Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі



жүктеу 65.23 Kb.
Дата03.03.2016
өлшемі65.23 Kb.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

2013 ж. 2 тоқсандық ақпараттық шолу



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ

Жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі

2013 жылдың екінші тоқсанындағы

Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына

қысқаша ақпараттық шолу


  1. Жеке тұлғалардың депозиттер нарығының тенденциясына шолу

2013 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша жұртшылық депозиттерінің сомасы ағымдық және карт-шоттардағы қалдықты қосып есептегенде 3,6 трлн. теңгеге дейін өсті. 2013 жылдың екінші тоқсанында жеке тұлғалар салымының ағымы 111,4 млрд. теңгені құрады (немесе 3,2%), оның ішінде 56,9 млрд. теңге ұлттық валюта бойынша салымды құрайды.

Жиынтық депозиттік қоржын құрылымының негізгі бөлігін жалпы үлесі 87,2% немесе 3,2 трлн. теңгені құрайтын тоқсандық өсімі 2,5% болатын мерзімді салымдар құрайды. Одан кейінгі орында жиынтық депозиттер сомасының 11,9%-ін немесе 432,7 млрд. теңгені құрайтын ағымдық және карт-шоттардағы қалдықтар сомасы болып табылады және тоқсан бойынша оның мөлшері 8,8%-ке өсті. Сондай-ақ тоқсан ішінде 1,1%-ке өскен талап етілгенге дейінгі салымдар жеке тұлғалар депозиттері қоржынының 0,9%-ін немесе 33,6 млрд. теңгені құрайды (1 сурет).



Сурет 1. Жұртшылықтың депозиттер қоржынының құрылымы

Өткен жылдағыдай депозиттік қоржынның өсуі негізінен 15 млн. теңгеден жоғары үлкен мөлшердегі мерзімді салымдардың өсуіне байланысты, олар 36,1 млрд. теңгеге өсті, ал сомасы 1,6 трлн. теңге деңгейінде. Одан кейінгі орында өсімі 35,0 млрд. теңгені құрайтын ағымдық және карт-шоттардағы қалдықтар және жалпы өсімі 26,5 млрд. теңгені құрайтын 5 млн. теңгеге дейінгі шағын мерзімді салымдар.

Сондай-ақ айта кететін болсақ, барлық банк жүйесінің жеке тұлғалар депозиттерінің 6,0%-і немесе 219,6 млрд. теңге банктік басқарушы қызметкерлер мен 5% және одан жоғары акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі. Есептік тоқсан ішінде мұндай депозиттер сомасы 21,8 млрд. теңгеге өсті.

Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша Қор өтеуге қажетті кепіл берілетін өтемақының жиынтық мөлшері 2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 1,73 трлн. теңгеге жетті. Ал есептік тоқсандағы Қордың арнайы резерві 222,7 млрд. теңгені (уставтық капиталдың 50%-ін қоса есептегенде) немесе кепіл берілетін жиынтық соманың 12,9%-ін және жалпы депозиттер сомасының 6,1%-ін құрайды.

Есептік тоқсанның жалпы қорытындысы бойынша басқы қаржылық көрсеткіштерге негізделген және сәйкесінше тоқсандық жарналарымен бес жүйеленген топтарды - «A», «B», «C», «D» және «E» - анықтайтын «БАТА» міндетті күнтізбелік сараланған жарна мөлшерін есептеу жүйесіне сәйкес, банктердің басым бөлігі 0,19% тоқсандық жарналы «D» (8 банк) және 0,11% тоқсандық жарналы «C» (16 банк) топтарына жатады. Тоқсан ішінде төрт банк-қатысушы өзінің көрсеткіштерін жақсартып, жарна мөлшері аздау топқа көшті, сонымен бірге үш банк-қатысушының позициясы нашарлап жарна мөлшері жоғары топқа көшті.

1 тамыздағы жағдай бойынша Қор төлеген кепілдік берілген өтемақынының жиынтық сомасы Наурыз Банкі бойынша 679,5 млн., ал Валют-Транзит Банкі бойынша 13,9 млрд. теңгені құрады. Қордың Наурыз Банкінің ликвидациялық комиссиясынан кепілдік берілген өтемақыны төлеу сомасы бойынша талаптарын қанағаттандыру барысында алынған сома мөлшері 679,4 млн. теңге немесе ликвидациялық коммиссиясына қойылған барлық талап сомасының 88,01%-і, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 7,56 млрд. теңге немесе Қордың ликвидациялық коммиссиясына қойылған талап сомасының 53,3%-і өндірілді.



Қосымша

2013 жылдың 1 шілдесіне сәйкес



банк-қатысушылардың жеке тұлғалар депозиттері бойынша мәліметтерінің жиынтығы










мың теңге


п/п


Аталуы

Сомасы

2 тоқсандағы өзгерісі

1.

Талап етілгенге дейінгі салымдар, соның ішінде:

33 619 099,00

349 770,00

1.1.

теңгемен

18 682 700,00

-432 268,00

1.2.

шетел валютасымен

14 936 399,00

782 038,00

2.

Мерзімді және шартты салымдар, соның ішінде:

3 176 727 293,00

75 984 022,00

2.1.

теңгемен, соның ішінде:

1 816 237 891,00

25 082 127,00

 

1 млн. теңгеден аспайтын

276 242 795,00

2 082 780,00

 

1 млн.- нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

366 459 951,00

12 033 369,00

 

3 млн.- нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

197 043 063,00

8 934 770,00

 

5 млн.- нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

200 659 118,00

5 347 050,00

 

10 млн.- нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

78 964 217,00

962 989,00

 

15 млн. теңгеден жоғары

696 868 747,00

-4 278 830,00

2.2.

шетел валютасымен, соның ішінде:

1 360 489 402,00

50 901 895,00

 

1 млн. теңгеден аспайтын

70 665 785,00

-838 706,00

 

1 млн.- нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

120 686 705,00

1 791 590,00

 

3 млн.- нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

92 630 115,00

2 462 816,00

 

5 млн.- нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

122 761 915,00

4 223 495,00

 

10 млн.- нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

58 959 598,00

2 870 646,00

 

15 млн. теңгеден жоғары

894 785 284,00

40 392 054,00

3.

Ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде) соның ішінде:

432 720 565,00

35 036 446,00

3.1.

теңгемен

383 758 993,00

32 205 224,00

3.2.

шетел валютасымен

48 961 572,00

2 831 222,00

 

Жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасы бойынша барлық депозиттері, соның ішінде:

3 643 066 957,00

111 370 238,00


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет