Қазақстандағы қайталанған қылмыстылық: криминологиялық аспектілері және алдын алу мәселелері Дипломдық жұмыстың мақсаты қылмыс рецидивінің құқықтық түсініктемесін ашып, ол бойынша ғалымдардың рецидивке байланысты айтылған пікірлеріне талдау


Арнайы қайталану деп – адамның ұқсас немесе біртектес қылмысты іс-әрекетті тағы да қайталап жасауы болып табылады



бет2/4
Дата10.06.2022
өлшемі73.09 Kb.
#459086
түріДиплом
1   2   3   4
Рауан диплом

Арнайы қайталану деп – адамның ұқсас немесе біртектес қылмысты іс-әрекетті тағы да қайталап жасауы болып табылады
ҚК-ң 13-бабының 1-бөлігіне сәйкес «бұрын қасақана жасалған қылмысы үшін сотталғандығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады». Қылмыстың қайталануын білу үшін бұрын міндетті түрде сотталғандығы, бұрынғы істеген қылмысы үшін жазаны толық немесе ішінара өтеуі, соңғы қасақана қылмысты істегенде сотталғандық атағының болуы шарт. Яғни, қылмыстың қайталануы, көптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрінің бірі.
Жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану – фактілі және ресми қайталану болып бөлінеді .
Адамның бірінші істеген қылмысы үшін сотталғандық атағының бар-жоғына қарамастан тағы да жаңа қылмыс істеуі фактілі қылмыстық қайталану деп саналады.
Сотталғандық атағы жойылмаған немесе одан арылмаған адамның жаңа қылмыс істеуі ресми қылмыстық қайталану деп саналады.
Ресми қайталану жалпы, арнаулы, жай, күрделі, пенитенциарлық, қауіпті,
аса қауіпті боллып бірнеше түрге бөлінеді.
Жалпы қайталануда бұрын соттылығы бар адам кез келген жаңа қылмысты жасайды.
Арнаулы қайталануда сотталғандығы бар адамның бұрынғы істеген қылмысына ұқсас немесе біртектес жаңа қылмысты істеуін айтамыз.
Жай қайталануда бір рет қана сотталғандығы бар адамның жаңа қылмыс істеуін айтамыз.
Күрделі қайталануда екі немесе одан да көп сотталғандығы бар адамның жаңадан қылмыс істеуін айтамыз.
Пенитенциарлық қайталануда бұрын қылмыс істегені үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, адамның жазаны өтеп болған соң немесе өтеу барысында тағы да қылмыс істеп, бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы айтылады.
Қауіпті қайталану мына екі жағдайда танылады:
  • егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса және осы адам қайтадан қасақана қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
  • егер адам бұрын қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса және осы адамның қайтадан ауыр қылмысы үшін сотталған жағдайда.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет