Қазақстанда халықҚа білім беру жүйесі



бет5/7
Дата19.06.2022
өлшемі192.5 Kb.
#459347
1   2   3   4   5   6   7
kur -qazirgi-mektenpterde-bilim-beru-mazmuny-25

Стратегиялық. (стратегия – қандай болсаа да мақсатқа жетудің басшылық өнері) міндеттерді шешу ұзақ уақытта талап етеді. Мысалы, мұндай міндеттерге жеке адамның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, оқушыларды өмірге, еңбекке баулу және олардың өзара қарым – қатынасы және т.б. жатады.
Тактикалық. (тактика – қандай болса да мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері) міндеттер жүйесі арқылы стратегиялық міндеттер анықталады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыруы тиіс. Олар: оқушылардың өмірге, түрлі іс - әрекеттеріне көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру; сынып құжаттарында оқушылардың әлеуметтік қалыптастыру; оқушылардың өзіндік басқаруының ролін көтеру және т.б.
Бұл міндеттерді шешу үшін оқушылардың, олардың ата – аналарының, сол сыныпта істейтін мұғалімдердің және шефтердің іс - әрекеттерін нақты жоспарлап, үйлесімді етіп, іске асыру қажет.
Оперативтік міндеттер – бұл іс - әрекеттері тікелей орындау, яғни тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді балалардың қатысуымен дереу шешу.
Әрине, бұл міндеттерді оқу – тәрбие процесінде шешу мұғалімдердің іскерлігіне, тәжірибелілігіне, терең және берік біліміне тәуелді.

ІІ ТАРАУ.
2.1. Қазіргі кездегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені зерттеу.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан – жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде де үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың, бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерінің терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде, мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары іске асырыла бастады. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау; педагогикалық еңбек шеберлігінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс – тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми – зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу және жинақтау.
Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу тікелей мұғалімнің өзіне байланысты. Мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты басты мәселелерді таңдап алады да, олардың тиімділігін сабақтың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең зерттейді. Зерттеу материалына талдау жасап, қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктері мен елеулі кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады. Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салысытырады, тиісті қорытынды жасайды.
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми – практикалық конференциясында талқылайды, құнды деп тапса, аудандық «Педагогикалық оқуларға» ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашылық еңбегі бірте – бірте облыстық, республикалық талқылардан өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.
Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін - өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат тәжірибені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пән бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау этаптарынан өтеді:

  1. Іс – тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзімен, сабақ беретін сыныптардағы сынып жетекшілерімен оқушылардың үлгерімі және тәртібі, олардың қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу және белсенділігі туралы әңгіме жасалады, зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.

  2. Оқу – тәрбие жұмыстарына байланысты соңғы екі – үш жылдардың ішіндегі құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып журналы, оқушылардың дәптері, рефераттар, техника және көркем шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға жасаған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары мен басқа еңбектері.

  3. Алдын – ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып бақылау жүргізіледі.

  4. Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе тәрбие жұмысына қатысып, олардың іс – нәтижелері тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің жұмысымен салыстырылады.

  5. Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұқсас тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі эерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.

Танысу және бақылау жүмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу басталады. Зерттеу жұмысы өте кұнды болса,ғылыми-зерттеу институтының жазба пікірі бойынша «Педатогикалық окуларға», егер көлемді болса баспаларда жарнялауға ұсынылады.
Соңғы кездерде көптеген педагогикалық ұжымдардың аса көңіл аударып жүрген мәселелерінің бірі — оқу мен тәрбиенің бірлігі, пән аралық байланыс, сабақта окушылардың таным іс-әрекетін белсендіру тәсілдері, сабақтың тиімділігін арттыру т. б. Осы сықылды жалпы педагогнкалық тақырыптар бойынша бір-бірімен тектес пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін зерттеп жинақтауға болады.
Бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеудің нәтижесінде мектептегі бір-бірімен тікелей баііланысты ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жоспарлы түрде мақсатқа бағытталып жүргізілетіндігі сөзсіз.
Соңғы жылдары біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық тәжірибесі, педагогокалық шеберлерігінің және белгілі ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады. Көптеген кұнды педагогикалық еңбектер жазылды. Олардың .авторлары профессорлар Ш. А. Амонашвнлн және П. Н. Иванов, мұғаімдер В. Ф. Шаталов, И. П. Волков, Е. Н. Ильни, М. П. Шетинин т. б. Осы авторлардың әр қайсысы оку-тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасыи арттыруда өздеріиің ерекше әдістерін жасады. Ш. А. Амонашвнли кіші мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуыиа мүмкінділік жасайтын мектен практикасында алты. жастағы балалармем жұмысты ұйымдастыру принципі жағдайын ғылыми дәлелдеді. И. П. Иванов қазіргі жағдайда А. С. Макаренконың идеясын дамыта келіп, ұжымшыларды қалыптастыру мен тәрбиелеудің қоғамдық балалар ұііымда-рына әлеуметтік өмірді жетілдірудің жолдарын ашты. В. Ф. Шаталов педагогикалық міндеттерді табысты шешу үшін әрбір оқушыны күнделікті ақыл-ой еңбегіне бар күшін салуға қатыстыру, әрбір оқушының абыройын өз күшіне, қабілетіне сенімділігін күшейту керек дейді. И. П. Волков бірінші сыиыптан бастап өз бетімеи жоис піығармашылык іс-әрекеті негізінде оқушылардың даму қабілетін және бейімділігін анықтауға байланысты сыныптан тыс жұмыстың белгілі жүйесін жасады. Бұл кіші мектеп жасындағы балалармен шығармашылық сабақ өткізіп,. олардың нышанын және қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет