1. Нотариус мазмұны жағынан заң актілеріне қайшы келмейтiн және мәмiленi баяндауды бiлдiрмейтiн құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады.
2. Нотариус қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыра отырып, құжатта жазылған фактiлердi куәландырмайды, белгiлi бiр адамның қол қойғанын ғана растайды.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
80-бап. Аударымның дұрыстығын куәландыру
1. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлетiн болса, бiр тiлден екiншi тiлге аударылған аударымның дұрыстығын куәландырады.
2. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлмейтiн болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
12-тарау. Фактiлердi куәландыру
81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру
1. Нотариус азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады.
2. Кәмелетке толмаған азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мүдделi адамдарға аталған фактiнi растап куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
82-бап. Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру
1. Нотариус азаматтың өтiнiшi бойынша оның белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады.
2. Кәмелетке толмаған азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру, оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мүдделi адамдарға аталған фактiнi растап куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
83-бап. Құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру
Нотариус өзiне құжаттың көрсетiлген уақытын куәландырады. Бұл туралы куәландыру жазбасы құжатқа оны көрсеткен адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып жазылады.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 13-тараудың тақырыбы өзгертілдi
13-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқаға беру, ақшаны депозитке қабылдау
84-бап. Өтiнiштердi беру
1. Нотариус жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға берудi жеке қолхатпен немесе керi хабарламалы почта арқылы жүзеге асырады. Өтiнiштер телефаксты, компьютерлiк желiлердi және өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып та берiлуi мүмкiн.
2. Өтiнiштердi беру үшiн техникалық құралдарды пайдалануға байланысты шығыстарды нотариаттық iс-әрекеттер жасауды өтiнген адам төлейдi.
3. Өтiнiш берушi адамның сұрауы бойынша, оған өтiнiштiң берiлгенi туралы куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 85-бап өзгертілдi
85-бап. Ақшаны депозитке қабылдау
1. Нотариус заңдарда көзделген жағдайларда борышкерден несие берушiге беру үшiн ақша сомалары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды.
2. Нотариус ақша сомалары мен бағалы қағаздардың түскендiгi туралы несие берушiге хабарлайды және оның талап етуi бойынша оған тиесiлi ақша сомалары мен бағалы қағаздарды бередi.
3. Ақша сомалары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдауды нотариус мiндеттемелер орындалатын жерде жүргiзедi.
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 86-бап өзгертілдi
86-бап. Ақшаны депозитке салған адамға оларды қайтару
Ақша сомалары мен бағалы қағаздарды депозитке салған адамға оларды қайтарып беруге жарна пайдасына салынған адамның жазбаша келісімiмен немесе сот шешiмiмен ғана жол берiледi.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 14-тараудың тақырыбы өзгертілдi
14-тарау. Вексель наразылығын жасау
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 87, 88, 89, 90, 91-баптар алынып тасталды
92-бап. Вексель наразылығы
Төлемеу, акцепт еместiк және акцептiң күнi қойылмағаны жөнiнде вексель наразылығын нотариус Қазақстан Республикасының аударым және жай вексель туралы заңдарына сәйкес жүргiзедi.
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 15 тараудың тақырыбы өзгертілдi
15-тарау. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 93-бап өзгертілдi
93-бап. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
1. Нотариус тiзiмдеу бойынша құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдайды. Тiзiмнiң бiр данасы нотариуста қалдырылып, екiншi данасы құжаттарды сақтауға тапсырған адамға берiледi.
2. Егер құжаттар және бағалы қағаздар тиiстi түрде буылып-түйiлсе, тапсырушы адамның өтiнiшiмен нотариус тiзiмдеусiз де қабылдай алады (буып-түю нотариустың мөрiмен расталады, нотариус пен құжаттарды өткiзген адам қол қояды). Мұндай жағдайларда буып-түюдiң сақталуына нотариус жауап бередi.
3. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 94-бап өзгертілдi
Достарыңызбен бөлісу: |