Бақылау сұрақтары
Философия тарихындағы таным мәселесінің қойылу ерекшелігі қандай болды?
Танымның сатылары мен деңгейлері қандай?
Эмпиризм және рационализм, сенсуализм дегеніміз не?
Рационализм мен эмпиризмнің өкілдері кімдер? Олардың көзқарастарындағы айықмашылық неде?
Гносеология мен эпистемология арақатынасы қандай?
Сезімдік және рационалдық таным?
Ұғым, пікір, ой қорытындылау, түйсік, қабылдау, елестету жайлы не түсіндіңіз?
Ақиқат дегеніміз не, оның критерийі қандай? Практика деген не?
Таным және шығармашылық арақатынасы?
И.Кант таным теориясының Бэкон мен Декарт теорияларынан айырмашылығы барма?
6-тақырып: Білім, ғылым, техника және технологиялар
Дәрістің мақсаты – Философия және ғылым, философия және медицина арақатынасы, білім, ғылым, техника және технологиялар мәнін пайымдау.
Дәріс сұрақтары:
Қазіргі ғылым және оның жетістіктері. Әдіс мәселесі. Ғылыми таным әдістері және ғылыми ақиқат.
Білімнің онтологиясы, логикасы, этикасы. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі.
Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде қарастыру.
Ғылым классификациясы. Аристотель: теориялық, практикалық және поэтикалық философия.
Кілт сөздер: білім, ғылым, ғылыми білім, білім философиясы, техника, технология, өндіріс, ғылым классификациясы, верификация, фальсификация, парадигма, ғылыми-техникалық революция, дүниенің ғылыми суреттемесі. Платон, Аристотель, әл-Фараби, Ибн Сина, Бэкон, Гегель, Огюст Конт, Эрнст Капп, Хайдеггер.
Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі. Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау. Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.
Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм. Ғылым және техника. Ыбырай Алтынсариннің білім философиясы. «Білімді адам» моделі. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері. Қазіргі ғылым және этика. Қазақстан ғылымы дамуының келешегі. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі.
Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау. Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады:
1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде;
2) білім беру қоғамдық құндылық ретінде;
3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде.
Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар.
1) Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2) Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3) Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1) білім берудің технологияларының өзгеруі; 2) білімнің көлемінің өсуі; 3) қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет. Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау – оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру – бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады. Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда: 1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді; 2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет. Білім философиясының мәселелерін қарастыру көптеген ағымдардың назарын аударып отыр. Сол ағымдардың бірі – постмодернизм. Постмодернизм өкілі М.Фуко өзінің «Білім археологиясы» атты шығармасында білім беру жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударады. Практикалық және теориялық білім беру мен университеттік білім беруді бөліп қарау керек екенін айтады. М.Фуконың пікірінше, білім берудің құрылымы инвертизацияланған (дағдылы тәртіптің орын алмастырылуы). Ол білімді қабылдау және оны меңгеру арасында сәйкестік жоқ деп санады. Бұл екеуін үйлестіретін әдістемелер дайындау қажеттігін айтады. Фуконың ойынша шәкірттік кеңістік екіге бөлінеді:
1) оқытылатын білім шеңберінің жабықтығы; 2) ашық сала (өзінен-өзі айқын шындық). Ұстаз бен шәкірттің диологы мәселесіне де Фуконың қосары болды. Постмодернизмнің өкілі ретінде ол сөйлеушінің мәдениет кеңістігіндегі орнын анықтайды. Сөйлеуші – бұл текстті ұғынушы, оны талдау барысында өз үлесін қосушы. Текст постмодернисттердің түсінігінде – бұл әлем. М.Фуко өзінің дискурсивті практика атты теориясын білім мен өкіметтің бірлігі түсінігімен ұштастырды. (Дискурс – правила речевого объяснения реальности). Постмодерн кезеңінде тілдік ойын маңызды орынға шығады. Ж.Ф.Лиотар наррациялық білімді ғылыми біліммен, классикалық біліммен салыстырады. Наррация – дәстүрлі, қарапайым, ғылыми емес білім. Лиотардың пікірінше, білім «кең ағартушылық» түрде болуы мүмкін, немесе денотивті пікірлердің жиынтығы ретіндегі мәдениет болуы мүмкін. Оның пікірінше білім – бұл ғылым да емес, таным да емес. Білім – кумулятивтік сипатқа ие феномен. (Лиотардың еңбегі «Постмодерннің күйі»). Білім – бұл рухани өсудің маңызды саласы. Ол қоғамның рухани өркендеуінің көрінісі ғана емес, сондай-ақ экономикалық базасын да құрайды. Ол сол рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа шып-шырғасын шығармай жеткізе отырып, сақтаудың және трансформациялаудың басты құралы болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан өткеннен сабақ алып, білім мен ғылымды дәуір дамуына сай жетілдіріп келеді. Әлемдік білім кеңістігінің озық үлгілерін отандық үрдіске, халықтық қалыпқа, ұлттық үлгіге бейімдеу негізінде реформалар жасалуда. Қазір Қазақстан төрткүл дүниедегі 177 мемлекеттің арасында сауаттылық жағынан 14 орыңды иеленіп отыр. Білім алушылардың ұзын саны 4,5 миллион адам. Білім-ғылым саласында 500 мыңнан астам оқытушылар мен ғалымдар қызмет етеді. Білім мен ғылымды қаржыландыру соңғы 10 жыл ішінде 7 есеге өсті. 2008 жылы білім саласына бөлінген каржы 25,7 пайызға көтеріліп, 604,2 млрд. теңгеге жетті. Білім сапасын арттыру жолында өткен жылы қабылданған "Білім туралы" Заңның алар орны ерекше. Бұл құжат елімізде жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың тұжырымдамалық идеясына жауап береді.
Әдебиет
Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.
Нұржанов Б.Ғ. Модерн. Постмодерн. Мәдениет / Б.Ғ.Нұржанов / Қазақ тіліне аударған Марал Хасен / – Қарағанды: «TENGRILtd», 2013. – 320 б.
Канке В.А. Философия: Учебное пособие для студентов высших и средних специальных учебных заведений. – М.: Логос, 2001. – 272 с.
Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нұрышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б.
Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. – 360 б.
Ортега-и Гассет Х. Размышления о технике// Вопр. философии, 1993, № 10.
Достарыңызбен бөлісу: |