Қазақстан тарихы



бет10/13
Дата29.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#34149
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

3. Қазақстан, Москва билеушілерінің ойлары бойынша индустриялық жеделдетудің негізі бір аудандары болуға тиіс деп есептелінді. Орталықтың саяси бағытын белсенді жүргізушілер қатарындағы Ф.Голощекин республикада кенді сыртқа шығару үшін кен өндіру мен темір жол транспортын ұсынды.

Осы мақсатта КСРО-ның өндірісі дамыған региондар үшін, Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру қарастылды. Жергілікті саяси қайраткерлермен бірге басшы ретінде С.Садуақасов бұған қарсы шықты, ол орталық өнеркәсіп үшін негізінен шикізат көзі деп саналған саясатты тоқтатып, Қазақстанда жедел қарқынмен индустрияландыру саясаты республика мүддесі үшін де қолданылуды көздеді. Алайда, Голощекиннің көзқарасының негізінде Қазақстандағы индустриялизация отаршылдық формаға ие болды.

Ең ірі құрылыс қатарына 1931ж. аяқталған Түркістан-Сібір темір жолы яғни Алматыдан Семейге дейін жүргізілген құрылыс болды. 1927ж. Петропавловск-Көкшетау, ал 1931ж. Ақмолаға дейін жеткен жол құрылысы салынды. 1939ж. Қазақстаннан шикізат байлығын шығару үшін Ақмола-Қарағанды, Имск-Орал, Рубцовск-Риддер, 1940ж. Қарағанды-Жезқазған жол құрылысы салынды.

Пайдалы қазба байлықтарының аса бай кеніштерінің болуы Қазақстанда ауыр индустрияны, әсіресе оның кен шығару, мұнай, көмір, түсті металлургия саласын дамыту үшін негіз болды. Бұл салалар республиканың индустриялық бейнесін, оның өнеркәсібінің шикізаттық бағытын ұзақ уақытқа белгілеп берді. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақпай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту заводы және басқа қайта құрылған кәсіпорындар базасында жұмыс істеді. Шымкент қорғасын заводы, Балхаш мыс қорыту және Ащысай полиметалл комбинаттары салынды. Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын — мырыш заводы салынды. Негізінен Қазақстанда индустриализация екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңына дейін жүргізілді.


1)Тест

1.Азамат соғысы жылдарында атаман Анненковтың бұйрығымен «Монғол» кемесінде кімді тірідей өртеді?

А) А.Мироновты

В) М. Летуновты

С) К.Иноземцовті

Д) Я.Ушановты

С) Л.Емелевті

2.Кеңес өкіметінің 1918 жылдың көктеміндегі Алашордаға қарсы күресі немен басталды?

А) Алашорданы таратты

В) Алашорданың басшыларын тұтқындады

С) «Қазақ» газетін жапты

Д) Алашорданы Советтерге бағындырды

Е) Алашордамен қарулы күреске шықты

3.Азамат соғысы жылдарында қаза тапқандар саны

А) 2млн

В)6 млн


С) 5 млн

Д) 8 млн


Е) 10 млн

4.Солтүстік Жетісу майданы қашан жойылды

А) 1920ж наурыз

В) 1920ж маусым

С) 1920ж шілде

Д) 1920ж ақпан

Е) 1920ж қараша

2) Бақылау сұрақтары

1.Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі

2.КазАКСР құрылуы

3. Қазақ өлкесіндегі майдандардың жойылуы

4. Партизан және Азамат соғыстарының салдары

3) Үйге тапсырма?

1.1920-1930 жылдардағы тарихи даму кезеңінің қорытыныдысы

2.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚАЗКСР) құрылуы

3.Сталиншілдіктің басты қылмысы



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. - А., 1993.

2. Козыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты. - А., 1992.

3. Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т.О. Тарих-тағылымы не дейді? - А.,1993,

4. Қойгелдиев М. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы.

- А., 1997.

5.Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. - А., 1994.

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы алдындағы Қазақстан

(1941-1945 жж.)

Сабақтың жоспары: 1. Ұлы Отан соғысының басталуы.

2. Қазақстандықтардың майдандағы жаппай ерліктері

3. Соғыс жылдарындағы Қазақстан экономикасы

Сабақтың мақсаты:Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Қазақстандақтардың майдандағы жаппай ерліктерін көрсету.

Сабақтың міндеті: Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдер. Қазақстандықтардың ірі шайқастарға қатысуы және ерлігі. Москва, Сталинград, Курск түбіндегі шайқастар.

Фашистердің "Түркістан легионын" құру әрекеті. Мұстафа Шоқайұлы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры.



Сабақтың мазмұны: Германияның Қазақстанға байланысты жоспары екі ойлы болды. Фашистер КСРО-ны жеңгеннен соң Орта Азия мен оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхскомиссариатын құру жоспарланды, ал Қазақстанның орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс аудандары — Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстары” қатарына енгізіп, ол жерлерге, украиндар, белорусстар, поляктар, венгрлер және т.б. Шығыс Европа халықтарын орналастыру жоспарланды. Кейінірек, фашистердің “найзағайдай” жоспарының күйреуінен кейін, олар КСРО-ның орыс емес халықтарын, Москваға қарсы күресіне пайдалану есебімен, оларға өзін-өзі басқаруды уезде беру жоспарын құрды, алайда бұл жоспарлар орындалмады. Сталин мен оның қасындағылардың әскери жеңілісінің күшеюі негізінен казармалық социализм идеологиясынан ауытқып, халықтың патриоттық сезімін күшейтуге тырысты. Дінге қарсы саясат әлсіздендірілді. 1943ж. Ташкент қаласында Мұсылмандар Орталық басқармасы құрылды және муфти сайланды. Барлық әдеби және көркем жанрлар патриоттық және ұлттық құндылықтарды уағыздап, ұлт-азаттық көтеріліс тарихы мен оның батырлары дәріптелінді.

2. Соғыс уақытында Кеңес Армия қатарына 1 млн. 200 мың қазақстандықтар шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы және басқа да бөлімдер құрылды. Фашистерге қарсы соғыста ерліктерімен аты шыққан атқыштар дивизиясы: 328, 310, 312, 314, 316, 387, 391, 8, 29, 102, 405 және 101, 101 ұлттық, 81, 105, 106 кавалерия дивизиясы, 74, 75 теңіз атқыштар бригадасы, 209 Зайсан, 219 минометті, 8-ші гвардиялық, 328, 30 гвардиялық дивизия, 75-теңіз бригадасы болды. Майданға 14,1 мың жеңіл және жүк автомобильдері, 1,5 мың трактор, 110,4 мың ат, 16,2 мың арба жіберілді.

Майдандағы әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар орден мен медальдармен марапатталды, 500 жуық адам Кеңес Одағы батыры атағына ие болды, олардың қатарында қазақтың қос аруы — Алия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова. Төрт қазақстандық — Талғат Бигельдинов, С.Луганский, И.Павлов, Ж.Л.Беда Кеңес Одағының Батыры атаған екі мәрте алды. Соғыстан кейін атақты қолбасшы Б.Момышұлы Батыр Жұлдызы тағылды. Берлинде Рейхстаг қабырғасына жеңіс туын Р.Қошқарбаев қарады. Көптеген қазақстандықтар жау қолында қалған аудандарда партизандық құрылымдар қатарында соғысты.

Айта кететін бір жайт, сол уақытта құрылған. Түркістан легионы. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ жүздеген мың кеңес армиясының солдаттары жау қолына тұтқынға түсті. Олардың қатарында басқа ұлт өкілдерімен қатар қазақтар, қырғыздар мен өзбектер болды. 80% жуық түркі тілдес солдаттар адам төзгісіз фашистік концлагерлерде қаза тапты. Тірі қалғандар қатарынан Кеңес Армиясына қарсы әскери бөлімдер құру жоспарланды. Қазақстан мен Орта Азиядан шыққандар қатарынан Түркістан легионы бірнеше батальондардан құрылды, алайда оларды фашистер майданда қолдана алмады. Көптеген легионшылдар қару-жарақты алысымен майдан шебінен өтіп Кеңес Армия қатарларына қосылды, кейбірі партизандарға қосылды. Ақырында легион тарқатылды.

3. КСРО-ның батыс аудандарын гитлершілдердің басып алуы, Сібір мен Қазақстанның экономикалық ел ретіндегі маңызы күшейтілді. Соғыстың алғашқы айларында үкімет билеушілері өндірістік өнеркәсіп орындарын көшіру мен айналысуы, олардың жау қолында қалдырмау қажеттілігінен туындады. Қазақстан аумағына аз уақыт аралығында елдің батыс региондарынан 142 өнеркәсіп әкеленіп, орнатылды және 532506 адам келді. Жаңа өнеркәсіп объектілерін салу жылдамдатылды. Соғыстың алғашқы бір жарым жыл аралығында Қазақстанда 25 рудник, шахталар, 11 түсті және қара металлургия фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разряд, 4 жаңа мұнай өндірісі мен Гурьевте мұнай өндіру заводы жұмыс атқарды.

Темір жол құрлысы жалғастырылды. 1942—1943жж. Макат-Орск және Ақмола-магнитогорск линиялары салынып бітті. Соғыс жылдары Қазақстан жалпыодақтың мыс қорытудан 30%, марганец рудасын 60%, мыс рудасын қазудан 50%, металл висмут, 65%, полиметалл рудасын 70%, қорғасын шығаруда 85% беріп отырды.



Республикада танктер мен самолеттер жасау үшін ақша жинау қозғалысы басталды. 1941ж. күзінде ВЛКСМ атындағы танк колоннасының құрлысына ақша жинау қоры басталды. Негізінде 1942ж. әскерге қазақстандық комсомолдар атынан 45 жаңа танк жіберілді. 1942—1943 жж. жергілікті халықтың жинақ қорынан тағы 10 танк колоннасы құрылды, бірнеше авиация эскадрилиясы, торпедолық катерлар мен атаулы самолеттер жасалды. Қазақстан халқы соғыс жылдары уақытында әскери техника құрылысына 480,3 млн. сом қаржы қосты.

Қазақстан ауыл шаруашылығы соғыс уақытында елге 30,8 млн. пұт астық, 14,4 млн. картоп және көк өніс, 15,8 млн. пұт ет, 3194 центнер сүт пен 17,6 мың центнер жүнді соғысқа дейінгі бес жылдан артық берді.

Республиканың бұл экономикалық табысы өте қиыншылықпен келді. Еңбекке жарамды ер адамдардың жартысынан көбі әскер қатарында болды. Өнеркәсіп орындарында әйелдер күші құрамы 50%-тен астам болды, ал жеңіл өнеркәсіпте 80—90% болды. Әскер қатарына дейінгі жастар мен жасөспірімдер жұмыс күші құрамы барлық Қазақстан жұмысшыларының 35—40% қамтыды. Еңбек тәртібі күшейтілді, жұмыс уақыты ұзартылды. 6 күндік жұмыс ақпары мен 11 сағаттық жұмыс уақыты белгіленді, демалыс айлары берілмеді. Еңбек тәртібін бұзумен өнеркәсіптін кету 5 жыл мен 8 жылға дейін түрмеге жабу мен айыпталынды.

Экономиканы басқару әскери тәртіпке енгізілді, азық-түлік карточкалық жүйеде болды.

Қазақстанның жұмыс күшінің маңызды бөлігін арнайы жер аударылғандар құрды. Соғыстың басында олардан Еңбек Армиялары құрылды, республикада олардың саны 700 мыңға жетті, олардың 200 мыңын қазақтар құрды. 1941ж. күзде Қазақстанда фашистермен ымыраға келушілік жаласы жабылған Поволжьеден 361 неміс жер аударылды. 1943—1944жж. Қазақстанға күшпен 507 мың балқар, карашай, ингуштер мен чечендер, 110 мың түрік-михетенцтер, 180 мың қырым татарлары көшірілді. Көптен ондаған мың адамдар көшірілгеннен алғашқы айларда — ақ аштық пен ауруға ұшырап қырылды, тірі қалғандары еңбек әскерлеріне айналды. Оларға жаңа жерлерін тастап кетуге тиым салынды, ол жағдай бұзылған болса, 20 жыл каторгалық жұмысқа жазаланды.

1)Тест

1.Ұлы Отан соғысы басталды

А) 1941ж

В) 1937ж


С) 1927ж

Д) 1924ж


Е) 1918

2.Берлин операциясы басталған уақыты

А) 1941ж 16 сәуір

В) 1942ж 16 сәуір

С) 1939ж 16 сәуір

Д) 1944ж 16 сәуір

Е) 1945ж 16 сәуір

3. Рейхстагқа ту тіккен кім?

А) Т.Бигелдинов

В) С.Луганский

Д) И.Кожедуб

Е)Р.Қошқарбаев

С) Г.Булатов

4. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны

А) 3,5 мың адам

В) 4,5 мыңадам

С) 5 мың адам

Д) 3 мың адам

Е) 7 мың адам

5. Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді

А) 1941ж

В) 1942ж


С) 1943ж

Д) 1944ж


Е) 1945ж

2) Бақылау сұрақтары

1.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы

2. Соғыстың басталуы

3. Мәскеу шайқасы

4. Ленинград шайқасы

5. Ерлік көрсеткен қазақстандықтар

3)Үйге тапсырма?

1.Жеңіс қорының түрлері туралы оқу

2.Соғыс жылдары салынған құрылыстар


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Балақаев Т.Б., Алдажұманой Х.С. Қазақстан еңбекшілері – майданға.

2.Козыбаев М.К. Казахстан арсеналфронта. - А., 1970.

3.Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай. Естеліктер. - Истанбул, 1997.


Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан

(1941-1945жж)

Сабақтың жоспары: 1.Соғыс жылдарында отан қорғау қорына қаржы

жинаудағы қазақстандықтардың патриоттық қозғалуы.

2. Қазақстандықтардың еңбектегі ерліктері

3.Ұлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи маңызы.


Сабақтың мақсаты:Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Қазсқстандықтар-дың тылдағы жаппай ерліктерін көрсету.

Сабақтың міндеті:Тоталитарлық тәртіптің соғыс жылдары нығая түсуі. Ұлт саясатындағы озбырлықтар. КСРО территориясындағы жеке халықтарға сенімсіздік көрсетілуі. Қазақстанға еріксіз қоныс аударған халықтардың (неміс, шешен, қарашай, т.б.) жағдайы.

Соғыс кезіндегі ауыл адамдарының еңбектегі ерлігі. Ыбырай Жақаев, Шығанақ Берсиев, т.б. Майдан мен тылдың тұтастығы. Қазақстан еңбеккерлерінің соғыста қираған аудандарға берген көмегі.

Адамзат қоғамының соғыстан шеккен зардабы. ХХ-ғасырда болып өткен екі дүниежүзілік соғыстардың әкелген қасіреті. Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен сабақтары.

Сабақтың мазмұны: Соғыстың бірінші күнінен бастап Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Мұның өзі жалпы одақтық экономикаға, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан жасауға тура келген саласында да арттыруды талап етті.

Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. Төрт жыл уақытында олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің барлық бұрынғы шығарған өнімінен 3 млн. тонна артық болды. Орал-Ембі мұнайлы аудандарының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39% арттырды, электр қуатын өндіру екі есеге жуық өсті.

Республика мыс (35%), қорғасын (85%) өндірудегі жетекші орынды сақтап қалды, сонымен қатар зерттелген кен орындарының негізінде металл шығаруға, байыту, балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кен орындары, Ақшатау молибденвольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары және т.б. салынды. Осы кен орындарының арқасында республика молибденнің одақтық көлемінің 60%, металл висмутының 65%, полиметалл рудаларының 79% берді. Осы нәтижеге жетуге жұмысшылар, техниктер мен инженерлер: А.Баймуханов, Б.Смағұлов, В.Дементюк, А.Казакова, Д.А.Косых, Д.А.Қонаев, М.А.Муньянова, А.Сафин, А.М.Сиразутдинова, Т.Хайдин және олардың шәкірттерімен ізбасарлары ерекше үлес қосты.

1941—1945жж. барлығы 460 завод, фабрика, кен орны, шахта және жеке өндірістер салынды. Олардың қатарына көшіріліп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын заводтар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Өндірісті игеруге, одан кейін қару-жарақ түрлерін жетілдіруге конструкторлар, инженерлер мен кәсіпорындардың озат жұмысшылары: И.А.Аристов, Г.А.Бариков, Н.К.Пышкин, П.Х.Резчик, Л.Я.Семлинова, Я.И.Фефер, Н.Шмарин баса көңіл бөлді. Бұл өндірістің сан және сапа көрсеткіштерін жақсартуға көмектесті. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940ж. 16%-тен 1945ж. 35% дейін өсті.

Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37% өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімінен 2% жоғары. Осы нәтижелерге еңбектегі үлкен ауытрпалыққа, жоқшылық пен қиыншылықтарға қарамай қол жетті. Бірақ соғыс алда тұрған міндеттерді орындаудың басқа жолы мен әдістерін іздеу мүмкіндіктерінен толық айырды немесе мейлінше шектеді, сондықтан адамдар майданның талаптарын орындаудан күші мен мүмкіндіктерін аяған жоқ.

Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің еңбек жағдайы мен міндеттер күрт өзгерді. Қиын жағдай кадрлар туралы мәселе болды: майданға аттанған қазақстандықтардың шамамен үштен екі бөлігі ауыл мен селолардан кетті. Әскер қатарына шақырылған ер адамдардың орнын негізінен әйелдер басты. Соғыстың соңына қарай көптеген колхоздарда жұмыс істегендердің 70—80% әйелдер болды. Оның бер жағында жылына 400 және одан көп, яғни міндетті минимумнан үш есе жоғары, еңбеккүн тапқан әйелдердің саны 1940ж. 20607-ден, 1945ж. 94202-ге жетті.



2. Құрғақшылық болған 1943ж. Ақтөбе облысы “Құрман” колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 центнер өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда облысы “Авангард” колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172ц. өнім алып, дәл сондай табысқа жетті. Қаскелең ауданы ІІІ Интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мухамедиева қант қызылшасынан гектарынан 600ц. өнім алды.

Мал өсірушілер де күш-жірегімен білім тәжірибесін аяған жоқ. Жезқазған ауданы, Амангельді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын жүз қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау облысы “Жаңа талап” колхозының жылқышысы Ш.Шұғампова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Қазақстанның батыс облыстарында жау қолында қалған аудандардың 370 мыңдай малы бағылды, 1943ж. олар кері қайтарылды. Өз малдарын және батыстан айдап әкелінген малдарды сақтап қалуға, соғыстың аяғында ірі қара, қой мен ешкі жөнінен олардың соғысқа дейінгі санын біраз көбейтуге мүмкіндік берген қары жұқа шөлейтті және жартылай далалық өңірлерде малдың бір бөлігін жайып бағуға уақытында көшіру және оны ұйымдастыру болды. Бұл мал өсірушілердің еңбегін біраз жеңілдетті. Соғыс уақытындағы бірінші қыста осындай учаскелерде 2,1 млн. мал бағылды (24%), ол содан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46%) бағылды.

Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді: 1941—1945жж. Олар майдан мен елге 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.


1) Тест

1.К.О.Горбачев атындағы шахтаның шахтері Ыбырай Нұров жеңіс қорына қанша мың тонна көмір аударды?

А) 3

В) 5


С) 7

Д) 10


Е) 6

2.Ұлы отан соғысы кезінде оқушылар егіс даласында жұмыс істеп «Қазақстан пионер» қорына қанша мың сом аударды?

А) 500 мың

В) 600 мың

С) 400 мың

Д) 200 мың

Е) 100 мың

3.Н.Назарбаевтың өкімімен Б.Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді

А) 1998ж

В) 1997ж


С) 1999ж

Д) 1996ж


Е) 1990ж

4.Сағадат Нұрмағанбетовке Кеңес Одағының Батыры атағын берді

А) Мәскеу үшін шайқаста

В) Сталинград шайқасында

С) Ленинград шайқасында

Д) Берлин шайқасында

Е) Брест қамалы үшін шайқасты

5.Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды

А) Т.Бигельдинов

В) Қ.Аухадиев

С) Қ.Қасенов

Д) Р,Қошқарбаев

Е) Ж.Елеусізов

2) Бақылау сұрақтары

1.Тарының гектарынан 201ц. өнім алып, дүние жүзілік рекорд жасаушы звено жетекшісі кім?

2. күріштің гектарынан 260 пұт жинап, рекорд жасаушы звено жетекшсі

3. Қызылшаның гектарынан 600ц. өнім жинаған ІІІ Интернационал ұжымшарының звено жетекшісі кім?

4.Қант қызылшасын өңдеу әдістерін жетілдіруші кім?



3) Үйге тапсырма?

1.Соғыс жылдарында отан қорғау қорына қаржы жинаудағы қазақстандықтардың патриоттық қозғалуы туралы оқу

2.Қазақстандықтардың еңбектегі ерліктері терең түсіну

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Балақаев Т.Б., Алдажұманой Х.С. Қазақстан еңбекшілері – майданға.

- А., 1985.

2. Козыбаев М.К. Казахстан арсеналфронта. - А., 1970.

3. Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай. Естеліктер. - Истанбул, 1997.

4. Аманжолов К. Қазақстан тарихының дәрістер курсы II–кітап.–Алматы,2005 ж.



Сабақтың тақырыбы: 1946-1970 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси

өмірі.

Сабақтың жоспары:1. Әкімшіл-әміршіл жүйенің орнығуы.

2. КОКП-ң XX съезі «Халық жауларын» ақтау



Сабақтың мақсаты: Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің орнығуы, Қазақстандағы лагерлердің тарихын көрсету.

Сабақтың міндеті:Бейбіт тұрмысқа өтуі. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың күрделі сипаты. Соған байланысты ішкі дамуда әскери-өнеркәсіптік базаны жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа салаларының қалыптасуы. Транспорт.

Ауыл шаруашылығы. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін басу шаралары. Жеке меншіктегі мал санын өсіруге тиым салу. Рыноктық қатынастарға қарсы қойылған шектеулер. Н.Алдабергенов, Ж.Қуанышбаев және басқа еңбек ардагерлері. "Тың және тыңайған" жерлерді игерудің басталуы.



Сабақтың мазмұны: Кеңес үкіметінің соғыстағы жеңісі оның державалық империялық элитада өсуіне алып келді. Орыс халқының жеңістегі негізгі ролі айрықша көрсетіле бастады, олардың басқа елдер тарихындағы ролі қайта қарастырыла бастады. Сол сияқты қазақтың тарихындағы ролі де қарастырылды. Осыған байланысты ұлттық интеллигенция арасында буржуазиялық ұлтшылдық туралы тезис шықты.

Үкімет жағынан ең қатаң сын объектісі ретінде 1943 жылы шыққан, “Қазақстан тарихы” болды. Идеологиялық стандарттарға сай жүруге мәжбүр ету, ұлттық ойлауды басу., шовинизмнің, тіпті ұлттық фашизмнің мәдениет пен ғылымда басшылық етуі басталды. Қоғамдық танымға Ресейдің орыс емес халықтардың тарихындағы ерекше миссияндық ролі туралы, Ресей отарлауының жақсы жағы туралы түсінік бастады, Қазақтар тарихы басқа түрік және мұсылман тарихынан бөлектетіліп Ресей тарихымен байланыстырыла бастады. Ұлттық азаттық қозғалысы реакциялық қозғалыс ретінде көрсетіле бастады, қазақтардың кейбір азаттық көтерілістері шындыққа сай топтық жіктеліс көтерілісі деп, антифеодалдық деп жариялана бастады.

Жаңа идеологиялық құрылымдармен келіскісі келмеген ұлттық интеллигенция өкілдеріне қатаң жазалар қолданылды.

40 жылдардың аяғи 50 жылдардың басында тарихшылар Е.Бекмаханов репрессияға ұшырады, М.Әуэзов, Қ.Сатпаев, Е.Исмаилов, Х.Жүмалиев, А.Жұбанов және басқалары құдаланды. 1951 жылы Ұлттық эпос, “Қобыланды”, “Ер Сайын”, “Шора-Батыр”, “Ер Едіге” және басқалары сияқты ұлттық мәдениет қазыналары орталықтан сынға ұшырады. Олар феодалдық хандар мен қанаушыларды жақтайды деп жарияланды.

1953 жылғы Сталиннің өлімі ғана репрессияның жаңа толқының тоқтатты.

40 жылдардың екінші жартысы 50 жылдардың басы лагерьлер жүйесінің апогеемі болды. Есіл даласындағы лагерьдің өзінде 1949 жылы 200 мың қамалғандар болды. Ірі лагерьлер Қарағанды және Жезғазған лагерьлері болды. Қамалғандар негізінен фашист қамауына түскен солдаттар мен офицерлер, сол сияқты Прибалтика, Украина, Белоруссия және Кавказдағы Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліске қатысқандар болды. 1948 жылы “контрреволюциялық” және “антикеңестік” әрекеттері үшін сотталғандарға арналған арнаулы тәртіп лагері құрылды.

Дәл осы 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында көтерілістер бұрқ ете түсті. 1952 жылы Жезқазғанның жанында орналасқан Кенгір лагерінде қамалғандар көтеріліс бастады. Осы жылы Екібастұз да көтеріліс болды. Бұл екі стихиялық көтерілістер де ішкі істер мен әскер күштерімен басылды.

Бейбіт өмірге оралу негізінен әскери тауарларды шығаруға бағытталған экономиканы толықтай қайта құруды талап етті. Сол сияқты соғыс жылдарында жергілікті рынокты (импер) либерализациялау болды, ауылшаруашылығының тиімділігі өсті ұлтшылдық бен патриотизміне қарай марксизмнің идеологиялық диктаты әлсіреді. Дегенмен өкімет Германияны жеңгеннен кейін экономикалық саяси өмірдің соғысқа дейінгі түрлеріне қайта оралды.



2. 1953 жылдың наурызында 20 жылдардың аяғынан бастап үздіксіз ел басқарған И.Сталин қайтыс болды. Оның орнын үкімет үшін күресті бастаған диктаторлар Маленьков, Молотов, Берия және Хрущев болды. Наурыздың аяғында жаңа басшылық жүйені либерализациялау бойынша шаралар қолдана бастады.

Бес жылға дейінгі сотталғандар, кәмелет жасқа жетпегендер, экономикалық әкімшілік және әскери құқық бұзушылық пен қамалғандар үшін амнистия жарияланды. Бірнеше күннен кейін 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында саяси істер бойынша ірі тергеу жүргізу нәтижесінде Мемлекеттік органдарының заңды бұзушылығы туралы қаулы қабылданды. 1953 жылдың шілдесінде 30-50 жылдардағы репрессияның басты ұйымшысы Л.Берия қамалды. ГУЛаг ішкі істер министрлігінен юстиция министрлігіне берілді, саяси полиция жеке ұжым – Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті болды. (КГБ)

1955 жылы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистерге көмек жасағаны үшін қамалғандарға амнистия жарияланды.

Көшу еркіндігіне шектеулер сақталды, немістер мен қырым татарларынан саяси кінә алынбады, саяси қамалғандардың көпшілігі тек 1956 жылдан кейін ғана амнистияға ұшырады, бұл Н.Хрущевтің КОКП-ң ХХ съезіндегі әйгілі баяндамасынан кейін болды, Баяндамада бірінші рет Сталиннің жаппай репрессия жасауындағы өзіндік әрекеті туралы айтылды. Дегенмен саяси жүйені либерализациялау толық болмады. Әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізудегі барлық сәтсіздіктер және жүйенің қылмыстары Лениндік принциптерді бұрмалау нәтижесінде болды деп жарияланды, бұл партия мен елдегі басшылықтан жалпы жауапкершілікті алды.

Репрессиялық әдістерден бас тартуға қарамастан басшылық етудің әкімшілік топтық принципі сақталынды және әрі қарай дами берді. Республикалар, соның ішінде Қазақстан да Мәскеу бақылауында қала берді. Мәскеу республикалар басшыларын өз білгенінше өзгертіп отырды. Сөйтіп 1954 жылдың ақпанында Қазақстан Компартиясының VII съезінде, Кремльдің шешімі бойынша Ж.Шаяхметовтың орнына П.Понамаренко қойылды. Содан кейін Қазақстан ОК-ң хатшысы болып Л.Брежнев сайланды. Ол Pеспубликаны 1955-1956 жылдары басқарды. 1957-1958 жылдар десталинизация процесінің шыңы болды. 1957 жылдың ақпанында чечен, ингуш, балқар, қарачай және қалмақтар реабилитацияға ұшырады. Оларға отандарына қайтуға рұқсат берілді. Саяси репрессия құрбандарын реабилитация жасау басталды, бірақ ол таңдамалы түрде жасалынды және аяқталған жоқ. 1958 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданды, онда “Халық жауы” деген түсінік жоқ болды, тергеу кезінде қауіп төндіру және зорлық жасауға рұқсат етілмеді, кінәсіздік презумпциясы заңдалды.

1952 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Компартиясының ОК-ң бірінші хатшысы болып Ж.Шаяхметов сайланды.

Жаңа бесжылдық жоспар бойынша республикада өндірістік құрылыстың өсуі алға қойылды. Капиталдық ақша салудың жалпы көлемі 28,5 млрд. сом болды. Бірақ кейінгі оқиғалар елдегі маңызды өзгерістерге алып келді.

1)Тест

1.Тың игерушілер барар жеріне дейін тегін көшірілді және әр отбасына көрсетілді

А) 500-1000сом көмек

В) 500-600 сом көмек

С) 150-200 сом көмек

Д) 400-500 сом көмек

Е) 300-400 сом көмек

2. Карточка жүйесі жойылды

А) 1953ж

В) 1946ж


С) 1947ж

Д) 1943ж


Е) 1654ж

3.Сталин қайтыс болды

А) 1953ж

В) 1946ж


Д) 1947ж

Е) 1943ж


С) 1954ж

4. «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама

А) Н.С.Хрущев

В) Сталин

С) Горбачев

Д) Л.Берия

Е) Н.Ежов

2) Бақылау сұрақтары

1.1940-1950 жылдары әкімшіл-әміршіл жүйенің нығая түсуі

2.Шарушылықтарды бейбіт жолға көшіру

3.Қоғамдық ұйымдардың атқарған міндеттері

4.Қаралған мәселелері

5. Нәтижесі



3) Үйге тапсырма

1.Басқару жүйесіндегі реформалар жайлы оқу

2.Саяси қысым жағдайы туралы түсіну
Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана.

XX век. - А., 1997.

  1. Верт Н. История советского государства. 1900-1991. - М., 1992.

  2. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. - А., 1992.

  3. Козыбаев И.М. Историческая наука Казахстана. - А., 1992.

  4. Қозыбаев М.Қ Ақтаңдақтар ақиқаты. - А., 1992.

  5. Кунаев Д.А. О моем времени. - А., 1992.


Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.

Сабақтың жоспары: 1. Тың игеруге жаппай кірісу.

2. Тыңның алғашқы табыстары.

3. Тың игерудің зардаптары.

 Сабақтың мақсаты:Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің табыстары мен зардаптарын көрсету.



Сабақтың міндеті: Қазақстанның "тың және тыңайған" жерлерін игеру. Эксперименттің алғашқы нәтижелері. Оның экологиялық, зкономикалық және демографиялық салдары. Табиғи жайылымдардың жойылуы, жер қыртысының эрозияға ұшырауы. Мал шаруашылығындағы жағдай.

Экономиканы басқарудағы реформалар. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық, отарлық бағытынын тереңдей түсуі.

 Сабақтың мазмұны: 1954 жылы КОКП ОК-ң шешімі бойынша егістік көлемін мемлекетте ұлғайту үшін Солтүстік Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ аудындарындағы тың жерлерді игеру көзделді. Бірақ, бұл аудандардың жерлері топырақ құнарлығы төмен ылғалдылығы жеткіліксіз, әрі қолайсыз жерлер болатын. Ол жерлердегі шаруашылық негізінен арта қалған және агротехникалық әдістерді толық меңгермеген аудандар еді. 1954 жылдың тамызына дейін Қазақстанда 6,5 млн.га, жер жыртылса, 1955 жылдың басында игерілген жерлердің көлемі 8,5 млн. га жеткізіліп және 90 жаңа совхоздар құрылды. 1954 жылдың күзіне қарай тағы да 250 совхоз құрылды. Тың жерлерді игеру жылдарында (1954-1960ж.ж.) барлығы 25,5млн. га жер игерілді. Осы жаңа жерлерді игеру үшін жұмысшы күшін елдің батыс бөлігінен мобилизациялау арқылы көптеген адамдарды әкеліп, оларға бірқатар жеңілдіктер жасалды. Мысалы, көліктермен тегін жүру, 1 мың сомға дейін ақшалай көмек, баспана салып алуларына – 10 жылға дейін 20 мың сом, 2 мың сомға тарта ақша – мал өсіруіне көмек ретінде берілді. Ондай адамдарды ауылдық жердің салығынан – 2 жылға немесе 3 жылға дейін босатты. 1954-59 жылдары барлық тың игеруге кеткен шығын 20 млр. сомды құрады.

Тың игерудің алғашқы жылдарында 1954 жылғы құрғақшылықтан басқа жылдары бірқатар жетістіктер болды. 1956 жыл елде жақсы табысты жыл болды. Сол жылы егістіктен алынған өнім – 125 млн. тоннаны құрады, оның 50%-тін астық беретін совхоздар құрса, 50%-тін жаңадан игерілген жерлер берді. Тың игеру барысында табиғи тепе-теңдік бұзылды және жердің құнарлы топырағы желге ұшып, жер тозды (эрозияға ұшырады). Осындай жағдайға байланысты күрделі экологиялық мәселе туындады. 1960 жылдардың басына қарай құрғақшылық жылдар басталып, 1963 жылы өте құрғақшылық болып, мемлекет сыртқы елдерден 12 млн. тонна астықты 1 млрд. сомға сатып алды. Сөйтіп, тың игеру жылдары жердің құнарлығы жылдан-жылға нашарлады. Мысалы, 1954-1958жж. орташа көлемі 7,3 ц (га болса) 1961-1965жж. – 6,1 ц/га астық өнімінің мөлшерін ғана көрсетті.

Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында жыртылған көлемді жерлер Қазақстанда шалғындық жерлер мен жайылымдық жерлердің де көлемінің қысқаруына себепші болды. Аймақтық жерлерде дәстүрлі ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. 1955 жылы КОКП ОК ССКР-ң арнайы шешімі бойынша 47 аудандар мен 225 совхоздарға ет өнімін өндіріп беру міндеттелді. Одан кейінгі уақытта жайылымдық жерлерді кеңейту қолға алынып, мал шаруашылығын дамытуға байланысты тұрақ қоныстар салынды. Нәтижесінде шаруашылықты көтеру қиынға түсті. 1960 жылы мал басы – 37,4 млн. болды. Бұл жерлерде тұрғылықты қоныстардың өсуіне байланысты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туындады. 1962 жылы еттің бағасы – 30%-ке өссе, майдың бағасы – 25%-ке өсті. Жоспарланған өндіріс өнімі үш есе кем көрсеткішті көрсетті.

2. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикасында қиыншылықтар болды. Ең үлкен проблема өндірістік мекемелері КСРО-ның басқа батыс өңірлеріне эвакуация жасалынған тұрғындардың қайтіп келуінен кейін жұмыс күшімен қамтамасыз ету болды.

Кадрлардың жетіспеуі көбейді, еңбек тәртібі төмендеді, еңбек өнімділігі күрт түсті. 1946 жылы өндірістің төмендеуі байқалды, бұл үкіметті басшылық әкімшілік әдістерді қайта пайдалануға мәжбүр етті. Ол өндірісте нәтижесін берді.

1947 жылы Өскемен қорғасын цинк комбинаты жұмыс істей бастады. Екібастұздағы көмір шығару құрылысы аяқталды. Ақтөбе және Балқаш комбинаттары жаңаша жұмыс істей бастады. Мұнай шығарыла бастады. Транспорттық жүйе дамыды, 1950 жылы Моинты-Шу теміржолын соғу аяқталды. ХХ ғасырдың 50 жылдардың басы тоталитарлық жүйені реформалау әрекеттерімен, саяси өмірді либерализациялау, репрессиялық саясаттан бас тартумен ерекшеленді.

3. Ауыл шаруашылығында МТС (машина-трактор станциялары) құру және техникаларды сатып алу колхоздар мен совхоздарға жүктелді. Сөйтіп, халыққа қажетті шаруашылықтың саласы деп, жүргізілген реформаға байланысты мекемелер құруға бет алды. Бірақ кейінгі уақытта колхоздардың жағдайы төмендеді, себебі техникаларды сатып алу және қорларды сақтау қиынға түсті. Бұл реформа техника мамандары механиктер мен механизаторлардың келуін талап етті, олардың келуіне байланысты ауыл шаруашылығындағы техника тұрақтары қысқарды. Қазақстанда техниканың кемуі негізінен тың және тыңайған жерлерді игерудің дағдарысқа ұшырауымен байланысты болды.

1)Тест

1.Тың игеру жүргізілген облыстар

А) павлодар,Ақмола,Көкшетау,Қостанай,Солтүстік Қазақстанғ Торғай

В) Павлодар, Ақмола,Көкшетау, Қостанай,Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе

С) Павлодар, Ақмола, Көкшетау,Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды

Д) Павлодар, Ақмола, Көкшетау,Қостанай, Орал

Е) паылодар, Ақмола. Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Атырау

2.Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді

А) 1953ж

В) 1946ж


Д) 1947ж

С) 1943ж


Е) 1954ж

3.1954-1958 жылдары мал шаруашылығана қанша мыңнан астам адам жіберілді

А) 52 мыңнан

В) 45 мыңнан

С) 65 мыңнан

Д) 75 мыңнан

Е) 15 мыңнан

4.Тың игерушілер барар жеріне дейін тегін көшірілді және әр отбасына көрсетілді

А) 500-1000сом көмек

В) 500-600 сом көмек

С) 150-200 сом көмек

Д) 400-500 сом көмек

Е) 300-400 сом көмек

2) Бақылау сұрақтары

1.Тың игеруге жаппай кіріскен халықтар туралы оқу.

2.Тыңның алғашқы табыстары туралы оқу.

3.Тың игерудің зардаптарын терең түсіну



3) Үйге тапсырма

Жалпы өтілген тақырып бойынша тест сұрақтарын түзу.


Пайдалылған әдебиеттер:

1. Абжанов X. Сельская интеллигенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. - А., 1990.

2. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. - А., 1997.

3. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. - А., 1992.

4. КозыбаевИ.М. Историческая наука Казахстана. - А., 1992.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан кемелденген социализмнің дағдарыс

жылдарында(1965-1985 ж.ж.)

Сабақтың жоспары: 1. Қазақстанның экономикалық даму бағыты.

2. Қазақстанның әлеуметтік даму бағыты.



Сабақтың мақсаты:Қазақстанның тоқырау кезеңіндегі экономикалық, әлеуметтік, даму қайшылықтарына талдау жасау.

Сабақтың міндеті:Жоғарғы биліктегі өзгерістер. Л.И.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. Идеологиялық саясаттағы консерватизм және экономикадағы реформалар.

Қалалар. Урбанизация және оның салдары.

Ауыл шаруашылығы. Еңбек өнімділігінің деңгейі. Тиімділік мәселесі.

Халықтың тұрмыс-жағдайы. Тұрғын үй мәселесі. Экологиялық дағдарыстар. Арал теңізінің тартылуы. Семейдегі ядролық қаруларды сынау полигонының зардаптары. Инфляция. Тұрмысқа қажет тауарлар дефициті.



Сабақтың мазмұны: 1966 жылы басталған экономикалық реформа алғашқы кезеңдерде экономикалық дамуға үлкен ықпал етті. 9-шы 5 жылдықтың басында жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша және экономикалық ынталандыруда жалпы көлемде 84% немесе 1578 Қазақстан өндіріс орындары жұмыс істеді. 8-ші 5 жылдық жоспары экономикалық көрсеткіштер бойынша толығымен орындалды:

Жалпы өндірістік өнім 56%-ке, ал ауылшаруашылығы 54%-ке артты. Өндірістің көптеген саналарында үлкен жетістіктер көріне бастады.

Дегенмен де, соңғы осындай шараларға қарамастан бұл экономикалық реформа басынан-ақ ретсіз және толық жан-жақты қаралмаған болатын. Сол кезде қалыптасқан әкімшілік-әміршіл жүйе бұл жаңа реформаның дамуына үлкен кедергі келтірді. Сонымен 70 жылдың басындағы жаңа реформадағы қоғамдық өндірісті дамытуға арналған идеялар дұрыс нәтиже бермеді. Бұл реформаның негізгі мақсаты кәсіпорындардың өздігінен өз шаруашылығын дамытуы жоғарыдан қойылған есеп-жоспарды тежеді. Осының нәтижесінде ынталандыру қорларының өміріне де өзгерістер енді. Көптеген кәсіпорындар пайдаға жету жолында оңай жолға, яғни өз өнімдерінің бағасын көтеруге көшті. Бағалардың өсуіне байланысты түскен пайда жалақыны өсірді. Ал бұның өзі өнімсіз еңбекке әкелді, осының салдарынан 70 жылдары басталған экономиканың дамуына кері әсер етуші инфляцияны тудырды. Реформа толық қарастырылмағандықтан әкімшілік және экономикалық басқару билігін арттырды. Жоғарыдан бір орталықтан басқару саясаты сақталды. Соның салдарынан ешқандай нәтиже болмай, экономикада жалпы көрсеткіш қала берді.

Бірақ реформаның сәтсіз аяқталуының себебі, саяси сферадағы демократияландыру саясатында жатты.

Тек қана экономиканың осы шектелген ұйымдар-техникалық сферасы қоғамның саяси құрылымына әсер етпеді. Жекеменшік қатынасты, мемлекеттік монополия меншігін, яғни бюрократия үстемдігін сақтады, нарықтық қатынасты шектеді. Брежневпен оның жанындағылар реформа негізіндегі терең экономикалық қайта құруларға қарсы шықты, олар әкімшілік жүйені жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құруларға ұластырғысы келмеді.

70 жылдың басында реформаның тежелуі басталды. Бұл кезең “Тоқырау” деп аталды. 70 жылдары шаруашылықты дамыту механизмін жақсартуға ешқандай талпыныс болмады, жоспарлау мен ынталандыру қажетті тиімділікке қол жеткізбеді. Нәтижесіз шаралар өсті – қорландыру төмендеді, жаңа өнім шығару, болу дамып отырды, экстенсивті факторлар бұрынғыдай экономикалық дамуды анықтап берді. Негізінен бағытталған басқару принципі өзгеріссіз қалды. 9-шы 5 жылдықта өндіріс Республика экономикасының жетекші ролі болды. Жалпы қоғамдық өнімнің құрылымында 1970ж. оның үлес салмағы 48% болды. Оның үлесіне халық шаруашылығы қорының 38,8%-і тиді, оның жұмысшылары 1052 мың адам, яғни Республикадағы бүкіл жұмыскерлердің 22,4%-і болды.

1970-1985 жылдары Республика өндірістік көрсеткішінің нақты дамуы жүріп жатты. Өндірістің дамуына 40,8млрд.сом жұмсалды, немесе шаруашылық қорының 32% кетті. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе өсті, сонымен бірге химиялық және мунайхимиялық 6,5 есе, машинажасау 4 есе, жылу өндірісі 3,8 есеге өсті. 15 жылдың ішінде өндірістік жалпы өнім 2 есеге өсті, ал машина жасау және химиялық өндіріс 3 еседен артық өсті. 1000-ға жуық жаңа өндіріс орындары мен цехтар іске қосылды. Оның ішінде Қазақстан газ өндіру зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдар зауыты, Павлодар және Шымкент мунай өңдеу зауыты, Қарағанда металлургиялық комбинатты, Екібастұз және Жамбыл фосфор зауыты, Жайрам таукен комбинаты т.б. Өндіріс өнімдерін өндіруден Қазақстан КСРО-да 3 орынды алды. (РСФСР мен Украинадан кейін). Аймақтық өнім өндіру кешені құрылды – Маңғышлақ, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз. Экономикалық потенциалдық өсуі халықшаруашылық айналымға шикізат және жылу-энергетикалық ресурстар енгізу есебінен болды.

Экономиканы қатаң бір орталықтан басқару кезінде өнеркәсіптің шикізатқа бағытталған саласы сақталды. Орталықпен келісе отырып, көбінесе барлық күшті қазба-байлық алуға жұмсады. Бұған барлық ірі қорлар құйылды, соның салдарынан ғылыми өнеркәсіптер мүлдем артта қалып қойды. Қазба жұмыстарының көлемі 80 жылдары республика өнеркәсібінде орта есеппен 1,7 есе артық болды. Кәсіпорындардың жартысына жуығы одақтың әкімшілікте болды. Республикадағы шикизат өнімдерін ірі көлемде қазып алуда үлкен пайда түскенімен, одақтық әкімшілік республикалық бюджетке, инфрақұрылымның дамуына мүлдем қаржы бөлмеді. Бір жылдағы жалпы пайда көлемі – 15 млрд. сом болса, осындай 30 млн. сом немесе 1% тей аз қаржы бөлініп отырды. Жалпы көрсеткішті көтеру жолында бәрін де құрбан еткен одақтық әкімшілік әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын сонымен қатар ұлттық жұмысшы топ дайындауды және қоршаған ортаны қорғауды мүлдем ұмыт қалдырды.



2. 70-80жж. адамдардың көпшілігі кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери,, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты еді. Мұндай артықшылықтар әлеуметтік теңсіздіктің арнаулы түрін туғызды, іс жүзінде алып қарағанда, сомның сатып алу құны әртүрлі тұтыну рыноктарын қалыптастыру болды. Бюрократия артықшылықтарды бөлуде шендік принципті қатаң сақтады. Олардың көлемі қызмет орнының дәрежесімен белгіленді.

Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды. Қаралып отырған дәуірде оны шешуде кейбір алға басу байқалды. 2208,7 мың пәтер салынып, 13 миллиондай адам жаңа пәтер алып, өз үйін салып алып немесе пәтер кеңейтіп өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты.

Алайда халық санының өсуіне байланысты олар тұрғын үймен толық қамтамасыз етілмеді. Үй салуға бөлінген күрделі қаржы азайды, осыған сай салынған пәтердің саны да азайды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек он бірінші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады. Осындай жағдайда 70-және 80-жылдардың басында республиканың орталығында және облыс орталықтарында құны қымбат әкімшілік үйлері салынып жатты.

Республика экономикасының орталық ведомстволарға бағыныштылығы, әлеуметтік-мәдени салалардың проблемаларын бағаламау, олардың дамуына ресурстарды қалдық принцип бойынша бөлу мынаған әкеліп соқтырды: Қазақстан халықтың тұрмыс дәрежесін белгілейтін көптеген көрсеткіштер бойынша жалпы одақтық көрсеткіштерден артта қалып қойды. 70-80жж. Одақтас республикалардың даму дәрежесін теңестіру туралы жарияланған ереже іске аспады. Қазақстанның көптеген аудандары, ең алдымен Семей ядролық полигонның зардабы тараған аймақ, Арал өңірі жан баласы төзгісіз қиын жағдайда еді. Негізінен қазақтар тұратын алыстағы селолық аудандар қалыпты дәрігерлік көмекпен, ауыз сумен, көкөніспен, жеміспен қамтамасыз етілмеді, оларда балалар мекемелері, кітапханалар және т.б. жетіспеді. Мұндай жағдай республика мен орталық арасындағы қарама-қайшылықтың қауырт шиеленісуіне объективті негіз болды.

Республика халқының тұрмыс дәрежесінің жағдайын қарастыра отырып, 70-80-жылдары соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырғанда халықтың негізгі бөлігінің жағдайы жақсарғанын мойындау қажет. Жанұялардың көпшілігінде теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина, үй жиһаздары және басқа ұзақ пайдаланылатын заттар пайда болды. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі тұрмыстың көріністері – жер кепелер, барактар көзден ғайып болды деуге болады, коммуналды пәтерлерде тұратындардың саны азайды. Туристік сапармен шетелді, елді аралаушылардың, санаторийлар мен демалыс үйлерінде демалаушылардың саны көбейе түсті.

Алайда әлеуметтік саланың проблемалары оларды шешу қарқынынан тез көбейді, оны қалдық принцип бойынша қаржыландыру дәрігерлік қызмет, мектепке дейінгі тәрбие, білім беру сапасының артта қалуына әкеліп соқтырды. Жағдай, әсіресе, ауылдық жерлерде нашарлады. Тұрғын үй, мәдени-тұрмыс объектілерін салу, қызмет көрсету саласын дамыту халықтың қажетінен барған сайын артта қала берді, мұның бәрі халықтың заңды наразылығын туғызды. Азық-түліктің, сапалы өнеркәсіп тауарларының тапшылығы күшейді, адамдар өмірінің орташа ұзақтығы қысқарды. Еңбекке немқұрайлы қарау, өндірістегі ұрлық, еңбек тәртібінің құлдырауы, маскүнемдік, қылмыс жасау жаппай құбылысқа айналды, “қылмысты экономика” дамыды. Мұның бәрі әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйені күйретуге алып келген объективті себептер еді.



1) Тест

1.ХХ ғ. 70 –ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған

А) И.Головацкий

В) А.Кадыров

С) Н.Ким

Д) И.Худенко

Е) С.Мұқанов

2.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Тқралқасы республиканың жаңа Конститутциясы жобасын «бүкілхалықтық талқалауға» ұсынған жыл

А) 1980

В) 1978


С) 1960

Д) 1977


Е) 1979

3.1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі мектептердің көпшілгі

А) қалалақ жерлердегі мектептер

В) Орыс+қазақ мектептері

С) Мектеп-гимназиялар

Д) Лицей-мектептер

Е) шағын комплектілі мектептер

2) Бақылау сұрақтары

1.1962-1969жылдары реформашылдық дүрбелең кезең

2.Қазақ КСР-нің жаңа конститутциясы

3.1989 жылғы Невада-Семей қозғалысы

4.КСРО-Қытай қатынасы

5.1980 жыл ортасындағы КСРО-ның сипаты

3)Үйге тапсырма

1.Қазақстанның экономикалық даму бағытын оқу.

2.Қазақстанның әлеуметтік даму бағыты туралы терең түсіну.
Пайдалылған әдебиеттер:


  1. Алма-Ата. 1986. Декабрь. Книга-хроника. - А., 1991.

  2. Алматы. 1986. Желтоқсан. 2, 3-кітап. - А., 1992.

  3. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. - А., 1994.

  4. Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Қазақстан Республикасы

Президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Горбачев реформалары тұсында

(1985-1991 ж.ж.)

Сабақтың жоспары: 1. Экономикалық жүйдегі дағдарыс.

2. Экологиялық проблемалар.

3. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары.

Сабақтың мақсаты: Қайта құру кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және саяси өмірінің дағдарысын талдау.

Сабақтың міндеті:М.С.Горбачев (1985-1991 ж.ж.). Елді басқаруда реформаторлық бағыттың үстемдік алуы. Жариялылық.

Экономикалық реформалар. Саяси өмірдегі өзгерістер. Республикалық басшылықта ширек ғасыр болған Д.А.Қонаевтың (1961-1986 жж.) биліктен кетуі. Оның орнына Г.В.Колбиннің (1986-1990жж.) келуі. Желтоқсан оқиғалары. Империялық, ұлыдержавалық репрессия саясатының қайта жаңғыруы. Ұлт-азаттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің А.Байтұрсынов, М.Дулатов, т.б. ресми ақталуы. Биресми қоғамдық қозғалыстардың ("Невада-Семей", "Азат" т.б.) өмірге келуі. Қазақстан Коммунистік партиясының өз қызметін тоқтатуы. 1990 ж. 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның жариялануы.



Сабақтың мазмұны: 1985 жылы Қазақстанның экономикасы дағдарыстың алдында тұрды. 1971-1985ж. аралығында өндірістік өнімдердің өсу қарқыны 9,3%дан 3,5%ға қысқарды, ұлттық табыс – 10,3%дан 1%ға дейін төмендеді. 1985 жылы өндірілген ұлттық табыс 5,7 млрд. сомға жеткенімен, оны өндірумен және жинақтауына жұмсалған қаржыдан төмен болды.

Ауыл шаруашылығындағы жағдай бұданда ауыр болды. 1972-1985ж. аралығында басты өндірістік қорлар үш есе, ал азық-түліктер өндірісі бір жарым есе көбейді. Совхоздар мен колхоздардың жартысы шығынға ұшырап, тиімсіз болған. Олардың мемлекетке қарызы 12 млрд. сомға дейін жеткен, ал өнімдердің өзіндік бағасы жоспарланғаннан 7 млрд. сомға жоғарылады. Бұл жағдай ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын төмендету нәтижесінде қалыптасты. Сонымен, Қазақстан жыл сайын өкіметке 1971-1985ж. аралығында 300 мың тонна ет өткізіп отырды.

1кг. ет шамамен 2 сомға бағаланды.

Бұл 9 млрд. сом кіріс беруді, ал шығынға 18-27 млрд. салуы талап етті.

1985 жылдан бастап экономиканы қалпына келтіру шаралары қолға алына бастады. Бірақ ол экономикалық саясаттың негізіне сеп болмады, сондықтан олда сәтсіздікке ұшырады. Енді шаруашылықты басқару жүйесін өзгерту жоспарға алынды. Жаңа батыстық техникалардың технологиялық өнімдері көбейтілді. Алайда олда нәтиже беріп, үмітті ақтамады. Өндірісте тәртіптің тұрақтануына бағытталған күрес, ішімдікке қарсы компанияларға бет бүрды. Бұл нашақорлық, ішімдік жасаудың, таксикомпанияның табыстары мемлекет қазынасына құйылатын кірістердің қысқаруына әкеліп соқты.

1987ж. бастап өндірістердің қарқыны төмендей бастады. 1988ж. шілдеде өкімет кооперативтердің яғни мемлекеттік емес, меншігі бар кәсіпорындардың қызметін легализациялауға мәжбүр болды. Бірақ кооператив секторы экономиканың негіздерін қозғай алмады. Қазақстанда 1991 ж. дейін кооперативтердің саны 15 мыңға жетті, ал оларда 220 мың адам жұмыс істеді. Бұл 10-15 жұмысшысы бар ұсақ кәсіпорындар болды.

1987ж. бастап өкімет меншік қатынастарын өзгертетін жоспарлы нарықтық экономиканы құра бастады. 1988-1989жж. Қазақстандықтардың тұрмыс дәрежесі төмендей бастады. Г.Колбиннің ұсынған кең көлемді тұрғын үй құрылысы туралы жоспары көп қаржы бөлінгеніне қарамастан нәтижесіз болды. 1989ж. бастап бұқаралық толқұлар бел ала бастады. Шілде айында Қарағанды бассейінінің шахталарында баскөтерулер бой көтерді.

1990ж. бірінші рет мамырда КСРО өкіметі нан және нан өнімдерінің бағасы 3 есеге өсетіні туралы хабарлады. 1991ж. қаңтарынан бастап – көтерме және айырма бағалар 0,5-2 есеге өсті. Сұраныстар тауарлардың тапшылығын күшейтті. 1991ж. басында іске асырылған ақша реформасы халықтың тұрмыс дәрежесіне тағы соққы берді. Экономикалық реформалардың сәтсіздігі КСРО өкіметінің өндіріс қаржыларын жекешелендіру және нарықпен социализмді ұштастыру шараларынан бас тарту әрекеттерінен байқалды. 1990ж. Қазақстанның тәуелсіздік алуы республиканың рынокқа өту концепциясының пайда болуына әкелді.

Қазақстан Республикасының Президентінің қарамағында Жоғарғы экономикалық кеңес, мемлекеттік меншік комитеті және т.б. құрылды. Бағдарламаның негізгі баптары әлеуметтік саланы жекешелендіру және барлық кәсіпорындарды мемлекет қарамағына беру, кәсіпорындардың табысын әділ бөлу, шетел инвестициялары болды.

 2. Орталық ведомстволардың Қазақстанның табиғи ресурстарына варварлық, жыртқыштық қатынасы 70-90жж. Республикада экологиялық дағдарысқа әкеліп соқты. Кейбір аймақтарда ол апатты сипатта болды.

Күрделі экологиялық мәселелердің бірі Қазақстан территориясының радиациялық ластануы болып табылады. 1949ж. бастап Семей полигонында іске асырылған ядролық сынақтар Орта және Шығыс Қазақстанның орасан зор территориясының улануына әкеліп соқты. Республикада ядролық сынақтар өткізілген тағы 5 полигон болды. Оның шекарасына жақын Лоб-Нор қытай полигоны орналасқан. Радиациялық көрсеткіш Қазақстанда Байқоңыр космодромынан космос кораблін жіберу кезінде озон тесіктерінің пайда болу нәтижесінде көтерілді. Қазақстан үшін радиоактивтік қалдықтар үлкен мәселе. Сонымен, Ульба комбинаты уран және ториймен ластанған шамамен 100 мың тонна қалдықтарын шығарған. Әрі қалдықтарды сақтау орны Өскемен қаласында орналасқан. Дәл радиациялық ластану мәселесінің күрделілігі 1991ж. 30 тамызда “Семей полигонында сынақ өткізуге тыйым салу туралы Заңнын” қабылдануына әкелді.

Қазақстанның күрделі экологиялық мәселелерінің бірі су ресурстарының азаюы. Амударьямен Сырдарья суын дұрыс пайдаланбау салдарынан апатты жағдай Арал теңізінің азаюына әкеліп соқты. Егер 60ж. Теңіз суы 1066 км3 болса, ал 80ж. Соңында су көлемі 450 км3 ғана болды. Судың тұздылығы 11-12г/л-дан 26-27г/л-ға дейін көбейді. Осының салдарынан теңіз жануарларымен балықтарының көптеген түрлері жойылып кетті. Жыл сайынғы шаңды борандар Евразияның орасан территорияларына тұзды ұшырды. Дәл осындай жағдай Балқаш көлінде орын алды. Оның деңгейі 10-15 жылда 2, 8-3метрге төмендеген. Осы кезде Каспий теңізінің көлемі өсуде. Ертіс өзенінің ластануының себебі – Зырян қорғасын және Лениногорск полиметалл комбинаты. Тек 1989 жылы Ертіс өзеніне 2139 тонна органикалық заттар, 263 тонна мұнай өнімдері тасталынған.

Іле және Орал өзендерінде де қауіпті экологиялық жағдай қалыптасты.

Республиканың жер ресурстарыда дағдарыс жағдайында, жайылымдар шөлге айналуда, құнарлы егістік жерлер тозуда. 69,7 млн. га астам жерлер эрозияға ұшыраған. Сонымен қатар күрделі проблемалардың бірі ауаның ластануы болып табылады. Әсіресе ірі өнеркәсіп орталықтарында.

 3. “Қайта құрудың” алғашқы уақыттарында қоғамдық өмірдің барлық жақтарын демократияландыруға арналып ресми қарар жарияланды. Алайда Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары бұл идеяның да аңыз болып қалатынын, әкімшілік-командалық жүйе аясында жүзеге аспайтындығын ашып берді.

Бұл қайғылы жағдайға себеп болған жайттар былай өрбіп еді. 1985-4986 жылдары-ақ М.Горбачев аппараттық дәстүр жолымен Л.Брежневтің “ескі гвардиясынан” біртіндеп құтыла бастады. Олардың арасында Д.А.Қонаев та бар еді.

Қазақстан партия ұйымының бүкіл тарихында ол ұйымның бірінші хатшысы болған үшінші қазақ болатын.

Д.Қонаев өмірінің соңғы күндеріне дейін (1992ж. қайтыс болды). Жүйенің адамы болып қала берді, “социалистік таңдау” мен “коммунистік идеяға” шынайы сенді. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы ретінде Орталық саясатын өмірге енгізді. Аз ғана республика көсемдерінің арасында КОКП ОК Саяси бюросының мүшелігіне тағайындалды. Ол сонымен қатар үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған.

Д.Қонаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін жасаған еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Кең эрудиция мен мәдениетті игерген партия қайраткерінің типін көрсете жүріп ол ғылымның, әдебиеттің, өнердің, жалпы зиялы қауымның жарқын өкілдеріне барынша қамқорлықпен қарады. Бәлкім Д.Қонаев “сауатты көсем” атағына талаптанған, басшының авторитарлық типі болды деп айтқанымыз дұрыс шығар.

Сонда да оның уақыты өтті. 1986ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып сол уақытқа дейін Грузия Компартиясы ОК екінші Хатшысы болып және Ульянов облысында қызмет атқарған “партия сарбазы” Г.Колбин келді.

Ешқандай хабарсыз және жариялылықсыз өткен пленум 20 мин-тан арыға созылмады. Бірақ бұл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы басшы алмасуын күтіп жатқан еді.

Бұл КСРО-дағы ұлттық республика басшылығына жергілікті ұлт өкіллінен шықпаған тұлға ғана емес, республикада ешқашан тұрмаған адамның қойылуының бірінші оқиғасы.

Осындай немқұрайды қараудың қазақ халқының намысына, оның ұлттық сана-сезіміне кір келтіргені, халық пен оның өкілдеріне сенімнен ашық түрде бас тартудың реніш тудырғаны түсінікті жайт.

Осы көптеген себептерге одан да тереңірек факторлар: әлеуметтік және ұлттық саясаттағы, экономикадағы сәтсіздіктер, халық пен Тындаушы жастардың назарға ілікпеуі және т.б. жайттар қосылды. Осының бәрі бір арнаға ұйысып, қуатты этникалық жаңаруға негіз болып, наразылықтың өршуіне алып келді.

17 желтоқсанда қазақ жастарының көптеген Тындаушытері және жұмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шұғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды ұрып-соғып, суық су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды, 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі құғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 Тындаушы оқу орындарынан шығарылды, 758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.

Осылайша Кремльдегі “адал интернационал-лениншілердің” қылмыстық еркімен бір жарым миллиондық, көп ұлтты қала бір сағатта ұлтаралық бөліністердің, реніштер мен түсініспеушіліктердің, аяқ асты болу мен намыстың кірлену сезімі желтоқсандағы суық суыға батырылды.

Қуанышқа орай халықтар қашанда саясаткерлерден ақылды.

Олардың арқасында емес, оларға қарамастан ұлтаралық әлем біртіндеп қалпына келе бастады, халықтардың даналығы, олардың кек сақтамайтындығында. Бірақ 1986ж. желтоқсан оқиғалары сонда да ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің кез келген гармония секілді, әлемдегі барлық асыл дүниелер секілді нәзік нәрсе екендіктерін көрсетіп берді. Сондықтан да оларды көзіміздің қарашығындай сақтау талап етілді.

Орын алған іс-әрекеттердің насихаттық мәнінің бұрмаланып берілгендігін атап өту қажет. Мұндай жағдай ұлтаралық алауыздықты қоздырып қана қойған жоқ, сондай-ақ солтүстік аймақ қазақтарын оңтүстіктегі қандастарына қолдан қарсы қойып, республиканың билік салаларына көп орын алып отырған соңғыларына “мафиялық Техас” деген айдар тақты.

1986ж. желтоқсанның үш күні ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, Қазақстанның тәуелсіздік пен егемендік алуына жол ашып берді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің едәуір өскендігін байқатты. Олар бірінші болып ғасырға жуық уақыт бойы халықтарды казармалық режимде өмір сүруге мәжбүрлеп келген тоталитарлық жүйе алдындағы қорқынышты жеңіп шықты. Жастар өз халқы атынан кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс сезімін таптауға енді ешкімге жол бермейтіндігін ашық айтты. Қазақ тарихында есте қаларлық минуттар, сағаттар мен күндер аз болған жоқ. Ұлттың қазіргі заман тарихындағы есте қаларлық минуттардың бірі — 1986 жылғы желтоқсандағы үш күн. Кейіннен маған бірнеше рет көп адамды, оның ішінде М.С.Горбачевті де өз халқымнан ұлтшылдыққа байланысты айыптауды алып тастауға көндіруге тура келді. КОКП ОК Саяси Бюросы өз шешімін жоюға мәжбүр болды.



1) Тест

1.М.Горбачев саясатының ұрандары

А) Жариялылық, жеделдету, қайта құру

В) Сайлау жүйесін енгізу

С) Адамдардың тұрмыс деңгейін төмендету

Д) ҒТП-ны жеделдету

2. Қазақстан Үкіметінің басшылығына Г.И.Колбин қай жылы тағайындалды

А) 1986-1989

В) 1944-1946

С) 1952-1956

Д) 1987-1989

3. Алматыда жаппай толқу басталды

А) 1986 жылы 17 желтоқсан

В) 1986 жылы 16 желтоқсан

С) 1986 жылы 19желтоөсан

Д) 1986 жылы 18 желтоқсан



2) Бақылау сұрақтары

1.Желтоқсан құрбандарын ақтау

2.Алматы толқуының себептері

3.М.Горбачев саясатының ұрандары

4.Д.А.Қонаев саясаты

5.Г.В.Колбиннің саясаты



3) Үйге тапсырма

1986 жылы 18 желтоқсанда құрбан болғандар жайлы оқу


Пайдалылған әдебиеттер:

  1. Алма-Ата. 1986. Декабрь. Книга-хроника. - А., 1991.

  2. Алматы. 1986. Желтоқсан. 2, 3-кітап. - А., 1992. Зерттеулер

  3. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. - А., 1994.

  4. Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Қазақстан Республикасы

Президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан.

- А., 1996.



Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның мемлекеттігінің қайта жариялануы

Сабақтың жоспары: 1. КСРО-ғы экономикалық дағдарыс Н.Ә.Назарбаевтың тұңғыш ел президенті болып сайлануы.

2. КСРО-ң құлауы Қазақстан Республикасының мелекеттік тәуелсіздікті жариялау.



Сабақтың мақсаты:XX ғасырдың соңындағы КСРО-дағы саяси дағдарыс және оның Қазақстанға тигізген әсерін талдау.

Сабақтың міндеті: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентін сайлау (1991, желтоқсан). Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Республика парламентінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заңы. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік символдары жөнінде заңдардың қабылдануы. Кеңестердің таратылуы.

Ішкі саяси жағдай. Ұлтаралық жарасымдылық пен саяси тұрақтылық үшін күрес. Тілдер туралы Заңнын қабылдануы. Ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы (1992, қазан). Қазақстан халықтарының Құрылтайы (1992, желтоқсан). Қоғамның идеялық ауызбірлігі - Қазақстанның үдемелі дамуының алғы шарты.

Қарулы Күштерді жаңа талапқа сай қайта құру. Қазақстан Республикасының қуатты әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және соғыс-теңіз күштерін құруға бағытталған шаралар.

Сабақтың мазмұны: 80-жылдардың екінші жартысы — 90-жылдардың басы Кеңестік Социалистік Республика Одағы деп аталған бір кездегі алып державаның құлауымен есте қалды. Оның сынықтарының үстінде Тәуелсіздік Мемлекет Достастық құрылды. Бір кездері бір үйге сыйған он бес одақтық республиканың әрқайсысы өздеріне “ұлттық пәтерлер” алды. Бұл уақыт күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге толы болды. Бұл уақытта ұлттық тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендік кезек күттірмейтін мәселеге айналды.

1985ж. КСРО-да қоғамды демократияландырудың белгісі ретінде түсіндірілетін “қайта құру”, “жариялылық”, “жеделдету” және “қоғамдық жаңаруға” бағыт жарияланды. Бұл белгілі бір дәрежеде халықтардың ұлттық сана-сезімнің оянуына жағдай жасады. Өйткені кеңестік билік жылдарында Кеңес Одағы құрамына кірген халықтардың қоғамдық та, ұлттық сана-сезімдеріне нұқсан келген еді.

Кеңестік держава алып күші бар және тозығы жеткен әкімшіл-әміршіл жүйенің кең қолданылуымен унитарлы мемлекетке айналды. Мұндай жағдайларда жаңа одақтық келісім, республикалар мен орталық қатынастарының принципиалды жаңа негіздерін жасау қажеттігі туындады. 1990ж. сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі “КСР Одағы, одақтық және автономиялық республикалардың экономикалық қарым-қатынастарының негізі туралы” және “Одақтық республиканың КСРО құрамынан шығуына байланысты мәселелердің шешілу тәртібі туралы” заңдар қабылданды. Артынша осыған байланысты оқиғалар қауырт өріс алды: Балтық жағалауы республикалары, олардың соңын ала Грузия мемлекеттік тәуелсіздік және КСРО құрамынан шығу туралы шешім қабылдады. Оқиғаның одан әрі өріс алуына РСФСР Жоғарғы Кеңесінің егемендік туралы декларация қабылдауы да үлкен ықпал етті.

1990ж. 25 қазанда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі “ҚазКСР-ң мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын қабылдады. Онда былай делінген: “Қазақстан Кеңестік Социалистік Республика басқа республикалармен егемен республикалар одағына бірігетін, олармен келісімшарт негізінде қарым-қатынас орнататын және Одақ құрамынан өз еркімен шығуға құқығы бар егемен мемлекет”. Бұл ұлтаралық қатынас саласында кезек күттірмейтін шешімдерге байланысты жаңа одақтық келісімшарттарды жедел қарастырып, қабылдауды талап еткен жаңа ахуал туғызды.

Көпұлтты мемлекет халықтары арасындағы принципиалды қатынастар негіздеріне байланысты мәселелер бойынша екі негізгі бағыт айқындалды.

Алғашқы ұстаным бойынша федерация өкілеттіктерді республикалар мен одақ арасына бөлу негізінде құрылуы қажет, ал одақтық республика өзінің егемендік құқықтарының бір бөлігін орталыққа жібереді. Бұл пікір негізінен шектеулі егемендік теориясынан туындаған және бұған себеп қалыптасқан ортақ халық шаруашылығы комплексін сақтап қалу қажеттілігі және бүкіл әлемде жүріп жатқан объективті интеграциялық процестер болды.

Елді жаңарту жолы жөніндегі екінші ұстанымның мәні мынада болды: егемендік әрбір халықтың табиғи және ажырамас құқығы. Егемен мемлекет ретінде Республика орталыққа ешқандай өкілеттік жібермейді, ал өзі орталық билік қызметіне әртүрлі жолдар арқылы тікелей атсалысады. Орталықтың өзі қаламайтын шешімдеріне бөгет болу үшін оның өз конституциялық мүмкіндіктері болуы тиіс. Мұндай көзқарас өмірлік маңызы бар жалпы одақтық шаруашылық құрылымдардың, транспорттық, энергетикалық және басқа да бірқатар жүйелердің тұтастығын сақтап қалу қажеттілігінен туындаған еді. Бұған қоса мұндай көзқарас демократизм принциптеріне жауап берді және ұлтаралық қатынастардағы шиеленіскен тұстарды жоюға жағдай жасай отырып, одақтық мемлекеттің беріктігіне негіз бола алатын еді.

1990-1991жж. өн бойында, елде КСРО-ның болашағы жайында мәселе талқыланып жатқанда Қазақстан жаңарған федерация және республикалардың егемендігі принциптерінің негізінде Одақтың сақталып қалуын жақтады. Н.Ә.Назарбаев конфедеративтік құрылым орнату жөнінде ұсыныс тастайды. Алайда елде кеңестік ұлы державаның “тас-талқан” күйреуіне алып келген орталықтан безу тенденциясы басым болды. 1991ж. 8 желтоқсанда Беловежскіде Тәуелсіздік Мемлекет Достастық құру туралы келісімшартқа қол қойылып, КСРО мемлекеттік құрылым ретінде өмір сүруін тоқтатты. Бұл оқиға ХХ-ғ. соқындағы тағы бір үлкен құбылыс болды. Адамзат тарихындағы мемлекеттік жүйенің осы тәрізді моделі жетпіс үш жыл өмір сүріп, тарих беттерінде мәңгі сақталу құқығына ие болды. КСРО тарихы жайында жазылып келген және әлі де көп жазылатын болады. Бүгінгі күндері бұрығы кеңестік кеңістік үшін маңызды нәрсе КСРО-ның ыдырау себептерін түсіндіру, бұған болашақ перспективалар мен табыстарды көру көп байланысты. “ХХІ-ғ. табалдырығында” еңбегінде Н.Ә.Назарбаев мұның себептерін түсіндіріп өтеді: “КСРО-ның ыдырау себептерін әрқалай түсіндіру қай жағынан алсақ та екі айқын позицияларға келіп тіреледі. Олардың алғашқысы бойынша КСРО-ның ыдырауы-сыртқы және ішкі күштердің өздерінің идеологиялық және геосаяси бәсекелестерін саналы түрде жоюы. Екінші позицияның пікірінше ол субъективті және объективті себептердің әсерінсіз дәл осы жылдары өтуі тиіс болған математикалық орын алмауы мүмкін емес процесс. Әрине бұл ең көрнекті пікірлер, бірақ олар қазіргі күндегі бұрынғы кеңестік кеңістікке деген көзқарастардың сипатын беретін саяси ойлардың екі ағымын айқын көрсетіп отыр. КСРО-ның ыдырауын Кеңес Одағы позицияларының бәрінен бұрын ақпараттық және мағыналық соғыс барысында біртіндеп әлсіреу процесі ретінде қарастыратын авторлардың пікірлері біршама айқындалған және шындыққа жанасады.

Мемлекеттік билік жүйесі мен ел экономикасының бірден құлау процесі Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға жол ашатын президенттік басқаруды енгізуге қажеттілікті, тудырды. 1990ж. 24-сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақстан КСР Президент қызметін бекітті. Парламент сессиясындағы жасырын дауыс берудің нәтижесінде президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонындағы ядролық сынақтарға тиым салу туралы, ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар әлеуметтік қорғау мен көмек шаралары туралы Жарлықтары Қазақстандағы демократиялық қайта қалыптастырулардың көрсеткіштері болды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматыда орын алған оқиғаларға байланысты жағдайларға қорытынды баға беру жөнінде арнайы комиссия құрылды.
1) Тест

1.Қазақстан Республикасы атауы қабылданды

А) 1991 жылы 8 желтоқсанды

В) 1991 жылы 10 желтоқсанда

С) 1991 жылы 13 желтоқсанда

Д) 1991 жылы 16 желтоқсанда

Е) 1991 жылы 21 желтоқсанда

2. Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды

А) 1991 жылдың қарашасында

В) 1992 жылдың желтоқсанда

С) 1992 жылдың маусымда

Д) 1995 жылдың желтоқсанда

Е) 1995 жылдың қарашасында

3.1991 жылы желтоқсанның 8-күні ұш славян мемлекеттерінің басшылары бас қосқан қала

А) Алматы

В) Астана

Д) Мәскеу

Е) Киев


С) Минс

4.1993 жылдың 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің таратылған ресми түрде жариалаған

А) Д,Қонаев

В) С.Әбділдин

С) Ұ,Қараманов

Д) Ә.Қажгелдин

Е) З.Нұрқаділов

5. Сенат пен мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады

А) 1991 жылдың 23 қарашада

В) 1992 жылдың 30 желтоқсанда

С) 1995 жылдың 30 тамызда

Д) 1995 жылдың 25 желтоқсанда

Е) 1996 жылдың 30 қаңтарда

2) Бақылау сұрақтары

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданған уақыты

2.Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған елдер

3.Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

4.Қазақстанның тәуелсіздік алуы

5.Ресейдегі тамыз төңкерісі



3) Үйге тапсырма

Қазақстан тәуелсіздік жолындағы қадам туралы оқу


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ашимбаев Т.Е. Экономика Казахстана на пути к рынку. - А., 1994.

  2. Конституционный закон "О государственной независимости Республики

Казахстан". От 16 декабря 1991 г.

  1. Конституция Республики Казахстан. - А., 1995.

  2. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. - А., 1992.

  3. Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Қазақстан Республикасы президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан.

- А., 1996.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет