Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Жәдидтіктің ағартушылық ойларының Қазақ Даласына ықпалы



бет5/88
Дата11.12.2022
өлшемі328.42 Kb.
#467026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
аза станны азіргі заман ы тарихы курсы бойынша мемлекеттік ем

5. Жәдидтіктің ағартушылық ойларының Қазақ Даласына ықпалы.
Медреселердің оқу бағдарламаларына пәндердін мынадай топтамалары енгізілді: 1) араб тІлі, грамматика, морфология, синтаксис, этимология, араб риторикасы, араб тарихы, Құран оқу туралы ғылым және ғылыми-мәдени пікірсайыстар; 2) дін ілімі мен зантану - Құранның мазмұны мен маңызы, құқық, діни ережелер, мұраны болу тәртібі туралы ілім, зантану негіздері; 3) философия, логика, математика, география, астрономия, химия және жаратылыстану ғылымдары. Отарлау кезеңінде, әсіресе XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында өкімет орындары мұсылман мектептерінің өміріне араласпау туралы сөз жүзінде мәлімдей отырып, орыс-бұратана ұлттар мектептері желісін кенейту және басқа да шаралар арқылы медреселерде оқитын балалар санын азайтуға қол жеткізді. Патша өкіметі жаңа әдіспен оқытатын мұсылман мектептерінің қызметін бейтараптандыру жөнінде белсенді шаралар қолданды, олар қазақ халқының арасында исламшылдық және түрікшілдік идеяларды тарату жөніндегі қамалдар деп қарастырылды.
Діни мектеп ретінде, мұсылман оқу орындары діни мекемелерге ғана бағынышты болуга тиіс еді, сондықтан да мұсылман мектептерінің ықпалын шектеп, оларды азаматтық мектептермен қосуға наразылық білдірілді. Алайда бұған қарамастан 1874 жылы Қазақстанның мұсылман мектептері Халық ағарту министрлігіне тікелей бағындырылды. Империялық үкімет мұнымен тоқталмай, 1876 жылы мұсылман мектептеріне орыс сыныптарын енгізу арқылы орыстандыру жөнінде тағы бір ірі қадам жасады. Халық ағарту министрлігінің ресми мандатын алған орыс әкімшілігі мұсылман мектептерінің жанынан орыс сыныптарын ашуға белсене кірісті, мұның өзі мұсылман мектептері жанындағы орыс сыныптары орыс мемлекетінің үстемдігін орнықтыруға қажет деп санаған отаршыл әкімшіліктің қалың тобына қатты ұнады. «Көшпелі болса да, мұсылман болсада, қазақ орыс тілін білуге тиіс, өйткені бұл - Мемлекеттік тіл, үкіметтік және сот орындарында іс сол тілде жүргізіледі». Мұсылман оқу орындарына қатан талаптар қойылды, олардын бұзылуын отаршыл әкімшілік үнемі қудалап отырды. Бірақ бұған қарамастан, Қазақстан аумағында мектептер мен медреселер саны үздіксіз өсе берді, өйткені оқуға тілек білдірушілер саны барған сайын арта түсті.
Дәстүрлі мектептердегі оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балаларын шәкірттерді жана әдіспен оқытатын Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусаиния», Троицкідегі «Расулия», «Уазифа» сияқты ірі медреселерге оқуын жалғастыруға жіберетін. Басқаларымен салыстырғанда, «Ғалия» медресесінде мына пәндер: шығыс тілдері, логика, философия, тарих, математика, география, орыс тілі, адам физиологиясы оқытылатын. Бұл медресенің қабырғасында 300-ден астам қазақ баласы білім алды. Олардың арасында қазақтың белгілі зиялылары, жазушылар Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, М. Жұмабаев, педагог-ақын Т. Жомартбаев, М. Оразаев, Н. Манаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, Ғ. Қайыров, Ә. Сұлтанов және басқалар бар.
Медресенің тәрбиеленушілері озық демократиялық идеялардың ықпалына түсті. Олар ескі оқыту әдістеріне, артта қалушылық пен надандыққа қарсы шықты. Шәкірттер арасында ұлтты түлету, өз елінің тарихын,әдебиеті мен тілін оқып-үйрену, зерттеу идеялары кен таралды. «Ғалия» медресесінің қазақ шәкірттері жастарды әдебиетке тарту мақсатымен 1916 жылдан қолжазба «Садақ» журналын шығарып тұрды. «Садақ» журналы апта сайын шығарылды, оның редакторлары сол жылдары медреседе оқып жүрген Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин мен Ж. Тілепбергенов болатын. «Садақ» журналы елді жаңғыртуды қазақ әдеби тілін дамыту, ұлттық әліпбиді қалыптастыру, ана тілінде оқулықтар шығару проблемасымен ұштастырды. Елдің көзін ашып, рухани түлеуге үндеген озық ойлы жас зиялы азаматтардың соны- на түскен полициялық бақылаудық құпия хабарында былай деп жазылған: «Олар қазақ тілінде теріс бағытта шығарылған, Уфада басылған кітапшаларды әкеліп, халық арасында таратады. Кітапшалар арасынан:«Оян, қазақ!», «Тұр, қазақ!» және «Маса» мысалдар жинағы мәлім, аталған басылымдарда қырғыздардың (қазақтардың) құқықсыз ауыр жағдайы туралы айтылады, аграрлық мәселе қозғалып, қазақтардың пайдалануындағы жер мөлшерінің тарылтаны көрсетіледі».
Джадидтік - ресей мұсылмандарының ағартушылық идеологиясының кезеңі. Жәдидтіктің ағартушылық ойларының Қазақ Даласына ықпалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет