Қазақстан тарихы



бет5/11
Дата23.02.2016
өлшемі1.39 Mb.
#2662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
35-НҰСҚА

1. Синантроп қайдан табылды?

A) Франциядан.

B) Германиядан.

C) Қытайдан.

D) Ява аралынан.

E) Кениядан.

2. Сақтардың мал шаруашылығындағы ең маңыздысы

A) жылқы өсіру

B) ешкі бағу

C) шошқа бағу

D) ірі қара мал бағу

E) түйе бағу

3. Б.з.д. VІ ғ. сақ тайпалары кімдермен соғысты?

A) Аландармен.

B) Славяндармен.

C) Монғолдармен.

D) Fұндармен.

E) Парсылармен.

4. Қазақстан жері қай ғасырда Түрік қағанатының иелігінде болды?

A) ІХ ғ.

B) ХV ғ.


C) VІІІ ғ.

D) VІ ғ.


E) VІІ ғ.

5. ІX-XІІІғ. басында Қазақстан даласында қалалар салу мәдениетінің көтерілген аймағы:

A) Ертіс өзені алқабы.

B) Есіл.


C) Жетісу ауданы.

D) Шу және Талас өзендері алқаптары.

E) Дешті-Қыпшақ даласында.

6. Б.з.д. І ғасырдың ортасынан бастап Жібек жолы бойымен Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістанға қандай дін таралды?

A) Манихейлік дін

B) Ислам діні

C) Будда діні

D) Христиан діні

E) Зороастра діні

7. Отырарда Шыңғыс хан керуеншілерінің өлтірілген жылы:

A) 1205 жыл.

B) 1155 жыл.

C) 1218 жыл.

D) 1211 жыл.

E) 1220 жыл.

8. 1428-1468 ж.ж. батысында Жайық, шығысында Балқашқа дейінгі аумақта кім билік етті?

A) Ақназар

B) Жәнібек

C) Әбілқайыр

D) Қасым


E) Есенбұға

9. ХV-ХVІІ ғ.ғ. Қазақстанның далалық аудандарында жерді пайдаланудың қай түрі болды?

A) Мемлекеттік

B) Отбасылық

C) Жеке меншік

D) Қауымдық

E) Көршілік

10. Жоңғар басқыншыларының (қоңтайшы) басты негізгі мақсаттары

A) қазақтардан күнде сыйлықтар алып тұруға көндіру.

B) Қазақстан мен Орта Азияның орталық қалаларын бағындыру.

C) хандық билікті тартып алу, жою.

D) үш жүздің халқын күшпен бағындыру.

E) малдарын, дүние мүліктерін тартып алу, айдап әкету.

11. 1822 ж. ''Сібір қазақтарының Ережесі'' бойынша мұрагерлік биліктің ауысуы

A) уез бастығына.

B) ауылнайға.

C) сұлтанға.

D) генерал-губернаторға.

E) болысқа.

12. XІX ғ. ортасында Іле Алатауының бойында бал шаруашылығының негізін салған кім?

A) Украинадан аударуып келген шаруалар.

B) Сібір казагі Осип Маманев.

C) Саяхатшы ғалым М.Пржевальский .

D) Саяхатшы ғалым Семенов Тянь-Шанский .

E) Капитан К.Гудков

13. 1867-1868 жылғы реформа бойынша салықтан кімдер босатылды?

A) байлар.

B) батырлар.

C) билер.

D) молдалар мен имамдар.

E) Шыңғыс ханның ұрпақтары.

14. Қазақстанның Қытаймен Іле су жолы арқылы қатынасы қашан басталды?

A) 1881 жылы.

B) 1870 жылы.

C) 1884 жылы.

D) 1885 жылы.

E) 1883 жылы.

15. 1884 ж. облыстық статистикалық комитеттің мүшесі болып сайланған:

A) Ы. Алтынсарин

B) Ә.Бөкейханов

C) Ш.Құдайбердіұлы

D) А.Байтұрсынов

E) А.Құнанбаев

16. 1910-1917 ж.ж. А.Байтұрсынов өмір сүрген қала

A) Орынбор.

B) Верный.

C) Петропавл.

D) Ташкент.

E) Орал.

17. 1916 ж. қарашада Торғай ошағындағы көтерілісшілердің ең көп саны нешеге дейін жеткен?

A) 60 мың адам.

B) 50 мың адам.

C) 20 мың адам.

D) 30 мың адам.

E) 40 мың адам.

18. Саяси қарсыластарды басу үшін қорқыту, зорлық шараларын қолданатын саясат.

A) Көтеріліс.

B) Геноцид.

C) Депортация.

D) Террор.

E) Эммиграция.

19. 1913 жылмен салыстырғанда 1921 ж. Қазақстанда мұнай өндіру қаншаға қысқарды?

A) 4 есе.

B) 6 есе.

C) 2 есе.

D) 3 есе.

E) 5 есе.

20. "Кіші Қазан" идеясының авторы:

A) Н.Бухарин.

B) Ф.И.Голощекин.

C) О.Жандосов.

D) С.Сәдуақасов.

E) И.В.Сталин.

21. Ұжымдастыруға қарсы ''көтеріліс бандалары'' дейтіндердің қылмыстық істерін қараған қай орган?

A) әскери трибунал.

B) республиканың жоғарғы соты.

C) билер мен қазылар соты.

D) соттан тыс орган-үштік.

E) жергілікті сот.

22. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстан қорғасын өндіруден нешінші орын алды?

A) Екінші.

B) Соңғы.

C) Бесінші.

D) Бірінші.

E) Үшінші.

23. Тұңғыш ұлттық қазақ театры қашан ашылды?

A) 1926 ж. Қызылордада.

B) 1927 ж. Әулиеатада.

C) 1930 ж. Шымкентте.

D) 1925 ж. Семейде.

E) 1926 ж. Алматыда.

24. Белорус КСР-нің Лида деген шағын қаласында астыртын партизан жұмысына белсене қатысқан жауынгер.

A) Ж. Савельев.

B) В. Шаруды.

C) В. Оразбаев.

D) Ж. Налитов.

E) Д. Сұраншиев.

25. 1950 жылдың аяғында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясының жүйесінде жұмыс істеген ғылыми-зерттеу мекемелер саны қанша?

A) 60

B) 50


C) 55

D) 40


E) 30

26. Хх ғ. 60 ж. ғылыми техникалық прогресс негізінде электротехникалық машина жасау жөніндегі пайда болған ірі кәсіпорындардың бірі:

A) Ақтөбе трикотаж фабрикасы.

B) Өскемен конденсатор зауыты.

C) Шымкент қорғасын зауыты.

D) Шымкент гидролиз зауыты.

E) Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты.

27. Кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы қашан қабылданды?

A) 1977 жылы.

B) 1978 жылы.

C) 1979 жылы.

D) 1970 жылы.

E) 1975 жылы.

28. 1986-1991 ж.ж. Қазақстандағы ең қуатты қоғамдық ұйым.

A) "Қазақ тілі" қоғамы.

B) "Алаш" партиясы.

C) "Семей-Невада" қозғалысы.

D) "Желтоқсан" партиясы.

E) "Азат" қозғалысы.

29. 1991 ж. 21-желтоқсанда Алматыда 11 мемлекеттің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы қандай құжатқа қол қойды?

A) Хаттамаға.

B) Шартқа.

C) Жарлыққа.

D) Конвенцияға.

E) Конституцияға.

30. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті

A) Қазақстан Республикасын қорғау

B) Президентті құрметтеу

C) Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау

D) Табиғатты қорғау

E) Мемлекеттік нышандарды құрметтеу

36-НҰСҚА

1. Неолит дәуірінде керамикадан жасалған заттарда салынған өрнектер

A) гүл өрнектері

B) геометриялық өрнектер

C) өсімдік өрнектері

D) өрнек салынбады

E) нүктелі өрнектер

2. Андронов мәдениетінің тайпалары салған өрнектердің стилі:

A) Қытайлық стиль.

B) Гүлді.

C) Дөңгелек қалып.

D) Геометриялық.

E) Нүктелік.

3. Сақтар Қазақстан жерінің негізгі бөлігін ... жайлады

A) Б.з.д. VІІІ-ІV ғ.ғ.

B) Б.з.д. VІІ-ІV ғ.ғ.

C) Б.з.д. ІХ-VІ ғ.ғ.

D) Б.з.д. Х-V ғ.ғ.

E) Б.з.д. VІ-V ғ.ғ.

4. 1211-1213 ж.ж. Жетісудағы билік найман билеушісі кімнің қолына өтті?

A) Күшілік ханның

B) Таһир ханның

C) Мұқан қағанның

D) Қасым ханның

E) Есенбұға ханның

5. Ортағасырлық дәуірде түрік тайпалары қоныстаған жерлердің жинақтауыш атауы:

A) Турин.

B) Түркістан.

C) Тұран.

D) Торғай.

E) Турда.

6. Археологтар ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы сириялық бұйымдарды қайдан тапты?

A) Іледен

B) Аралдан

C) Амудариядан

D) Ертістен

E) Сырдариядан

7. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан кімнің ұлысының құрамына енді?

A) Үгедей

B) Батый

C) Жошы

D) Төле


E) Шағатай

8. Ақ орданың құлауы нәтижесінде Қазақстанның далалық аймағында

A) Көк орда құрылды

B) Моғолстан мемлекеті құрылды

C) Астрахань хандығы құрылды

D) Темір ұрпақтарының мемлекеті құрылды

E) Әбілқайыр мемлекеті құрылды

9. Жоңғариядағы жоғары билеушінің титулы.

A) Хан.

B) Қонтайшы.



C) Сұлтан.

D) Патша.

E) Әмір.

10. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға Анна Иоанновна қашан қол қойды?

A) 1780 жылы.

B) 1731 жылы.

C) 1789 жылы.

D) 1784 жылы.

E) 1751 жылы.

11. Кенесарының қозғалысына қай сұлтан 1844 ж. қарсы шықты?

A) Дөненұлы.

B) Жантөреұлы.

C) Тоқтаұлы.

D) Қазанғапұлы.

E) Қонысбайұлы.

12. Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның 2000 қазақ ауылдарына қатты шапқыншылық жасаған жылы.

A) 1816 ж.

B) 1822 ж.

C) 1818 ж.

D) 1812 ж.

E) 1820 ж.

13. XІX ғ. І жартысында көшпелі қазақ халқының әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрін зерттеген белгілі орыс ғалымы.

A) Дельвиг.

B) Карамзин.

C) Левшин.

D) Карелин.

E) Соловьев.

14. 1870ж. Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары

A) Молдалар Рысқұлұлы, Досұлы.

B) Сұлтан Хангали Арсланұлы, Дәуіт Асауұлы

C) Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.

D) Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы

E) Бекметұлы, Майұлы

15. Ырғыз даласында қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ұйымдастырған қайраткер:

A) С. Торайғыров.

B) С. Көбеев.

C) Ы. Алтынсарин.

D) А. Байтұрсынов.

E) А. Құнанбаев.

16. "Қалқаман - Мамыр" поэмасының авторы:

A) Ш. Құдайбердиев.

B) А. Байтұрсынов.

C) С. Дөнентаев.

D) С. Көбеев.

E) С. Торайғыров.

17. 1916 ж. көтерілісшілерді қарумен, оқ-дәрімен жабдықтау мәселелерімен айналысқан Әскери Кеңес қайда құрылды?

A) Торғай облысында.

B) Сырдария облысында.

C) Қарақұмда.

D) Орынборда.

E) Жетісуда.

18. Орал-Ембі мұнай ауданын Орталық Ресеймен қосуға тиісті болған темір жол желісі.

A) Петропавл-Көкшетау

B) Александров-Гай-Ембі

C) Орынбор-Ташкент

D) Түрксіб

E) Транссібір

19. Ағылшын кәсіпкері Лесли Урквартқа Риддер мен Екібастұзды концессияға беру туралы келісім шарт жасалды. В. И. Лениннің нұсқауымен ол қалай қаралды?

A) Бүкілхалықтық референдумға салынды.

B) Қолдау алды.

C) Халық Комиссарлар Кеңесінде.

D) Қолдау таппады.

E) Риддер мен Екібастұз еңбекшілерінің талқысына салынды.

20. XXғасырдың 20-жылдарындағы мына сөздерді кім айтқан Жолдас Голощекин, менің ойымша осы жазбада көрсетілген саясат бірден-бір дұрыс саясат.

A) М. Фрунзе.

B) А. Андреев.

C) М. Сталин.

D) Я. Свердлов.

E) В. Ленин.

21. Күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылықтар кезінде Ирак пен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болған көтерілісшілер шоғырланған аудандар:

A) Созақ, Сарысу.

B) Балқаш, Сарқант.

C) Қарақұм, Батпаққара.

D) Маңқыстау, Ойыл.

E) Өскемен, Самар.

22. Қай жылы Қазақ АКСР Орталық Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі республикадағы 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беруді енгізді?

A) 1935 ж.

B) 1930 ж.

C) 1939 ж.

D) 1928 ж.

E) 1931 ж.

23. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған Т.Бегелдинов Ұлы Отан соғысында кім болып шайқасты?

A) Барлаушы.

B) Артиллерист.

C) Ұшқыш.

D) Танкист.

E) Партизан.

24. 1952 жылы желтоқсанда 25 жылға сотталған тарих ғылымының докторы.

A) Г.Массон.

B) Б.Греков.

C) А.Марғұлан.

D) Е.Бекмаханов.

E) К.Нұрпеисов.

25. 1954 жылғы тамыздың басында Қазақстанда жыртылған тың жер

A) 13.4 млн га

B) 28 млн га

C) 6.5 млн га

D) 7.5 млн га

E) 25 млн га

26. 1965 жылғы шаруашылық реформасының нәтижесінде:

A) Кәсіпорындардың шаруашылық дербестігі ұлғайды.

B) Кәсіпорындардың құқы шектелді.

C) Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру жойылды.

D) Кәсіпорынның материалдық мүдделігіне назар аударылмады.

E) Орталықтың өктемдігі күшейді.

27. 1974-77 жж. Екпінді құрылыстарға комсомолдық жолдамамен жіберілген комсомолдар саны

A) 25 мыңнан астам

B) 30 мыңнан астам

C) 40 мыңнан астам

D) 35 мыңнан астам

E) 20 мыңнан астам

28. Қазақ мәдениетінің аса көрнекті өкілдерінің әдеби мұраларын зерттеп әдеби мұраларын халыққа қайтару ісінде өз үлестерін қосқан қоғамдық ұйым:

A) "Азат".

B) "Ақиқат".

C) "Азамат".

D) "Парасат".

E) "Әділет".

30. Қазақстан өзінің бірінші алтынын қашан шығарды?

A) 1994 ж. Қаңтарда

B) 1993 ж. Қаңтарда

C) 1990 ж. Қаңтарда

D) 1992 ж. Қаңтарда

E) 1991 ж. Қаңтарда

37-НҰСҚА

1. Тас дәуірінің ескерткіші - Мұзбел Қазақстанның қай өңірінен табылды?

A) Оңтүстік Қазақстаннан.

B) Солтүстік Қазақстаннан.

C) Батыс Қазақстаннан.

D) Орталық Қазақстаннан.

E) Шығыс Қазақстаннан.

2. Сырдарияның төменгі ағысында табылып, зерттелген қола дәуірінің ескерткіші:

A) Түгіскен кесенесі.

B) Арыстанбаб кесенесі.

C) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.

D) Бабыш кесенесі.

E) Домалақ ана.

3. Б.з.д. ІІІ ғасырда сақ тайпаларының орнына үйсіндер келді.

Олардың территориясы қай жерде?

A) Жетісу.

B) Маңғыстау.

C) Сыр бойы.

D) Орталық Қазақстан.

E) Солтүстік Қазақстан.

4. Х ғ. оғыздардың астанасы

A) Тараз


B) Янгикент

C) Баласағұн

D) Сығанақ

E) Отырар

5. Деректер мұсылмандардың түркілермен сауда орны ретінде болған қай қала туралы жазады?

A) Тараз


B) Баласағұн

C) Фараб


D) Алмалық

E) Суяб


6. Ұлы Жібек жолы дипломатия және сауда жолы ретінде қашан қалыптаса бастады?

A) Б. э. д. ІV ғасырдың басы ІІІ ғасырдың аяғында.

B) Б. э. д. ІV ғасырдың аяғында.

C) Б. э. д. VІ ғасырда .

D) Б. э. д. VІІ ғасырда.

E) Б. э. д. ІІ ғасырдың ортасында

7. 1223 ж. Калка өзені бойында кімдердің біріккен күштері моңғолдарға қарсылық көрсетті?

A) Орыс княздықтарының

B) Қыпшақтар мен қарлұқтардың

C) Қыпшақ тайпаларының

D) Орыстар мен половецтердің

E) Орыстар мен печенегтердің

8. Әмір Темір Орта Азияда қай жылдары билік құрды?

A) 1365-1400 ж.ж.

B) 1370-1405 ж.ж.

C) 1360-1395 ж.ж.

D) 1375-1410 ж.ж.

E) 1380-1415 ж.ж.

9. Есім хан қазақ мемлекетіне қай жылдары билік етті?

A) 1568-1580 ж.ж.

B) 1598-1628 ж.ж.

C) 1630-1645 ж.ж.

D) 1570-1580 ж.ж.

E) 1580-1630 ж.ж.

10. XV ғасырда өмір сүрген, "жерұйықты" іздеген "көшпенді философ":

A) Жиембет жырау.

B) Доспамбет жырау.

C) Асан қайғы.

D) Сыпыра жырау.

E) Шалкиіз жырау.

11. XVIII ғ. Қазақ хандығының мемлекеттігіне қауіп төндірген:

A) Цинь империясы.

B) Иран.

C) Сібір хандығы.

D) Жоңғар хандығы.

E) Хиуа хандығы.

12. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің сипаты.

A) әлеуметтік

B) әскери-феодалдық.

C) ұлт-азаттық.

D) теократиялық.

E) буржуазия-демократиялық.

13. 1833 ж. А.С.Пушкин Орынбор қаласында қандай тарихи материалдар жинады?

A) Ганнибалдың тарихы.

B) Иван Грозныйдың тарихы.

C) Е.Пугачев көтерілісінің тарихы.

D) І Лжедимтрий тарихы.

E) Пушкиннің отбасының тарихы.

14. Қоныстанушылардың басты легі қаптаған аймақ:

A) Ақмола.

B) Әулиеата

C) Жетісу.

D) Сырдария.

E) Шымкент.

15. 1858-59 жж. Ш. Уәлихановты әлемге әйгілі еткен сапары.

A) Қашқар сапары.

B) Шәуешекке саяхаты.

C) Ыстық көлге сапары.

D) Құлжа сапары.

E) Іле Алатуына саяхаты.

16. ''Қазақ'' апталық газетінің негізін қалаған кім?

A) Ә.Бөкейханов.

B) М.Дулатұлы.

C) Б.Қаратайұлы.

D) М.Шоқай.

E) А.Байтұрсынұлы.

17. Ұлт-азаттық қозғалыстың революцияшыл демократияшыл зиялыларының бірі болған қайраткер:

A) Ұзақ Саурықов.

B) Жәмеңке Мәмбетов.

C) Нұрлан Қияшев.

D) Бекболат Әшекеев.

E) Тұрар Рысқұлов.

18. 1919 жылғы 4 сәуірде қабылданған шешім:

A) Алашордашыларды ақтау жөнінде.

B) Алашордашылармен келісім шарт жасасу.

C) Алашордашыларды өлім жазасына кесу туралы.

D) Алаш Орданаң іс-әрекетін тоқтату жөніндегі.

E) Алаш Орданы жою туралы.

19. ЖЭС нәтижелерінің бірі:

A) Мал басының азаюы.

B) Шаруашылықтың құлдырауы.

C) Егін алқаптарының азаюы.

D) Өнеркәсіптің тоқтауы.

E) Мал басы мен егін салу алқаптарының көбеюі.

20. 1925-1933 жж. Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды.

A) С. Сәдуақасов.

B) Т. Рысқұлов.

C) Т. Қазыбеков.

D) Ф. Голощекин.

E) Д. Омаров.

21. Күштеп ұжымдастыруға қарсы табандылықпен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленген көтеріліс қай жерде болды?

A) Өскемен ауданында.

B) Зырян ауданында.

C) Катон-Қарағай ауданында.

D) Созақ ауданында.

E) Самар ауданында.

22. 1930 ж. Қазақ АКСР ОГПУ алқасы кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі болған кімді атуға үкім шығарды?

A) Ә.Бөкейхановты.

B) Ж.Аймауытовты.

C) С.Сейфуллинді.

D) Х.Досмұхамедовті.

E) А.Байтұрсыновты.

23. Алғашқы қазақ ұлттық театрында қойылған бірінші пьеса.

A) "Отелло".

B) "Ревизор".

C) "Арқалық батыр".

D) "Еңлік-Кебек".

E) "Шаншар молда".

24. Ұлы Отан соғысы кезінде фашистердің жоспары бойынша Қазақстан енуі тиісті рейх комиссариаты:

A) "Кавказ".

B) "Московия".

C) "Еділ - Орал".

D) "Остланд".

E) "Түркістан".

25. Қазақтың қай жазушысының еңбегі әлемнің 30-дан астам тіліне аударылды?

A) О.Сүлейменовтың "Аз и Я" кітабы.

B) М.Әуезовтың "Абай жолы".

C) С.Мұқановтың "Ботагөзі".

D) Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпаны".

E) І.Есенберлиннің "Көшпенділері".

26. ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Қазақстанның халықаралық байланысын кеңейткен Шығыс елдері:

A) Жапония,Оңт. Корея, Гонконг,Сингапур.

B) Пәкістан,Оңт. Корея, Сингапур,Үндістан

C) Үндістан, Индонезия, Бирма, Непал, ҚХР.

D) Филиппин, Малайзия,Бирма, Непал.

E) ҚХР,Тайланд, Пәкістан,Гонконг.

27. Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындар толық шаруашылық есепке көшірілген жыл:

A) 1969 жылы.

B) 1967 жылы.

C) 1965 жылы.

D) 1970 жылы.

E) 1971 жылы.

28. Қазақстан жерінде неміс автономиясын құру туралы шешім қай жылы қабылданды?

A) 1979 ж. көктемде

B) 1986 ж. көктемде

C) 1975 ж. көктемде

D) 1965 ж. көктемде

E) 1970 ж. көктемде

29. 1980-90 жж. Қазақстанда сыртқы экономикалық байланысындағы басты бағытта болған ерікті экономикалық аумақтар

A) Көкшетау, Атырау

B) Орал, Қарағанды

C) Петропавл, Ақтөбе

D) Жаркент, Ақмола

E) Жайрем-Атасу, Алакөл

30. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті атқару билік органы:

A) мәслихат

B) департамент

C) әкімият

D) мәжіліс

E) сенат
38-НҰСҚА

1. Жебелі садақ және бумеранг қай дәуірге жатады?

A) Орта палеолит

B) Соңғы палеолит

C) Энеолит

D) Мезолит

E) Неолит

2. Андроновтықтар кен өндірген кезде қолданған әдісі

A) Тік қазу

B) Балғамен уату

C) Отпен уату

D) Қайламен омыру

E) Шахта қазу

3. Б.з.д. I мыңжылдықта Азия мен Еуропаны байланыстырып жұмыс істей бастаған жол:

A) Нефрит жолы.

B) Солтүстік жол.

C) Оңтүстік жол.

D) Дала жолы.

E) Лазурит жолы.

4. Оғыз қоғамында жеке меншік дамып, бай-ақсүйектердің пайда болу процесі қарқынды жүрді. Мүлік теңсіздігінің негізін не құрады?

A) Құл иелену.

B) Жайылым жерге жеке меншік.

C) Суға және жер суландыратын қондырғыларға жеке меншік.

D) Жерге жеке меншік.

E) Малға жеке меншік.

5. ІХ ғ. бастап алфавиттің қай түрі кеңінен тарады?

A) Грек


B) Араб

C) Парсы


D) Соғды

E) Ұйғыр


6. Ислам дінінің ағымы - суфизмнің негізін қалаған кім?

A) Қашқари

B) Мұхаммед

C) Бақырғали

D) Ахмет Яссауи

E) Арыстан баб

7. Монғол империясының негізін салушы Шыңғыс хан туған кезде оған берілген есім

A) Шағатай

B) Темучин

C) Жошы


D) Жебе

E) Тұлұ


8. Мемлекетті орталықтандыру үшін ісләмді күшейткен Моғолстан ханы:

A) Мұхаммед.

B) Қызыр-Қожа.

C) Ілияс-Қожа.

D) Есен бұға.

E) Тоғылық-Темір.

9. ХV-ХVІІ ғ. кімдер хан үшін міндеткерлік атқарудан босатылды?

A) Билер.

B) Байлар.

C) Сұлтандар.

D) Төлеңгіттер.

E) Батырлар.

10. XVI-XVII ғғ. тұрғын үйлердегі лас суларды тазартуға арналған қондырғы.

A) Суфа.


B) Тандыр.

C) Кутарме.

D) Кереге.

E) Ташнау.

11. Қазақстанда Семей бекінісі қай жылы салынды?

A) 1720 ж.

B) 1717 ж.

C) 1719 ж.

D) 1718 ж.

E) 1716 ж.

12. Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты.

A) Құлжаға баруға рұқсат сұрау.

B) Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау.

C) Пекинге баруға рұқсат сұрау

D) Қытайға баратын өз керуенін қорғайтын казак отрядын бөлуді сұрады.

E) "Үлкен тибетке" баратын жол ұсынды

13. 1847 ж. Қазақстанның қай аймағы Ресей билігін мойындамады?

A) Тарбағатай өңірі.

B) Қашғария.

C) Маңғыстау.

D) Оңтүстік Қазақстан.

E) Балқаш маңындағы жерлер.

14. 1897 жылғы халық санағы бойынша ең көп қоныстанған ең ірі қалалар

A) Ақ Мешіт, Көкшетау.

B) Атбасар, Зайсан.

C) Орал, Верный.

D) Әулие ата.

E) Павлодар, Өскемен.

15. "Торғай, Орал, Ақмола, Cемей облыстарын басқару туралы Уақытша ереже" шыққан уақыт.

A) 1868ж. қазан

B) 1872ж. ақпан

C) 1873ж. наурыз.

D) 1872ж. қазан

E) 1867ж. шілде

16. Төмендегінің ішінен Абай әнін табыңыз.

A) "Көзімнің қарасы"

B) "Ғақлия"

C) "Сегіз аяқ"

D) "Әбішке"

E) "Күлембайға"

17. 1916 жылдың қаңтарында солдат әйелдерінің толқулары қай жерлерде болды?

A) Екібастұз, Спасск кеніші.

B) Верный, Семей.

C) Түркістан, Жетісу.

D) Торғай облысы.

E) Ақмола облысы.

18. Қоғамды бір-біріне қарсы әрекет ететін күштерге бөлетін, елдің ішіндегі билік үшін болатын қарулы күрес.

A) Отан соғысы.

B) Партизан соғысы.

C) Локальды соғыс.

D) Ішкі соғыс.

E) Азамат соғысы.

19. ЖЭС(НЭП) кезеңіндегі ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге байланысты құрылған ұйым:

A) Тұқым беру қоғамы.

B) Салық жинау қоғамы.

C) Статистикалық қоғам.

D) Ауылшаруашылығы несие қоғамы.

E) Ветеринарлық қоғам.

20. Ф.И.Голощекиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары:

A) 1925-1930 ж.ж.

B) 1925-1935 ж.ж.

C) 1924-1930 ж.ж.

D) 1926-1934 ж.ж.

E) 1925-1933 ж.ж.

21. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда мал саны қанша болды?

A) 100 млн.

B) 50,5 млн.

C) 40,5 млн.

D) 20,5 млн.

E) 60 млн.

22. "Тракторды меңгеріңдер" деген бастама көтерген:

A) П.Н.Ангелина.

B) М.Д.Рогозина.

C) Р.Бүкірова.

D) Б.Досбаева.

E) С.Оңғарбаева.

23. Алматыда Ұйғыр халқының тарихында алғаш рет музыкалық-драма театр ұйымдастырылды.

A) 1933 ж.

B) 1934 ж.

C) 1932 ж.

D) 1930 ж.

E) 1931 ж.

24. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ұлы Отан соғысы жылдарында қашан Каспий бассейнінде әскери жағдай енгізілді?

A) 1942 ж. қыста.

B) 1943 ж. көктемде.

C) 1941 ж. күзде.

D) 1942 ж. жазда.

E) 1942 ж. күзде.

25. 1947 жылы алғашқы өнімін шығарған қорғасын-мырыш комбинаты.

A) Өскеменнің.

B) Жезқазғанның.

C) Қарсақпайдың.

D) Лениногордың

E) Шымкенттің

26. 1958 ж. 1 тамызда металлургия комбинаты салынып жатқан Теміртау қаласы тұрғындарының наразылығы ірі әлеуметтік жарылысқа апарып соқты. Толқу мен тәртіпсіздіктің себебі:

A) Кәсіпорын басшылығының өрескел қарым-қатынасынан.

B) Өмір сүру деңгейінің төмендігінен.

C) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

D) Ұлтаралық қарым-қатынастың шиеленісуінен.

E) Құрылыс материалдарының жетіспеушілігінен.

27. 1965 жылы өзінің алғашқы мұнайын берген:

A) Мұнайлы.

B) Теңіз.

C) Қарашығанақ.

D) Сұңқар.

E) Өзен.


28. XX ғ. 70-ші жылдары Қазақстанның халықаралық байланысы қандай салада қарқынды дамыды?

A) Саяси.

B) Мәдени.

C) Ғылыми.

D) Медицина.

E) Техника.

29. ХХ ғ.-ң 80-ші жылдарының аяғында КСРО-ның экспортында Қазақстанның алған орны?

A) төртінші

B) екінші

C) бесінші

D) үшінші

E) бірінші

30. КСРО-ның өмір сүрген кезеңі:

A) 1920-1990

B) 1922-1986

C) 1922-1991

D) 1922-1990

E) 1917-1991



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет