Программа құруда семантикалық (мағыналық), синтаксистік жєне алгоритмдік қателер жиі кездеседі. Программаны компиляциялау кезінде синтаксистік қателерді компилятор µзі табады да, машина жұмысын тоқтатады. Ал, 15 орнына 25 енгізілген сияқты қатені компілятор еске алмай, программаның орындалуы аяқталған кезде қате нєтиже шығады. Программада қате жазылған оператор сияқты алгоритмдік қате де программаның орындалу нєтижесін дұрыс кµрсетпейтіні сµзсіз. Сондықтан программаны құрып болған соң он мұқият қайта тексеріп шығуы керек.
Программаның синтаксистік түрде жазылуы дұрыстығын компилятордың µзі қадағалап отыруы жєне терезесін экранда кµрсету үшін єдетте Delphi орнатылған соң ол күйге келтіріліп қойылады. Оның бірі – Project – Options (проект –күйге келтіру) командасын беріп, ашылған терезенің Compiler бетіндегі жазуларды 2.21 – суреттегі сияқты орнатып қою керек.
Программаға нолге бµлу жєне т.с.с. орындалмайтын қате єрекеттердің кездейсоқ енгізілуі де мүмкін. Олар ерекше жағдайлар делінеді. Ерекше жағдайларды µңдеу үшін Delphi-ге стандартты µңдеуіштер класы енгізілген.
¤ңдеуіштер атаулары E єріпінен басталады:
EZeroDrivide – нµлге бµлу;
EIntError – бүтін сандармен жұмыс кезінде кездесетін қателер; EConvertErrror – мєннің типін түрлендіру қатесі, т.б.
Мысалы, мынадай программа үзіндісін
Begin
Y:=x/k;
ShowMessage(Floattostr(y));
End;
Орындау кезінде нӛлге бӛлуге болмайтыны жазылған суреттегі хабар шығады(k=0 болған кезде).
Ерекше жағдайды ӛңдеу үшін Delphi ортасында блокты қорғау механизмі қарастырылған.Оның жазылу түрі:
Try
<операторлар>; except
<ерекше жағдайларды ӛңдеуіштер> else
<операторлар>
Достарыңызбен бөлісу: |