Ќазаќстан Ресубликасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет5/13
Дата23.02.2024
өлшемі198.14 Kb.
#493031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
stud.kz-67926

Қазiргi сабақ құрылымы





№№
      1. Кезеңдер атауы

      1. Кезең мiндеттерi


Кезеңдегi әрекет мазмұны

Кезеңдегi әрекет нәтижесi

Кезеңдегi бақылау формасы

1

Ұйымдастырушылық

Оқушының сабаққа дайындығы
Журнал толтыру.
Сабақ тақырыбын хабарлау.

Өзара амандасу.
Шығармашылық есептер шығару.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, мiндеттерi, әрекет мазмұнымен таныстыру.
Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар тарату.
Ойын жаттығулары арқылы оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттыру.

Оқушының зейiнiн шоғырландыру.
Белсендi шығармашылық жұмысқа дайындау.

Ауызша сұрау.

2
          1. Тексеру

Өткен тақырыпты қайталау.
Оқушылардың логикалық және дерексiз ойлау бiлiктерiн дамыту. Оларды неғұрлым қиын тапсырмаларды орындауға дайындау.
Оқушылардың алдыңғы сабақты меңгеруiн тексеру.
Алдыңғы сабақта жiберiлген қателердi түзеу.

Түрлi қиындықтағы логикалық тапсырмаларды орындауға дайындықтарын тексеру: анаграмма шешу, диктант. Осы кезеңнiң қорытындысын шығару.
Тапсырманы тез және қатесiз орындағанды мадақтау.

Тақырып бойынша бiлiмдерiн бекiту. Логикалық және дерексiз ойлау бiлiктерiн бекiту.

Ауызша сұрау. Өзара тексеру. Өзiн-өзi тексеру – шығармашылық тапсырма-ларды орындау.

3
          1. Дайындық

Жаңа материалды түсiндiру. Оқушылардың халық шығармашылығын зерттеуге қызығушылығын, туған өлкесiне сүйiспеншiлiгiн және шығармашылықпен жұмыс iстеуге ұмтылысын ояту.

Ою-өрнектердiң түрi, қызметi мен пайдалануы туралы және оларды компьютер арқылы DRAW операторының көмегiмен орындау туралы ақпарат.
DRAW операторының түрлi командаларын орындау бойынша оқушылардың практикалық
жұмысы. Мiндеттi және шығармашылық тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың танымдық әрекеттерiн дамыту. Жағымды психологиялық эмоциональдық ахуал туғызу. Оқушылардың графикалық операторлар жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру.

Ауызша сұрау. Бақылау. Кеңес беру.

4
          1. Негiзгi

Арнаулы компьютерде тапсырмаларды орындау.

Өткен теориялық материал бойынша ауызша сұрау. Компьютерде практикалық дағдыларды бекiту бойынша жұмыс. Әрбiр оқушы:

  • жеке ырғақпен жұмыс iстейдi.

  • өз қабiлетi мен мүмкiндiктерiне сәйкес тапсырмаларды орындайды;

  • шығармашылық тапсырмалар жазылған карточкаларды толтырады;

  • программамен жұмыс iстеуде “орындалған программаны бағалау өлшемдерiн” басшылыққа алады.

Оқушылардың материалдың мәндi, басты бөлiктерiн айқындау бiлiгiн дамыту. Өткен материалды бекiту, оны саналы меңгеру. Оқушының шығармашылық қиялын, қабыл- дауын, логика-лық ойлауын дамыту. Жағымды бәсекелестiк және ұжымшыл-дық сезiмдерiн тәрбиелеу. Сөйлеу мәдени-етiн жетiлдiру, шығармашылық өзiндiк жұмысқа ынтасын тудыру.

Әр оқушымен жеке жұмыс.
Өзiндiк бақылау – шығарма-шылық тапсырма жазылған карточканы толтыру. Оны талдау.

5
            1. Рефлек-сивтiк

Оқушылардың тапсырманы сапасы мен деңгейiн талдау. Қатемен жұмыс.

Сапалы орындалған жұмысты ұжым болып бағалау. Ою-өрнек құрастыру бойынша алған дағдыларының пайдасы туралы оқушылардың қорытынды тұжырымы. Жiберiлген қателердi түзеу.

Оқушылардың:

  • өз мүмкiндiктерiн шынайы бағалау;

  • ұжымдық нәтиженi қорыту;

  • кемшiлiктер мен оны түзеу жолдарын бiлiктерiн дамыту.

Ауызша сұрау

6
          1. Қорытынды

Сабақты қорытындылау.

Орындалған тапсырмалар деңгейiн тiркей отырып, сабақты қорыту. Орындалған жұмысты демонстрациялау және талдау. Топтың жұмысын бағалау. Сабақ тақырыбы мен оқушылардың тұжырымының әрекет мазмұнына сәйкестiгiн ескерту. Ойын жаттығулары арқылы эмоциональдық ахуалды қалыпқа келтiру.

Оқушылар бойында туған өлке мәдениетiне ортақтасу және өз халқын мақтан ету, елжандылық сезiмдерiн тәрбиелеу. Оқушылардың өз шығармашылық мүмкiндiктерi мен деңгейiн сезiнуi. Оқушылардың түзу кесiндiнi пайдалану мүмкiндiктерi туралы бiлiмдерiн кеңейту.

Ауызша сұрау. Жұмыс нәтиже-сiн демонстрациялау.

7
        1. Ақпараттық


Үйге тапсырма беру. Келесi сабақтың тақырыбын хабарлау.

Үй тапсырмасын хабарлау. Келесi сабақ тақырыбын хабарлау. Келесi сабаққа жаңа материалды оқушылардың игеруiн талдау және бағалауға арналған шығармашылық тапсырмалар жазылған карточкалар дайындау, жинау. Үйде арнаулы компьютерде жұмыс iстеу барысындағы техникалық қауiпсiздiктi сақтау туралы ақпарат. Жұмысты аяқтау.

Оқушыларды DRAW операторының командаларын әрi қарай оқып үйренуге бағыттау. Үйде арнаулы компьютерде жұмыс iстегенде техника қауiпсiздiгiн сақтау.




Информатика сабағын талдау




Информатика пәнiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып, оның сабағын талдаудың бөлiмдерiн ұсынамыз:
Әрбiр сабақтың алдында мұғалiм мына нәрселерге ерекше назар аудару керек:

  • әрбiр оқушы компьютерiнiң техникалық жағдайын;

  • қолданбалы программалық құралдардың жұмыс жасау қабiлеттiлiгi мен дайындығы.

  1. Сабақтың ғылыми-теориялық деңгейi:

    1. Ақпараттық әлем бейнесiн қалыптастырудағы информатиканың ролi мен орны.

  2. Сабақтың бiлiмдiк, дамытушылық және тәрбиелiк мiндеттерiнiң мазмұнды анықтаудағы толымдылығы мен дұрыстылығы, атап айтқанда: оқушыларды ақпаратты беру, түрлендiру және қолдану туралы бiлiмдермен қаруландыру; оқушыларды компьютерлiк технологияны өзiн-өзi дамытуға еркiн, әрi тиiмдi пайдалана бiлу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Оқу материалдарының мазмұнын информатикадан бiлiм стандартына сәйкес анықтау және оны оқыту әдiстерiн таңдау.

  4. Мектеп оқушыларының танымдық қабiлетiн дамытуды қамтамасыз ететiн әдiс-тәсiлдер:

  • оқу мақсатын қоя бiлуi;

  • танымдық мiндеттер жүйесi;

  • оқушыларға проблемалық сұрақтар қою және оның дұрыстығын тексеру. Оқушылар жауаптарының дұрыстығын негiздеу.

Аталған әдiс-тәсiлдерден оқушылардың компьютердi пайдалану арқылы ұжымдық және өзiндiк жұмыстарының арасындағы қатынас айқындалады.
5. Сабақта түрлi бiлiм көздерiн пайдаланған тиiмдi, атап айтқанда: мектептiк дәрiс, түсiндiру, әңгiмелесу, үйрету және бақылау сияқты программалық құралдарды, электрондық оқулықтарды қолдану, оқулықтар, компьютерлiк технология курсы бойынша қосымша материалдар және т.б.

  1. Сабақтың көкейтестiлiгi. Басқа мектеп пәндерiне компьютердi пайдалану және ақпараттық қоғам жағдайына оларды дайындау.

  2. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, компьютердi оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастыруға пайдалану:

  • оқушыларға ұсынылған өзiндiк жұмыстардың мөлшерi мен сипатының бiлiмдiк және дамытушылық сипатына талдау;

  • компьютерде оқушылардың өзiндiк iс-әрекетiнiң түрлерi мен тiзбектiлiгi.

  1. Мұғалiмнiң қосымша бiлiм көздерiн пайдалану арқылы оқушылардың өзiндiк және танымдық белсендiлiгiн дамытудың әдiс-тәсiлдерiн таңдауы.

  2. Оқытудың компьютерлiк технологиясын қолдану арқылы керi байланысты алудың әдiстемесi, яғни компьютерде өзiндiк жұмыстардың орындалуы және оны талдау (мұғалiм-оқушы-компьютер-оқушы; оқушы-компьютер-мұғалiм-оқушы-мұғалiм).

7-Дәріс. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары. (2 сағат).



    • Бастауыш сыныпта жаңа ақпараттық технологияның қолданылуы;

    • Педагогикалық технологияларға сипаттама;

    • Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;

    • Модульдiк оқыту технологиясы;



Бастауыш сыныпта жаңа ақпараттық технологияның қолданылуы
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
ХХІ-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдар білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақапараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық және инструментальды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т.б.) құрал.
Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай алады: компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және есептерді шығаруда) және бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу). Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру – педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.
Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сатысында маңызды. Себебі, балалық шақ – адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес, сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.
Бастауыш мектеп кезеңі үздіксіз білім алу жүйесінің құрамды бөлігі, ол адамның жеке басының дамуының бастапқы кезеңі болып табылады. Баланың өзіне тән балалық іс-әрекетінің меңгеруі барысында оның жеке басының себеп-салдарлық құрылысы қалыптасады. Іс-әрекетінің тәжірибесін жалпылау жүреді, қоршаған орта туралы динамикалық дамуы жинақталады. Бұның барлығы өзінің әрекетінде мақсатқа жету шартында баланың бағытына көмек жасайды. Іс-әрекет «адам – құрал – мақсат» жүйесінде көрінеді. Ал баланың танымдық іс-әрекетінің құралы ретінде компьютерді алатын болсақ, іс-әрекет жүйесі «адам (бала) – компьютер – мақсат» түрінде болады. Мұнда мақсат – іс-әрекетті анықтайтын әлемнің жалпыланған ішкі (психикалық) бейнесі, яғни оның мазмұнын бере алатын қандай да бір қасиет.
Компьютер адам іс-әрекеттерінің құралы қатарында негізінде жаңа әмбебап ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызметаймағында қолданылады. Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында ризашылығын көрсетеді, тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды.
Компьютерді оқу процесінде пайдаланудың мынадай жетістіктерін атауға болады:
1. оқушылардың жеке дара жұмыс жасауын ұйымдастыруда. Ол үшін әрбір оқушының өзіне тән ерекшеліктерін «ойлауын, қабылдауын, жұмыс жасау жылдамдығын) ескере отырып жекелеме тапесырмалар құруға болады;
2. Денсаулығынан кемшілік бар балалар үшін ( нашар еститін, көретін, сөйлейтін) оқытудың тиімділігін арттыруға болады;
3. оқушыда еркіндік позициясы орын алады, яғни оқушының жұрт алдындағы жасқаншақтық әдеті ескеріледі;
4. Оқушының жауапкершілігін арттырады, себебі, компьютердегі әр тапсырма өзіне ғана арналғандығын сезінеді;
5. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады.
Бала бастауыш мектеп сатысынан-ақ жаңа ақпаратты технологияны меңгеруіне болады. Ол үшін оның қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданыла бастаса, яғни күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде, ойын барысында, күшті еңбек кезінде, конструктірлеу және тағы басқа өнімді шығармашылық жұмыстарында. Бұлар өз кезегінде ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасауды талап етеді және ол баланың іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі керек.

Информатиканың оқыту сапасын арттыруда педагогикалық технологияларды қолданудың әдiстемелiкнегiздерi


Педагогикалық технологияларға сипаттама

“Технология” сөзi грек тiлiнен аударғанда “өнер, шеберлiк+iлiм” деген мағынаны бiлдiредi. Бұл термин әдетте өндiрiстiк үрдiстi сипаттауда кеңiнен қолданылып келдi. Ал педагогика ғылымы тұрғысынан қарастырғанда “шеберлiк пен iлiм қосындысын” бiлдiредi.


Смыковская Т.К., Руденколардың пiкiрiнше: “Әдiстеме тек бiр ғана оқыту үрдiсiне көңiл бөлсе, ал технология бiр мезетте оқу және оқыту үрдiсiмен қатар жұмыс iстейдi. Және технология алға қойылған мақсаттың нақты соңғы нәтижесiне кепiлдiк бередi”.
Технология - қандай да бiр әрекетте, шеберлiкте, өнерде қолданылатын тәсiлдер жиынтығы.
Беспалько В.П. педагогикалық технологияға мынадай анықтама бередi: “Практикада iске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба”. Мұнда ғалым педагогикалық жүйенi тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететiн арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бiр-бiрiмен өзара байланысты әдiс-тәсiлдер жиынтығы ретiнде қарастырады.
Ал, белгiлi педагог-ғалым В.М.Монахов педагогикалық технологияға былайша түсiнiк бередi: “Педагогикалық технология дегенiмiз – оқыту үрдiсiн жобалау, ұйымдастыру мен жүргiзудiң ойластырылған моделi”.
Белгiлi ғалым Г.Селевконың педагогикалық технологияларды топтастырып, оларды топтарға жiктеп, көрсетуi педагогикалық технологияның мағынасын жан-жақты түсiнуге мүмкiндiк бередi.
Оқыту процесiне қолданылатын педагогикалық технологиялар мемлекеттiк бiлiм стандарытна сай нәтижелi оқу кепiлдiгiн берiп, нәтижесi тиiмдi, экономикалық тұрғыдан шығыны аз болуы керек.
5-бөлiм. Модельдеу және формальдау.
Модельдеу. Формальдау. Материалдық және ақпараттық модель. Ақпараттық модельдеу.
Ақпараттық модельдер типтерi (кестелiк, иерархиялық, желiлiк). Түрлi салаларды ақпараттық модельдеуге компьютердi пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет