22-бап. Нотариустың мөрі, мөртабандары мен бланкілері
1. Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкілері болады.
2. Нотариустардың мөрінің бедерлері мен қолының үлгілері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, аумақтық әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады.
3. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды аумақтық әділет органы жүргізеді.
Жекеше нотариустың мөрін дайындау - оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жекеше нотариустың мөрі туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 16 Бұйрығың қара
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
23-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау
Осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) тармақшасында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Аттестация туралы ережеге сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасау құқығын алу үшiн аумақтық әдiлет органында аттестациядан өтедi.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Нотариустың және нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi
1. Нотариус және осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық, тәртiптiк және өзге де түрде жауапты болады.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариус өзiнiң кәсiптiк мiндеттерi мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда оны нотариаттық палата Нотариустың ар-ождан кодексiне сәйкес жауапқа тартады.
2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген нұқсанға мемлекет жауапты болмайды.
25-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тарту шағымдану
Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға түскен шағымдарды азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларына сәйкес соттар қарайды.
3-тарау. Нотариаттық палата
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Нотариаттық палата
1. Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.
4. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
5. Осы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды.
Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді.
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Нотариаттық палатаның басқару органдары
1. Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады.
Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне:
1) нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) нотариаттық палата төрағасын, басқарманың және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;
3) нотариаттық палата қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;
4) нотариаттық палатаның бюджетін бекіту жатады.
Нотариаттық палатаның жарғысында шешімдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.
2. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады. Нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының, нотариаттық палата басқармасының және нотариаттық палата төрағасының құзыреті нотариаттық палатаның жарғысымен регламенттеледі.
3. Басқарма мүшелері төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
4. Құрамына кемінде бес адам кіретін басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады.
5. Нотариаттық палата мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 26-2-баппен толықтырылды
26-2-бап. Нотариаттық палатаның төрағасы
1. Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
2. Нотариаттық палатаның төрағасы:
1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесін білдіреді;
4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 11.06.03 ж. № 437-II ; 2010.15.07. № 337-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 27-бап өзгертілді; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
1. Нотариаттық палата:
1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуға оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi;
3) жекеше нотариустар нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;
5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады;
5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;
6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдас-тырады;
7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi;
8) жекеше нотариусты кәсiптiк мiндеттерi мен әдептi бұзғаны үшiн Нотариустың ар-ождан кодексiне сәйкес жауапқа тартады;
9) жекеше нотариустардың қызметтiк iс-әрекеттерiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды.
2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған iс-әрекеттерiнiң заңдылығы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда өз түсiнiктемелерiн, соның iшiнде кәсiптiк әдептiң сақталмауы туралы мәселелер бойынша түсiнiктемелерiн табыс етудi талап етуге құқылы.
3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Нотариаттық палатаның жарғысы
1. Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:
1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi;
2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi;
3) мүше болу мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртібі;
3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
4) басшы органдарды құру тәртібі, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi;
5) мүлiктiң қалыптасу көздерi мен мүлiк пен табысты пайдалану тәртібі;
6) жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
7) палатаны қайта құру мен тарату тәртібі, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры.
2. Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
1. Республикалық нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және оның жарғысымен белгiленедi. Республикалық нотариаттық палата заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
2. Республикалық нотариаттық палата:
1) нотариаттық палаталардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның iшiнде шетелдiк және халықаралық ұйымдарда нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделерiн бiлдiредi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нотариат мәселелерi бойынша заң жобалары жөніндегі және сарапшылық қызметiне қатысады;
4) нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
5) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады және нотариат мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк материалдар әзiрлейдi;
6) Нотариустың ар-ождан кодексiн әзiрлеп, бекiтедi;
7) заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
3. Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өз қызметi туралы жыл сайын ақпарат берiп отырады.
4. Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртібі және оның өкілеттіктері осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Жеке нотариаттық архив
Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.
Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
4-тарау. Нотариаттық қызметке ақы төлеу
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.16.11 № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу
1. Мемлекеттік нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттік баж алады.
2. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттік баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi.
3. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде консулдық алым алады.
5. Жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу жөніндегі жеңiлдiктер бұл адамдарға жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде де қолданылады.
6. Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.
7. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды
30-1-бап. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетуге ақы төлеу
1. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады:
1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса - 7 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне - 2 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса - 2 айлық есептік көрсеткіш;
2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса - 2 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне - 1 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға - 2 айлық есептік көрсеткіш;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса - 5 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне - 2 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде - 5 айлық есептік көрсеткіш;
5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
6) өсиеттерді куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін - берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш;
8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде - 4 айлық есептік көрсеткіш;
9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде:
жеке тұлғалар үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш;
13) теңіздік наразылық жасаған кезде - 5 айлық есептік көрсеткіш;
14) құжаттардың көшірмелері мен құжаттардың үзінді көшірмелерін куәландырған кезде (әр беті үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,05 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 0,07 айлық есептік көрсеткіш;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға берген кезде - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін берген кезде - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
18) телнұсқаны берген кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
19) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың растығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,3 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
20) жылжымайтын мүліктің кепілзат шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
өзге де кепілзат шарттарын куәландырған кезде - 3 айлық есептік көрсеткіш;
21) вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде - әр айға 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
24) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған кезде - 7 айлық есептік көрсеткіш.
2. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден мыналар:
1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 542-бабының 4), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар;
3) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;
5) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
6) жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.
5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау.
Әдiлет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді), 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау
1. Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттік нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң заңдылығын және iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1. Нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.
4. Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
5. Нотариус қызметін бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады».
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: |