Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері



Дата16.11.2023
өлшемі55.21 Kb.
#483501
Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері


Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері
1.Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: мәні мен ерекшеліктері. Қазақстандағы индустрияландыру ірі өнеркәсіпті, бірінші кезекте ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту арқылы жүзеге асырылды. Индустрияландыру кез келген елде жанғырту кезені болып табылады. 20-жылдардың, ортасына қарай КСРО-да индустрияландыруды жүргізу себептері:
- Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезені аяқталды. Кеңес экономикасы негізгі көрсеткіштер бойынша соғыска дейінгі деңгейге шықты. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған зауыттарды қайта жарақтандырып қана қоймай, жаңа кәспорындар салу керек болды.
-Екіншіден, алдағы уақытта елдің экономикалык, әлеуетін орналастыру мәселелерін тиімді шешу міндеті тұрды. Ресей аумағынын 3%-ын алып жатқан Орталық өнеркәсіптік ауданда өнеркәсіптік өндірістін 30%-ы мен жұмысшы табынын 40%-ы шотырланды. Елдің бұрынғыша аграрлы, шаруалар елі болып қалды. Ауыл халқы басым болып, қалаларда жұмыссыздық өсті. Бұл әлеуметтік шиеленісті күшейтті.
-Үшіншіден, индустрияландыруды жеделдетуге елдің халықаралық аренада экономикалық және саяси оқшаулануы әсерін тигізді. Капиталистік елдердің қоршауында қалган КСРО үнемі соғыс қатерінде болды. Елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеті турды. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсан айында БК(б)П XIV съезінде қабылданды. Съезде индустрияландырудың негізгі міндеті тужырымдалды: КСРО-ның экономикалық дербестігін қамтамасыз ету, машиналар мен жабдықтарды тасып әкелетін елден оларды шығаратын елге айналдыру.
Осылайша индустрияландырудың мақсаты КСРО-ны аграрлы елден жетекші индустриялық державаға айналдыру болды.
Индустрияландыруды жургізу көздері БК(б)П сәуір (1926ж.) мәжілісінде аталды:
- мемлекеттік кәсіпорындардан түсетін табыстар;
- халықтын ішкі несиелері;
- өндірістегі аса қатан үнемдеу мен ұқыптылық.
Алайда ауылшаруашылығы индустрияландырудың басты көзіне айналды, соның есебінен өнеркәсіпті техникалық, қайта жарақтандыруды жүзеге асырудың сәті түсті. Қаражатты ауылшаруашылығынан өнеркәсіпке аудару экономикадағы үйлесімділіктің едәуір бұзылуына әкелді: ауылшаруашылығы кұлдырады; жеңіл өнеркәсіп мүлдем дамымады. Бұған қоса, ауыр өнеркәсіптін өзінде әскери өндіріспен байланысты кәсіпорындар басым болды. Бұл экономиканы адам қажеттіліктерін қанагаттандыруға емес, әскери-өнеркәсіптік кешенді дамытуға бағдарлады және кеңес адамдарының өмір сүру деңгейінің өсуіне жағдай жасамады. Қазақстанда социалистік индустрияландырудың басталуына халық, шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдық жоспарының (1928 - 1932 жж.) бекітілуі себеп болды. 1929 жылдан бастап ел басшылығы индустрияландыру екпінін қарқындатуға шақыра бастады. Сталин бесжылдықты - төрт жылда! ұранын ұсынды. Жоспарлық тапсырмалар ұлғайту мақсатында қайта қаралды. Ел түсті және қара металдар, шойын, автомобильдер, ауылшаруашылық, машиналары және т.б. алғашкы жоспарланғаннан екі есе артық шығаруға тиіс болды. И.В.Сталин былай деді: Екпінді кідірту - артта қалу деген сөз. Біз алдынғы қатарлы елдерден 50 – 100 жылға артта қалдық. Біз бұл арақашықтықты оң жылда жүгіріп өтуге тиіспіз. Не біз мұны істейміз, не бізді жаншып тастайды. Мәскеудін ойынша, Қазақстан жеделдете индустрияландырылған негізгі аудандардың біріне айналуы тиіс болды. БК(б)П ОК саясатын белсенді жүргізуші Ф.И.Голощекин республикада өндіруші өнеркәсіппен шикізатты тасып әкетуге арналған теміржол құрылысын жақтады. Осылайша, Қазақстанды КСРО-ның өнеркәсіптік дамыған аймақтарынын шикізат базасына айналдыру көзделді. С.Садуақасов бастаған бірқатар жергілікті коммунистер Орталықтың саясатына қарсы шықты. Ол өндеуші және жеңіл өнеркәсіпті дамытуды, индустрияландыруды жүзеге асыру кезінде республиканың мүдделерін есепке алуды, республиканы шикізат көзіне айналдырмауды ұсынды. Осылайша 20 - 30-жылдардың екінші жартысында Қазақстанда Ф.И.Голощекин жүргізген бағыт жеңді. Ол КСРО тарихында
Қазақстан индустриясының бүкіл кеңестік кезеніндегі тағдырын алдын ала белгіледі. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері:
1. КСРО-мен, сондайак, одақтың жекелеген республикаларымен салыстырғанда, Қазақстанның индустриялық дамуы жоғары қарқында өтті.
2. КСРО бойынша ең ірі кәсіпорындар құрылысы басым болды. Сондықтан кейін оларды жанғырту кезінде қиындықтар көбірек кездесті.
3. Ауыр өнеркәсіптің өндіруші салаларының: көмір, мұнай және түсті металлургия дамыды. Ал бұл республика өнеркәсібінің шикізаттық, бағыт алуына негіз болды. Қазақстанда елдегі индустрияландыруды жүзеге асыру бойынша қызу пікірталастар өрістегі түйеден социализмге өту мүмкін емес, өмірдің көшпелі салты - қазақ, халқының ерекшелігі, сондықтан индустрияландыру оның ұлттық ерекшелігіне нұқсан келтіреді деп есептеді.
4. Қазақстан өнеркәсібінде машина, станок жасау, құрылыс материалдары (цемент, шыны және т.б.) өндірісі болған жоқ, жеңіл және тамақ, өнеркәсібі артта қалды.
5. Салынған ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары одақтық, бағынысты болды, яғни тек Мәскеуге бағынды. Табиғи ресурстарды зерттеу және оларды белсенді игеру. Қ.Сәтбаев. Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі оның аумағының геологиялық, турғыдан нашар зерттелгендігінде еді. Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеу қарқынды жүрді. 1928 - 1929 жылдары Қазақстанның жер қойнауын зерттеу үшін геологиялық, басқарма тарапынан геологиялық басқарма тарапынан 50-ден астам іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстандық арнаулы геологиялық барлау тресі ұйымдастырылып, Ембімұнай орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, Актөбеникель геологиялық, барлау қызметі және т.б. пайда болды. 1931 жылы 140-тан астам геологиялық, барлау партиясы жұмыс істеді. Олар бағалы, жаңа минералдық шикізат түрлерінің бірегей кен орындарын тапты.
Шикізат қорлары бойынша Қазақстан бірінші орынға шықты. Мыс кендерінің (Қонырат, Бозшакөл, Жезқазған), қорғасынның (Кенді
Алтай, Қаратау мен Жонғар Алатауы таулары), темір кендерінің (Атасу), хромит пен никель кендерінің, фосфориттің (Актөбе облысы) елеулі қорлары ашылды. Орал-Ембі ауданында мұнайдың жаңа кең орындары ашылды. Қарағандыда ірі көмір бассейні айқындалды. Осының арқасында Қазақстанда республиканың жаңа ғылыми геологиялық, картасы жасалды. Орталық Қазақстанның минералдық-шикізаттық ресурстарын академик Н.С.Курнаков баскарған геологтер мен геофизиктер тобы зерттеді. Ол өз зерттеулері нәтижесінде республика Кенестер Одағынын тұтастай металлогенді провинциясы екендігін дәлелдеді. Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеумен айналысқан академик И.М.Губкин бұл кен орны елдегі аса бай кен орындарының бірі деген қорытындыға келді. Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарына жас инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев барлау жүргізді.
Түрксіб құрылысы. Өндірісті дамыту үшін бірінші кезекте теміржол желілері керек болды, Алматыдан Семейге дейінгі Түркістан-Сібір теміржолының (Түрксіб) құрылысы ҚазАКСР-дағы индустрияландырудың алғашкы индустрияландырудың, алғашкы нысандарының біріне айналды. Түрксіб кұрылысы туралы шешім КСРО Еңбек және қорғаныс кеңесінің 1926 жылғы 3 желтоқсандағы отырысында қабылданды. Құрылыс бастығы болып В.Шатов тағайындалды. РКФСР үкіметі жанынан РКФСР ХКК терагасының орынбасары Т.Рысқұлов басқарған Түрксіб құрылысына жәрдем көрсетудің арнаулы комитеті жұмыс істеді. Рельстер тау өзендері, жартасты қыраттар, құмдар арқылы 1442 км-ге салынуы тиіс болды. Қурылысқа дайындық 1927 жылы сәуір айында басталды. Семей стансысынан басталған жолдың бірінші буынын 1927 жылдың 15 кыркүйегінен бастап салды. Түрксібтің іс жүзінде түйісуі мерзімінен 8 ай бұрын, 1930 жылы сәуірде жүзеге асып, 1931 жылы пайдалануға берілді. Жол Орта Азияны Сібір аудандарымен жалғастырды және елдің, шығыс жалғастырды және елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетінің көтерілуіне әсер етті. 1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынды. Ол 1931 жылы Акмолаға дейін жалғастырылды. 1939 жылы Қазақстаннан шикізатты тасып әкету ушін Ақмола-Қарағанды, Елек-Орал, Рубцовск-Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған жолдары салынды. Қазақстан ауыр өнеркаәсібі ірі кәсіпорындарының құрылысы. Теміржолдар құрылысымен бір мезгілде жұмыс істеп турған өнеркәсіп кәсіпорындары қайта құрылымдалып, жанасы салынды. Риддер, Қарсақпай комбинаттары қалпына келтірілді. Қарағанды-көміртегінің шахталары елдегі үшінші көмір бассейніне айналды. Индустрия алыптары: Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл, Текелі полиметалл, Жезқазған мыс қорыту комбинаттары мен Өскемен қорғасын-мырыш зауытының комбинаттары мен Өскемен корғасын-мырыш зауытының құрылыстары жүрді. Бұлар КСРО түсті металлургисының аса ірі кәсіпорындары болды. Шымкентте, Актебеде химия өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылысы басталды. Электр энергиясы өндірісі артты: Қарағанды ОЭС-і, Үлбі СЭС-і, Балқаш мыс қорыту комбинатының ЖЭО-і сол уақыттағы екпінді құрылыстар болды. Ембі мұнайлы ауданы дамыды. Қосшатыл, Макат сияқты ескі кәсіпшіліктер кеңейтілді. Күлсары, Сағыз жаңа кең орындары игерілді. Индустрияландыру жылдары тамақ, өнеркасібінің ірі кәсіпорындары: Семей ет комбинаты, Гурьев балық-консерві зауыты, Жамбыл, Мерке, Талдықорғанда қант зауыттары салынды қиын жағдайларда жұмыс істейтін жумысшыларға әртурлі жеңілдіктер беру; - түрмеде отырғандар мен арнайы қоныс аударылғандардың мәжбүрлі еңбегін пайдалану тәсілдерімен шешілді. Еңбек өнімділігін арттыруда техниканы игеру және еңбекті ұйымдастыруды жақсарту есебінен табыстарға жеткен стахановшылар қозғалысы үлкен рөл атқарды. Оның бастамасын кенші Алексей Стахановтың рекорды салды. Ол 1935 жылы 1 қыркүйекте бір ауысымда 14 күндік норманы орындады. Стахановтың табыстары көпшілікке кеңінен белгілі болды және шаруашылықтың барлық, салаларына таралды. Әрбір кәсіпорында өз стахановшылары пайда болды. А.Мұрынбаев, С.Отебаев, М.Сағымбеков, Б.Нурмағамбетов, Табылдинова және т.б. өндіріс озаттары болды. Стахановшылар қозгалысы ізбасарларының бірі Қарағандының кенші маманы Т.Кузембаев болды. Алғашкы бесжылдық жылдары жұмысшы табынын саны артты. Білікті жұмысшылар тобы қалыптасты. Жұмысшылар теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің, шебері және басқа да кәсіптерді меңгерді. Жұмысшылар мен шаруалардан шыққан қазақ инженер-техник зиялы қауымы пайда болды. Жұмысшы күшін толықтыру көздерінің бірі арнайы жер аударыландар - орталық аймақтар мен Сібірдегі шаруашылықтары тәркіленген ауқатты шаруалар болды. 1931 жылы Қарағандыға 70 мыңдай адам жер аударылды, олар концлагерьлерге орналастырылды. Арнайы жер аударылғандардын кенттерден шығуға құқықтары болған жоқ. Олар шахталарда, теміржол құрылысында жұмыс істеді. Жұмыс істейтіндерге күніне 600 гр, оның қарауындағы адамдарға 300 гр нан берілді. Аштық пен аурудан жер аударылғандардың басым белігі қаза болды, алайда олардың орнына басқаларын әкелді. Қазақстандағы индустрияландырудың қорытындылары. Республика аграрлы елден индустриялы аграрлы елге айналып, КСРО өнеркәсіп өндірісінде алдынғы қатарды иеленді. Қазақстан қорғасын өндіру бойынша Одақта бірінші орынға, түсті металдар өндірісі бойынша екінші орынға, мұнай өндіруден үшінші орынға шыкты, Қарағанды КСРО-ның үшінші көмір базасына айналды. Республикада 120 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын салынды, мың кило-метрден астам жаңа теміржол іске қосылды. Өндірістің өсуі, әсіресе соғыстың алдындағы жылдары байқалды. 1940 жылы республикада 2,5 мыңнан аса жаңадан салынған және қайта қалпына келтірілген кәсіпорын жұмыс істеді. Жұмысшы табынын өсуі жүріп жатты, кеңестік біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық зиялы қауым қалыптасты. Индустрияландырудың сипатты белгісі урбандану (қалалардың өсуі) болды Бірқатар кенттер (Қарағанды, Риддер, Балқаш және басқалар) қалаларға айналды. Өнеркәсіптік құрылыс қала халкының, күрт өсуіне жағдай жасады. Индустрияландырудың жатымсыз салдары да болды. Қазақстан өнеркәсібі шикізаттық бағытта болды. Мұнай, газ, металдарды қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар; машина жасау, құрылғы жасау, аспаптар, автомобиль жасау және басқа да кәсіпорындар болған жоқ. Қазақстан елді электрмен жабдықтау, теміржолдар мен олардың, пайдаланылуы бойынша артта қалып қойды. Қазақстанға көшіқон ағыны артты. Олар Ресей, Украина, Белоруссия мен басқа да аймақтардан қоныс аударушылар болды. 1928 - 1939 жылдары Қазақстан қалалары халкының, көшіқон есебінен 1,8 млн адамға өсті. 20 - 30-жылдардағы ашаршылық пен көшіқон үдерістерінің нәтижесінде негізгі этнос -қазақтардың Қазақстан халқының, жалпы санындағы үлесі 1939 жылы 38%-ғa дейін қысқарды. Индустрияландыру мен қаражатты ауылшаруашылығынан аудару аграрлық, өндірістің құлдырауына әкелді. Қалалардағы азық-түлік мәселесі шиеленісіп, 1929 жылы карточкалық жүйе енгізілді Карточкалық жүйе барлық азық-түлік тауарларына қолданылды. Алайда тауарлар тапшылығы бұрынғыша қалды және оларды сатып алу үшін улкен кезектерге туруга тура келді. Индустрияландыру натижелерін біржақты бағалауға болмайды. Тұтастай алғанда, Қазақстан экономикасында өнеркәсіптік өндірістің айтарлықтай өсуі мен өнеркәсіптік өнімнің меншікті үлесінің артуы байқалды. Индустрияландыруды жүзеге асырудың нәтижесінде қысқа мерзім ішінде Қазақстан артта қалған аграрлы өлкеден аграрлы-Индустрияландыруды жүзеге асырудың нәтижесінде қысқа мерзім ішінде Қазақстан артта қалған аграрлы өлкеден аграрлы-индустриялы республикаға айналды. Екінші жағынан, соғыс алдындағы бесжылдық жылдары Қазақстан КСРО-ның ірі шикізат орталығы болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет