«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»


Тәуелсіз Қазақстан. КСРО – ның құлауы



бет16/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#17050
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Тәуелсіз Қазақстан. КСРО – ның құлауы


1. Экономикалық дағдарыс.

2. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.

3. Әлеуметтік шиеленістің өсуі. КСРО – ның құлауы.

4. ТМД – ның құрылуы

Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді.

КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды.

Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі – олар таза ұлттық сипат ала бастады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.

Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ Республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатысуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдары республика үкіметінің қарамағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және тағы басқа заңдар шығарылды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру, елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау.

Елдің ішкі саяси мәдени жағдайы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының ішкі саяси -мәдени жағдайын қарастыру.


  1. Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі декларациясын жариялау

  2. Президенттік бүкілхалықтық сайлау

  3. Н.Ә. Назарбаева Қазақстанның бірінші президенті

  4. Қазақстан Республикасының құрылуы

Тәуелсіздігіміздің бастауы болған, егемендігіміз туралы Декларациядан кейін 1990 жылдың 25 қазаны — Республика күні болып жарияланды. Бүл қүжатта Қазақстанның егемендігі, оның аумағында ешкімнің қол сүқпайтындығы, ондағы жер үсті мен жер асты байлығы Қазаңстанның қүндылығы болып саналатындығы тайға таңба басқандай етіп жазылды.

Қазақстан Республикасы- егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-нің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. Қазақ халқының тынымсыз күресінің арқасында тәуелсіздік жолындағы күресі жүзеге асты. Сонымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі« туралы конституциялық заңы қабылданып, салтанатты түрде жарияланды. 7 тарау 18 баптан түратын бүл заңның 1 бабында былай жазылған: «Қазақстан Республикасы-тәуелсіз, демократиялық және қүқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленді, өзінің сыртқы және ішкі саясатын дербес белгілеп жүргізеді« делінген. Осы заң бойынша өкімет билігіне өзгерістер енгізілді.Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бекітілді. Халақ атынан сөйлеу билігі Президент билігіне берілді.

1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Назарбаев бүкілхалықтық дауыс беру арқылы түңғыш Президентіміз болып сайланды.

Тәуелсіздік тарихында 1992 жылдың өзіндік ерекшелігі бар. Бүл жыл елдік үшін де, ел үшін де айрықша сынақ жылы болды.

Бүл жылы қазақтың өзгелермен терезесі тең, керегесі кең мемлекет қүруға қабілеттілігі сынға түсті.

Бүл жылы Дүние жүзі қазақтарының түңғыш қүрылтайы өтті. Оның идеясын Президентіміз Түркияға барған сапарында айтқан болатын Осы Қүрылтайда бүкіл әлемдегі қазақ атаулы жиналып, көк тудың астында бас қосқан еді. Құрылтайға қатысушылар Елбасына ыстық ықыласын жеткізді. Осы Қүрылтайдан кейін Қазақстанды мекен еткен барша үлттар мен үлыстардың басын қосып, береке-бірлікке бастайтын форум өткізу қажеттілігі туды. Бүл форум тамыры тереңге тартылған достық пен туысқандық дәстүрлерге негізделе беретініне сенім туғызды.

30 лекция

Егеменді Қазақстан

Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның экономикалық реформалары мемлекеттік дамуындағы саясаты мен бағдарламаларын қарастыру.

1.Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның экономикалық реформалары

2.«Қазақстан -2030» даму стратегиясы

3.ҚР Президентінің жолдаулары

Қазақстанның көршілес елдермен мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық даму процестері сонау ерте кезеңдерден бір-біріне ықпалдаса отырып ұқсас дамыды. Дегенмен қазіргі таңда даму ерекшеліктері байқала түсуде. Жақын және алыс шет елдер деген ұғымның интеграциялық байланыстарда маңыздылығынан айрылуда. Әрине, бұл елдер бәсекелесте, қарсыласта болды, әр түрлі саясат пен идеологияның ықпалына түсті. Аймақ, өзінің геосаяси жағдайымен әрқашан сыртқы күштерді қызықтырған. Ал, жергілікті халықтың басты мақсаты аймақ тыныштығы мен ұрпақ амандығы. Оған тарих дәлел.

Бүгінгі таңдағы жағдай өткен тенденциялардың қайталамасы десек артық айтқан болмас. Өйткені жаһандану кезеңінде жоспарлы экономикадан қатал нарық ықпалына түскен Қазақстанның жағдайы алңдаушылық тудыруда. Себебі, көршілес елдердегі қарулы қақтығыстар аймағына айналуы да әбден мүмкін. Бұдан шығудың жалғыз-ақ жолы аймақ елдерінің саяси-экономикалық және әлеуметтік ынтымақтастығы, мәдени-рухани құндылықтар мен салт-дәстүр өзегін сақтап қалу, өз тарихын ұмытпай, әлемдік қауымдастықта өз позициясын нақтылау. Ол үшін әрине экономикалық тоқтаусыз даму мен саяси тұрақтылық әрқашан қажет. Қазіргі таңдағы еліміздің қаржы-экононмикалық дамуына басқа мемлекеттер қызыға да, қызғана да қарайды десек артық айтқанымыз болмас.

Экономикалық жүйелерді қоғам мен экономикалық объективті нәтижесі ретінде пайда болады және өзгеріп отырады. Жасанды түрде құрылған экономикалық жүйелер ақырында өндірісті күштер және ресурсты базалармен қарама-қайшылыққа түсіп, нәтижесінде құрып кетеді. Дәл осындай жағдай дамуда объективті тенденциялар мен ұлттық ерекшеліктерді ескермеген жағдайда қайталанады, яғни жоғары дамуды қамтамасыз ете алмайды. Нарықтық қатынасты, тауар өндірісі мен кәсіпкерлік әрекеттерді сынау социализмнің негативті негізгі экономикалық факторлары болып табылады.

Қазақстанда кейінгі онжылдықта қоғамды трансформациялау мен ұлттық шаруашылықты әлемдік экономикамен интеграциялау, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен елдің саяси және экономикалық жүйесін негіздеу процесі жүрді. Бұл процеспен қоса адамдардың менталитеттері де өзгерді. Жаңа құндылықтар жүйесі мен жаңа көзқарас қалыптаса бастады.

Бүгінгі таңда аймақ елдері жоғарыда атап өткендей ішкі ресурстар сыртқа шикізат пен жартылай дайын өнімдер шығаруға, дәстүрлі транспорттық қызмет көрсетулер мен туризм және басқа да салалардан пайда табуды маңызды санауда. Дегенмен, әрбір аймақ елі үшін сыртқы қарыз алу мен кредиттер, инвестиция, жаңа технологиялар, нау-хауды тарту мен рационалды қолдану өте қажет болып отыр. Ол үшін нарықтық механизмдердің қызмет атқаруынан, басқарушылық білімнің, менеджмент пен маркетингтік жетістіктері, шаруашылықтағы мемлекеттік реттеу жүйесінің қажеттілігінің құндылығы артып отыр.

Мұнай саласындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барлығы әлемдік деңгейдегі саяси ойынға айналып отыр.

Сонымен, Қазақстанның әлемдік қауымдастағы орны: алдыңғы қатарлы геосаяси күштердің негізгі қақтығыс объектісі ретінде анықталып отыр. Түбінде қайсысының осы аймаққа өз басшылығын орнығатынын ешкім кесіп айта алмайды.

Тәуелсіз Қазақстан алдында келесі негізгідей проблемалар тұр. Ішкі саяси проблемалар:



  • тек, шикізат өндіруші және нашар дамыған инфрақұрылым;

  • либерализация мен мемлекеттік құрылыстағы процестердің әртүрлі бағытта болуы;

  • мемлекеттің полиэтникалылығы, елде 131 ұлттар тұрады, қазақ пен орыс ұлты басым. Бұл Қазақстан халқының өзіндік бір сарында дамуына әсерін тигізуде;

  • ұлттық идеологияны қалыптастырудағы қиындықтар;

  • қазақ бюрократиясының тәуелсіздік алған кезеңдегі мемлекеттік басқаруда тәжірибелерінің жетіспеуі,мемлекеттен гөрі жеке бас пайдаларын жоғары қоюлары;

  • демократиялық соттың болмауы;

  • тұрғындар арасында мемлекеттік тілге сұраныстың болмауы мен дұрыс білмеуі;

  • ішкі рулық немесе діни алауыздықтар мен бөлінушіліктер;

Сыртқы саяси және геосаяси проблемалар:

  • транспорттық магистральдардың дұрыс дамымағандығы мен теңіз су жолдарының болмауы;

  • қалыпты сыртқы саяси бағыттардың қалыптаспауы


3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1-тақырып.

XYIII ғ. мен XXІ ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.

1. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны және оның кезеңдері

2.Қазақстан тарихының тарихнамасы 3.Қазақстан тарихының басындағы қазақ деректері.

4.Орыс және шетелдік тарихнама

2-тақырып. ХҮІІІ ғ. І жартысындағы Қазақстандағы саяси жағдай. Әбілқайыр билігі.

1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері.

2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуі.

3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы.

4.Қазақ-жоңғар және қазақ-башқұрт қатынасы

3-тақырып. Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы.

1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.

2. ХҮІІІ ғ. 40 жылдарындағы Қазақ-ойрат қатынастары.

3. Әскери бекініс шектерінің салынуы.

4. Қазақстан ресей қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.

5.Қазақстан даласындағы Ресей саясаты.



4-тақырып. Қазақстанның солтүстік батысындағы патша билігінің күшеюі. Сырым қозғалысы.

1. Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына қатысуының саяси себептері. Шаруалар соғысының барысы мен тарихи маңызы.

2. Нұралы хан саясаты. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыс.

3.Исатай мен Махамбет бастаған азаттық жолындағы күрес

4. Күші жүздегі халық-азаттық қозғалысы (1783-1797ж.)

5. Бөкей хандығының құрылуы.



5-тақырып. ХҮІІІғғ. ІІ жартысы – ХІХғғ. басындағы Орталық, Оңтүстік-шығыс Қазақстан. Абылай хан билігі.

1. Іле аймағын отарлау.

2.Ұлы жүз қазақтарының Ресейге таралуы.

3. Перовскийдің жорығы.

4.Қоқан хандығының жойылуы. Хиуаның тізе бүгуі.

5.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы күресі.



1. Орта жүздегі саяси ахуал, Абылай ханың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы.

2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.



6-тақырып. Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХ ғ.20-40 жж.)

1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары.

2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)

3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.

4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі.(1836-1837 жж.)

5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс

(1837-1847 жж.)

7-тақырып. ХІХ ғ. Қазақстандағы әкімшілік-саяси жүйе. Реформадан кейінгі Қазақстан.

1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.

3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак әскерилері.

4.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы.

8-тақырып. ХХ ғ. басындағы Қазақстан

11905-1907 жж. төңкеріс жылдарындағы Қазақстан

2Столыпин реформасы

3Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде

4 1916ж. ұлт-азатттық көтеріліс

9-тақырып. Қазақстан төңкеріс жылдарында

1.Қазақстанның әлеуметттік-экономикалық жағдайы

2.Қазақстандағы революциялық белсенділіктің өсуі

3.Қазақстандағы қос өкімет және оның саясаты

4.Жер мәселесі және ұлттық мәселесі

5.Революцияның әлеуметтік базасы мен қозғаушы күштері туралы пікірлері мен тұжырымдар

6.Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері
10-тақырып. Қазақстанда Кеңес мемлекетгілігінің кұрылуы

1.Революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі.

2.Түркістан істері бойынша БОАК мен ХКК комиссияларының қызметі.

3.26-тамыз 1920 жылғы Кеңес өкіметінің Декреті.

4.Қазақстанның ОАК мен ХКК құрылуы.

11-тақырып. ¥лы Отан соғысы және соғыстан кейінгі коғамдық - саяси өмір Қазақстан - майдан арсеналы

1 Қазақстан –майдан Арсеналы. 2Қазақстандықтардың Мәскеу түбінденгі шайқасқа қатысуы

3 Курск даласындағы шайқас

4 Қазақстандық партизандардың ерліктері

5 Тоталитарлық тәртіптің күшеюі.

6 Қазақстандағы лагерьлер

7 Қазақстанға арнайы қоныс аударған ұлт өкілдерінің келуі «Бекмаханов ісі»
12-тақырып. 1950-1970жж. Қазақстан

1 Қоғамдық саяси өмірі.

2 Тың және тыңайған жерлерді игеру шаралары мен зардаптары.

3. Л.И.Брежневтің билікке келуі.

4. Халықтың әлеуметтік жағдайы.

13-тақырып. 1970-80 жж. Қазакстан


  1. Қоғамдық саяси жағдай. Өнеркәсібі.

  2. Қазақстан – КСРО-ң ірі өнеркәсіп аймағы.

  3. Отын энергетикалық кешенің дамуы.

  4. Машина жасау өндірісінің дамуы.

14-тақырып. 80-90жж. Қазақстан

1. 1985 жж. ортасындағы Қазақстан

КПСС Орталық Комитетінің сәуір

1985 ж. Плениум

2. Демократия мен жариялылық

3. Қайта құрудың мәні



15-тақырып. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы: кеше және бүгін

1. КСРО - ның кұлау себепгері ТМД - ның кұрылуы

2 Нарықтык экономикаға бағыт алу.

3 Жекешелендірудің қиындықтары мен ерекшеліктері

4 Қазакстанның экономикалык реформалары.

5 Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттары


4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ




Студенттер өздігінен орындайтын тапсырмалар тақырыбы

орындаудың түрлері

Балл

саны


1-2

апта


Пән бойынша термин сөздіктермен және әдебиеттермен танысу

анықтамалар

жазу





3 апта

1. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдардағы қазақ елі.

2 Қазақ батырларының жоңғарларға қарсы күрестегі ролі.





хронологиялық кесте

15

4 апта

ХҮ-ХҮІІІ ғғ. басы. Қазақ хандығы: халықаралық байланыстары мен сыртқы саясаты

тақырыптық тест

(бір сұрақта 5 жауап)



15

5 апта

Орта және Кіші жүзде дәстүрлі хандық биліктің жойылуы.


тарихи конспекті

немесе тарихи эссе



20

6 апта

1 Абылай - тарихи тұлға.

2 19 ғ. басында Сырдарияның орта ағысымен Жетісудың бір бөлігін Қоқан билеушілерінің басып алуы.

3 Қазақстанның ХІХ ғ. аяғындағы әкімшілік- аумақтық құрылымы және сот құрылысы.


тарихи сараптамалық анықтама жазу

30

7 апта

Әкімшілік-сот реформалары

(1886-1891 жж.)



тезис жазу

35


№ 1 аралық бақылау жұмысы: Өтілген тақырыптар бойынша

тест орындау 25 сұрақ 5 жауаптан

60




БАРЛЫҒЫ:




175

1-7 апта аралығындағы оқыту жоспары бойынша жинау керек: (дәріс-30 балл, семинар-95 балл, СӨЖ-175 балл)

300

8 апта

Қазақ елі «нәубет» жылдары

мазмұны бойынша қысқаша конспекті

10

9 апта

Қазақстан партизандарының ерліктері

тарихи анықтамалар жазу

10

10 апта

1. Ақпан революцияның Қазақстанға тигізген әсері

2. І Дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі Қазақстан

3. Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы


тарихи эссе жазу

10

11 апта

Тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық зардаптары

хрнологиялық тарихи сараптамалық кесте

10

12 апта

1970-80 жж. Халықтың демографиялық өсуі


тезис жазу

15

13

апта


ХІХғ. соңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.


тарихи эссе

15

14

апта


1. Отандық тарихты дамыту. Тарихи ақтаңдақтарды ашу.

2. Статистикалық зерттеулер бойынша Қазақстанның демографиялық жағдайы.

3. Қазіргі замандағы Қазақстандағы Білім мен Ғылым. Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті.


№ 2 аралық бақылау

15

15

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» индустриалдақ-инновациялық даму стратегиясының мәні мен маңызы

Қорытынды

сұрақ-жауап



20

№ 2 аралық бақылау жұмысы: ТМД және ШЫҰ: тарихи үрдістері сипаты

жеке сұрақтар арқылы жазбаша тапсырмалар орындау

60




БАРЛЫҒЫ




165

8-15 апта аралығында оқыту жоспары бойынша жинау керек:

(дәріс-30 балла, семинар-105 балл, СӨЖ-165 балл)

300

Емтихан қортыныдысы бойынша балл

400

Академиялық кезең юойынша балл жиыны

1000


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет