3.Ұлттық тарихтың жаңғыртылуы ( 5 маусым 2013 ж.). Тарихты оқыту мен зерттеудің озық әдістерін іске асыру тетіктерін қарастыру.
Халқымыздың тəуелсіз Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрып, ұлт тың азаттығын сақтай білуі бүгінде қаншалықты ма ңыз ды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білуде соншалықты маңызды. Өйткені, тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих — ұлт тəуелсіздігінің, ұрпақ тəуелсіздігінің кепілі. Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлт тық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттелуде. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қай та қарастырылынып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр. Қа зіргі уа қытта тарих ғылымы кеңестік дəуірдегі таптық методология ның шеңберінен шығып, зерттеудің жаңа бағыттары анықталып, тарихтың ақтаңдақтар беттері қайта ғылыми негізде зерделенуде. Қазақ тарихы Түркі өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде зерттеліп, дала тарихындағы көшпелілердің орны айқындала түсуде. Қазақстан мемлекеті Еуразиялық идеяның жалғастырушысына айналды. Бірнеше ғасырлар бойы тағдырдың тауқыметті қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз тарихын өзі жасап қана қоймай, сол жаса ған деректерін тарих ғылымының талаптарына сай: жинау, жүйелеу, саралау, тасқа басып жариялау жəне деректанулық талдаудан өткізу арқылы өзінің объективті тарихын жазу мүмкіндігінеде ие болып отыр. Кезінде өзінің төлдеректерін жинауға, жүйелеуге, шашау шығармай сақтап, өз тарихын жазуға мүмкіндігі болмаған халқымыз, бүгінде, ақпараттар, яғни деректер тасқынының астында қалып отыр. Уақыт ерекшелігіне сай қоғамның аса үлкен жылдамдық пен дамуы, бұрын ғасырлар бойы болмайтын маңызды тарихи оқиғалар тізбегінің көз алдымызда үз дік сіз өтіп жатуы, сол оқиғалар бейнеленген деректер тасқынының пайда болуына алып келді Үстіміздегі жылдың 5 маусымында Елордамыз — Астана қа ла сын да Қазақ стан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоара лық жұмыс тобының кеңейтілген мəжілісі дəлірек айтсақ, жалпыұлттық кеңесі өткізіліп, отандық тарих ғылымы, дүние жүзі тарихы, соның ішінде Қазақстан тарихы туралы зерделі мəселелер көтеріліп, дəйекті сын айтылып, болашақта ұлттық тарихты зерттеу жəне оқыту түйіткілдері жан-жақты қарастырылды. Бұл шара тəуелсіз ел тарихындағы қазақ тарихына, Қазақстан тарихы туралы мəселе көтерген тұңғыш мəжіліс болды. Жүріп өткен жиырмадан астам уақыт ішінде Отан тарихы жайында мұндай мемлекет көлемінде, жалпы ұлттық деңгейде мəселе көтерілмеген екен. Еске түсірсек, Елбасының тарихи еңбектерінен басқа, тарихқа арналған бір ғана 1995 жылы қабылданған тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдаманы ғана тілге тиек етеміз. Қазақстан Республикасы осы уақыт аралығында талай белестерден өттік, тəуелсіздігімізді нығайттық, елдігімізді əлемге таныттық. Елбасының сөзімен айтсақ, «ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай өзгеріп, өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктер мен өзіндік ұстанымдары бар табысты мемлекетке айналды [1]. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамашылдығы мен Ел тарихын зерделеуге арналған жоға ры-деңгейдегі бас қосу жиыны тек тарихшылар үшін ғана емес мемлекет, бүкіл қазақстандық тар, əсіресе кемел ұрпақ үшін көкейкесті басқосу дер едім. Себебі ертеңін ой лаған мемлекет қана өз тарихына көз жүгіртіп қана қоймай, оған барынша мəн беріп, болашағын бағамдайтынын əлем елдерінің тəжірибесі дəлелдеп отыр. Сондықтан да төл тарихымызды терең білмей, ертеңіміз айқын болады деу қисынсыз. «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы — тарих» — деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қай заманда болмасын, тарихшыларға артылар жүк ауыр болған. Оның себебі-де түсінікті. Қай заманды алсаңыз да, тарих — халықтың ұлттық санасын қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны насихаттау, жас ұрпақты патриотизм рухында тəрбиелеу қызметін атқарған. «Тарих ғылымы — барлық ғылымдардың атасы» десек, артық айтпаған болармыз
Достарыңызбен бөлісу: |