Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


-бап. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдарды



бет47/47
Дата04.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#177216
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
877-бап. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдарды
                жете тексеру, әкiмшiлiк ұстап алу және күштеп
                әкелу

      1. Осы Кодекстiң 876-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 


1), 4) – 7) тармақшаларында санамаланған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар жеке басына қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Олардың өздерімен бірге дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдардың мәртебесін растайтын құжаттары болған кезде, олардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке басын жете тексеруге, оларды ұстап алуға немесе күштеп әкелуге болмайды. Олардың өздерімен алып жүрген заттарына да жете тексеру жүргiзуге болмайды.
      2. Егер шет мемлекет 876-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға әкімшілік жауаптылықтан иммунитет беруден айқын білдірген бас тарту ұсынса, іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

      878-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет

      1. Осы Кодекстің 876-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3) – 6) тармақшаларында санамаланған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдардың куә, жәбiрленушi ретiнде айғақтар бермеуiне болады, ал мұндай айғақтар беруге келiскен кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) осы үшін келуге мiндеттi емес. Сұрақ қою үшiн көрсетілген адамдарға тапсырылған шақыруда олардың келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі туралы ескерту қамтылмауға тиіс.
      2. Егер осы адамдар әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында жәбiрленушiлер, куәлар ретiнде айғақтар берiп, ал iстiң қаралуына келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын жария етеді.
      3. Осы Кодекстiң 876-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған адамдар өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн орындауға байланысты мәселелер бойынша айғақтардан басқа, куәлар және жәбiрленушiлер ретiнде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куә ретінде айғақтар беруден бас тартқан жағдайда, оларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды.
      4. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерiнiң қызметтік міндеттерiн орындауға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды ұсынуға мiндеттi емес.

      879-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық


                иммунитеті

      1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жайлар, дипломатиялық персонал мүшелерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк және жүрiп-тұру құралдары қол сұғылмайтын болып табылады. Осы үй-жайларға кiру, оларды қарап-тексеру, сондай-ақ жүрiп-тұру құралдарын тексерiп қарау дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның келiсуiмен ғана жүргiзілуі мүмкін.


      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген иммунитет өзара түсіністік негізінде, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, дипломатиялық өкiлдiктің қызмет көрсетушi персоналының қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерi орналасқан тұрғын үй-жайларына қолданылады.
      3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара келісім негiзде қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Осы үй-жайларға кiру, оларды қарап-тексеру тиiстi шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшысының өтiнуi бойынша немесе келiсуiмен ғана орын алуы мүмкiн.
      4. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдықтардың мұрағаттары, ресми хат жазысуы және басқа да құжаттары қол сұғылмайтын болып табылады. Оларды дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келiсуiнсiз қарап-тексеруге және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кiдiртiлмеуге тиiс.
      5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетілген үй-жайларға кiруге, оларға қарап-тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық басшысының келiсiмiн прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұратады.
      6. Үй-жайларға кiруге, оларға қарап-тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық басшысының өтінуін немесе келiсiмiн алған жағдайда, олар прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.

50-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС


ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРГАНДАРДЫҢ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТТІ
МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ

      880-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша


                құқықтық көмек көрсетудің жалпы шарттары

      1. Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттердiң соттарына, органдарына (лауазымды адамдарына) құқықтық көмек көрсету тәртібімен не өзара түсіністік негiзінде осы Кодексте көзделген іс-қимылдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен халықаралық шарттарында көзделген өзге де іс-қимылдар жүргiзiлуi мүмкiн.


      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерi осы Кодекске қайшы келетiн жағдайда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстарды өз мемлекетiнiң аумағында сұрау салынған мекеме көтереді.

      881-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау


                салуларды және жекелеген процестік әрекеттерді
                жүргізу туралы тапсырмаларды жіберу

      1. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салулар, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, соттар, органдар (лауазымды адамдар) арасында жіберілуі мүмкін.


      2. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуды, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қандай сотқа, органға жіберуді анықтау мүмкін болмаған жағдайларда, олар сұрау салынатын Тараптың орталық органына жіберіледі.
      3. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма жазбаша нысанда органның бланкісінде ресімделеді және онда:
      1) тиісті Тараптың сұрау салынатын органының атауы;
      2) тиісті Тараптың сұрау салушы органының атауы;
      3) қолданылатын заң мәтіні қоса беріліп, құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, тауарлардың құны туралы, залал мөлшері туралы деректер, сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес іс-әрекеттің заңдық саралануы; 
      4) өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғалардың, куәлардың аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және тегі, олардың тұрғылықты жері немесе болатын жері, азаматтығы, кәсiбiнiң түрi, туған жері мен жылы, айы, күні, заңды тұлғалар үшiн – олардың толық атауы және орналасқан жерi (егер санамаланған мәліметтер туралы ақпарат бар болса);
      5) құжатты тапсыру туралы тапсырмада алушының нақты мекенжайы мен тапсырылатын құжаттың атауы да көрсетілуге тиіс;
      6) ұсынылуға не орындалуға жататын мәліметтер мен әрекеттер тізбесі (сауал жүргізу үшін қандай мән-жайлардың анықталуы әрі нақтылануы тиіс екендігін, сондай-ақ сауал жүргізілетін тұлғаға қойылатын сұрақтардың дәйектілігі мен тұжырымдамасын көрсету қажет) қамтылуға тиіс.
      4. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма:
      1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімінің көрсетілуін;
      2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгіленген тәртіппен жүргізу туралы өтінішхатты;
      3) сұрау салушы Тарап органдары өкілдерінің сұрау салуда көрсетілген іс-шаралардың орындалуы кезінде қатысуға, сондай-ақ егер бұл Тараптардың заңнамасына қайшы келмесе, олардың орындалуына қатысуға мүмкіндік беру туралы өтінішхатты;
      4) сұрау салуды, тапсырманы орындауға байланысты өзге де өтінішхаттарды да қамтуы мүмкін. 
      5. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуға, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаға сұрау салушы органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға, тапсырмаға сұрау салу, тапсырма мәтінінде сілтеме жасалған құжаттардың қолда бар көшірмелері, олардың тиісінше орындалуына қажетті өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
      6. Тараптардың органдары процестік құжаттарды пошта арқылы басқа Тараптың аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға тікелей жөнелтуі мүмкін.
      7. Қосымша мәліметтер алу, алдыңғы сұрау салуды немесе тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, ақпараттар мен құжаттарды беру туралы сұрау салуды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қайталап жіберуге жол беріледі.

      882-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау


                салуларды және жекелеген процестік әрекеттерді
                жүргізу туралы тапсырмаларды орындау тәртібі

      1. Сот, орган (лауазымды адам) өздеріне белгіленген тәртіппен берілген, шет мемлекеттердің тиісті мекемелері мен лауазымды адамдарының процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларын осы Кодекстің жалпы қағидалары бойынша орындайды.


      2. Тапсырманы орындау кезінде, егер бұл Қазақстан Республикасының сол мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шет мемлекеттің процестік нормалары қолданылуы мүмкін.
      3. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда тапсырманы орындау кезінде басқа мемлекеттің құзыретті мекемесінің өкілі қатыса алады.
      4. Егер сұрау салуды (тапсырманы) орындау мүмкін болмаса, оны орындауға кедергі келтірген себептер көрсетіле отырып, алынған құжаттар тапсырма берген шетелдік мекемеге қайтарылады. Егер тапсырманың орындалуы Қазақстан Республикасының егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса не заңнамасына қайшы келсе, ол қайтарылады.

5-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫЛАРДЫ ОРЫНДАУ

51-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

      883-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша


                қаулының заңды күшiне енуi

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы:


      1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым берiлмесе немесе наразылық келтірілмесе, оған шағым беру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
      2) шағым, наразылық бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 839-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;
      3) осы Кодекстің 811-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда дереу заңды күшiне енедi.

      884-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының


                мiндеттiлiгi

      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.


      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген кезінен бастап орындалуға жатады.
      3. Арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарылған кезінен бастап орындалуға жатады.

      885-бап. Қаулыны орындауға енгізу

      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға енгізу қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнайы құқықтан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органдарға дереу жiберiледi.

      886-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға


                келтіру

      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен осыған уәкілеттік берілген органдар орындауға келтіреді.


      2. Бiр тұлғаға қатысты әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы бiрнеше қаулы шығарылған жағдайда, әрбір қаулы дербес орындауға келтіріледі.
      3. Тұлғаның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы, бұл жазаны заңнамаға сәйкес мәжбүрлеу тәртiбiмен орындауға әкеп соғады.

      887-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға


                байланысты мәселелердi шешу

      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) осы қаулыны орындауға байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.


      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күндік мерзiмде қарайды.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелердiң шешiлуiне мүдделi тұлғаларға олардың қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл ретте, мүдделi тұлғалардың дәлелсіз себептермен келмеуі тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болып табылмайды. Әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамаққа алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.
      5. Қаулының көшiрмесi өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ өзінің өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге қолхатпен дереу тапсырылады. Аталған тұлғалар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi, бұл жөнінде iсте тиiстi жазба жүргізіледі.

      888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын


                кейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту

      Әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) түрінде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуы мүмкiн болмайтын мән-жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкін.


      Екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдауды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны олардың өтініштері бойынша кейінге қалдыруы мүмкін.

      889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату

      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам):
      1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
      2) осы Кодекстің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;
      3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға қайтыс болған немесе заңда белгiленген тәртiппен ол қайтыс болған деп жарияланған;
      4) осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өткен;
      5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда қаулының орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.

      890-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың


                ескіруі

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды.
      2. Қаулыны орындау осы Кодекстiң 834-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескіру мерзiмінiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
      3. Егер әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға оны орындаудан жалтарса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген ескіру мерзiмінiң өтуiне үзiліс жасалады. Бұл жағдайда ескіру мерзiмінің өтуін есептеу осы тұлға табылған күннен бастап қайта жалғасады.
      4. Осы Кодекстiң 888-бабына сәйкес қаулыны орындау кейiнге қалдырылған жағдайда, ескіру мерзiмінiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулыны орындау ұзартылған кезде ескіру мерзiмінiң өтуi ұзарту мерзіміне ұзартылады.

      891-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау


                бойынша іс жүргізуді аяқтау

      1. Жаза толық жүргізілген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза туралы белгі соғып, қаулыны орындаған орган қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.


      2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

52-тарау. ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ

      892-бап. Ескерту жасау туралы қаулыны орындау

      Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 823-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.

      893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау

      1. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.


      Айыппұл осы Кодекстiң 888-бабында көзделгендей кейiнге қалдырылған жағдайда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяны немесе органды (лауазымды адамны) жазбаша нысанда кейіннен хабардар ете отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке жеке тұлға енгізеді немесе заңды тұлға аударады.

      894-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа,


                жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл
                салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату

      1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.


      2. Жауаптылыққа тартылған адам жұмыстан босатылған не оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл өндіріп алу мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босатылған немесе өндіріп алуға мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын оқиға басталған күннен бастап он күндік мерзiмде, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жауаптылыққа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), өндiрiп алуға мүмкіндік бермеген себептердi көрсетiп, сондай-ақ жүргiзiлген ұстап қалулар (егер мұндай жүргiзiлсе) туралы белгi соғып, қаулы шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
      3. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемейтін болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулыны шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi.
      4. Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.
      Ескерту. 894-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      895-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны


                мәжбүрлеп орындату

      1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды тұлғаның банктік шотынан оның келiсiмінсiз ақшаны алып қою үшiн сот орындаушысына жiбередi.


      Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.
      2. Банк немесе банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.
      3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда, сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алуды қолданады.
      Ескерту. 895-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      896-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға


                жіберу тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама сот орындаушыларына айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберіледі.
      Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама сот орындаушысына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі. 
      2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып, мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылуға жатады.
      3. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы әкімшілік жаза қолданған органға қайтару, олардың кемшіліктерін жоя отырып, мәжбүрлеп орындатуға қайта жіберу үшін кедергі болмайды.

      897-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау


                тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (тапсырған) мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен адам хабарлама немесе хабардар ету алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде айыппұлды төлейді.


      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар олардың берілген күні, жаза қолданған лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметтерді, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, осы Кодекстің осы құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу уақыты мен орны, әкімшілік айыппұл сомасы, айыппұлды төлеу үшін деректемелер туралы мәліметтерді де қамтиды.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 897-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      898-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны орындау бойынша iс


                жүргiзудi аяқтау

      Айыппұл толық өндіріп алынған айыппұл салу туралы қаулы орындалғаны туралы белгi соғылып, қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

      899-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не
                нысанасы болған нәрсені, сол сияқты әкімшілік
                құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған
                мүлікті тәркілеу туралы қаулыны орындау

      1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған нәрсені, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлікті, оның ішінде кірістерді (дивидендтерді), ақша мен бағалы қағаздарды тәркілеу туралы қаулысын заңнамада көзделген тәртіппен – сот орындаушысы, ал қаруды, оқ-дәрiлерді, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын және есірткі заттарын тәркілеу туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркіленген нәрсені өткізу немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргiзiледi.

      900-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын


                органдар

      1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.


      2. Тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
      3. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
      4. Радиоэлектрондық және жоғары жиiлiктi құралдарды пайдалану құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын байланысқа мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
      5. Аң аулау құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
      6. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы соттың қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.

      901-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау


                тәртiбi

      1. Көлiк құралдарын, кемелердi немесе техниканың өзге де түрлерiн басқару құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) және басқа да техниканың барлық түрлерiн басқару құқығынан айырылған болса, тиiстi жүргiзушi куәлiгiн, кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қою арқылы жүргiзiледi.


      2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң немесе өзге де техниканың барлық түрлерiн басқару құқығынан айырылмаған болса, онда жүргiзушi куәлiгiнде, шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiнде олардың көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн құрылғылардың қандай түрлерiн басқару құқығынан айырылғаны туралы атап көрсетіледі.
      3. Көлiк құралдарын немесе кемені басқару құқығына куәлiктi алып қою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      4. Көлiк құралдарын, кеменi басқару құқығынан не тракторды немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинаны басқару құқығынан айырылған жүргiзушi (кеме жүргiзушiсi) немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргiзушi куәлiгiн, кеме басқару құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн тапсырудан жалтарған жағдайда, iшкi iстер органдары, кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiн, кеме басқару құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қоюды жүргізеді.
      5. Әкiмшiлiк жазаның осы түрi қолданылған адамға арнайы құқығынан айыру мерзiмi өткеннен кейiн алып қойылған құжаттары белгiленген тәртiппен қайтарылады.

      902-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау


                тәртiбi

      1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау аңшылық билеттi алып қою арқылы жүргізіледі.


      2. Аң аулау құқығынан айырылған тұлға аңшылық билетiн тапсырудан жалтарған жағдайда, аңшылық билетті алып қоюды аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргізеді.

      903-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары


                жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру
                туралы қаулыны орындау тәртiбi

      1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнайы рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.


      2. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған тұлға радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнайы рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнайы рұқсатты алып қоюды белгiленген тәртiппен жүргізеді. 
      3. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнайы рұқсатты алып қою тәртiбiн ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      904-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру


                туралы қаулыны орындау тәртiбi

      Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау iшкi iстер органдарының тиiстi куәлiкті және қаруды заңнамада көзделген тәртiппен алып қоюы арқылы жүргізіледі.

      905-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
                туралы қаулыны орындау

      Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамада белгiленген тәртiппен орындалады.

      906-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
                туралы қаулыны орындайтын органдар

      Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны рұқсат берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.

      907-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
                туралы қаулыны орындау тәртiбi

      1. Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру туралы қаулыны орындау рұқсатты алып қою және (немесе) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен рұқсатты алып тастау арқылы жүргізіледі.


      2. Жеке тұлға, дара кәсiпкер немесе заңды тұлға рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, рұқсат берген орган – рұқсатты алып қою және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен рұқсатты алып тастау үшін заңнамада көзделген шараларды қолданады.

      908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру


                мерзiмдерiн есептеу

      1. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі рұқсаттан айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.


      2. Белгiлi бiр қызмет түрiне рұқсаттан айыру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы шарасы қолданылған тұлға лицензияны заңнамада белгiленген тәртiппен алады.
      Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы шарасы қолданылған тұлғаға алынып қойылған рұқсат белгiленген тәртiппен қайтарылады.
      3. Рұқсаттың қолданылуы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген күннен бастап және сонда көрсетiлген мерзiмге тоқтатыла тұрады.

      909-бап. Қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы


                қаулыны орындау

      1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және шешiм заңды күшiне енгеннен кейін заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе дара кәсiпкер дереу орындауға тиiс.


      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың еңбегіне ақы мен өтемақы төлеу, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, айыппұлдарды төлеу бойынша төлемдерді қоспағанда, заңды тұлғаның және дара кәсiпкердiң қызметi тоқтатыла тұрған кезеңде олардың банк шоттарындағы ақшаларын пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрған кезеңде оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткiзуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмі iшiнде қоғамдық бiрлестiк бұзушылықты жойса, онда қаулыда көрсетілген мерзiм өткеннен кейiн қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды.
      3. Заңды тұлға құрылтайшысы (басқарушы орган, лауазымды адам) немесе дара кәсiпкер олардың қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiндегi судья қолданған әкiмшiлiк жазаны өз еркiмен орындамаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен орындайды.

      910-бап. Қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы


                қаулыны орындау тәртiбi

      1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұрады, ғимараттарды, құрылыстарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.


      2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне тыйым салу (тарату) туралы шешiмдi ала отырып, заңнамада көзделген қызметке тыйым салу (тарату) тәртiбiнiң сақталуын тексередi және он тәулік iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғанын тiркейді, бұл жөнінде мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға хабарланады.

      911-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау

      1. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы соттың қаулысын өзiне қатысты осы әкiмшiлiк жаза шығарылған тұлға орындайды.
      2. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрiнде сот қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен орындайды.

      912-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау


                бойынша шығыстар

      Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау құқық бұзушының есебiнен жүзеге асырылады.

      913-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау

      1. Судьяның қамаққа алу туралы қаулысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары және әскери полиция органдары орындайды.


      2. Әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлғалар iшкi iстер органдары айқындайтын орындарда күзетпен ұсталады. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау кезiнде қамаққа алынғандардың жеке басы жете тексеріледі.
      Әскери қызметшiлер әкiмшiлiк қамаққа алуды гауптвахталарда өтейдi.
      3. Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қағидалар бойынша жүргізіледі.

      914-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеуден жалтару


                салдары

      Егер әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлға әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмi өткенге дейiн оны өтейтiн орынды өз бетiмен тастап кетсе, өтеген мерзімі судьяның қаулысымен әкімшілік қамаққа алу мерзiмiне толық немесе iшiнара есептелмеуi мүмкiн. Бұл ретте судья әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеу мерзiмiнiң басталуын жаңадан белгiлейдi.

      915-бап. Мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде қаулыны орындау

      Осы Кодекстiң 59-бабына сәйкес өндiрiп алуға жататын мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңнамада белгiленген тәртiппен орындалады.

      916-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды
                Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен
                шығарып жiберу туралы қаулыны орындау

      1. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасала отырып, өздігінен кетуi арқылы жүргiзiледi.


      Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін заңсыз көшіп келушілер, көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, осы адамдарды жеткізген көлік ұйымы келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін жауапты болып табылады.
      2. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам сот шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жатады.
      3. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекеттің өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмесе, шығарып жiберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.
      4. Егер шығарып жiберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделсе, шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пунктінен шығарып жiберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекеттiң билігi хабардар етiледi.
      5. Әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау екiжақты немесе бiржақты акт түрiнде ресiмделедi.

      917-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды


                Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен
                шығарып жiберу туралы қаулыны орындауды жүзеге
                асыратын органдар

      Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны:


      1) осы Кодекстiң 513 (екiншi бөлiгi), 514 (екінші бөлігі), 516 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, алтыншы, жетінші бөліктері)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;
      2) осы Кодекстiң 109449 (үшінші бөлігі), 490 (үшінші, жетінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші бөліктері)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.
      Ескерту. 917-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      918-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы


                қаулыны орындау

      Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны заңнамада белгiленген тәртiппен ішкi iстер органдары орындайды.

53-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      РҚАО-ның ескертпесі!


      919-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      919-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі

      Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) шығарған және орындалмаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар, заң әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзгеше жолмен жақсартатын жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңның кері күшін белгілейтін осы Кодекстің 5-бабынаоларды сәйкес келтіру мақсатында қайта қаралуға жатады. Бұрын шығарылған қаулыларды қайта қарауды өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның арызы бойынша қаулы шығарған сот судьясы, органның лауазымды адамы жүргізеді.

      920-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі



      1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы Кодекс, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 281-баптың бесiншi бөлiгiнiң 8) тармақшасын және 282-баптың үшінші бөлігінің 6) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Ескерту. 920-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының


      Президенті                               Н.Назарбаев

Базаның жай-күйі



  • Барлық құжат: 176217

  • Қазақ тілінде: 89143

  • Орыс тілінде: 86761

  • Ағылшын тілінде: 304

  • Жаңартылған күні: 17.11.2015

  • 11.11.2015 күннің жағдайына құжаттар

Қолдау қызметі

  • Email: support@rkao.kz

  • Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30 
    (Астана уақыты бойынша)


  • Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

  • Пайдаланушылық келiciм

  • Кері байланыс

Құқықтық ақпараттық қызметі

  • Қалалық телефондардан тегін қоңырау 
    119 Қазақстан бойынша 
    58-00-58 Астана, Алматы қ. үшін

Соңғы құжаттар rss

  • "Қоңырөзек ауылдық округінің Қоңырөзек ауылы Амангелді көшесі бойынша шектеу шараларын енгізілуімен ветеринарлық режимді бекіту туралы" 2015 жылдың 23 қаңтардағы № 1 Қоңырөзек ауылдық округі әкімінің шешімі күші жойылды деп тану туралы

  • Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ қала құрылысын регламенттеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 01-04-03/47 НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

  • Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы “Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы” № 1-09/03 шешімінің күшін жою туралы

  • Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы "1994 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" № 42 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

  • Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/208 "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

барлық соңғы құжаттар

Кеңінен таралған құжаттар



  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

  • Мемлекеттік сатып алу туралы

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

  • Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет