«Қазақстандағы қалалар тарихы» пәні бойынша



Дата17.07.2016
өлшемі152.24 Kb.
#206075


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-16-02.1.20 /03- 2015



«Қазақстандағы қалалар тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

30.09.2013





«Қазақстандағы қалалар тарихы» пәні бойынша

«050203» тарих мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ


СЕМЕЙ

2015

Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1 Глоссарий

1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.

2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.

3. Плиоцен- өтпелі кезең.

4. Палеолит- ерте тас дәуірі

5. Мезолит- орта тас дәуірі.

6. Неолит- жаңа тас дәуірі.

7. Матриархат- аналық рулық қауым.

8. Патриархат – аталық рулық қауым.

9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .

11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

12. миф-аңыз,ертегі.

13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.

14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.

16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.

17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.

18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».

19. Этногенез- халықтың шығу тегі.

20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.

21. Эфталиттер- ақ ғұндар.

22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.

23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.

24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.

25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.

26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.

27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.

28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.

29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.

30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.

31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.

32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.

33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.

34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.

35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.

36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі.

37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі.

38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.

39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.

40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді.

41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым.

42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.

43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы.

44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.

45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.

46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.

47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.

48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.

49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.

50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.

51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.

52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.

53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.

54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.

55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.

56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.

57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы.

58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.

59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы күрес.

60. Блокада- әскери қысым, қоршау.

61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.

62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)

63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)

64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)

65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.

66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.

67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.

68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.

69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.

70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.

71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.

72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.

73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.

74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату саясаты.

75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.

76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.

77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)

76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.

77. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы Н.С. Хрущевтік кезең.

78. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс.

79. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.

80. Желтоқсан оқиғасы - 1986ж. жастар, студенттер қозғалысы.

81. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің тәуелсіздігі туралы құжат.

82. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.

83. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.

84. Парламент – Заңдар шығарушы өкімет органы.

85. Сенат- Жоғарғы палата.

86. Мәжіліс – Төменгі палата.

87. Үкімет – Министрлер кабинеті.

88. «Қазақстан-2030» - Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі даму бағдарламасы.

89. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік лауазым.

90. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынгы

халыққа беретін қортынды есебі, құжат.


2 Қысқаша дәрістер
1-тақырып.

  1. Өлкетану сөзінің шығу тарихы

  2. Өлкетандыру нысаны мен пәні

  3. Өлкетанудың өзге ғылымдармен байланысы

Дәріс тезисі:


Қазақстан территориясындағы алғашқы адамның пайда болуы ашель дәуірімен байланысты, демек өлкетану ғылымының тарихы да осы кезеңнен басталмақ. Алғашқы «өлкетану» сөзі 1914-1917 жылдардағы басылымдарда кездеседі. Өлкетану сөзін «отантану», «елтану» Қазақстан территориясында «сібіртану», «түркістану», «алтайтану», «облыстық ғылым» деген атаулар мен алмастырып отырды. Атауы басқа болғамен бір мағана береді. Өлкетану пәні нақты бір аймақтың тарихын жан-жақты зерттеу өлкетану тарих, археология, тарихи география, этнография, демография, қосалқы тарих пәндерінің ғылымдармен байланысты.


Ұсынылатын әдебиет:

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 1 т. А-1996. 2 тарау.

2.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 413 б.

3.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 3-9 б.


2-тақырып. Ресей империясының барлық территориялары мен КСРО- өлкетануының жалпы қысқаша тарихы.


  1. Алғашқы Ресейдегі өлкетану материалдары.

  2. КСРО өлкетануының қысқаша тарихы

  3. Халықтық өлкетану



Дәріс тезисі:


Алғашқы жеке аудандардың тарихына арналған оқу құралдары Ресей империясының территорияларында 18-ғасырда пайда болды. Бірақ ол кезде бұл өте сирек құбылыс болатын. 19 ғасырда олар көбейіп 20 ғасырда бұл үрдіс 9 жалғаса береді. Өлкетану мен алғашында саяхатшылар, көпестер, әуес қойлар айналысқан. «Отантану», «ел тану», «жер тану» теримндері. КСРО террирориясындағы өлкетану жұмыстары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Федорова Р.С. Основы исторического краеведение и музееведения. Усть-Каменогорск, 2002.

  2. Қасымбаев Ж.К. История города семипалатинска 1718-1917. – Алматы, 1998. – 276 с.

  3. Библиография по истории Восточного Казахстана. У-ка, 1977 выпуст. второй эпоха социализма, 110 с.



3-тақырып. Қазақстанның жергілікті ерекшеліктерінің тарихы (тас дәуірінен қазіргі заманға дейін.

  1. Алғашқы қауымдық Қазақстан

  2. Орта ғасырлық қалалар мен тұрақтар

  3. Қазан төңкерісі жылдарындағы өлкетану

  4. Қазіргі замандағы Қазақстан өлкесі

Дәріс тезисі:

Қазақстандағы археологиялық ескеркіштерден табылған заттардан өлке тарихынан хабардар болуға болады. Ұлы жібек жолы бойындағы қалалар тарихы. Ұжымдастырудың қарапайым шаруалар тіршілігінің табиғи ерекшелігі. Тың және тыңайған жерлерді игеру. Қазіргі әкімшілік – территориялық бөліністің ерекшелігі.



Ұсынылатын әдебиет:

1. Алексеев В.П. Историческая антропология: Учебное пособие для студентов. М., 1979

2. Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н. Население Казахстана за 100 лет (1897-1897). – Усть- Каменогорск, 1999. – 1 с.

3. Алексеенко Н.В. Бухтарминские были. – Алма-Ата, 1981


  1. Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана (численность размещение, состав, 1870-1914 гг.) Алма-Ата, 1981

  2. Алексеенко Н.В. Статистические источники по демографии Казахстана. Усть-Каменогрорск, 1998.

  3. Алексеенко Н.В. Хранители памяти. Алма-Ата, 1988

4 тақырып. Тарихи өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастыру әдісі.

  1. Өлкетану қозғалысының түрлері

  2. Өлкетану қозғалыстарының нысандық бағыты

  3. Өлкетанудың ғылыми салалары.

Дәріс тезисі:

Өлкетану қызметімен айналысатын адамдар тобын «өлкетану» қозғалысы деп атайды. «Өлкетану» қозғалысы ұйымдастырушыларына байланысты «мемлекеттік», «қоғамдық», «мұрағаттық», «кітапханалық» деп аталады. Мүшелерінің құрамына қарай «Мектептік өлкетану», «студенттік өлкетану», «мұрағаттық өлкетану» болып бөлінеді. «Тарихи өлкетану», «географиялық өлкетану», «әдеби өлкетану».

5 тақырып. Қазақстан өлкетануына жалпы ресейлік, орынборлық, түркістандық батыссібірлік, жергілікті білім орталықтарының үлесі.


  1. ХVIII - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның ғылым орталықтары.

  2. Ресейлік, орынборлық жергілікті ғылым орталықтары.

  3. Түркістандық, батыссібірлік жергілікті ғылыми орталықтар.

Дәріс тезисі:

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы. Жергілікті әкімшілік – басқару қызметінің халықтың рухани байлығының дамуына әсері. ХVIII - ХХ ғасырлардағы өлкетанудың дамуы



6 тақырып. Қазақстан өлкетануының дамуындағы ХVIII - ХХ ғасырдың басындағы ақпарат құралдарының ролі.

  1. ХVIII- ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мерзімдік, ведомостволық және жеке меншік бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы.

  2. «Сибирский вестник», «Восточное обозрение», «Сибирская жизнь» басылымдарының өлкетану тарихына қосқан үлесі.

  3. «Семипалатинский листок», «Жизнь Алтая» газеттерінің тарихы.

Дәріс тезисі:

Баспа дегеніміз жарық көрген жазба өнімі. Мерзімдік басылымға газет-журналдар кіреді. Альманах, брошюра, буклет, бюллетень, газет, журнал, мақалалар жинағы. Газет италияндық «жедел басылым» деген сөзінен шыққан. Ресейдегі алғашқы газет «Ведомостволар» (1702-1727). Қазақстандағы ақпарат таратушы газеттердің алғашқысы «Орынбор губерниялық ведомоствосы». Журнал француздың «күнделік» деген сөзінен шыққан. Қазақстан журналдарының ішіндегі ерекше орынға ие болғаны «Сибирскии вестник»о Оны баспадан шығарушы, авторы редакторы Григори Спасский.



7 тақырып . Өлкетанудағы мұрағаттың алатын орны.

  1. Мұрағат құжаттарының түрлері.

  2. Мемлекеттік мұрағат қорын кешендеу және құнды құжаттардың экспертизасы.

  3. Мұрағт құжаттарының дұрыс сақталуын қамтамасыз ету.

  4. Мұрағат құжаттарына ғылыми-анықтама жүргізу.

Дәріс тезисі:

Арив латынның «archiwut», гректің «archeion» яғни «арнайы орын» деген сөзінен шыққан. Дальдың словары бойынша «шешілген құжаттарды сақтайтын орын» деген мағана береді. Мұрағаттар, кітапханалар секілді ертеде құрылған. Бір елдің тарихына арналған деректер әр түрлі мемлекеттердің мұрағаттарында сақталған. Ресей мұрағат ісі. «Археографическии ежегодник», «Русский архив» басылымдары. Қазақстандағы ең көне мұрағат, Бөкей ордасының мұрағаты. Н.И.Коншин және Семей мұрағаты. 1998 ж. «Ұлттық мұрағат қорлары және мұрағттар туралы» заң.



8 тақырып. Қазақстан өлкетануына жергілікті өлкетанушылардың ықпалы (ХVIII-ХХ ғғ.)

  1. Қазақстанның көне-көз тұрғындары

  2. Халық ауыз әдебиеті

  3. Ш.Уәлиханов

Дәріс тезисі:

1870 жылы Мәскеуде – басылған «Книжки для школ. Семипалатинская область». 1916 ж. А.Н.Седельников. Өлке тарихы мен адамдары. Шаруалар трагедиясы. 1841-1945 жылдардағы өлке тарихы. Өлкетануға арналған алғашқы қазақстандық 1979 ж. С.Ш.Ахметованың мақаласы. 1983 ж. Өскемен, кәсіптік білімді жоғарлату институтында жарық көрген Қазақстан өлкетануы атты брошюра. Федорова Р.С. Федоров В.С.



9тақырып. Кеңес дәуіріндегі республикалық, жергілікті, мерзімді басылымдардың өлке тарихының дамуына үлесі.

  1. Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

  2. Республикалық, мерзімді басылымдардағы өлке тарихы.

  3. Деректерді жинау, сараптама жасау.

Дәріс тезисі.

Кеңес дәуіріндегі өлкелік тарих. Мақала, редактор. Республикалық, мерзімді басылымдардағы ақпараттар. Сол кездегі төртін билік бұқара ақпарат құралдарындағы сөз бостандығы. Деректермен жұмыс.



10 тақырып. Қазақстандағы мұражай ісінің тарихы.

  1. Өлкетану мұражайлары, оның қорлары; қор құжаты.

  2. Өлкетану мұражайындағы оқу-ағарту, мәдениет жұмыстары.

  3. Өлкетану мұражайындағы өлке тарихына саяхат.

Дәріс тезисі:

Қазақстандағы ең көне мұражайлар Орал және Семей жергілікті мұражайлары, 1831 ж. Орынбор мұражайы ашылды. Қазіргі кезде Қа зақстанда әртүрлі орталық және жергілікті мұражайлар бар. Өлкетану мұражайлары, оның қорлары. Мұражайдың әртүрлә ғылым салалары мен байланыста болғандықтан әртүрлә атауларға ие болады. Олкетану мұражайы, этнографиялық, тарихи, табиғаттану, кешенді. Мұражайдағы оқу-ағарту, мәдениет жұмыстары. Өлке тарихына арналған көрмелердің мәні.



11 тақырып Тарихи - өлкетану.

  1. Тарихи - өлкетану зерттеудегі жеке тұлға.

  2. Ұжымдық тарихи - өлкетану жұмыстары

  3. Бұқаралық тарихи-өлкетану жұмыстары.

Дәріс тезисі:

Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи өлкетану жұмыстары әртүрлі бағыттарда жұмыс істейді. Облысты, ауданды, тұрғылықты пункттерді, оқу орындарды зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Тарихи өлкетану деректерінің жинақталған жері мұрағаттар, кітапханалар, мұражайлар. Тарихи -өлкетану жұмыстарымен кез-келген адам айналыса алады. Туған үйінен бастап, туған көшесі, ауылы, мектебі, өлкесін зерттей алады. Тарихи - өлкетану зерттеулерінің әдістемесі тарихи - өлкетану жұмыстарының қорытындысы қолжазба, әртүрлі еңбек, публикация.



12 тақырып. Мұражайлық мүдірлерді сақтау

  1. Мұражай мүдірі дегеніміз не?

  2. Мұражай мүдірлерінің түрі.

  3. Мұражай мүдірлерінің қауіпсіздігі

Мұражай мүдірлері болған оқиғалардың көрнекі құралдары. Мұражай мүдірлері аса маңызды деректер қатарына жатады. Мұражай мүдірлері екі түрден тұрады; жеке адамның заттары, әртүрлә мұражай коллекциялары. Жеке адамдардың заттарынв хаттар, фото –суреттер, күнделікті тұрмыс заттары. т.б. с.с. Түрлі мұражай коллекцияларына еңбек құралдары, тұрмыстық заттардың түрі, киімдер, асыл бұйымдар. Мүдірлерді қауіпсіздендіру үшін құжаттау жұмыстары жүргізіледі. Есепке алу, белгілеу.



13 тақырып. Тарихи өлкетану деректерін жинау жолдары мен жүйелеу әдісі.

  1. Іздену жұмыстарының тақырыбы

  2. Тарихи өлкетану деректерінің түрі

  3. Тарихи -өлкетану деректерін жинау және жүйелеу.

Дәріс тезисі. Өлкетанушы – оқушылар үшін іздену жұмыстарының басты тақырыбы өздері оқитын мектеп. Өлкетанушы – студенттер үшін №1 тақырып өздері оқитын оқу орынның тарихы қала - өлкетанушысы үшін өзі жұмыс істейтін мекеме тарихы. Деректер әр түрлі. Оларды іздестіруді ең алыдмен кітапханалардан бастап, мұрағаттардан, мұражайлардан, көне көз тұрғындардан алу керек. Сұрақ – жауап кестемесі.

14. тақырып. Жалпы білім беретін меткептердегі мұғалімдердің тарихи өлкетану жұмыс.

  1. Мектеп өлкетануы

  2. Мектеп өлкетану мұражайы

  3. Оқкшылардың атқаратын зерттеу жұмыстары

Дәріс тезисі. Мектеп өлкетануының студенттік өлкетанудан ерекшеліктері. Оқушылардың зерттеу жұмысына қызығушылығын тудыратын тақырыптар. Мектеп мұражайын ашу үшін, деректердің жинаулына қолданылатын тиімді әдістер. Сұрақ-жауап кестемелерін дайындау. Мектеп түлектері туралы дерек. Алғашқы мектеп өлкетануының әдісі – тәсілдерін зерттеу.

Реферат тақырыптары

  1. Ресей империясының территориялары мен КСРО-ң өлкетануының жалпы қысқаша тарихы

  2. Қазақстанның жергіліті ерекшеліктерінің тарихы (тас -дәуірінен қазіргі заманға дейін)

  3. Тарихи - өлкетанулық жұмыс: ұйымдастыру әдісі, дамуы

  4. Қазақстан өлкетануына жалпы ресейлік, орынборлық, түркістандық , батыссібір, жергілікті білім орталықтарының үлесі

  5. Қазақстан өлкетануының дамуындағы ХVIII-ХХ ғасырдың басындағы ақпарат құралдарының ролі.

  6. Өлкетанудағы мұрағаттың алатын орны

  7. Қазақстан өлкетануына жергілікті өлкетанушылардың творчествосының ХVIII -ХХ ғасырлардағы ықпалы

  8. Қазақстан тұрғындары мен табиғаты туралы қазіргі кезеңдегі өлкетану білімдері (1917-1991 жж.)

  9. Кеңес дәуіріндегі республикалық жергілікті мерзімді басылымдардың өлкетарихының дамуына ықпалы

  10. Қазақстандағы мұражай – ісінің тарихы

  11. Тарихи - өлкетану зерттеулері

  12. Мұражайлық мүдірлерді сақтау ісі

  13. Тарихи - өлкетану деректерін жинау жолдары мен жүйелеу әдісі

  14. Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің тарихи-өлкетану жұмысы


Емтихан сұрақтары:

  1. Өлкетану сөзінің шығу тарихы

  2. Өлкетандыру нысаны мен пәні

  3. Өлкетанудың өзге ғылымдармен байланысы

  4. Алғашқы Ресейдегі өлкетану материалдары.

  5. КСРО өлкетануының қысқаша тарихы

  6. Халықтық өлкетану

  7. Алғашқы қауымдық Қазақстан

  8. Орта ғасырлық қалалар мен тұрақтар

  9. Қазан төңкерісі жылдарындағы өлкетану

  10. Қазіргі замандағы Қазақстан өлкесі

  11. Өлкетану қозғалысының түрлері

  12. Өлкетану қозғалыстарының нысандық бағыты

  13. Өлкетанудың ғылыми салалары.

  14. ХVIII - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның ғылым орталықтары.

  15. Ресейлік, орынборлық жергілікті ғылым орталықтары.

  16. Түркістандық, батыссібірлік жергілікті ғылыми орталықтар.

  17. ХVIII- ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мерзімдік, ведомостволық және жеке меншік бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы.

  18. «Сибирский вестник», «Восточное обозрение», «Сибирская жизнь» басылымдарының өлкетану тарихына қосқан үлесі.

  19. «Семипалатинский листок», «Жизнь Алтая» газеттерінің тарихы.

  20. Мұрағат құжаттарының түрлері.

  21. Мемлекеттік мұрағат қорын кешендеу және құнды құжаттардың экспертизасы.

  22. Мұрағат құжаттарының дұрыс сақталуын қамтамасыз ету.

  23. Мұрағат құжаттарына ғылыми-анықтама жүргізу.

  24. Қазақстанның көне-көз тұрғындары

  25. Халық ауыз әдебиеті

  26. Ш.Уәлиханов

  27. Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

  28. Республикалық, мерзімді басылымдардағы өлке тарихы.

  29. Деректерді жинау, сараптама жасау.

  30. Өлкетану мұражайлары, оның қорлары; қор құжаты.

  31. Өлкетану мұражайындағы оқу-ағарту, мәдениет жұмыстары.

  32. Өлкетану мұражайындағы өлке тарихына саяхат.

  33. Тарихи - өлкетану зерттеудегі жеке тұлға.

  34. Ұжымдық тарихи - өлкетану жұмыстары

  35. Бұқаралық тарихи-өлкетану жұмыстары.

  36. Мұражай мүдірі дегеніміз не?

  37. Мұражай мүдірлерінің түрі.

  38. Мұражай мүдірлерінің қауіпсіздігі

  39. Іздену жұмыстарының тақырыбы

  40. Тарихи өлкетану деректерінің түрі

  41. Тарихи -өлкетану деректерін жинау және жүйелеу.

  42. Мектеп өлкетану

  43. Мектеп өлкетану мұражайы

  44. Оқушылардың атқарылатын зерттеу жұмысы.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет