Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау



бет43/47
Дата04.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#177216
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау
                мерзiмдерi

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.


      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңындабелгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда, хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдағаннан кейін дереу жасалады.
      4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
      5. Осы Кодекстің 897-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда, хаттама осы Кодекстің көрсетілген бабында белгіленген мерзім өткеннен соң бір тәулік ішінде жасалады.
      6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстiң 210217218220222227 (бірінші және екінші бөліктерінде), 239 (үшiншi және төртінші бөліктерінде), 243244251252464 (бiрiншi бөлiгiнде), 571572573574575576593 (бiрiншi бөлiгiнде – бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылған кезде; екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде) және 609-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға табылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
      7. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.
      8. Осы Кодекстің 324 (бiрiншi бөлiгi), 337 (бiрiншi бөлiгi), 344347394 (екiншi бөлiгi)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерi белгiленген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
      9. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке тұлғаның анықталмауына байланысты орындалуы мүмкiн емес жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.

      807-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама


                жасалмайтын жағдайлар

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:


      1) ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, егер тұлға құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса;
      2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, жасалмайды. Айыппұл арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралының немесе аспабының көрсеткіштері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, бұл жөнінде көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісті түрде хабардар етіледі; 
      3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде;
      4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арызбен жүгінген кезде осы Кодекстiң 74757678818282-18384858687888990919293949596979899100101102103104105106107108109110111112113114115116117118119120121122123124125126128130және 132-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды;
      5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалса және судья (сот) тікелей соттың қарауы барысында осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотты құрметтемеушілік фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
      2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны оған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға ескерту жасау туралы қаулының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсімiн растайды.
      Ескерту. 807-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015№ 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн


                жiберу

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жiберiледi.


      Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн судьяға дереу жiберiледi.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      808-бапты үшінші абзацпен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқаенгізіледі).

      809-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс


                жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн тоқтату

      Осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде, жүргiзуінде iс жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарады.

42-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС БОЙЫНША
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ІС ЖҮРГІЗУ

      810-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша


                қысқартылған іс жүргізудің негіздері

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу, егер құқық бұзушылық фактісін лауазымды адам оның жасалу орнында анықтаса, 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес ол үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген, оны жасаған, өз кінәсін мойындаған жеке тұлға анықталған және салынған айыппұл мөлшерімен келіскен жағдайларда жүзеге асырылады.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:
      1) баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;
      2) құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адам жасаған;
      3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;
      4) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;
      5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайларда қолданылмайды.
      Ескерту. 810-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      811-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша


                қысқартылған іс жүргізу тәртібі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға белгіленген кезде, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оның жасалу орнында жасайды және тұлғаға көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.


      Лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін адамға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге тапсырады.
      2. Көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұл жеті тәулік ішінде төленген жағдайда, іс мәні бойынша қаралды деп есептеледі.
      Осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істі қайта қарау осы Кодекстің 46-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 811-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

43-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚАРАУ

      812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралатын
                орын

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.


      2. Осы Кодекстiң 333334571572574590591592593594595596597598599600601602603604605606607608609610611612613614615616617618619620621622623624625626627628629630631және 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
      3. Осы Кодекстiң 378379382383 және 440-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
      4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.

      813-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға


                әзiрлеу

      1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:


      1) аталған iстi қарау өздерiнiң құзыретiне жататынын; 
      2) аталған iстi судьяның, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлардың болуын;
      3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың және басқа да хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
      4) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың, сондай-ақ тұлғаны әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн  мән-жайлардың болуын;
      5) өтiнiшхаттардың, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұратын жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттардың және бас тартудың болуын;
      6) осы Кодекстiң 744745746747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға iстің қаралу орны мен уақыты туралы хабарланғанын анықтайды.
      2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.
      Ескерту. 813-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      814-бап. Судьяның, лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық


                бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн
                болғызбайтын мән-жайлар

      Қарауына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс берiлген судья, лауазымды адам, егер бұл тұлға:


      1) жауаптылыққа тартылып отырған тұлғаның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болып табылған;
      2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болған жағдайларда, аталған iстi қарай алмайды.

      815-бап. Судьяның, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы


                және оларға қарсылық білдіру

      1. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.


      2. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы.
      3. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
      4. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, жоғары тұрған лауазымды адам келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
      5. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.

      816-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға


                әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам)
                қабылдайтын шешiм

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) мынадай:


      1) iстiң қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы;
      2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды талап етіп алдыру туралы, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;
      3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы; 
      4) егер осы iстi қарау құзыретiне жатпаса не судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіру туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;
      5) осы Кодекстiң 812-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы шешім қабылдайды.
      6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады.
      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) іс жүргізуде нақ сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.
      5. Осы Кодекстiң 744-бабының төртiншi бөлiгiнде, 746-бабының алтыншы бөлiгiнде және 754-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған тұлғаның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмеуіне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
      Ескерту. 816-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау


                мерзiмдерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқылы судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстi қарап жатқан судья, орган (лауазымды адам) iстiң қаралу мерзiмiн ұзартуы, бiрақ бiр айдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
      3. Жасалуы әкімшілік қамаққа алуға, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа да материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты – ол ұстап алынған кезден бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
      4. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға солардың негізінде лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған тексеру нәтижелеріне және өзге де 
мән-жайларға шағым жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу мерзімін соттың тиісті шешімі шығарылғанға дейін және заңды күшіне енгенге дейін немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасаудың мерзімі өткенге дейін ұзартады.

      818-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау


                тәртiбi

      1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:


      1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылып отырғанын хабарлайды;
      2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;
      3) iс бойынша іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
      4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті қарау туралы не iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
      5) қажет болған жағдайларда iсті қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды; 
      6) iсті қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;
      7) іс жүргізу тілін айқындайды, ана тiлiнде немесе өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам бiлетiн басқа да тiлде мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, іс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының көрсететін қызметтерін тегiн пайдалану құқығын түсiндiредi;
      8) мәлiмделген бас тартуды және өтiнiшхаттарды шешедi;
      9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жариялайды;
      10) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;
      11) iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарымды: iс қарайтын судьяның не лауазымды адамның, егер оған қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеуге; егер қорғаушыға, уәкiлеттi өкiлге, сарапшыға немесе аудармашыға қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, көрсетілген қарсылық білдіруге; iстi қарауға қатысатын адамдардың келуі немесе iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда шығарады. Қажет болған жағдайда судья немесе орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады; 
      12) осы Кодекстiң 816-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады. 
      2. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотты құрметтемеушілік фактісін анықтай отырып, факт туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 9) және 12) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 653-бабында көзделген әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
      Сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотты құрметтемеушілік фактісі туралы істі судья (сот) тікелей осы сот отырысында осы фактіні анықтап және сот отырысының хаттамасында тіркей отырып қарайды.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам немесе өкілдерінің әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер қозғауға құқығы бар мемлекеттік органның өкілі істі қарауға қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.
      4. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттер жүзеге асырылады.

      819-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау


                кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар

      1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалғанын-жасалмағанын, осы тұлғаның оны жасауға кiнәлiлiгiн-кінәсіздігін, оның әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын-жатпайтынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн-келтірілмегенін анықтауға, сондай-ақ iстiң дұрыс шешілуі үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.


      2. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.

      820-бап. Сот отырысының хаттамасы



      1. Бірінші сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізіледі. Егер өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі туралы мәлімдемесе, хаттаманың жүргізілуі міндетті емес. Бұл ретте жоғары тұрған сатылардағы сот iстi бiрiншi сатыдағы сот үшiн көзделген қағидалар бойынша қарай келiп, iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптама қорытындыларын зерттеу, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ өз бастамашылығы бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот отырысының хаттамасын жүргiзедi.
      2. Сот отырысының хаттамасында мыналар:
      1) отырыстың орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;
      2) өзіне қатысты іс қаралып жатқан тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, сәйкестендіру нөмірі және банк деректемелері;
      3) қаралып жатқан іс бойынша іс жүргізу тілі; 
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаралып жатқан iстің оқиғасы;
      5) судьяның, сот отырысы хатшысының лауазымы, тегі, аты-жөні;
      6) істі қарауға қатысатын тұлғалардың келгендігі туралы, келмеген тұлғаларға белгіленген тәртіппен хабарланғаны туралы мәліметтер;
      7) сот отырысының барысы;
      8) қарсылық білдіру, өтінішхаттар және оларды қараудың нәтижелері;
      9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
      10) сот отырысына қатысушылар түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны;
      11) қаралған материалдар мен құжаттар;
      12) сот отырысы барысында шығарылған қаулыға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша соттың шешіміне нұсқау, оған шағым жасаудың мерзімі мен тәртібін түсіндіру; 
      13) сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер беру мерзімін түсіндіру көрсетіледі.
      3. Хаттама іс қаралған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жасалып, оған судья және сот отырысының хатшысы қол қояды.
      4. Судья өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге басқа да қатысушыларға сот отырысының хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушылар сот отырысы хаттамасының жасалуының толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде ұсынуға құқылы.
      6. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді судья олар берілген күннен бастап бес тәулік ішінде қарайды.
      7. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы судья уәжді қаулы шығарады. Қаулыға және сот отырысының хаттамасына ескертулер сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      43-тарауды 820-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқаенгізіледі).

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет