Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы



бет23/42
Дата25.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#157316
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы
                қаулы

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы уәжді қаулы шығарылады.


      2. Қаулының кіріспе бөлігінде оны жасау уақыты мен орны, тоқтату туралы шешім қабылдаған адамның тегі және лауазымы көрсетіледі.
      3. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам туралы, күдіктің мәні, қылмыстық заңға сәйкес саралануы және қолданылған бұлтартпау шарасы көрсетіле отырып, қылмыстық істі тоқтатуға негіз болған мән-жайлар жазылады.
      4. Қаулының қарар бөлігінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатуға негіз болған осы Кодекстің бабына (бөлігіне, тармағына) сілтеме жасала отырып, істі тоқтату туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау, мүлікке тыйым салу, лауазымынан уақытша шеттету, сөйлесулерді тыңдау мен жазу шарасының, процеске қатысушылардың құқықтарын шектейтін басқа да процестік мәжбүрлеу, тергеу және процестік әрекеттер шараларының күшін жою туралы нұсқау, заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы, сондай-ақ адамға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе оны одан әрі жүзеге асыру туралы шешім баяндалады.
      5. Іс бойынша бірнеше күдікті, айыпталушы тартылып отырса, ал тоқтатудың негізі барлық күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты болмаса, қылмыстық қудалау тек жеке күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты тоқтатылады.
      Жекелеген күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату тиісті қылмыстық құқық бұзушылық бойынша анықталмаған өзге де адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру үшін кедергі болып табылмайды.
      6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында және үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде өзіне қатысты осы шешім қабылданған адамның кінәлі еместігіне күмән келтіретін тұжырымдауларды қаулыға қосуға жол берілмейді.

      289-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын


                адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру
                тоқтатылғаннан кейінгі әрекеттері

      1. Тоқтату және тоқтату негіздері туралы күдікті, айыпталушы, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілі, сондай-ақ өздерінің арыздары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған адам немесе ұйым жазбаша хабардар етіледі.


      2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) – 12) тармақтарында және 36-бабында көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, қылмыстық іс қаулыны бекіту үшін прокурорға жіберіледі. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларды іс бойынша қабылданған шешім туралы хабардар ету прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны бекіткеннен кейін жүргізіледі.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға істің материалдарымен танысу құқығы және тоқтату туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі. Осы тұлғалардан келіп түскен өтіну бойынша оларға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулының көшірмесі беріледі.
      Іс материалдарымен танысу осы Кодекстің 296-бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.

      290-бап. Тоқтатылған қылмыстық істі зерделеу нәтижелері


                бойынша прокурордың шешімі

      Құқықтарды қалпына келтіруге және зиянды өтеуге әкеп соқпайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істі зерделеу нәтижелері бойынша прокурор мынадай:


      1) қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекіту туралы;
      2) қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жою және оны қосымша тергеп-тексеру жүргізуге жолдау туралы;
      3) қылмыстық істі осы Кодекстің 3536-баптарында көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      291-бап. Тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе


                қылмыстық қудалауды қайта бастау

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды ол тоқтатылғаннан кейін қайта бастау прокурор не сот оны тоқтату туралы қаулының күшін жойғаннан кейін жүзеге асырылады.


      2. Іс бойынша іс жүргізудің қайта басталғаны туралы күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық жауапкер немесе оның өкілдері, сондай-ақ өздерінің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған адам немесе ұйым жазбаша хабардар етіледі.
      3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау, егер адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі аяқталмаса ғана орын алуы мүмкін.
      4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы баптың ережелеріне сәйкес қайта басталған жағдайда, прокурор күзетпен ұстауды немесе үйқамақты қоспағанда, уәжді қаулысымен бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
      5. Егер прокурор күзетпен ұстау немесе үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасын таңдау қажет деп тапса, ол тиісінше осы Кодекстің 146 және 147-баптарын басшылыққа алады.

      292-бап. Күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау

      1. Күдіктіні, айыпталушыны іздестіру оның тұрған жерін анықтау, ұстап алу және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның қарауына беру шараларын қолдануды көздейді.
      Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін оған қатысты, сондай-ақ айыпталушыға қатысты іздестіру жариялануы мүмкін.
      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау туралы қаулы шығарады, онда олардың жеке басы туралы белгілі болған барлық мәліметтер, іздестіруді жүргізу негіздері көрсетіледі және іздестіру жүргізуді анықтау органдарына тапсырады.
      2. Осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздер болған кезде іздестіру жарияланған күдіктіге, айыпталушыға қатысты ол табылған жағдайда бұлтартпау шарасы таңдалуы мүмкін. Осы Кодекстің 147-бабында көзделген жағдайларда тергеу судьясының санкциясы бойынша күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.
      Іздестіріліп жатқан адамға қатысты бұлтарпау шарасын таңдау туралы қаулы, сондай-ақ тиісті жағдайларда оны санкциялау туралы соттың қаулысы іздестіруді жүзеге асыратын органға жіберіледі.
      3. Күдікті, айыпталушы анықталған жағдайда, ол осы Кодекстің 131-бабында белгіленген тәртіппен ұстап алынуы мүмкін.
      4. Халықаралық iздестіру жариялау үшін негiздер болған кезде қылмыстық қудалау органы күдіктіге, айыпталушыға халықаралық iздестіру жариялау туралы жеке қаулы шығарады.
      Халықаралық iздестiру жариялау туралы қаулыны санкциялау осы Кодекстiң 56-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      293-бап. Жоғалған қылмыстық iстi не оның материалдарын


                қалпына келтiру

      1. Жоғалған қылмыстық iстi не оның материалдарын қалпына келтiру – прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша, ал қылмыстық iс немесе материалдар сот iсiн жүргiзу барысында жоғалған жағдайда прокурорға орындау үшiн жiберiлетiн сот шешiмi бойынша жүргiзiледi.


      2. Қылмыстық iстi қалпына келтiру осы Кодексте белгiленген тәртiппен дәлелдемелер деп танылуы мүмкiн қылмыстық iс материалдарының сақталған көшiрмелерi, оның ішінде электрондық немесе қағаз жеткізгіштердегі мәліметтер бойынша не қылмыстық процестi жүргiзетiн органның процестік әрекеттер жүргiзу арқылы, сондай-ақ ақпараттық-есепке алу құжаттарының, өзге қажетті материалдардың негізінде жүргiзiледi.
      3. Қылмыстық iстi қалпына келтiру кезiнде анықтау, алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзiмдерi осы Кодекстiң 151192-баптарында белгiленген тәртiппен есептеледi.
      4. Егер жоғалған қылмыстық iс бойынша күзетпен ұстаудың шектi мерзiмi өтіп кетсе, күдікті дереу босатылуға жатады.

37-тарау. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ АЯҚТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ


ХАБАРЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ
МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ

      294-бап. Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және


                қылмыстық істің материалдарымен танысу құқығын
                түсіндіру туралы хабарлау

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс бойынша осы Кодекстің 113-бабының талаптарына сәйкес дәлелденуге жататын барлық мән-жайлардың анықталғанын мойындап, күдіктіні, егер оның қорғаушысы, заңды өкілі іске қатысып отырған болса, оларды, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.


      Осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында көрсетілген адамдарды хабардар етумен бір мезгілде оларға қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттарды мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Хабарламада, сондай-ақ, танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім қамтылады.
      2. Егер қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізуді аяқтау кезінде не күдіктінің және оның қорғаушысының іс материалдарымен танысу кезеңінде күзетпен ұстау мерзімдері бітсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктіні күзетпен ұстау мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты соттың алдында қозғау туралы қаулы шығарады.
      Күдіктіні күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау осы Кодекстің 152-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 307-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша кәмелетке толмаған күдіктінің немесе кәмелетке толмаған жәбірленушінің мүдделерін білдіретін тарапқа кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын істі аудандық және оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.
      4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушының қылмыстық іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама жасайды. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша қылмыстық іс материалдармен танысу бір уақытта жүргізілуі мүмкін, ол туралы біртұтас хаттама жасалады.
      Күдікті қылмыстық іс материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, ол туралы хаттамада белгі жасалады.
      Егер күдіктінің қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілдері белгіленген уақытта танысуға дәлелді себептер бойынша келе алмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам танысуды бес тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
      Осы мерзім ішінде күдіктінің қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі келмеген жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам басқа қорғаушының немесе өкілдің келуі үшін шара қолданады.

      295-бап. Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық


                жауапкерді және олардың өкілдерін іс
                материалдарымен таныстыру

      1. Жәбірленушінің немесе оның өкілінің ауызша немесе жазбаша өтінішхаты болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы адамдарды іс материалдарымен немесе олардың танысқысы келген бір бөлігімен таныстырады. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, егер олар өтінішхатты мәлімдеген болса, іс материалдарының азаматтық талап қоюға қатысты бөлігімен танысады.


      2. Таныстыру осы Кодекстің 296-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      296-бап. Күдікті мен оның қорғаушысын істің барлық


                материалдарымен таныстыру

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 295-бабының талаптарын орындай отырып, күдіктіге және оның қорғаушысына айыптаулар тізімін қоспағанда, тігіліп, нөмірленіп, іс парақтарының тізімдемесіне енгізіліп, байланып және тергеу органының мөрімен куәландырылып қойылуға тиіс қылмыстық істің барлық материалдарын ұсынады. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша танысу үшін заттай дәлелдемелер де ұсынылады және егер тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса берілген болса, фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, слайдтар, өзге де ақпарат жеткізгіштер тыңдатып-көрсетіледі. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша олар істің материалдарымен бірге немесе бөлек таныса алады.


      2. Күдікті және қорғаушы іс материалдарымен танысу процесінде, егер ол бірнеше томнан тұратын болса, олардың кез келгеніне қайта оралуға, сондай-ақ кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы. Істің мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтері бар құжаттарынан үзінділер мен көшірмелер іспен бірге сақталады және күдіктіге не оның қорғаушысына сот отырысы уақытында беріледі.
      3. Күдікті мен қорғаушыға істің барлық материалдарымен танысу үшін қажетті уақыт шектелмейді. Егер күдікті мен қорғаушы істің материалдарымен танысу уақытын көрінеу созбаласа, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілі бір мерзімді белгілей отырып, прокурор бекіткен іс материалдарымен танысу графигін жасауға құқылы.
      4. Күдікті мен қорғаушы іс материалдарымен танысып болғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам олардың нақты не туралы өтінішхат мәлімдегісі келетінін және қандай мәлімдеме жасағысы келетінін анықтауға міндетті. Бұл ретте күдікті мен оның қорғаушысынан жауап алынған куәлардың, сондай-ақ іске қатысатын сарапшылардың, мамандардың және куәгерлердің нақты қайсысын сот отырысында жауап алу және қорғану ұстанымын растау үшін шақыртқысы келетінін анықтау қажет.

      297-бап. Қылмыстық істің материалдарымен танысу аяқталған


                соң мәлімделген өтінішхаттарды қарау және
                шешу тәртібі

      1. Осы Кодекстің 294-бабында көрсетілген адамдардың қылмыстық іс материалдарымен танысуы аяқталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қандай да бір өтінішхаттардың немесе өзге де мәлімдемелердің бар-жоғын анықтайды.


      2. Күдіктінің, оның қорғаушысының, заңды өкілінің, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің іс материалдармен танысқаннан кейін ауызша мәлімдеген өтінішхаттары танысу туралы хаттамаға енгізіледі.
      Процеске қатысушы өтінішхатты жазбаша түрде баяндау ниеті туралы мәлімдеген жағдайларда, оны дайындауға қажетті, үш тәуліктен аспайтын уақыт ұсынылады, таныстыру туралы хаттамада бұл туралы белгі жасалады. Жазбаша өтінішхат іске қоса беріледі.
      3. Өтінішхат осы Кодекстің 99-бабында белгіленген тәртіппен қарастырылады және шешіледі, оның негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес. Мұндай жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттігін мойындай отырып, тергеу әрекеттерін жүргізуді қайта бастау және өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы шығарады, бұл ретте процеске басқа қатысушылардың қылмыстық iс материалдарымен танысуының жалғасуы өтінішхатты шешуге және ол қанағаттандырылған жағдайда, бұл тергеу әрекеттерiн жүргiзуге кедергі болмайды.
      4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қосымша тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы қайтадан жариялайды және қылмыстық іс материалдарымен бұрын танысқан процеске қатысушыларға қосымша тергеу әрекеттерінің материалдарымен не олардың өтінуі бойынша қылмыстық істің материалдарымен осы тарауда белгіленген тиісті қатысушылар құқықтарының шегінде танысу құқығы мүмкіндігін түсіндіреді.
      5. Мәлімделген өтінішхаттарды қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартылған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тиісті қаулы шығарады, оның көшірмесін өтінішхатты мәлімдеген адамның жеке өзіне бір тәулік ішінде табыс етеді немесе оған байланыстың қолжетімді құралдары арқылы жібереді.
      6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық іс бойынша өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуына өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі алынған кезден бастап үш тәулік ішінде прокурорға шағым жасауға болады.
      7. Прокурор шағымды шешкенге дейiн қылмыстық iс сотқа жiберiлмеуге тиiс. Прокурордың өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға берілген шағымды қабылдамауы осы өтінішхатты сотта мәлімдеуге кедергі болмайды.

38-тарау. АЙЫПТАУ АКТІСІН ЖАСАУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ


ІСТІ ПРОКУРОРҒА ЖІБЕРУ

      298-бап. Айыптау актісін жасау

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан және олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін айыптау актісін жасайды.
      2. Егер адамға бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген болса, олардың әрқайсысын сипаттау уақыт бойынша басқалардан ерте жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтан бастап, хронологиялық тәртіппен жүзеге асырылады.

      299-бап. Айыптау актісінің мазмұны



      1. Айыптау актісі кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.
      2. Кіріспе бөлікте:
      1) айыптау актісі жасалған уақыт және орын;
      2) айыптау актісін жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
      3) күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы және туған жері көрсетіледі.
      3. Сипаттау-уәждеу бөлігінде:
      1) қылмыстық құқық бұзушылықтың оқиғасы, жасалған уақыты, орны, оның тәсілі, себебі, салдары, саралануы және өзге де мән-жайлар;
      2) жәбірленуші, оған келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы мәліметтер;
      3) қылмыстық құқық бұзушылық жасау жолымен алынған мүлік туралы мәліметтер;
      4) күдіктінің жауаптылығын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар;
      5) күдікті туралы мәліметтер (азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері, сотталғандығының бар-жоғы), оны сипаттаушы өзге де деректер, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасы;
      6) адамды айыптау үшін негіз болып табылатын мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;
      7) алкоголдік, нашақорлық немесе өзге де тәуелділіктен емдеуді қолданудың алғышарттары болып табылатын мән-жайлар туралы мәліметтер баяндалады.
      4. Айыптау актісінің қарар бөлігінде күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оған жасады деп айып тағылып отырған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның нақты бабы, бабының бөлігі және тармағы және айыптау актісін бекіту туралы мәселені шешу үшін қылмыстық істі прокурорға жіберу және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу туралы көрсетіледі.
      5. Айыптау актісіне оны жасаған адам қол қояды.
      6. Адам қылмыстық заңның әртүрлі баптарында, бөліктерінде немесе тармақтарында көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған кезде айыптау актісінде осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысы жеке-жеке сараланып көрсетілуге тиіс.
      Бір қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бірнеше адам айыпталған кезде айыптау актісінде қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы күдіктінің әрқайсысына қатысты көрсетіледі.
      7. Айыптау актісіне сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері көрсетіледі, оның айғақтары берілген қылмыстық іс парағының және томының нөміріне сілтеме жасалады.
      Тізім екі бөліктен: күдікті және қорғаушы атаған адамдардың тізімінен (қорғау тізімінен) және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасаған тізімнен (айыптау тізімінен) тұруға тиіс.
      Тізім мөрленген конвертке салынып, қылмыстық іске қоса тігіледі.
      Айыптау актісіне анықтама қоса беріледі, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі, бұлтартпау шарасы, күдіктіні күзетпен ұстау мерзімі, қолда бар заттай дәлелдемелер және оларды сақтау орны, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қолданылған шаралар, айыпталушыдан өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою көрсетіледі.

      300-бап. Айыптау актісін және қылмыстық істі прокурорға


                жіберу

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам айыптау актісін жасағаннан кейін оны қылмыстық іспен бірге прокурорға жібереді.


      2. Күдікті күзетілуде болған жағдайда, қылмыстық істің материалдарына оның жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі. Қалған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландырған көшірме қоса тігіледі.
      3. Шетелдік не азаматтығы жоқ адам болып табылатын күдіктіде оның жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, материалдарға айрықша жағдайларда өзге құжат қоса берілуі мүмкін.
      Ескертпе. Осы бапта:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
      3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
      4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
      5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
      6) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
      7) босқын куәлігі;
      8) теңізшінің жеке куәлігі;
      9) шетелдік паспорт;
      10) жүргізушінің куәлігі;
      11) қайтып оралуға арналған куәлік;
      12) жеке куәлік алуға жасы толмаған адамның туу туралы куәлігі;
      13) туу туралы актілік жазба;
      14) әскери билет жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.

39-тарау. АЙЫПТАУ АКТІСІМЕН БІРГЕ КЕЛІП ТҮСКЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ


ІС БОЙЫНША ПРОКУРОРДЫҢ ШЕШІМІ

      301-бап. Айыптау актісімен бірге келіп түскен қылмыстық


                істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер

      1. Прокурор айыптау актісімен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделейді және мыналарды:


      1) іс-әрекеттiң орын алғанын-алмағанын және іс-әрекет қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтитынын-қамтымайтынын;
      2) iсте оны тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлардың бар-жоғын;
      3) күдіктінің іс-әрекетi дұрыс сараланғанын-сараланбағанын;
      4) адамға тағылып отырған іс-әрекеттің істе бар дәлелдемелермен расталғанын-расталмағанын;
      5) адамның анықталған қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттердің барлығы бойынша күдікті деп танылғанын-танылмағанын;
      6) іс бойынша өздеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы дәлелдемелер алынған барлық адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін шаралардың қабылданғанын-қабылданбағанын;
      7) бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және істе оны өзгертуге не оның күшін жоюға негіздердің бар-жоғын;
      8) азаматтық талап қоюды және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының қабылданғанын-қабылданбағанын;
      9) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзушылықтарға жол берілгенін-берілмегенін;
      10) қылмыстық қудалау органының процестік шығындар сомаларын және соттың оларды өндіріп алуын қамтамасыз ету үшін өзге де сомаларды анықтау шараларын қабылдағанын-қабылдамағанын;
      11) процестік келісім жасасу үшін негіздердің бар-жоғын тексереді.

      302-бап. Айыптау актісімен бірге келіп түскен қылмыстық


                іс бойынша прокурордың шешімі

      1. Қылмыстық іс материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша прокурор мынадай әрекеттердің бірін жүргізеді:


      1) айыптау актісін бекітеді;
      2) жаңа айыптау актісін жасайды;
      3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмыстық істі қосымша тергеу жүргізу үшін жібереді;
      4) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі толық көлемде немесе оның бір бөлігін қысқартады;
      5) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді;
      6) қорғаушы куәлардың тiзiмiн қоспағанда, сотқа шақырылуға жататын адамдардың тiзiмiн толықтырады немесе қысқартады.
      2. Прокурор осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді:
      1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруде аяқталған қылмыстық істер бойынша – үш тәулік;
      2) жалпы тәртіппен тергелген қылмыстық істер бойынша – он тәулік ішінде жүзеге асырады.

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет