Қазақстандық арал өҢірінде күріш ауыспалы егістігінің ТҰзданған топырағында арпа дақылының аудандастырылған сорттарының агротехникасын зерттеу



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі422.83 Kb.
#133243
түріДиссертация
1   2   3

Атап кету керек, негізгі тыңайтқыш ретінде Р60 мөлшерде фосфор тыңайтқышын енгізгенде өміршендігі жоғарлағаны байқалады. Екінші және үшінші нұсқадағы өміршендігін салыстырғанда олар тек фосфор тыңайтқыштар мөлшеріне байланысты ажыратылады яғни өміршендігін жоғарлағанын көреміз: Әсем сорты – 2,8 % дейін өскен, Сәуле сорты - 5,2 % және Сыр Аруы – 4,4 % көрсетті. Яғни осыдан көруге болады дәл қазіргі кезде күріш жүйесінде топырақтың фосфор тыңайтқышына қажеттілігі өте жоғары. Бірақта бізге белгілі көптеген күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтар экономикалық жағдайларына байланысты жиі фосфор тыңайтқыштарын мүлдем енгізбейді немесе жеткіліксіз. Осыған байланысты азот пен фосфор арасындағы арақатынас өзгеріп отырады.



Осы жылдың ыстықтығына байланысты арпаның вегетациялық кезеңі өткен жылдарға қарағанда 7-8 күндей қысқа болды. Себебі күндізгі температура жазда 40-43ºС жоғарылады. Арпаның өсу фазасын фенологиялық бақылау тек температураға ғана емес, минералды тыңайтқыштардың мөлшеріне де байланыстылығын көрсетті . Жаздық арпаның дамуының фенологиясы нұсқау бойынша келесі 2- кестеде көрсетілген.



Тәжірибе

нұсқасы

Сорттар

өсу фазасы кезеңі




себу

көктеу

түптену

сабақтану

масақтану

толық пісу

барлық күн

1. N0P0



Әсем, st

18.IV

27.IV

08.V

22.V

01. VI

06. VII

80

Сәуле

18.IV

27.IV

07.V

22.V

01. VI

05. VII

79

Сыр Аруы

18.IV

25.IV

06.V

24.V

03. VI

01. VII

75

2. N60


Әсем, st

18.IV

27.IV

07.V

23.V

03. VI

08. VII

82

Сәуле

18.IV

27.IV

06.V

23.V

03. VI

06. VII

80

Сыр Аруы

18.IV

25.IV

05.V

25.V

05. VI

03. VII

77

3. N60P60

Әсем, st

18.IV

27.IV

05.V

24.V

04. VI

10. VII

84

Сәуле

18.IV

27.IV

04.V

23.V

03. VI

08. VII

82

Сыр Аруы

18.IV

25.IV

04.V

26.V

07. VI

05. VII

79

4. N90P60


Әсем, st

18.IV

27.IV

05.V

26.V

06. VI

12. VII

86

Сәуле

18.IV

27.IV

04.V

25.V

05. VI

09. VII

83

Сыр Аруы

18.IV

25.IV

04.V

27.V

07. VI

05. VII

79

5.N90P90


Әсем, st

18.IV

27.IV

05.V

27.V

08. VI

13. VII

87

Сәуле

18.IV

27.IV

04.V

25.V

06. VI

09. VII

83

Сыр Аруы

18.IV

25.IV

04.V

29.V

09. VI

07. VII

81
2-кесте. Жаздық арпаның даму фазасының минералды тыңайтқыштардың мөлшеріне байланыстылығы, 2012 ж.

Арпаның алғашқы көктеу кезеңі сепкен соң 9 күннен кейін, сонан соң 9 күнде толық көктеу кезеңі анықталды, минералды тыңайтқыш әсері айтарлықтай байқалған жоқ. Бырақ түптену, сабақтану, масақтану және пісу кезеңдерінде әсері байқалды. Кестеде көрсетілгендей 3,4,5 нұсқаларда түптену фазасында өсімдікте үш жапырақ пайда болу ерте болды.

Арпаның өсуінің алғашқы кезеңдері жабынды дақыл ретінде маңызды екені байқалды, ал фосфор тыңайтқышын енгізу арпа өсімдігінің тез және қарқынды өсуіне жағдай жасады. Ол әрине көпжылдық шөптердің жақсы дамуына, олардың көлеңкелеуіне жағдай жасаумен қатар тікелей түскен күн көзінен қорғайды және топырақ бетіне тұздың көтерілуіне кедергі келтіреді. Сонымен қатар минералды тыңайтқышты әсіресе фосфорды, енгізу түптену және сабақтану фазаларын 7-8 күнге ұзартып генеративті мүшелерінің қалыптасуына көмектеседі.

Арпаның 3,4,5 нұсқаларында масақтану 3-7 күндей бақылау нұсқасына қарағанда кейін болды, яғни арпаға тыңайтқыш енгізу дәндегі құрғақ заттарды жинауға кері әсері болған жоқ.

Тұзды топырақта арпаның бастапқы кезде қарқынды өсуі ең маңызды, оңтайлы кезең болып табылады себебі бұл кезде арпа сабақ қалыптастыру өсуі көп жылдық шөптерге жабынды дақыл ретінде пайдалануға тиімді.

Оның тиімділігіне тұзды топырақ жағдайына сорттың адаптациялануы онтогенездің алғашқы кезеңінің шешуші роліне байланыстылығында. Біздің зерттеулерімізге қарағанда арпаның түптену кезеңінде минералды тыңайтқыш енгізу өсімдіктің қарқынды өсуіне жағдай жасады, және көпжылдық шөпті тіке түскен күн сәулесінен көлеңкелеп, ең бастысы топырақтың төменгі жағындағы тұздың топырақ бетіне яғни қатты буланудан қорғады. Сонымен қатар өсімдіктің келесі даму фазаларында біртегіс өскені байқалды.

Жалпы минералды тыңайтқыш дозасын көбейту кезінде арпаның сорттарына қарай вегетациялық кезеңі 4-7 күндей ұзарғаны байқалды.
Әртүрлі мөлшердегі минералды тыңайтқыштардың арпа сорттарының өніміне әсері.

Ауыспалы егісте кез келген дақылдан жоғары өнім алу үшін бастысы тыңайтқыш қолдану жүйесін дұрыс қалыптастыру керек. Ауа райы қолайсыз жылдары топырақ алде қайда күтімді қажет етеді, сондықтан да шаруашылықта оған қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету керек. Тұзды топырақтарда өсу процестерінің тежелетіні белгілі. Сол себепті бұл проблеманы шешу үшін арпаның тұзға төзімді сорттарын минералды тыңайтқыштың қалыпты мөлшерін бере отырып шығару. Дұрыс ауыспалы егістерді игеру және тыңайтудың тиімді жүйесін енгізу кез-келген дақылдың өнімділігін арттырудың шешуші шарты болып табылады. Экологиялық жағдайы нашар Арал өңірінде ауыл шаруашылық дақылдары өнім құрау үшін көп мөлшерде қоректік заттарды қажет етеді.

Қызылорда облысының күріш жүйесінің топырақ-климат және агроэкологиялық жағдайын талдай отырып аудандастырылған арпа сорттарының морфологиялық-биологиялық белгілерінің селекциялық-генетикалық параметрлері негізінде және тікелей практикалық жұмыс жүргізе отырып Л.А. Тохетова осы аймақта жаздық арпаның сорттық моделін жасаған. Осы модель бойынша, өсімдік биіктігі Қызылорда облысының күріш ауыспалы егісі жағдайында арпа сорттарын аудандастыру кезінде анықтаушы факторлардың бірі екені белгілі, себебі оны негізінен көпжылдық шөптердің бүркеме дақылы ретінде өсіреді.

Жалпы арпаға қолайлы кезеңдерде оның өнімі 1000 дәннің массасына байланыстылығы белгілі. Ал Арал өңірінің қолайсыз жағдайларында жасалған моделге сәйкес арпа өнімінің көтерілуінің негізгі факторы «масақтағы дән санына байланыстылығы» тұқым қуалауда бір шаршы метрдегі дән массасымен тікелей байланыстылығы анықталды.

Сорттың қоршаған орта факторларына төзімділігінің негізгі көрсеткіші, жоғары өнімділік болып табылады, ол агрономиялық факторларда тұздылыққа немесе тұзға төзімділікке байланысты.

Осыған орай біздің зерттеулерімізде минералды тыңайтқыштар әсерін: өсімдік биіктігі, масақтағы дән саны, өнімділігі және дәндегі белок санына байланысты болуы тиіс.

Қандай дақыл болмасын оның өнімділігін көтеруде негізгі мақсат, яғни арпаға минералды тыңайтқышты дұрыс қолдану. Күріш жүйесінде арпаны өсіру тәжірибесі көрсеткендей, арпа өнімділігінің тең жартысы минералды тыңайтқыш қолдану нәтижесінде деп айтуға болады. Ол дақылдың минералды тыңайтқышты қажетсінуі ғана емес сонымен қатар сортқа да байланысты.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей жаздық арпаны өсіруде оның өнімділігін арттыру үшін және дәніндегі белокты көбейтуде азот-фосфор тыңайтқыштарының оңтайлы мөлшерін енгізу керек.



Арпаны аурулардан қорғау шаралары.

Зертханалық зерттеу:

Арпа тұқымының зақымдалуы

Арпа тұқымындағы инфекцияны анықтау, тұқым микрофлорасын зертханалық жағдайда анықтау, кезінде анықталады. Тәжірибе көрсеткендей тұқым микрофлорасы негізінен альтернариоз, фузариоз және пенициллиум кездеседі. Тәжіребеге Асем, Сауле, Сыр Аруы аудандастырылған сорттар пайдаланылды. (3-кесте)

3-кесте. Арпаның әртүрлі сорттарының зақымдалуы

Сорттар

Тұқым саны, дана

Зақымдалған дән,%

Оның ішінде

альтернариоз

фузариоз

пенициллиум

Сауле

100

21,5

9,0

8,5

4,0

Асем

100

22,5

7,5

12,0

3,0

Сыр Аруы

100

19,0

8,5

8,5

2,0

Кестеде көрсетілгендей, арпа тұқымдары: Сауле, Асем және Сыр Аруы 19,0—22,5 % зақымдалған.



Арпаның фузариозды тамыр шірік ауруының зияндылығы

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей ауру арпаның өсу және өсімдіктің даму кезеңдеріне,әсіресе орташа және қатты зақымдалу кезеңінде әсер еткені байқалды.Ауру өсімдіктің бойы,сау өсімдікке қарағанда қысқарым масақтағы дән саны,дән массасы төмендеп,нәтижесінде өнім 6,0 – 7,0%-ға.Арпа сортында төмендеді,ал 9/99-1 сортүлгісінде 4-9%,99/99-8 сортүлгісінде 3-7%,ал стандарт үшін алынған Әсем сортында 1,5-5%,соған сәйкес зияндылық коэффициенті тиісінше 0,04-0,07%,5,8-29,4% және 5,8-17,6% (4-кесте)



4-кесте. Арпаның тамыр шірік ауруының зияндылығы және өсуімен дамуының әсері.

Сорт

Өсімдіктің зақымдалу дәрежесі

Өсімдік биіктігі, см

Масақ ұзындығы, см

Бір масақтағы дән саны, дана

Дән массасы, г

Өнімнің төмендеуі, %

Зияндалу коэффициенті, %


50-өсімдіктен

1000 дана

99/99-1

Сау өсімдік

40,3

9,5

20,0

1,8

37,0

-

-

1-балл

38,5

7,3

18,0

1,6

33,0

4,0

11,1

2-балл

37,0

7,0

17,5

1,4

30,0

7,0

22,2

3-балл

33,5

6,5

16,0

1,3

28,0

9,0

27,7

99/99-8

Сау өсімдік

41,0

8,7

20,0

1,7

36,0

-

-

1-балл

39,3

8,0

18,2

1,6

33,0

3,0

5,8

2-балл

38,0

7,0

16,

1,3

30,0

6,0

23,5

3-балл

34,0

6,5

15,7

1,2

29,0

7,0

29,4

Арна

Сау өсімдік

39,7

9,1

20,0

1,7

36,0

-

-

1-балл

36,5

7,5

19,0

1,6

32,0

4,0

0,04

2-балл

33,4

7,1

16,0

1,3

30,0

6,0

0,06

3-балл

32,0

6,8

15,7

1,2

29,0

7,0

0,07

Асем St.

Сау өсімдік

40,1

7,9

19,8

1,6

33,5

-

-

1-балл

39,0

7,3

17,9

1,5

32,0

1,5

2,9

2-балл

37,3

6,9

16,7

1,4

30,0

3,5

8,8

3-балл

35,5

6,6

15,6

1,2

28,0

5,0

17,6


Арпа тұқымын дәрілеудің, оның өнгіштігімен ауру мен зақымдалуына әсері.

Қазіргі кезде тұқымды дәрілеу міндетті технологиялық процесс болып табылады.

Қазіргі кезде тұқымды препараттармен өңдеу ауру қоздырғышты және зиянкестерді жойып, сонымен қатар ауру түрлерінің өсімдіктің өсу және даму кезеңінде таралуын шектейді, ескертеді.

Соған сәйкес Қазақстанның Арал өңірінде бірінші рет күріш жүйесінің тұзды топырақ жағдайында арпа тұқымын себер алдында дәрілеу үшін тәжірибе жасалады. Тұқымды себер алдында Сұнқар-1, Сұнқар-4 және Колфуго супер фунгицидтермен дәріленеді,бақылауға өңделмеген тұқым алынды.



Зерттеу үшін аудандастырылған Арна, Асем және Рассава сорттары пайдаланылды. Көктеу фазасында тұқымның өнгіш және дәрілеуіштің әсері есептелді (4-кесте )

4-кесте. Арпа тұқымын себер алдында дәрілеудің өнгіштік қасиетіне әсері

Сорттар

Тәжірибе нұсқасы

Өсімдік саны 1 ш. м/дана

Барлық өсімдік, дана

орташа, саны

Ι

ΙΙ

ΙΙΙ

Арна

Бақылау (өңделмеген)

172,0

140,

144,0

456,0

152,0

Сұңқар-1 (эталон)

120,0

216,0

184,0

520,0

173,0

Сұңқар-4

200,0

236,0

112,0

548,0

182,6

Колфуго супер

188,0

156,0

140,0

484,0

161,3

Асем

Бақылау (өңделмеген)

156,0

192,0

128,0

476,0

158,0

Сұңқар-1(эталон)

164,0

160,0

164,0

488,0

162,6




Сұңқар-4

248,0

224,0

188,0

660,0

20,0

Колфуго супер

100,0

196,0

144,0

438,0

146,0

Рассава

Бақылау (өңделмеген)

144,0

176,0

164,0

484,0

161,3

Сұңқар-1 (эталон)

124,0

196,0

204,0

522,0

174,0

Сұңқар-4

188,0

208,0

148,0

544,0

181,3

Колфуго супер

232,0

176,0

144,0

552,0

184,0

Кестеде көрсетілгендей Арна, Асем, Рассава сорттарының тұқымын Сұңқар-1, Сұңқар-4 препараттарымен өңдеген кезде арпаның көктеуіне жақсы әсерін тигізеді, Арна, Асем сорттарында арпа көгі тиісінше 173,3; 182,6 және 162,6; 220,0 дана 1 ш.м болды, ал колфуго супермен бір деңгейде 152,0; 158,0 дана 1 ш.м көрсетті.

Арпаның көктеу кезінде төменгі жапырақтар сарғайғаны байқалады. Арпаның сарғайған жапырақтарын ылғалды камераға салып ауру қоздырғыш анықталды.

Ылғалды камерада өсіп шыққан саңырауқұлақты микроскоппен қарағанда, микрокондицияның көптігі, түссіз жұмыртқа тәрізді; макрокондиция 4-6, клеткалы екені байқалды. Ауру қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақ, Fusarium Zink, туысына жатады, ең жиі кездескен түрге Fusarium graminearum Saec., арпаның өсуінің алғашқы кезеңінде зақымдайтыны анықталды (5-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет