Бiр–бiрiмен жалғасқан файлдар тiзiмiмен файлдар атының кеңейтiлгенiн көру үшiн:
Менiң компьютерiм бумасында немесе Сiлтеуiш терезесiнде қажет буманы ашыңыз.
Менюдегi Түр-ден Параметрлер командасын таңдаңыз.
Қарау (Просмотр) iшкi салмасын ашып, Бүкiл файлды көрсету (Отображать все файлы) параметрiн таңдаңыз.
Объектiлермен операциялар (Операции над объектами)
Сол жақ пен оң жақ аймақтарында обúектiлермен (бумалармен, файлдармен) бүкiл қажет операцияларды (амалдарды) орындауға болады: ашу, жасау, көшiру, орын ауыстыру, өшiру, атын өзгертумен реестрдi басқару. Бұл амалдарды Сiлтеуiштiңменю-iмен қосымшаменюлердiң көмегi арқылы орындауға болады.
Мысалы, бiр буманы басқа буманың iшiне салу үшiн курсорды орынын ауыстыратын обúектiге қойып, тышқанның оң жағын басып тұрып, обúектiнi ұстап, iшiне салу қажет буманың белгiсiне сүйреп алып барып, ашылған қосымшаменюден орнын ауыстыру (Переместить) командасын таңдау қажет.
Сiлтеуiш терезесiнде бума немесе файлды таңдау
Обектiмен амал орындау үшiн оны таңдап (белгiлеп) алу қажет. Нәтижесiнде таңдап алған обектiнiң атымен белгiшесi айрықша түспен белгiленiп тұрады:
атында немесе белгiшесiнде тышқаның сол жағын шерткенде;
атының бiрiншi әрiптерiне сәйкес перненi басқанда;
курсорды басқару пернелерiмен.
9-Дәріс. Графикалық редакторды оқыту әдістемесі және теориясы. (1 сағат).
Paint кескiндiк редакторының терезесi;
Саймандар жинағы;
Түстер палитрасы;
Графиктік бейнелерді салу мен оны релакторлеу құрал-саймандарын және кез-келген бояуларды қолдану
Бейнелердің кез-келген бөлігін қиып алып жалғау және оны өшіру мүмкіндігі
Бейнелердің кішкене бөлік үзінділерін өңдеп, үлкейту (электрондық линза режимі)
Суреттерді мәтінмен толтыру (хабарландыру, плакаттар, визиткалық карточкалар, жарнама және т.б.)
Сурет үзінділерін түрлендіру (масштабын өзгерту,суреттерді бұру, көшіру,орын ауыстыру және т.б.)
Графиктік файл түрінде сыртқы тасымалдаушыларға суреттерді сақтау
Сурет салу (суреттермен жұмыс жасау режимі)
Жұмыс алаңында құрал-саймандарды бейнелеу орналасқан. Суретші сурет салады, оны редакторлейді, сурет үзінділерін бөліп алып, құрастырады
Құрал-саймандарды таңдау және оны баптау
Меңзер - бұл «Құрал-саймандар» меню алаңында орналасқан көрсеткіш. Қолданушы оның көмегімен қажетті құрал-саймандарды таңдайды, сызықтардың енін анықтайды, бояулар өрнегін таңдайды.
Сурет салуға қажетті түстерді таңдау
Меңзер экран алаңында түстер палитрасымен қатар орналасқан.Онда түстер фоны мен суреттің түсін таңдауға болады. Кейбір графиктік редакторлерде қолданушының палитраны өзгерту мүмкіндігі бар.
Сыртқы құрылғымен жұмыс
Бұл режимде файлдық операцияларды(дискіге суретті жазу, дискіден суретті оқу және т.б. ) орындау мен қағазға графиктік бейнелерді шығаруға болады. Графиктік редактор - бұл графиктік объектілерді құру мен өңдеуге негізделген қолданбалы программа.
Paint графикалық редакторы
Негізгі түсініктер.
Жұмыс өрісі.
Құрал-саймандар тақтасы.
Түстер палитрасы.
Сурет салу кезеңдері.
Paint графикалық редакторын жүктегеннен кейін экранда, тақырып жолынан, меню қатарынан, жұмыс аймғынан тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, түстер палитрасын және қалып-күй жолдарын екпінді етуге болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.
Сурет салу кезеңдері. Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасқан және онда мынандай құрал-саймандар бар:
суреттің ерікті аумағын белгілеу;
суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;
суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;
тұйық контурды құю;
суреттен түс таңдау;
экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;
жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;
ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);
түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;
мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);
түзу сызықтарды салуға арналған сызық;
қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);
тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс – қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.
Салынған кескінді болдырмау үшін Ctrl+Z пернесін басу керек.
Түстер палитрасы.
Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынынан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер тышқан батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен – фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті таңдаймыз.
өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді. Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.
Сурет салу тәсілдері. Тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы қажетті құрал таңдаймыз. Егер қажет болса сызықтар қалыңдығын, түсін, оның конфигурациясын немесе қажет
Компьютер графиктi құрудың және графикалық кескіндерді редакциялауға ең қолайлы және қуатты құрал болып табылады. Бұл баспаға басылмаған жарнаманы, құжаттарды, хаттарды т.б. безендіру үшін қажет. Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға, әр түрлі бояу жаққышты пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтарды сызуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Бұдан күрделірек графикалық редакторлар арнайы эффектілерді: көлем, көлеңке жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейтуді, түстерді өңдеуді және түзетуді, бір кескіннен екіншісіне біртіндеп өтуді т. б. орындауға өте қолайлы. Редакторлар әр түрлі пішінді кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Стандартты кескіндердің, суреттердің және дайындамалардың өте үлкен кітапханалары бар, оларды пайдаланып, тіпті сурет салудан хабары жоқ адам да қажетті суретті жылдам салып шыға алады.
Paint сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, рдакциялауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
Paint бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға, Windows – тың басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қажетінше пайдалануға болады.
Редактор:
құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, суреттер салуға;
Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
Бар графикалық объектілерді түзетуге;
Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, мәзір мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Мәзірді пайдалана отырып, терезе құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пиксельдегі координаттарын байқауға болады.
Графикалық редактор Paint-та жұмыс істеу барысында істелетін жұмыстарды компьютердің көмегімен көрсетуге болады. Оқушыларға көрнекі түрде көрету үшін Radmin желілік программасын пайдаланған ыңғайлы.
Paint кескiндiк (графикалық) редакторы
Paint программасы түрлi-түстi графикалық кескiндердi құруға, қарауға (просмотр) және өңдеуге (редактирование) арналған. Ол шағынмәтiндердi жазумен сканерден түсiрiп алған кескiндердi өңдеуге (редактирование)мүмкiндiк бередi.
Paint кеңейтiлген .BMP.–лi файлды жасайды және оқиды. Жасалған суреттердi басқа құжаттарға енгiзуге болады.
Кескiндiк (графикалық) редакторды iске қосу
Iске қосу батырмасында шертiп, Басменюден келесi пункттердi таңдап алу: Программалар – Стандартты – Paint кескiндiк редакторы.
Paint кескiндiк редакторының терезесi.
Кескiндiк редактор терезесiнiң келесi элементтерi бар:құжат атынан тұратын тақырып қатары, меню қатары, экранның орта бөлiгi, сурет салуға арналған аймақ. Сол жақта сурет салу саймандар жинағымен редактiлеу (редактирование) белгiшелеу тобы орналасқан. Саймандар жиынтығының астында таңдалып алынған сайманның түрiне байланысты өзгеретiн үлгiлер жинағы орналасқан.мысалы, сызық сайманын таңдап алған кезде үлгiлер жинағында түрлi қалыңдықтағы сызықтар жинағы болады.
Терезенiң сол жақ төменгi бұрышында сурет салғанда ауыстыруға болатын түстер жинағының Индикаторы орналасқан. Индикатордағы алдыңғы жоспарда орналасқан квадрат негiзгi түспен, ал кейiнгiсi фондық түспен боялған.
Сурет салу аймағының төменгi жағындағы индикатордың оң жағында түрлi түстерге боялған 28 батырмадан тұратын Палитра орналасқан.
Оң жақ және төменгi шекаралардың қасында терезеге симай тұрған кскiндердiң бөлiгiн қарауға арналған айналдыру жолақтары орналасқан.
Терезенiң төменгi шекарасының бойында орындалып жатқан командалар және т.б., сонымен қатар көрсеткiштiң координаталарын көрсететiн Қалып күй қатары орналасқан.
Саймандар жинағы
Сайман таңдап алу үшiн саймандар жинағындағы (1.5.сурет)
оның басында шерту керек.
Paint-та 16 инструмент бар.
1) Кез-келген аймақты белгiшелеу.
2) Тiктөртбұрышты сурет фрагментiн белгiшелеу.
3) Өшiргiш суреттiң жеке бөлiктерiн өшiруге арналған.
4) Құю (Заливка) сайманы тұйық контурларды көркемдеу (изображения) түсiмен немесе құю түсiмен толтырады. Сайман палитраның қажет түсiн таңдап, салынған сызықтың түсiн өзгертугемүмкiндiк бередi.
5) Түстi таңдау сайманы кескiндi (изображения) немесе фонның түсiн суреттiң кез-келген нүктесiнiң түсiне өзгертедi.
6) масштаб суреттiң жеке фрагменттерiн үлкейтугемүмкiндiк бередi.
7) Қалам (карандаш) түрлi қалыңдықтағы кез-келген сызықты салуға арналған.
8) Бояғыш (кисть) – ретсiз сызықтарды салуға арналған. Бояғыштың қажеттi (сәйкес) пiшiнi саймандар жинағының астында орналасқан үлгiлер жинағынан таңдалып алынады.
9) Бүрiккiш бояуды экран бетiнiң белгiлi бiр аймағынамайда түйiршiктер түрiнде шашыратады. Бүрiккiштiң өлшемi саймандар жинағының астында орналасқан үлгiлер жинағынан таңдалып алынады.
10) Жазба–мәтiн фрагменттерi бар сурет жасауға мүмкiндiк бередi.
11) Сызық - түзу сызықтар салу үшiн.
12) Қисық сызық – үйлесiмдi (плавные) сызықтарды кекiндегенге. Сызық қалыңдығы үлгiлер жинағынан берiледi.
13) Тiктөртбұрыш – берiлген толтыру түрлерiмен тiктөртбұрыштармен квадраттар салуға арналған.
14) Көпбұрыш – кез-келген пiшiндегi тұйық көпбұрыштар салу үшiн.
15) Эллипс – эллипстермен шеңберлер салуға арналған.
16) Дөңгелектеу тiктөртбұрыш шеттерi дөңгеленген тiктөртбұрыштармен квадратты салуға мүмкiндiк бередi. Тiктөрбұрыш, Көпбұрыш, Эллипс және Дөңгелектеу төртбұрыш саймандарымен жұмыс iстегенде саймандар тақтасының астындағы үлгiлер жинағынан ұсынылып тұрған толтырғыштың үш түрiнiң бiрiн таңдап алуға болады. Толтырғыштың түсi палитрадан оң жақты шерту арқылы таңдалынады.
Суреттегi мәтiндi енгiзумен форматтаудың ретi:
Саймандар жинағындағы Жазба батырмасында шерту.
Мәтiн енгiзiлетiн аймақ шекараларын беру: аймақ төбелерiнiң орналасатын нүктелерiнiң бiрiнде шертiп, тышқанды басып iшiндемәтiн орналасатын пунктирлi тiктөртбұрыштың диагоналi бойынша созу.
Тышқан батырмасын жiбергеннен кейiн пайда болған Қарiптер терезесiнде қарiп түрiн, оның өлшемiмен сызылымын таңдау.
Пунктирлi тiктөртбұрыштың iшiнде шертiп, пернетақтаданмәтiн енгiзу. Жолдың оң жақ шетi пернесiн басқанда пайда болады.
Мәтiннiң өлшемiмен орнын өзгертуге болады. Қарiптiң түсiн палитрадан таңдап алып, өзгертуге болады.
Мәтiн тышқанды пунктирлi тiктөртбұрыштың сыртында шерткеннен кейiн суретте сақталады.
Суреттi редакциялау. Суреттi редакциялау үшiн оның белгiленген бөлiгiн алмастыру буферiне жоюға, қиюға, көшiруге және қоюғамүмкiндiк беретiн командалары барменюдегi Түзеу (правка) қолданылады.
пернесiнiң көмегiмен суреттi көшiруге (скопировать) болады. Ол үшiн фрагменттi белгiлеп, оның iшiне көрсеткiштi алып барып, пернесiн басып тұрып тышқанмен көшiрмесiн тасмалдаймыз.
Содан кейiн пернесiн жiберместен, қайта-қайта тышқанның сол жақ батырмасын босатып отырса, онда бiрнеше көшiрмесiн алуға болады.
Егер дәл осыны -дың орнына пернесi арқылы iстесе “iз салушы” фрагмент эфектiсi шығады.
Сурет фрагментiн түрлендiру. Суреттiң белгiленген фрагментiн менюдегi Суреттiң командаларын қолдану арқылы түрлендiруге болады. Бұл камандалар келесi амалдарды орындауғамүмкiндiк бередi: суреттi бұруға, фрагменттiң айнадағы кескiнiн алуға (Кескiндеу (Отобразить) /Бұру (Повернуть) командалары); кескiндi трансформациялау (трансформировать) (Созылу (растяжение) және қисаю (наклон) командасы); қарама-қарсы түстiң бейнесiн алу (Түстi айналдыру (Обратить) командасы).
Сурет көлемiн (масштабын) үлкейту. Түр (Вид) командасын беру-көлем ауыстырғыштың қажетiн таңдап алып орнату: 100 -тен 800 -ке дейiн.
Редакциялаумен түрлендiру командаларын тышқанның оң жағын шерткенде пайда болатын жанамаменюден де таңдап алуға болады.
Қосымша палитраны Параметрлер-Палитраны өзгерту командасымен таңдайды.
Өлшемдермен палитраны Сурет-Атрибуттар командасымен анықтайды. Сурет фрагментiн жеке файлда дискiде сақтау Түзеу (Правка) – Файлға көшiру (Копировать в файл) командасымен iске асады.
Өңделiп жатқан суретке файлдан фрагмент қою. Ол үшiн суреттiң тiктөртбұрышты фрагментiн белгiлеу сайманының көмегiмен сурет қойылатын аймақ белгiленiп алынады. Ары қарай Түзеу – Файлдан әкелiп қою командасы таңдалынады. Ашылған терезенiң Файлдың атымәтiндiк өрiсiнде қойылған файлдың аты көрсетiледi. Терезенiң Файлдардың типi ашылатын тiзiмiнде графикалық файлдың тiзiмi берiледi. Қойылған фрагмент суреттiң қажет жерiне тасмалданады.
Документтi баспаға жiберу (печать документа) менюдегi Файлдың командаларының көмегiмен iске асады. Беттiңмакетi командасы бойынша қағаздың өлшемiмен басу кезiндегi өрiстер, басуға беру кезiндегi беттiң бағыт бағдары берiледi. Алдын-ала көру командасы бойынша басуға жiберу алдында құжат баспадан қалай шығатынын көруге болады.
Суреттi Жұмыс үстелiнде орналастыру. Ол үшiн суреттi экранға шығарып алып, Файл – Windows-тiң жұмыс үстелiн толтыру командасы орындалады.
10-Дәріс. Мәтіндік редакторды оқыту әдістемесі және теориясы. (2 ағат).
Құжаттарды форматтау мүмкіндіктері
Кесте құру және онымен жұмыс.
Мәтін редакторында графикалық объектілер енгізу және оларды форматтау
Мәтінге енгізілген графикалық және дыбыстық объектілерді өндеу
Word редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау
Орнатылған Word редакторын iске қосу бiрнеше жолмен орындалады:
Басты менюдiң Iске қосу – Программалар - Windows Word (Стандартты тобының iшiнде де болуы мүмкiн) қатарында тышқанды шерту арқылы.
Windows жүйесiнiң Менiң компьютерiм немесе Сiлтеуiш (Проводник) терезелерiнiң бiрiн пайдалану арқылы (ProgramFiles – MicrosoftOffice-Winword бумасы Winword.exe файлы).
Жұмыс үстiндегi Word редакторының жарлығында тышқанды екi рет шерту арқылы (жарлық болмаса, басқа тәсiлдi қолдану керек) т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiле бередi, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |