Ќазаќстан Ресубликасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет12/22
Дата17.02.2024
өлшемі260.08 Kb.
#492213
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
stud.kz-67926

Кiрiспе бөлiмi


(модульге, тақырыпқа енгiзу)


    1. Сөйлесу бөлiмi


(оқушының танымдық қызметiн өзара сөйлесу негiзiндеұйымдастыру)


Қорытынды бөлiм
(бақылау)


Информатика пәнiне модульдеп оқыту технологиясының тиiмдiлiгi.

Мұғалiмнiң оқу процесiн құрудағы қызметi:



  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

  2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы /блогы/ немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгiмен /модульмен/ таныстыру.

  3. Мұғалiмнiң оқу материалын қысқаша баяндауы /сызбалар,сұлбалар, кестелер және т.б./

  4. Өзара сөйлесу негiзiнде оқушылардың танымдық қызметiн ұйымдастыру және әрбiр оқушының қызмет нәтижесiн әр сабақта бағалап отыру.

  5. Жалпы тақырапқа,тарауға /“өсу“ бағытымен/ 4-7 рет қайта оралу негiзiнде оқу материалын оқып-үйрену.

  6. Тұтас тақырып бойынша тестiлеу.

  7. Тақырып бойынша қалыпты немесе “релелiк“ сынақ /диктант, бақылау жұмысы және т.б./ жүргiзу.

3. В.М. Монаховтың "Педагогикалық оқыту технологиясы"


В.М. Монахов өзiнiң технологиясы жайлы пiкiрi:
"Менiң соңғы он жылда жасап шыққан технологиям барлық тетiктерi ойластырылған жобалау, мұғалiммен оқушы үшiн тиiмдi жағдайды мүлтiксiз қамтамасыз ету арқылы сабақ үрдiсiн ұйымдастырып өткiзудiң бiрлескен педагогикалық қызмет моделi болып табылады".
Бұл технологияның мәнi оқу үрдiсiн жан-жақты жобалаудан тұрады.
Осы күнге дейiн қолданып жүрген технологиялардан мұның айырмашылығы, оның ғылыми–зерттеу жұмысына мұғалiмдердi белсендi түрде қатыстыруы болып табылады. Олар оқу жоспарының жобасын, тақырыптық технологиялық картасымен сабақтың ақпараттық картасын, өз пәнi бойынша даму бағдарламасын жасау жасау барысында соавтор болады.
Мұғалiм технологиясын игере отырып, инновациялық қызметке, сапалы түрде бiлiмдiлiк үрдiсiне сапалы түрде қатысушы гимназистердiде тартады.
Соның нәтижесiнде оқушылар өздерiнiң даму және оқу траекториясын сапалы түрде таңдап алады. Технологиялык карта-бұл оқу жобасының формальды көрiнiсi. Ол мұғалiм-оқушы, мұғалім-ата-ана, оқушы-ата-ана арасындағы байланыстың тиiмдiлiгiн нығайтады.
Гимназист нақты технологиялық картасын зерттей отырып алдын ала мұғалiм ненi сұрайтынын қай жауап 5-ке, ал қай жауап 3-ке бағаланатынын бiлiп отыратын болады.
Технологиялық карта әр тақырыпка жасалады. Оны барлық пәндерде қолдануға болады және ол 5 бөлiктен тұрады.


Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербаргттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процесін маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Модульдік оқыту технологиясының оқу циклі үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
8-Дәріс. Компьютер және оны оқыту әдістемесі және теориясы. (2 сағат).

  • Есептеуіш техникасының даму тарихы;

  • Электронды есептегіш машинаның құрылымы;

  • Windows операциялық жүйесі және оның негізгі элементтері;



Есептеуіш техникасының даму тарихы.
ЕТ даму тарихын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Қол – б.э. дейінгі елуінші мыңжылдықтан бастап;

  2. Механикалық – ХVІІ ғасырдың ортасынан бастап;

  3. Электромеханикалық - ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап;

  4. Электрондық – ХХ ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап.

Механикалық құралдардың даму кезеңі:


1. Механикалық есептеу принциптерін қолданатын құрылғылары мен аспаптарын жасау. 1623 жыл – 6 разрядты сандар мен арифметикалық амалдар орындауға арналған Шикардтың алғашқы машинасы. Ол көбейтетін, қосатын, сандарды жадтың тәуелсіз құрылғылардан тұратын.
2. 1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан он разрядты сандармен арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын машина.
3. 1673 ж. Г.В. Лейбниц алғашқы арифмометрді құрастырды. Арифмометрлер кең тарады және бірнеше рет жетілдірілді. Оған мысал: Томас арифмометрі (томас-машина), Болле машинасы, Орднер арифмометрі т.б. арифмометр пайда болуымен байланысты есепші мамандығы пайда болды. 1969 ж ССРО-да арифмометрді шығару ең жоғары деңгейге жетті (300 мың арифмометр). ХХ ғасырдың 70-ші жылдары арифмометрді элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.
4. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш (аналитикалық) машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаны қолдануы керек еді. Бэббидж бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.


Электр механикалық құралдарының даму кезеңі:

  1. 1887 жылы Г.Холлерит, У.Бэббидж бен Г.Джоккардтың идеяларын қолданып, алғашқы есептеуіш-аналитикалық кешенін құрды. Бұл құрал АҚШ-та (1890), Ресейде (1897), Канадада (1897) халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.

  2. 1941 жылы Конрад Цузе бағдарламалық басқаруы мен жадтайтын құрылғысы бар алдыңғыларға ұқсас машина жасап шығарды.

  3. 1944 жылы Айкен ІВМ фирмасының кәсіпорнында Бэббидж жұмыстарының көмегімен электромеханикалық реледегі «МАРК-1» аналитикалық машинасын құрастырды. Бұл машинаның есептеу жылдамдығы электр жетегі бар арифмометрден 100 есе тез болды. Бұл машинаның бірнеше жетілдірілген түрлері шығарылды.

  4. 1957 жылы ССРО-да (РВМ-1) релелік есептеуіш машина жасалды. Бұл релелік ЕТ-тің ең ірі және соңғы жобасы болды. Осы кезеңде мехзникаландырылған санау кәсіпорны болып табылатын есептеуіш-машина стансалары құрыла бастады.

Электрондық құралдардың дамуы кезеңі.

  1. 1943-45ж. АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ электрондық шамдардың негізіндегі ең алғашқы ENIAC ЭЕМ-ін құрастырды. Бұл әр түрлі мәселелерді шешетін әмбебап машина еді. Бұл ЭЕМ «МФРК-1» машинасынан өнімділігі бойынша 1000 есе артық және одан екі есе үлкен (салмағы 30т) болды. ENIAC машинасында 18000 электрондық шамдар, 150 реле, 70000 резистор, 10000 конденсатор болды. Ол 140 квт қуат пайдаланды. Бірақ оның жад құрылғысы жоқ, және бағдарламаларды беру үшін сымдары нақты бір түрде жалғастырып отыру керек болды.

  2. 1945 жылы Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинаның жалпы принциптерін ойлап тапты. Ол қазіргі кезге дейін ДК-де қолданылады. Осы принциптер бойынша компьютерде мыналар болуы керек:

  • арифметикалы-логикалық құрылғы, арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды;

  • жадтайтын құрылғы немесе бағдарламалар мен деректертерді сақтайтын жад;

  • басқару құрылғысы, ол бағдарламаларды орындау процесін ұйымдастырады.

  • Ақпарат енгізу-шығару сыртқы құрылғысы.



Алдымен белгілі бір сыртқы құрылғының көмегімен компьютердің жадына бағдарлама енгізіледі. Басқару құрылғысы жадтан бағдарламаның бірінші командасын тауып оқиды және оның орындалуын ұйымдастырады. Бірінші команданы орындағаннан кейін, басқару құрылғысы келесі командаларды оқиды және т.с.с.
ЭЕМ-нің бірінші буыны (1949-1958жж.).

  1. 1949ж. Морис Уилкс (Англия) алғашқы EDVAC компьютерін жасады. Бұл жадында сақталған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ цифрлық электрондық есептеуіш әмбебап машиналарының алғашқы буындарына жол салды.

  2. ХХ-ғасырдың 40-50 жылдары ЭЕМ өте үлкен және қарапайым болды. Элементтік база ретінде электрондық шамдар мен реле қолданылды: жедел (оперативтік) жад триггерлерде, кейін ферриттік жүрекшелерде; шапшаңдығы – секундына 5-30 мың арифметикалық амалдар болды. Мұндай ЭЕМ-дер үшін бағдарламалар машиналық кодтарда жүргізілді, кейінірек автокодтар мен ассемблер пайда болды. Бұл ЭЕМ ғылыми-техникалық есептеулер жүргізу үшін қолданылады. Осы типті машиналарға EDSAC, ENIAC, UNIVAC, БЭСМ, Урал жатады.

ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1963жж.).

  1. 1948 жылы транзистор ойлап табылды және 50-ші жылдардың екінші жартысында транзисторлы ЭЕМ-дер пайда болды.

  2. 1959 жылы – АҚШ-та екінші буынның RCA-501 ЭЕМ-і құрылды.

  3. 1960 жылы – IBM 7090 LARC

  4. 1961жылы - Stretsh

  5. 1962 жылы – ATLAS

  6. Ал ССРО-да 2-ші буынның ЭЕМ-дері: РАЗДАН, НАИРИ, МИР, МИНСК, Урал-11, М-220, БЭСМ-4, М-4000 сияқты машиналар шығарылады.

2-ші буынның ЭЕМ-і транзисторлы (жартылай өткізгіштер) элементтік базасымен, өте кішкене ферриттік жүзекшелері бар жедел жадымен 512 Кбайт көлемімен секундына 3000000 амал өнімділігімен сипатталады. Олар функционал операциялар (бөлінген уақыт режимі) мен мульти-бағдарламалар режімін біріктіруді, яғни орталық процессор мен енгізу-шығару арналарының қатар жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өлшемі бойынша ЭЕМ-дер кіші, орта, үлкен және арнайы түрлерге бөлінеді.
ЭЕМ-нің жетілдіруімен қатар бағдарламалық жабдықтамалар дамыды, алгоритмдік бағдарламалау тілдері, АБЖ, диспечерлер пайда болды.
ЭЕМ-нің үшінші буыны (1964-1976жж.).
1.1958ж. – Джек Килби бірнеше транзисторларды бір пластинаға қалай орналастыру керек екенін ойлап тапты.
2.1959ж. – Роберт Нойд ең алғашқы чиптерді (интегралдық схемаларды) құрастырды.
3.Үшінші буынның алғашқы ЭЕМ-і деп ІВМ/360 модельдерінің сериясын (1964ж. АҚШ) санауға болады.
4.ЭЕМ-нің үшінші буынында РДР-8 (бірінші мини-компьютер, ол 1965ж. құрылды және құны 20 мың доллар болды). РДР-11, В-3500, ЕС-ЭЕМ сериясы жатқызуға болады, ЭЕМ-нің үшінші буыны интегралдық схемалы (ИС) және жартылай үлкен схемалы (ҮС) жартылай өткізгіш интегралдық схемадағы жедел жад құрылғысымен, 16 Мб көлемімен, секундына 30 млн. Операция өнімділікпен сипатталады. Өлшемі бойынша ЭЕМ үлкен, орташа, мини және микро болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұл буынның типтік модельдері – ЕС-ЭЕМ, СМ-ЭЕМ, ІВМ/360, РДР, VAX.
ЭЕМ-нің үшінші буынына тән ерекшелік – бұл операциялық жүйесінің болуы, мульти-бағдарламалау мен ресурстарды (шалғай құрылғыларды), ЭЕМ-нің өзінің аппараттық бөлігін немесе тікелей операциялық жүйені басқару мүмкіндігінің пайда болуы. ЭЕМ-дегі бағдарламалық жабдықтама ОЖ, ҚБӨ, ДББЖ, АБЖ, жоғары дәрежелі алгоритмдік тілдердің (ПЛ-1, АЛГОЛ; КОБОЛ) пайда болуымен күрделіленеді.
ЭЕМ-нің төртінші буыны (1977-қазіргі кез):
1.Төртінші буынның ЭЕМ-дерінің ең алғашқы танымал сериясы – ІВМ/370.
2.Төртінші буынның ЕТ-нің конструктивті-технологиялық негізі үлкен интегралды схема (ҮИС) және өте үлкен интегралды схема (ӨҮИС), олар 70-80 жылдары құрылған, шапшаң жадтайтын құрылғылар болды. ЭЕМ ЯВА-ны тиімді пайдалануға, қиыншылықтары бар программистер үшін бағдарламалау процесін жеңілдетуге есептеліп шығарылды. Төртінші буынның машиналарының паркін микро-ЭЕМ-ге ДК-ге, мини –ЭЕМ-ге, жалпыға арналған ЭЕМ-ге, арнайы ЭЕМ-ге және супер-ЭЕМ-ге бөлуге болады. Төртінші буын машиналарының жедел жады – жартылай өткізгіш АҮИС-те, көлемі 16 Мб және одан жоғары. Бұл буынның машиналарына ІВМ/370, SX-2, IBM PC/XT/AT, PC/2, Cray типтерін жатқызуға болады.
Дербес компьютерлер:
1.Бүгінгі күні кең тараған ДК – ЦЭВМ. Олардың пайда болуы алғашқы РДР -8 мини-ЭЕМ-ге барып тіреледі.
2. 1970 жылы – INTAL фирмасы жадтың интегралдық схемасын және тамызда үлкен ЭЕМ-нің орталық процессорына барабар интегралдық схеманы (INTEL-4004 микропроцессоры) сата бастады.
3. 1975 жылы - Intel-8080 микропроцессоры бар Альтаир-8800 ең алғашқы ДК пайда болды.
4. 1981 жылы – ІВМ фирмасы ІВМРС дербес компьютерлерін шығара бастады.
5. 1983 жылы – қатқыл дискісі бар ІВМ РС ХТ компьютерлері шығарылды.
6. 1985 жылы - ІВМ РС AT дербес компьютерлерінің шығарылуы басталды.
Дербес компьютердің құрылымы
Комьпютер-информацияны өңдеу, тарату, жинақтауға арналған әмбебап электронды есептегіш машина. Қазіргі уақытта кеңінен таралған компьютерлер - жеке жұмыс істеуге арналған дербес комьпютерлер.
Дербес компьютерлер - кез-келген жұмыс орынға тағайындалатын кіші гобаритті есептегіш машиналар. Ең танымал дербес компьютерлерге IBM PC және MACINTOSH жатады.
ЭЕМ-нің архитектурасы дегеніміз - ЭЕМ-ның жұмыс істеу принципі мен командалар жүйесін түсіндіруге арналған ЭЕМ-ның құрылымы мен қызметінің жалпы сипаттамасы.
(Архитектураға компьютердің техникалық, физикалық құрылғылардың сипаттамасы кірмейді).
ЭЕМ архитектурасының негізгі құрылымдары: процессор, ішкі зерде, сыртқы зерде, енгізу және шығару құрылғылары жатады. Қәзіргі дербес комьпютерлердің архитектурасының барлық үлгісі магистральды принципке негізделген.
Процессордың қызметі:
1.Белгілі программа бойынша ЭЕМ-ның жұмысын басқару;
2.Информацияны өңдеу амалдарын орындау. Компьютердің зердесі ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Ішкі зерде оперативті еске сақтау (OEC) мен тұрақты есте сақтау (TEC) құрылғысынан тұрады. ОЕСҚ-жылдам, жартылай өткізгішті энергияға тәуелді зерде. Оперативті есте сақтау құрылғысында осы мезеттегі орындалатын программамен программада тікелей жұмыс істеуге қажетті мәліметтер сақталады. Оперативті есте сақтау құрылғысы - информацияны оқуға және сақтауға пайдаланатын зерде.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы - жылдам, энергияға тәуелсіз зерде. Тұрақты есте сақтау құрылғысы - тек информацияны сақтауға арналған. Информация бір рет енгізілсе үнемі сақталады.
Компьютердің құрылымдары арасындағы информациянлық байланыс информациялық магисраль арқылы жүзеге асырылады.
Магистраль - өткізгіштер жиынтығынан тұратын кабель. Өткізгіштердің әрбір тобына өнделетін информация беріліп, ал басқа бір тобына зерделер адресі немесе сыртқы құрылғылар жалғасады. Магистральдың үшінші бөлігі бар - оны басқару шинасы дейді. Ол арқылы басқарылатын сигналдар беріледі. Шина бойынша бір мезгілде жіберілетін биттің мөлшері шинаның разряттылығы деп аталады.
Процессордың басқа құрылғыларға жіберілетін кез-келген информация, шинадағы мәліметтер адрес арқылы жіберіледі. Бұл оперативті зердедегі ұяшықтың адресі немесе перифериялық құрылғылардың адресі болуы мүмкін.
Компьютер процессорының негізгі сипаттамалары.
Процессор - компьютердің орталық құрылғысы. Микропроцессор дегеніміз - бұл дербес компьютер процессорының қызметін атқаратын аса жоғары интегралды схема. Микропроцессор күрделі микроэлектроника технологиясына қолдану жолымен жартылай өткізгіштік кристалдарда құрылады. Процессордың құрамына төмендегідей құрылғылар кіреді: басқару құрылғысы (БҚ), арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ), процессорлық зерденің регисторлары.
Регисторлар – бұл процессордың ішкі зердесі. Әрбір регисторлар черновек ретінде пайдаланып, процессордың орындаған есептеу жұмыстары мен аралық шамалардың нәтижелері сақталады.
IBM PC дербес компьютерлерінде INTEL фирмасының процессорлары пайдаланылады. Компьютерлердегі INTEL-286, 386, 486, ал жоғарғы PENTIUM процессорының сериялары: PENTIUM, PENTIUM MMX, PENTIUM-PRO, PENTIUM II-және т.б.
Macintosh дербес компьютерінде Motorola фирмасының процессорлары қолданылады.
Компьютерлер зердесінің негізгі сипаттамалары.
ЭЕМ-ның барлық зердесі-ішкі процессор регисторлары және сыртқы зерде деп бөлінеді. ЭЕМ-нің ішкі зердесінің екі негізгі қасиеті бар: дискреттілігі және адрестілетіндігі.
Дискретті зерде дегеніміз - ол бірнеше кішкентай бөліктерден тұрады. Зерденің бөлігі-бит деп аталады. «Бит» сөз ағылшынның «dinary digit» екілік цифр сөзінен қысқартылып алынған. Сонымен компьютердің зердесі екілік разрядтардың (бит) реттелген тізбегі. Бұл тізбек 8 разрятын (өлшем) топқа бөлінеді. Әрбір мұндай топ зерденің байтын құрайды. «Бит», «Байт» сөздері тек информациялық өлшем бірлігінің атауы ғана емес, сондай-ақ, ЭЕМ-ның зердесінің құрылымының бірі.
ЭЕМ зердесінің көлемі килобайтпен өлшенеді.
1Кбайт (КБ)=2 10 байт 1024 =бит
2 Мбайт =1024 Кбайт
3 Гбайт=1024 Мбайт
Зерденің ұяшықтары дегеніміз - процессордың жеке командаларымен өңделетін информация сақталатын ішкі зерденің байттерінің тобы.
Жазу мен оқу оқу принципі оптикалық.
Магниттік дискінің жолдары концентрлік шеңберлерден тұратын болса
Ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.
Ақпарат қасиеттеріне мыналар жатады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Егер сигнал уақыт аралығында үздіксіз болса, онда оны АНАЛОГТЫ және мұндай сигналдары пайдаланатын машиналарды АНАЛОГТЫҚ деп атайды. Егер сигнал үзілісті (дискретті) түрде болса, оны және оған сәйкес машинаны ЦИФРЛЫҚ (дискретті) деп атайды. Қазіргі ДК ЦЕМ-ге жатады.
Информатика – бұл ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым;
ЭЕМ көмегімен ақпаратты өңдеу тәсілдері туралы ғылым.
Информатика пәні – ақпараттық процестер. Ақпараттық процестер – бұл ақпаратты белгілер мен сигналдар түрінде беру, өңдеу және жинақтау процестері.
Техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдаланып ақпараттық процестерді ұйымдастыру ақпараттық технология деп аталады. Ақпараттық технологиялар түрлері өте көп. Ақпараттық технология түрлеріне мыналар жатады: хат, пошта, телеграф, телеофн, теледидар, телекоммуникациялар, электрондық пошта т.б.
Жаңа ақпараттық технологиялар – бұл ЭЕМ-ді пайдаланып, ақпаратты жинау, өңдеу және беру технологиялары. Компьютер көмегімен өңделетін ақпарат түрлері: мәтіндк, графикалық, дыбыстық, сандық.
Интерфейс - өзара әрекеттесу құралдары, байланыс, келісу, сүйемелдеу құралдары.
Бағдарламалық жабдықтама (Sofware) арналуы бойынша былай бөлінеді: жүйелік, (ЖБЖ), құрал-саймандық (ҚСБЖ), қолданбалы (ҚБЖ).
Жүйелік бағдарламалық жабдықтамаға аппараттық құралдардың жұмыстарын басқаратын және пайдаланушылар мен пайдаланушы қолданбалы кешеніне қызмет ететін бағдарламалар жатады:

  • операциялық жүйелер;

  • драйверлер (енгізу/шығаруды басқару);

  • ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау қолайлылығын қамтамасыз ететін қабықша-бағдарламалар (NC);

  • Операциялық қабықшалар (графикалық интерфейс, мульти-бағдарламалау, бағдарламалар арасында ақпарат алмасу құралдары, мысалы, Windows 3.1.);

  • Утилиталар;

  • ЭЕМ-ді тестілеу мен диагностика құралдары;

  • Жергілікті желіні басқаратын бағдарламалар.

Операциялық жүйе компьютерді басқаруға арналған бағдарламалар кешені болып табылады. Ол:

  • «компьютердің әмбебап есептеуіш машинасының» ядросын құрайды;

  • Компьютердің ішіндегі барлық процестерді басқарады;

  • Компьютер мен оған қосылған мысалы, принтер, дисплей, дискіжетек пен винчестер сияқты шалғай құрылғылардың арасындағы алмасуды басқарады;

  • Аппаратура модульдері мен қолданбалы бағдарламалар арасындағы байланыс мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

  • Пайдаланушы мен компьютер арасындағы делдал қызметін атқарады.

Ең кең тараған операциялық жүйелер: MS DOS, PC-DOS, Windows 98, Windows NT, OS/2, UNIX, Net Ware.
Microsoft фирмасының дискілік MS DOS операциялық жүйесі. ДК класының ЭЕМ-і үшін негізгі стандарт болып табылады.
Құрал-саймандық бағдарламалық жабдықтама (ҚСБЖ) жаңа бағдарламалар, бұған қоса жүйелік бағдарламаларды құруды қамтамасыз етеді және жүйелік бағдарламалар мен қолданбалы бағдарламалардың арасындағы аралық класс болып табылады. Оның құрамына:

  • компиляторлар;

  • жоғары деңгейлі тілдер интерпретаторы;

  • стандартты бағдарламалар кітапханалары;

  • қолданбалы утилиталар;

  • бағдарламаларды редакциялау, жөндеу және тестілеу құралдары жатады.

Адам әрекетінің әр түрлі аумағының мәселелерін шешуге арналған бағдарламалар қолданбалы бағдарламалық жабдықтаманы құрайды. ҚБЖ-ны екі топқа бөлуге болады: мақсатты, әмбебап.
Мақсатты бағдарламалық жабдықтама пайдаланушылардың нақты мақсаттарын орындауға арналған және оның қолдану аумағы шектелген, мысалы: оқу бағдарламалары, ойындар.
Әмбебап бағдарламалық жабдықтама мәселелердің толық бір класының шешуін автоматтандыруға немесе ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді. Оған мыналарды жатқызуға болады:

  • әр түрлі редакторлар (мәтіндік, графикалық, музыкалық);

  • кестелік процессорлар ( Суперкалк Excel);

  • деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ);

  • автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ);

  • құрамына жоғарыда аталған жүйелердің бірнешеуі бірақ кіретін жинақталған жүйелер;

  • ЖБЖ функцияларын кеңейтетін қолданбалы бағдарламалар пакеті (вирусқа қарсы бағдарламалар);

  • Бухгалтерлік бағдарламалар.

Ақпаратты компьютерде сақтау.


Компьютер бір уақытта қатар сақтай алатын ақпарат көлемі компьютер жады деп аталады. Жадының екі түрі бар: ЖЖҚ (жедел жадтайтын құрылғы немесе жедел жад RAM) және ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы немесе тұрақты жад (ROM).
Тұрақты жадтағы ақпаратты өзгертуге болмайды, ол тек оқу үшін қолданылады. Мұндай жадта сақталған деректер компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Оперативтік (жедел) жадты көбіне тек жад деп қана атайды. Ол бағдарламаларды жүктеу мен орындау үшін, сонымен қатар деректерді уақытша сақтау үшін қолданылады. Компьютерді өшіргенде жедел жадтағы деректер жоғалады. Сыртқы жад құрылғылары жүйелі блоктан тыс орналасады, олар оған тек сыртынан ғана қосылады және ақпаратты көп уақыт сақтауға арналған.
«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер – деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Компьютердің негізгі элементі – жүйелік блок. Ол компьютерлердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп атайды. Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (периферийный) деп атайды. Ішкі құрылғылар:
Аналық тақша – ДК-дің негізгі тақшасы. Оған мыналар енгізілген:

  • Жедел жад (ЖЖҚ-жедел жадтайтын құрылғы) – компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.

  • Процессор – көптеген матем атикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.

  • ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) - деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.

  • Микропроцессорлық комплект (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.

  • Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар).

  • Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.

Процессор


Процессор - компьютердің негізгі микросхемасы, ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Орындайтын функцияларына сәйкес процессор екі бөліктен тұрады: БҚ – басқару құрылғысы және АЛҚ – арифметикалы-логикалық құрылғы.



Басқару құрылғысы

Арифметикалы-логикалық құрылғы

Барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқарды

Ақпараттарды өңдеу



Енгізу құрылғыларына: пернетақта, манипуляторлар, микрофон, модем жатады.
Шығару құрылғылары: монитор, құлаққалқа, принтер, модем, дыбыс бағандары (колонка). Бұл құрылғылардың бәрі ДК-нің аппараттық жабдықтамасына жатады. Бірақ компьютер жұмыс істеуі үшін, оны бағдарламалық жабдықтама қажет.

Жедел жад


Жедел жад (RAM) бұл деректерді сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілем. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бір адрестелетін ұяшықтың 8 екілік ұяшығы бар, онда 8 бит, яғни 1 байт деректер сақтауға болады. Типтік компьютерде қанша жедел жад болуы керек туралы тұжырымдар үздіксіз өзгеріп отырады. 80-жылдардың ортасында 1 Мбайт жадтың өрісі өте зор болып саналса, 90-шы жылдардың басында 4 Мбайт көлем, 90-жылдардың ортасында 8 тіпті 16 Мбайт көлемі жеткілікті болып саналды. Қазіргі таңда 256-512 Мбайт саналады.
ТЖҚ микросхемасы мен BIOS жүйесі
Компьютерді қосқан кезеңде оның жедел жадында ештеңе – деректер де, бағдарламалар да болмайды, өйткені жедел жад ұяшықтарды секундтың жүзден бір үлесінен артық уақыт зарядтаусыз ештеңе сақтай алмайды, бірақ процессорға әуелі алғашқы қосу кезеңінен кейін командалар керек. Сондықтан қосқаннан кейін бірден процессордың адрестік шинасында бастау адресі шығады. Бұл ешқандай бағдарламалардың қатысуынсыз әрқашан бірдей ақпаратты түрде өтеді. Процессор қойылған адрес бойынша өзінің бірінші командасына қатысады да, бағдарламамен жұмыс істеуді бастайды. Бұл алғашқы адрес жедел жадқа нұсқай алмайды, өйткені онда әзірше ештеңе жоқ, ол жадтың басқа түрі – тұрақты жадтайтын құрылғыға (ТЖҚ-ға) нұсқайды. ТЖҚ микросзхемасы әуелі компьютер өшіп тұрғанда да ақпаратты ұзақ уақыт есінде сақтай алады. ТЖҚ-да орналасқан бағдарламаларды «қорғаушы» деп атайды – оларды онда дайындау кезеңінде жазады.
ТЖҚ-ға кіретін бағдарламалар комплекті енгізу-шығару базалық жүйесін (BIOS) құрады. Бұл пакеттің бағдарламаларының негізгі міндеті – компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілеттілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, дискілермен өзара байланысын қамтамасыз ету.
Монитор
Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторларды екі белгілері бойынша жіктейді:



Бейнелеу түсі бойынша

Шығаратын ақпараты бойынша

Монохромдық (қара, ақ, градациясы сұр)

Символдық (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)

Түрлі түсті

Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)




Монитордың айыру қабілеті деп нені айтамыз?

Тік және көлбеу орналасқан пиксельдер саны

Пиксель дегеніміз не?

Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер

Экранда түстер палитрасы қандай түстерден түзіледі?

Қызыл, жасыл және көк

Монохромды экранда жарықтанған пиксель қалай жарқырайды?

Ақ түспен

Дисплейдің ең басты бөлігі не болып табылады?

Электронды-сәулелі түтікше




Толық аты

Қысқартылған аты

Айыруы

Түрлі түсті графикалық адаптер
Color graphic adapter

CGA

320х200

Жетілдірілген графикалық адаптер.
Enhanced graphic adapter

EGA

640х350

Графикалық бейне адаптер
Video graphic adapter

VGA

640х480

Графикалық супер бейне адаптер.
Super video graphic adapter

SVGA

800х600
1248х1024

Пернетақта


Пернетақта – компьютерді пернелік басқару құрылғысы. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекеттерінің принциптері:

  1. пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификацияланатын скан-код жібереді.

  2. скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар үзу береді.

  3. үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалтырып, үзу нөмірі бойынша үзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.

  4. үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

  5. енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады. Егер символдар буферге алуынан жиірек түссе, буфердің толып кету әсері болады. Мұндай жағдайда жаңа символдарды енгізу уақытша тоқтау керек.



Арнайы пернетақталар деректерді енгізу процесінің тиімділігін арттыруға арналған. Бұл пернетақтаның пішінін, пернелерінің таратылуын, жүйелік блокқа қосу әдісін өзгерту арқылы іске асырылады.
Арнайы пішіні бар пернетақтаны эргономикалық пернетақта деп атайды. Оларды таңбалық ақпараттың өте көп мөлшерін енгізуге арналған жұмыс орнында пайдалану тиімді. Олар терушінің жұмысының өнімділігін арттырады және бүкіл жұмыс күні бойы аса қажытпайды.
Жүйелік блокқа қосу әдісі бойынша пернетақталарды өткізгіш сымды, өткізгіш сымсыз деп екіге бөледі. Өткізгіш сымсыз пернетақталарда ақпарат инфрақызыл сәуле арқылы беріледі.
Пернетақтаны шартты түрде бес бөлікке бөлуге болады:
1. Басу пернетақтасы (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернетақталар: бос орын, 0-9 дейін цифрлар, A-Z латын әріптері, А-Я кириллица символдары, тыныс белгілері: «+», «-», «/» арнайы символдар және т.б. )
2.Функционал пернелер: Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12;
3.Арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, BackSpace;
4. Меңзерді басқару және редакциялау пернетақтасы. Бұған мына пернелер жатады: Left, Up, Down, Right, Pg Up, Pg Dn, Home, End, Insert, Delete.
5. Сандық пернетақта.
Бұл жіктеу шартты, өйткені нақты жағдайда орындалатын бағдарламаға байланысты кез келген перне функционалды да, арнайы да қызметтерді орындай алады, сонымен қатар ол пернелер бағдарламамен бағытталуы мүмкін. Кейбір арнайы пернелердің неғұрлым типтік функциялары.
Enter Енгізуді аяқтау сигналы. Меню пунктін таңдау. ОК батырмасын басу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет