Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


-бап. Қорғаушының қадағалау сатысындағы сотқа міндетті



бет33/42
Дата25.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#157316
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
495-бап. Қорғаушының қадағалау сатысындағы сотқа міндетті
                түрде қатысуының негіздері

      Осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы міндетті.


      Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, алмастыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 68-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      496-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      496-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны

      Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына iс бойынша шешiм қабылдаған барлық судьялар қол қояды.

      497-бап. Iстi соттың үкiмi мен қаулысының күшi жойылғаннан


                кейін қарау

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Соттың үкімінің немесе қаулысының күші қадағалау тәртібімен жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Істі төмен тұрған сатыдағы сот қайтадан қараған кезде қадағалау сатысындағы соттың нұсқаулары міндетті.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Iстi бірінші, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде, егер бастапқы үкiмнiң немесе қаулының күшi жазаның жеңілдігіне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты қадағалау тәртiбiмен жойылған болса ғана жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға жол берiледi. Апелляциялық сатыдағы сот iстi жаңадан талқылау кезiнде шығарған үкiмге жалпы тәртiппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкiн.
      3. Алдыңғы үкімнің, қаулының күші жойылуына байланысты істі жаңадан талқылау кезінде шығарылған үкімді, қаулыны жоғары тұрған сот сатылары соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы тәртіппен қарауы мүмкін.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      498-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      498-бап. Соттың істі жаңадан қарау кезінде шығарған


                үкімін және қаулысын қайта қарау туралы
                өтінішхат, наразылық келтіру

      Алдыңғы үкімнің немесе қаулының күші жойылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы негіздерде берілуі мүмкін.

53-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН
МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ

      499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта


                бастаудың негiздерi

      1. Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулысының, оның ішінде осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен шығарылған қаулысының күшi жойылуы және қылмыстық iс немесе осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу туралы өтінішхат бойынша iс жүргiзу жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта басталуы мүмкiн.


      2. Іс жүргiзудi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастаудың негiздерi мыналар болып табылады:
      1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан жәбiрленушiнің немесе куәнің айғақтарының, сарапшының қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сол сияқты заттай дәлелдемелердің, тергеу және сот әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу дұрыс жасалмауы;
      2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық әрекеттерi;
      3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған қылмыстық әрекеттерi;
      4) осы Кодекстiң 502-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы белгіленген және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм, ұйғарым шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар;
      5) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы;
      6) осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу үшін негіз болған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтан соттың заңды күшіне енген ақтау үкімі не қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе құрамының болмауына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы негізінде босату не істі мәні бойынша қараған соттың үкімінде мүлікті тәркілеуді ішінара немесе толық қолданбау;
      7) өзіне қатысты іс осы Кодекстің 335-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен қаралған сотталған адам қылмыстық процесті жүргізетін органға келген жағдайда, оның ерік білдіруі.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақтарында санамаланған мән-жайлар үкiммен қатар соттың, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне орай, рақымшылық актiсiнiң нәтижесiнде, айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендiгiне байланысты тоқтату туралы қаулысы арқылы белгіленуі мүмкiн.

      500-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта


                қаралуға жататын қылмыстық iстер бойынша сот
                шешiмдерi

      Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:


      1) айыптау үкiмi;
      2) ақтау үкiмi;
      3) iстi тоқтату туралы қаулы;
      4) мүлікті соттың үкіміне дейін тәркілеу туралы қаулы қайта қаралуы мүмкін.

      501-бап. Iс жүргiзудi қайта бастау мерзiмдерi

      1. Айыптау үкiмiн немесе мүлікті сот үкімі шығарылғанға дейін тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, сотталған адамның, ақталған адамның пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiмдермен шектелмейдi.
      2. Сотталған адамның қайтыс болуы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша ақтау мақсатында iс жүргiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды.
      3. Ақтау үкiмiн, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарауға, сондай-ақ айыптау үкiмiн сотталған адамның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмдері iшiнде және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.
      4. Жаңа мән-жайлардың ашылған күнi болып:
      1) осы Кодекстiң 499-бабы екіншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдемелер ұсынуға, дұрыс емес аударма жасауға немесе iстi тергеп-тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық әрекеттер үшiн кiнәлi адамдарға қатысты үкiмнiң, қаулының заңды күшiне енген күні;
      2) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы қорытынды шешім қабылдаған күн;
      3) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес прокурор жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды жасаған күн есептеледi.

      502-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзуді


                қозғау тәртібі

      1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қозғау туралы өтінішхат беру құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдеріне, қорғаушыларға, сондай-ақ прокурорға тиесiлi. Өтінішхат үкімді, қаулыны шығарған сотқа беріледі.


      2. Азаматтардың, оның iшiнде осы iс бойынша процеске қатысушылардың арыздары, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарлары, сондай-ақ басқа қылмыстық iстердi тергеп-тексеру және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қозғауға себеп болады.
      3. Егер келiп түскен өтiнiшхатта, арызда немесе хабарда осы Кодекстiң 499-бабы екіншi бөлiгiнiң 1), 2), 3) және 6) тармақтарында көрсетiлген мән-жайларға байланысты шығарылған сот үкiмiнiң, қаулысының бар екендiгiне сiлтеме болса, сот өзiнiң қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қозғайды, қылмыстық қудалау органдарынан және соттан тиісті процестік құжаттарды талап етіп алдыра отырып, осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша сот талқылауын жүргізеді.
      4. Егер өтiнiшхатта, арызда немесе хабарда осы Кодекстiң 499-бабы екiншi бөлiгiнiң 4) тармағында көрсетілген өзге де мән-жайлар көрсетiлсе, сот тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін материалдарды прокурорға жібереді. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеп-тексеру кезiнде осы Кодекстiң қағидалары сақтала отырып, жауап алу, қарап-тексеру, сараптама, алу және өзге де тергеу әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн.
      Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша прокурор сотқа тексеру материалдарын және сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің бар екені не жоқ екені туралы өз қорытындысын жібереді.

      503-бап. Прокурордың тексеру немесе тергеп-тексеру


                аяқталғаннан кейiнгi әрекеттерi

      1. Прокурор өзіне келіп түскен арызды, жолданымды тексеру немесе тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау үшін негіздер болған кезде іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы мәселені қарауға құқықты сотқа тиісті өтінішхатпен жүгінеді. Өтінішхат қылмыстық іс материалдарымен бірге жіберіледі, оған осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – үкімнің көшірмесі және дәл осы баптың екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жағдайларда тергеп-тексеру материалдары қоса беріледі.


      2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатқа бастама жасауға негіздер байқалмағанда, прокурор бұдан өзінің уәжді қаулысымен бас тартады. Қаулының көшірмесі қаулыға жоғары тұрған прокурорға шағым жасау немесе сотқа жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатпен жеке өзі жүгіну құқығы түсіндіріле отырып, үш тәулік ішінде арыз иесіне жіберіледі.

      504-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған


                мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы
                өтінішхаттарды қарау тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы соттың судьясы жеке-дара қарайды. Егер іс бойынша апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттар қаулы шығарған болса, сот шешімдерін қайта қарауды тиісінше апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы судьялар жеке-дара, ал қадағалау сатысында – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үш судьясы құрамында жүзеге асырады.
      2. Сот отырысына арыз иесі, оның өкілі, қорғаушы, прокурор, процестің өзге де қатысушылары және сот отырысына шақырылған тұлғалар қатысады. Сот талқылауының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, көрсетілген тұлғалардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Қажет болған кезде сот оларды, сондай-ақ өзге де тұлғаларды сот отырысына келуге міндеттеуге құқылы. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның сот талқылауына қатысуы бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.
      3. Сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар қаралғаннан кейін бірінші болып сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері туралы өтінішхатты баяндайтын арыз иесі не тиісті өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде прокурор сөз сөйлейді, сот содан соң соттың отырысына келген басқа тұлғалардың сөздерін тыңдайды, арыз иесі, жүргізілген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелері бойынша прокурор ұсынған материалдарды зерттейді. Егер арызда (өтінішхатта) немесе хабарда тексеруді және тергеп-тексеруді қажет ететін өзге мән-жайлар көрсетілген болса, сот оларды тексеруді немесе тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін прокурорға жібереді. Олардың нәтижелері бойынша прокурор сотқа тексеру материалдарын және өзінің сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің бар екені немесе жоқ екені туралы қорытындысын жібереді.
      4. Сот талқылауы аяқталғаннан кейін сот кеңесу бөлмесінде қаулы шығарады.
      Ескерту. 504-бапқа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      505-бап. Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша


                қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы
                бойынша шығарылған соттың қаулысы

      1. Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша сот:


      1) өтінішхатты қанағаттандыру;
      2) өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бірін шығарады.
      2. Сот өтінішхатты қараған кезде осы Кодекстің 499-бабының екінші бөлігінде көзделген мән-жайлар анықталса және олар соттың заңсыз немесе негізсіз үкімінің, қаулысының алдында болса немесе заңсыз немесе негізсіз үкім, қаулы шығаруына әкеп соқса, өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы шығарады. Мұндай жағдайларда, сот қаулыда заңды күшіне енген тиісті сот актісінің күшін жою және істі жаңадан тергеп-тексеруге немесе қарауға жіберу туралы көрсетеді. Егер жаңадан тергеп-тексеру немесе сот қарауы талап етілмесе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздерін көрсете отырып, тоқтатады.
      Мүлікті тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қанағаттандырған кезде сот көрсетілген қаулының күшін жояды.
      3. Сот өтінішхатта көрсетілген мән-жайлар расталмаса, не олар орын алғанымен, үкімнің, қаулының заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпесе, заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдырады.
      4. Соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған қаулысы сот кеңесу бөлмесінен шыққан соң жария етіледі, бұл ретте ол сотқа қатыспаған мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіліп, оған шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі түсіндіріледі. Қаулының көшірмесі прокурорға және өтінішхатты мәлімдеген тұлғаға жіберіледі. Өзге мүдделі тұлғаларға қаулының көшірмесі олардың өтінуі бойынша жіберіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған қаулылары – олар шығарылған күннен бастап он бес тәулік өткен соң, ал егер оларға шағым жасалса, наразылық білдірілсе және жоғары тұрған сот оны күшінде қалдырса, онда жоғары тұрған сот қаулыны шығарған күні заңды күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шығарған қаулы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды, ол жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді. Жоғары тұрған соттың шағым жасалған қаулыны өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.

      506-бап. Прокурордың сот актілерін жаңадан ашылған


                мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы
                өтінішхатын қарау қорытындысы бойынша шығарылған
                сот қаулысы

      1. Сот прокурордың іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта бастау туралы өтінішхатын қарап:


      1) өтінішхатты қанағаттандыру және сот үкімінің немесе қаулысының күшін жою және істі тергеп-тексеру немесе жаңа сот талқылауын жүргізу үшін беру;
      2) өтінішхатты қанағаттандыру туралы және сот үкімінің немесе қаулысының күшін жою туралы және іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін тергеп-тексеру немесе сот талқылауы талап етілмесе, істі тоқтату;
      3) өтінішхатты қабылдамау туралы қаулылардың бірін шығарады.

      507-бап. Сот қаулысын қайта қарау және сот шешiмдерiнiң


                күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулыларына шағымдарды, наразылықты осы Кодекстің 502-бабыныңбірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде жоғары тұрған тиісті сотқа бере алады.
      2. Жоғары тұрған сот көрсетілген қаулыларға шағымдарды, наразылықтарды қарауды апелляциялық, кассациялық шағымдарды, наразылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Жоғары тұрған соттың шағым жасалған қаулыны өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
      3. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша ол жөнiндегi сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн тергеп-тексеру және сот талқылауы осы Кодексте белгiленген жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
      Алқабилердiң қатысуымен шығарылған заңды күшіне енген сот актісін алдын ала тыңдау сатысынан жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi жаңадан қарауға жолдай отырып, қайта қарау туралы өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, сот iстi жаңадан қараған кезде iстi алдын ала тыңдауды жүргiзедi және сотталушының ерiк бiлдiруiне қарай iстi алқабилердiң қатысуымен не олардың қатысуынсыз жаңадан қарау туралы шешiм қабылдайды. Егер сот актісі басты сот талқылауын жүргiзу сатысынан соттың жаңадан қарауына жолдана отырып, жойылған болса, сот басты сот талқылауын тағайындайды, алқабилердiң жаңа алқасын қалыптастыруды жүргiзедi және iстi осы Кодекстiң 65-тарауының ережелерiне сәйкес қарайды.
      Ескерту. 507-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      508-бап. Істi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта


                бастау кезiндегi азаматтық талап қою

      Үкiмнiң күшi жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты жойылған жағдайда, қылмыстық iстi бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап қою жалпы негiздерде жаңадан қаралады. Істi азаматтық талап қою бөлiгiнде ғана қайта бастауға тек азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ғана жол берiледi.

11-БӨЛІМ. ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ

54-тарау. ЕСІ ДҰРЫС ЕМЕС АДАМДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ


МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША
СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ

      509-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын


               қолдану бойынша iс жүргiзу үшін негiздер

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 93-бабында көрсетілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есi дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған соң жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты iстер бойынша жүзеге асырылады.


      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының дерттi бұзылулары өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндірумен не өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндігімен байланысты болған жағдайда ғана тағайындалады.
      3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша iс жүргiзу осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен және осы тараудың ережелерiмен айқындалады.

      510-бап. Дәлелденуге жататын мән-жайлар

      1. Осы Кодекстiң 509-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi.
      2. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде мынадай мән-жайлар анықталуға тиiс:
      1) жасалған іс-әрекеттiң уақыты, орны, тәсiлі мен басқа да мән-жайлары;
      2) осы адамның қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасағаны;
      3) іс-әрекетпен келтiрiлген залалдың сипаты мен мөлшерi;
      4) қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған адамның оны жасағанға дейiнгi, сондай-ақ одан кейiнгi мінез-құлқы;
      5) осы адамда бұдан бұрын психикасының бұзылуы болған-болмағаны, қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасау кезiнде немесе iстi қарау кезiнде психикалық ауыру дәрежесi мен сипаты.

      511-бап. Қауiпсiздiк шаралары

      1. Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған және психикалық аурулардан зардап шегетін адамдарға бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
      2. Осы адамдарға қажет болған жағдайда мынадай қауiпсiздiк шаралары қолданылады:
      1) денсаулық сақтау органдарын хабардар ете отырып, ауруды туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына беру;
      2) психиатриялық көмек көрсететiн арнаулы медициналық ұйымға орналастыру.

      512-бап. Туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының


                қарауда ұстауына беру

      1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган психикалық ауру фактісін анықтаған кезден бастап осы адамға бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын қолданудың күшін жояды және оған қауіпсіздік шараларын қолдану туралы қаулы шығарады.


      2. Егер ауырған адам өзі және айналасындағылар үшін қауіп төндірмесе, ол денсаулық сақтау органдарын хабардар ете отырып, туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының келісімі бойынша олардың қарауда ұстауына берiлуi мүмкiн.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдар ауырған адамды қарауда ұстауды жүзеге асырудан бас тартқан кезде не осы Кодекстің 513-бабында көзделген жағдайларда, ауырған адамға қатысты медициналық ұйымға орналастыру түрінде қауіпсіздік шарасы қолданылуы мүмкін.

      513-бап. Мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру

      1. Істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның адамға қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігіне байланысты адамды медициналық ұйымға орналастыру туралы прокурормен келісілген өтінішхатын шешім қабылдайтын тергеу судьясы қарайды.
      2. Тергеу судьясы ауру сипатын, адамның өзі немесе айналасындағы адамдар үшін қауіптілігін, сарапшы-психиатрдың ұсынымдарын ескере отырып, шешім қабылдайды және өтінішхатты қанағаттандырған кезде қаулыда өзіне қатысты осы қауіпсіздік шарасы қолданылған адам орналастырылатын, психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымның түрін, сондай-ақ бұрын қолданылған бұлтартпау шарасының күшін жою туралы көрсетеді.
      3. Медициналық ұйымға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы бүкіл сотқа дейінгі іс жүргізу бойында, бірақ бір айдан аспай сақталады, содан соң оны қолдану мерзімін тергеу судьясы прокурордың өтінішхаты бойынша бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін не оның күшін жоюы мүмкін. Сот талқылауы барысында осы қауіпсіздік шарасы соттың қылмыстық істі қарау бойынша шығарылған, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулысы заңды күшіне енгенге дейін сақталады.
      4. Егер сот қылмыстық ісі қаралып жатқан адамға қатысты істі қарау кезінде адамды медициналық ұйымға орналастыру түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы етсе, адам көрсетілген ұйымға түскен бойда қауіпсіздік шарасының күші жойылады. Егер сот тұрғылықты жері бойынша психиатрдың байқауында болу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданбау туралы қаулы шығарса, ол сонымен бір мезгілде қауіпсіздік шарасының күшін жояды. Медициналық ұйымда жатқан адам осы қауіпсіздік шарасының күші жойылған кезде стационардан дереу шығарылады.

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет