Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


-бап. Істі кассациялық сатыда қарау мерзімдері



бет30/42
Дата25.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#157316
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
451-бап. Істі кассациялық сатыда қарау мерзімдері

      Іс кассациялық сатыға келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Бұл мерзім істің күрделі немесе көлемі үлкен болуына байланысты, сондай-ақ өзге де дәлелді себептер болған кезде істі қарайтын соттың қаулысымен, бірақ әр ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      452-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын тағайындау

      1. Шағым, наразылық келіп түскен кезде кассациялық сатының судьясы істі талап етіп алдырып, ол келіп түскеннен кейін оны қарау күнін белгілейді.
      2. Тараптарға істің кассациялық сатыда қаралатын уақыты мен орны туралы хабарланады. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды шақырту туралы мәселені кассациялық сатыдағы сот шешеді. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысу туралы өтінішхат келіп түскен кезде кассациялық сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарады, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.
      3. Кассациялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, кассациялық сатыдағы соттың отырысына прокурордың және қорғаушының қатысуы міндетті. Осы Кодекстің 428-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.
      4. Кассациялық шағымдар, наразылықтар келтіру құқығы бар адамдар, сондай-ақ үкім, қаулы шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі кассациялық сатыдағы соттың отырысына барлық жағдайда да жіберіледі. Берілген шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін өздерінің өтінуі бойынша оларға сөз беріледі.
      5. Егер барлық қатысушылар шағым жолдаған кезде не сот отырысы туралы хабарлама алған соң іс жүргізуді өздерінің қатысуынсыз жүзеге асыру туралы мәлімдесе, сот істі тараптардың қатысуынсыз қарау туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер сот олардың келуін міндетті деп таныса, істі қарау кейінге қалдырылады және тиісті адамдарды шақырта отырып, сот отырысының жаңа күні тағайындалады.

      453-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

      Судья істі тыңдауға дайындау кезінде немесе сот кассациялық шағыммен немесе наразылықпен бірге келіп түскен істі қарау кезінде өз бастамасы немесе тараптардың өтінішхаты бойынша:
      1) сотталған адамның денсаулық жағдайына, отбасылық жағдайына және бұрынғы сотталғандықтары туралы деректерге байланысты құжаттарды;
      2) заңның уақыт, кеңістік тұрғысынан қолданысын айқындау үшін және бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың істі шешкен кезде қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың нормаларын дұрыс қолданғанын айқындау үшін қажетті мәліметтерді талап етіп алдыруға құқылы.

      454-бап. Істерді кассациялық сатының қарау тәртібі



      1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кассациялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды.
      2. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай істің қаралатынын және кімнің кассациялық шағымы немесе наразылығы бойынша екенін хабарлайды. Содан кейін төрағалық етуші соттың құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын және сот отырысына қатысып отырған адамдардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін хабарлайды және отырысқа қатысып отырған адамдарға істі кассациялық сатыда қарау кезіндегі құқықтарын түсіндіреді.
      3. Төрағалық етуші іс бойынша келген процеске қатысушылардан олардың қарсылық білдірулері мен өтінішхаттары туралы сұрайды және сот оларды қарау нәтижелері бойынша осы Кодекстің 344-бабында көзделген тәртіппен қаулы шығарады. Егер процеске қатысушы кассациялық шағым, наразылық беру кезінде шағым жасау мерзімінің өткізіп алынғаны туралы өтінішхат мәлімдесе, онда осы өтінішхат бірінші болып қаралуға жатады. Өтінішхат негізді деп танылған кезде сот оны қанағаттандыру туралы және мерзімін өткізіп алып берілген шағым, наразылық бойынша кассациялық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады және істі кассациялық сатыға уақтылы берілген шағым, наразылық бойынша қарауды жалғастырады.
      4. Істі қарау кассациялық шағым немесе наразылық берген процеске қатысушының сөзінен басталады. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, төрағалық етуші тараптардың пікірін ескере отырып, олардың сөйлеу кезектілігін белгілейді. Процеске қатысушылар сөйлеген сөздерінде сотқа дейінгі іс жүргізу барысында не бірінші сатыдағы немесе апелляциялық сатыдағы сот кассациялық қарау нысанасына жататын, заңды қолданудағы бұзушылықтармен байланысты қандай мән-жайларға жол бергенін, оның неден көрінгенін және іс бойынша қабылданған шешімнің мәніне қалай әсер еткенін көрсетеді.
      5. Кассациялық сатыдағы сотқа қатысатын прокурор қарастырылып жатқан кассациялық шағымдар бойынша пікірін айтады, наразылықта көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді.
      6. Сөз сөйлеушілер кассациялық шағымда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерді растау немесе теріске шығару ретінде кассациялық сатыға қосымша материалдар ұсынуға, бұл ретте сотқа олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттігі неге байланысты туындағанын хабарлауға құқылы. Қосымша материалдарды тергеу әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сот тараптардың пікірін тыңдап, қосымша материалдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Қосымша материалдар, егер олардың істі шешу үшін маңызы бар болса, егер мұндай материалдарда қамтылған деректер немесе мәліметтер қосымша тексеруді талап етпесе, үкімнің күшін жою немесе оны өзгерту үшін негіз бола алады. Өзге де жағдайларда қосымша материалдар сот үкімінің, қаулысының күшін жою және істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу үшін негіз бола алады.
      7. Сот отырысының тәртіптемесі және оны бұзушыларға қатысты қолданылатын шаралар осы Кодекстің 345 және 346-баптарының қағидаларында айқындалады. Судьялардың кеңесу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 389-бабыныңқағидаларында айқындалады. Қаулыны қабылдаудан бұрын судьялардың кеңесуі болады.

      455-бап. Кассациялық саты қабылдайтын шешімдер

      Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижесінде сот өз қаулысымен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бірінші сатының үкімін және апелляциялық сатының қаулысын – өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
      2) сот актілерінің күшін жояды және істі тоқтатады;
      3) апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және бірінші сатының үкімін өзгеріссіз қалдырады;
      4) апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді;
      5) бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және, егер іс бірінші сатыдағы сотта алқабилердің қатысуымен қаралған болса, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді;
      6) бірінші сатының үкімін және апелляциялық сатының қаулысын өзгертеді;
      7) осы Кодекстің 405-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде жекеше қаулы шығарады;
      8) осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген апелляциялық алқа төрағасының ұсынуы бойынша апелляциялық алқаның басқа қаулысын қалдыра отырып, оның қаулыларының бірінің күшін жояды не екі қаулының да күшін жояды және істі жаңадан апелляциялық қарауға жібереді.

      456-бап. Апелляциялық саты үкімінің, қаулысының күшін жою


                немесе оларды өзгерту негіздері

      Апелляциялық саты үкімінің, қаулысының күшін жоюға немесе оларды өзгертуге:


      1) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
      2) қылмыстық-процестік заңды елеулі түрде бұзу;
      3) үкімнің әділетсіздігі негіз болып табылады.

      457-бап. Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы

      Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Жалпы бөлiгiнің талаптарын бұзу;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң қолданылуға жататынынан басқа бабын немесе бабының бөлiгiн (тармағын) қолдану;
      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің осы бабындағы санкцияда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындау қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.

      458-бап. Қылмыстық-процестік заңды елеулі түрде бұзу

      1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және (немесе) істі сотта қарау кезінде осы Кодекстің қағидаттары мен өзге де жалпы ережелерін іске қатысатын адамдарды заңда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету, сот ісін жүргізу рәсімдерін сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен бұзу істің мән-жайларын жан-жақты және объективті зерттеуге кедергі келтірсе, сот төрелігінің үкімін шығаруға ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, қылмыстық-процестік заңды елеулі түрде бұзу болып танылады.
      2. Егер іс бойынша іс жүргізу кезінде осы Кодекстің 436-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық-процестік заңды бұзуға жол берілсе, кез келген жағдайда да үкімнің, апелляциялық қаулының күші жойылуға жатады.

      459-бап. Үкімнің әділетсіздігі

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 52-бабының талаптарына сәйкес келмейтін және өзінің түрі мен мөлшері бойынша шектен тыс қатаңдығы немесе шектен тыс жеңілдігі салдарынан қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейтін жаза тағайындалған үкім әділетсіз деп танылады.
      2. Кассациялық сатыдағы сот үкімнің әділетсіздігіне байланысты үкімді және осы бұзушылықты жоймаған апелляциялық сатының қаулысын осы Кодекстің 463-бабының қағидалары бойынша өзгертуге құқылы.
      3. Егер үкім неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық заңды қолдану салдарынан немесе жазаның шектен тыс жеңілдігіне байланысты әділетсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот осы негіздер бойынша келтірілген прокурордың наразылығы немесе жәбірленушінің, оның өкілінің шағымы болған кезде жазаны күшейтуге не неғұрлым ауыр құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға құқылы.
      Егер үкімнің әділетсіздігі апелляциялық сатыда үкімді жазаны тағайындау бөлігінде заңсыз және негізсіз өзгерту (күшін жою) салдарынан болса, кассациялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық саты қаулысының (үкімінің) күшін жоюға құқылы.

      460-бап. Істі тоқтата отырып, айыптау үкімінің күшін жою

      Сот істі кассациялық тәртіппен қарай отырып, осы Кодекстің 35-бабының бірінші бөлігінде және 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жояды және істі тоқтатады.

      461-бап. Соттың ақтау үкімінің, істі тоқтату туралы


                қаулының күшін жоюы

      1. Кассациялық сатыда ақтау үкімінің, істі тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге шешімнің күші тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің шағымы бойынша, сондай-ақ сот арқылы ақталған адамның ақталу негіздерімен келіспеген шағымы бойынша ғана жойылуы мүмкін.


      2. Егер кассациялық шағымда, наразылықта ақталған адамның кінәсіздігі немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің мәні күмән туғызбаса, ақтау үкімінің, істі тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін қылмыстық-процестік заң елеулі түрде бұзылды деген уәжбен жоюға болмайды.

      462-бап. Істі жаңадан апелляциялық қарауға жібере отырып,


                үкімнің, апелляциялық қаулының күшін жою

      1. Кассациялық саты апелляциялық сатыда жойылмаған, үкімнің, қаулының заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін қылмыстық-процестік заңның елеулі түрде бұзылғанын анықтаған жағдайда ғана іс жаңадан апелляциялық қарауға жіберіле отырып, үкімнің, апелляциялық қаулының күші жойылуға жатады.


      2. Осы Кодекстің 455-бабының 5) тармағында көзделген негіз бойынша да істі жаңадан сот қарауына жібере отырып, үкімнің, апелляциялық қаулының күші жойылуы мүмкін.
      3. Кассациялық сатыдағы сот істі жаңадан қарауға жібере отырып, қаулыда іс бойынша іс жүргізген кезде жол берілген қандай заң бұзушылықты бірінші сатыдағы соттың не апелляциялық сатының бағаламағанын немесе оған осы сатының өзі жол бергенін және олардың іс бойынша қабылданған сот актілерінің мәніне қалай ықпал еткенін немесе қалай ықпал етуі мүмкін екендігін көрсетеді.
      Бұл ретте кассациялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдемелердің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ соттың жасауы мүмкін түйіндерін алдын ала шешуге құқылы емес.

      463-бап. Yкімді өзгерту

      1. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық заңды дұрыс қолданбаған жағдайда, кассациялық сатыдағы сот сотталған адамға неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және жасалған іс-әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы, сондай-ақ ол неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және тағайындалған жазаны күшейтуге де құқылы.
      2. Кассациялық сатыдағы сот, егер жазаны шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз деп таныса, сотталған адамға тағайындалған жазаның саралануын өзгертпестен төмендетуге құқылы.
      3. Кассациялық сатыдағы сот, егер жаза мөлшерін ұлғайту неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, алдын ала күзетпен ұстау мерзімін есептеу, үкімдер мен қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі арифметикалық қателерді немесе қателерді жоюға байланысты болса, сондай-ақ жазаның шектен тыс жеңілдігі салдарынан оның әділетсіздігі тұрғысынан жаза мөлшерін ұлғайтуға құқылы.
      Кассациялық сатыдағы сот, егер қылмыстық-атқару жүйесінің режимі қылмыстық заң талаптары сақталмастан айқындалса және бұл ретте сот актілерінде осы мәселе бойынша қабылдаған шешімнің тиісті уәждері келтірілмесе, үкімді және апелляциялық қаулыны осы бөлікте өзгертуге құқылы.
      4. Кассациялық сатыдағы сот осы бапта көзделген сотталған адамның жағдайын нашарлататын өзгерістерді, егер осы негіздер бойынша прокурордың наразылығы енгізілген болса немесе жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе олардың өкілдерінің шағымдары берілсе ғана енгізуге құқылы.
      5. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемде тексереді. Сот актісіне кассациялық шағымда, наразылықта көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ өздеріне қатысты кассациялық шағым, наразылық келтірілмеген басқа да сотталған адамдарға қатысты өзгерістер енгізуге өзіне қатысты кассациялық шағым берілген сотталған адаммен сыбайласып жасалған қылмысты саралауды өзгерту кезінде ғана, егер бұл ретте олардың жағдайы нашарламайтын болса, жол беріледі. Сот прокурордың наразылығында немесе кассациялық шағымда көрсетілген сотталған адамдарға ғана қатысты олардың жағдайын нашарлату туралы шешім қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өзінің немесе қорғаушысының не өкілінің кассациялық шағымы бойынша нашарлатуға құқылы емес.

      464-бап. Кассациялық қаулының мазмұны

      1. Кассациялық қаулы кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.
      2. Қаулының кіріспе бөлігінде:
      1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
      2) қаулыны шығарған соттың атауы және кассациялық алқаның құрамы;
      3) кассациялық шағым берген немесе кассациялық наразылық келтірген адамдар;
      4) істі кассациялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетілуге тиіс.
      3. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде шағым берген немесе наразылық келтірген адамдардың дәлелдері, кассациялық сатыдағы сотқа қатысқан басқа да адамдардың қарсылықтары, сондай-ақ қабылданған шешімнің уәждері қысқаша баяндалып қамтылуға тиіс. Егер шағым немесе наразылық қанағаттандырусыз қалдырылса, шағымның немесе наразылықтың дәлелдерін негізсіз немесе елеулі емес деп танудың негіздері көрсетіледі.
      Yкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген кезде қылмыстық немесе қылмыстық-процестік заңның қандай баптарының талаптары бұзылғаны және бұл бұзушылықтардың неден тұратыны; бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот тағайындаған жазаны әділетсіз деп танудың негіздері көрсетіледі. Іс жаңадан сот талқылауына жіберілген жағдайда, қандай заң бұзушылықтар жойылуға тиіс екені көрсетіледі. Бұл ретте кассациялық сатының қаулысында айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, қандай да бір дәлелдемелердің анықтығы немесе анық еместігі және бір дәлелдеменің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші, апелляциялық сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды және жазалау шарасын қолдануы туралы түйіндері енгізілмейді.
      4. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде кассациялық қаулының сипаттау-уәждеу бөлімінде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
      Кассациялық шағымда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда қараудың нысанасы болып табылмаған жаңа дәлелдер келтірілген жағдайда, сипаттау-уәждеу бөлімінде жаңа дәлелдердің іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге әкеп соқпайтыны не оларды негізсіз деп танытпайтыны жөніндегі негіздер көрсетілуге тиіс.
      5. Қаулының қарар бөлімінде шешімнің заңды күшіне енетін кезі, сондай-ақ оған қадағалау тәртібімен шағым жасау және наразылық білдіру мерзімдері мен тәртібі көрсетіле отырып, кассациялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.

      465-бап. Кассациялық қаулы шығару

      1. Кассациялық қаулы осы Кодекстің 444-бабында көзделген талаптар сақтала отырып, кеңесу бөлмесінде шығарылады.
      2. Кассациялық қаулы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.

      466-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысын


                орындауға енгізу

      1. Кассациялық сатының қаулысы шығарылғаннан кейін үш тәуліктен кешіктірілмей, үкім шығарған бірінші сатыдағы сотқа орындау үшін іспен бірге жіберіледі.


      2. Егер сотталған адам кассациялық сатыдағы отырысқа қатысып отырған болса, сотталған адам оған сәйкес күзетілуден босатылуға жататын қаулы, осы бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда кассациялық қаулының көшірмесі немесе кассациялық қаулының қарар бөлігінен үзінді-көшірме сотталған адамды күзетілуден босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.
      3. Кассациялық сатының оған сәйкес істі бірінші немесе апелляциялық сатыда соттың жаңадан қарауы тағайындалған қаулысы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде іспен бірге тиісті сот сатысына жіберіледі, ол туралы тараптарға хабарланады.

      467-бап. Істі кассациялық сатыда қайтадан қарау

      1. Егер кейбір сотталған адамдарға қатысты белгіленген мерзімде берілген кассациялық шағым немесе наразылық кассациялық сатыдағы сотқа қандай да бір себептер бойынша істі басқа сотталған адамдарға қатысты қарағаннан кейін келіп түссе, сондай-ақ сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің кассациялық шағымы осы сотталған адамға қатысты іс процеске басқа қатысушының кассациялық шағымы немесе прокурордың наразылығы бойынша қаралып кеткеннен кейін келіп түссе, кассациялық сатыдағы сот мұндай шағымды немесе наразылықты қарауға және олар бойынша қаулы шығаруға міндетті.
      2. Егер жаңадан шығарылған қаулы бұрын шығарылған қаулыға қайшы келсе, кассациялық сатыдағы сот істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.

      468-бап. Апелляциялық қаулының, үкімнің күші жойылғаннан


                кейін істі апелляциялық сатыда қарау

      1. Алқабилердің қатысуымен қаралған іс бойынша үкімнің күші жойылғаннан не істі тиісті сатыға жаңадан қарауға жібере отырып, апелляциялық қаулының немесе үкімнің күшін жойғаннан кейін іс осы саты үшін осы Кодексте белгіленген жалпы қағидалар бойынша қаралады.


      2. Егер айыптаушы тараптың кассациялық шағымында, наразылығында мұндай өтіну болса және оны кассациялық сатыдағы сот үкімнің күшін жою негіздерінің бірі ретінде көрсетсе, апелляциялық сатыдағы сот істі жаңадан қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол беріледі.
      3. Апелляциялық сатыдағы сот істі жаңадан қараған кезде:
      1) егер кассациялық саты апелляциялық үкімнің күшін осы бөлігінде айыптау тарапының шағымы, наразылығы бойынша жоймаса, сотталған адамды айыптаудың бастапқы үкіммен алып тасталған бөлігінде кінәлі деп тануға;
      2) егер кассациялық саты бастапқы апелляциялық үкімнің күшін айыптау тарапының шағымы, наразылығы бойынша жойса да, бірақ ол осы негіздерге байланысты болмаса, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеуді немесе жазаны неғұрлым қатаң режимдегі колонияда өтеуді тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес.

      469-бап. Істі жаңадан қарау кезіндегі жаза


                тағайындаудың шектері

      1. Егер бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші сотталған адамды қорғау тұрғысынан берілген шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екінші үкімнің күші айыптаушы тараптың жазаның жеңілдігіне немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты берілген шағымы, наразылығы бойынша жойылса, істі үшінші рет қарап жатқан апелляциялық саты екінші үкімге қарағанда неғұрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ол бірінші үкіммен салыстырғанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға құқылы емес.


      2. Істі жаңадан қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

9-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ШЕШІМДЕРІН ОРЫНДАУ

51-тарау. СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН ОРЫНДАУ

      470-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны


                орындауға енгізу

      1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бірінші сатыдағы соттың үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық білдірілмесе, апелляциялық шағым жасау немесе наразылық білдіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға енгізуге жатады.


      2. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық (жекеше) шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, апелляциялық саты шағымның, наразылықтың кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған күні үкім заңды күшіне енеді.
      3. Бірінші сатыдағы сот, үкімнің заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға енгізеді.
      4. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 77-бабында белгіленген мерзімде орындауға келтірілмесе, жазаны өтеуден босатылады.
      5. Соттың қаулысы сотталған адамды, ақталған адамды күзетілуден босату бөлігінде дереу орындауға енгізілуге жатады.

      471-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны


                

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет