«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы



бет21/64
Дата17.06.2022
өлшемі0.51 Mb.
#459285
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
3. Объектіге бағытталған программалау кластар және әдістер

түсінігі


Егер жеке-жеке әрбір объект үшін интерфейсі, локал жадысының құрылымы, тәсілдері сипатталатын болса, онда программа ӛте үлкен болып кетеді. Сондықтан ОБП-ң барлық тілдерінде класстар механизмі енгізілген.
Класс деп бірдей объекттердің, яғни, бірдей интерфейске, локал жадының құрылымына(ӛрістердің бірдей жиыны), және мінез-құлыққа (жіберілген хабарламаларды ӛңдеу үшін бірдей тәсілдер қолданатын) ие объекттердің жиынын атайды.
Программа жазу кезінде программист алдымен классты сипаттайды, яғни, ішіне енетін барлық объекттердің интерфейсін, ішкі құрылымын және тәсілдерін (мінез-құлқын) сипаттайды. Бұдан соң, нақты объектті сипаттаған уақытта оның берілген классқа тиістілігін білдіреді. Және мұндай объектті берілген класстың экземпляры деп айтады. Әрбір объект қайсыбір класстың экземпляры болып табылады.

Объектілі типті жариялау


Паскалда «объект» терминінен шатасуымыз мүмкін, ӛйткені «объект» термині классты да, осы класстың экземплярын да білдіре береді. Сондықтан, анық болуы үшін бұдан бұлай әңгіме класс туралы болатын болса, «класс» не «объектілі тип» терминдерін қолданамыз, әңгіме экземпляр туралы болатын болса онда «экземпляр (объекттің)» терминін қолданамыз. Барлық объекттер қайсыбір объектілі типтің экземпляры ретінде туындайды. Демек, тип экземплярды жариялаудан (сипаттаудан) бұрын жариялануы (сипатталуы) керек.
Объектілі типті жариялау (сипаттау) 2 бӛлімнен тұрады: 1.Класс атауын жариялау. Класс атауы интерфейсті (тәсілдер атауының тізімі) және берілгендер ӛрісі құрылымын ӛз ішіне алады. 2.Тәсілдер орындалуларын (реализациясын) жариялау. Класс атауын жариялау type секциясында жүргізіледі. Тип атауынан соң object кілттік сӛзі жазылады, бұдан соң ӛрістер тізімі жазылады, одан кейін тәсіл атауларының тізімі жазылады(нүктелі үтір арқылы).
Тәсіл процедура немесе функция болу мүмкін. Әдетте, Паскалда объект міндетті түрде Init атаулы инициализации тәсіліне және Done атаулы деинициализации (жойып жіберуге дайындық) тәсіліне ие болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет