Қазақстан тарихы


ТЫҢДАУШЫҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules)



бет2/13
Дата29.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#34149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ТЫҢДАУШЫҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда бөлімге анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

4. Пән бойынша тыңдаушылар білімін бағалау жүйесі


Р/с

Дәріс түрі және ТӨЖ бақылау түрі

Балл

1. Ағымдық бақылау


1.

Практикалық,семинарлық дәріс.

-дәріс барысындағы белсенді жұмыс

-конспекттің болуы/ лекциялық немесе жеке дайындалған

- берілген теориялық материалды пысықтайтын жаттығуды орындау.

- білімді,біліктілікті тесттік бақылау

-реферат,жеке тапсырма,сценарий, кроссворд т.б.

-теориялық және практикалық білімді тексеру (тақта алдында жауап беру).





2

Лабораториялық жұмыс

-жұмыстың сапалы орындалуы (эксперимент нәтижесі бойынша)

-эксперимент тақырыбы бойынша теориялық және практикалық сипаттағы мәселелерді бөлу.

-Кешендік лабораториялық жұмыс, тыңдаушының оқу зерттеу жұмысы

-Лабораториялық сабақтың бақылау түрлері.





2. Аралық бақылау (кредит бойынша)

1

Коллоквиум




2

Жазба бақылау жұмысы,тесттер




3

Творчестволық тапсырма




4

Семестірлік тапсырма,пейс,эссе,реферат т.б. түрлері




3.Қорытынды бақылау (жоспарына сәйкес өткізіледі)

1

Сынақ




2

Емтихан (тесттік жазбаша түрде)





Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Ежелгі Қазақстан

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан тарихын ғылыми кезеңдерге бөлу

негіздері және мақсаты.

  1. Қазақстан тарихының деректері туралы және оны зерттеу әдістері.

  2. Қазақстан тарихы курсының жас ұрпақты тәрбиелеудегі орны.

Сабақтың мақсаты: "Қазақстан тарихы" пәнінің міндеті мен мақсаты. Отан тарихы туралы білімнің қалыптасуы, жадта сақталған тарих және жазба тарих дәстүрі, олардың өзара байланысы. Отан тарихы туралы білімнің ғылымға айналуы, оның негізгі даму кезеңдері.

Сабақтың міндеті:"Қазақстан тарихы" пәнінде болып жатқан концептуальды өзгерістер және оның маңызы. Тарихтағы таптық-партиялық методологияның дағдарысы.

Сабақтың мазмұны:"Қазақстан тарихы" бойынша деректік материалдар, негізгі әдебиет және олармен жұмыс жасау әдісі.

Тарих-араб-парсы сөзі,оның мағынасы, зерттеу және оқиғалар туралы әңгіме. Адамзаттың пайда болуы мен алғашқы қауымдық құрылысынан бастап, қазіргі дәуірге дейінгі өмір сүруін тіршілік жайын, оның өзгеруін, қоғамның дамуы, тоқырауы, өрлеу кезеңдерін жеке дуәірлерге бөліп және (ертедегі дүние, орта ғасыр, жаңа заман тарихы,т.б.) жеке халықтар тарихы ретінде де зерттейді. Қазақстан тарихы Қазақстанды ежелден мекендеген қазақ халқының тарихын баяндайды.

Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемлекетке айналды. Жаңа азаматтық қоғам және президенттікбасқару нысанындағы демократиялық мемлекет дүниеге келіп, 1995 жылғы тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген саяси бостандықтар орнығып келеді, экономикаға реформа жасалуда-әр түрлі меншік түрлері, нарықтық

қатынастар қалыптастырылып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының, Қазақстан Республикасының тарихында хронологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды.

«Тарих» дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен,оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, конъюнктураға жағынып, бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтармен, қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.

Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қайшылықтары отандық тарих ғылымында да теріс баяндалып келді. Ондаған жылдар бойы ол жалпы одақтық тарих ғылымының арнасынад дамыды,оның құрамдас бөлігі болды. Көптеген тарихи зерттеулерге тарихи үрдісті шамадан тыс идеологияландыру, қара дүрсін-тікелей түсіну, схематизм тән еді. Тыйым салу жүйесі зертеулердің, әсіресе кеңестік кезеңде, деректеме базасын шектеп отырды. Қоғам өмірінің барлық құбылыстары бойынша таптар мен тап күресін маркстік-лениндік тұрғыдан түсіндіруге негізделген таптық-әлеуметтік көзқарас негіз етіп алынған методология үстемдік етті.



Біздің аумақтағы руханияттың алты мың жылғы дамуын алып қарайық.Олар төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:

Бірінші кезең - Бүгінгі Қазақстанның бүкіл аумағын мал баққан ежелгі арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі.Оңтүстік Арал өңіріндегі Сынтасты және Арқайым қорым-кешендері сол замандағы халықтың рухын бейнелейтін материалдық айғақтар болып табылады.

Екінші кезең - Бұдан шамамен төрт-бес мың жыл бұрын арийлер тарихы мен рухының орталығы біртіндеп Солтүстіктен Оңтүстікке, Оңтүстік Оралдан Үнді өзенінің аңғарына қарай ауыса бастайды. Бүгінгі Қазақстан жерінде сол заманнан қалған жалғыз белгі Таңбалы қонысы.

Үшінші кезең - Бұдан үш-төрт мың жыл бұрынғы заман. Шығыста, Гоби далаларында арғы ғұн тайпалары орналаса бастайды. Ежелгі Ведалық үштік үрдісі: Тәңірі-Аспан, Жер-Су, Ұмай-Мәңгілік ана.

Төртінші кезең - Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері-түркілер-Ашина руының түркілері-Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларыныңежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақтар.

Бесінші кезең - Бұдан 1300-1100 жылы бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисей өңірінде болды.

Алтыншы кезең - Бұдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстан аумағына араб-ислам рухының тегеурінді толқыны жетті. Сол замандағы оның рухани аспанында жарқырап көрінген үш жарық жұлдыз-Сыр бойында әл-Фараби, Жетісуда Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашқари.

Жетінші кезең - XI ғасыр Түркістаннан тараған аса қуатты рухани сәулемен нұрланған. Түркілердің тұңғыш сопысы-Қожа Ахмет Иассауи 1093 жылы туған. Ол негізін қалаған исламның тылсым құпиясы-сопылықтың (суфизм) қарапайым халықтың нұсқасы тез уақытта Қазақстанның Солтүстігі мен Шығысына дейін тарады.

Сегізінші кезең - XII-XIV ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталады. Бұл жойқын күші бар сойқанды шабуыл еді. Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағанда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы.

Тоғызыншы кезең - XV-XIV ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланған.

Оныншы кезең - бұл XVII-XIX ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталған. 1723-1727 жылдардағы «ақтабан шұбырындыдан» қазақ халқы қайта еңсе көтерген.

Келесі, он бірінші кезең - XX ғасыр. XVIII-XIX ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі жойылып, сол кезде қазақтардың яғни Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов өз мемлекетін құруға ат салысты.

Он екінші кезең - 1980 жылдардың ортасынан басталады. Ол халық рухының бұрқ етіп,сыртқа лықсуымен ерекшеленеді: 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы тарихымызда мәңгі қалды.

1) Тест

1. Тарихта қанша қоғамдық құрылыс бар?

А) 5

В) 4


С) 2

Д) 3


Е) 6

2. «Тарих» қай тілден шыққан?

А) араб-парсы

В) латын


С) қытай

Д) парсы


Е) араб

3. Тарихымызда неше кезең бар?

А) 10

В) 11


С) 12

Д) 3


Е) 5

2) Бақылау сұрақтары

1. Тарих дегенде не түсінесіз?

2. Алтыншы кезең қандай кезең болды?

3. Алғашқы тарихи кезең қандай болды?



3) Үйге тапсырма

Жалпы тарихымыз жайында мәліметтер жинау


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы, 5-томдық, 1-том. - А,.1996.

  2. Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы…

- Алматы. «Санат»,1998 ж.

  1. Байпақов К.Л. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V-XVIII). - Алматы. 1995 ж.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы. - «Егемен Қазақстан». 1991 ж. 16 желтоқсан.

  3. Акишев К.А. Курган Иссык. - М: «Наука»;1983 г.

Сабақтың тақырыбы: Тас дәуіріндегі Қазақстан

Сабақтың жоспары: 1.Алғашқы қауымдық құрылыс ұғымы.

2.Тас дәуірі және оның хронологиялық даму кезеңдері.

3.Еңбек құралдарының жетілдірілуі. Мезолит. Неолит.

Сабақтың мақсаты: Тас ғасыры дәуіріндегі адамзат қоғамының негізгі даму заңдылықтарын талдау.

Сабақтың міндеті:Тас дәуірі тұсындағы табиғи орта. Тас дәуірінің кезеңдері. Палеолит. Неолит. Қазақ жеріндегі негізгі полеолиттік тұрақтар: Бөрі қазған, Тәңір қазған,Қызылтау, Шақпақ-Ата, Семіз бұғы. Аңшылық. Балық аулау. Рулық қауымның қалыптасуы. Діни нанымның тууы.

Сабақтың мазмұны:Неолит. Неолиттік тұрақтар. Қара үңгір. Батыс Қазақстандағы неолит тұрақтары. Келтиминар мәдениеті. Мақанжар мәдениеті. Энеолит. Ботай мәдениеті. Өнім өндіруші шаруашылықтың және түрлі шаруашылық аудандарының қалыптаса бастауы. Егіншілік. Мал шаруашылығы.
1. Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар — сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2,5 млн. жылдан бұрын б.з.д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі - Палеолит

(ерте тас ғ.) және Неолит (жаңа тас ғ.). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т.ғ.) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. - б.з.д. 40 мың) және жоғарғы (б.з.д. 40 — б.з.д. 12 мың).

Ең, көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінікке сүйене отырып, олардың тіршілігін зерттеу арқылы, олардың мекеніне, тұрақтарына қарағанда, тау үңгірлерінде сақталған қалдықтарын, яғни тастан жасалған еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, қоғамдық дамуда кешеуілдеп қалған қазіргі замандағы халықтардың өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді.

Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда, қоғамдағы негізгі – үдемелі өзгерістерді қамтамасыз ете алатын факторлар алынады.

Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.э.б. VІғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж.б. батыс ғалымдары, ХХғ.) және басқа варианттарын ұсынды.

Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңгі бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.э.б. ІІІ мың жылдыққа дейін), қола ғасыры (б.э.б. IV мың. б.э.б. І мың жылдыққа дейін), темір ғасыры (б.э.б. І мың жылдықтан бері).

2. Тас ғасыры өз ретінде ерте тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.

Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа тастар болған. Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар шель мәдениетіне байланысты, кезінде австралопитектер жасап шығарған. Кейінгі кезеңдерде ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен қатар құралдардың дифференциясы байқалады. Адамдар енді қырғыштар, тас пышақтарды, үшкір ұшты құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың екі жолы болған: біріншісінде тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып, оларды қайта өңдеген. Бұл мәдениет ашель деп аталды. Тас құралдардан басқа тік жүретін адам еңбек құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты пайдалануға байланысты ол ұшы күйдірілген найза мен қазықтар жасады.

Көп уақыт бойы ғалымдар Қазақстан жерінде тас ғасырының іздерін таба алмады. Ал бұл біздің жерімізді ежелгі адамдар өте кеш қоныстанды деген жансақ пікірге әкелді. Соңғы зерттеулер бойынша, ежелгі адамдар Қазақстан жерінде ашель кезінде қоныстанған. Сол дәуірдің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан жерінде, Қаратау бөктерлерінің жанынан табылған. Бұл Тәңірқазған, Бөрікқазған, Ақкөл тұрақтары.

Бүгін Қазақстанда палеолит мәдениетінің екі ауданы белгілі: Оңтүстік Қазақстан мен Сары-Арқада. Бұл аудандар тас құралдарын өңдеу мен оларды жасау үшін қолданылатын материалдардың әртүрлігімен ерекшеленеді. Жалпы Оңтүстік аудандарға қарағанда Солтүстік және Орталық Қазақстанда технологияның эволюциясы тез дамыды.

Палеолит - адамзат қоғамының дамуындағы ежелгі кезең грек тілінен аударғанда (палео - ежелгі, литос - тас) ежелгі тас деген сөз. Палеолит төменгі (шель, ашель, мустьер б.з.д. 800 - 40 мың.) және жоғарғы (б.з.д. 40-12 мың.) палеолит болып бөлінеді.

Орта Азия территориясын адамдар төменгі палеолит дәуірінде-ақ мекен ете бастаған. Ашель мәдениетінің (200 мың жыл бұрын) тас қарулары Қайраққұм мен Вахш ойпатынан табылды. Мустьер мәдениетіне (орта палеолит, 50-40 мың жыл бұрынғы) тән Тесіктас, Аманқұтан, Обарахмат, Жарқұтан, Қарабура т.б қоныстар бар. Бұл алғашқы адам табанының, алғашқы адам мен қауымының қалыптаса бастаған кезеңі еді. Олардың күнкөрісі терімшілік пен аң аулауға, тас пен сүйек қарулар жасалып, от жағуға қол жеткен кезең болды. Жоғарғы палеолит мәдениеті ( бұдан 40-10 мың жыл бұрын) есті адам пайда болған кез. Ал неолитте (б.з.б 6-5 мың жыл) егіншілік пен мал шаруашылығының алғашқы белгілері білінді. Түркіменияның оңтүстігінде Жейтун мәдениетіне ие болған жұрт- ең ежелгі (б.з.б. 5 мың жылдық) жер игерушілер. Б.з.б. 3 мың жылдықтың басында Теджен өзенінің бойында ежелгі егін суару жүйесі салынған. Жейтун мәдениетіне Өзбекстандағы Келтемір, Тәжікістандағы Гиссар мәдениеті (б.з.б 4-2 мың жылдықтың басы) жалғасады. Неолит дәуірінің тұрғындары матриархалдық-рулық құрылыста өмір сүрді. Қола дәуірінде (б.з.б 3-2 мың жыл) Орта Азияда жер игеру, мал өсіру негізге кәсіпке айналды (Түркменстандағы Анау, Намазғатепе, Қаратепе, Өзбекстандағы Заманбаба, Дальверзинскиое, Тәжікстандағы Қайраққұм, Вахш және Бешкент мәдениеті) Металлургиялық өндіріс, қала типіндегі елді мекендер пайда болып, жер шарашылығында қолдан суару жүйесі жүргізілген. Еңбектік қауымдық бөліс процесінің және жер игерушілер, арасында зат алмасудың күшеюінің нәтижесінде мүлік бөлісі пайда болды. Руда әкелік (патриархат) право орнады. Орта Азия халықтарының негізін құрған Хорезм, парфия, дах, сақ тайпаларының одағы құрылды. Б.з.б 1 мың жылдықтық 1 жартысында темір металлургиясы пайда болғаннан бастап өндіргіш күштер жедел дамып, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады. Ойпатты аймақта суару жүйесі дамып, далалық және таулы аудандарда көшпелі мал шаруашылығының және қол өнері мен сауданың өркендеуі, қаланың пайда болуы таптық қоғамның мемлекеттік қалыптасуына ықпал етті.

Қазақстан мен Орта Азияны тұрақ еткен ең ежелгі адамдардың айғағы қазір Қайраққұм мен Вахш ойпатынан Кіші қаратаудың солтүстік шығыс өғіріндегі Шарбақты Тәңірқазған, Ақкөл, Қазанғап деп аталатын жерлерден табылған. Мустьер мәдениеті Тесіктас, Аманқұртан, Жарқұтан Қарабурадан табылды. Ғалымдар мұны ежелгі палеолиттің белгісі ретінде шелль-ашель дәуіріне жатқызады. Бұл осыдан 800 мың жыл бұрынғы уақыттан бастап 100 мың жыл бұрынға дейін уақыт аралығын қамтып жатыр. Ежелгі палеолиттің адамдары Орталық Қазақстан өңірін, байтақ жатқан Сарыарқаны да тұрақ еткен. Оның археологиялық айғақтары Жезқазған облысындағы Обалысай, Мұзбел, Талдысай Жаман Айбат, Қосмола, Қызылжар деп аталатын жерлерден табылған. Көптеген зерттеушілер бұл айғақтарды осыдан 140-100 мың жыл бұрынғы орталық палеолит немесе мустьер дәуірінің адамдары тұтынған дейді. Ғылым тілінде неандерталь деп аталатын адамдар міне, осылар.

Қатал табиғат аясында тірілшілігін үзіп алмау үшін әрекет еткен палеолиттің адамдары мезолит, одан кейінгі неолит дәуірі\леріндегі сана деңгейіне жеткенше дамудың ең ұзақ, ең қиын қыстау жолын бастан кешті. Бір ғажабы сол жерден бауырын көтерген адамзат әулеті ғасырдан ғасыр, дәуірден дәуір, заманнан заман озған сайын жалпы даму қарқынын ұдайы үдетіп келеді.

Бұл-өмір үшін басты бәйгеге тіккен күрес жолы, зорлық пен қорлықтың, ізденіс пен шыңдалудың жолы. Тек қана жеке адамдардың шыңдалуы емес, тұтас қоғамдардың, байтақ құрлықтардың формациялық алмасуларының, тарихи тіршілік иеснің тілі мен наным сенімін, салт дәстүрі мен моральдық-этикалық қалыптарын, ақыл-ойы мен тарихи тәжірибесін шыңдаудың шытырман жолдары.

Бұл тас дәуір өңдеу тәсілі мен одан еңбек құралдарын жасау тәжірибесінің жетілдіріліп,осыған байланысты еңбек өнімділігінің өсімен, белгілі дәрежеде материалдық, рухани мәдениеттің дамуымен сипатталады.

3. Тас дәуірінде тас құралдарымен қатар сүйектен,ағаштан жасалғандары да қолданылады. Ежелгі полеолит адамдары бірігіп аң аулады,бірігіп терімшілік етті және адамдар үңгірлерден басқа жер үйлер мен жертөлелерде тұрды. Ежелгі полеолит кезінде дінге сенушілік болған жоқ. Тастан жасалған құралдар формасы,көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі болды, түрлі мақсатта пайдаланылатын арнайы құралдар шыға бастады. Сүйектен жасалған бұйымдар - біз, ине, шот, гарпун, найза, сүңгі жасау кең игерілді. Аңшылыққа қажетті лақтырғыш құралдары - тор, тұзақ құру ойлап табылды. Жергілікті жердің материалынан жасалған тас қарулардан мыналарды бөліп айтуға болады: жебе мен найзаның ұштықтары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар. Плеолиттен мезолитке өту кезеңі садақ пен жебенің пайда болуымен, алғашқы жануарлардан иттің қолға үйретілуімен белгілі. Кейінгі мезолит, ерте неолитте балта, қашау, шот ретінде қолданылған тұрпайы өңделген тас құралдары кең тарады.

1) Тест

1. Кейінгі палеолит дәуірінің хронологиясын ата

А) б.з.б.5 мың-2 мың ж.ж.

В) б.з.б. 10 мың-5 мың ж.ж.

С) б.з.б. 40 мың-12 мың ж.ж.

Д) б.з.б. 140 мың-40 мың ж.ж.

Е) б.з.б. 800 мың-140 мың ж.ж.

2. Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А) Палеолитте

В) Мезолитте

С) Неолитте

Д) Қолада

Е) Темір дәуірінде

3. Еңбек құралдарын жасаудың нуклеустік әдісі қай дәуірде пайда болды?

А) қола дәуірінде

В) неолитте

С) мезолитте

Д) мусьтер дәуірінде

Е) темір дәуірінде

4. Мезолит дәуірінің ескерткіші-Дүзбай тұрағы Қазақстанның қай жерінен табылды?

А) Оңт.Қазақстан

В) Солт.Қазақстан

С) Батыс Қазақстан

Д) Шығыс Қазақстан

Е) Орталық қазақстан

5. Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталды?

А) жарып түсіру

В) нуклеустік

С) ретуштік

Д) жылтырата тегістеу



2) Бақылау сұрақтары

1. Неолиттің хронологиясын атаңыз

2. Тас дәуірінің кезеңдерін атап бер

3. Мысты тас ғасыры туралы мәлімет беру



3) Үйге тапсырма

Жалпы тас дәуіріне сипаттама беру.


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы, 5-томдық, 1-том. - А,.1996.

  2. Қазақ ССР тарихы, 5-томдық, 1-том. - А.,1980.

  3. Қазақ ССР тарихы, 2-томдық, 1-том. - А,.1963.

  4. Қозыбаев М.Қ. Историческая наука Кахзахстана на современном этапе развития. -А.,1991.



Сабақтың тақырыбы: Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі

Қазақстан

Сабақтың жоспары: 1.Ежелгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері

2. Ежелгі палеолит дәуірінің ерекшеліктері

1. Палеолит - адамзат қоғамының дамуындағы ежелгі кезең грек тілінен аударғанда (палео - ежелгі, литос - тас) ежелгі тас деген сөз. Палеолит төменгі (шель, ашель, мустьер б.з.д. 800 - 40 мың.) және жоғарғы (б.з.д. 40-12 мың.) палеолит болып бөлінеді.

Орта Азия территориясын адамдар төменгі палеолит дәуірінде-ақ мекен ете бастаған. Ашель мәдениетінің (200 мың жыл бұрын) тас қарулары Қайраққұм мен Вахш ойпатынан табылды. Мустьер мәдениетіне (орта палеолит, 50-40 мың жыл бұрынғы) тән Тесіктас, Аманқұтан, Обарахмат, Жарқұтан, Қарабура т.б қоныстар бар. Бұл алғашқы адам табанының, алғашқы адам мен қауымының қалыптаса бастаған кезеңі еді. Олардың күнкөрісі терімшілік пен аң аулауға, тас пен сүйек қарулар жасалып, от жағуға қол жеткен кезең болды. Жоғарғы палеолит мәдениеті ( бұдан 40-10 мың жыл бұрын) есті адам пайда болған кез. Ал неолитте (б.з.б 6-5 мың жыл) егіншілік пен мал шаруашылығының алғашқы белгілері білінді. Түркіменияның оңтүстігінде Жейтун мәдениетіне ие болған жұрт- ең ежелгі (б.з.б. 5 мың жылдық) жер игерушілер. Б.з.б. 3 мың жылдықтың басында Теджен өзенінің бойында ежелгі егін суару жүйесі салынған. Жейтун мәдениетіне Өзбекстандағы Келтемір, Тәжікістандағы Гиссар мәдениеті (б.з.б 4-2 мың жылдықтың басы) жалғасады. Неолит дәуірінің тұрғындары матриархалдық-рулық құрылыста өмір сүрді. Қола дәуірінде (б.з.б 3-2 мың жыл) Орта Азияда жер игеру, мал өсіру негізге кәсіпке айналды (Түркменстандағы Анау, Намазғатепе, Қаратепе, Өзбекстандағы Заманбаба, Дальверзинскиое, Тәжікстандағы Қайраққұм, Вахш және Бешкент мәдениеті) Металлургиялық өндіріс, қала типіндегі елді мекендер пайда болып, жер шарашылығында қолдан суару жүйесі жүргізілген. Еңбектік қауымдық бөліс процесінің және жер игерушілер, арасында зат алмасудың күшеюінің нәтижесінде мүлік бөлісі пайда болды. Руда әкелік (патриархат) право орнады. Орта Азия халықтарының негізін құрған Хорезм, парфия, дах, сақ тайпаларының одағы құрылды. Б.з.б 1 мың жылдықтық 1 жартысында темір металлургиясы пайда болғаннан бастап өндіргіш күштер жедел дамып, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады. Ойпатты аймақта суару жүйесі дамып, далалық және таулы аудандарда көшпелі мал шаруашылығының және қол өнері мен сауданың өркендеуі, қаланың пайда болуы таптық қоғамның мемлекеттік қалыптасуына ықпал етті.


2.Қатал табиғат аясында тірілшілігін үзіп алмау үшін әрекет еткен палеолиттің адамдары мезолит, одан кейінгі неолит дәуірі\леріндегі сана деңгейіне жеткенше дамудың ең ұзақ, ең қиын қыстау жолын бастан кешті. Бір ғажабы сол жерден бауырын көтерген адамзат әулеті ғасырдан ғасыр, дәуірден дәуір, заманнан заман озған сайын жалпы даму қарқынын ұдайы үдетіп келеді.

Бұл-өмір үшін басты бәйгеге тіккен күрес жолы, зорлық пен қорлықтың, ізденіс пен шыңдалудың жолы. Тек қана жеке адамдардың шыңдалуы емес, тұтас қоғамдардың, байтақ құрлықтардың формациялық алмасуларының, тарихи тіршілік иеснің тілі мен наным сенімін, салт дәстүрі мен моральдық-этикалық қалыптарын, ақыл-ойы мен тарихи тәжірибесін шыңдаудың шытырман жолдары.

Бұл тас дәуір өңдеу тәсілі мен одан еңбек құралдарын жасау тәжірибесінің жетілдіріліп,осыған байланысты еңбек өнімділігінің өсімен, белгілі дәрежеде материалдық, рухани мәдениеттің дамуымен сипатталады.

Тас дәуірінде тас құралдарымен қатар сүйектен,ағаштан жасалғандары да қолданылады. Ежелгі полеолит адамдары бірігіп аң аулады,бірігіп терімшілік етті және адамдар үңгірлерден басқа жер үйлер мен жертөлелерде тұрды. Ежелгі полеолит кезінде дінге сенушілік болған жоқ. Тастан жасалған құралдар формасы,көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі болды, түрлі мақсатта пайдаланылатын арнайы құралдар шыға бастады. Сүйектен жасалған бұйымдар - біз, ине, шот, гарпун, найза, сүңгі жасау кең игерілді. Аңшылыққа қажетті лақтырғыш құралдары - тор, тұзақ құру ойлап табылды. Жергілікті жердің материалынан жасалған тас қарулардан мыналарды бөліп айтуға болады: жебе мен найзаның ұштықтары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар. Плеолиттен мезолитке өту кезеңі садақ пен жебенің пайда болуымен, алғашқы жануарлардан иттің қолға үйретілуімен белгілі. Кейінгі мезолит, ерте неолитте балта, қашау, шот ретінде қолданылған тұрпайы өңделген тас құралдары кең тарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет