Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Ұлттық тарихтың басымдықтары. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж.)



бет2/88
Дата11.12.2022
өлшемі328.42 Kb.
#467026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
аза станны азіргі заман ы тарихы курсы бойынша мемлекеттік ем

2.Ұлттық тарихтың басымдықтары. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж.).
1995 жылы Президент жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданды. Мұнда тарихтың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінің ерекше маңызы көрсетілген, тарихи білімнің негізгі басымдықтары, тарих ғылымының проблемалары, тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі белгіленген болатын.
Қазақстанда тарихи сана тақырыбының көтерілуі тәуелсіздіктен кейінгі ұлттық сананың жаппай оянуы, тарихи ақтаңдақтарды қалпына келтіру, тарихи әділеттікті орнату үдерістерімен байланыстырылды. Халқымыздың аңсаған арманының жүзеге асуы барысында ұлттық тіл мен діл, дін мен тін жаңғырды. Тек тәуелсіздік тұсынды ғана халық өз тарихы мен тағдырына бет бұруға мүмкіндік алды. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен үш жыл қатарынан тарихи танымға айырықша назар аударылды.
Олар:
1997 жылы- Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу;
1998 жылы- «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»;
1999 жылы- «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы»;
Бірнеше ғасырлық отаршылдық және тоталитарлық сана үстемдігі салдарынан рухани күйзелісті бастан өткізіп, саяси тәуелсіздігіне енді қол жеткізген Қазақстан бүгінгі күні әлемдік тарихтағы уақыт бағаны мен қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте өзін-өзі орналастырып айқындалу міндетімен бетпе-бет келіп отвр. Тарихи сананың деформациясынан кейін ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің біріне айналды. Бүгінгі күнгі қазақстандық қоғамда тарихи өзіндік сананы жаңғырту мен төл мәдени мұраны игеру және оның қазіргі заманғы даму үдерісіне лайықты жаңартып үйлестіру өзекті мәселеге айналғандықтан ұлттық тарих пен мәдениеттің тоталитарлық идеология қысымымен ұмыт болған беттерін қайта парақтаудың маңызы зор. Ұлттық тарихха стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын бұрынғы Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан « Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. Тұңғыш президентіміз Н.Ә:Назарбаев бұрын –соңды болып көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдау керектігін жариялады.Бағдарлама жүзеге асырылған 2004-2011 жылдар аралығында – Қазақстанның тарихы мен Этнографиясы бойынша 26 арнаулы зерттеу жүргізілді. Дегенмен, мұның бәрі- тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолыдағы ауқымды жұмыстың басы ғана еді. Тұңғыш президентіміз Н.Ә:Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деген тұжырым жасаған. Уақытында бірлік пен ынтымақтастықты қастерлеп өткен ата-бабаларымыздың осы өсиеті тарихи тағдырдың талайымен мәдени әртекті қоғамға айналған біздің елімізде өзінің көкейтестілігімен ерекше көзге түсіп отыр.Бұл мәселеге қатысты ҚР-ның тұңғыш президенті Н:Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінде былай ой қозғайды: «Үшінші мыңжылдыққа санаулы күндер қалғанда біздің болмысымыздың ең көкейтесті сұрақтары- ұлттық үндестігіміздің мән-маңызы неде, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда «мен» дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады
-міне, мұның бәрі де нақтылы өмірмен беттескен саясаттың сұрақтары. Ал оның жауабы бүгінгі өмірмен ғана астасып жатқан жоқ, тұнығы мен тұманы қабаттасқан тарихтың тұңғиығымен де сабақтасып жатыр» «Тарихтағы өз орнын білу, бабаларыңды ру төмпешінің деңгейінде емес, жалпыұлттық өреде мақтан тұту, ұлан-байтақ Евразия тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының өзіндік орнын танып түсіну, ұлттық қадір-қасиетіңді қорлайтын жаттанды жаралардан арылу, міне, ұлттық тұтастыққа кепіл болатын бүгінгі күннің ең қуатты тетіктері осылар»-деп жазды Н.Назарбаев. Ұлттық сананы қалыптастырудың ең негізгі жолы- тарихи білім. Ол жүйелі түрде мектептерде,ЖОО-да іске асады. Сондықтан тарих пәнін оқытудың маңыздылығын түсінудің маңызы ерекше. Жоғары оқу орындарының Қазақстан тарихын оқытуда тарихшылар жастардың ұлттық намысын тәрбиелеуге, ата-баба рухы деген қасиетті сөздерді жоғалтпауға тәрбиелейді. «Қазақ үлкен ел, ақ тілеулі, рухы күшті ел! Қанашама қансырасақта көктемгі көктесіндей қайта көктейміз, қайта өрлейміз» деген болатын Төле би. Тарих –шын мәнінде ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізгі қайнар көзі.Елбасы тарих туралы тағы бір сөзінде «Өркениеттің алға бастырар ғылыми десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»,-дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет