«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы



бет9/64
Дата17.06.2022
өлшемі0.51 Mb.
#459285
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64
    Бұл бет үшін навигация:
  • Forma
type
<ұрпақ класс атауы> = class (<негізгі класс атауы>); end; var
< объект > : < класс атауы>;
мұндағы класс мүшелері - ӛрістер, қасиеттер және тәсілдер. Мысалы,
type
Tform1= class (TForm)
Button1 : TButton;
Label1 : TLabel;
Procedure Button1 Click (Sender : TObject); end;
var Form1 : Tform1;
TForm1 = class (TForm) жазуы Tform класының үлгісімен құрылатын жаңа (ұрпақ) TForm1 айнымалысы – класс данасы.
Программаны дайындау барысында Delphi модульдің Interface бӛліміне формаға енгізілген компоненттер мен оқиғасы таңдалған тәсілдерді сипаттауды автоматты түрде енгізеді, тәсілдерді іске асыру нұсқаулары модульдің inplementation бӛліміне қолдан жазылады.
Жалпы, Delphi –де класс деп ӛзіне ұқсас даналарды дайындау үшін үлгі түрінде алынатын, толық түрде дайындалған программа үзіндісін де атайды. Программалаушы бұрын дайындалған класс данасының кӛшірмесін түрлі программаларға не бір программаның түрлі жерлеріне енгізіп, программалауды және оның кӛлемін кӛп жеңілдетуіне болады.
Delphi құрамына жүздеген дайын кластар енгізілген. Әр компонент қатаң түрде тек бір класқа ғана тиісті. Мысалы, Delphi – де форма (TForm) компоненті - Forma класына тиісті, осы типті айнымалы (Form1) – класс объектісі. Класс бӛлігі ретінде сипатталып, модульдің
Inplementation (іске асыру) бӛлігінде мәтіні жазылатын сәйкес процедура - тәсіл, мысалы, procedure TForm1.Button1Click.
Форма ішіне орналастырылған TЕdit компонентінің Edit1 данасын (объектісін) екі рет шерткен кезде пайда болатын оқиғаны ӛңдеу тәсіліне (процедурасына) мысал:
procedure TForm1.Edit1Click(Sender : TObject); begin
Edit1.Text:=‘Сіз редакциялау ӛрісін екі рет шертіңіз‘; end;
программаны іске қосу командасы берілген соң компилятор автоматты
түрде негізгі модульге енгізілген тӛмендегі екі тәсілді орындайды:
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
Бұлардың біріншісі жадта Form1 объектісін құрады (объектіні инициалдайды), екіншісі Application объектісіне қосымшаның негізгі формасын іске қосуға нұсқау береді (Run). Жоғарыда жазылған процедураның орындалу нәтижесінде форманың Edit1 ӛрісіне оның Text қасиетіне меншіктелген мәтін жазылады.
Ескерту. Белгісіз жағдайда программада тәсілді не қасиет орнату командасын иерархиялық түрде жазу қажет, мысалы:
TForm1.Button1.FontSize:= 14;
Мұндағы иерархияның бірінші объектісі – форма (Form1), екінші объект – формада орнатылған Button1 түймесі, үшінші объект – түйменің шрифт қасиеті; команда – форманың Button1 объектісіне енгізілген FontSize (шрифт ӛлшемі) айнымалысына 14 мәнін меншіктеу. Яғни, объектілер арасына қойылатын нүкте сәйкес иерархиялық объектіге сілтеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет