Қазақстан Республикасының Заңы Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы


Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми



бет4/4
Дата29.02.2016
өлшемі247 Kb.
#31855
1   2   3   4
Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді;

6) анықталған құқық бұзушылықты жою туралы талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi мен резидент еместерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдайды.

3. Валюталық бақылау агенттерi:

1) өздерi, оның iшiнде клиенттердің тапсырмасы бойынша операциялар жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептiлiктiң толымдылығын және объективтiлiгін қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес өз клиенттерi жол берген, өздерiне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, сондай-ақ басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға;

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) валюталық бақылау органдарына өздерiнің қатысуымен жүргізiлетiн валюталық операциялар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және валюталық реттеу органдарының нормативтік құқықтық актілерiнде белгіленген тәртіппен ақпарат беруге мiндеттi.

4. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз өкiлеттіктерiн жүзеге асырған кезде өздерiне белгiлi болған коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi.

5. Уәкiлеттi банк резиденттiң және (немесе) резидент еместiң төлемдер мен ақша аударымдарын соңғысы осы Заңға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.

6. Резиденттер мен резидент еместер валюталық операцияларды жүргiзген кезде олардан валюталық бақылау агенттерi валюталық бақылауды жүзеге асыру мақсатында осы Заңға сәйкес мыналарды талап етуге құқылы:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшiн);

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн);

3) құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшiн);

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен__4)_тармақша_жаңа_редакцияда_(_бұр.ред.қара_)'>Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшiн);

5) 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



7) валюталық шарт, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда келісімшарттың есептік нөмірін беру туралы белгісі бар валюталық шарт;

8) осы Заңда белгiленген жағдайларда лицензия, тiркеу куәлігi, хабарлама туралы куәлiк;

9) 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) экспорт (импорт) мәмiлелерi бойынша мiндеттемелердi орындауды не соның негiзiнде орындаудың қажеттігін растайтын құжаттар.

7. Уәкiлеттi банктер жүргізiлетiн валюталық операцияларға тiкелей қатысты емес құжаттардың ұсынылуын талап етуге құқылы емес.

8. Тұлға осы Заңға сәйкес және валюталық реттеу мен валюталық бақылау органдарының нормативтiк құқықтық актілерiнде талап етiлетiн құжаттарды ұсынбаған не дұрыс емес құжаттар ұсынған жағдайда не Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында талап етілетiн iс-әрекетті жүзеге асырмаған жағдайда уәкiлеттi банктер валюталық операцияны жүзеге асырудан бас тартады.

 

30-бап. Ықпал ету шаралары мен санкциялар



2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Уәкілетті банктер мен уәкiлеттi ұйымдардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.

2. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

31-бап. Резиденттер мен резидент еместердiң құқықтары және мiндеттерi



1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:

1) валюталық бақылау органдары жүргiзген тексеру нәтижелерi туралы анықтамалармен танысуға;

2) валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң iс-әрекетiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:

1) валюталық бақылау органдары мен агенттерiне барлық сұратылатын құжаттарды және валюталық операциялардың жүзеге асырылуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгіленген мерзiмде беруге;

2) валюталық бақылау органдарының тексеру жүргiзуi барысында, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша оларға түсінiктемелер табыс етуге;

3) жүргізілетін валюталық операциялар бойынша олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген мерзiм ішінде сақталуын қамтамасыз ете отырып, есеп жүргізуге және есептеме жасауға;

4) валюталық бақылау органдарының анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын (нұсқауларын, ұйғарымдарын) орындауға;

5) валюталық бақылау органдарының тексеру жүргiзуi барысында оларға өз үй-жайларына кіруін, құжаттарына және автоматтандырылған деректер базасына қол жеткiзуін қамтамасыз етуге мiндеттi.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Резиденттер осы Заңда белгiленген жағдайларда лицензияны, тіркеу куәлігін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хабарлама туралы куәлігін алу үшін уақтылы өтiнiш беруге және барлық қажеттi шараларды қабылдауға, сондай-ақ берілген лицензияның шарттарын сақтауға мiндеттi.

 

 



6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцмяда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



32-бап. Арнайы валюталық режим

1. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда, егер ахуалды экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешу мүмкін болмаса, арнайы валюталық режим енгізіледі.

Арнайы валюталық режим елдің экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына төнген қатерді жою үшін жағдайлар жасауға бағытталған валюталық реттеу шаралар кешенін көздейтін және резиденттер мен резидент еместердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуіне жекелеген валюталық шектеулер енгізуге жол беретін, валюталық операцияларды жүргізудің айрықша режимі болып табылады. Арнайы валюталық режим оны енгізу үшін негіз болған жағдайларды жою мақсатында ғана қолданылатын уақытша шара болып табылады. Арнайы валюталық режим шеңберінде енгізілуі мүмкін шектеулерге мыналар жатады:

1) валюталық операция сомасынан процент ретінде айқындалатын мөлшердегі депозитті уәкілетті банкке не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне белгіленген мерзімге сыйақы төлеместен орналастыруды талап ету;

2) валюталық операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алуды талап ету;

3) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сатуды талап ету;

4) шетелдік банктерде шоттарды пайдалану бойынша шектеулер, валюталық түсімді қайтару мерзімін және валюталық операциялар бойынша көлеміне, санына және есеп айырысу валютасына лимиттерді белгілеу.

Қазақстан Республикасының Президенті өзге де уақытша валюталық шектеулерді енгізуі мүмкін.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлескен консультациялар негізінде дайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режим енгізу туралы актісінде белгіленетін рұқсаттар мен хабарламаларға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісі мыналарды:



1) енгізілетін шаралардың және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге уақытша шектеулердің тізбесін;

2) арнайы рұқсат беру шарттарын қоса алғанда, арнайы валюталық режимнің талаптарын орындау тәртібін;

3) арнайы валюталық режимді енгізу уақытын және қолданылу мерзімін қамтиды.

4. Арнайы валюталық режимнің қолданылу мерзімі бір жылдан асырылмайды.



Арнайы валюталық режим енгізілген мерзім аяқталғаннан кейін арнайы валюталық режимнің күші жойылды деп саналады.

Қазақстан Республикасының Президенті тиісті акт шығару арқылы оның қолданылуын осы тармақта белгіленген мерзімдер шегінде ұзартуға не оның күшін толық немесе ішінара мерзімінен бұрын жоюға құқылы.

5. Арнайы валюталық режимнің қолданылуы кезеңінде резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

 

33-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық



Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі



1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 12-баптың 1-тармағын қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзіледi.

2. Осы Заңның 5-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының екiншi абзацы, 7-бабы, 20-бабының 1, 2, 4-6-тармақтары, 22-бабының 2-6-тармақтары, 24-бабының 3-тармағы, 25-бабының 3-5-тармақтары 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады.

3. «Валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 20-21, 404-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат, 1998 ж., № 16, 219-құжат; 1999 ж., № 20, 722-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2003 ж., № 10, 51-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

 

Қазақстан Республикасының



Президенті Н.Ә. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 ж. маусымның 13-і.  №  57-III

 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет