Педконсилиум параметрлерi бойынша оқушылардың нақтылы оқу мүмкiндiктерiнiң сипаттамасы қандай? берiлген сабақты жоспарлауда оқушылардың қандай ерекшелiктерi ескерiлген?
Берiлген сабақтың курстағы, бөлiмдегi және тақырыптағы орны қандай? Өткен курстармен, бөлiмдермен, тақырыптармен қалай байланысқан? Бұл сабақ алдыңғы сабақтың тақырыбында, бөлiмiнде қалай “iстейдi”? Сабақтың ерекшелiгi қандай?
Сабақта: а) жалпыбiлiмдiлiк, б) тәрбиелiк, в) дамытушылық мiндеттерi шешiлдi ме? Өзара байланыстылық қамтамасыз етiлген бе? Қандай мiндеттер негiзгi не жалғасушы болып табылады? Сынып оқушыларының ерекшелiгi және әрбiр оқушының қабылдау деңгейi мiндеттердi шешуде ескерiлген бе?
Сабақтың құрылымын таңдауда мiндеттердiң тиiмдi шешiмi таңдалынған ба? Сұрау, жаңа материалдарды түсiндiру, үй тапсырмаларын бекiту және т.б. құрылымдар сабақта тиiмдi түрде бөлiнген бе? Сабақтың барлық кезеңдерiндегi уақыттар тиiмдi бөлiнген бе? Сабақ кезеңдерiндегi өзара байланыста логикалық жүйе сақталған ба?
Сабақтағы негiзгi ынта қандай мазмұнда (қандай ұғымдарда, идеяларда, ережелерде, фактiлерде) жасалынған және неге екенiн түсiндiр? Ең маңыздысы таңдап алынған ба?
Жаңа материалдарды ашуда оқытудың қандай бiрлiгi таңдап алынған? Оқыту әдiстерiн таңдау негiздемесiн бер.
Жаңа материалды ашуда оқытудың қандай формасы таңдап алынған және неге екенiн түсiндiр? Оқушыларға сараланған тәсiлдi қолдану тиiмдi ме? Ол қалай жүзеге асырылады (неге?).
Оқушылардың бiлiмiн, бiлiктiлiгiн және дағдысын бақылау қалай ұйымдастырылған? Қандай форма мен әдiстерде жүзеге асырылған? Неге?
Сабақта оқу кабинетi қалай және қандай оқыту құралдары қолданылған? Неге?
Сабақта жақсы психологиялық жағдай мен қарым-қатынас ненiң есебiнен жүзеге асырылды? Мұғалiм тұлғасы тәрбиелiк ықпалға қалай әсер еттi?
Сабақ барысында оқушылардың жұмыс жасау қабiлеттiлiгi ненiң есебiнен жоғары болды?
Сабақта және оқушыларға үйге тапсырма беруде уақыттың тиiмдi пайдаланылуына қандай әсерлер болды? Оқушылардың шаршағандығы ескертiлдi ме?
Жоспарланған әдiстерден басқа қосымша әдiстер қолданылды ма?
Барлық қойылған мiндеттер толығымен жүзеге асты ма? Ал егер толықтай жоспарланған мiндеттер iске аспаса, онда қандай шара қолданар едiңiз?
Информатика сабағына қатысудың мақсаттары:
Бiлiмдiлiк:
мұғалiм жұмысының тәжiрибесiмен танысу;
сабақта өткiзу барысында мұғалiмнiң жаңа педагогикалық технология элементтерiн пайдалана бiлуi;
берiлген сыныпта (мектепте) Информатика сабағын өткiзудiң ерекшелiгiмен танысу (курс бағдарламасы, оқулықтар, оқыту құралдары, дидактикалық материалдар және т.б.)
Дамытушылық:
педагогикалық iс-әрекетi мен оның нәтижелерiне талдау жасау қабiлеттерiн дамыту;
информатиканы оқытуда дидактикалық принциптердi пайдалана бiлу дағдыларын дамыту;
түрлi пәндердi оқыту әдiстерiн информатика сабағының ерекшелiгiн ескере отырып, пайдалана бiлу дағдыларын дамыту;
мұғалiмнiң педагогикалық әдiстер мен тәсiлдердi таңдап, бағалап және ұтымды түрде қолдана бiлуiнiң дағдыларының дамуы.
Тәрбиелiк:
Достарыңызбен бөлісу: |